Ақша туралы ұғым

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 06:45, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты- ақша қаражаттарымен есеп айырысу операцияларына кеңірек тоқталып, операциялардың шоттарда жүргізілу ерекшеліктерін айқындау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасын;
кассадағы қолма-қол ақша есебін;
валюта шотындағы қолма-қол ақша есебін;
банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттарын есепке алуды;
есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша есебін

Оглавление

КІРІСПЕ………………………………………………………………....…………3

1 АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ…..……..……..5
1.1 Ақша туралы ұғым............................................................................................5
1.2 Есеп айырысу нысандары.................................................................................6
1.3 Вексель арқылы есеп айырысу.........................................................................9
1.4 Төлем карточкаларымен есеп айырысу.........................................................15

2 КАССАДАҒЫ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚША ЕСЕБІ..................................................22
2.1 Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша есебі.................................22
2.2 Кассадағы шетелдік валютадағы қолма-қол ақша есебі.............................26

3 ВАЛЮТА ШОТЫНДАҒЫ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚША ЕСЕБІ.............................29
3.1 Валюта шоты бойынша жүргізілетін операциялар .....................................29
3.2 Валюталық бақылау........................................................................................33

4. БАНКТЕГІ АРНАЙЫ ШОТТАРДАҒЫ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУ.................................................................................................…...36
4.1 Аккредитивтік шоттағы ақша қаражаттары.................................................36
4.2 Чек кітапшасындағы ақша қаражаттары.......................................................38

5 ЕСЕП АЙЫРЫСУ ШОТЫНДАҒЫ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚША ЕСЕБІ...............39
6 КӘСІПОРЫНДАҒЫ АҚША ҚАРЖЫЛАРЫН ТҮГЕНДЕУ........................44

ҚОРЫТЫНДЫ….......…………………………………………………….….….46
ҚОСЫМШАЛАР...................................................................................................48
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............………………….………...51

Файлы: 1 файл

ақша қаражаттарымен есеп айырысу.doc

— 256.00 Кб (Скачать)

Алған лицензияларына сәйкес операциялар жүргізген кезде  валюталык заңның сақталуын бақылау міндеті жүктелген өкілеттіктеріне берілген банкіден тыс қаржы мекемелері мен өкілеттігі берілген банкілер валюталық бақылаудың агенттері болып табылады.

Валюталық бақылау органдары  өз міндеттерін жүзеге асыру үшін валюталық бақылау агенттерін жұмыска тартады және олардың тиісті тапсырмаларды орындауы үшін біршама құқықтарды береді.

Қазақстан Рсспубликасында  валюталық операцияларды жүзеге асырып жаткан резидент те, резидент емес те республиканың заңымен  белгіленген  тәртіппен осы операцияларға  қатысты ақпараттар мен тиым салынған құжаттарды валюталық бақылау агенті мен органдарына беруге міндетті: өзінің үй-жайына, құжаттарға және автоматталған базалык мәліметтерге кіруін қамтамассыз етуді; тексеру барысында да, сондай-ақ олардың нәтижесі бойынша да түсінік беруге; валюталық бақылау органдарының талаптарын орындауы тиіс.

Заңды тұлға-резиденттер  шетел валютасын ішкі саудада  тек резидепт еместермен есеп айырысуды  жүзеге асыру үшін жеке міндеттемелерін  орындау үшін, сондай-ақ заң актілерінде  карастырылған басқа да жағдайларда ғана сатып ала алады.

Заңды тұлға-резиденттер  шетел валютасын сатып алуға  тапсырысты әзірлеу кезінде сатып  алу мақсатын көрсетуді, сондай-ақ резидент еместермен есеп айырысуда жүзеге асырудың қажеттілігін растайтын құжаттарды қоса тапсыруы немесе өкілетті банктерден алынған несиелер бойынша міндеттемелерді орындауды және осы валютаны, егер ол өз мақсаты бойынша пайдаланылмайтын болса, онда оны сатып алынған күннен (датасынан) бастап, отыз күннің ішінде ағымдағы нарықтық бағамы бойынша ішкі валюталық саудада сатуға тек банкке ғана өкілеттік берілген.

Заңды тұлға- резиденттерге  валюталық операциялар бойынша  көрстілген банктік қызмет түрлеріне  өкілетті банктер арқылы тараптардың  келісімі бойынша ұлттық немесе шетел  валютасы түрінде төлемақы алынады.

Өкілетті банкілердің шетел валютасын сатып алған кезде келесі шоттар корреспонденциясы қарастырылады.

 Теңгемен алған  несиелерді, сондай-ақ олар бойынша  пайыздарды  мен басқа да төлемдердің  шетел валютасымен орнын жабуға  тыйым салынады.

Өкілетті банкілерден  шетел валютасын сатып алған кезде келесі шоттар корреспонденциясы қарастырылады:

1040 және 1041 шоттар бойынша есеп айырысу шотындағы жазбаларға  сәйкес жазылады.

1040  және 1041 шоттарының дебеті келесі шоттардың кредитімен корреспондецияланады:

1012 «Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол акша» кассадан валюталық шотқа өткізілген валютаның сомасына;

1210 «Алынуға тиісті борыштар»— тиелген өнім, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін төленетін валюталық қаржы келіп түсті;

 «Бағам айырмашылығынан түскен табыс» — шетелдік валютаның ұлттық валютаға қатысты бағасының өсуінің нәтижесінде пайда болған оң бағам айырмашылығының сомасына;

1040 және 1041 шоттарынын кредиті келесідей шоттардың дебетімен корреспонденцияланады:

1012 «Кассадағы шетелдік валюта түріндегі нақты акша» - валюталық кассадан валюталық кассаға алынған валютаның сомасына барабар.

3310 «Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу» — жеткізілген материалдық қорлар, атқарылған жұмыстар және көрсетілген кызмет үшін шетелдік фирмалардың (шот фактуралары) инвойсы төленді;

 «Бағам айырмашылығы  бойынша шықкан шығыс» — шетелдік  валютаның ұлттык валютаға қатысты  бағамының төмендеуінің нәтижесінде  пайда болған теріс бағам айырмашылығының  сомасына.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 БАНКТЕРДЕГІ АРНАЙЫ ШОТТАРДАҒЫ

АҚША ҚАРАЖАТТАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУ

 

4.1 Аккредитивтік шоттағы  ақша қаражаттары

 

Кәсіпорындар банкілердің  арнаулы шоттарында жасалатын операцияларынң есебі  «Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттары» деген бөлімшесінің шоттарында жүреді. Олардың қатарына келесі шоттар кіреді.

 «Аккредитвтегі ақша қаражаттары» шоты. Бұл шотта аккредитивтегі  қаржыларының қозғалысы есепке алынады. Аккредитив — клиенттің тапсыруымен өзі келісімге отырған контрагенттің пайдасына берілген банкісінің сөзсіз орындалуы тиісті міндеттемесі. Ол бойынша аккредитив ашқан банк (банк-эмитент) жабдықтаушыларға төлем жасай алады, немесе осындай төлемдерді олар аккредитивте көзделген құжаттарды ұсынган жағдайда баска банкілерде жүзеге асыруына өкілеттік бере алады.

Аккредитивтің келесі түрлері ашылады:

  • жабылатын (депоненттелген); қайтарып алынатын немесе қайтпайтын дәлелденген және трансферабельдік (аудармалы) болып бөлінеді.

  Жа6ылатын (депаненттелген) аккредитивті ашқан кезде банк-эмитент орыңдаушы банкке  аккредитивтін сомасына тең акша сомасын (жабылатын) оның билігіне беріп, ал ол өзінің міндеттемесінің әрекет ету мерзімінде осы ақшаны мүмкіндігінше аккредетив бойынша төлем жасау үшін пайдаланатын жағдай ымен келіседі.

 Қайтарып алынатын  аккредитивті банк-эмитент бенефициармен алдын-ала келіспей-ақ  жоюы немесе өзгертуі мүмкін. Қайтарып алынатын аккредитив жағдайында барлық билікті өзгерту туралы жағдайды төлеуші тек банк-эмитент арқылы бенефициарга бере алады. Бірак өзгерісту мен жоюдың алдында орындаушы банк, аккредитив жағдайына сәйкес, бенефициар қойған және бенефициар банкісі қабылдаған құжаттарды төлеуге міндетті.

 Қайтпайтын (немесе қайтарып алынбайтын) аккредитивте банк-эмитенттің. барлық жағдайын орындаған кезде аккредитив бойынша төлем жасауды қатаң түрде өз міндетіне алады. Қайтпайтын аккредитив пен бенефициардың келісімінсіз өзгертуге немесе жоюға жатпайды.

Бенефициар аккредитивтің  пайдалануын өз  мерзімінен бұрын  тоқтата алады, егер де бұндай жағдай шартта каралса.

Дәлелденген аккредитив  - бұл банк-эмитент болып саналмайтын баска орындаушы банктердің қосымша кепілдігі бар болса ғана жүзеге асатын аккредитиві.

Трансферабельдік (аударма) аккредитив — бұл бенефициардың өзінен баска (екінші бенефициар болып саналатын) бірнеше тұлғаның немесе аккредитівті толық немесе ішінара пайдаланатын мүмкіндігін қарастыратын аккредитив.

Аккредитив тек бір  ғана бенефициармен есеп айырысуға  арналуы мүмкін. Аккредитив бойынша  есеп айырысу тәртібі және онын мерзімі  бенефициар мен төлеушінің арасындағы келісім-шартта белгіленеді.  Сондай-ақ келісімнің ішінде: банк-эмитенттің атауы, аккредитивтің түрі және оны пайдалану тәсілі, аккредитивтің ашылғаны жөнінде жабдықтаушыны хабардар ету тәсілі, аккредитив бойынша қаржы алу үшін бенефициар ұсынған құжаттардың толык тізімі және накты сипаттары, тауарларды тиегеннен кейін құжаттарды ұсыну мерзімі, оларды рәсімдеуге қойылатын талаптар, басты қажетті құжаттар мен шарттары болуы қажет. Аккредитивтің қандай түрге жататындығы анық болуы керек, яғни қайтарып алынатын ба, жоқ әлде қайтарып алынбайтын ба ? Егер де бұндай белгілері анық болмаса, онда ондай аккредитивтер қайтарып алынбайтын болып саналады. Сондай-ақ аккредитивтің пайдалану тәсілі де анық болғаны жөн: ұсынған заматта төленетін немесе бөліп-бөліп төлеуіне болатын және аудармалы вексельді акцептеу немесе негоциациялау үшін пайдаланатын болып бөлінеді.

Аккредитив бойынша  қаржы алу үшін бенефициар тауарларды тиеген соң, тауарлардың тиелгені жөнінде  және басқа да аккредитивтің шарттарында  көзделген құжаттарды қызмет етуші банк мекемесіне ұсынады. Аккредитив бойынша төлемді растайтын құжаттар жабдықтаушы арқылы банкке аккредитивтің мерзімі өткенге дейін ұсынылуы және аккредитивтің барлык шарттарынын орындалғанын айғактауы керек. Осы шарттардың біреуі бұзылған жағдайда аккредитив бойынша төлеу жүзеге асырылмайды.

Бенефициар банкісі  аккредитив бойынша қаржының дұрыс  пайдаланылуын бақылайды, сол үшін аккредитив беруші оған аккредитив сомасынан  белгіленген көлемде делдалдық  ақша төлейді. Аккредитив ұсынылған тапсырыста делдалдык ақшаның сомасы жеке көрсетіледі.

 

4.2 Чек кітапшасындағы  ақша қаражаттары

 

Кітапшалардағы чектерге төлем жасалуы үшін чектер чек ұстаушылар арқылы банкке чек реестрімен ұсынылады. Чек кітапшаларын есеп беруге жабдыктаушыларға (экспедиарларға) және баска тұлғаларға беру кезінде  «Басқа да дебиторлық қарыздар» шотының  «Өздеріне берілген чек кітапшалары бойынша есеп беретін тұлғалар» деп аталатын аналитикалық шоты дебеттеліп, «Басқа кредиторлық. Қарыздар» шотының «Чек кіапшалары бойынша есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу» деп аталатын аналитикалык шоты кредиттеледі.

«Банктердегі арнайы шоттардагы қолма-қол қаражат» шотында  айрықша сактауды талап ететін қаражаттар есепке алынады. Бұлар үкіметтің жәрдемі ретінде алынған қаражат, жергілікті бюджеттен мақсатты қаржыландыру, мектепке дейінгі балалар мекемелерін қаржыландыратын кәсіподақ және басқа да ұйымдардың қаражаты, мәдениет, ағарту мекемелерінің, демалыс лагерьлері, ата-аналардың  балаларын балалар мекемесінде ұстауға жұмсалатын қаражаттар.

 

 

 

  1. ЕСЕП АЙЫРЫСУ ШОТЫНДАҒЫ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫҢ ЕСЕБІ

 

Банк шоттары теңгемен де, шетел валютасымен де ашылуы мүмкін. Банк келісім бойынша ағымдағы немесе корреспонденттік шоттарын ашқан  кезде, шот иесінің пайдасына  келіп түсетін ақшаны қабылдауды, оның өзіне немесе үшінші тараптарға тиесілі ақша сомаларын аудару жөніндегі ұйғарымын орындауды және басқа да қызмет түрлерін көрсетуді өз міндеттеріне алады.

Банк пен Қазақстан  Республикасының резиденті –  заңды тұлға мен оның жекелеген  құрылымдық бөлімшесі арасында келісім жасау үшін қойылған қол үлгілері және мөр таңбасы бар құжаты, клиенттің салық есебіне қойылғанын растайтын, салық қызметі органдары берген белгіленген үлгідегі құжаты, аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қолдау бөлімі берген шаруашылық жүргізуші субъектінің ҚР зейнеткерлік қорына жарналар төлеуші ретінде тіркелгендігі жөнінде  фактісін растайтын белгіленген үлгідегі құжаты; мемлекеттік тіркеуден (кайта тіркеуден) өткендігін растайтын, өкілетті органдар берген белгіленген үлгідегі құжаттың көшірмесі немесе оған теңестірілген құжаттың көшірмесі; Қазакстан Республикасы заң тәртібімен бекітіліп, куәландырылған құрылтайшылық құжаттын (құжаттардың) көшірмесі тапсырылады.

Банктегі жинақ шоттарын ашкан кезде, банктер салымдарды салушылардан кабылдауға келісім-шартта көрсетілген тәртіпте, оларға марапаттау төлеуге және әрекет етіп тұрған заң актілері мен келісім-шартта қарастырылған тәртіпте және келісілген жағдайында салымдарды қайтаруға өз міндетіне алады.

Егер де банкте шот  иесінің пайдасына жаңылыс аударылып кеткен ақша қаражатының фактысы аныкталса, онда ол сол қаражаттарды шот иесіне хабарламай-ақ қатесін жөндеуге құкылы. Бірақ бұл жағдай келісім-шартта карастырылганы жөн.

Жаңадан ашылатын заңды  тұлғалар Қазакстан Республикасының  заңына сәйкес жарлық капиталын төлегенін қуаттайтын құжаттарды ұсынуы тиіс, ол үшін келісім- шарттың негізінде оларға уақытша жинақ шоттарын ашады. Ал мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды тұлғаға ағымдағы шоттар ашады.

Есеп айырысу және басқа да шоттарды рәсімдеу үшін банкте келесі құжаттар пайдаланылады:

Қолма-қол ақша жарнасына  берілетін хабарлама. Шот иесінің  банктегі шотына қосып есептеу үшін түсім қаражаттарын және қолма-қол  ақшамен салынатын басқа да сомаларды  банкке қабылдау жөніндегі бұйрығы. Хабарлама сиямен бір дана етіп жазылады; қабылданғана ақшаға банк түбіртек береді, және ол кассаның шығыс ордеріне қоса тіркеледі.

Есеп айырысу шоты бойынша операциялардың есебі 1030 «Есеп айырысу шотындаіы қолма-қол ақша» шотында жүргізіледі. Субъектілер шоттары бойынша банк екі дана етіп бет есебін ашады. Бірінші дана бет есептің көшірмесі болып табылады және ол бастапқы құжаттармен бірге шаруашылык жүргізуші субъектіге беріледі, екіншісі –бет есебі болып қалады.

Көшірме атқарушының қойған қолымен және банктің «көшірме үшін» мөрінің таңбасымен (оттискісімен) расталынады.

Көшірмелердегі әрбір  түзету атқарушы мен бас бухгалтердің немесе оның орынбасарының қойған қолдарымен куәландырылуы және банк мөрінің  таңбасымен бекітілуі тиіс. Көшірмелерге қоса тіркелінген құжаттарда көшірмеге қол қойған операцияны жүргізуші қызметкердің қолымен бірге штамп және осы құжаттардын бет есебі бойынша келтірілген жазбалардың күні (датасы ) керсетілген календарлық штемпелі қойылуы тиіс. Көшірмелер бірінші немесе екінші болып қол қою құқығы бар адамдарға субъектінің келісімі бойынша бекітілген мерзімде беріледі. Көшірмелер субъектілерге почта арқылы жіберілуін немесе банк клиенттері үшін қолайлы жерде орналастырылған абоненттік жәшік арқылы жіберілуі мүмкін.

Клиент өкілінің көшірмені  алған жөнінде бет есепте немесе жеке карточкада қойған қолы болуы керек. Банк көшірмелері оған қоса тіркелген құжаттармен тексеріледі. Банкінің қате аударған сомаларының мән-жайын анықталғанға дейін 1030- «Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша» шоты кредитінен–«Басқа да дебиторлық қарыздар» шотынын дебетіне есептен шығарылады, ал есепке алынған сомалар 1030-шоттан дебеті және - «Басқа да кредиторлық қарыздар» шотының кредиті бойынша көрініс табады. Банкі шоттары оның иесінің өтініші бойынша жабылады.

Заңды тұлға - шот иесін тарату немесе қайта ұйымдастыру кезінде, немесе заңды тұлғаның шотының бір жылдан астам, ал жеке тұлғалардың шотына үш жылдан астам кезеңде ақша келіп түспеуіне байланысты банкі шоттары жабылады, ал басқа жағдайда оны жабуға тыйым салынады.

Информация о работе Ақша туралы ұғым