Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 06:45, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты- ақша қаражаттарымен есеп айырысу операцияларына кеңірек тоқталып, операциялардың шоттарда жүргізілу ерекшеліктерін айқындау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасын;
кассадағы қолма-қол ақша есебін;
валюта шотындағы қолма-қол ақша есебін;
банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттарын есепке алуды;
есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша есебін
КІРІСПЕ………………………………………………………………....…………3
1 АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ…..……..……..5
1.1 Ақша туралы ұғым............................................................................................5
1.2 Есеп айырысу нысандары.................................................................................6
1.3 Вексель арқылы есеп айырысу.........................................................................9
1.4 Төлем карточкаларымен есеп айырысу.........................................................15
2 КАССАДАҒЫ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚША ЕСЕБІ..................................................22
2.1 Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша есебі.................................22
2.2 Кассадағы шетелдік валютадағы қолма-қол ақша есебі.............................26
3 ВАЛЮТА ШОТЫНДАҒЫ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚША ЕСЕБІ.............................29
3.1 Валюта шоты бойынша жүргізілетін операциялар .....................................29
3.2 Валюталық бақылау........................................................................................33
4. БАНКТЕГІ АРНАЙЫ ШОТТАРДАҒЫ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУ.................................................................................................…...36
4.1 Аккредитивтік шоттағы ақша қаражаттары.................................................36
4.2 Чек кітапшасындағы ақша қаражаттары.......................................................38
5 ЕСЕП АЙЫРЫСУ ШОТЫНДАҒЫ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚША ЕСЕБІ...............39
6 КӘСІПОРЫНДАҒЫ АҚША ҚАРЖЫЛАРЫН ТҮГЕНДЕУ........................44
ҚОРЫТЫНДЫ….......…………………………………………………….….….46
ҚОСЫМШАЛАР...................................................................................................48
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............………………….………...51
Кассаға ақша кірістелген кезде 1011 – «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша» шоты дебеттеліп, мына төмендегі шоттары кредиттеледі:
1030- «Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша» шоты— кассага есеп айырысу шотынан алынған сомаға;
1251- «Қызметкерлердің және баска да адамдардың қарыздары» қызметкерлердің есебіндегі сомалар, жалақы, жетіспейтін сомалар, талан-таражға түскен сомалар және т.б. бойынша кассага өткізілген қарыздар;
7010- «Дайын өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен табыс»;
7011 – «Сатып алынған тауарларды сатудан түскен табыс»;
7060 – «Басқа табыстар» шоттары материалдар, жұмыстар мен қызметтер үшін қолма-қол ақшамен есеп айырысқан кезінде.
Кассадан акша берілген кезді 1011-шоты кредиттеледі және мына төмендегі шоттары дебеттеледі:
3350- «Персоналдармен еңбек ақысы бойынша есеп айырысу» шоты — кәсіпорын қызметкерлеріне берілген еңбек жалақысының сомасына;
1251 – «Қызметкерлер мен басқа да адамдардың қарыздары» шоты — кәсіпорын қызметкерлерінің есебіне берілген сомаға;
1030- «Есеп айырысу шотындағы нақты акша» шоты - кәсіпорынның есеп айырысу шотына өткізілген, депозитке салынған жалақы және баска да түсімнің сомасына.
2.2 Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма – қол ақшаның есебі
Шетел валютасымен есеп
айырысуды жүргізген кезде
Валюта түскен кезде 1012-шоты дебеттеледі де және мына төмендегі шоттар кредиттеледі:
1040-«Ел ішіндегі валюталық шоттағы қолма-қол акша» шоты - валюта шотынан валюта түскен кезде;
1210- «Алынуға тиісті қарыздар» шоты — кассаға алынған валюта түсімінің сомасына;
- «Бағам айырмашылығынан
түскен табыс» шоты — тиісті
шетел валюталарына қатысты
1251- «Қызметкерлер мен басқа да адамдардың қарыздары» шоты — есеп беретін адамдардың кассаға өткізілген валюта түріндегі сомаларына.
Валюта кассасынан валюта берген кезде - 1012-шот кредиттеледі және мына төмендегі шоттар дебеттеледі:
1251- «Қызметкерлер мен басқа да адамдардың қарыздары» шоты есебіне берілген шетел валютасының сомасына;
1040- «Ел ішіндегі валюталык шоттағы қолма-қол ақша» шоты – валюта шотына өткізілген валюта сомасына;
- «Бағам айырмашылығы
бойынша шығыстар» шоты —
Қоғамдық мақтандыру
мен бөлшек сауда кәсіпорындарының
ерекшелігіне байланысты олардан түсетін
түсімнің басым көпшілігі қолма-қол
ақша қаражаттары бойынша
Касалық аппараттарды міндетті түрде салық органдарында тіркеуден өткізеді. Оны тіркеуден өткізу үшін келесі құжаттарды ұсыну керек: арыз, заңды тұлғаның мемлекетік тіркеуден өткені туралы куәлігінің көшірмесі, БКМ (бакылаушы-кассалық машина) паспорты; қолма-қол акшаны тіркейтін журналы т.б. Салық органдары арыз бланкісінің дұрыс толтырылғанын және БКМ-ның белгіленген талапқа сәйкес келетіндігін тексеріп есепке қояды, сосын ТЖБКМ-на карточкасын береді. БКМ-нын пайдалану мерзімі біткен соң салык органына қайтарылады. БКМ қойдырған кезде салық органының өкілетті инспекторы тыңшылыкты жадында сактайтын қондырғыға пароль еңгізеді. Пароль шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркеуден өткен салык органдарында сақталады5.
3.1 Валюта шоты бойынша жүргізілетін операциялар
Резиндеттер арасындағы
жасалатын төлем
Валюталық операцияларды жүргізу үшін 24 желтоксан 1996 жылғы №54-і валюталық реттеу туралы Қазакстан Республикасының Заңы және 20 сәуір 2001 жылғы №115 Ұлттық Банкінің Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында валюталық операцияны жүргізудің Ережесі» негіз болып табылады.
Қазакстан Республикасында валютаны реттеудің негізгі органы болып Ұлттық, банкі саналады. Кез келген валюталық операцияны өкілеттілігі бар банксыз жасауға рұксат етілмейді. Осындай операцияларды жасау үшін өкілетті банктер заңды тұлғалар үшін валюталық шоттар ашады.
Заңды тұлғалар — резиденттері өкілетті банктердегі шетелдік валютада және оларды жабуы 2 маусым 2000 жылғы №266 «Қазақстан Республикасының банктердегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртіптері туралы» Нұсқауда қарастырылған болатын.
Заңды тұлғалардын өкілетті банктердегі есеп шоттарына қолма-қол ақшасыз тәртіппен келіп түскен шетелдік валюта шектеусіз түрде есепке алынады.
Заңды тұлға-резиденттердің экспортталған тауары (қызметі, жұмысы) үшін төлем ретінде алған валютасы 120 күннен аспайтын мерзімді міндетті түрде банк шоттарына кірістірілуі керек.
Заңды тұлғалар - резиденттер резидент еместердің пайдасына төлемдер жүргізген кезде, өкілетті банктерге тиесілі тәртіп бойынша әзірленген құжаттарды (келісімдер, контрактілер, инвеойстар, коносаменттер. т.б.) тапсыруы тиіс. Лицензия немесе бұл бойынша талап Ұлттық банкіде тіркелгені жөнінде күәлік талап етілетін операциялар жүргізілген жағдайда заңды тұлға - резиденттері өкілетті банкке тиісті құжаттарын тапсыруы тиіс
Өкілетті банктер валюталык заңдарды сақтауға байланысты қосымша акпараттар мен құжаттарды талап етуге құқылы.
Резиденттер мен резидент еместер арасындағы операциялар бойынша төлемдер екі жақтын кез келген валюта түріндегі келісімдері бойынша жүзеге асырылады. Резиденттер мен резидент еместердің өкілетті банктер аркылы жүзеге асырылатын ағымдағы операциялары шектеусіз жүргізіледі.
24 желтоқсан 1996 жылғы «Валютаны реттеу туралы» Заңдарына және 31 наурыз 2001 жылғы № 88 ҚР ҰБ басқармасының қаулысымен бекітілген «Капитал қозғалысымен байланысты валюталык операцияларын тіркеудің Ережелеріне» сәйкес қаражаттардың резидент еместерден резиденттердің. пайдасына көшуін (орын ауыстыруын) қарастыратын капитал қозғалысына байланысты операциялардын есебін жүргізу және ұйымдастырудың тәртібі сол аталған қаулымен белгіленген.
Капитал козғалысымен байланысты Қазақстан Республикасынына келіп түсетін 100 мың АҚШ долларынан астам немесе соған сәйкес басқа валюталық операцияларынан түскен қаражаттар (мүліктерді) міндеттерді тіркеуге жатады:
- резидент еместерден 120 күннен астам мерзімге алынған несиелер, лизингіні де қоса алғанда;
- резидент еместердін
экспорттық-импорттык
-резидент еместердің төлем ретінде интеллектуалды меншік объектісін толық әрі айрыкша құқын берген жағдайда;
-резидент еместердің төлем ретінде қозғалмайтын мүлікке қатысты мүліктік құқын берген жағдайда.
Бұл операцияларды тіркеу дегеніміз, ондағы тиесілі келісім-шарттарды тіркеу және әрекет етіп тұрған заңмен белгіленгендей, келісім-шарттардың тіркелген тәртібі бойынша нақты қаражат қозғалысы туралы тоқсан сайын мәлімет беріп отыру болып табылады. Заңды тұлға-резидент өзінің келісім-шартын тіркеген орны бойынша тіркелген келісім шарттың әрекет ету кезінде болған барлық өзгерістері мен қосымшалары туралы хабарлап отыруға міндетті.
Капитал қозғалысына байланысты қаражаттардың резидент еместерден резиденттердің пайдасына көшуін (орын алмастыруын) қарастыратын валюталық операциялардың түрлері бекітілген келесі тәртіп бойынша жүргізіледі: 120 күннен астам мерзімге несиелер (кредиттер) алу: 120 күннен астам мерзімге жасалынған экспорттық-импорттық мәмілелеріне байланысты есеп айырысуларды жүзеге асыру; инвестициялар; мүліктік және қозғалмайтын мүліктерге қатысты басқа да құқықтарға төленетін аударымдар болған жағдайда жүзеге асады.
Заңды тұлғалар - резидент
еместермен шетел валютасында есеп
айырысулар олардың есеп шоттарындағы
қолында бар валюталық қаражатт
Заңды тұлға резиденттерінің
банк шоттарында шетелдік валютасында
қолма-қол ақшасынан
Заңды тұлғалар - резиденттердің үшінші жақтар үшін контракт бойынша ақы төлеу валюталық операцияларына, сондай-ақ қолма - қол ақша түрінде есеп айырысуларына тыйым салынады. Салық салудың ресми деңгейін Ұлттық банкінің бағамдық негізінде анықталған деңгейінде алынады және ол баспасөзде жарияланады.
Өкілетті банктер мен айырбас пунктері арқылы шетел валюталарын алып сату арқылы екі жақты мәмілелер кезінде сатып алушылар мен сатушылардың беттерінше анықталған бағамдық деңгейін алуға құқылы.
Резидент — заңды тұлғалар ішкі валюталық нарығында шетелдік валютаны және тек резидент еместермен есеп айырысу үшін шетел валютасында несие алуына болады және шетел валютасында банкіден алған несие бойынша міндеттемелерін орындайды. Шетел валютасында несиелер қолма - қол ақшасыз тәртіппен беріледі.
Валюта шоты бойынша жасалатын операциялар мына төмендегі құжаттармен рәсімделеді, оның толтырылатын үлгісі төменде келтіріліп отыр.
Банк мөрімен (штампымен) және кассирдің орындаушы мен бақылаушының қойған қолдарымен куәландырылған банктік валюталық кіріс ордер валюталык шығыс касса ордерін толтыру үшін негіз болып табылады.
Шетелдердегі бенефициарға (алушыға) валюталық қаражаттарын аудару "Аударуға берілетін өтінішті" жазу арқылы рәсімделеді.
Валюта шоттары бойынша операциялардың есебі -«Ел ішіндегі валюталык шоттардағы қолма-қол ақша» және «Шет елдердегі валюталық шоттағы қолма-қол акша» - шоттарында жүргізіледі.
Аталган және басқа да құжаттардың негізінде банк валюталық шотының бет есебіне тиісті жазуын жазады, ал оның көшірмесі кәсіпорынға жіберіледі.
Валюталық шот оның иесінің өтініші бойынша жабылады, содан соң осы өтінішін өзіне қызмет көрсететін банк мекемесіне жіберіледі. Шот жабылған жағдайда, сондай-ақ субъектінің атауы өзгерсе немесе шоттың нөмірі өзгерген жағдайда шот иесі валюталык шоттағы қаржының қалдығын растайтын құжатты өтінішке қоса тіркеуге міндетті.
3.2 Валюталық бақылау
Барлық резидент еместердің валюталық операцияларды жүзеге асырған кезде валюта заңының сақталуын қамтамассыз етуі валюталық бақылаудың мақсаты болып табылады.
Валюталық бақылаудың негізгі бағыты операциялардың қолданылып жүрген заңға сай келуін шетел валютасымен төлеудің негізділігін тексеру валюталық операциялар бойынша, сондай-ақ резидент еместердің Қазақстан Республикасының валютамен операциялары бойынша есепке алу мен есеп берудің толықтығы мен нақтылығын тексеру болып табылады.
Валюталық бақылау
Қазакстан Реепубликасында
Қазакстан Республикасының заңына сай валютаны ретке келтіру міндеттерін жүзеге асыру құқығы бар Мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылау органдары болып табылады.