Тәрбие саласы

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2012 в 08:31, реферат

Краткое описание

Тәрбие саласы мемлекеттік саясаттың білім беру саласындағы басым бағыттарының бірі болып табылады. Жоғары оқу орнында жастардың тұлға ретінде қалыптасу мәселелері студенттік топтардағы тәрбие жұмысының тиімді жүйесінсіз жүзеге асуы мүмкін емес.

Файлы: 1 файл

ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕГІ.docx

— 174.51 Кб (Скачать)

Нәтижелерді өңдеу. Жауаптары бар карточкалары жиналып алынған соң, оларды математикалық өңдеу кезеңі басталады. Сандық өңдеудің қарапайым тәсілі кестелік және сызбалық болып табылады.

Социоматрица (кесте). Басында қарапайым социоматрицаны қарастыру қажет. Үлгісі кестеде берілген (төменнен қараңыз). Таңдау нәтижелері матрица бойынша шартты белгілердің көмегімен таратылады. Нәтижелер кестесі бірінші толтырылады, іскери және жеке қатынастар бойынша жеке толтырылады.

 

3-кесте

Студенттік топтың социоматрицасы

Фамилиясы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Ахметов

 

+1

   

+2

   

+3

 

+1

2

Сеидова

+1

   

+3

+2

         

3

Байшүкірова

-1

+1

 

+2

+3

         

4

Авдеенко

                   

5

Айтбаева

 

+2

   

+1

     

+3

 

6

Абилдаев

+2

+1

 

+3

   

-3

   

-2

7

Байсалбаев

+1

   

+3

           

8

Бүрлібаева

+1

 

+3

+2

           

9

Сергеева

 

+2

   

+1

 

+3

   

-1

10

Жүнісбекова

 

+2

+1

 

+3

     

-1

 
 

Таңдау саны

5

6

2

5

6

 

2

1

2

3

 

Жалпы сомасы

8

15

4

7

14

 

0

1

0

-2


 

Ескерту: + оң таңдау; - теріс таңдау.

Көлденеңінен барлық топ мүшелерінің фамилиялары нөмерленіп жазылады, тігінен - олардың тек нөмерлері жазылады. Сәйкес орындарға сандармен бірінші, екінші, үшінші сыналғандар +1, +2, +3 белгіленеді, одан кейін тәжірибеге қатысушы бірінші, екінші, үшінші болып тандамаған сандар -1, -2, -3 қойылады. Содан кейін оңтайлы және теріс таңдалымдар кестеге салынады (таңдалымның кезегіне тәуелсіз). Оңтайлы және теріс таңдалымдар кестеге салынып, әрбір топ мүшесінен алынған (таңдалым сомасы) барлық алгебралық сома көлденеңінен есептеледі. Содан кейін топтың әр мүшесі үшін ұпай саны есептеледі, бірінші кезекте +3 ұпайға (-3), екінші — +2 (-2), үшінші — +1(-1) теңестірілгендігі ескерілуі тиіс. Кейін жалпы алгебралық саны есептеледі, ол топтың мәртебесін анықтайды.

Әрбір шарт бойынша социоматрицаны талдау топтағы өзара қарым-қатынас туралы толыққанды мәлімет береді. Бірнеше шарт бойынша таңдау жасалатын сомалық социоматрицалар, сондай-ақ топаралық таңдау мәліметтері бойынша социоматрицалар құрылуы мүмкін. Социматрицаның басты ерекшелігі тандауды сандық түрде көрсетуінде болып табылады, ол өз кезегінде топтағы тәртіпті бекітуге, алынған таңдаулардың саны бойынша топ мүшелерін жіктеуге мүмкіндік береді. Социоматрицаның негізінде социаграмма құрылады - социометрикалық таңдаулардың картасы (социометрикалық карта).

Социограмма. Социограмма — бұл социометрикалық шарт бойынша жауап беру барысындағы студенттердің бірі-біріне деген реакциясының (әсерінің) графикалық бейнеленуі (сұрақ). Социограмма арнайы белгілердің көмегімен белгілі жазықтық кеңістіктегі топтың өзара қарым-қатынас құрылымының салыстырмалы талдауын жүргізуге мүмкіндік береді (төменгі суретті қараңыз). Ол топтың мәртебесі бойынша топ мүшелерінің топішілік дифференциациясы туралы мәлімет береді. Мәселен, Я.Коломинский ұсынған социограмманы қараңыз:

              оңтайлы біржақты тандау;


             оңтайлы  екі жақты таңдау;


--------> теріс бір жақты таңдау;

< ----- > теріс екі жақты таңдау.

Социограммдық техника социометрикалық  материалдың талдануына қосымша  болып табылады немесе ол топтық құбылыс  туралы нақты ұғым әрі сапалық  сипаттама береді.

Социограммалық талдаудың міндеті  аса ықпалды әрі басты мүшелерді  іздеп табу, содан кейін өзара  парлар мен топтар құру болып табылады. Топтар бірін-бірі таңдауға ұмтылған өзара  бір-бірімен байланысты тұлғалардан  құрылады.

 

1-қосымша

Қ.А.ЯСАУИ  АТЫНДАҒЫ  ХҚТУ 

КУРАТОР-ЭДВАЙЗЕРІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

  1. Ереже Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-111 «Білім туралы» Заңына сәйкес әзірленді.
  2. Куратор-эдвайзердің қызметін оқытушының кәсіби қызметінің құрамдас бөліктерінің бірі ретінде қарастыру қажет. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ әкімшілігі және оқытушы арасында бекітілген еңбек келісім шарты оқытушының оқу, әдістемелік және тәрбие жұмысын атқаруын қарастырады (3-тармақ).
  3. Куратор-эдвайзерлер факультет деканының өкімімен оқу жылының басында тағайындалады.
  4. Куратор-эдвайзерлердің жұмысы университет оқытушыларының кәсіби қызметінің аса маңызды көрсеткіші болып табылады және алдағы жылға жеке еңбек келісім шартын бекіту барысында және жыл сайынғы аттестация барысында ескеріледі.
  5. Куратор-эдвайзерлердің тәрбиелік жұмысы олардың ғылыми, оқу-әдістемелік жұмыстарымен қатар Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ куратор-эдвайзерлерінің рейтингінде көрініс табады.
  6. Куратор-эдвайзер міндетін атқарудан босату факультет деканының өкімімен жүзеге асырылады.
  7. Куратор-эдвайзерлер кафедраның (мамандықтар) аға куратор-эдвайзерлеріне бағынады, олар куратор-эдвайзерлердің қызметін реттейді және факультет бойынша шығарылған өкімдерді назарларына жеткізеді. Өз кезегінде кафедраның (мамандықтар) аға куратор-эдвайзері деканның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына бағынады. Кафедра меңгерушісі кафедраның аға куратор-эдвайзерімен бірлесе отырып, академиялық топтарға куратор-эдвайзерлерді тағайындау туралы ұсыныстар береді.
  8. Деканаттар кафедра меңгерушілерімен бірлесе отырып, куратор-эдвайзерлердің жұмысын қадағалайды және ағымдағы мәселелерді шешу барысында көмек көрсетеді.
  9. Университеттің қоғамдық ұйымдары Университеттің куратор-эдвайзерлер кеңесі арқылы академиялық топтардың куратор-эдвайзерлерімен тығыз байланыста болып, қалада, университетте өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат беріп отырады.

1.10 Университеттің куратор-эдвайзерлер кеңесі куратор- эдвайзерлердің жұмысын үйлестіреді және тәрбие жұмысын ұйымдастырады әрі әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етеді.

Университеттің куратор-эдвайзерлер кеңесі


 

Деканның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары


 

Мамандық (кафедраның) бойынша аға куратор-эдвайзер


 

Топтың куратор-эдвайзері

2. Куратор-эдвайзерлердің мақсаты мен міндеті

  1. Куратор-эдвайзерлердің басты мақсаты жастардың тұлғалық дамуының үйлесімділігін қалыптастыру, студенттерді азаматтық белсенділікке тәрбиелеу, білім алушылардың мамандықтың жұмыс оқу жоспары аясында білім алу траекториясының таңдамалығы негізінде өзін-өзі қалыптастыру және өзін-өзі көрсету қабілеттерін дамыту.
  2. Куратор-эдвайзерлердің негізгі міндеті оқу тобында тәрбие жұмысын ұйымдастыру, өзін-өзі басқаруды қалыптастыру және студенттерді университеттің қоғамдық және шығармашылық өміріне біртіндеп тарту, оқу траекториясын таңдауға (жеке оқу жоспарын құрастыру) ықпал ету және білім алу кезеңі барысында білім алу бағдарламаларын меңгерту болып табылады.

 

3. Куратор-эдвайзерлердің  қызметі

(қызметтік міндеттері)

3.1 Куратор-эдвайзер тәрбие жұмысын жүзеге асыру барысында төмендегідей қызметтерді атқарады:

3.1.1. Топ белсенділерін (активін) қалыптастыруға және студенттік топ пен топ белсенділері арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастың орнауына; топтық ұйымшылдыққа, ынтымақтастыққа; қоғамдық ұйымдар және факультет әкімшілігі, топ арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуге ықпал етеді.

  1. Топ белсенділерімен бірлесе отырып, студенттік топтың оқу жылындағы мақсаттары мен міндеттерін анықтайды. Топ белсенділерімен бірлесе отырып, университеттің оқу-тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес тәрбие жұмысының үзіліссіздігін және сабақтастығын, мақсатын сақтай отырып оқу жылының жоспарын қалыптастырады.

Топ жұмысы жоспарының орындалуын қадағалайды, топ белсенділерінің қызметін

  1. Топ жұмысы жоспарының орындалуын қадағалайды, топ белсенділерінің қызметін үйлестіреді және университет, факультет әкімшілігі және студенттік топ арасында байланыс орнатушы негізгі тұлға болып табылады. Ол студенттердің университет пен қоғам өміріне қатысуын жандандыру үшін қоғамдық ұйымдармен ұдайы байланыста болады.
  2. Топ студенттеріне оқу-тәрбие үдерісіне қатысты ректордың, деканның бұйрықтары мен өкімдері туралы ақпарат береді. Студенттерді ішкі тәртіп ережелерімен, университет Жарғысымен және ұйымдастырушылық құрылымдармен таныстырады. Университетте және факультетте өткізілетін байқаулар, конференңиялар, жарыстар, олимпиадалар туралы хабар береді. Университеттегі және факультеттегі топтар мен студенттердің жұмысының үздік тәжірибесін насихаттайды.
  3. Факультет әкімшілігіне, қоғамдық ұйымдарға студенттердің мүдделері, талаптары, ұсыныстары туралы ақпар береді.
  4. Қажет болған жағдайда студент жастардың әлеуметтік-психологиялық мәселелері негізінде студенттерге психологиялық қолдау және көмек корсетілуін ұйымдастырады.
  5. Азаматтық, адамгершілік, эстетикалық, кәсіби және мәдени, спорттық және көпшілік жұмыстары бөлімдері бойынша өткізілетін нақты іс-шараларды анықтайды.
  6. Жастардың патриотизмін арттыра отырып, студенттердің азаматтық белсенділігінің қалыптасуына ықпал етеді, болашақ мамандардың азаматтық, құқықтық және кәсіби ой-пікірінің қалыптасуына қатысады.
  7. Жастардың салауатты өмір салтын қадағалауына ықпал етеді, ішімдік, темекі шегу, нашақорлықтың алдын-алу бағытындағы іс-шараларды ұйымдастырады.
  8. Құқық бұзушылықтың және студенттік ортадағы деструктивтік саяси кұбылыстардың алдын алу бойынша іс- шаралар өткізеді.
  9. Студенттердің университеттің, факультеттің және кафедраның байқауларына, олимпиадаларына, ғылыми семинарларына, конференцияларына және қоғамдық ұйымдардың басқа да іс-шараларына қатысуын жандандыруға ықпал етеді.
  10. Студенттік өзін-өзі басқару, студенттер құрылыс жасағының қозғалысына, клубтарға, қоғамдық бірлестіктер және ұйымдардың жұмысына қатысуына ықпал етеді.
  11. Бос уақытты тиімді өткізу формалары мен әдістері туралы студенттерғе ақпарат таратылуын ұйымдастырады.
  12. Студенттердің өздері таңдаған мамандықтарына қызығушылықтарын арттыруға ықпал ететін тақырыптық іс- шаралар ұйымдастыруға қатысады, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептер, колледждер, лицейлер және т.б. оқушылар арасында профориентациялық жұмыстарды жүргізеді.
  13. Өзі жетекшілік ететін топ студенттерінің ата-аналарымен тығыз байланыс орнатып, студенттердің тәртібін және үлгерімін бақылайды.
  14. Куратор-эдвайзер келесідей құжаттарды жүргізуі тиіс:
  • куратор-эдвайзер күнделігі;
  • тәрбие жұмысының жоспары;
  • есептер: ағымдағы ақпарат (ай сайын), тоқсандық және жылдық.
  1. Ректормен кездесуге, университеттің, факультеттің жалпы жиналысына, Куратор-эдвайзерлер кеңесінің жұмыс жоспары бойынша әдістемелік дәрістер мен семинарларға ұдайы қатысады.

3.2. Куратор-эдвайзер академиялық кеңес беруді жүзеге асыра отырып, келесідей қызметтерді орындайды:

  1. Білім алушыларды білім беру үдерісін ұйымдастырудың тәртібімен, типтік және оқу жұмыс жоспарымен, элективті пәндер каталогымен, міндетті және тандау пәндері тізімін құрастырудың талаптарымен, курстың пререквизиттерімен және постреквизиттерімен таныстырады.
  2. Оқытудың кредиттік технологиясын жүзеге асыру және оның қызмет етуінің негізін түсіндіреді.
  3. Оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша барлық қажетті ақпараттық материалдарды дайындауға қатысады, студентке жеке оку жоспарын құрастыруға және түзетуге ықпал етеді және көмек көрсетеді.
  4. Студенттің білім алуы барысының барлық кезеңінде ұйымдастырушылық-әдістемелік және кеңес беру жұмыстарын өткізеді.
  5. Студенттерге жеке оқу траекториясын қалыптастыру және білім беру бағдарламаларын меңгеру барысында көмек көрсетеді.
  6. Студенттердің болашақ мансабы туралы мәселелерін шешуге, ғылыми зерттеу бағытын анықтауға, ғылыми жетекші таңдауға, бітіру жұмысының тақырыбын анықтауға, кәсіби практикадан өту мекемесін таңдауға көмек көрсетеді.
  7. Студенттердің үлгерімін қадағалайды, өз факультетінің Тіркеуші кеңесінің менеджерлерімен тығыз байланыста жұмыс істейді.
  8. Студенттерді қолданыстағы нормативтік құқықтық бөлу және болашақ мамандарды жұмысқа орналастырудың (жеке өзі және арнайы мамандардың көмегімен) ережелерімен таныстырады.

3.3.1-курстың куратор-эдвайзерінің арнайы қызметі

Бірінші курстың куратор-эдвайзері міндетті:

  1. Студенттерді сабақтың басталған соң бір айдың ішінде университеттің, факультеттің Жарғысымен және құрылымымен, ішкі тәртіп ережелерімен таныстыруы және аталған міндеттерді студенттердің орындауын кұжатпен рәсімдеуі тиіс.
  2. Жоғары оқу орнындағы оқу үдерісінің ұйымдастырылу ерекшелігін көрсетуге, студенттерді Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-де оқытудың кредиттік технологиясының ерекшеліктерімен, рейтингпен және емтиханның қорытынды балдарымен таныстыруы тиіс (әсіресе студенттерді компьютерлік тестілеу барысында).
  3. Екінші курста өткізілетін аралық мемлекеттік бақылау туралы және оның мазмұнымен, өткізілуімен таныстыруы тиіс.
  4. Студенттерді өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру және орындау (жеке өзі және арнайы мамандарды тарту арқылы), еңбек және демалыс тәртібі, интеллектуальдық еңбекті орындау ережелерімен таныстыруы тиіс.
  5. Студенттерді университеттің жастар қоғамдық ұйымдарының қызметімен және олардың қоғамдық белсенділігін қалыптастырудағы рөлімен, студенттердің әлеуметтік қорғалуымен (жеке өзі және арнайы мамандарды тарту арқылы) таныстырылуы тиіс.
  6. Университеттің, факультеттің, кафедраның тарихымен, факультеттің, кафедраның міндетімен және болашағымен, кафедраның жетекші оқытушыларымен, үздік студенттерімен таныстыруы тиіс.
  7. Студенттерге жоғары оқу орнына, университеттің өміріне бейімделуіне, қоғамдық қызметтерге ат салысуға көмек көрсетуі тиіс.

4. Куратор-эдвайзердің құқығы

Куратор-эдвайзер:

  1. Университеттегі және факультеттегі тәрбие жұмысының жоспарын, студенттердің мүдделері мен қызығушылықтарын ескере отырып, оқу тобындағы тәрбие жұмысының міндеттері мен мақсаттарын жүзеге асырудың әдістері мен құралдарын, формасын өз бетінше таңдауға;
  2. Университеттің және факультеттің барлық әкімшілік және қоғамдық ұйымдарына студенттердің тұрмыстық-мәдени жағдайын, тәрбие, ғылыми-зерттеу және оқу жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар беруге;
  3. Алдын-ала оқытушылармен келісе отырып, топта өткізілетін дәрістерге, семинарларға, практикалық және басқа да сабақтарға қатысуға;
  4. Барлық пәндер бойынша ағымдық, аралық және қорытынды бақылау өткізу тәртібінің қадағалануын тексеруге;
  5. Топ студенттерінің ата-аналарымен және туыстарымен байланыс жасау үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануға;
  6. Топтағы және жекелеген студенттерге қатысты барлық мәселелерді талқылауға қатысуға;
  7. Әрбір студент туралы интернет жүйеге енгізілетін ақпараттың дұрыс толтырылуын қадағалауға;
  8. Кафедралардан элективті пәндер саны және олардың сипаттамасы туралы толық ақпараттың өз уақытында берілуін талап етуге;
  9. Студенттерді мадақтауға, жатақханаға орналастыруға және шығаруға ұсыныс жасауға;
  10. Студенттік өзін-өзі басқару органдарының жұмысына қатысуға, олардың қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар ентізуге, топ студенттерін аталған органдар жұмысына барынша белсенді тартуға, студенттік өзін-өзі басқару органдарына сайлау үшін студенттер кандидатурасын ұсынуға құқығы бар.

5. Куратор-эдвайзердің жауапкершілігі

Куратор-эдвайзер факультет деканы бекіткен, деканның оқу жұмысы және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларымен келісілген, оқу тобындағы оқу-тәрбие жұмысы бағдарламасының орындалуына жауап береді.

6. Университеттің куратор-эдвайзерлер кеңесі

  1. Университеттің куратор-эдвайзерлер кеңесі мамандықтың (кафедраның) куратор-эдвайзерлерінің жұмысын үйлестіреді және тәрбие жұмысының әдістемелік және ұйымдастырушылық тұрғыдан қамтамасыз етеді.
  2. Университеттің куратор-эдвайзерлер кеңесінің құрамына деканның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, аға куратор-эдвайзерлер, Кеңесте белгілі бір қызмет атқаратын университет қызметкерлері кіреді.
  3. Кеңес мәжілісі қажеттілігіне қарай және семестріне бір рет өткізіледі.
  4. Куратор-эдвайзерлер кеңесі төмендегідей қызметтерді атқарады:
  5. куратор-эдвайзерлер жұмысын үйлестіреді және қадағалайды;
  6. студенттерді тәрбиелеу бойынша кафедраның куратор-эдвайзерлерінің жұмыс тәжірибесін зерделеп, жинақтап, таратады;
  7. куратор-эдвайзерлердің тәжірибе алмасуы, тәрбие жұмысының жаңа әдістері мен формаларын пайдалану бойынша семинарлар ұйымдастырады;
  8. университеттегі тәрбие жұмысын әрі қарай жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді.

Информация о работе Тәрбие саласы