Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 13:45, реферат
Қызмет көрсету саласында қолданылып келе жатқан ережелер, нұсқаулар, т.б. сертификаттаудың нормативтік негізі бола алмағандықтан, міндетті талаптар тағайындайтын мемлекеттік стандарттар қажет болды. Сондықтан елімізде басталған міндетті сертификаттау қызмет көрсету саласында стандарттау жұмыстарын жандандырды.
Мемлекеттік стандарттарды дайындау үшін техникалық комитеттер құрылды. Қызмет көрсету сапасының көрсеткіш атауларына, қызмет сапасын бағалау әдістеріне стандарттар дайындау жоспарланып, қазіргі кезде жүзеге асырылып келеді. Міндетті сертификаттауға жататын қызмет түрлері анықталды (шаштараз қызметі, бөлшек сауда қызметі, т.б.).
Қоғам өмірінде және экономикасында қызмет көрсету саласы елеулі орын алады. Оны мына деректерден көруге болады:
1995 жылы Дүниежүзілік
сауда ұйымының ақылы қызмет
көрсету саласындағы басты
Келісімнің мақсаты
Қызмет көрсетулер біртекті топтар түрінде жіктеледі. Бұл топтарға мыналар жатады:
Көрсетілетін қызмет түрлері көбейіп келеді. Оның жаңа түрлері, ЯҒНИ, аудиторлік, кеме кіресі, жарнамалық, т.б. түрлері дамып келеді.
Қызметті стандарттау жұмыстары 1992 жылы басталды. Оған себеп - Қазақстан Республикасында қабылданған «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» Заң. Заң тұтынушыларды қауіпті қызметтен қорғаудың жүйесін құрудың қажеттілігін айқындады. Жүйенің басты бағыты ретінде міндетті сертификаттау белгіленді.
Қызмет көрсету саласында қолданылып келе жатқан ережелер, нұсқаулар, т.б. сертификаттаудың нормативтік негізі бола алмағандықтан, міндетті талаптар тағайындайтын мемлекеттік стандарттар қажет болды. Сондықтан елімізде басталған міндетті сертификаттау қызмет көрсету саласында стандарттау жұмыстарын жандандырды.
Мемлекеттік стандарттарды
дайындау үшін техникалық комитеттер
құрылды. Қызмет көрсету сапасының
көрсеткіш атауларына, қызмет сапасын
бағалау әдістеріне стандарттар
дайындау жоспарланып, қазіргі кезде
жүзеге асырылып келеді. Міндетті сертификаттауға жатат
Стандарттау туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі N 433 Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2004.11.09. N 603 Заңымен
МАЗМҰНЫ
Күші жойылды
- Қазақстан Республикасының
Ескерту.
Заңның бүкiл мәтiнi бойынша
"уәкiлеттi мемлекеттiк орган",
"уәкiлеттi мемлекеттiк органның",
"уәкiлеттi мемлекеттiк органды",
"уәкiлеттi мемлекеттiк органға"
деген сөздер тиiсiнше "
Осы Заң
стандарттау саласындағы
1-бап. Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда
мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) өзара алмасымдылық - бiр бұйымның, процестiң,
көрсетiлетiн қызметтiң дәл сондай бiр талаптарды
орындау мақсатында басқа бұйымның, процестiң,
қызмет көрсетудiң орнына пайдалануға жарамдылығы;
2) мемлекеттік стандарттау - бiр елдiң
деңгейiнде жүргiзiлетiн стандарттау;
3) техникалық-экономикалық ақпараттың
мемлекеттiк жiктегiшi - өнiмнің, процестердiң
(жұмыстардың), қызмет көрсетулердiң техникалық-
экономикалық ақпарат объектiлерiнiң жiктелген
топтарының кодтары мен атауларының жүйелендiрiлген
жиынтығын бiлдiретiн стандарттау жөнiндегi
құжат;
4) стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың
мiндеттi талаптарының сақталуын мемлекеттiк
қадағалау - стандарттау, метрология және
сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган
мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң мiндеттi
талаптардың бұзылу фактілерiн анықтауға,
олардың жолын кесуге, оларды жоюға бағытталған
қызметi;
5) Алынып тасталды
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
стандарттау жүйесi - өз құзыреттерi шегiнде
стандарттау саласындағы, оның iшiнде өнiмдi
каталогтау саласындағы жұмыстарды жүзеге
асыратын мемлекеттiк басқару органдарының,
жеке және заңды тұлғалардың, Қазақстан
Республикасында стандарттау жөнiндегi
жұмыстарды жүргiзу тәртiбiн белгiлейтiн
нормативтiк құжаттардың жиынтығы;
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
стандарты - стандарттау, метрология және
сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган
бекiткен, тұтынушылардың қалың көпшiлiгiнiң
қолы жетiмдi стандарт;
8) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
стандарттар қоры - Қазақстан Республикасының
аумағында сақталуға мiндеттi стандарттардан,
техникалық регламенттер мен құжаттардан
тұратын Қазақстан Республикасы мемлекеттiк
басқару органдарына мамандандырылған
қорларының жиынтығы;
9) мемлекетаралық стандарттау - мемлекетаралық
мүдденi білдiретiн объектiлердi стандарттау;
10) мемлекетаралық стандарт - Стандарттау,
метрология және сертификаттау жөнiндегi
Мемлекетаралық Кеңес немесе Тәуелсiз
Мемлекеттер Достастығы елдерiнiң құрылысында
Стандарттау және техникалық нормалау
жөнiндегi мемлекетаралық ғылыми-техникалық
комиссия қабылдаған, олар тiкелей қолданатын
стандарт;
11) стандарттау жөнiндегi халықаралық
ұйым - әрбiр елдiң тиiстi стандарттау метрология
және сертификаттау жөнiндегi тиiстi мемлекеттiк
органының мүше болуы үшiн ашық стандарттау
жөнiндегi ұйым;
12) халықаралық стандарттау - барлық елдердiң
тиiстi органдарының қатысуы үшiн ашық
стандарттау;
13) халықаралық стандарт - стандарттау
жөнiндегi халықаралық ұйым қабылдаған
және тұтынушылардың қалың көпшiлігiнiң
қолы жетiмдi стандарт;
14) ұлттық стандарт - стандарттау жөнiндегi
ұлттық орган қабылдаған және тұтынушылардың
қалың көпшiлiгiнiң қолы жетiмдi стандарт;
15) стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжат
- стандарттау жөнiндегi қызметтiң әр түрiне
және олардың нәтижелерiне қатысты нормаларды,
ережелердi, сипаттамаларды, принциптердi
белгiлейтiн құжат;
16) стандарттау саласы - стандарттаудың
өзара байланысты объектiлерiнiң жиынтығы;
17) мемлекеттiк басқару органы - өнiмнiң
сипаттамаларын немесе онымен байланысты
сақталуы мiндеттi болып табылатын өндiрiс
процестерi (жұмыстары) мен әдiстерiн өз
құзыретiнiң шегiнде белгiлейтiн орган;
18) негiз қалаушы стандарт - кең салада
қолдануға болатын немесе белгiлi бiр салаға
арналған жалпы ережелердi қамтитын құжат;
18-1) салалық стандарт - салалық маңызы
бар өнiмдерге, процестер (жұмыстар) мен
қызмет көрсетулерге қойылатын талаптары
бар стандарт;
19) стандарттау жөнiндегi аймақтық ұйым
- тек бiр географиялық, саяси немесе экономикалық
аймақтағы әрбiр елдiң стандарттау, метрология
және сертификаттау жөнiндегi тиiстi мемлекеттiк
органының мүше болуы үшiн ашық стандарттау
жөнiндегi ұйым;
20) аймақтық стандарттау - әлемнiң тек
бiр ғана географиялық, саяси немесе экономикалық
аймағы елдерiнiң тиiстi органдарының қатысуы
үшiн ашық стандарттау;
21) аймақтық стандарт - стандарттау жөнiндегi
аймақтық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың
қалың көпшiлiгiнiң қолы жетiмдi стандарт;
22) мемлекеттiк стандарттау жүйесiнiң тiзiлiмi
- стандарттау, метрология және сертификаттау
саласындағы объектілердiң, жұмыстарға
қатысушылар мен құжаттардың тiркелуiн
есепке алу құжаты;
23) стандарттау жүйесi - стандарттауға
қатысушылардың, өнiмге, процестерге (жұмыстарға),
қызмет көрсетулерге қойылатын талаптарды
белгiлейтiн нормативтiк құжаттардың жиынтығы;
23-1) өнiмдi каталогтау жүйесi өндiрiлетiн
өнiмнiң сипаттамалары мен дайындаушылары
туралы белгiленген тәртiппен ақпарат
жинауды және берудi қамтамасыз ететiн
ұйымдастырушылық-техникалық жүйе;
24) сыйысымдылық - өнiмнiң, процестердiң
(жұмыстардың) және қызмет көрсетулердiң
белгiленген талаптарды қойылған шарттарға
орай бiрлесе орындау үшiн пайдалануда
жағымсыз салдарларды тудырмайтын жарамдылығы;
25) стандарт - мүдделi тараптардың келiсiмi
негiзiнде әзiрленген және қызметтiң әр
түрiне немесе олардың нәтижелерiне қатысты
жаппай және көп мәрте пайдалану үшiн ережелер,
жалпы принциптер немесе сипаттамалар
белгiленетiн құжат; <*>
26) стандарттау - нақты бар немесе ықтимал
мiндеттерге қатысты жаппай және көп мәрте
пайдалану үшiн белгiлi бiр салада ережелердi
реттеудiң оңтайлы дәрежесiне қол жеткiзуге
бағытталған қызмет;
27) техникалық шарттар - нақты өнiмге, процестерге,
көрсетiлетiн қызметтерге немесе өнiмнiң
бiрнеше түрiне қойылатын техникалық талаптарды
белгiлейтiн стандарттау жөнiндегi нормативтiк
құжат;
28) стандарттау жөнiндегi техникалық комитет
- экономиканың белгiлi бiр саласында мемлекеттiк
стандарттарды әзiрлеу және салааралық
деңгейде стандарттау жөнiндегi жұмыстарды
жүргiзу үшiн мүдделi заңды тұлғалардың
базасында құрылатын стандарттау жөнiндегi
жұмыс органы;
29) техникалық регламент - стандартқа
немесе ережелерге тiкелей не оларға сiлтеме
жасау арқылы, не осы құжаттардың мазмұнын
енгiзу арқылы мiндеттi талаптар белгiлейтiн
нормативтiк құжат. Ол сондай-ақ терминологияға,
белгілеулерге, буып-түюге, таңбалауға,
олар өнiмге, процеске (жұмысқа), қызмет
көрсетуге немесе өндiрiстiң әдiсiне қолданылатын
дәрежеде талаптарды қамтуы немесе ерекше
мазмұндауы мүмкiн;
29-1) стандарттау, метрология және сертификаттау
жөнiндегi уәкiлеттi орган - стандарттау,
метрология, сертификаттау және тiркеу
жөнiндегi жұмыстарды басқаруды жүзеге
асыратын мемлекеттiк орган;
30) фирмалық стандарт - өнiмнiң, процестiң
(жұмыстың), қызмет көрсетулердiң нақты
түрiне қойылатын талаптарды белгiлейтiн,
бiр заңды немесе жеке тұлға әзiрлеген
және тек сол жеке немесе заңды тұлға ғана
қолданатын құжат.
31) стандарттау жөнiндегi сарапшы-аудитор
- стандарттау, метрология және сертификаттау
жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен
стандарттау саласында жұмыстар жүргiзу
құқығына аттестатталған жеке тұлға.
Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан
Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы
N 432 Заңымен.
2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Осы Заңның
күшi мемлекеттiк басқару
3-бап. Стандарттау туралы заңдар
1. Қазақстан
Республикасының стандарттау
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен
халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше
ережелер белгiленген болса, халықаралық
шарттың ережелерi қолданылады.
4-бап. Стандарттаудың
мақсаттары мен принциптерi
Стандарттаудың негiзгi
мақсаттары мыналар болып
1) өнiмге, процестерге (жұмыстарға), қызмет
көрсетулерге нормалар, ережелер мен сипаттамалар
(бұдан әрi - талаптар) белгiлеу;
2) өнiмнiң, процестердiң (жұмыстардың),
көрсетiлетiн қызметтердiң адамдар өмiрi,
денсаулығы, мүлiктер үшiн қауiпсiздiгiн,
қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз
ету;
3) саудада техникалық кедергiлердi жою,
өнiмнiң iшкi және сыртқы рыноктардағы бәсекелестiк
қабiлетiн қамтамасыз ету;
4) өнiмнiң техникалық және ақпараттық
сыйысымдылығын, сондай-ақ өзара алмасымдылығын
қамтамасыз ету;
5) өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету;
6) ресурстардың барлық түрiн сақтау және
ұтымды пайдалану;
7) елдiң қорғаныс қабiлетi мен жұмылдырушылық
әзiрлiгiн қамтамасыз ету;
8) табиғи және техногендi апаттар мен
басқа да төтенше жағдайлардың туындау
қаупiн ескере отырып, шаруашылық объектiлерiнiң
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
9) өнiмнiң, процестердiң (жұмыстардың),
қызмет көрсетулердiң қауiпсiздiгi мен сапасы
мәселелерiнде тұтынушылардың мүдделерiн
қорғау.
Стандарттаудың негiзгi принциптерi:
1) келiсу;
2) бүкпесiздiк;
3) ерiктiлiк;
4) отандық және шетелдiк өндiрушiлер мен
өнiм берушiлер үшiн стандарттау саласындағы
бiрдей талаптар;
5) экономикалық қисындылық болып табылады.
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан
Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы
N 432 Заңымен.
5-бап. Стандарттау объектiлерi
Көп мәрте ұдайы өндiрiлу және (немесе) пайдалану перспективасы өнiмдер, процестер (жұмыстар), қызмет көрсетулер стандарттау объектiлерi болып табылады.
6-бап. Стандарттау жөнiндегi жұмыстарды мемлекеттiк басқару
1. Қазақстан
Республикасында стандарттау
2. Стандарттау, метрология және сертификаттау
жөнiндегi уәкiлеттi орган:
1) стандарттау саласында бiрыңғай мемлекеттiк
саясатты қалыптастырады және iске асырады;
<*>
2) мемлекеттiк басқару органдарының, жеке
және заңды тұлғалардың осы саладағы қызметiн
үйлестiредi;
3) мемлекетаралық, халықаралық, аймақтық
стандарттау жөнiндегi жұмыстарға қатысады;
4) стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың
мiндеттi талаптарының сақталуына мемлекеттiк
қадағалау жүргiзудi ұйымдастырады және
жүзеге асырады;
5) мемлекеттiк стандарттау жүйесiн құрады;
6) стандарттау саласындағы кадрларды
кәсiби даярлауды және қайта даярлауды
ұйымдастырады;
7) стандарттау бойынша халықаралық, аймақтық,
ұлттық стандарттарды, ережелер мен ұсынымдарды
қолданудың тәртiбiн белгiлейдi;
8) жеке және заңды тұлғалармен, стандарттау
жөнiндегi техникалық комитеттермен өзара
iс-қимыл жасайды;
9) мемлекеттiк стандарттарда, мемлекеттік
стандарттау жүйесiнiң ережелерi мен ұсынымдарында
стандарттау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзудiң
жалпы ұйымдастыру-әдiстемелiк және жалпытехникалық
ережелерiн, жеке және заңды тұлғалардың
бiр-бiрiмен, мемлекеттiк басқару органдарымен
өзара iс-қимыл жасауының нысандары мен
әдiстерiн белгiлейдi;
10) стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың
мемлекеттiк тiлге және орыс тiлiне аударылуын
және олардың расталуын қамтамасыз етедi;
<*>
11) стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың
стандарттар, халықаралық және аймақтық
нормалар талаптарына сәйкестiгiне сараптаманы
жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi. <*>
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
басқару органдары стандарттау жөнiндегi
жұмыстарға өздерiнiң құзыреттерi шегiнде
қатысады.
4. Жеке және заңды тұлғалар стандарттау
жөнiндегi қызметiн осы Заңға, стандарттау
саласындағы қатынастарды реттейтiн өзге
де нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес
өздерiнiң құзыреттері шегiнде ұйымдастырады
және жүзеге асырады, осы жұмыстарды орындау
үшiн стандарттау жөнiндегi тиiстi бөлiмшелер
мен қызметтер, оның iшiнде стандарттау
жөнiндегi техникалық комитеттер құра
алады.
Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан
Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы
N 432 Заңымен.
7-бап. Стандарттау саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Стандарттау,
метрология және сертификаттау
жөнiндегi уәкiлеттi орган стандарттау,
метрология, сертификаттау, сапаны
басқару және аккредитациялау
жөнiндегi халықаралық және аймақтық
ұйымдарда өз құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасының
өкiлi болады. <*>
Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан
Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы
N 432 Заңымен.
8-бап. Мемлекеттiк
Мемлекеттiк стандарттау
жүйесiнiң ұйымдық құрылымы:
1) стандарттау, метрология және сертификаттау
жөнiндегi уәкiлеттi органнан, оның аумақтық
бөлiмшелерiнен және ведомстволық бағыныстағы
кәсiпорындарынан; <*>
2) стандарттау саласындағы құзыреттерiнiң
шегiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
басқару органдарынан;
3) жеке және заңды тұлғалардан, оның iшiнде
стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттерден,
сарапшы-аудиторлардан;
4) Қазақстан Республикасы стандарттарының
мемлекеттiк қорынан тұрады.
Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан
Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы
N 432 Заңымен.
9-бап. Стандарттау жөнiндегі
нормативтiк құжаттар және
1. Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк стандарттау жүйесiнде қолданылатын
стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарға
мыналар жатады:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
стандарттары - ҚР СТ (бұдан әрi - мемлекеттiк
стандарттар);
2) техникалық-экономикалық ақпараттың
мемлекеттiк жiктегiштерi - ТЭА МЖ (бұдан
әрi - мемлекеттiк техникалық-экономикалық
ақпарат жiктегiштерi);
3) мемлекетаралық стандарттар - МЕМСТ
(бұдан әрi - мемлекетаралық стандарттар),
техникалық-экономикалық ақпарат жiктегiштерi,
ережелер мен ұсынымдар;
4) белгiленген тәртiппен қолданылатын
стандарттау жөнiндегi халықаралық, аймақтық
және ұлттық стандарттар, техникалық-экономикалық
ақпарат жiктегiштерi, техникалық шарттар,
ережелер, нұсқаулықтар, қағидалар, нұсқаулар,
әдiстемелiк нұсқаулар мен ұсынымдар;
5) ғылыми-техникалық, инженерлiк қоғамдар
мен басқа да қоғамдық бiрлестiктердiң
стандарттары;
6) ұсынымдар;
7) фирмалық стандарттар;
8) техникалық шарттар;
9) салалық стандарттар.
2. Стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттар
белгiлейтiн талаптар ғылымның, техника
мен технологияның жетiстiктерiне негiзделуге
тиiс және өнiмдi пайдаланудың, процестер
(жұмыстар) мен қызмет көрсетулердi орындаудың
шарттарын, еңбек жағдайлары мен режимдерiн
ескере отырып, Қазақстан Республикасы
заңдарының қолданылып жүрген техникалық
регламенттерге, халықаралық және шет
елдердiң аймақтық және ұлттық стандарттарының
талаптарына, стандарттау жөнiндегi ережелер
мен ұсынымдарға қайшы келмеуге тиiс.
Стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарды
әзiрлеу кезiнде олар адамдардың өмiрi мен
денсаулығының қауiпсiздiгi, қоршаған ортаны
қорғау талаптарына және Қазақстан Республикасында
қабылданған техникалық нормаларға сәйкес
келмейтiн жағдайларды қоспағанда, қолданылып
жүрген халықаралық техникалық регламенттер
мен стандарттар немесе аяқталу сатысындағы
олардың жобалары қолданылады.
Стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжат
жобасын әзiрлеу кезеңiнде халықаралық
стандарттар болмаған немесе әзiрленетiн
мемлекеттiк стандарт халықаралық талаптарға
сәйкес келмеген жағдайда оған бұқаралық
ақпарат құралдарында немесе стандарттау,
метрология және сертификаттау жөнiндегi
уәкiлеттi органның арнаулы басылымдарында
мүдделi мемлекеттiк басқару органдарының,
жеке және заңды тұлғалардың талқылауы
және ескертпелер мен ұсыныстар әзiрлеу
үшiн аңдатпалар немесе хабарламалар жарияланады.
Стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың
жобаларын қарау тәртiбiн және ескертпелер
мен ұсыныстар дайындау мерзiмiн мемлекеттiк
стандарттау жүйесi белгілейдi.
3. Мiндеттi сертификатталуға тиiстi өнiмге,
процестерге (жұмыстарға), қызмет көрсетуге
арналған стандарттау жөнiндегi нормативтiк
құжаттарда мiндеттi сертификаттау жүзеге
асырылатын талаптар, осы талаптарға сәйкестiктi
бақылау әдiстерi, өнiмдi таңбалау мен буып-түю
тәртiбi, сертификаттау туралы ақпарат
болуы тиiс.
4. Стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттар
өндiрiсте және басқа мемлекеттермен саудада
техникалық кедергi болмауға тиiс:
Өнiмнiң нақты топтары мен түрлерiнiң мақсатты
арналымы мен техникалық сыйысымдылығының
көрсеткiштерi өнiмдi әзiрлеу мен оны өндiрiске
қою кезiнде, егер оларды беруге арналған
шартта (келiсiм-шартта) өзгеше көзделмесе,
республиканың аумағында қабылданған
нормалар мен талаптарға сәйкестiкте белгiленедi.
5. Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 5)-9) тармақшаларында
көрсетiлген стандарттау жөнiндегi нормативтiк
құжаттар, оларға өзгерiстер, сондай-ақ
олардың күшiн жою туралы шешiмдер бекiтiлуге
және тiркелуге жатады.
Стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарды
тiркеудiң, егер олардың нормалары мен
талаптары республиканың аумағында қолданылмайтын
болса, сондай-ақ халықаралық сауда ережелерi
өзгерген кезде, белгiленген тәртiппен
күшi жойылады.
6. Мемлекеттiк стандарттар мен техникалық-экономикалық
ақпараттың жiктегiштерi, сондай-ақ мемлекеттiк
басқару органдарының өздерiнiң құзыретiне
сәйкес бекiткен стандарттау жөнiндегi
нормативтiк құжаттары авторлық құқық
объектiсi болып табылмайды.
7. Стандарттау жөнiндегi мемлекетаралық
нормативтiк құжаттар Стандарттау, метрология
және сертификаттау жөнiндегi Мемлекетаралық
Кеңес белгiлеген тәртiппен әзiрленедi,
келiсiледi және қабылданады.
Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан
Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы
N 432 Заңымен.
10-бап. Мемлекеттiк стандарттар,
техникалық-экономикалық
1. Мемлекеттiк
стандарттар салааралық мәнi
2. Стандарттау объектiлерiн, мемлекеттiк
стандарттардың мазмұнына олардың таратылу
саласына, олардың қолданылу аясына және
енгiзу күнiне қойылатын талаптарды стандарттау,
метрология және сертификаттау жөнiндегi
уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Мемлекеттiк стандарттарда, негiзделген
жағдайларда дәстүрлi технологиялар мүмкiндiгiнен
басым түсетiн, отандық өнiмнiң, процестердiң
(жұмыстардың), қызмет көрсетулердiң перспективасын
қамтамасыз ететiн алдын ала талаптар
белгiленедi.
3. Өнiмнiң, процестердiң (жұмыстардың),
қызмет көрсетулердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз
ету, қоршаған ортаның, азаматтардың өмiрiн,
денсаулығын және мүлкiн қорғау үшiн, техникалық
және ақпараттық сыйысымдылықты, өнiмнiң
өзара алмасымдылығын, оларды бақылау
әдiстерiнiң бiрлiгiн және таңбалаудың бiрлiгiн
қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк стандарттар
белгiлейтiн талаптар, мемлекеттiк басқару
органдарының, меншiк нысанына қарамастан
жеке және заңды тұлғалардың сақтауы үшiн
мiндеттi болып табылады.
Өнiмнiң, процестердiң (жұмыстардың), қызмет
көрсетулердiң мемлекеттiк стандарттардың
мiндеттi талаптарына сәйкестiлiгi Қазақстан
Республикасының заңдарында белгiленген
тәртiппен айқындалады.
Өнiмге, процестерге (жұмыстарға), қызмет
көрсетулерге мемлекеттiк стандарттардың
өзге талаптарын тапсырысшымен шартқа
немесе өнiмдi дайындаушының (берушiнiң)
процестi немесе қызмет көрсетудi атқарушының
техникалық құжаттамасына сәйкес жеке
және заңды тұлғалар мiндеттi түрде сақтауға
тиiс.
4. Мемлекеттiк стандарттар мен техникалық-экономикалық,
ақпараттың мемлекеттiк жiктегiштерiн мемлекеттiк
басқару органдары, уәкiлеттi заңды тұлғалар,
стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер
стандарттау, метрология және сертификаттау
жөнiндегi орган белгiлеген тәртiппен әзiрлейдi.
5. Ұйымдастыру-әдiстемелiк және жалпы
техникалық сипаттағы негiзге алынатын
мемлекеттiк стандарттарды стандарттау,
метрология және сертификаттау жөнiндегi
уәкiлеттi орган немесе оның тапсыруы бойынша
Қазақстан Республикасының басқа да уәкiлеттi
мемлекеттiк басқару органдары мен заңды
тұлғалары әзiрлейдi.
6. Мемлекеттiк стандарттар мен техникалық-экономикалық
ақпараттың мемлекеттiк жiктегiштерiн әзiрлеуге
өнiмдi әзiрлеушiлердiң, жасаушылардың,
тұтынушылардың, ғылыми-техникалық және
инженерлiк қоғамдардың, тұтынушылар қоғамдарының
өкiлдерi, стандарттау, метрология және
сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган
мен оның бөлiмшелерiнiң мамандары, Қазақстан
Республикасының ғалымдары тартылуы мүмкiн.
7. Мемлекеттiк стандарттарды және техникалық-экономикалық
ақпараттың жiктегiштерiн әзiрлеудiң, қайта
қараудың, келiсудiң, бекiтудiң, мемлекеттiк
тiркеудiң, қолданысқа енгiзудiң, қолданудың,
сондай-ақ оларды жүргiзудiң тәртiбiн стандарттау,
метрология және сертификаттау жөнiндегi
уәкiлеттi орган белгiлейдi.
8. Мемлекеттiк стандарттау жүйесiнiң тiзiлiмiнде
тiркелмеген мемлекеттiк стандарттар мен
техникалық-экономикалық ақпараттың жiктегiштерi
қолданылуға жатпайды.
Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан
Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы
N 432 Заңымен.