Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2011 в 16:57, реферат
Біз күнделікті нан, сүт, картоп сатып аламыз, шаштаразға барамыз, ұялы байланысты қолданамыз, басқаша айтқанда – тауарлар мен қызметтерді пайдаланамыз. Бұл үшін ақы төлейміз, сондықтан оның орнына бізді қанағаттандыратын сапалы өнім алуға құқылымыз. Дамыған елдерде тұты-нушының құқығы сенімді түрде заңнамамен бекітілгенжәне атқарушылық деңгейде қорғалған.
1.Нарықтағы тұтынушылардың қаржы қызметтерінің қалауын зерттеу
2.Қаржы қызметтерін тұтынушыларды қорғаудың маңыздылығы
3.Тұтынушылардың қалауы бойынша сүт және сүт өнімдеріне зерттеу жүргізу
Жоспар:
1.Нарықтағы тұтынушылардың қаржы қызметтерінің қалауын зерттеу
2.Қаржы қызметтерін
тұтынушыларды қорғаудың
3.Тұтынушылардың
қалауы бойынша сүт және сүт
өнімдеріне зерттеу жүргізу
Нарықтағы тұтынушылардың қаржы қызметтерінің қалауын зерттеу
Тұтынушы – өзінің жеке өнімін қоса алғанда, кез келген өндірген өнімді, кез келгеннің қызметін пайдаланатын тұлға немесе ұйым.
Біз күнделікті нан, сүт, картоп сатып аламыз, шаштаразға барамыз, ұялы байланысты қолданамыз, басқаша айтқанда – тауарлар мен қызметтерді пайдаланамыз. Бұл үшін ақы төлейміз, сондықтан оның орнына бізді қанағаттандыратын сапалы өнім алуға құқылымыз. Дамыған елдерде тұты-нушының құқығы сенімді түрде заңнамамен бекітілгенжәне атқарушылық деңгейде қорғалған. Қазақстанда тұтынушылардың құқықтарын қорғау кепілдігін 1991 жылғы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заң қамтамасыз етеді. Бұл заңның бүгінгі күні өзекті болып саналатын мәселелерді қамтитын жаңа редакциясы 2009 жылы күшіне енеді.
Тұтынушылардың тағы бір санаты – қаржы қызметтерінің тұтынушылары. Бүгінгі күні, біздің өмірімізді жеңілдететін қаржы жүйесі және жоғарғы технологиялар қарқынды дамыған кезде, барлығымыз қандай да бір дәрежеде қаржы қызметтерінің тұтынушыларына айналдық. Бұл қалайша? Біз өз жинақтарымызды банктік депозитте сақтаймыз, несиелер аламыз, пластикалық карталарды пайдаланамыз, интернет-банкинг жүйесінің көмегімен шоттарды төлейміз, өз мүлкімізді сақтандырамыз, зейнетақы қорымызға – біздің қалтамызға, тіпті материалды амандығымызға тікелей әсер ететін осы барлық қаржы қызметтерін саламыз.
Сондықтан қаржы өнімдерінің секторы біздің өмірімізде, күнделікті тауарлар мен қызметтерге қарағанда, маңызды роль атқарады. Қаржыға қатысты кез келген шешімдер біздің тағдырымызға әсер ететін көзге көрінер, салыстырмалы нәтижелер бермек. Егер сіз ақшаңызды сауатты жұмсайтын болсаңыз, онда сіздің ертеңгі қаржы негізіңіз берік қаланады әрі өзіңіздің армандарыңызға қол жеткізе аласыз. Егер жұмсай алмасаңыз… Келісіңіз, болашақ зейнетақыңыз байланысты болатын, зейнетақы қорын таңдауда қателесуіңіз мүмкін, сізге бұл ашыған қаймақ сатып алу емес.
Сондықтан қаржы қызметтерін тұтынушы – банктердің, инвестициялық компаниялардың және сақтандыру фирмаларының қарапайым клиенті ғана емес, сондай-ақ, өзінің капиталын басқаратын және өзінің материалдық болашағын құратын инвестор да.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заң азаматтардың қаржы ұйымдарымен өзара қарым-қатынастарын қарастырмайды, себебі бұл жерде барлық тәуекелдері бар инвестициялық жасаушы әрекет етеді. Ал, егер сен инвестор болсаң, онда салымдармен байланысты барлық тәуекелдерді өзің көтеруің керек.
Дегенмен, мемлекет басқа заңдар арқылы, соның ішінде Азаматтық кодекс және нақты салаларды реттейтін нормативтік актілер арқылы қаржы қызметтерінің тұтынушыларын қорғауды қамтамасыз етеді.
Көптеген азаматтар барлық мүмкін қаржы қызметтерін пайдалану кезінде жедел несиені алудан бастап қор нарығындағы инвестициялауға дейін әртүрлі қорқыныштарды сезінуі тиіс. Ал, маған рұқсат бермесе? Қаржы проблемалары туындауы мүмкін бе? Ал, егер мені «алдап кетсе ше»? Мен ақшаларым-ды жоғалтып алмаймын ба? Менің сауатым жеткілікті ме?
Қаржы қызметтерін тұтынушылардың сұрақтары көп. Осы қорқыныштар мен күмәндардан арылу үшін қаржы секторы жайында пайдалы ақпараттарды меңгеріп, алғашқы қолдардан мәлімет алу қажет. Барлық аталған сұрақтарға жауаптарды «Тұтынушыларды қорғау» кітапшасынан табуға болады. Бұл кітапша Елбасының бастамасымен Қазақстан Республикасының Үкіметімен қабылданған Қазақстан Республикасы халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттырудың 2007–2011 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жарияланып отыр. 2008 жылғы қыркүйектен бастап Бағдарламаның іске асырылуына Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі жауап береді.
Осы мәселедегі Агенттіктің маңызды стратегиясы барлық қолданыстағы қаржы құралдары жайында толық ақпарат беруге бағытталған. Соның ішінде, «Мен – инвестормын», «Отбасылық бюджетті басқару негіздері», «Алаңсыз қарттық», «Менің алғашқы капиталым», «Қарызға өмір сүру» сияқты басылымдар жарияланды. Сондай-ақ, білім беру теледидарлық бағдарламалар циклін іске қосу және басылымдар серияларын тарату жобалануда.
«Тұтынушыларды қорғау» тақырыбына жазылған қаржы-лық сауаттылық жайындағы осы материалда біз қаржы қызметтерін пайдаланушы деген кім және оның мүдделерін қорғаудың тиімді жүйесін құрудың соншалықты маңыздылы-ғы неде, бұл қаржылық нарығы дамыған батыс елдерінде қалай екендігі жайында толығырақ әңгімелейміз. Сонымен бірге, Қазақстанда қаржы қызметтерін пайдаланушылардың құқықтарын іске асыру тетігі қандай: заңнама (келесі секторларды құқықтық реттеу: банктер, сақтандыру компаниялары, бағалы қағаздар нарығы, зейнетақы жүйесі), мемлекеттік ке-пілдендіру (халық салымдарын сақтандыру, жинақтау зейне-тақы жүйесі, сақтандыру төлемдерін кепілдендіру) мен реттеу жүйелері (Ұлттық Банк, ҚҚА, АӨҚО), сот жүйесі арқылы жә-не т.б. Несие бюросы мен банктік сектор қалай жұмыс істейді – соның ішінде банк қызметтерінің мәні мен ерекшеліктері: банктік шоттар, аудару операциялары, төлем карталары, депозиттер, несиелер, интернет-банкинг және т.б. Сондай-ақ, қаржы нарығында алаяқтық қызметтерінің түрлерін және алаяқтардың әрекеттерінен қорғау тәсілдерін қарастырамыз.
Осы
ақпарат әрекет етуші және болашақ қаржы
қыз-меттерінің тұтынушылары үшін пайдалы,
ең алдымен, қаржы және инвестициялық
өнімдер мен қызметтерді тиімді пайдалану,
соның ішінде өзінің жинақтарын қауіпсіздендіру
мақсатында алған білімдерін жемісті
пайдалану үшін қажет.
Қаржы қызметтерін тұтынушыларды қорғаудың маңыздылығы
Қаржы қызметтерін пайдаланатын азаматтар мемлекеттің қорғауын қажет ететіндігі жайында айту қажет пе? Біріншіден, қаржы нарығы қоғамдық өмірдің басқа саласы секілді, тәртіп болу үшін билікпен реттелетіндігі табиғи нәрсе. Екіншіден, көптеген адамдардың қаржы саласы бойынша білімдері төмен, ал белгілі бір түсінігі барлар осы нарықта болып жатқан өзгерістер жайында біле бермейді. Ал, егер бүкіл халықтың қаржылық сауаттылығы болмаса, оның жетіспеушілігі нақты адам ғана емес, сондай-ақ бүкіл ел болып қиын жағдайға ұшырауы мүмкін.
Қаржы қызметтерінің тұтынушыларын тиімді қорғау халықтың қаржылық секторына сенімді болуы және осы нарыққа үміт артуы үшін, сонымен қатар қаржы қызметтерін пайдалану кезінде азаматтардың мүмкін тәуекелдерін барынша төмендету үшін қажет. Сондай-ақ, тұтынушылардың қаржы процестеріне қатысуы қазіргі заман экономикасының сұраныстарына сәйкес қаржылық делдалдық көрсетуде жүйенің өтімділігін және оның мүмкіндігін арттырып, қаржы жүйесіне пайда әкеледі. Халықты қаржы нарығына тарту және барлық азаматтар үшін қаржы нарығының түрлі құралда-рына кеңінен қол жеткізу қаржылық тұтынушыларды қорғау бойынша кез келген бағдарламаның маңызды мақсаттары болып табылады.
Қаржы нарықтарының тұтынушыларын жүйелік қорғау нарықтағы кейбір қаржы нарықтарының әділетсіз мінез-құлықтарынан, мысалы, бөлек компания клиенттердің сауатсыздығын жеке мақсаттарда пайдаланудан қорғауды қамтамасыз ете алады. Қаржы ұйымдарын қадағалау осындай этикалық емес қылықтарды жою үшін қажет.
Тұтынушыларды қорғаудың күшті режимі қаржы меке-мелерінің қызметтері туралы толық әрі таза ақпаратты алуға заңды құқық ұсынып, азаматтарға көмек көрсете алады, сонымен қатар, егер қаржы мекемесі заңсыз және алаяқтық әрекеттерге қатысатын болса, тиісті шараларды қабылдау мүмкіндігін ұсынады.
Өнеркәсібі дамыған елдерде қаржы саласындағы реттеу органдары тұтынушылардың төлемдері, соның ішінде несие карталары және ұжымдық инвестициялық қор туралы ақпаратты дәл, әрі толық жария ету туралы ережені әзірледі. Мысалы, АҚШ-та жүргізілген зерттеу, чек бойынша қолма-қол ақша алу орталықтары сияқты, қаржы қызметтерінің баламалы жеткізушілерді пайдаланатын тұтынушылардың 58 % чектік немесе жинақтау шотына ие болған, бірақ оларды пайдалануды қажет етпейтін. Кірісі төмен осындай тұтынушылардың негізгі проблемасы банктік төлемдер туралы таза ақпаратты ұсынбайтын жүйеге сене алмайтындығы, сонымен қатар қаржы мәселелерінде олардың құрылу деңгейінің төмендігі. Олай болса, қаржылық сауаттылық және тұтынушылардың мүдделерін қорғау мәселесі, басқа елді айтпағанда, әлемдегі экономикасы дамыған елдерде де өзекті болып табылады.
Тұтынушыларды қорғау мәселесі жеке тұтынушылар арасында қатынастар мен өзара әрекеттеріне қатысты, яғни қатардағы азаматтарға және қаржы мекемелеріне де қатысты екендігін атап өту керек. Кез келген ұйымның қаржы қызмет-терін пайдаланатын заңды тұлға (фирма, банк, кәсіпорын), қорғауды қажет ететін қаржы қызметтерінің тұтынушылар санатына кірмейді. Өйткені, мысалы, инвесткомпания – бұл тәжірибесі жоқ жеке тұтынушымен салыстырғанда, өзінің мүддесін қорғай алатын жоғары білікті кәсіби клиент.
Тұтынушылардың мүдделерін қорғау үшін араласу қажеттілігі қаржы қызметтерінің нарығы жеке тұтынушыларды қорғай алмаған жағдайда туындайды. Академиялық әдебиетте жеке тұтынушылардың мүдделерін шектейтін нарықта алты әлеуетті қиындықтар бөліп көрсетілген:
1) Тұтынушыларға сай келмейтін ақпараттар. Ақпарат кейбір тұтынушылар үшін қымбат немесе оған қол жеткізу қиын болуы мүмкін.
2) Тұтынушылардың қаржы өнімдерінің сапасын бағалай алмауы. Күрделі қаржы өнімдеріне қатысты барлық тиісті ақпарат ашылғанымен, оны бағалау қиынға соғуы мүмкін.
3) Сапасыздық проблемасы. Тұтынушылар, қаржы мекемелері өз өнімдерін тұтынушылардан жақсы білетінін мойындайды. Кейбір тұтынушылар сапасыз өнімдерден қауіптеніп нарықтан шығуы мүмкін.
4) Шоттарды басқарудағы тәуекелге әр түрлі бейім-ділік. Инвесторлардың қорларын басқаратын қаржы мекемесі басым тәуекелді қабылдай алады, өйткені, инвестор төмендету тәуекеліне қатысады, ал қаржы мекемесі арттыру мүмкіндігін пайдаланады.
5) Мүдделердің даулары. Қаржы мекемесі инвестордың активтерін мекемеге пайда және инвесторға шығын әкелетін инвестицияларға орнықтыруға ықпал етеді.
6)
Жеткізушілерді бақылау
қажеттілігі. Егер қадағалау органдары
белсенді болмаса, онда тұтынушылардың
тобы жұртшылыққа ұсынылатын қаржы қызметтерінің
сапасын бақылауы тиіс.
Тұтынушылардың қалауы бойынша сүт және сүт өнімдеріне зерттеу жүргізу
Сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі оның көптеген тұтынушылық қасиеттерімен анықталады. Осыған байланысты автордың пікірінше, сүт және сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі – бәсеке жағдайында тағамдық құндылығы, табиғилығы, дәмі, майлылығы, бағасы, сақталу мерзімі, санитарлық-гигиеналық жайы, сыртқы орамасының тартымдылығымен тұтынушылардың қажеттілігі мен талғамын және өткізу жағдайымен қанағаттандыратын экономикалық түсінік. Оған өнім сапасы, бағасы, тұтынушы талғамы және жаңашылдық факторлары әсер етеді.
Сүт
және сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін
сипаттайтын параметрлерді
Сүт және сүт өнімдері – адам денсаулығына ең қажетті пайдалы заттармен қамтамасыз ететін тамақ өнімдерінің бірі. Шет елдерде сүт өнімдерінің бір жылдағы тұтыну нормасы 185 – 477 кг аралығында өзгереді.
Сүт Одағының мәліметтері бойынша, қазіргі таңда отандық сүт және сүт өнімдері халықты сапалы өнімдермен толық қамтамасыз ете алмайды. Өндірілген шикізаттың тек 1\3 бөлігі өнеркәсіптік қайта өңдеуден өткізіледі. Отандық кәсіпорындар оралған сүт өнімдерімен тұтынушылардың қажеттіліктерінің тек 27% қамтамасыз етеді.
«Acadian»
зерттеу компаниясының 2008 жылғы
мәліметтері бойынша
«Казагромаркетинг»
ақпараттық-сараптама
Қазақстан
Республикасының Денсаулық
Кесте 1– Шет елдердегі сүт өнімін адам басына шаққандағы ұсынылған тұтыну нормасы
Тағам өнімдерінің атауы | Қазақстан | Ресей | Белорусия | Қырғызыстан |
Сүт және
сүт өнімдері
(сүтке шаққанда), кг |
260 | 305 | 304 | 184.8 |
Сүт, л | 164,92 | 53,28 | 120 | 47,28 |
Қаймақ, кг | 3,28 | 1,2 | 1,56 | 3,6 |
Сүзбе, кг | 3,28 | 7,56 | 9,84 | 9,12 |
Ірімшік, кг | 3,28 | 1,8 | 2,4 | - |
Сары май, кг | 1,9 | 1,92 | 6 | 3,72 |
Ескертпе–
«Казагромаркетинг»ақпараттық- |