Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 06:45, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты- ақша қаражаттарымен есеп айырысу операцияларына кеңірек тоқталып, операциялардың шоттарда жүргізілу ерекшеліктерін айқындау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасын;
кассадағы қолма-қол ақша есебін;
валюта шотындағы қолма-қол ақша есебін;
банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттарын есепке алуды;
есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша есебін
КІРІСПЕ………………………………………………………………....…………3
1 АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ…..……..……..5
1.1 Ақша туралы ұғым............................................................................................5
1.2 Есеп айырысу нысандары.................................................................................6
1.3 Вексель арқылы есеп айырысу.........................................................................9
1.4 Төлем карточкаларымен есеп айырысу.........................................................15
2 КАССАДАҒЫ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚША ЕСЕБІ..................................................22
2.1 Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша есебі.................................22
2.2 Кассадағы шетелдік валютадағы қолма-қол ақша есебі.............................26
3 ВАЛЮТА ШОТЫНДАҒЫ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚША ЕСЕБІ.............................29
3.1 Валюта шоты бойынша жүргізілетін операциялар .....................................29
3.2 Валюталық бақылау........................................................................................33
4. БАНКТЕГІ АРНАЙЫ ШОТТАРДАҒЫ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУ.................................................................................................…...36
4.1 Аккредитивтік шоттағы ақша қаражаттары.................................................36
4.2 Чек кітапшасындағы ақша қаражаттары.......................................................38
5 ЕСЕП АЙЫРЫСУ ШОТЫНДАҒЫ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚША ЕСЕБІ...............39
6 КӘСІПОРЫНДАҒЫ АҚША ҚАРЖЫЛАРЫН ТҮГЕНДЕУ........................44
ҚОРЫТЫНДЫ….......…………………………………………………….….….46
ҚОСЫМШАЛАР...................................................................................................48
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............………………….………...51
КІРІСПЕ……………………………………………………………
1 АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ…..……..……..5
1.1 Ақша туралы ұғым..............
1.2 Есеп айырысу нысандары........
1.3 Вексель арқылы есеп айырысу...
1.4 Төлем карточкаларымен есеп
айырысу.......................
2 КАССАДАҒЫ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚША
2.1 Кассадағы ұлттық валютадағы
қолма-қол ақша есебі..........
2.2 Кассадағы шетелдік валютадағы
қолма-қол ақша есебі..........
3 ВАЛЮТА ШОТЫНДАҒЫ ҚОЛМА-ҚОЛ
АҚША ЕСЕБІ....................
3.1 Валюта шоты бойынша
3.2 Валюталық бақылау.............
4. БАНКТЕГІ АРНАЙЫ ШОТТАРДАҒЫ АҚША
ҚАРАЖАТТАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУ...........................
4.1 Аккредитивтік шоттағы ақша
қаражаттары...................
4.2 Чек кітапшасындағы ақша
5 ЕСЕП АЙЫРЫСУ ШОТЫНДАҒЫ ҚОЛМА-
6 КӘСІПОРЫНДАҒЫ АҚША
ҚАРЖЫЛАРЫН ТҮГЕНДЕУ...........
ҚОРЫТЫНДЫ….......…………………………………
ҚОСЫМШАЛАР....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............………………….…
Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның ішінде несие - ақша және ол жүйені реформалау, нарық экономикасымен және меншіктің көп түрлілігі ақша қатынастарында бірталай өзгерістерді бастан кешіруде.
Ақшаның өзіндік ерекше белгілерін, олардың қоғам мен экономиканы қайта құрудағы рөлі мен қызметін, сондай – ақ басқа да, экономикалық категориялармен өзара әрекетін танып білудің өзі қаржы – несие мекемелерінің ақша саясатының ғылыми негізін анықтайды.
Енді бұған Қазақстанның нарықтық экономика мемлекеті ретіндегі танылғанын қоссақ, бүкіл дүние жүзі біздің еліміздегі тұрақтылықты, саяси тұрлаулылықты, экономиканың артуы мен реформалардың біз қалаған бағытта дамып келе жатқанын танып отырғаны тұлғаланып шығады.
Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда қолма-қол ақшаны аудару, төлем тапсырмаларын ұсыну, чектерді беру, вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беру, төлем карточкаларын пайдалану, тікелей дебеттік банкі шоттарына аудару, тапсырма-талап төлемдерін ұсыну, инкассалық жарлығын ұсыну, Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерді пайдалану кеңінен етек жайды.
Қазіргі таңда ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделігіне байланысты маңызды мәселе болып саналып отыр. Бәсеке қабілеттілігі - кәсіпорындар мен ұйымдардың бүгінгі күннің талабына сай, алдағы уақыттарда дамуына қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін талап етеді. Ақшалар мен олардың баламаларын дұрыс ашып көрсеті және жіктеу кәсіпорын қызметінің нәтжесін дұрыс бағалау үшін қажет.
Жалпы түрде айтатын болсақ, берілген курстық жұмыста ақша қаражаттарының айналымы, есеп айырысу, есеп айырысу түрлері, банк шоттары және ақша қаржыларын түгендеу жөнінде айтылған. Сонымен қатар ақша қаражаттарын заңды түрде қолдану және сақтау жағдайлары қарастырылған.
Курстық жұмыстың мақсаты- ақша қаражаттарымен есеп айырысу операцияларына кеңірек тоқталып, операциялардың шоттарда жүргізілу ерекшеліктерін айқындау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1.1 Ақша туралы ұғым.
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша каражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт, келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-тен аспауы керек.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін ҚР-ның банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары – бұл банк мен клиенттер арасындағы келісімшарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі, және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспонденттік. шоттар — банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары — бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдагы (есеп айырысу) шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.
Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз счеттағы қаражатты есептен шығаруға соттын, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.
Сүбъектілердің шоттарынан
төлем жасау, егер заңдарда өзгеше көзделмесе,
субъектінің басшысы
ҚР-ның аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді: қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды; тапсырма – талап төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланылады.
Акшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек, вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеден мен салық қызметінін органдарының инкассалык жарлыктары болып табылады.
Төлеуші мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім – шарт негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен міндеттемелерді зачетқа да жатқыза алады.
1.2 Есеп айырысу нысандары
Төлем тапсырмалары онда көрсетілген соманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банк-алушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты және тауарлы – материалдық құндылықтарды өтеу үшін есеп айырысу кезінде, сондай-ақ қызмет пен тауарға алдын-ала төлем жасаған кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларын пайдаланылады.
Төлем жасаушы банкке
белгіленген нысандағы
Төлем тапсырмаларын толтыру кезінде келесі реквизиттер көрсетіледі:
Төлем құжатына кез келген жөндеудін түрін жасауға рұқсат етілмейді. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы жасалған келісімдері бойынша төлем тапсырмалары: жедел мерзімді, мерзімінен бұрын және мерзімі кейінге калдырылған болып бөлінуі мүмкін.
Жедел мерзімді төлем мынадай нұсқалар бойынша жүзеге асырылады: аванстық төлем, яғни тауар тиелгенге дейін; тауар тиелгеннен кейін, яғни тауарлар үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен; ірі мәмілелер кезіндегі ішінара төлемдері.
Мерзімінен бұрын немесе мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер шарттық қатынастар аясында тараптардың қаржылык жағдайына зиян келтірмейтіндей етіп жасалуы керек.
Субъектілер: жеке өздеріне тиесілі қаражатты (зейнетақы, алимент, жалақы, іс-сапар шығыстары, авторлык қаламақы) жекелеген азаматтардың атына; жалақы төлеуге арналған, банк мекемелерінде аударым алушының атын, оның нөмірін, сондай-ақ егер қаражат шотқа аударылуға тиіс болса, онда ол орналасқан банктің аты мен нөмірін көрсетеді. Тапсырмаға қаражат алушылардың тізбесі коса беріледі, онда кім, қандай мақсаттарға ақша алатыны көрсетіледі. Байланыс кәсіпорындары көсіпорындарға жолданған әрбір аударым алушы бойынша барлық аударымдардың жалпы сомасына төрт дана етіп жазылатын төлем құжаттары келіп түскеннен кейін төлейді.
Чектермен есеп айырысу. Чек беру төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі болып табылады, онда төлем чек беруші аттас төлем құжатын ұстаушыға беру жолымен жасайды. Чек беру өз мәні бойынша чекті ұстаушының ақшалай міндеттемесін орындау болып табылмайды, бірақ ол соны орындау үшін жазылған болса да. Аталған міндеттемені орыңдау тек чек бойынша ақшаны алатын кезде ғана болады. Чектер жабылатын және жабылмайтын болып бөлінеді. Біріншісі - депозиттермен қамтылған, ал екіншісі — қамтылмаған болып бөлінеді. Бұл кезде чектердін төленетіндігі жөнінде банктердің кепілдік беруі мүмкін, оның ішінде жабылмайтын чектер бойынша да. Чекті қолданумен байланысты банк пен чек берушінің міндеті мен құқығы, чекті колдану туралы жасалған келісім-шарттың негізінен шығады, яғни бұл қелісім-шартта, банк өз клиенттеріне чек берушіге (заңды және жеке тұлға) чегін төлеуді, яғни чек берушінің міндетін өзіне алады, ал клиенттер ез кезегінде банк белгілеген (демек чектерді беру мен пайдалану) ережелерін сақтауға міндетті.
Чекті чек ұстаушы төлеуге чек жазылған күні қабылдайды және төлеуге қабылдаған күннің ертеңіне чек ұстаушы арқылы қызмет керсететін банкке ұсынылуы тиіс. Чек кітапшасынан алынған чектің күшінде болу мерзімі, жазылған күнін есептемегенде, әдетте, 10 күннен аспайды.
Банк чек берушіден (немесе чек ұстаушыдан) чекті қабылдамауына болады, егер де мынадай жағдайлары аныкталса:
Дефектісі бар чектер чек ұстаушыларға колхат жазылып қайтарылады. Чектердің дефектілері табылса, банктің бас бухгалтері ол туралы Клирингтік палатаға хабарлайды, ал олар ондай чектердің өңделуін тез арада тоқтатады. Бұндай дефектісі бар чектерге акт жасалады, ол акт төрт данада болады:
біріншісі — банкте қалса;
екіншісі — көшірмесімен бірге ішкі істер органдарына беріледі;
үшіншісі - Клирингтік палатаға беріледі;
төртіншісі - чекті беруші банкке беріледі.
Мерзімі өтіп кеткен чек кітапшалары пайдаланбауына байланысты чекті беруші банкке қайтарылады.
1.3 Вексельдер арқылы есеп айырысу
Вексель – бір жақты сөзсіз орындалатын ақша міндеттемесін қамтитын қатаң нысанда белгіленген төлем құжаты. Ол жай және аударма болып келеді.
Жай вексель (соло-вексель) — талап етуі бойынша немесе белгіленген мерзімде келешекте вексельде көрсетілген ақша сомасын вексель ұстаушыға төлейтіні туралы вексель ешқандай талкылауға жатпайтын міндеттемесінен тұрады.
Аударма вексель (тратта) — вексель берушінің (трассанттың) үшінші тұлғаға (трассатка) бірінші вексель ұстаушьна (ремитентке) немесе оның бұйрығы бойынша келешекте белгілі бір уақытта, не ұсынған кезде, вексельде көрсетілген акшаны төлейтіні туралы басқаша ешбір шарт қойылмайтындығы туралы міндеттемесі. Аударма вексель өз табиғаты бойынша «бұйрықка» ұксас болып келеді.