Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 18:03, реферат
Ауыз әдебиетін фольклор деп те атаймыз. Фольклор - ағылшын сөзі. Ол - халық творчествосы, халықтың ауызша тудырған көркем шығармасы, халық даналығы деген ұғымды береді. Фольклор дүние жүзіндегі халықтардың бәрінде бар. Ал халықтың ауыз әдебиетін зерттейтін ғылымды фольклористика деп атайды. Қай халықты алсақ та, оның көркем әдебиеті ауыз әдебиетінен басталады. Демек, ауыз әдебиеті болмаған, бірден жазба әдебиетін жасаған халық бұрын-соңды тарихта кездеспейді.
1. Фольклортану ғылымының обьектісі мен міндеті
2. Фольклор және жазба әдебиет
3. Ауыз әдебиетінің әлеуметтік маңызы
Фольклор және фольклортану ғылымы туралы түсінік
Жоспар:
1. Фольклортану ғылымының обьектісі мен міндеті.
Ауыз әдебиетін фольклор деп те атаймыз. Фольклор - ағылшын сөзі. Ол - халық творчествосы, халықтың ауызша тудырған көркем шығармасы, халық даналығы деген ұғымды береді. Фольклор дүние жүзіндегі халықтардың бәрінде бар. Ал халықтың ауыз әдебиетін зерттейтін ғылымды фольклористика деп атайды. Қай халықты алсақ та, оның көркем әдебиеті ауыз әдебиетінен басталады. Демек, ауыз әдебиеті болмаған, бірден жазба әдебиетін жасаған халық бұрын-соңды тарихта кездеспейді.
Әдебиеттік жағынан алғанда, қазақтың ауыз әдебиеті де әр алуан. Халықтың тұрмыс-салтына, әдет-ғұрпына байланысты туған шығармалар, мақал-мәтелдер, аңыз-ертегілер, батырлар жыры, тұрмыс-салт жырлары, айтыс өлеңдері т. б. қазақ ауыз әдебиетінің негізгі түрі болып табылады. Әрине, ауыз әдебиетінің барлық түрі бір мезгілде тумаған және олардың тууына себеп болған жағдайлар да біркелкі емес, әркелкі. Бірақ бұл мәселе, яғни қазақ ауыз әдебиетінің қай кезде қандай түрі туғандығы, ғылымда әлі күнге дейін дәлелденбей келеді. Әйткенмен өткен кезде орыстың және шетелдердің бірсыпыра ғалымдары ауыз әдебиетінің шығу жайына біраз көңіл аударып, әр түрлі пікірлер айтқанды. Олар ауыз әдебиеті қалай туды, қалай дамыды деген мәселені өздерінше баяндап, әр алуан теориялар шығарған - ды. Бұл теориялардың қазақ ауыз әдебиетіне тікелей қатысы болмаса да, жалпы ауыз әдебиетін зерттеуде алған орны да бар еді.
Сондықтан бұл теориялардың кейбіреулеріне шолу ретінде қысқаша тоқтай кетелік.
Өткен ғасырдың
орта шенінде Батыс Европада, Ресейде
ауыз әдебиетін зерттеген
Өткен ғасырдың
ақырынан бастап революцияға дейінгі
дәуірде ауыз әдебиетін зерттеу
жөнінде жоғарыда аталғандардан
басқа тағы бірнеше теориялар
болды. Соның ішінде ауыз әдебиетінің
шығу жайын тексеруде басқа
2. Фольклор және жазба әдебиет.
Жазба әдебиеттің қандай туындысын алсақ та оның авторы белгілі болады, Соған қоса оның өмірбаяны, шығармаларының қашан, қандай тақырыпқа арналғандығы, қай кезде баспа жүзіне жарияланғаны т. б. көпшілікке мәлім болып отырады. Ал ауыз әдебиетінің авторлары белгісіз болады. Бұдан, әрине ауыз әдсбиетінде автор болмайды деген ұғым тумайды. Онда автор болған. Мәселен, «Ер Төстік», «Күн астындағы Күнікей қыз», «Алдар Көсе», «Қобыланды батыр», т, б. сияқты ертегі, әңгіме, жырлардың қайсысын болса да әуел баста жеке авторлар шығарған. Бірақ ол кезде жазу-сызу өнері болмағандықтан авторлардың өмірбаяны, аты-жөні сақталмаған. Ал шығармалары ауызша айту түрінде туып, ел арасына ауызша айту ретімен тарап кеткен. Олардың авторы халықтың өзі болған. Ауыз әдебиетін халық әдебиеті деп атаушылық, міне, осылай туған.
Ауыз әдебиетінің жазба
Бір-біріне жалпы мазмұны, оқиға желісі, кейіпкерлерінің аттары ұқсас келетін шығармаларды бір шығарманың туынды түрі, яғни варианты десек, бұл ауыз әдебиетінде көп кездеседі. Мысалға «Қобыланды батыр» жырын алайық. Қазіргі күнде бұл жырдың 28 варианты бар. Олардың жалпы мазмұны, оқиға желісі, басты кейіпкерлерінің есімдері бір-біріне ұқсас келеді. Бәрінде айтылатын басты әңгіме: Қобыланды батырдың сыртқы және ішкі жауларға қарсы күресі, осы жолда оның жасаған ерліктері. Бұл оқиғалар жырдың варианттарында әр түрлі жырланады, ал ол варианттарда өзара үлкенді-кішілі айырмашылықтар болып отырады.
Ауыз әдебиетінің жазба
Ертек, ертек ерте екен,
Ешкі жүні бөрте екен,
Қырғауыл жүні қызыл екен,
Құйрық жүні ұзын екен, -
деп, немесе «Баяғыда бір кедей болыпты, оның үш баласы болыпты» деп басталады. Ертегілердің бұлай басталуы дәстүрге айналып кеткен. Көптеген ертегілердің басталуы осындай бір – біріне ұқсас келгенімен, онда әңгімеленетін оқиғалардың мазмұны, дамуы әр түрлі болады. Ал жазба әдебиетте шығарма мұндай қалыптасқан дағдыға айналған сөз тіркестерімен басталмайды. Әр жазушы шығармасын басқа авторға ұқсатпай өзінше бастап, өзінше аяқтайды.
Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің арасындағы айырмашылықты көрсететін келесі бір белгі деп ауыз әдебиетінде бірнеше өнердің бірлесіп келуін айтамыз (Мұны,яғни бірнеше өнердің бірлесе көрінуін, синкретизм деп атайды). Мәселен, жыршы ақын жырын көпшіліктің жиналған жерінде шығарған. Сонда ол домбыраның (гармонь немесе қобыздың) сүйемелдеуімен ән (күй) әуенін келтіріп алып, жыр әңгімесін белгілі бір сарынмен айта берген.
Фольклор туындыларының өзіндік ерекшеліктері болады. Ең алдымен, фольклор синкреттік өнер. Оның бойында халықтың тұрмыс-салты, театр, сөз, би және ән- күй өнері бір-бірінен дараланбай, тұтас күйінде көрінеді. Фольклор шырармаларына тән осы белгіні белгілі орыс фольклорисі А. Н. Веселовский де айтқан еді. Жоғарыда аталған терминдерді саралай келгенде, фольклордың бұл сипатына «халық ауыз әдебиеті» деген атаудан гөрі «халық поэзиясы» деген ғылыми термин көп жақын. XIX ғасырдағы фольклористика ғылымында осы атау қолданылып та келеді. Алайда бұл да фольклор шығармаларының сипатын толық аша бермейді. «Халық ауыз әдебиеті» деген атауға келер болсақ, ол фольклордан жіктеліп шыққан, бірақ әлі де болса дәстүрлі байланысын үзбеген жеке бір арна болып қалмақ.
Өмір тәжірибесімен бірге ой, оның материалдық қабығы - тіл жетіле келіп, сөзден өлең, өлеңнен ән және би бөлініп шығады. Осыған орай халық поэзиясын орындаушылардың да қызметі өзгеріп отырған. Оларды біз фольклор шығармаларының қарапайым аноим айтушылары, ертекші, ақын, жырау, айтыс поэзиясының дарынды иелері — импровизаторлар дейміз.
3. Ауыз әдебиетінің әлеуметтік маңызы
Фольклор шырармалары қоғам дамуының әр түрлі сатысында, негізінен еңбек процесінде жасалатын болғандықтан, пессимизм дегенді білмейді. Оның бас кейіпкерлері көбіне мұрат-мақсаттарына жетіп отырады. Мұны фольклорға тән оптимизм белгісі дейміз.
Қазақ эпосының құндылығы мен халықтығының бір белгісі - оның бай да көркем тілінде. Мұндай жырлардың тілі, халықтық сөздігі, грамматикалық құрылысы жазба әдебиетімізден көп бөлек емес. Фольклор шыгармаларының тілі ақындық тілдің биік табысы болумен қатар, қазақтың бүгінгі әдеби тілінің де негізін қалаған. Осы себептерден, қазақ фольклорын зерттеудің ғылыми, өмір-танытушылық, эстетикалық, тәрбиелік және тарихи мәні аса зор.
Ғасырлар бойы түрлі жырау, жыршы, ақын, көркем сөз зергерлерінің өңдеуінен өткендіктен, қазақ фольклоры жанр жағынан да аса іргелі, қомақты. Жанр байлығына келгенде, қазақ фолъклоры жазба әдебиетке жете қабыл. Еңбек пен түрлі әдет-ғұрыптарға байланысты салт жырлары да бірнеше топқа бөлінеді. Олар: төрт түлік мал туралы жырлар, бәдік, арбау, бата, бақсылық сарындары, наурыз, жарапазан, т. б. Қазақ ертегілерін қиял-ғажайып (мифологиялық). хайуанаттар жайындағы және шыншыл-реалистік ертегілер деп бөлер болсақ, соның әрбір жанрында жүздеген сюжеттер бар. Эпос туындыларын батырлық, тарихи және ғашықтық жырлары деп бөлсек, мұның да әр саласында келелі жырлар аз емес. Айтыс поэзиясы жөнінде де осыны айтуға болады. Бұдан көретініміз: қазақ фольклоры оқып үйренуді, ғылыми тұрғыдан терең зерттеуді тілейтін қымбат қазыналардың бірі, бүгінгі мәдениетімізге келіп құйған халық творчествосының үлкен бір арнасы.