Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 06:45, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты- ақша қаражаттарымен есеп айырысу операцияларына кеңірек тоқталып, операциялардың шоттарда жүргізілу ерекшеліктерін айқындау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасын;
кассадағы қолма-қол ақша есебін;
валюта шотындағы қолма-қол ақша есебін;
банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттарын есепке алуды;
есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша есебін
КІРІСПЕ………………………………………………………………....…………3
1 АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ…..……..……..5
1.1 Ақша туралы ұғым............................................................................................5
1.2 Есеп айырысу нысандары.................................................................................6
1.3 Вексель арқылы есеп айырысу.........................................................................9
1.4 Төлем карточкаларымен есеп айырысу.........................................................15
2 КАССАДАҒЫ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚША ЕСЕБІ..................................................22
2.1 Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша есебі.................................22
2.2 Кассадағы шетелдік валютадағы қолма-қол ақша есебі.............................26
3 ВАЛЮТА ШОТЫНДАҒЫ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚША ЕСЕБІ.............................29
3.1 Валюта шоты бойынша жүргізілетін операциялар .....................................29
3.2 Валюталық бақылау........................................................................................33
4. БАНКТЕГІ АРНАЙЫ ШОТТАРДАҒЫ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУ.................................................................................................…...36
4.1 Аккредитивтік шоттағы ақша қаражаттары.................................................36
4.2 Чек кітапшасындағы ақша қаражаттары.......................................................38
5 ЕСЕП АЙЫРЫСУ ШОТЫНДАҒЫ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚША ЕСЕБІ...............39
6 КӘСІПОРЫНДАҒЫ АҚША ҚАРЖЫЛАРЫН ТҮГЕНДЕУ........................44
ҚОРЫТЫНДЫ….......…………………………………………………….….….46
ҚОСЫМШАЛАР...................................................................................................48
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............………………….………...51
Жоғарыда көрсетілген талаптар құжатта тұтастай сақталмаса, тек төмендегі белгіленген жағдайларды қоспағанда, вексельдің күші болмайды. Төлем мерзімі көрсетілмеген вексель ұсынғанда талап етуі бойынша төленетін вексель ретінде қарастырылады.
Ерекше нұскауы болмаған кезде төлем жасаушымен катар белгіленген орны, төлем жасау орны және сонымен бірге төлем жасаушының тұратын орны болып есептелінеді. Вексельдін жасалған орны көрсетілмеген жағдайда вексель берушінің атымен қатар белгіленген орында қол қойылған болып танылады.
Аударма вексель вексель берушінін бұйрығы бойынша ақы төлеуге жататын вексель ретінде берілуі мүмкін. Ол вексель берушінің өзіне немесе үшінші тұлганың есебінен берілуі мүмкін. Аударма вексель үшінші тұлға тұрған жерде немесе төлем жасаушының тұратын жерінде немесе қандай да бір басқа орында төленуі мүмкін.
Вексельде пайыздық мөлшерлеме (проценттік ставкасы) көрсетілуі тиіс, мұндай нұсқау болмаған жағдайда шартқа қол қойылмаған (жазылмаған) деп саналады. Пайыздың есептелген күні керсетілмесе, аударма вексель жасалған күннен бастап есептелінеді.
Кез келген аударма вексельдің бұйрығы көрсетілмей берілсе де, ол өзінің индоссаменті арқылы берілуі мүмкін.
Егер вексель беруші аударма вексельде «Бұйрыққа емес» немесе осыған ұксас мағынада сөз жазылса және ол құжат нысанын сақтаса, онда ол қарапайым цессиямен берілуі мүмкін. Индоссамент вексель берушінін пайдасына не вексель бойынша міндетті басқа кез келген адамның пайдасына вексельді акцептегеніне, не акцептемегеніне қарамастан төлем жасаушынын пайдасына жасалуы мүмкін. Бұл тұлғалар, өз кезегінде, вексельді табыстай алуына болады.
Индоссамент ұсынушыға бланктік күші бар бар индоссамент болып табылады. Индоссамент аударма вексельде немесе оған қосылған параққа (аллонажға) қол қойылуы тиіс. Индоссамент аударма вексельде қаралған барлық құқықтарды иелік етеді. Егер индоссамент бланктік болса, онда вексель ұстаушы бланкті өз атына немесе басқа бір адамнын атына толтыра алады; өз кезегінде вексельді банк арқылы немесе басқа бір адамнын атына табыстай алады; бланк толтырмай және индоссамент жасамай-ақ вексельді үшінші адамға бере алады1.
Егер басқаша кері шара болмаса, индоссант акцепт пен төлемге жауап береді. Ол кейінгі индоссаментке тыйым сала алады; бұл жағдайда вексель кейінгі табысталған адамдардың пайдасына шешілсе де, ол олардың алдында жауап бермейді.
Егер де төлем жасаушы өзінің келісімі туралы вексель ұстаушыға немесе қол қойған адамдардың біріне хабарласа, онда ол олардың алдында өз келісімінің шарттарына сәйкес өз міндеттерін орындаған болып саналады. Аударма вексель бойынша төлем толықтай немесе вексель сомасынын бір бөлігін аваль арқылы қамтамасыз етуіне болады. Мұндай қамтамасыз етуді үшінші адам немесе типті вексельге қол қойған адамдардың бірі бере алады.
Аваль аударма вексельде немесе қосымша парақта беріледі. Аваль берілген орын көрсетілсе, онда ол жеке; актімен бірге берілуі мүмкін. Ол «аваль деп есептелсін» деген сөздермен немесе осындай мағынасы бар белгілі мәтіндегі формуласымен білдірсе, онда оған аваль берген адам қол қояды. Аваль үшін төлем жасаушы немесе вексель беруші қолын қоймаған болса, аударма вексельдін бет жағына алушының қойған қолы жеткілікті. Авальда ол кімнің есебінен берілгені көрсетіледі.. Ол көрсетілмеген жағдайда аваль вексель беруші үшін берілген деп есептелінеді.
Авальшы ол үшін аваль берген адаммен бірдей жауап береді. Аударма вексельге ақы төлей отырып, авальшы кепілдік берген адамға қарсы және аударма вексельге байланысты осы соңғы тұлганың алдында міндетті адамдарға қарсы вексельден туындайтын құқықтарды иеленеді.
Мерзімі белгілі бір күнге немесе жасалғаннан кейін немесе ұсынғаннан кейін белгілі бір уақытты белгіленген аударма векселді ұстаушы вексельді төлеу күнінде, не келесі екі жұмыс күнінің бірінде ұсынуга тиіс. Аударма вексельді есеп айырысу палатасында1 ұсыну төлемге ұсынғанмен бірдей болып есептелінеді. Вексель ұстаушы бөліп төлеуден бас тарта алмайды. Бөліп төленген жағдайда төлем жасаушы мұндай төлем туралы білген болса, онда ол бұл туралы қолхат беруі тиіс.
Вексель ұсатушы аударма вексель бойынша төлемді мерзімінен бұрын алуға мәжбүрленбеуге тиіс. Мерзімі келгенге дейін төлем жасауды төлем жасаушы өз тәуекелділігіне алады.
Егер аударма вексель төлем жасау орнында жүрмейтін валютада жасалса, онда оның сомасы жергілікті валютада төлем мерзімі келген күніндегі бағам бойынша жергілікті валютамен төленеді. Егер борышкер төлемнің мерзімін өткізіп алса, онда вексель ұстаушы өз қалауынша аударма вексель сомасын жергілікті валютада төлеу мерзімі келген күнгі бағаммен төлеуді талап ете алады.
Вексель ұстаушылар индоссаттарға қарсы тұрған регрестерге22 өз құқығын төлем мерзімі жеткен кезде де және одан бұрын да сата алады:
Вексель бойынша жасалатын төлем мен акцепт үшін жауапты түлғаға регрестік талабы (искы) вексель бойынша төлем мерзімінен кешіктірілмей ұсынылуы мүмкін.
Акцепт немесе төлемемнен
бас тарту (акцептемеуге немесе төлем
жасамауға қарсылық білдіру) факті
куәләндыратын актімен
Вексель беруші аударма векселінің мәтінінде көрсеткен ресми қарсылық білдіруден басқа қарсылық білдірген кезде төлеушінің қолы қойылған өтінішпен алмастырылуы мүмкін.
Акцептеуге карсылық акцептке ұсыну үшін белгіленген мерзімдерде жасалуы керек. Акцептеуге қарсылық білдіру төлемге ұсынудан және төлем жасамауға тағы да басқаша қарсылық білдіруден босатады. Бірақ бұл қарсылық алдын - ала тіркеуден өту керек, онсыз оның күші болмайды.
Егер төленуге жататын аударма вексельдің ісі ойдағыдай еместігі байқалса, тіпті оның үшінші адам арқылы өтелуі бола тұрса да; немесе төлем жасушы басқа жерде тұрып, өзінің тұрған жерінен төлем жасауға тиісті бола тұрса да; немесе белгілі бір уақыт өткен соң, яғни ұсынылған кезде төленуге жататын вексель болса да, оның акцептелуіне тыйым салынады.
Акцептемеу немесе төлем жасамау туралы қарсылық білдірілген жағдайда нотариус бұл туралы вексель бойынша міндетті барлық адамдарға вексельдегі не қарсылық білдіруді талап еткен адамдардан алынған мекен-жайларға сәйкес жазбаша хабарлама жібере отырып, оларға ескерту жасайды. Мұндай хабарлама жөніндегі шығыстар қарсылық жөніндегі шығындарға қосылады.
Егер ескертпе индоссант немесе авалист тарапынан жасалынса, онда қарсылық бойынша қажет шығындар өз қолдарын қойған барлық адамдардан талап етіледі. Аудару векселін беруші, акцептеуші, индосанттаушылардың барлығы немесе онда аваль қоюшылар вексель ұстаушының алдында барлығы бірдей міндетті болып табылады. Вексель ұстаушы осы адамдардың әрқайсысына жеке-жеке және барлығына бірдей талап қоюға құқылы.
Ол төлем жасағаннан кейін аударма вексельге қол қойған адамдардың барлығының дәл осындай құқығы болуы керек. Міндеттемелердің біріне қойылған талап олардың бастапқы алған міндеттемелері бола тұрса да, басқаларына талап қоюға бөгет болмауы керек.
Аударма ваксельге ақы төлеген тұлга оның алдында жауап беретін тұлғалардан мыналарды:
- өзі төлеген барлық сомасын;
-аталған сомаға Қазакстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесін; проценттерді;
- өзі төлеген шығыстарды талап ете алады.
Вексель бойынша ақы төлеген тұлға талап етілетін сомаға қоса 0,05 пайызда үстеме (комиссиондық) төлем жасауын талап ете алады.
Егер де вексель жалғыз данада берілсе, онда вексель ұстаушы оған өз есебінен бірнеше дана беруді талап ете алады Бұл үшін ол өзінің тікелей индоссантына және сол сияқты вексель берушісіне дейін өтініш жасай алады. Индоссанттар жаңа даналарын индоссаменттерге қайта шығарып беруге міндетті.
Қазақстан Республикасының аумағындағы заңды және жеке тұлғалар жай және аударма вексельді өзара есеп айырысуда пайдалануға құқылы. Бұл ретте ол тиісті шартта көзделген және «Қазақстан Республикасындағы вексель айналымы туралы» Заңға қайшы келмесе болғаны.
Байланыс мекемелері
инкассаға қабылдаған
Сатушы сатып алушыға ұсынатын төлемнің мерзімін кейінге қалдыру «Қазакстан Республикасындағы вексель айналымы туралы» заңында белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
Вексельдердің бланкісін (вексельдік кітапшасын) сатып алған кезде олар өзінің нақты өзіндік құны бойынша 7110 шоттың дебетінде және 3310 шоттын немесе 3360 шоттың кредитінде көрсетіледі Ал жедел есеп кезінде шартты бағасы бойынша -006-шы «Қатаң есеп беру бланкілері» деген баланстан тыс шоттарда көрсетіледі.
Вексельдер қозғалысы
бойынша шоттардын
1.4 Төлем карточкаларының есебі
Инкассациялау шығындарын қысқарту; бухгалтерияның жұмысын жеңілдету, Қазакстаннан әлемнің кез келген нүктесінен тез автоматталған ақша аударымын жасау мақсатында төлем карточкаларын пайдаланады.
Төлем карточкалары — ақша қаражатына электрондық терминал немесе басқа да қондырғылар арқылы қол жеткізу, ондағы ақпараттар валютаны айырбастауға, қолма-қол ақшаны жасауға мүмкіндік береді.
Төлем карточкалары: дебеттік, кредиттік және корпоративтік болып бөлінеді;
Дебеттік карточкалар қаржы-шотындағы ақша сомасынын шегінде оның ұстаушысына (иесіне) төлем жасауына мүмкіндік береді және оны ұстаушылар, өздерінің қарызын банк берген қаржы көлемінде төлей алады.
Кредиттік карточкалар бойынша банк берген қарыз сомасының шегінде оның ұстаушылары төлем жасай алады.
Одан басқа кәсіпорын іс-сапарының шығыстарын төлеуге, офистік, үстеме шығастары үшін корпоративтік төлем карточкаларын ашуына болады.
Корпорвтивтік карточкалар — бұл да төлем карточкалары, ол оны ұстаушыға банк пен заңды тұлғалардың арасында жасалған келісім шарттын негізінде беріледі.
Бүгінде әлемнін көптеген елдерінде ол қазіргі шақтың қаржылык тетігі (инструменті) ретінде 2 млр. карточкалар қолданыста жүр. 30 жылдан астам кезек ішінде Visa және Master Card халықаралық карточка жүйесі үлкен жетістіктерге жетті. Сондыктан оны 14 млн. кәсіпорын төлем карточкалары ретінде өздерінің күнделікті өмірінде пайдаланады. Олардың қатарында: супермаркеттер, авиакомпаниялар, ресторандар, түнгі клубтар, аяқ киім сататын дүкендер т.б. жатады.
Казакстан Республикасының аймағында Ұлттык банкінін лицензиялауымен шығарылған төлем карточкалары пайдаланылады..
Төлем карточкалары келесі көрсеткіштерден тұрады:
- төлем карточкаларын берудің жағдайы;
- төлем карточкаларымен жасалатын төлем түрлері және оның жағдайы,
- төлем карточкаларын алған тұлғалардың тізімі;
-төлем карточкаларын
қайтарып алудың және
- төлем карточкаларының әрекет ету мерзімі;
- тараптардың құқы мен міндеттері;
- тараптардың жауапкершілігі.
Қазақстан Республикасының аймағында төлем карточкалары тек теңгемен төленеді.
Төлем карточкаларымен төлем жүйесін жүзеге асырмастан бұрын оларға авторизация3 жасау керек. Авторизация процесі автоматталған тәртіпте немесе телефон байланыстары арқылы жүреді.
Қазақстан Республикасында
тауар мен қызметін төлеу үшін
төлем карточкасының
Төлем құжаттары келесі реквизитерден тұрады:
Төлем құжаттары (слип2) төлем карточкаларын ұстаушылардың қолынсыз-ак жасалуы мүмкін, ол кезде олар электрондык кұжаттарын негізге алады. Төлем құжаттарын жөндеуге, өшіруге рүксат етілмейді.
Сауда чегі — төлем карточкасын жүзеге асыру кезінде жасалады, яғни төлем жасалып біткен сон карточканы ұстаушыға беріледі (слиппен де, слипсыз де) және келесі міндетті реквизитгерден түрадь:
- төлем карточкаларының реквизиттері.
Енді біз төлем карточкасын әртүрлі жағдайда пайдаланған кезде болатын шоттар корреспонденциясын мысал ретінде келтірейік.
Мысал. Кәсіпорын Visa халықаралык корпоративитік карточкасын шығару мен мен қолдану үшін банкімен келісім-шартқа отырған. Кәсіпорын сол келісімшарттың негізінде бірыңғай шот-картасын ашып, сонымен қоса ондаған еңбеккерлерге іс сапарымен, офисымен, үстеме шығыстарымен есеп айырысу үшін таратып берген. Шот-картасы шетелдік валютада ашылған және ол АКШ долларымен есептелінеді. Шот-картасына орналастырылған ақша қаражаты 1040 шотының дебетінде көрініс табады. Демек, олардың келіп түскен кезінде 1040 шоты дебеттеліп және 1030 шоттары кредиттеледі.