Оқушыларға гигиеналық тәрбие беру

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 13:14, курсовая работа

Краткое описание

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 10 қарашадағы № 162 Өкімімен, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 5 қазандағы № 495 бұйрығымен бекітілген. Осы Заң денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және азаматтардың денсаулық сақтауға арналған конституциялық құқықтарын iске асыру және олардың сақталу кепiлдiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесi қызметiнiң құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi.

Оглавление

Кіріспе 4
1 Гигиенаның негізгі бағыттары. 7
1.1 Гигиена ғылымының қолданатын әдістері. 7
1.2 Денсаулықтың гигиеналық негіздері. 9
2 Мектеп гигиенасы................................................................................................11
2.1 Мектеп кешені мен жеріне қойылатын гигиеналық талаптар................... 11
3 Оқушылар гигиенасы 21
3.1 Оқушылардың сақтану гигиенасы. 21
3.2 Оқушылардың гигиеналақ шынығуының негіздері 22
3.3 Оқушылардың жеке бас гигиенасы 25
4 Адамның негізгі дене мүшелерінің гигиеналық күтімі 23
4.1 Тәуліктік 26
4.2 Дене тазалығы 27
4.3 Есту және көз гигиенасы 28
4.4 Шаш және тырнақ күтімі 29
4.5 Аяқ және қол күтімі 30
4.6 Тіс, ауыз гигиенасы 31
4.7 Киім-кешек және аяқ киім гигиенасы 32
Қорытынды 33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 35

Файлы: 1 файл

Курсовая Педагогика.doc

— 315.50 Кб (Скачать)

3.1 Оқушылардың сақтану гигиенасы

 

 

Мектеп гигиенасы. Мектеп гигиенасы — өсіп келе жатқан ұрпақтың, балалар мен жас өспірімдердің денсаулығын қорғау, нығайту және дамыту жайындағы ғылым.

Мектеп гигиенасы   оқушылардың  даму ерекшеліктерін және гигиенасын;    сыртқы ортаның табиғат факторларының гигиеналық маңызын және оларды оқушыларды шынықтыру үшін пайдалануды; мектеп және мектептегі санитарлық-техникалық тетіктерге, мектепті  жабдықтауға   және оку   құралдарына   қойылатын гигиеналық талаптарды;  оқушылардың тамағын; оқушыларда болатын аурулардың  профилактикасын   зерттейді. Бұл мәселелер жайлы білім әр педагог үшін қажет, өйткені мектеп гигиенасы талаптарының орындалмауы оқушы организмінің қалыпты дамуына әсерін тигізуі және түрлі ауруларға шалдықтыруы мүмкін. Сондықтан  мектеп  гигиенасы барлық    педагогтық оқу орындарында міндетті түрде оқылатын пән болып табылады.

Мектеп гигиенасының міндеттері. Қазіргі уақытта мектеп гигиенасының алдында үлкен міндеттер тұр. Ол адамның өсіп және дамып келе жаткан организміне ықпал ететін сыртқы ортаның жағымсыз факторларының әсерін бәсеңдету үшін амал тауып қана қоймай  сонымен қатар табиғи және жасанды түрде болатын жағдайлардың организмге, оның өмірлік тонусын арттыруға, жұмыс қабілетіне пайдалы әсер етіп, ауруға деген қарсылығын арттыратындарын пайдалануы керек. [34]

Мектеп гигиенасы адам табиғатын, оның физикалық және психикалық қасиеттерін жетілдіре түсуге жәрдемдесуге тиіс.

Мектеп гигиенасының бір міндеті — өсіп және дамып келе жаткан организмді тәрбиелеу және оқыту жағдайларымен тығыз байланыста қарастыру. Сәбидің немесе жас өспірімнің организміне олардың тәрбиелеу және оқыту жағдайларын гигиеналық жағынан жақсартпайынша, әсер етуге болмайды. Орыстың материалистік физиологиясының атасы И. М. Сеченов 1861 жылдың өзінде-ақ былай деп жазған болатын: «Оның тіршілік етуін қолдап отыратын сыртқы ортасыз организмнің болуы мүмкін емес, сондықтан организмге берілетін ғылыми анықтамаға оған әсер ететін орта да енуге тиіс. Сөйтіп ортасыз организмнің тіршілік етуі мүмкін болмаса, онда тіршілікте маңызды нәрсе орта ма немесе дененің өзі ме деп таласудың ешқандай мәні жоқ». [33]

Мектеп гигиенасы оқушылардың денсаулығын қорғауға және нығайтуға бағытталған методтарды жасап шығарады. Сонымен қатар ол бұл методтарды жалпы білім беретін   колледж, мектептерде қорытындылап отырады.

Павловтың физиологиялық ілімінің және басқа биология ғылымдарының  гигиенаның дамуына әсері. Мектеп гигиенасы өз дамуында физиология, физика, химия, микробиология сияқты т. б. ғылымдарға сүйенеді. Орыс физиологы И. П. Павловтың ілімі дамып келе жатқан организм үшін жоғары нерв қызметінің жетекші ролі туралы айтады. Адамның организмі — бір тұтас, ондағы клеткалар, тканьдер және органдар өзара байланысты ғана емес, олар біріне-бірі әсер етіп отырады. Бұл бірігу нерв системасы және оның жоғары бөлігі — ми арқылы іске асады. Орталық нерв системасы адам организмінің барлық тіршілігін басқарып және бағыттап отырады.

Адам организмінің дамуы  мен тіршілік қызметі үшін мидың  мәнін осылайша түсіну организмді сырткы ортамен теңгеру үшін, яғни адам денсаулығы үшін ғана емес, сонымен бірге оның барлық жағынан, соның ішінде психикалық жағынан да, шексіз жетіле беруі үшін зор мүмкіндіктер туғызады.

Гигиеналық тұрғыдан алғанда ортаның неғұрлым қолайлы жағдайларын жасай отырып және оларды батыл түрде пайдалана отырып, біз денсаулықтың нығаюы мен дамуына, қайратты, сергек, жайдары адамдарды тәрбиелеуге көмектесеміз, адам табиғатын жетілдіреміз. Осыған байланысты оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің гигиеналық жағдайларын толық және жақ-жақты қамтамасыз ету қажеттілігі ерекше мәнді бола түседі. [27]

3.2 Оқушылардың гигиеналық шынығуының негіздері

 

 

Оқушыларды шынықтырудың гигиеналық міндеттері. Ауа, күн сәулесі мен су сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларының әсеріне, сондай-ақ түрлі суық тию және жұқпалы ауруларға организмнің карсылық көрсету кабілетін арттырудың ең жақсы және молынан пайдалануға болатын құралдары.

    Оқушыларды шынықтыруда мынадай нақты міндеттер қойылады:

1)  оқушы организмінің ауруларға   қарсы   күресу   төзімділігін арттыру;

2)  оқушыларды таза ауаны қажетсінуге тәрбиелеу, оларды температураның,   ылғалдылықтың және ауа қозғалысының күрт өзгерістерінен қорықпауға үйрету;

3) Оқушылар қиындықтарды жеңе білуге, төзімді де батыл болуға тәрбиелеу.

Организмді шынықтыруда  нерв системасының атқаратын рөлі. Шынықтыру механизмінде орталық нерв системасы бәрінен де үлкен роль аткарады; ол организмде болып жататын барлық процестерді басқарады.

Күн және ауа ванналарынан немесе су процедураларынан алынатын сыртқы тітіркеністер күрделі рефлекстер жолымен орталық нерв системасына, ал ол арқылы организмнің алуан түрлі функцияларына әсер етеді. Егер қайсыбір фактордың (суықтың, жылудың, желдің, ылғалдың) теріге тигізетін әсері көп рет қайталанатын болса, онда рефлекторлық реакциялар жаттығулардың әсерінен біртіндеп барған сайын жылдам және дәл жүретін болады. Терінің жылуды реттеуші аппараты бұл жағдайда оңай жетіледі де, осының арқасында организмнің әр түрлі қолайсыз метеорологиялық әсерлерге қарсы төзімділігі арта түседі. [28]

Шынықтырудың негізгі  принциптері. Оқушыларды шынықтыру төмендегі принциптерді сақтаған кезде ғана дұрыс нәтиже бере алады. Олар: бірте-біртелілік, жүйелілік және оқушылардың жеке басының ерекшеліктерін есепке алу.

Біртінден шынықтыру принципін сақтау Оқушылар үшін ерекше маңызды, өйткені Оқушылар организмінің қарсылық білдіру қабілеті жоғары емес, сондықтан алдын ала біртіндеп жүргізілген әзірліксіз күшті  тітіркендіргіштерді қолдану теріс нәтижелер беруі мүмкін.

Егер оқушыларды шынықтыру қатаң түрде белгілі бір мөлшермен жүргізілсе және тітіркену біртіндеп күшейтіліп отырса, мәселен, көктемгі уакытта киімді біртіндеп жеңілдету, су процедураларында температураны біртіндеп төмендету, күн сәулесі ваннасының ұзақтығын біртіндеп арттырып отыру және т. б., оқушыларды шынықтыру тамаша нәтиже береді.

Тітіркендіргіш организмге айтарлықтай ұзақ уақыт бойы үздіксіз әсер етіп отырған жағдайда ғана, сол  тітіркендіргішке деген әдеттену қалыптасады. Ал егер шынықтырушы процедуралар кездейсоқ, оқта-текте ғана өткізілетін болса, онда оқушының организмі суық ауаның, судың, күн сәулесінің әсеріне үйреніп үлгірмейді, қол жеткен нәтижелерді баянды ете алмайды. Сондықтан шынықтыруды жүргізген кезде жүйелілікті сақтау қажет.

Жүйелі түрде шыныққанда организмнің жауап қайыру реакциясы жылдамдамдап, жетіле береді.

Шынықтыру кезінде жеке ерекшеліктерді ескеру принципінің  үлкен маңызы бар. Жастары бірдей оқушылардың де денесінің дамуы жағынан, денсаулығы жағынан бір-бірінен айырмашылықтары болатыны жиі кездеседі. Бір ғана тітіркендірудің өзі көбіне әркелкі кабылданады. Бір оқушы суыққа неғұрлым сезімтал келсе, екінші біреуі оған тезірек көндігеді. Суық және басқа тітіркендіргіштерге деген мұндай түрліше реакцияларды ескеру кажет. Кейде бұл реакциялар таза психологиялық сипатта: суық судан, суық ауадан қорқудан, еркеліктен, ата-аналардың шынықтыруға деген теріс көзқарастарынан т. б. болады.

Қимыл дененің жетілуіне  және жалпы дамуына көмектесіп, адамның  жеке басын калыптастырудың бір  құралы болып табылады. Қимыл температураның неғұрлым төмен кезінде де ауа ваннасын кабылдауға мүмкіндік береді, өйткені шығын болған жылудың орны қимыл кезінде күшейтілген жылу жасап шығарудың себебінен толығып отырады. Дене жаттығуларының комплексімен ұштастырылған ауа ваннасы шынықтырудың педагогикалық міндеттерін шешу үшін ерекше бағалы. [61,8]

Ауа ванналарын өткізудің  ең жақсысы, көктемгі жылы күндерде немесе жазғы күндері, таза ауада, көлеңкеде бастаған дұрыс (ауаның температурасы бұл жағданда 20°-тан кем болмауы тиіс). Жауын күндері оларды бастырма астында, терраста өткізуге болады. Оқушылардың ауа ваннасын алатын алғашқы күндердегі киімдері: майкалар, трусиктер, башмақтар. Оқушылар салқын ауаға үйренгеннен кейін, тек трусик-пен ғана қалдырылады. Алғашқы ауа ваннасының ұзактыры 5—10 минут болуға тиіс, содан кейін оның уақыты біртіндеп ұзартыла береді де (әрбір ванна баланың көңіл-күйіне байланысты 5—10 минутқа ұзартылып отырады), бір жарым сағатқа дейін, ал шымыр Оқушылар үшін оның ұзақтығы күн сайын үш сағатқа дейін жеткізіледі.

Жазғы жылы күндері ауа  ваннасын оқушылардың жуынар алдында және суға түсер алдында өткізген жақсы. Бұл процедуралардың басып қосу шынықтырудың әсерін күшейтеді. Терінің сыртқы қабаты жеткілікті жаттыққаннан кейін ауа ваннасын кез келген ауа райы және неғұрлым төмен температура жағдайында қабылдай береді. Қыс кезінде ауа ваннасын өткізу арнаулы жағдайларды талап етеді. Мектеп жағдайында ауа ваннасың ең жақсысы физкультура залында өткізу, ал жатаханаларда алдын ала желдетілген ұйықтайтын белмеде өткізген дұрыс. Ауа ваннасын бөлмедегі ауаның температурасы 20° кезінен бастап қабылданады. Бірінші ауа ваннасының ұзақтығы 5 минут болады да, біртіндеп 25—30 минутқа дейін жеткізіледі. Ауа ваннасы өткізілетін бөлменің температурасы біртіндеп 16—14°-қа дейін төмендетіледі. Қыста ауа ваннасын ең тәуірі ұзақтығы 8—10 минуттан аспайтын гимнастикалық жаттығулармен ұштастырған жөн. Ауа ваннасың бүкіл жыл бойы күн сайын өткізу қажет. Дамып алу күйіндегі ауа ваннасы немесе таза ауада ұйықтау көбіне емдеу мақсатымен белгіленеді. Олар ағаш бұтақтарымен көлеңкеленген участокта, жиналмалы кроваттар қойылған жерде өткізіледі. Ауа ванналарын ауаның температурасы 22—24°С болатын жылы да тынық ауа райында өткізген жөн. [18]

Таза ауадағы ұйқы жатаханалардың I—II крстарындағы, күні ұзартылған практикалардағы, орман таза ауаларында, сауықтыру алаңдарындағы Оқушылар үшін ұсынылады.

Жылдың суық мерзімінде ашық ауада ұйықтаған кезде бала таза ауамен тыныс алады. Бұл жағдайда тыныс алу төмендейді, ол үшін күн  сайын аяқ ваннасы пайдаланылады. Ваннаның ұзақтығы 1—3 минут. Судың температурасы күн сайын 1°-қа темендетіліп отырады. Аяқты шынықтыру организмнің суық тиюге қарсы күресу кабілетін айтарлықтай күшейтеді.

Мұрын-жұтқыншақ қуысып жекелеп шынықтыру шараларын  да қолдануға болады. Бұл үшін күн сайын кешке тамақты сумен шайған жөн. Алғашында температурасы кемінде 28° су алынады, содан кейін оның температурасы біртіндеп төмендетіліп, 2—4°-қа дейін жеткізіледі.

Шынықтырудағы күннің маңызы. Күн радиациясының шынықтырушы  әсерінен терінің қыртыс қабаты айтарлықтай қалыңдайды, бұл оның тосқауылдық қасиетін күшейтіп, организмнің суық тиюден болатын аурулар мен жұқпалы ауруларға төзімділігін арттырады.

Күн сәулесі ваннасын қабылдай отырып, бала бір мезгілде күн радиациясының тікеден, шашырай  және шағылыса түскен әсеріне тап болады.

3.3 Оқушылардың жеке бас гигиенасы

 

 

Жеке бас гигиенасы  – адамның жалпы мәдениетінің элементі екендігі туралы. Жеке бас  гигиенасының денсаулыққа әсері, әр түрлі жас кезеңдеріндегі оқушылардың жеке бас гигиенасы дағдысын қалыптастыру әдістері мен құралдары.

Тамақтану гигиенасы. Өсіп келе жаткан организм үшін оптималды  тамақтанудың маңызы. Оқушылар организмінің тамақтық заттарға, витаминдерге, микроэлементтерге деген сұранысы. Тамақтың сәйкестігі.

Оқушылардың жеке бас гигиенасын сақтау-денсаулық кепілі.

Сымбат дегеніміз-қалыпты  жағдайда және жұмыс кезінде адамның  күнделікті әдетпен өз денесін ұстай  білуін айтады. Сымбатты адамның денесі ұнамды, жарасымды және ісі өнімді болады. Денесі, аяғы түзу, иығы, бұлшық еті жақсы жетілген, жинақы, аяқ алысы дұрыс адам сымбатты болып көрінеді. Адам сымбатының дұрыс болуы ішкі мүшелердің қалыпты жүмыс істеуін қамтамасыз етеді. Ал ол өзгерген жағдайда дұрыс тамақтанып, дене шынықтырумен айналысудың маңызы зор. Астың құрамында ақуыз, минералды заттар, дәрумен жетпеген жағдайда және денеге ауырлық күші біркелкі түспесе сымбат бүзылады. Дүрыс отырмаудан оқушылар, оқушылар, өндіріс және тағы басқа мекемелерде жүмыс істейтін адамдардың омыртқа жотасы қисайып, иықтары бүкірейіп, кеуде қуысының ішіне қарай қабысуы мүмкін.

Сымбаттың қальптасуы жүре пайда болады. Ол балалық шақтан дене сымбатын үстелге, партаға дұрыс отыру калпын қадағалауға және өзін жинақы ұстап, жүріс-тұрысын бақылауға байларысты қалыптасады.

Сымбаттың дұрыс қалыптаспауы дене пішінін өзгертіп, ішкі мүшелердің жұмысын бүзады, адамның ойдағыдай мамандықты таңдап алуына кесірін тигізеді.

Сымбат бұзылған кезде  дәрігерге қаралу қажет. Мұндай жағдайда дәрігердің көмегімен жаттығулар тағайындалып, сымбаттың дұрыс қалыптасуына жәрдем көрсетеді. [42]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 Адамның негізгі дене мүшелерінің гигиеналық күтімі

4.1 Тәуліктік

 

 

Тәуліктік жүйе режимі ағзаның жұмсаған қуатын өз қалпына келтіруін және оның іс-әрекеттенуін қамтамасыз ететін режим. Оның негізгі ырғақты және дұрыс еңбекпен алмастырылып отырғаны жөн. Сонда ғана іс-әрекет дамып отырады.

Тәуліктік жүйенің негізі биолошялық ырғаққа байланысты, оны биология ғылымында ағзаньщ биологиялық сағаты деп түсіндіреді. Биологиялық сағат күннің шығуы мен батуына сәйкес өтіп отырады. Ал күннің шығуы мен батуы жердің ұзындығы мен ендігіне байланысты жүреді. Мысалы, Вашинггонда таңертең сағат 9°° болғанда, Алматыда кешкі сағат 8°°. Осыған қарай жәндіктер бейімделеді. Осыған сәйкес олардың биологиялық үрдістерді етеді. Қоректенуі мен дем алуы өтіп отырады. Күннің режимін сақтаса, адамның еркі жақсы дамиды. Адам өзіне-өзі қатаң тәртіп орнатады. Қандай жағдайда болмасын адам тәуліктік режимді қатаң ұстау керек. Оқу оқыганда қатаң режим болу керек. Тәулікті сағат бойынша бөліп қойған жөн.!

Информация о работе Оқушыларға гигиеналық тәрбие беру