Ақша туралы ұғым

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 06:45, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты- ақша қаражаттарымен есеп айырысу операцияларына кеңірек тоқталып, операциялардың шоттарда жүргізілу ерекшеліктерін айқындау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасын;
кассадағы қолма-қол ақша есебін;
валюта шотындағы қолма-қол ақша есебін;
банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттарын есепке алуды;
есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша есебін

Оглавление

КІРІСПЕ………………………………………………………………....…………3

1 АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ…..……..……..5
1.1 Ақша туралы ұғым............................................................................................5
1.2 Есеп айырысу нысандары.................................................................................6
1.3 Вексель арқылы есеп айырысу.........................................................................9
1.4 Төлем карточкаларымен есеп айырысу.........................................................15

2 КАССАДАҒЫ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚША ЕСЕБІ..................................................22
2.1 Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша есебі.................................22
2.2 Кассадағы шетелдік валютадағы қолма-қол ақша есебі.............................26

3 ВАЛЮТА ШОТЫНДАҒЫ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚША ЕСЕБІ.............................29
3.1 Валюта шоты бойынша жүргізілетін операциялар .....................................29
3.2 Валюталық бақылау........................................................................................33

4. БАНКТЕГІ АРНАЙЫ ШОТТАРДАҒЫ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУ.................................................................................................…...36
4.1 Аккредитивтік шоттағы ақша қаражаттары.................................................36
4.2 Чек кітапшасындағы ақша қаражаттары.......................................................38

5 ЕСЕП АЙЫРЫСУ ШОТЫНДАҒЫ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚША ЕСЕБІ...............39
6 КӘСІПОРЫНДАҒЫ АҚША ҚАРЖЫЛАРЫН ТҮГЕНДЕУ........................44

ҚОРЫТЫНДЫ….......…………………………………………………….….….46
ҚОСЫМШАЛАР...................................................................................................48
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............………………….………...51

Файлы: 1 файл

ақша қаражаттарымен есеп айырысу.doc

— 256.00 Кб (Скачать)

Банкідегі есеп шот жабылғаннан кейін субъект осы жөнінде он күндік мерзім ішінде шот иесінің банкідегі есепшоты жабылғандығы туралы хабарлама жасауы  тиіс.

Есепшоты жабылған кезде сондай-ақ иесінің аты немесе есепшоттың нөмірі өзгергенде – шот иесі қолдарындағы пайдаланбаған чектерді банкіге қабылдауы керек.

Есеп айырысу шоты бойынша мынадай шаруашылық операциялары көрініс табады:

1030- «Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша» - шоты дебеттеліп, мына төмендегі шоттары кредиттеледі:

1011 – «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша» шоты - кассадан келіп түскен түсім және депоненттелген еңбек ақы сомасы;

1210- «Алынуға тиісті қарыздар» шоты - сатылған өнім, жұмыс пен қызмет төлемақысына;

–«Тауарлы-материалдық  босалқылармен жабдықтау үшін алынған  аванстар»

– «Орындалатын жұмыстар және  көрсетілетін қызметтер үшін алынған аванстар» шоттары - сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден алынған аванстарына.

3310- «Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу» шоты алынған өндірістік қорлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін жабдыктаушылар мен мердігерлердің акцептелген шоттарының төлемақысына;

1011 – «Кассадағы ұлттык валюта түріндегі қолма-қол ақша» шоты - еңбек ақыға, іс-сапарларға және басқа да шығыстарға жұмсауға арналған кассаға алынған сомасына;

- «Еншілес серіктестіктерге  салынған инвестициялар»

– «Тәуелді серіктестіктерге салынған инвестициялар»

–«Бірлесіп бақыланатын  заңды тұлғаларға салынған инвестициялар» — шоттары кәсіпорындардың жарғылық капиталына салынған инвестициялардың сомасына;

- «Акциялар"

- «Облигаииялар»

- «Басқа да қаржылық  инвестициялар» шоттары - сатылып  алынған акциялар (қайта сату  үшін), облигациялар, банктердегі депозит  шоттарына салынған салымдарына;

– «Тауарлы-материалдык  құндылыктар мен жабдықтау үшін берілген аванстар»

- «Орындалатын жұмыстар  мен көрсетілетін қызметтер үшін  берілген аванстар» шоттары - жабдықтаушылар мен мердігерлерге  төленген аванс сомаларына;

-«Банктер несиелері»

– «Банктен тыс мекемелерден берілген несиелер» шоттары —  есеп айырысу шотынан өтелген  банк несиелері мен заем қаражаттарының сомасына;

– «Еншілес серіктестіктерге қарыздар» 

– «Тәуелді серіктестіктерге қарыздар» 

- «Бірлесіп бақыланатын  заңды тұлғалрға қарыздар» шоттары  -еншілес және тәуелді серіктестіктерге  есеп айырысу шотының қарыздарды  өтеуге;

- «Қосылған құн салығы» 

- «Бюджетпен басқа  да есеп айырысулар» шоттары  - салықтар бойынша бюджетке төлемдер  төленгенде;

– «Жеке және мүліктерін сақтандыру бойынша есебі» — жеке және мүліктерін сақтандыру бойынша  қарыз сомасын төлегенде;

– «Төленетін ағымдағы табыс салық» — бюджетке корпоративтік табыс салығын төлегенде6.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 КӘСІПОРЫНДАҒЫ АҚША ҚАРЖЫЛАРЫН  ТҮГЕНДЕУ

 

Кассаны түгелдеу кезінде кассада тұрған ақша белгілері мен басқа да құндылықтардың нақты бар болуы тексеріледі. Қатаң есептегі бланкілер де тексеруден өткізіледі. Кассадағы ақша белгілері мен баска да құндылықтардың нақты бар болуын есептеу кезінде қолма - қол ақшалар, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, чектер, вексельдер, коносаменттер және заңга сәйкес құнды  қағаздар  ретінде шығарылған басқа да құжаттар) және ақша құжаттары (маркілер, демалыс үйлеріне және санаторийлерге  жолдама, авиабилеттер және т.б.) есепке алынады.

Кәсірпорын кассасында сақталатын құнды кағаздар мен ақша құжаттарын түгелдеу оларды парактап қайта есептеу жолымен жүргізіледі. Тексеріс құжаттардың жекелеген турлері бойынша актіде атауы, нөмірі, сериясы және накқтылы бағасы көрсетіліп жүргізіледі.

Жол үстіндегі ақша қаражаттарын түгелдеу осы шотта тұрған сомаларды: банк мекемелері, байланыс бөлімшелері берген квитаниияларының деректерімен бірге түсімді өткізу кезінде, банк инкоссарторларына түсімді өткізуге берілетін жолдама тізімдемесінің  көшірмесін өткізу кезінде және т.с.с, бас кәсіпорынға аударылған сомалар бойынша немесе керісінше одан түскен сомалармен катар олардан мерзімі, тапсырманың нөмірі, сомасы және аударымды кабылдаған банк мекемесінің немесе байланыс бөлімшесінің атауы көрсетіліп, түскен мәлімдеме (авизо) деректерімен бірге салыстырып тексеру арқылы жүзеге асырылады.

Банктерде есеп айырысу (ағымдағы) валюталық және арнайы шоттарда тұрған ақша қаражаттарын тізімге алу, кәсіпорын бухгалтериясының деректері бойынша берілген деректермен салыстырып, тексеру арқылы жүзеге асырылады.

Ақша қаражаттарын, құнды  кағаздарды және катаң есеп беру бланкілерін түгендеу олардың  калдықтармен салыстыру арқылы жасалады.

Ақша каражаттарының және құнды кағаздардың артык  шықкан сомалары кіріске алынуга  тиісті, ол кезде 1020, 1040, 1011, 1012 шоттары дебеттеліп, 6090 шоты кредитгеледі.

Кем шыққан ақша каражаттары мен құнды қағаздар өтеуі үшін материалды жауапты тұлғаның есебіне шығарылады.

1250 шоты дебеттеліп, 1020, 1040, 1011, 1012 шоттары кредиттеледі.

Егер де кінәлі тұлғалар табылса, онда 1220 шоты кредиттеліп, 1251 шоты дебеттеледі, яғни 1220шоты жабылады7.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Берілген курстық жұмысты  қорытындылайтын болсақ, кәсіпорындағы  ақша қаржылары барлық шаруашылық жүргізуші  субъектілер өз ақша қаражаттарын банк мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және белгіленген міндеттемелері бойынша тиісті операцияларын (сақтау, аудару және тағы басқа) жүргізіп, есептесуді ҚР ҰБ белгіленген нормативтік құжаттар арқылы есептесуді жүзеге асырады.

Сонымен қатар есеп айырысу  кезінде нақты ақшамен есеп айырыспай  төлем карточкаларын қолдану  өте тиімді екені белгілі болды. Төлем карточкаларымен жұмыс істеу тиімділігі – кез-келген уақытта шоттан ақшаны алу болып табылады. Және де есеп айырысу процессін тез арада жасауға болады.

Шетел валютасына келетін  болсақ, оны сату  және сатып алу  жағдайлары толық қарастырылды. Яғни, шетел валютасын сатып алу кезіндегі Қазакстан Республикасының заңына сай валютаны ретке келтіру міндеттерін жүзеге асыру құқығы бар Мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылау органдары болып табылады.

Банк шоттары теңгемен де, шетел валютасымен де ашылуы мүмкін. Банк келісім бойынша ағымдағы немесе корреспонденттік шоттарын ашқан кезде, шот иесінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауды, оның өзіне немесе үшінші тараптарға тиесілі ақша сомаларын аудару жөніндегі ұйғарымын орындауды және басқа да қызмет түрлерін көрсетуді өз міндеттеріне алады.

Банк пен Қазақстан  Республикасының резиденті –  заңды тұлға мен оның жекелеген  құрылымдық бөлімшесі арасында келісім  жасау үшін қойылған қол үлгілері және мөр таңбасы бар құжаты, клиенттің салық есебіне қойылғанын растайтын, салық қызметі органдары берген белгіленген үлгідегі құжаты, аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қолдау бөлімі берген шаруашылық жүргізуші субъектінің ҚР зейнеткерлік қорына жарналар төлеуші ретінде тіркелгендігі жөнінде  фактісін растайтын белгіленген үлгідегі құжаты; мемлекеттік тіркеуден (кайта тіркеуден) өткендігін растайтын, өкілетті органдар берген белгіленген үлгідегі құжаттың көшірмесі немесе оған теңестірілген құжаттың көшірмесі; Қазакстан Республикасы заң тәртібімен бекітіліп, куәландырылған құрылтайшылық құжаттын (құжаттардың) көшірмесі тапсырылады.

Кассаны түгелдеу кезінде кассада тұрған ақша белгілері мен басқа да құндылықтардың нақты бар болуы тексеріледі. Қатаң есептегі бланкілер де тексеруден өткізіледі. Кассадағы ақша белгілері мен баска да құндылықтардың нақты бар болуын есептеу кезінде қолма - қол ақшалар, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, чектер, вексельдер, коносаменттер және заңга сәйкес құнды  қағаздар  ретінде шығарылған басқа да құжаттар) және ақша құжаттары (маркілер, демалыс үйлеріне және санаторийлерге  жолдама, авиабилеттер және т.б.) есепке алынады.

Бағалы қағаздар жөнінде  айтатын болсақ, бұл жағдайда олардың  көмегімен есеп айырысу, сату және сатып  алу операцияларын жүзеге асыру мәселесі толық қамтылған.

Жоғарыда айтылғанды қорытындылайтын болсақ бұл жұмыстың мақсаты – ақша қаражаты және олардың  түрлері болып табылатын. Менің  ойымша жұмыстың мақсаты мен негізгі  мәселелері толық қарастырылып, мазмұндары толығымен ашылды. Жұмыс нәтижесімен қанағаттандым.

 

 

Қосымша 1Ә

ТӨЛЕМ ТІЗІМДЕМЕСІ

«Жол-Өткен» ААҚ

Кәсіпорын, ұйым

Цех, бөлім 1

 

Мастер Жақан Абдуалиев  ауысымы

№ 15 есеп айырысу тізімдемесіне

Кассаға мерзімде төлемақы үшін

6 наурыз-9 наурыз аралығында 2002 ж


 

Дебет

Кредит

Қосымша белгісі

Цех, бөлім

Участок

Корреспонденттелген шоттары, аралық шоты

Талдамалық есеп коды

5

3

681

1

1011

-


 

Басшы Бабажан Шаймерденов 

Бас бухгалтер Асылбеков Қасымбек

Осы төлем тізімдемесі  бойынша 

Төленген    үш мың жеті жүз алпыс жеті тенге 00 тиын 

Депозитке алынға  бір мың сегіз жүз жиырма үш тенге 00 тиын

Тексерген бухгалтер  Омаров Төлен

 

 

№15 ТӨЛЕМ ТІЗІМДЕМЕСІ

Рет нөмері

Табель

нөмері

Тегі, аты, әкесінің аты

Сомасы

Алынған туралы қолхат

Ескерту

1

2

3

4

5

6

1.

2.

3.

0148

0148

0192

Баймақашов Ж.

Әжібеков А.

Жандаулетов Т.

1794-00

1823-00

1973-00

БаймақашовЖ. депозитке  алынған

Жандаулетов Т.

 
   

ЖИЫНТЫҒЫ

5590-00

   

 

Тізімдемені жасаған   Исаев Ерікнше

Тізімдемені тексерген   Омаров Төлен

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 2А

 

ХАБАРЛАМА

Нақты ақша жарнамасына берілетін           СТН



№ 195 ХАБАРЛАМАСЫ

1 қаңтар 2002 ж

 

Кімнен «Цемент» АҚ____________   Код                   аударған құны


        №4672 шотқа

Бенифициар банкісі  «АТФБ» ААҚ

Бенифициар     «Цемент» АҚ________  КБе                     27000-00


Жиырма жеті мың теңге 00 тиын

Жиырма жеті мың  теңге 00 тиын

(сомасын жазумен жазу)     бухгалтер  Петрова

 


Жарна арналымы   КНП                     сатудан түскен түсім ақшаны тексерген       Кербетова   кассир Сифкова

Салушының қолы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 2Ә

ВАЛЮТА КІРІС ОРДЕРІ

 

«Туран-Әлем» банкі  Қазақстан   Күні 22.02.2002ж.


Банк штампы

                                           №123 ВАЛЮТАЛЫҚ КІРІС ОРДЕРІ

«Саяхат» АҚ кәсіпорын      №40 тобы

Шоттың дебеті

Шоттың кредеті

Валютаның коды

Валютамен есептелген сомасы

Теңгемен есептелген сомасы

000060001

056070265

001

5012.00

380912,00

ЖИЫНТЫҒЫ, ТЕҢГЕ

380912,00


 

Мазмұны:Халықаралық әуе жолы бойынша тасмалданған үшін түскен түсімі

Қайдан қбылданды: «Саяхат»әуе жолы компаниясы

Жауапты орындаушы:   қолы

Бақылаушы  қолы   Кассир қолы   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.Кеулімжаев Қ.К., Әжібаев  З.Н., Құдайбергенов Н.А. бухгалтерлік  есеп принциптері.-Алматы, 2003.

2. Радостовец В.К., Ғабдулин  Т.Ғ., Радостовец В.В., Шмидт О.И. кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп.-Алматы, 2003.-655бет.

3. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. бухгалтерский учет на предприятиях. –Алматы: Центраудит- Казахстан, 2002.-728с.

4. Қазақстан Республикасы  Президентінің 1998.28.01.№3838 Жарлығы. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеппен аудитті дамыту мен жетілдірудің 1998-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

Информация о работе Ақша туралы ұғым