Ақша туралы ұғым

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 06:45, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты- ақша қаражаттарымен есеп айырысу операцияларына кеңірек тоқталып, операциялардың шоттарда жүргізілу ерекшеліктерін айқындау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасын;
кассадағы қолма-қол ақша есебін;
валюта шотындағы қолма-қол ақша есебін;
банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттарын есепке алуды;
есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша есебін

Оглавление

КІРІСПЕ………………………………………………………………....…………3

1 АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ…..……..……..5
1.1 Ақша туралы ұғым............................................................................................5
1.2 Есеп айырысу нысандары.................................................................................6
1.3 Вексель арқылы есеп айырысу.........................................................................9
1.4 Төлем карточкаларымен есеп айырысу.........................................................15

2 КАССАДАҒЫ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚША ЕСЕБІ..................................................22
2.1 Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша есебі.................................22
2.2 Кассадағы шетелдік валютадағы қолма-қол ақша есебі.............................26

3 ВАЛЮТА ШОТЫНДАҒЫ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚША ЕСЕБІ.............................29
3.1 Валюта шоты бойынша жүргізілетін операциялар .....................................29
3.2 Валюталық бақылау........................................................................................33

4. БАНКТЕГІ АРНАЙЫ ШОТТАРДАҒЫ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУ.................................................................................................…...36
4.1 Аккредитивтік шоттағы ақша қаражаттары.................................................36
4.2 Чек кітапшасындағы ақша қаражаттары.......................................................38

5 ЕСЕП АЙЫРЫСУ ШОТЫНДАҒЫ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚША ЕСЕБІ...............39
6 КӘСІПОРЫНДАҒЫ АҚША ҚАРЖЫЛАРЫН ТҮГЕНДЕУ........................44

ҚОРЫТЫНДЫ….......…………………………………………………….….….46
ҚОСЫМШАЛАР...................................................................................................48
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............………………….………...51

Файлы: 1 файл

ақша қаражаттарымен есеп айырысу.doc

— 256.00 Кб (Скачать)

Төлем карточкалары арқылы жұмсалған ақша қаражаттары 1040 шотының кредитінен мына шоттардың дебетіне жазылады:

-1251 — қолма-қол акшаны іс-сапар мен шаруашылық шығыстарына, авиа, темір жол билеттерін сатып алуға арналған  кезде;

  • 7110,7010,— корпоративтік картаның көмегімен орындалған жұмысқа, 
    керсеткен қызметке, қонақ үйде тұрғанына төлеген кезде;
  • 7110 — банкінің комиссиондық төлемдерін төлеген кезде;
  • 1310, 1330 т.б. — карточка арқылы алынған тауарлы-материалдық құндылыктарды төлеген кезде.

Ал соңында барлық карточка ұстаушылары бойынша банк төлемдерінің көшірмесі беріледі.4

Шот-картасының көшірмесінде екі дата көрсетіледі:

  • «Шот бойынша күні» — шоттағы операцияның жасалған күнін көрсетеді;
  • «Күні» - операцияның өзінің жасалған нақты күнін көрсетеді.

Төлем карточкасынын  көмегімен төленген іс - сапарының шығыстары алғашкы құжат мәліметтері бойынша (шоттары, тауар чектері, накладнойлары бойынша), оның  валюталык транзакциясы (валютамен жасалган операциялар) Ұлтгық банкісінің белгілеген бағамы бойынша анықталады. Осыдан бір күнгі екі түрлі валютаның айырмасын табамыз.

Келтірілген мысалдан байқағанымыз, жеке тұлғалардың көрсеткен қызметі, орындалған жұмысы, сатылған ТМЗ-тары төлем карточкаларының көмегімен  жүзеге асқан, оның сомасы есеп беретін  тұлғаға берілгендей етіп рәсімделеді. Тек есеп айырысу операциясы ғана жүргізіледі, өйткені олар нақты ақшаны алған жоқ.

Бірақ ТМЗ кірістеу немесе есептен шығару үшін бухгалтерияға  келесі құжаттарды міндетті түрде тапсырады:

  - қаражаттың пайдаланған  фактісін қуаттайтын құжаттар (смета,  накладной, чек тауары);

- төлем карточкасының  пайдаланған фактісін қуаттайтын  құжаттар (чектер, слиптер).

Төлем карточкадан қолма- қол ақшаны алған кезде есеп беретін  адамға ақша қаражатын берген сияқты рәсімделеді, операциялар одан әрі  қарай жалпы қабылданған тәртіп бойынша көрініс табады.

Мысал. Қолма-қол ақшаны және оны есептеумен байланысты уақытын  және баска да шығындарын қысқарту максатында кәсіпорын еңбеккерлердің еңбек ақысын төлем карточкасымен  төлеуді ұйғарған.

Сауда ұйымдары үшін төлем  карточканың негізінде сатып алушылармен есептесуді жүзеге асырған кезде 1020 «Жылдам ақша аударымдары» деген шот пайдаланылады.

1020 шотының дебеті бойынша сауда ұйымдарының түсімдері көрсетіледі, ал кредиті бойынша сауда ұйымдарынан аударылған ақша қаражаттары көрсетіледі.

Түскен қаржыны 1020 шот бойынша есепке алу үшін банкке байланыс бөлімшелерінің квитанциялары, банк инкассаторына түскен қаржыны өткізуге арналған жолдама тізімдемесінің көшірмесі және т.б. негіз болып табылады.

Мысал: шілденің 29-да инкассатор кәсіпорынның кассасынан 142900 теңге сомасын қабылдап алған, бұл түсім есепті айырысу шотына тек тамыздың 1-ші күні қосылды.

         Кері қайтарылған сомасы немесе  орталықтандырылған қорлардың қаржылары,  бірақ есеп беру айында айырысу  немесе басқа шоттарына қосылмаған сомалары есепке алынады.  Сонымен қатар, аталған шотта (1020) бас кәсіпорындардан алынған хабарламалар бойынша банк төлеуге кабылдаған, бірақ есеп айырысу шотына қосылмаған сомалар да есепке алынады.

1020 шотын пайдаланудын нәтижесінде кәсіпорынның есеп-айырысу шоттарының  жазбаларында тепе-тендікке қол жеткізіледі. 1020 шоты бойынша жасалған операцияларды есепке алу әрбір есеп-айырысудың төлем құжаттары бойынша жасалады.  Бухгалтерия жол үстіндегі аударылған ақша бланкілерін дер кезінде есепке алып және оларды катаң бақылауға алуы керек.

Төлем талап-тапсырмасы реестрмен  бірге бенефициар-бланкісіне ұсынылады, ал бенефициар барлык реквезиттердің  толык толтырылғанын тексеріп, төлем талап-тапсырманы ақша жіберуші банкке бағыттайды.

Егер де бенефициарға кызмет көрсететін де, ақшаны жіберуші де бір банк болса, онда бенефициар банкісін жапай өтіп, төлем талап-тапсырмасы реестрсіз бірден жіберушінің банкісіне  ұсынылады.

Егер де төлем талап-тапсырманы орындау үшін қажетті ақша қаражаты болмаса, онда төлем талап-тапсырманы сақтау мерзімі және  реестрінің мерзімі бөлініп төленуі мүмкін. Сондықтан алушы-банк тек акцептелген немесе акцепті қажет етпейтін бөлігін ғана сақтауы мүмкін.

Осы туралы төлем талап-тапсырманың  бет жағына белгі соғады.

Төлем талап-тапсырмаларына толық. немесе ішінара ақы төлеуден бас тарту кезде ол туралы оған қызмет көрсететін банкке үш күннің ішінде хабарлайды. Талап-тапсырма құжаттарымен қоса оған берілген тиеу құжаттарын және төленбейтін бөлігі туралы хабарламасымен бірге тікелей жабдықтаушыға  (өнім берушіге)  қайтарылады.

Төлеушілердің келісімінсіз олардың шоттарынан қаражатты аудару немесе есептен шығару. Төлеушілердің  келісімінсіз олардың шоттарынан қаражатты  есептен шығару тек соттың шешімімен, банктің өкімімен, не мына төмендегі  орындау құжаттары негізінде қолданылып жүрген заңдарда көзделген жағдайлар бойынша жүргізіледі: банктің өндіріп алу жөніндегі өкімі; несиелерді пайдаланғаны үшін есептелген проценттері және есепке қате алынған сомалары; кепілші шотынан  қарыз берешегінің өтелмеген сомалары; соттар берген орындау кағаздары; соттык шаруашылык істері жөніндегі алқаларының бұйрықтары; нотариус жүргізген орындау жазбалары; салық органдарының салықтар мен баска да міндетті төлемдер бойынша қосымша салықтары, сондай-ақ заңда көзделген айыппұлдары, өсімдері және өзге де өндіріп алынатын санкциялары туралы өкімдері; қолданылып жүрген  заңдарға сәйкес жұмыс берушілерден өндіріліп алынатын айыппұлдардың және өзге де санкциялардың сомасы; кәсіпорынның кінәсінән жұмыспен байланысты жарақаттану немесе денсаулығының өзге де зақымдануының салдарынан жұмысшы мен қызметші, сондай-ақ жұмыспен байланысты және субъект әкімшілігінің кінәсінен жарақаттануы немесе денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан жұмысшы немесе қызметші қайтыс болған жағдайда шеккен залалды өтеу сомасын өндіруге берілген сот шешімі; сақтандыру компаниясының сақтандыру куәлігі, Қазакстан Республикасының Кедендік органдарының өкімі.

Салық төлеушілердің  берген төлем кепілхаттары мен салық  органдарының инкассалык өкімдері негізінде  бюджетке төленетін төлемдерді төлем кепілхаттарының берген күнінен бастап, банктер кезек күттірмей-ақ жүзеге асырады. Банктің аталған кепілхаттардың орындалуын кідіртуге құқығы жоқ.

Төлеушінің келісімінсіз қаражаттарды өндіріп алу үшін тиісті құжаттарды қоса тіркей отырып, төлем – талап бланкісінде инкассалық өкімді тапсырады.

Инкакссаллық өкімде төлемнің мақсаты көрсетіледі және де осы төлемдерді төлеушінің келісімінсіз оның шотынан есептен шығару құқығын  көздейтін заң актісіне сілтеме  жасайды. Борышкер мойындаған соманы есептен шығаруға берілген инкассалық өкімде борышкердің талаптаррды мойындау туралы жауабының нөмірі мен күні, сондай-ақ талаптың сипаты және тағы басқалар көрсетіледі. 

Кәсіпорын таратылған немесе қайта ұйымдастырылған (қосылған, бөлініп  шыкқан, біріккен, ұйымдық-құқықтық өзге нысанда қайта құрылған) жағдайда орындау және басқа да есеп айырысу құжаттарының өтемақысы бастапкы төлеушінің міндеттемелері бойынша заңға сәйкес жауапкершілік жүктелген субъектінің есеп айырысу немесе ағымдағы шотынан жүргізіледі.

 

 

 

2  КАССАДАҒЫ ҚОЛМА – ҚОЛ  АҚШАНЫҢ ЕСЕБІ

 

2.1 Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша есебі

 

Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасы болады.

Кассир — материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбек ақы мен басқа да төлемдерді беру үшін субъекті басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдык толык жеке дара жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынады.

Кассадағы операциялар есебі 1010- «Кассадағы қолма-қол ақша» бөлімшесінің активті жинақтаушы шоттарында:

1011- «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша» және 1012 –«Касадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша» шоттарында жүргізіледі.

Кассадағы қолма-қол ақша есебі Қазакстан Республикасының  Ұлттық банкісі бекіткен кассалык операцияларды жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі .

Кассаға ақша қабылдау кассаныың кіріс  ордерлері бойынша жүзеге асырылады, оған бас бухгалтер мен кассир қол қояды. Кассаға ақша салған жеке немесе заңды тұлгаларға бас бухгалтер  мен кассир қол қойған ақшаны қабылдағаны  туралы түбіртек (квитанция) (ордердің қиынды бөлігі) беріледі. Төлемдерге ақшаны қабылдаған кезде кассир «Төлем таңбаларын анықтау тәртібін» басшылыққа алуға міндетті. Кассаға қабылданған теңге сомасы жазумен жазылып, тиын сандармен (цифрмен)  жазылады.

         Кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерлерімен немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойган тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен ақша беруге жазылған өтінішпен, шоттармен және баска да құжаттармен рәсімделеді.

        Егер касса  шығыс ордерлеріне қоса тіркелген  құжаттарда субъект басшысының рұксат берілген қолы болса, ордерге оның кол қоюы міндетті емес. Жекелеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кездс кассир алушынын төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді.

Оның атауы мен нөмірін, оны кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетеді. Алушы касса ордеріне қол қояды және алған сомасын: теңгені — жазумен, тиынды — сандармен көрсетеді. Толтырылған кассалық шығыс ордері жоғарыда келтірілді.

Сенімхат бойынша берілген ақша жағдайында касса шығыс ордерінде ақшаны алуға сенім білдірілген адамның тегі, аты мен әкесінің аты көрсетіледі. Егер ақша төлем тізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол тізімдемеге: «Сенімхат бойынша» деген жазу жазылады. Бұл жазуды касса шығыс ордеріне немесе ведомостқа (төлем тізімдемесіне) қоса тіркейді.

Кіріс және шығыс касса ордерлері  мен оның орнына жүретін құжаттарды бухгалтерия дәл әрі айқын  етіп сиямен немесе түтікше қаламмен жазып береді.

Жалақы уақытша енбекке қабілетсіздігі жөнінде жәрдемакылар мен сыйлықтар  төлем тізімдемесі (ведомосы) бойынша таратылады, оның қас бетінде (титул) ақша беретін мерзімі мен оның жалпы сомасы көрсетіледі және оған басшы мен бас бухгалтер қол қояды.

Банктен ақша алғаннан кейін үш күн  өткен соң, кассир төлем тізімдемесіне  еңбек ақысы бойынша тиесілі сомасын алмаған адамдардың аты-тегінің тұсына мөртабан соғады немесе «Депозитке салынды» деп қолымен жазып белгі соғады, берілмеген сома төленбеген жалақы тізіміне еңгізіледі; тізімдемеде нақты төленген сома мен депозитке салынуға тиісті сома жөнінде жазылады. Егер төлемді кассир емес, уәкілдік алған адам жасайтын болса, төлем тізімдемесінде: «Тізімдеме бойынша ақша таратқан (колы)» деген жазу жазылады. Касса ордерлерінде өшіріп жазуға, бүлдіруге және түзетуге жол берілмейді.

Жазылған касса ордерлері немесе олардың орнына жүретін құжаттар кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тіркеледі, ол кіріс және шығыс касса құжаттарына жеке-жеке ашылады. Онда мыналар көрсетіледі: кіріс және шығыс ордерінің толтырылған күні мен нөмірі, кассаға түскен және жұмсалған ақшалардың (жалақы, сыйлықтар, стипендиялар, іс сапарға төленген және баска да шығыстар) нысаналы мақсаты көрсетіледі. Егер ақша қаражттарының нысаналы мақсаты туралы деректерді машинограмма түрінде алатын болса, кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тек құжаттын толтырылған күні, нөмірі мен сомасы көрсетіледі.

Касса ордерлері бойынша ақшаны қабылдау мен беру тек олардын  рәсімдеген күнінде ғана жүргізіледі. Ордерді алған кассир басшы мен  бас бухгалтердің қолдарын; олардың  дұрыс рәсімделуін; ордерлерде көрсетілген қосымшалардын болуын тексеруге міндетгі. Операциялар  жүргізіліп болғаннан кейін ордерге кассир қол қояды, ал оған тіркелген қосымша құжаттарға штамп басылады немесе жазумен күнін, айын мен жылын көрсете отырып «Алынды» немесе «Төленді» деп белгі  соғады. Касса операцияларының есебін кассир Касса кітабында ( №КО-4) жүргізеді, ол нөмірленуге, тігілуге және оған сүргі салынуға тиіс; ондағы парақтар санын басшы мен бас бухгалтер қол койып куәландырады.

Қасса кітабының әрбір парағы тең  екі бөліктен   тұрады. Олардың бірін (көлбеу сызықпен) кассир бірінші дана ретінде толтырады және ол кітапта қалады; екіншісі (көлбеу сызықсыз) көшіргі қағаз арқылы бергі және сыртқы бетін толтырады. Ол кассирдің есебі ретінде парактың жыртпалы бөлігі болып табылады. Касса операцияларының жазбалары парақтың жыртпалы емес бөлігінің бет жағынан («Басталған күніне дейінгі калдығы» деген жолдан кейін) басталады. Алдын ала парақтын жыртпалы бөлігі кітапта қалатын бөлігіне сай келетіндей етіп парақты қиылатын сызық бойымен қойғаннан кейін жазу үшін жыртылатын парактың бөігін жыртымайтын бөлігінің бет жағына салып, парактың жыртылмайтын бөлігінін сырткы жағының көлбеу сызығы бойымен жазуды одан әрі жалғастырады.

Есеп бланкісі операциялар аяқталғанға дейін бір күн бойы жыртылмайды. «Соның ішінде жалақыға» деген жолдың бойында касса бойынша шығысқа есептен шығарылмаған жалақыға арналған төлем тізімдемелері бойынша сомасы да көрсетіледі.

Касса операциялары шағын  болса, онда касса есебі 3-5 күнде  бір рет жасалуы мүмкін. Касса кітабында ақшаның кімнен алынғаны және кімге берілгені жөніндегі құжаттың нөмірі, корреспонденцияланған шоты, сомасы (кіріс, шығыс) көрсетіледі. Күн сайын, жұмыс күнінің аяғында кассир берілген ақшанын жиынтығын шығарады, және күннің  аяғындағы қалдықты есептейді. Өшіру мен ескертілмеген түзетулер еңгізуге кітапта жол берілмейді. Түзетулерге кассир мен бас бухгалтердің қол қойылуы керек.

Кассирдің есебінде корреспонденцияланатын шоттарға белгі жасалады, содан соң оның деректері 1011 — «Кассадагы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша» шотының дебеті мен кредиті бойынша машинограммаға немесе есеп регистрлеріне көшіріледі.

Касса бойынша операциялардың, яғни 1011 шоттың кредиті мен дебеті есебін кассир жүргізеді. Регистрлерге  жазулар бухгалтерияға кассир есебінің түсуіне қарай жүргізіледі. Бірыңғай корреспонденцияланған шоттардың сомалары біріктіріледі.  Айдың аяғында есепті айдан кейінгі бірінші жұлдызына регистрлердегі қалдық шығарылады, ол кассирдің есебіне және Бас кітаптағы 1011 шоттың қалдығына сәйкес келуге тиіс.

Информация о работе Ақша туралы ұғым