Оқушыларға гигиеналық тәрбие беру

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 13:14, курсовая работа

Краткое описание

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 10 қарашадағы № 162 Өкімімен, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 5 қазандағы № 495 бұйрығымен бекітілген. Осы Заң денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және азаматтардың денсаулық сақтауға арналған конституциялық құқықтарын iске асыру және олардың сақталу кепiлдiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесi қызметiнiң құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi.

Оглавление

Кіріспе 4
1 Гигиенаның негізгі бағыттары. 7
1.1 Гигиена ғылымының қолданатын әдістері. 7
1.2 Денсаулықтың гигиеналық негіздері. 9
2 Мектеп гигиенасы................................................................................................11
2.1 Мектеп кешені мен жеріне қойылатын гигиеналық талаптар................... 11
3 Оқушылар гигиенасы 21
3.1 Оқушылардың сақтану гигиенасы. 21
3.2 Оқушылардың гигиеналақ шынығуының негіздері 22
3.3 Оқушылардың жеке бас гигиенасы 25
4 Адамның негізгі дене мүшелерінің гигиеналық күтімі 23
4.1 Тәуліктік 26
4.2 Дене тазалығы 27
4.3 Есту және көз гигиенасы 28
4.4 Шаш және тырнақ күтімі 29
4.5 Аяқ және қол күтімі 30
4.6 Тіс, ауыз гигиенасы 31
4.7 Киім-кешек және аяқ киім гигиенасы 32
Қорытынды 33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 35

Файлы: 1 файл

Курсовая Педагогика.doc

— 315.50 Кб (Скачать)

Мазмұны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

 

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 10 қарашадағы № 162 Өкімімен, ҚР Денсаулық сақтау  министрінің 2009 жылғы 5 қазандағы № 495 бұйрығымен бекітілген. Осы Заң денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және азаматтардың денсаулық сақтауға арналған конституциялық құқықтарын iске асыру және олардың сақталу кепiлдiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесi қызметiнiң құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi.

«Қазақстан Республикасында  білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында»   «... білім берудің тиімді жұмыс істейтін қазақстандық жүйесі қалыптасып, қазіргі әлемде Казақстанның лайықты орын алуына мүмкіндік беретін оқыту мен кадрларды даярлаудың сапалық білім деңгейіне қол жеткізетін болады» деп атап керсетілген. Яғни, "жаңа" қоғамға "жаңа" сапалы адам керек. Мұндай адамды қалыптастыру қазіргі заманғы білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет. Әрбір жеке тұлғаның, бүкіл халықтың, бүкіл қоғамның тағдыры мұғалімнің еңбегінің нәтижесіне тікелей байланысты. Мектеп мұғалімі өз қызметін шығармашылық бағытта ұйымдастыра білуі үшін, ең алдымен, өз қызметінің мәнін түсіне алуы - басты шарт.

Гигиена грек сөзі - Hygiene - емдеу, денсаулық әкеледі деген мағына береді, профилактика деген ұғым. Адам ағзасына айналаны қоршаған сыртқы орта факторлары мен әлеуметтік жағдайларының тигізетін әсерін зерттейтін медициналық ғылым. Медицина ғылымдарының өте көрнекті салаларының бірі. Медициналық оқу орындарында санитарлық гигиеналық факультеттері мен кафедралар бар. Арнаулы түрде маман дәрігерлер-гигиенистер дайындалады.

Гигиена — аурулардың алдын алуға және денсаулық сақтауды қорғайды. Денсаулыққа зиян келтіретін азық-түрлерін жойып жіберуге гигиенистер ат салысады. Денсаулыққа зиян келтіретін факторлардың болмауын гагиена ғылымы қатаң бақылау жасап отырады. Адамдардың айналасын қоршаған сыртқы ортаның факторларын негізге ала отырып, гигиенистер адамзат баласының тіршілігі мен еңбегіне ыңғайлы жағдайлар жасауға адамзат баласын аурулардан айықтыруға, дерттер мен өлік көрсеткіштерін төмендетуге тіршілік өмірді ұзартуға, еңбекке деген қабілеттілікті көтеруге және т.б. биологиялық жағдайларды жақсартуға бағытталған ғылым.      Практикада қолданатын нақтылы әсілдері болады. Осының бәрі адмның денсаулығын арттыруға қолданылады.

Сонымен гигиена ғылымының  негізгі көздеген мақсаты адамдардың айналасын қоршаған сыртқы орта факторларын сауықтыру арқылы бірінші денсаулық сақтаудың профилактикасын өткізу. Бір сөзбен айтқанда адамзат баласына залая келтіретін факторлардан адамзат баласын корғау. Жалпы гигиена, еңбек гигиенасы, оқушы жастар гигиенасы, тағам гигиенасы, әйелдер гигаенасы болып бірнешеге бөлінеді. Әрбірінің өздерінің алдына қойған мақсаттары бар.

Дәрігер-гигиенистер, санитарлар айналаны қоршаған сыртқы ортаның адамдар өмірі мен жұмыс жағдайларының келеңсіз тұстарының алдын алатын ескертпе кершістеріңдей күн сайын болатын санитарлық-гигиеналық бақылау жүргізіп, әрбір кездескен қолайсыз жағдайлардың жолына тосқауыл қойып отырады. Жұқпалы ауруларды таратпай алдын алу мақсаттарымен қаптап кететін жұқпалы дерттерге қдарсы медициналық әдістер мен шараларды кең көлемде қолданады.

Алдыңғы қатардағы шараларды іс жүзіне асырып эпидемияға қарсы күресті үдете түседі. Ауа райының өзгешелігін, климаттың біркелкі еместігін, судағы ауру тарататын микробтардың санын анықтап, биологиялық ерекшелікгерін ескеріп, ауадағы шаңтозаңдардағы микробтарды біліп, қанша ішіндегі түтіннің құрамын анықтап, олармен биологиялық және химиялық күрес жүргізудің жолдарын белгілеп береді, Қай саладағы дәрігерлер қызметінде болмасын профилактикалық әерекет жасап, көзге көріне түседі. Оларды жасау үшін терең ой, жүйрік ақыл керек. Адамзат баласының денсаулығы бірімен-бірі байланысты табиғи (биосфералық) және әлеуметтік-экономикалық, саяси факторлардың әсерлерімен қалыптасады. Биосфералық факторларға жататындар: атмосфералық ауа (тропосферадағы), су (гидросферадағы), жер (литосферадағы. космостық факторлар күн сәулесі), әлеуметтік факторларға еңбек және оқу жағдайлары, тамақ, киім-кешек төсек-орын, жағдайы және т.б. жатады. Бұл факторлар адамдардың салауатты өмір сүру салтын қалыптастырады. Бұл факторлар қолайсыз болғанда зиянды дағдылар дамып кетеді. Арақ-шарап ішу, темекі шегу, наркотикалық заттар мен әурелену,гоксикоманиямен айналысу ерекше етек алады.

Курстық жұмыстын тақырыбы – «Оқушыларға гигиеналық тәрбие беру».

Зерттеу объектісі –  мектептегі оқу-тәрбие процесі.

Зерттеу пәні – мектеп оқушыларына гигиеналық тәрбие берудегі мұғалім жұмысының мазмұны.

Зерттеу жұмысының мақсаты – мектеп оқушыларына гигиеналық тәрбие беру бойынша шаралар жүйесін әзірлеу.

Зерттеу міндеттері:

  • «гигиена» ұғымының психологиялық-педагогикалық мәнін ашу;
  • алдыңғы қатарлы мұғалімдер іс-тәжірбиесін талдау және жинақтау;
  • мектеп оқушыларына гигиеналық тәрбие берудің тиімділігін анықтау;

Зерттеудің әдіснамалық  негізі Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» Заңы, жеке тұлға  теориясы, іс-әрекет теориясы, тәрбие теориясы, педагогикалық процесс теориясы, мемлекеттік құжаттар.

Зерттеу әдістері;

  • Ғылыми педагогикалық әдебиеттерді оқып үйрену мен талдау.
  • Бақылау әдісі.
  • Әңгімелесу
  • Сауалнама.
  • Педагогикалық эксперимент.

Курстық жұмыстың құрылымы:

Курстық жұмыс кіріспеден, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен  тұрады.

Кіріспеде, зерттеу жұмысымыздың көкейкестілігі, зерттеу объектісі, зерттеу пәні, зерттеу мақсаты, зерттеу міндеті, зерттеудің әдіснамалдық негізі, зерттеу әдістері беріледі.

Курстық жұмыстын «Гигиенаның  негізгі бағыттары» деп аталатын бірінші тарау екі тармақшадан  тұрады. Бірінші тармақшада гигиена ғылымының қолданатын әдістері қарастырылса, екінші тармақшада денсаулықтың гигиеналық негіздері ашып көрсетіледі.

«Мектеп гигиенасы» атты екінші тарауда Мектеп кешені мен жеріне қойылатын гигиеналық талаптар қарастырылады.

Курстық жұмыстын «Оқушылар гигиенасы» деп аталатын үшінші тарауында оқушылардың сақтану гигиенасы, оқушылардың гигиеналық шынығуының негіздері, организімді шынықтыруда нерв системасының атқаратын рөлі, оқушылардың жеке бас гигиенасы, оқушылардың жеке бас гигиенасын сақтау-денсаулық кепілі қарастырылады.

«Адамның негізгі дене мүшелерінің гигиеналық күтімі»  атты төртінші тарауда дене тазалығы, есту гигиенасы, шаш күтімі, тырнақ күтімі, аяқ күтімі, қол күтімі, көз гигиенасы, тіс, ауыз гигиенасы қарастырылады.

Қорытындыда зерттеу  проблемасы бойынша жасалған тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Гигиенаның негізгі бағыттары

    1.  Гигиена ғылымының қолданатын әдістері

 

 

Гигиенаның бағыттарын асыруда бірнеше тәсілдерді қолданады. Олар: физикалық, химиялық, бактериологиялық, физиологиялық. Осы тәсілдердің негізгі мақсаты — адамдардың айналасын қоршаған сыртқы орта факторлары мен ішетін тағамдарына, тұратын мекен-жайларына санитарлық-гигиеналық сипаттама беру. [1]

1.Санитарлық-гигиеналық әдіс — негізгі мақсаты ірку сулар қайналатын жерлердің өзен-көлдердің санитарлық сипаттамасын беру, олардың жұқпалы ауру тарататын микробтармен және радиоактивті заттар мен түрлі химиялық олармен ластануының себебін табу, оның сипатын анықтауға сәйкес ластанудың жолдарына заңды түрде тосқауыл қою, тәртіпке шақыру, экологиялық сараптамалар жүргізу арқылы адамдардың денсаулығына келетін зиянды әсерлерін тоқтатуға мүмкіндік береді.

Санитарлық-гигиеналық ережелер мен мөлшерлі қалыптар, гигиеналық нормативтер. Оларды жасаудың, бекітудің және қайта қараудың тәртібі.

Гигиеналық нормативтер  жалпы мемлекеттік болып табылады. Санитарлық-гигиеналық ережелер мен  мөлшерлі қалыптар республикалық, аймақтық және жергілікті болып белінеді.

Санитарлық ережелер мен мөлшерлі қалыптарды, гигиеналық нормативтерді ғылыми-зерттеу институттары, санитарлық-эгавдемиологиялық стансалар және басқа мамандандырылған мекемелер жасайды.

Республикалық және аймақтық санитарлық ережелер мен мөлшерлі қалыптарды, гигиеналық нормативтерді Қазақстан  Республикасының бас мемлекеттік  санитарлық дәрігері бекітеді.

Халықаралық және республикалық  санитарлық ережелер мен мөлшерлі қалыптардыц, гигиеналық нормативтердің ара қатынасы.

Халықаралық санитарлық ережелер мен мөлшерлі қалыптардың, гигиеналық нормативтерді Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері күшіне енгізеді.

Санитарлық ережелер мен мөлшерлі қалыптарды, гигиеналық нормативтерді жариялау

Санитарлық ережелер мен мөлшерлі қалыптар, гигиеналық нормативтер міндетті жариялануға  және еркін таратылуға жатады.

Санитарлық ережелер мен мөлшерлі қалыптарды, гигиеналық нормативтерді бекіткен лауазымды  адамдар олардың енгізілгені  туралы бір ай мерзімде баспасөзде хабарлауға міндетті.

Санитарлық ережелер мен мөлшерлі қалыптарды, гигиеналық нормативтерді сақтаудың кепілдігі.

Орталық және жергілікті мемлекеттік басқару органдары, кәсіп-орындар, мекемелер және басқа  ұйымдар шығаратын актілер сани-тарлық зандарға қайшы келмеуге, олардың  орындалуына кедергі жасамауға  сондай-ақ санитарлық ережелер мен мөлшерлі қалыптардың, гагаеналық нормативтердің қолданылуын шектемеуге немесе оларды бұзбауға тиіс.

Санитарлық заңға қайшы  келетін актілер тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің  ұсынуымен, не прокурор нара-зьшығы бойынша, не сот тәртібімен бүзуға жатады.

 рактикалық мәліметтер пайда болған кезде оқтын-оқтын қайта қаралып отырады. [31]

2. Физикалық әдіс - оның негізгі мақсаты — ауа температурасың І-ылғалдылығын, ауа қысымын, күн сәулесінің (радиациясын) өлшеп анықтап, зиянды әрекетін халыққа түсіндіру.

3. Химиялық әдістер — оның негізгі мақсаты атмосфералық ауаның, ішетін ауыз судың, жердің, азық-түліктің химиялық құрамын, олардағы адам ағзасына зиян келтіретін химиялық қосылыстарды органикалық оларды (гербицидтерді, пестицидтерді нитраттарды, нитриттерді фосфориттерді және т.б.) анықтап халыққа түсіндіру. Үйлердегі көміртектің мөлшерін анықтап, олардың көбеймеуіне тосқауыл қою. Тағамдық заттардағы олардың қалдықтарын бірнеше күрделі аспаптарды пайдаланып   анықтайды.   Олар улы газды хроматография, спектрофотометрия, жалынды фотометр және т.б. Химиялық олар сиыр сүтінен де табылған. Ол өте қауіпті у — ДДТ (диметилдиэтилтетрамет; тұқым қуалайтын олардың қатарына жатады. Тұқым қуалайтын қасиетіне байланысты ДДТ- ауыл шаруашылығында бүкіл әлем бойьнша қолданьлмайды. Міне осы күрделі проблемаларды медиктер, биолог-химиктермен бірлесе отырып анықтап, азық-түлікке гигиеналық-санитарлық сипаттама береді.

Мектептегі санитарлық-гигиеналық жұмыстарды гигиенистер жүргізеді. Олардың айтқандарын орындамаған мектептер, мекемелер айып төлейді, жазалары ауыр болса, қылмыстық іс қозғалады.

4. Биологаялык әдіс. Оның мақсаты су қоймаларының жағдайларын зерттеп, ондағы су өсімдіктерінің физиологиялық рөлін   анықтау. Өйткені күн сәулесін сіңіріп көмір қышқыл газы мен судан органикалық заттар синтездеп, атмосфералық ауаға тіршілікке қажетті оттекті бөліп шығарады. Сөйтіп ауадағы оттектің мол қоры жиналады. Егер су өсімдіктері судың ластануына байланысты олар түгелімен жойылып кетуі мүмкін. Осының нәтижесінде ауадан оттектің қоры азайып кетеді. Ал судағы, өсімдіктер тіршілік ететін жәндіктер мен балықтардың негізгі азыры, табиги мекені.

5. Бактериялық (микробиологиялық) әдіс. Оның мақсаты судағы, атмосфералық ауадағы, жердегі, азық-түлік қүрамындағы жұқпалы ауру тарататын микробтарды анықтап, олардан құтылудың жолдарын саралап береді. Тағам бактериялармен ластанғанда ботулизм уын таратады. Бүл ағзаға түскенде 99 % адамдар қайтыс болса, яғни 100 адам ботулизммен уланса, соның 99-ы қайғыс болады. Ауасыз жерде өсіп-енетін микроб. Осы микробиология тілімен айтқанда анаэробты ағза, оның өсуіне оттек қажет емес. Ол әсіресе консервілердің ішінде дамиды. Балықтан жасалған консервілерде ботулизм микробы көп болады. Одан уланған адамның жанын аман-есен алып қалу мүмкін емес. Оларды анықтаудың әдісі әбден жетілдірілген. Ішек таяқшалары Васіегіа соіі деп аталады, актериялық әдістерді пайдаланып малдарды үтыруларын анықтайды. Адамдар сифилис, гоноррея, СПИД-пен жырғанда бактериологиялық әдістерді пайдаланып, ондағы микробтарды анықтап, емдеу жолдарын айқындайды. Кейде бактериологтардың өздері де ауырып қалады. Бірақ қажетті профилактиканы қатаң сақтайды.

6. Сынақ әдістері. Санитарлық, токсикологаялық зерттеулер зиянды зттардың ағзаға тигізетін әсерін және өнеркәсіпте ауыл шаруашылығында, күнделікті үй-тұрмысында жөне т.б. орындарда қолданылатын заттардың улылық деңгейі мен дәрежесін анықтаудың ғылыми моделін жасап береді.

Осы жағдайларға байланысты иттерге, теңіз шошқаларына егеу Блықтарға, қояндарға жөне т.б. хайуанаттарға лабораториялық қысқа және ұзақ мерзімді эксперименттер жүргізіледі. Қысқа мерзімді летательная доза - жіті) эксперимент жасалған хайуанатгардың 50 % мөлшерде, ал орта мерзімді (летательная доза) жіті — шектеулі шоғырланған мөлшерден біраз көбейтілген шамада беріледі немесе денесіне жағылады. Ұзақ мерзімде жүргізілген эксперименттерде ұзақ уақыт бойы ағзаға түсетін улы заттардың белгілі шамасы пайдаланады. Ағзаның белгілі бір физиологиясына микро қосындылардың аз шамасының ғана әсері тексеріледі. Ал үлкен көлемді улар қолданылса, сынақ ісіктерін –қоздыратын мақсатқа сәйкес эксперименттер жүргізіледі.

Информация о работе Оқушыларға гигиеналық тәрбие беру