Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 13:14, курсовая работа
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 10 қарашадағы № 162 Өкімімен, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 5 қазандағы № 495 бұйрығымен бекітілген. Осы Заң денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және азаматтардың денсаулық сақтауға арналған конституциялық құқықтарын iске асыру және олардың сақталу кепiлдiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесi қызметiнiң құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi.
Кіріспе 4
1 Гигиенаның негізгі бағыттары. 7
1.1 Гигиена ғылымының қолданатын әдістері. 7
1.2 Денсаулықтың гигиеналық негіздері. 9
2 Мектеп гигиенасы................................................................................................11
2.1 Мектеп кешені мен жеріне қойылатын гигиеналық талаптар................... 11
3 Оқушылар гигиенасы 21
3.1 Оқушылардың сақтану гигиенасы. 21
3.2 Оқушылардың гигиеналақ шынығуының негіздері 22
3.3 Оқушылардың жеке бас гигиенасы 25
4 Адамның негізгі дене мүшелерінің гигиеналық күтімі 23
4.1 Тәуліктік 26
4.2 Дене тазалығы 27
4.3 Есту және көз гигиенасы 28
4.4 Шаш және тырнақ күтімі 29
4.5 Аяқ және қол күтімі 30
4.6 Тіс, ауыз гигиенасы 31
4.7 Киім-кешек және аяқ киім гигиенасы 32
Қорытынды 33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 35
Киім ілгіш-гардеробтар
екі бөлмеден тұрады: шешінетін жер
- фойе және киім ілгіш-гардероб. Олардың
жалпы ауданы 0,20-0,25 м2 есебінен алынады.
Гардеробтағы киім ілгіштерді терезеге
перпендикуляр түрінде
Жуынатын бөлме және дөретхана мектеп кешенінің әр қабатында орналасады. Бұл бөлмелердің ауданы әрбір оқушыға 0,12 м2 есебінен бөлініп алынады. Мектеп қызметкерлерінің жуыну орыны 12 м2 болады. Мектеп қызметкерлерінің жуыну орыны мен дәретханасы оқушылардан бөлек болуы тиіс. Жуынатын бөлме мен дәретханалардың едені су сіңірмейтін, аяқ таймайтын, оңай тазартылатын болады. Және күшті дезинфекциялау химикаттары мен ыстық судың әсеріне төзетін құрылыс материалдарынан, көбінесе қыш немесе полимерцемент плиталардан жасалады. Бұл бөлмелердің қабырғасын толық немесе тек қана панелін ақ түсті немесе көкшіл қыш шыны, полистироль тәрізді су өткізбейтін плиталармен қаптайды. [13]
Оқу бөлімін меңгерушісінің бөлмесі, мұғалімдер бөлмесі сыныптар мен оқу кабинеттеріне жақын, қолайлы жерден орын алады. 8-10 м2 шағын бөлмені барлық мектептерде дәрігерге береді, ал ірі мектептерде оған қоса тіс емдеу бөлмесіне 12 м2 кабинет береді.
Мектеп кешеніндегі баспалдақтар ең кемінде екеу немесе үшеу болады. Баспалдақтың әрбір сатысының ені 30 см, биіктігі 16 см. Баспалдақтар жарық, оқушылардың жүруіне ыңғайлы болу керек. Баспалдақтар бұрылысында қосымша жарық көзі орналастырылады.
Мектеп жиһаздары мен
жабдықтарына қойылатын гигиеналық
талаптар. Сыныптағы жабдықтар
Сыныптағы жабдықтарға парталар, үстелдер, орындықтар, шкаф-витриналар, сынып тақтасы, түрлі техникалық оқыту саймандары жатады.
Парталар. Мектеп парталары
- сыныптағы жабдықтың негізгі
түрі. Еліміздегі қазіргі мектептерде
көптеген парталардың түрлері пайдаланыл
Парта екі бөлімнен тұрады: партаның үстелі жөне отырғышы. Парта үстелінің беті және отырғышы ашық ақшыл түсті бояулармен боялып, металл қаңқасы әбден тегістеледі. Оның бөлшектері оқушы денесінің пропорциясына негізделген. Ертеректе жиі қолданылған қара, қою қоңыр, қою жасыл түске партаны бояу қазіргі гигиеналық талапқа сай болмай шықты. Ондай түстер жарықты көп сіңіріп, бөлменің жарық мөлшерін азайтады да балалардың көңіл-күйі жабырқау тартады. [45]
Парта үстелінің беті еденге сәл көлбеулеу жасалады. Бұл оқушылардың кітап оқып, жазу жазғанда көздерінің талмай дұрыс жұмыс істеуіне қолайлы. Үстелдің ұзындығы 110-130 см, ені 63-70 см, үстел бетінің сыртқы шеті еденнен 52-79 см биікте болады, дифференциясы 20,5-32 см. Партаның дифференциясы деп үстелдің оқушы жақ жиегінің биіктігі мен парта отырғышының арасындағы аралықты айтады. Партаның дифференциясы оқушы отырғанда денесін тік үстап, үстелге білектерін қойып отыруға ыңғайлы болуы тиіс, гигиеналық талапта көрсетілген мөлшерден аспау және аз болмау керек. Егер партаның дифференциясы дұрыс сақталмаса, оқушының омыртқа сүйектері қисаяды, дифференция биік болғанда оң жақ сколиоз, дифференция аласа болғанда сол жақ сколиоз пайда болады.
Парта отырғышының тереңдігін баланың санының 2/3 бөлігіне сәйкес жасайды. Мұндай тереңдік ыңғайлы, орнықты отыруға қолайлы. Отырғыштың еденнен биіктігі 32-47 см, тереңдігі 29-38 см, арқалығының биіктігі 18 см. Оқушының дұрыс отыруын қамтамасыз ететін парта үстелі мен отырғышының басты-басты 3 көрсеткіші бар. Ол жоғарыда жазылған парта дифференциясы мен арқалық және отырғыш дистанциялары.
Парта отырғышының арқалық дистанция-с ы үстелдің оқушы жақ шетінен отырғыштың арқалығына дейінгі аралық. Бұл оқушының көкірек қуысының тереңдігіне байланысты. Оқушы партада отырғанда оның көкірегі мен парта үстелінің шетінде 3-5 см арқалық болуы керек. Отырғыштың аралық дистанциясы аз болғанда оқушының кеудесі үстелдің шетіне тіреліп, кеуде сүйегі ішіне қисайып өседі де, көкірек қуысындағы тіршілікке маңызы зор жүрек, қолқа тамыры, жоғарғы және төменгі қуыс веналары іспетті үлкен қан тамырларының, өкпе, бауыр, бронхылардың қызметіне, олардың дұрыс өсіп жетілуіне зиян келтіреді. Ал арқалық дистанция артық болғанда оқушы жазуды еңкейіп жазады да, омыртқа сүйектері қисық өседі және көздің қызметіне қолайсыз болып, жақыннан көру дамиды. [23]
Парта отырғышының дистанциясы деп парта үстелінің оқушы жақ шеті мен отырғышының алдыңғы шетінің арасындағы аралықты айтады. Ол 3 түрлі болады: нөлдік, оң және теріс дистанция. Егер үстелдің шеті мен отырғыштың алдыңғы шеті бір деңгейде болса, отырғыш дистанция нөлдік, арасында аралық болса — о ң, отырғыштың шеті үстелдің астына кіріп тұрса - т е р і с дистанция болады. Қазіргі гигиеналық талаптар бойынша оқушылардың дұрыс отыруына 4-5 см теріс дистанция қолайлы.
Парта қақпағының ішкі жағына оның өлшемі көрсетіледі. Ескі номенклатура бойынша орта мектептерде пайдаланатын парталарды оқушылардың бойына сәйкес 7 топқа N6 —N12 бөледі. Олардың өрқайсысы бір-бірінен 10 см артық. Мысалы, N6 парта бойы 110-119 см оқушыларға арналса, N7 парта 120-129 см бойлы балаға арналған, т.с.с.
Қазіргі жаңа номенклатура бойынша оқушыларға арналған үстелдер мен парталар 5 топқа бөлінеді:
А тобы бойы 130 см-ге дейінгі балалар үшін,
Б тобы бойы 130-145 см,
В тобы бойы 145-160 см,
Г тобы бойы 160-175 см,
Д тобы бойы 175-190 см балаларға арналған.
Бұл өлшемдер парта қақпағының астына немесе отырғышының астыңғы бетіне жазылады. Мысалы, А/130. Партаны топтастыруды жеңілдету үшін әрбір топтағы парталарды арнайы түсті бояумен кішкене дөңгелек не ұзындау төрт бұрыш таңба арқылы белгілеп қояды. Ол белгіні партаның алдыңғы қабырғасына түсіреді. Әр топтарға мынадай түстер бекітілген: А — сары; Б - қызыл; В — көкшіл; Г — жасыл; Д — ақ түсті. Әр мұғалім өзінің сынып бөлмесіне парталар таңдағанда балалардың медициналық картасындағы бойының ұзындығына сәйкес таңдап алуы тиіс. [19]
Сыныптағы парталарды орналастыру. Бастауыш сыныптарда парталарды 3 қатар орналастырады. Әр қатарда 6-7 партадан болады. Жоғарғы сыныптарда көбінесе 2 қатардан қояды. Шеткі парталар мен қабырға аралығы 50-65 см, қатар аралығы 70-75 см, алдыңғы парталар мен тақта аралығы 2,4-3 м, соңғы парталар мен тақта аралығы 8 м. Терезеден ең алыс орналасқан парта 6 м қашықтан аспауы керек. Әр сыныпта кемінде 3 топтағы парталар немесе оқушылар үстелі болу керек, ал 3-7-сыныптар үшін көпшілік жағдайда 4 топтағы парталар қажет болады. Кішірек парталар алға қойылады да, биіктері соңғы қатарларға орналастырылады. Шамамен алғанда әрбір орта мектепте N6 парталар 1%, N7 14%, N8 - 27%, N9 - 18%, N10 - 20%, N11 - 15%, N12 - 5 % болу керек. Жаңа белгілеу бойынша А топтағы парталар саны 15%, Б тобындағы - 45%, В тобындағы - 20%, Г тобындағы -15%, Д тобындағы парталар 5% болуы керек. Сыныпты 1 орындық парталармен жабдықтағанда бұл көрсеткіштер 2 еселенеді. [15]
Партада отыру ережесі. Оқушының партада
отыру ережесі бойынша оқу
жылының басында сынып
Сынып тақтасы мен басқа жиһаздарға қойылатын гигиеналық талаптар. Сынып тақтасы - оқу болмесінің ең қажетті жабдықтарының бірі. Тақта бөлменің алдыңғы қабырғасының дәл ортасында бастауыш сыныптарда еденнен 75 см, 5-7 сыныптарда - 95 см, жоғарғы сыныптарда — 100 см биікте ілінеді. Тақтаның ұзын дығы көбінесе 3 м, ені 1,2 м, беті біртегіс, бірақ өте жылтыр емес, түсі - қоңыр немесе қою жасыл болады. Сызу-сурет сабағының бөлмесінде ғана қара бояумен сырлауға болады. Тақтаның негізі — линолеум, релин, пластмасса, жұқа тақтай іспетті жеңіл, тегіс, су сіңірмейтін материалдардан жасалады, ал оның жақтауын ағаштан не жеңіл металдан жасайды. Тақтаның жақтауының төменгі шетіне бор үнтақтарын жинайтын жіңішке астауша не жұқа тақтай орнатады да бір шетіне бор, су шүберек қоятын кішкентай қорапшаны бекітеді. Тақтаның тұсына арнайы жарық шамын іліп, қосымша 300 вт шаммен жарықтандырады. Сынып тақтасын мата перделермен жабуға болмайды, себебі олар бор ұнтақтары мен шанды жинап, балалардың тыныс мүшелерінің ауруына себеп болады. [22]
Сыныптағы шкафтар артық көрнекі құралдар мен оқулықтарды сақтау үшін қажет. Дегенмен шкафтар көп орын алмайтын, бөлмені тарылтпайтын ықшам болғаны жөн. Әр сыныпқа 2-3 шкаф жеткілікті. Олар сол сыныпта оқитын балалардың бойына лайық, денесіне зиян келтірмейтін, көңілге жағымды болу керек. Шкафтарды бөлменің артқы қабырғасына орналастырады. Соңғы жылдары салынған мектептерде қабырғада жасалған шкаф-нишалар пайдалануға өте ыңғайлы.
Мұғалімнің үстелі мен орындығының мөлшері ересек адамға арналған, отырып тұру ға қолайлы болу керек. Ол терезе жақтағы парталар қатарының алдында немесе ортада орналасады. Оқушы партасы мен мұғалім үстелінің арасында кемінде 15-20 см аралық қалдырады. Кейінгі кезде оқу-тәрбие жұмыстарында оқу-техника құралдарын жиі орналастыру гигиенасы пайда болды. Оқу-техника құралдары, яғни киноаппарат, диапроектор, теледидар, магнитофон, радиоаппараттар т. б., шамадан көп болып, бөлмені тарылтпайтын, шаң-тозаң жинамайтын жағдайларды қарастырған жөн. Оларды пайдаланбаған кезде шкафтарда немесе арнайы бөлмелерде сақтау керек. Диафильмдерді 7-15 минөт, кинофильмдерді және телекөрсетулерді 15-20 минөттен артық көрсетуге болмайды.
Соңғы кезде оқу-техника аспаптарын жеке кабинетке орналастырып, мұғалімдер кезекпен пайдаланатын жағдай тудыруда. Ондай кабинеттер үлкен, 15-20 оқушы сиятындай болуы тиіс. Бұл бөлмелердің есік-терезелері мықталып, кілті арнайы лаборанттың жауапкершілігінде болады. Соңғы кезде информатика пәнін өтуге байланысты мектепте 1 немесе 2 кабинетке компьютерлер орналастырады. Компьютерлерді терезеден түсетін жарық дисплейіне тікелей түсіп, шағылыспайтындай етіп орналастырады. Әрбір компьютердің арнайы 1 кісілік орындықтары болуы тиіс. Бұл бөлмеге информатика мұғалімі жауапты болады. [44]
Мектеп лабораториясының жабдықтарына бір немесе екі кісілік лабораториялық үстелдер мен орындықтар, шкафтар, тәжірибе көрсету үстелі жатады. Онда көп орынды үстелдерді қоюға болмайды, себебі олар орбір оқушының еркін жұмыс жасауына қолайсыз болғандықтан, балалардың жарақаттануына себеп болады. Тар жерде химиялық ыдыстар сынып, ондағы ертінділер оқушылардың киіміне, денесіне зиян келтіреді. Тәжірибелерді дұрыс орындау үшін бір кісіге 65-70 см кеңістік қажет, сондықтан лабораториялық үстелдердің ұзындығы 130-140см, ені 60 см, биіктігі 75-76 см болады. Үстелдің кітап, дәптер салатын орыны немесе тартпасы болады. Үстелдерді 3 қатар етіп орналастырады. Қатар аралығы кемінде 70 см. Лабораториялық үстелдерді орнықты бекітіп, оған су, электр сымы өткізіледі. Электр сымы арнайы тақтайдың бойымен немесе үстелдің алдыңғы сирағының бірінің бойымен өткізіліп, жасалады. Химиялық лабораториялардағы үстелдер ыдыстарды қоюға ыңғайлы, орнықты болуын көздеп арнайы сөре және 3 жақ шетінде кедергі тақтайша (биіктігі 7-15 см) орнатылады. Үстелдің үсті қышқыл-сілтілерге төзімді заттардан жасалады және ол тәжірибелердің нәтижесін жазуға қолайлы болуы тиіс. [58]
Физика лабораториясындағы үстелдердің беті тегіс, саңлаусыз, төгілген заттардың бөлшектерін жинауға қолайлы, электр сымдары қауіпсіз, аспаптар сыртына электр өткізбейтін болуы тиіс.
Лабораториялардағы орындықтар үстелдердің биіктігіне сәйкес алынады: отырғыштары еденнен 44-46,5 см.
Демонстрациялық үстелдің ұзындығы 3 м, ені 80 см, биіктігі 80 см. Үстел лабораториялық бөлменің алдыңғы жағында сәл биіктелген арнайы орында тұрақты бекітіледі.
Түрлі аспаптарға, ерітінділерге
арналған шкафтарды лабораторияның
қосымша препараторлық
Мектептегі барлық лабораторияларда қауіпсіздік ережелері, алғашқы дәрігерлік жәрдем ережелері мен дәрі-дәрмектер жинағы, өрт қауіпсіздігіне қажетті құм, өрт сөндіргіш саймандар болуы керек. [47]