Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 13:45, реферат
Қызмет көрсету саласында қолданылып келе жатқан ережелер, нұсқаулар, т.б. сертификаттаудың нормативтік негізі бола алмағандықтан, міндетті талаптар тағайындайтын мемлекеттік стандарттар қажет болды. Сондықтан елімізде басталған міндетті сертификаттау қызмет көрсету саласында стандарттау жұмыстарын жандандырды.
Мемлекеттік стандарттарды дайындау үшін техникалық комитеттер құрылды. Қызмет көрсету сапасының көрсеткіш атауларына, қызмет сапасын бағалау әдістеріне стандарттар дайындау жоспарланып, қазіргі кезде жүзеге асырылып келеді. Міндетті сертификаттауға жататын қызмет түрлері анықталды (шаштараз қызметі, бөлшек сауда қызметі, т.б.).
10-1-бап. Салалық стандарттар
1. Салалық стандарттар
салалық маңызы бар өнiмге,
процестер (жұмыстар) мен қызмет
көрсетулерге әзiрленедi және оларды
мемлекеттiк басқару органдары
өз құзыретi шегiнде бекiтедi.
2. Салалық стандарттардың объектiлерi
мен осы стандарттарды әзiрлеу, келiсу,
тiркеу жөнiндегi жалпы ережелердi стандарттау,
метрология және сертификаттау жөнiндегi
уәкiлеттi орган белгiлейдi.
3. Салалық стандарттардың түрлерiне, олардың
объектiлерiне, әзiрлену және келiсiлу ерекшелiктерiне,
бекiту тәртiбiне қойылатын талаптарды
өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк басқару
органдары белгiлейдi.
4. Салалық стандарттармен белгiленген
нормалар және талаптар мемлекеттiк, мемлекетаралық,
халықаралық стандарттармен белгiленгеннен
төмен болмауға тиiс.
Ескерту. 10-1-баппен толықтырылды - Қазақстан
Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы
N 432 Заңымен.
11-бап. Ғылыми-техникалық,
инженерлiк қоғамдардың және
1. Ғылыми-техникалық,
инженерлiк қоғамдардың және
2. Ғылыми-техникалық, инженерлiк қоғамдардың
және басқа да қоғамдық бiрлестiктердiң
стандарттары Қазақстан Республикасында
қолданылып жүрген мемлекеттiк және мемлекетаралық
стандарттардың, техникалық регламенттердiң
мiндеттi талаптарына қайшы келмеуге тиiс.
3. Ғылыми-техникалық, инженерлiк қоғамдардың
және басқа да қоғамдық бiрлестiктердiң
стандарттары стандарттау, метрология
және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi
орган белгiлеген тәртiппен бекiтiледi және
тiркеледi.
12-бап. Ұсынымдар
1. Ұсынымдар
стандарттау, метрология және
сертификаттау саласындағы
2. Ұсынымдарды құруға, ресiмдеуге, мазмұнына, жазуға,
оларды әзiрлеудiң, келiсудiң, бекiтудiң,
тiркеу мен қолданудың тәртiбiне қойылатын
талаптарды стандарттау, метрология және
сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган
белгiлейдi.
3. Мемлекеттiк стандарттау жүйесiнiң тiзiлiмiнде
тiркелмеген ұсынымдар қолданылуға жатпайды.
13-бап. Фирмалық стандарттар
1. Фирмалық
стандарттарды жеке және заңды
тұлғалар осы Заңның 5-бабында
белгiленген объектiлерге
2. Фирмалық стандарттарды әзiрлеушiлер
дербес бекiтедi және тiркейдi.
3. Фирмалық стандарттар Қазақстан Республикасында
қабылданған стандарттар мен техникалық
регламенттердiң мiндеттi талаптарына
қайшы келмеуге тиiс.
4. Белгiленген мiндеттi талаптардың сақталмауы
үшiн оларды бекiткен жеке және заңды тұлғалар
жауапты болады.
5. Стандарттау, метрология және сертификаттау
жөнiндегi уәкiлеттi орган фирмалық стандарттарды
әзiрлеу, келiсу, бекiту және тiркеу жөнiндегi
жалпы ережелердi белгiлейдi.
Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан
Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы
N 432 Заңымен.
14-бап. Техникалық шарттар
1. Техникалық
шарттар нақты өнiмге,
2. Техникалық шарттардың талаптары
мемлекеттiк және мемлекетаралық стандарттарда
белгiленетiн техникалық регламенттер
мен мiндеттi талаптарға қайшы келмеуге
тиiс.
3. Техникалық шарттарды жеке және заңды
тұлғалар әзiрлейдi және бекiтедi.
4. Техникалық шарттар, оларға өзгерiстер,
сондай-ақ олардың күшiн жою туралы шешiмдер
стандарттау, метрология және сертификаттау
жөнiндегi уәкілеттi органның немесе оған
ведомстволық бағыныстағы бөлiмшелердiң
мемлекеттiк стандарттау жүйесiнiң тiзiлiмiнде
мiндеттi түрде тiркелуге тиiс.
5. Мемлекеттiк стандарттау жүйесiнiң тiзiлімiнде
тiркелмеген техникалық шарттар мен оларға
өзгерiстер жарамсыз болып табылады.
6. Техникалық шарттарды әзiрлеудiң, келiсудiң,
бекiтудiң, тiркеудiң тәртiбiн стандарттау,
метрология және сертификаттау жөнiндегi
уәкiлеттi орган белгiлейдi.
15-бап. Нормативтiк құжаттарды қолдану
1. Қазақстан
Республикасы аумағында
Ұсынымдық талаптары бар мемлекеттiк
және мемлекетаралық стандартты қолдану,
егер оған республикада қолданылатын
техникалық сипаттағы талаптар, нормалар
мен ережелер бар техникалық регламенттерге
сiлтеме болса, мiндеттi болып табылады.
Халықаралық стандарттау жүйесi ережелерiне
сәйкес, техникалық регламенттерге осы
Заңға сәйкес құзыретiне мiндеттi талаптарды
(құрылыс, санитарлық, фитосанитарлық
және ветеринарлық нормалар мен ережелер,
фармакопеялық баптар, өртке қарсы қауiпсiздiк
және төтенше жағдайлар, тау-кен қадағалау,
атом, экологиялық және радиациялық қауiпсiздiк,
жолдардағы және көлiктiң барлық түрiндегi
қауiпсiздiк нормалары мен ережелерi және
басқалар) белгiлеу кiретiн мемлекеттiк
басқару органдары қабылдайтын стандарттау
жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi
және нормативтiк құжаттарды, мiндеттi
талаптар бөлiгiнде мемлекетаралық және
мемлекеттiк стандарттарды жатқызу керек.
<*>
Техникалық регламенттердi әзiрлеудiң,
келiсудiң, бекiтудiң, қайта қараудың, күшiн
жою мен қолданудың тәртiбiн оларды бекiткен
орган белгiлейдi.
2. Тапсырысшы мен дайындаушы (атқарушы)
шартқа өнiмнің орындалатын процестер
(жұмыстар) мен көрсетiлетiн қызметтердiң
қолданылатын мемлекеттiк, мемлекетаралық
стандарттардың және техникалық регламенттердiң
мiндеттi талаптарына сәйкестiгi туралы
талап енгiзуге мiндеттi.
Республика аумағынан әкету мақсатында
оның аумағында өндiрiлетiн өнiмге, орындалатын
процестерге (жұмыстарға), көрсетiлетiн
қызметтерге қатысты стандарттау жөнiндегi
нормативтiк құжаттарды қолданудың қажеттiлiгi,
Қазақстан Республикасының заңдарында
белгiленген жағдайларды қоспағанда, келiсiм-шартпен
(шартпен) айқындалады.
Стандарттау жөнiндегi мемлекетаралық
нормативтiк құжаттар Қазақстан Республикасы
мүшесi болып табылатын стандарттау, метрология
және сертификаттау жөнiндегi Мемлекетаралық
Кеңес қабылдаған ережелерге сәйкес қолданылады.
Қазақстан Республикасында стандарттау
жөніндегі мемлекетаралық нормативтiк
құжаттарды қолданысқа енгiзудi стандарттау,
метрология және сертификаттау жөнiндегi
уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
3. Жеке және заңды тұлғаларға халықаралық,
аймақтық және ұлттық стандарттарды, техникалық
регламенттер мен шет елдердiң стандарттау
жөнiндегі басқа нормативтiк құжаттарын
стандарттау, метрология және сертификаттау
жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен
тiкелей қолдану құқығы берiледi.
Шетел фирмаларының құжаттамасы шетел
фирмалары келiсiм-шартының ережелерi бойынша
Қазақстан Республикасына әкелiнетiн және
өндiрiлетiн (жасалатын, атқарылатын) өнiм,
процестер (жұмыстар), қызмет көрсетулер
мiндеттi талаптар, оның iшiнде халықтың
өмiрi мен денсаулығының, азаматтардың
мүлкiнiң қауiпсiздiгiн және қоршаған ортаны
қорғау талаптары жағынан осыған ұқсас
өнiм, процестер (жұмыстар), қызмет көрсетулер
үшiн Қазақстан Республикасында қабылданған
мiндеттi талаптардан төмен болмауға тиiс.
Қазақстан Республикасына әкелiнетiн
өнiмнiң, процестердiң (жұмыстардың), қызмет
көрсетулердiң мемлекеттiк, мемлекетаралық
стандарттардың және техникалық регламенттердiң
мiндеттi талаптарына сәйкестiлiгiн растау
Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген
тәртiппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан
Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы
N 432 Заңымен.
16-бап. Стандарттау жөнiндегi жұмыстарды жоспарлау
1. Стандарттау,
метрология және сертификаттау
жөнiндегi уәкiлеттi орган республикадағы
стандарттау жөнiндегi жұмыстарды жоспарлауға
ұйымдастыру-әдiстемелiк басшылықты жүзеге
асырады.
2. Мемлекетаралық стандарттау жөнiндегi
жұмыстарды жоспарлаудың, тәртiбi мен нысандары
стандарттарға және мемлекетаралық стандарттау
ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттiк стандарттау бағдарламалары
мен жоспарлары Қазақстан Республикасы
мемлекеттiк басқару органдарының, заңды
тұлғаларының ұсыныстары негiзiнде әзiрленедi,
оны стандарттау, метрология және сертификаттау
жөнiндегi уәкілеттi орган бекiтедi және
бақылайды.
4. Стандарттау жөнiндегi жұмыстарды жоспарлау
Қазақстан Республикасы экономикасы салаларының
басым бағыттары ескерiле отырып жүзеге
асырылады.
17-бап. Нормативтiк құжаттар туралы ақпарат
1. Әзiрленетiн
және қабылданған мемлекеттiк,
мемлекетаралық стандарттар,
2. Стандарттау, метрология және сертификаттау
жөнiндегi уәкiлеттi орган:
1) мемлекеттiк және мемлекетаралық стандарттар
мен техникалық- экономикалық ақпараттың
жiктегiштерi, халықаралық, аймақтық стандарттар,
стандарттау жөнiндегi ережелер мен ұсынымдар,
басқа мемлекеттердiң ұлттық стандарттары
туралы ресми ақпаратты, сондай-ақ стандарттау,
метрология және сертификаттау саласындағы
халықаралық шарттар және оларды қолданудың
ережелерi, стандарттарды әзiрлеу жөнiндегi
бағдарламалар мен жоспарлар туралы ақпаратты
белгiленген тәртiппен жариялауды ұйымдастырады;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
стандарттар қорын ұйымдастырады және
оның жұмысын үйлестiредi, мемлекеттiк
және мемлекетаралық стандарттар мен
техникалық-экономикалық ақпараттың жiктегiштерi,
сондай-ақ халықаралық, аймақтық стандарттардың,
техникалық регламенттердiң, стандарттау
жөнiндегi ережелердiң, ұсынымдардың, шет
елдердің ұлттық стандарттары деректерiнiң
бiрыңғай анықтамалық-библиографиялық
базасын жүргiзедi;
3) өнiмдi каталогтау жөнiндегi ақпаратты
қалыптастыруды, жүргiзу мен берудi ұйымдастырады.
3. Пайдаланушыларды нормативтiк құжаттармен,
каталогтармен және көрсеткiштермен қамтамасыз
ету мен оларды басып шығаруды шарттық
негізде стандарттау, метрология және
сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган,
мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ
олар уәкiлеттiк берген мемлекеттiк кәсiпорындар
жүзеге асырады.
4. Стандарттау, метрология және сертификаттау
жөнiндегi уәкiлетті органның жүйесiнде
халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл
жасау және стандарттар мен сертификаттау
рәсiмдерiне қатысты тиiстi хабарламаларды,
құжаттама мен ақпаратты мүдделi адамдарға
беру үшiн ақпараттық орталық құрылады.
5. Стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарды
өз құзыретiнiң шегiнде қабылдаған мемлекеттiк
басқару органдары, стандарттау жөнiндегi
нормативтiк құжаттарды бекiткен жеке
және заңды тұлғалар осы құжаттардың ақпараттық
қорын қалыптастырады және жүргiзедi, сондай-ақ
пайдаланушыларды Қазақстан Республикасы
заңдарында белгiленген тәртiппен олар
туралы ақпаратпен және сол құжаттардың
өзiмен қамтамасыз етедi.
Бекiту туралы ресми ақпарат пен әрбiр
құжаттың бiр данасы бiрыңғай анықтамалық-библиографиялық
деректер базасын қалыптастыру үшiн стандарттау,
метрология және сертификаттау жөнiндегi
уәкiлеттi органға жолданады.
6. Халықаралық, мемлекетаралық және шет
елдердiң ұлттық стандарттарын, мемлекеттiк
стандарттарды, ғылыми-техникалық, инженерлiк
қоғамдар мен басқа да қоғамдық бiрлестiктердiң
стандарттарын және техникалық-экономикалық
ақпараттың жiктегiштерін ресми жариялау
құқығы тек стандарттау, метрология және
сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi органға
тиесiлi.
Стандарттау жөнiндегi қабылданған нормативтiк
құжаттарды ресми жариялау мемлекеттiк
стандарттау жүйесi белгiлеген тәртiппен
жүзеге асырылуы тиiс.
Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан
Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы
N 432 Заңымен.
17-1-бап. Өнiмдi каталогтау жүйесi
1. Өнiмдi каталогтау
жүйесi мемлекеттiк
2. Каталогтауға Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн өнiм
жатады.
Ескерту. 17-1-баппен толықтырылды - Қазақстан
Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы
N 432 Заңымен.
18-бап. Стандарттау жөнiндегi
нормативтiк құжаттардың
1. Стандарттау
жөнiндегi нормативтiк құжаттардың
мiндеттi талаптарының
10-баптың 3-тармағына сәйкес мiндеттi талаптарға
жатқызылмаған өзге де талаптар тұтынушылар
тарапынан шағымдар мен дау-дамай болған
жағдайда тексерiледi.
2. Нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының
сақталуын мемлекеттiк қадағалау Қазақстан
Республикасының аумағындағы жеке және
заңды тұлғаларда, оның iшiнде шетел ұйымдарында,
өнiмдi әзiрлеу, өндiрiске дайындау, оны
жасау, өткiзу (беру, сату), өнiмдi пайдалану
(қолдану), сақтау, тасымалдау мен кәдеге
жарату сатыларында, сондай-ақ, процестердi
(жұмыстарды) орындау мен қызмет көрсетулер
кезiнде жүзеге асырылады.
3. Стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың
мiндеттi талаптарын әзiрлеушi кәсiпорындардың
сақтауын оқтын-оқтын жоспарлы тексерудi
кәсiпорындағы өнiмнiң, процестердiң және
көрсетiлетiн қызметтердiң сапасының жай-күйiне
байланысты, бiрақ жиi дегенде жылына бiр
рет стандарттау, метрология және сертификаттау
жөнiндегi уәкілеттi орган белгiлейдi.
4. Тұтынушылар тарапынан өнiмнiң, процестердiң
(жұмыстардың), қызмет көрсетулердiң қанағаттанғысыз
сапасына шағымдар мен дау-дамайлар болған
жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
заңдарында белгiленген тәртiппен стандарттау
жөнiндегi нормативтiк құжаттардың және
техникалық құжаттардың әзiрлеушi (орындаушы)
қолданатын көрсеткiштерi бойынша жоспардан
тыс тексерулер жүргiзiлуi мүмкiн.
5. Стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың
мiндеттi талаптарының сақталуын мемлекеттiк
қадағалауды жүзеге асырудың тәртiбiн
Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес стандарттау метрология және сертификаттау
жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлейдi.
6. Осы Заңға енбеген мемлекеттiк қадағалауды
жүзеге асырған кезде лауазымды адамдардың
құқықтары мен өкiлеттiгi белгiленген тәртiппен
Қазақстан Республикасының Yкiметi қабылдаған
нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi.
Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан
Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы
N 432 Заңымен.
19-бап. Стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының сақталуын мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар
1. Стандарттау
жөнiндегi нормативтiк құжаттардың
мiндеттi талаптарының
1) Қазақстан Республикасының стандарттау
жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi
талаптарының сақталуын және өлшеу құралдарын
қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы
- стандарттау, метрология және сертификаттау
жөнiндегi уәкiлеттi органның басшысы;
2) Бас мемлекеттiк инспектордың орынбасары
- стандарттау, метрология және сертификаттау
жөнiндегi уәкiлеттi орган басшысының орынбасары;
3) облыстың (республикалық маңызы бар
қаланың, астананың) және қалалардың стандарттау
жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi
талаптарының сақталуын және өлшеу құралдарын
қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы
- стандарттау, метрология және сертификаттау
жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық
бөлiмшесiнiң басшысы;
3-1) облыстың (республикалық маңызы бар
қаланың, астананың) және қалалардың стандарттау
жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi
талаптарының сақталуын және өлшеу құралдарын
қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының
орынбасарлары - стандарттау, метрология
және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi
органның аумақтық бөлiмшелерi бөлiмдерiнiң
басшылары;
4) стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың
мiндеттi талаптарының сақталуын және
өлшеу құралдарын қадағалау жөнiндегi
мемлекеттiк инспекторлар - стандарттау,
метрология және сертификаттау жөнiндегi
уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi
бөлiмдерiнiң басшылары, барлық дәрежедегi
мамандары.
2. Стандарттау бойынша нормативтiк құжаттардың
сақталуына мемлекеттiк қадағалауды жүзеге
асырушы лауазымды адамдар стандарттау
метрология және сертификаттау жөнiндегi
уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен аттестатталуы
тиiс.
Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан
Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы
N 432 Заңымен.
20-бап. Мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құзыретi
1. Стандарттау
жөнiндегi нормативтiк құжаттардың
мiндеттi талаптарының
1) стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың
мiндеттi талаптарының бұзылу себептерiн
анықтау және талдау;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес стандарттау жөнiндегi нормативтiк
құжаттың мiндеттi талаптарына сәйкес
келмейтiн өнiмдi өткiзудiң, процестердi
(жұмыстарды) орындаудың, қызметтер көрсетудiң
жолын кесу және оларға жол бермеу жөнiнде
құқықтық ықпал ету шараларын қолдану;
3) мемлекеттiк қадағалаудың нәтижелерi
бойынша осы Заңның 23-бабына сәйкес ұйғарымдар
беру;
4) стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың
мiндеттi талаптарын сақтауға мемлекеттiк
қадағалаудың нысандары мен әдiстерiн
жетiлдiру және республиканың мүдделi құрылымдарымен
өзара iс-қимыл жасау мәселелерi жөнiнде
шаралар әзiрлеу енедi.
2. Мемлекеттiк қадағалау органдары ез
қызметін кеден, санитария, ветеринария
құқық қорғау және басқа да мемлекеттiк
басқару органдарымен өзара iс-қимылда
жүзеге асырады.
3. Мемлекеттiк басқару органдары және
олардың лауазымды адамдары мемлекеттiк
қадағалау органдарына оларға жүктелген
мiндеттердi шешуге жәрдемдесуге мiндеттi.