Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2012 в 19:08, курсовая работа
Менің мұндай тақырыпты алған себебім: сақтандыру әсіресе соңғы жылдары Қазақстанда ерекше қарқынды, үдемелі түрде дамуда, сөйтіп оның экономикалық өмірдегі маңызы біршама артып отыр. Ал, негізгі мақсатым-сақтандыру туралы білімімді тереңдете, жетілдіре түсу болып табылады. Курстық жұмыстың тақырыбы-“Сақтандыру жауапкершілігі, мәселелері мен шешу жолдары” деп аталады. Бұл тақырыптың өзектілігі-халық өздерінің материалдық құндылықтарын жоғалтпауына мүмкіндіктің бар болуы, сонымен бірге өмірін, денсаулығын сақтандыруына да болады. Сақтанушылар көлемі жылдан-жылға өсіп келеді.
Кіріспе.............................................................................................................3
І тарау. Сақтандырудың экономикалық мәні және рөльдері...............6
1.1.Сақтандыру ұғымы, объектілері мен субъектілері ...............................6
1.2. Сақтандырудың жіктелуі......................................................................15
1.3. Сақтандыру нарығы..............................................................................17
ІІ тарау. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру..........................22
2.1. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру компаниялары.............22
2.2. Allianz Кazakhstan сақтандыру комапаниясы.....................................23
2.3 . Allianz Кazakhstan компаниясының қаржы жағдайы..........................24
III тарау. Қазақстандағы сақтандыру нарығы.......................................28
3.1. Қазақстанда сақтандыру нарығының даму перспективалары мен міндеттері......................................................................................................28
Қорытынды.................................................................................................37
Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................39
Жоспар:
Кіріспе.......................
І тарау. Сақтандырудың экономикалық мәні және рөльдері...............6
1.1.Сақтандыру ұғымы, объектілері мен субъектілері ..............................
1.2. Сақтандырудың жіктелуі......................
1.3. Сақтандыру нарығы........................
ІІ тарау. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру....................
2.1. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру компаниялары.............22
2.2. Allianz Кazakhstan сақтандыру комапаниясы...................
2.3 . Allianz Кazakhstan компаниясының қаржы жағдайы.......................
III тарау. Қазақстандағы сақтандыру нарығы........................
3.1. Қазақстанда сақтандыру нарығының даму перспективалары мен міндеттері....................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер....................
Менің курстық жұмысымның мақсаты: Қазақстандағы сақтандыру нарығын толықтай ашу. Біздің елімізде жүргізіліп отырған түбегейлі экономикалық реформаларға байланысты сақтандыру мәселесіне маңызды көңіл бөлмеу мүмкін емес. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде сақтандыру экономиканың стратегиялық секторының бірі болып табылады. Ол меншік иелеріне олардың мүліктері жойылып кеткенде немесе зақымдалғанда және табысты жоғалтқанда зардаптың орнын толтыруға кепіл беретіндіктен қоғамда әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Сақтандырудың рөлі-ең алдымен экономиканы микро деңгейінде көрінеді. Сақтандырудың нақты келісім-шарттары өздерінің мүліктік мүдделерін қорғау мақсатындағы жеке және заңды тұлғалармен жасалынады. Ірі аймақтарды қамтитын жүздеген кәсіпорынның мүдделерін бұзатын мыңдаған халықтың өміріне қауіп төндіретін ірі табиғи техногендік сипаттар пайда болуына сәйкес зардаптарды сақтандыру жүйесі арқылы өтеудің микроэкономикалық салдары болады.
Менің мұндай тақырыпты алған себебім: сақтандыру әсіресе соңғы жылдары Қазақстанда ерекше қарқынды, үдемелі түрде дамуда, сөйтіп оның экономикалық өмірдегі маңызы біршама артып отыр. Ал, негізгі мақсатым-сақтандыру туралы білімімді тереңдете, жетілдіре түсу болып табылады. Курстық жұмыстың тақырыбы-“Сақтандыру жауапкершілігі, мәселелері мен шешу жолдары” деп аталады. Бұл тақырыптың өзектілігі-халық өздерінің материалдық құндылықтарын жоғалтпауына мүмкіндіктің бар болуы, сонымен бірге өмірін, денсаулығын сақтандыруына да болады. Сақтанушылар көлемі жылдан-жылға өсіп келеді.
Бұл курстық жұмыстың міндеті: теория жүзінде қаралатын тақырыптар:
1) Сақтандыру ұғымы, объектілері мен субъектілері;
2) Сақтандырудың жіктелуі
3) Сақтандыру нарығы;
Ал, зертханада:
1) Қазақстандағы сақтандыру компаниялары туралы;
2) Allianz Kazakhstan сақтандыру компаниясы туралы жалпы мәлімет ;
3) Қазақстанда сақтандыру нарығының даму перспективалары мен міндеттері
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстанда сақтандыру нарығының даму перспективаларын талдау.
Әр қайсысына қысқаша тоқталып өтсек:
Сақтандыру-қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Мақсаты-қоғамның, ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау. Сақтандыру функциялары:
1) бөлу;
2) өтемдік;
3) жинақтық;
4) бақылау.
Ең маңыздылары: бөлу және бақылау.
Бөлу функциясы: қайта бөлу ретінде көрінеді. Бақылау функциясы: сақтық төлемдерін жұмылдырып, сақтық қорын қатаң мақсатта пайдалануды қамтамасыз етеді.
Сақтандыру түрлері:
Міндеттілік дәрежесі бойынша:
1) ерікті;
2) міндетті
Сақтандыру объектісі бойынша:
1) жеке;
2) мүліктік.
Сақтандыру өтемін жүзеге асыру негіздері бойынша:
1) жинақтаушы;
2) жинақтаушы емес.
Сақтанушы-белгілі бір қажеттіліктерді қажет ететін тұлға.
Сақтандырушы-сол қажеттіліктерді қанағаттандырушы тұлға немесе ұйым. Сақтанушы мен сақтандырушы арасында жасалатын келісім-шарт деп аталады. Шартта: сақтандыру түрі, объектісі, төлем мерзімі, сомасы, тәртібі және т.б. белгіленеді.
Сақтық нарығы дегеніміз-ақша қатынастарының сферасы, онда сатып алу-сату объектісі “ерекше тауар” сақтық қызмет болып табылады және оған деген ұсыным мен сұраным қалыптасады. Қазақстан Республикасының сақтық нарығына қатысушылары:
1) сақтық ұйымы;
2) сақтық брокері;
3) сақтық агенті;
4) сақтанушы,
5) сақтандырушы;
6) пайда алушы;
7) актуарий;
8) уәкілетті аудиторлық ұйым;
9) өзара сақтандыру қоғамы
жатады.
Сақтандыру нарығының масштабы 3-ке бөлінеді:
1) ұлттық;
2) аймақтық;
3) халықаралық.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру-азаматтарды еңбек ету қабілетін жоғалтуына және жұмысынан айрылуына, сондай-ақ асыраушысынан айрылуына байланысты кірістің бір бөлігін өтеу үшін мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепілдік беретін шаралардың жиынтығы.
Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңінде сақтандыру заңнамасының негізі бар, ол толығымен реттеу мен қадағалаудың халықаралық стандарттарын ескеріп құрылған, міндетті сақтандыру түрлерін оңтайландыру бойынша шаралар қолданылды, сақтандыру ұйымдарының қызметіне талаптардың жаңа сапалық деңгейі көтерілген, оның ішінде олардың тұрақтылығы мен айқындылығына талаптар, сақтандыру қызметін пайдаланушылардың заңды мүдделерін қорғау жүйесін құру жөнінде, сақтандыру нарығының инфрақұрылымын орнату мен дамытуда алғашқы шаралар жүргізілді. Сонымен қатар, Ұлттық сақтандыру индустриясы алдында мемлекет ішінде де, әлемдік деңгейде де экономиканы дамыту тенденцияларына негізделген жаңа мақсаттар мен міндеттер пайда болуда. Сондықтан республиканың сақтандыру нарығының дамуының тиімді бағыттарын және оларды жүзеге асыру жолдарын бегілеу маңызды.
Қазақстанның сақтандыру нарығы қазіргі кезде көптеген мәселелерді бастан кешуде, оларды келесілерді қатыстыруға болады, өмірді сақтандыру мен жеке сақтандырудың өзге түрлері нарығын дамытудың кемшіліктері, сақтандыру ұйымдарында корпоративтік басқару жүйесін енгізу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметі туралы статистикалық база мен өзге де мәліметтердің жариялылығын құру және қамтамасыз ету, сақтандыру компанияарының қызметін автоматизациялау. Сақтандыру секторының мәселелерінде тағы атап өтуге болатындары, ерікті сақтандыру бойынша ұсынылатын қызметтердің шектеулілігі, оған қоса ұзақ мерзімді және жинақтаушы өмірді сақтандыруда сақтандыру өнімдерінің қымбаттылығы (міндетті сақтандыру түрлерін қоспағанда, онда құн шарттары заңмен бекітілген) мен сұраныстың жоқтығы, нарықта жеке сақтандыру ұйымдарының пассивтілігі мен сақтандыруға, потенциалды сақтанушылардың қызығушылығының төменділігі, негізінен өмірді сақтандыру, сақтандыру ұйымдары өздерінің тәуекелін басқару сапасының төмендігі, жинақтаушы өмірді сақтандыру ұйымдары сақтанушыларға займдарды ұсыну жүйесінің дамымағандығы, халықтың сақтандыру нарығына сенімінің жетіспеуі, сақтандыру компанияларында қызмет көрсету сапасының төмендігі, сақтандыру бизнесі саласындағы алаяқтық.
І. Сақтандырудың экономикалық мәні және рөльдері.
1.1.Сақтандыру ұғымы, объектілері мен субъектілері
Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметінің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп-бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтың жекелеген сипаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушінің, олардың топтарының натуралдық-заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Сақтандыру дегеніміз-сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандыру төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты кешені. Сақтандыру қызметі-сақтандыру ұйымының сақтандыру шарттарын жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызметтері. Сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен, Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, оның ішінде өз қызметтерін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратындар сақтандыру арқылы қорғалу құқығын Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен бірдей пайдаланады. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан заңды тұлғалардың немесе оның оқшауланған бөлімшелерінің мүліктік мүдделерін және Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке тұлғалардың мүліктік мүдделерін сақтандыруды тек қана Қазақстан Республикасының резиденті-уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясы бар сақтандыру ұйымы жүзеге асыра алады. Сақтық қорлар қоғамның ұлттық шаруашылығы әр түрлі алдын-ала болжауы мүмкін емес, оқиғаны сақтандыруға арналған қоғамның резерв қорларының жүйесі-қажетті құрамды бөлігі. Мүліктік мүдделерді қорғауды материалдық зияннан сақтандыруды және оның орнын таптыруды жүзеге асыратын сақтық қор материалдық немесе ақша қоры нысанында жасалады. Сақтық қорларда қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады. Сақтандыру қорларының басқа қорлардан ерекшелігі, олар тұтынушының қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол табыс ретінде тұтынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстардың бірден-бір бөлігі. Сақтандырудың жарналары есебінен жасалынатын сақтық қорлар белгілі бір тікелей арналымда сақтық төлемді төлеу үшін
пайдаланылмауы мүмкін. Мұндай жағдайда сақтық қорлардың қаражаттары қосымша табыс алу үшін коммерциялық айналымға жіберуі мүмкін. Бұл табыстың бір бөлігін табыскерлерді тарту үшін, сақтық қызметтер көрсетудің бағасын төмендетуге бағыттаған орынды. Сақтық жүйе Республикада экономикалық сенімді әрі орнықты дамуына халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз жасауға азаматтар мен шаруашылық субъектілердің мүлкін сақтандыруға ықпал етуі тиіс.
Сақтандырудың жалпы жүйесі 3 бөлімнен тұрады:
1. қоғамдық қорғаудың жүйесі;
2. әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру;
3. жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру.
Сақтандырудың жалпы жүйесінің дербес бөлігі-медициналық сақтандыру. Сақтандыру-сақтандырудың төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдай немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке және заңды тұлғаның заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатарлар кешені. Ерекше сақтық қатарлар сақтық қызметінің нарығын дамыту, азаматтар мен заңды тұлғаларды сақтандыру тұрғысындағы қорғаныс. Сақтандырудың қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңы мен сақтандыру мәселелері жөніндегі үкімет қаулысымен және Ұлттық Банктің сақтық қадағалау департаментінің нормативтік актілерімен реттеліп отырады. Сақтандыру процесі-сақтандыру шарты негізінде жүзеге асырылады.
Сақтандыру кезінде-сақтық резервтері мен қорларын қалыптастырудың екі негізгі әдісі бар:
1. бюджеттік әдіс;
2. сақтық әдісі.
Қорларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюджеттің қаржысын, яғни бүкіл қоғам қаражаттарын пайдалануды болжайды. Сақтық әдісі-қорларды шаруашылық жүргізуші субъектісімен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын-ала қарастырады.
Сақтандырудың мақсаты-қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.
Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:
1. қатынастардың ықтималдық сипаты;
2. қатынастардың төтенше сипаты (кез-келген ауқымда-мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде).
Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар:
- сақтық қатынастардың ақшалай сипаты;
- сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;
- оның іс-қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен, қосарланып отырады;
- сақтық қатынастардың бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;
- ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық жағдайда бола бермейді.
Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі болып табылады. Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушының төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру-қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы. Сақтандыру, табыс (пайда) түсіру мақсатымен коммерцияның шектес сфераларына қаражаттарды инвестициялау жөніндегі сақтық ұйымдарының қызметі сақтық ісі ретінде болып көрінеді. Сақтандыру-сақтық ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтық төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдай немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңи тұлғалардың заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені. Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау функциялары сай келеді.
Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде көрінуі. Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайының болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі.
Бақылау функциясы: сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді. Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандыру экономикалық категориясын сипаттау үшін тәуекелдік функциясын қарауды ұсынады, өйткені сақтық тәуекелі сақтандырудың негізгі арналымымен қолайсыз оқиғалардан болған зиянның орнын толтырумен байланысты.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі бойынша мыналар сақтандырудың нысандары болып табылады:
- міндеттілік дәрежесі бойынша: ерікті және міндетті;
- сақтандыру объектісі бойынша: жеке және мүліктік;
- сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша: жинақтаушы және жинақтаушы емес.
Міндетті сақтандыру-заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жеке сыныбы болып табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін заңнамалық актілерімен белгіленеді.
Ерікті сақтандыру-тараптың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын сақтандыру.
Аннуитет ( неміс тілінде-кенже, латын тілінде-жыл сайынғы төлем) сақтандыру ісінде рентаны немесе зейнетақыны сақтандыру жөніндегі төлемнің шамасын көрсетеді. Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер азаматтық-құқықтық жауаптылықты қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру жалпы сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде мүліктің жоғалу қаупі, жетіспеуі немесе бүлінуі және өзге де мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады. Сақтанушының немесе пайдаланушының мүліктері сақтандыруға мүддесі болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады.
Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру-сақтандырылушы жазатайым жағдайдың немесе аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсіби жағынан) қабілетін (толық немесе ішінара) жоғалтқан немесе оның денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайда оның қосымша шығыстарын тіркелген сомада, не ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Медициналық сақтандыру-сақтандырылушының медицина мекемесіне медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген медициналық қызмет көрсетулерді сұраған жолдамаларынан туындаған шығыстарын ішінара намнсе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
Көлік құралдарын сақтандыру-көлік құралын иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамның мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде айдап және ұрлап әкетілуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Жүктерді сақтандыру-жүктерді иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы және жойылуы, соның ішінде жүктердің тасымалдану әдісіне қарамастан жоғалып кетуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Мүліктік сақтандыру-мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне(автомобиль, темір жол, әуе немесе су көліктерін, жүктерді қоспағанда) оның зақымдануы немесе жойылуы салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде, үшінші бір адамдардың өміріне, денсаулығына немесе мүлігіне зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу(келтірілген зияндар үшін жауаптылықты сақтандыру), сондай-ақ шарттардан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу тәуекелін сақтандыру. Зиян келтіргендігі үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде сақтанушының өз жауаптылығы да, осындай жауаптылық жүктелуі мүмкін болатын өзге тұлғаның жауаптылығы да сақтандырылады. Зиян келтіргендігі үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде сақтанушының өзінің жауаптылық тәуекелі ғана сақтандырылуы мүмкін. Бұл талаптарға сәйкес келмейтін сақтандыру шарты жарамсыз деп есептеледі. Шартты бұзғандығы үшін азаматтық-құқықтық жауаптылық тәуекелі шартта оның талаптарына сәйкес сақтанушы оның алдында азаматтық-құқықтық жағынан пайда алушы ретінде іс-қимыл жасайтын тұлғаның пайдасына сақтандырылған болып есептеледі.
Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру кезінде кәсіпкердің сақтанушы ретінде іс-қимыл жасайтын келісім-шарт жасаушы агенттерінің өз міндеттемелерін бұзуынан болған кәсіпкерлік қызметінің залалдар тәуекелі, соның ішінде күтілген кірісті ала-алмай қалу тәуекелі сақтандырылады. Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты бойынша тек осы сақтанушының кәсіпкерлік тәуекелі және тек соның пайдасына ғана сақтандырылуы мүмкін. Сақтанушы болып табылмайтын тұлғалардың кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты немесе өзге тұлғалардың пайдасына жасалған шарт жарамсыз болады.
2005 жылдың басынан бастап “Сақтық төлемақыларына кепілдік беру қоры” өзінің тікелей қызметін бастады. Қор “Сақтандырудың кепілдік беру қоры туралы” заңға сәйкес жарғылық капиталында Ұлттық Банктің 100%-дық қатысуы болатын акционерлік қоғам нысанында құрылған. Қордың қатысушылары сақтандырудың тек міндетті түрлерін жүзеге асыратын сақтық компаниялары болады. Бүгінде сақтандырудың мұндай 10-шақты түрі бар: әлеуметтік сақтандыру, көлік құралдары иелерінің және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы, жекеше нотариустар мен турагенттер,туроперациялар еңбек міндеттіліктерін атқару кезінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің жауаптылығын сақтандыру, үшінші тұлғаға (зауыттар, заправкалар, скважиналар) зиян келтіру қаупі бар объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауаптылығын, экологиялық және медициналық сақтандыру. Сақтандырылған мүліктің түріне немесе тобына қарай сақтандырудың мынадай түрлерін ажыратуға болады: ауыл шаруашылық дақылдарын, малдарды, құрылыстарды, мемлекеттік, жекеменшік, кооперативтік кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың мүлкін, көлік құралдарын, қаржылық тәуекелді, жүктерді, мұнай операцияларын және т.б сақтандыру.
1996 жылдан бастап ауыл шаруашылығы өндірісін: көп жылдық екпелілерді, ауыл шаруашылығы малдарын, жылжитын және жылжымайтын мүліктерді, ауыл шаруашылығы өнімдері мен тауарларын қолайсыз табиғат жағдайларынан және өзге де дүлей апаттардан міндетті сақтандыруды қайта қалпына келтіру көзделді.
Өмірді сақтандыру-азаматтардың өмірін, денсаулығын, еңбек қабілеттігін және жеке басына байланысты өзге де мүдделерін залалдан қорғаудың нысаны, ол жеке басты және әлеуметтік сақтандыру қызметінің көмегімен жүзеге асады. Өмірді сақтандыру- сақтандырылушы қайтыс болған немесе сақтандыру мерзімі біткенге дейін немесе сақтандыру шартында белгіленген жасқа дейін өмір сүрген жағдайда сақтық төлемін жүзеге асыруды көздейтін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Аннуитеттік сақтандыру- сақтандырылушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбек қабілетін жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайда немесе сақтандырылушының жеке табыстарының кемуіне немесе одан айырылуына әкеліп соққан өзге де жағдайда зейнетақы немесе рента түрінде кезең-кезеңімен сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады. Жеке басты сақтандырудың сан алуан түрлері бар: өмірді аралас сақтандыру, балаларды сақтандыру, некені сақтандыру, шаруашылық жүргізуші субъектілер есебінен олардың қызметтерін сақтандыру, әуе, темір жол, теңіз, ішкі су және облысаралық, халықаралық автомобиль көлігінің жолаушыларын сақтандыру және т.с.с. Жеке басты сақтандырудың аталған түрлері жолаушыларды сақтандырудан басқасы ерікті нысанда жүргізіледі. Міндетті нысанда көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауаптылығы, әскери қызметшінің жеке құрамы, І І органдарының, ұлттық қауіпсіздік, салық службасы қымметшілері сақтандырылады.
Сақтандырудың экологиялық тәрізді түрі жіктемеде аралық жағдайда болады: ол жеке басты және мүліктік, міндетті және ерікті болуы мүмкін. Сақтық қатынастарының бұл бөлігінің баяндалған ерекшелігі мүлікті және жеке басты сақтандыру өзіндік өзгешелігі бар дербес экономикалық категория ретінде болып танылады деп түйін жасауға болады.
Сақтанушы:
1.сақтандыру мүддесін көздеген және сақтандырушымен заң күшімен немесе екі жақты келісім-шарт жөнінде азаматтық-құқықтық қарым-қатынасқа түскен жеке адам, әлде заңды құқы бар мекеме;
2.сақтандыру куәлігін иеленуші
Сақтандырушы:
1.кез-келген лицензиясы бар ұйым,тұлға
2.сақтанушының қажеттілігін қанағаттандырушы ұйым, тұлға
3.тиісті тәртіппен тіркеуден өткен, сақтандырудың өз қызметтерінің түрі ретінде жүзеге асырушы заңды ұйым (шетел азаматтары да қосылады)
Сақтандырумен айналысатын мекемені мемлекеттік тіркеуді сақтандыру қадағалауы жүргізіп, сақтандыруды жүргізуге құқық, яғни лицензия беріледі. Сақтанушы шартта көрсетілген соманы уақытында төлеуі тиіс. Егер ол сома уақытында төленбесе, пенья ,яғни өсім өседі. Сақтанушы мен сақтандырушы бір-бірімен тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасы аумағындағы мемлекеттік сақтандыру қызметтерін реттеуді арнайы құрылған Үкіметтік ұйым-Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің сақтандыру Департаменті жүзеге асыруға тиіс. Қаржы Министрлігі сақтандыру Департаментіне сақтандырудың қызметін реттеу мақсатымен мынадай құқықтар беріледі:
-сақтандыру қызметін жүргізуге лицензия беру;
-сақтандырудың бірыңғай мемлекеттік тізімін, сақтандыру брокерлерінің тізімін кіргізу;
-сақтандыру мәселелері бойынша нормативтік әрі әдістемелік құжаттарды жете ойластырып, дайындау;
-сақтандырудың Қазақстан Республикасының сақтандыру туралы заң шығарушыларының сақталуын және де олардың беріп отырған есептерінің растығына тексеру жүргізу;
және т.б.
Сақтандырушы-сақтандырумен айналысып, сақтандыру қорын құрып және де оны жұмсайтын жеке адам немесе заңда құқы бар мекеме. Ұйымдастыру нысаны бойынша сақтандырушылар акционерлік сақтандыру қоғамы, өзара сақтандыру қоғамы, мемлекеттік сақтандыру ұйымдары ретінде танылады. Нарықтық үлгінің экономикасында акционерлік сақтандыру қоғамы негізгі сақтандырушылар болып табылады.
Сақтандыру қоры-қоғамдық ұдайы өндіріс элементі, сақтанушылардың және сақтандырушының жедел ұйымдастыру басқармасындағы жарналар есебінен құралады. Сақтандыру мүддесімен жағдайластырылған. Сақтандыру қоры қаржысының жартысы мынадай өтімді нысанында тұрақты болуға тиіс: банкілердегі депозиттер түрінде, биржада көшірілетін акциялар, мемлекеттік қазыналық міндеттемелер және т.б.
Сақтандыру полисі-белгіленген үлгідегі ақша құжаты, оны сақтандырушы сақтанушыға шартқа отырғандығын растап, оның ережесімен таныстыру үшін береді. Бір қалыпты үлгідегі сақтандыру полисімен жеке сақтандыру полисінің айырмашылықтары бар. Қалыпты үлгідегі сақтандыру полисі көпшілік сипаттағы әдеттегі сақтандыру қатерлері шеңбері бойынша сақтандырушының қолымен толтырылады. Ал, жеке сақтандыру полисі болса, ол әдетте кәсіпқой мансапқа байланысты әр адамның сақтандырудағы жеке мүддесін көрсетеді.
Сақтандыру шартының мазмұны және қолданылуы.
Сақтандыру шартының мазмұны тараптардың келісімімен айқындалады. Сақтандыру шартында шарт тараптары, сақтандыру объектісі, сақтандыру жағдайы, сақтандыру сомасының мөлшері, оны өтеудің тәртібі мен мерзімі, сақтандыру төлемінің мөлшері, оны өткізудің тәртібі мен мерзімі, шарттың қолданылу мерзімі, шарт талаптарын бұзғаны үшін тараптардың жауапкершілігі көрсетілуі қажет.Екі немесе одан да көп адамдардың азаматтық-құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту және тоқтату туралы келісім-шарт деп аталады. Шарттан міндеттемелік, заттық, авторлық немесе өзге де құқықтық қатынастар туындауы мүмкін. Азаматтар және заңды тұлғалар шарт жасасуға ерікті, шарт жасасуға мәжбүр етуге жол берілмейді. Шарттың ережесі заңдарға сәйкес қолданылатын қалыппен көзделген реттерде, егер тараптардың келісімімен қалыптың қолданылуын жоя алады немесе сол қалыпта көзделгеннен өзгеше жағдайды белгілей алады. Шарттың орындалуы тараптардың келісімімен белгіленген баға бойынша төленеді. Шарт оны жасасқан кезден бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болып табылады. Тараптар арасында шарттың барлық елеулі ережелері бойынша тиісті жағдайларда талап етілетін нысанда келісімге қол жеткен кезде шарт жасалды деп есептеледі. Егер шартта оны жасасатын жер көрсетілмесе, шарт азаматтың тұрғылықты жерінде немесе заңды азаматтың тұрғылықты жерінде немесе заңды ұйымның, тұлғаның орналасқан жерінде жасалады. Шарттың тараптары келіспеген жағдайда оның ережелері сот шешіміне сәйкес белгіленеді. Тараптардың келісімі бойынша шартқа басқа да талаптар мен міндеттемелер енгізілуі мүмкін. Қолданылып жүрген заңдармен салыстырғанда сақтанушының жағдайын нашарлата түсетін және осы Заңға қайшы келетін шарт талаптары жарамсыз деп танылады. Сақтандыру талаптары сақтанушы мен сақтандырушы арасында жасалатын шартпен белгіленеді.Шарт, егер онда өзге тәртіп көзделмеген болса, алғашқы сақтандыру төлемін төлеген кезден бастап бекітілді деп саналады.Сақтандыру төлемдерінің мөлшері шартпен белгіленеді, заңдармен белгіленген мөлшерлер бұған кірмейді. Тараптардың келісімімен сақтандыру төлемдері шетел валютасымен төленуі мүмкін.Сақтандыру төлемін шартта көрсетілген мерзімде төлемеу, егер шартта өзгеше көзделмеген болса, шарттың тоқтатылуына әкеліп соғады. Мерзімінен бұрын тоқтатылған шарт төлем бойынша қарыздар өтелген жағдайда бір ай ішінде қайта жалғастырылуы мүмкін. Шартта неғұрлым ұзақ мерзім көзделуі мүмкін. Бұл ретте шартты жалғастыру жөнінде жазбаша өтініш талап етілмейді. Мерзімінен бұрын тоқтатылған шарт сақтанушы қарыз сомасы төлеген күннің ертеңінен бастап қайта күшіне енеді.
Сақтандыру төлемін уақтылы өткізбеу себепті шарт мерзімінен бұрын тоқтатылғанда, сақтанушыға төленген сақтандыру төлемінің шартта көрсетілген бөлігі қайтарылып беріледі. Сақтандыру сомасы мен сақтандыру өтемінің мөлшері заңдармен белгіленбеген жағдайлардың бәрінде, шартпен белгіленеді. Жеке басты сақтандыру бойынша сақтандыру сомасы сақтанушыға оған әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша және шеккен зиянның орнын толтыру ретімен тиесілі сомаға қарамастан төленеді. Мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру өтемі, егер шартта өзгеше көзделмесе, сақтандыру жағдайы туған кезде сақтанушы тікелей шеккен нақты зиянның мөлшерінен аспауға тиіс. Сақтандырушы сақтандыру жағдайы туған кезде сақтанушыға сақтандыру сомасын, шартта көрсетілген тәртіп пен мерзімде төлеуге, сондай-ақ өтелуге тиісті зардапты азайту мақсатында жұмсалуға қажетті шығынның орнын сақтандыру сомасы ауқымында толтыруға міндетті. Сақтанушы сақтандырушыға сақтандыру жағдайы туралы шартта белгіленген мерзімде және үлгіде хабарлап, сақтандырылған мүліктерді құтқару мен сақтау шараларын жасауға, сондай-ақ кінәлі адамнан өндіріп алу құқығын қамтамасыз етуге міндетті.Сақтанушының келтірілген зиянға жауапты адамнан өндіріп алу құқығы мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру өтемін төлеген сақтанушыға осы сома ауқымында көшеді.Сақтанушы осы талапты орындату құқығы үшін қажетті қолында бар құжаттардың барлығын сақтандыру өтемін алған кезде сақтандырушыға беруге міндетті. Сақтанушының азаматтық заңдарында белгіленген тіртіп пен тигізген зияны үшін жауапты адамдарға сақтандыру өтемі сомасының ауқымынан жоғары талаптар қоюды тапсыруға құқығы бар. Бұл құқықтардың көшуін сақтандыру шартында ресімдеуге де болады. Сақтанушы сақтандыру жағдайы туғаннан кейін сақтандырушыға өзінің сақтандырылған мүлікке деген құқығынан бас тартатынын хабарлап, сақтандыру сомасын толық көлемінде алуына болады. Сақтандыру шартында туындайтын дауларды белгіленген тәртіпке сәйкес сот немесе төрелік сот қарайды. Бұл ретте сақтандырушылар мен сақтанушылар осы істер бойынша баж салығын төлеуден босатылады. Сақтандыру шартының іс үстіндегі мерзімі өтіп, ал сақтандырушының жауапкершілігі пайда болмаса(несие толық және де өз мерзімінде сақтанушы заемшілерінің тарапынан өтелсе), сақтанушыға ол төлеген сақтандыру төлемінің 20%-ы қайтарылады. Сақтандыру шартын жасау тәртібі:
сақтандыру шарты сақтанушының ауызша жасаған өтініші негізінде жасалады,және ол әкеп көрсеткен несие шартының көшірмесімен бірге 2дана болып қатталады(сақтандыру шартының үлгісі қоса тіркеледі).Сақтандыру шартының бір данасы-сақтандырушыда, екіншісі-сақтанушыда сақталады.
сақтандыру төлемі бірден(1-ақ рет) төленеді. Төлемді төлеген күн болып сақтанушының есеп шотынан қаражатты шығыстаған күн есептеледі;
сақтандыру шарты сақтандыру өтемі төленген күннің келесі күнінде күшіне кіреді;
сақтандырушы сақтанушының кітаптары мен жазбаларының заемшілердің несиелерін өтемегені үшін жауапкершілігін сақтандыру бөлігіне қатыстысын тексеруіне құқы бар. Сақтандыру оқиғасы басталған кездегі шарттасушы жақтардың міндеттері:
1. сақтандыру оқиғасы басталған кезде сақтанушы 5күндік мерзімде сақтандырушыға оқиға туралы өтініш беру жолымен хабарлауға міндетті;
2. сақтандыру өтемінің мөлшері сақтандырушы жауапкершілігінің көлеміне байланысты анықталады, яғни несие шартында көрсетілген күнде өтелген берешекке сүйенеді;
3 .сақтанушы несие берген банкке сақтандыру өтемін 15күннің ішінде төлеуге міндетті;
4. банкке сақтандыру өтемін төлеген соң,сақтандырушыға төленген сома мөлшерінде банк–кредитордың барлық құқы беріледі, сақтанушыға несие шарты бойынша;
5. сақтанушының сақтандыру төлеуден бас тартуға құқы бар,егер сақтанушы:
а) сақтандыру қатері туралы байымдауға аз да болса маңызы бар жағдай туралы жалған мәлімет хабарласа;
б)сақтандырудың осы шарттарына орай өзіне жүктелген міндеттерді орындамаса;
в) сақтандыру шартынан туындайтын айтыс тартыстарды мемлекеттік арбитраж бен сот қарайды.
Сонымен, сақтандыру шарты:
1)сақтанушы мен сақтандырушы арасында;
2) сақтанушы мен белгілі бір ұйым: банктік мекеме, салық органдары т.б арасында болуы мүмкін.
Сақтандыру шартында көрсетілуге тиіс талаптардың толық болмағаны үшін сақтандырушы жауапты болады. Оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан сақтандыру шарты бойынша дау туындаған жағдайда дау сақтанушының пайдасына шешіледі.Сақтандыру шарты бойынша бір тарап(сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап(сақтандырушы) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгіленген сома шегінде өзінің пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді.
1.2. Сақтандырудың жіктелуі
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі бойынша мыналар сақтандырудың нысандары болып табылады:
- міндеттілік дәрежесі бойынша: ерікті және міндетті;
- сақтандыру объектісі бойынша: жеке және мүліктік;
- сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша: жинақтаушы және жинақтаушы емес.
Міндетті сақтандыру-заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жеке сыныбы болып табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін заңнамалық актілерімен белгіленеді.
Ерікті сақтандыру-тараптың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын сақтандыру.
Сақтандыру қызметі-сақтық ұйымының сақтандырудың шарттарын жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызмет. Сақтық қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға және түрлерге бөлінеді.
1. Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметі-“өмірді сақтандыру” саласы және “жалпы сақтандыру” саласы бойынша жүзеге асырылады.
2. “Өмірді сақтандыру” саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды: 1. өмірді сақтандыру;
2. аннуитеттік сақтандыру;
3.“Жалпы сақтандыру” саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:
1. жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру;
2. медициналық сақтандыру;
3. автомобиль көлігін сақтандыру,
4. темір жол көлігін сақтандыру;
5. әуе көлігін сақтандыру;
6. су көлігін сақтандыру;
7. жүктерді сақтандыру;
8. мүлікті сақтандыру;
9. кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру;
10. автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
11. темір жол көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
12. әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
13. су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
14. тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
15. шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
16. зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру.
4. Ерікті сақтандыру нысанындағы әрбір сыныптың мазмұны мен оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
5. Сақтандыру түрі, сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шегінде әзірлейтін және беретін сақтандыру өнімі болып табылады. Сақтандыру ұйымы өзі әзірлеген сақтандыру түрі бойынша қызметтерін уәкілетті мемлекеттік органдармен сақтандыру ережелерін келіскеннен кейін ғана жүзеге асыруға құқылы.
6. Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың бөлек сыныбы болып табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін заң актілерімен белгіленеді.
Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыруға тән экономикалық қатынастар қоғамдық процесіндегі зиянның орнын, егер бұл процес дүлей апат пен басқа да төтенше немесе күтпеген оқиғаның нәтижесінде бұзылса толтырумен байланысты. Зиянның орнын ынтымақтастық негізде сақтық қатынастарына қатысушының төлейтін сақтық жарналары есебінен толтырылады, бұл жарналардың жиынтығы, жоғарыда айтылғандай сақтық қорларын құрайды
1.3. Сақтандыру нарығы
Сақтық келісім шарттарын жасауға және сақтық операцияларының нәтижелігіне жетуге ынталы тараптардың өзара іс-қимылы сақтық нарығында жүргізіледі.
Сақтық нарығы дегеніміз – ақша қатынастарының сферасы, онда сатып алу-сату объектісі “ерекше тауар” сақтық қызмет болып табылады және оған деген ұсыным пен сұраным қалыптасады. Қазақстан Республикасы сақтық нарығының қатысушылары мыналар болып табылады:
1 сақтық ұйым;
2 сақтық брокері;
3 сақтық агенті;
4 сақтанушы;
5 сақтандырушы;
6 пайда алушы;
7 актуарий;
8 уәкілетті аудиторлық ұйым;
9 өзара сақтандыру қоғамы.
және т.б. заңды және жеке тұлғалар.
Сақтық қызмет сақтық ұйымы жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрі болып табылады, бұл қызметтен басқа ол қызметтердің мынадай түрлерін: инвестициялық қызмет, тиісті жинақтаушы сақтық шартында көзделген сатып алу сомасы шегінде өзінің сақтанушыларына қарыз беруді, сақтық ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етуді сатуды, ақпарат берілімдерінің кез-келген түрлерінде сақтық ісі және сақтық қызметі жөнінде арнаулы әдебиет сатуды, бұрын өз мұқтаждары үшін сатып алынған немесе оның қарамағына сақтық шарттарын жасауға байланысты келіп түскен мүлікті сатуды немесе жалға беруді, сақтық қызметіне байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсетуді, сақтық саласында мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында оқуды ұйымдастыру мен жүргізуді, сақтық агенті ретінде сақтық делдалы болуды, консорциум және жай серіктестік құруға қатысуға құқылы.
Сақтық ұйымдары таратылған жағдайда сақтық ұйымдары, сақтанушыларға сақтық төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін қор құруға құқылы. Жұртқа мәлім, сақтық төлем ақыларын кепілдендіру қоры құрылған.
Мемлекет Қазақстан Республикасының Үкіметі арқылы ғана сақтық ұйымының құрылтайшысы және акционері бола алады. Жарғылық капиталының 50 пайызынан астамы мемлекетке тиесілі ұйымдар сақтық ұйымдарының құрылтайшылары және акционерлері бола алмайды.
Мемлекет өзі құрылтайшысы немесе акционері болып табылатын салық ұйымының міндеттемелері бойынша, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделсе, оның жарғылық капиталына салған қаражаты шегінде жауапты болады. Сақтық ұйымы міндетті түрде мынадай алқалық орган құра алады: директорлар кеңесі-басқару органы. Сақтық ұйымының құрылтайшылары мен акционерлері сатып алатын акцияларына ақшаны тек қана ұлтық валютамен төлеуге міндетті.
Құрылатын сақтық ұйымының жарғылық капиталының ең аз мөлшерін оның құрылтайшылары оны мемлекет тіркеуден өткізген кезге дейін толық төлеуге тиіс. Сақтандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: Қазақстан Республикасында тұрақты сақтың жүйесін жасау мен қолдау және ұлттық сақтық нарығының инфрақұрылымын қалыптастыру, сақтық нарығын реттеу және сақтық қызметін қадағалау, сақтандырудың негіздерін заңдармен баянды ету, міндетті сақтандыру жүйесіне Қазақстан Республикасының қатысу қағидаттарын белгілеу, сақтанушылардың және сақтандырушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Сақтық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, сақтық нарығындағы істің жайына мемлекеттік бақылау жасауды қамтамасыз етуді қоса, уәкілетті орган және мемлекеттің өзге де органдары өз құзыры шегінде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының сақтық ұйымы мен сақтық брокерінің сақтандыру қызметіне араласуына тыйым салынады.
Уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақтық нарығын реттеу және сақтық қызметін қадағалау жөніндегі функциялар мен өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Сақтық ұйымының төлем қабілеттігі оның өз қаржылық міндеттемелерін уақтылы және толық орындау қабілетімен анықталады. Сақтық ұйымы төлем қабілеттілігінің көрсеткіштері, активтердің өтімділігі ескеріле отырып, қабылданған міндеттемелер арасындағы нормативтік арақатынастардың сақталуы болып табылады. Сақтық ұйымының қаржылық тұрақтылығы сыртқы қаржылық және өзге де факторлардың қолайсыз әсер ету мүмкіндігін ескере отырып, сақтық және қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған міндеттемелердің бүкіл қолданылу мерзімі ішінде өзінің төлем қабілеттігін сақтау қабілетімен айқындайды. Сақтық ұйымының қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштері мыналарды кіріктіреді: жарғылық және өз капиталының ең аз мөлшерін, активтердің құны және олардың әртараптандырылу дәрежесін, сақтандыру резервтерінің және өзге де міндеттемелерінің мөлшерін, төлем қабілеттілігінің көрсеткіштерін, сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша міндеттемелер көлемінің арақатынасын, көрсетілетін сақтық және қайта сақтандыру қызметінің пайдаланылған жүзеге асырылатын инвестициялық саясаттың тиімділігін. Сақтық ұйымының және шоғырланған негізде қадағалау жүзеге асырылатын тұлғалардың төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын қадағалау олар үшін пруденциялық нормативтер және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимидтер белгілеу арқылы жүргізіледі. Пруденциялық нормативтерді уәкілетті орган белгілейді және ол, атап айтқанда төлеген қабілеттілігінің нормативтерін, қаржылық тұрақты нормативтерді кіріктіреді. Сақтық ұйымының сақтандырудың немесе қайта сақтандыру жекелеген шарттары бойынша міндеттемелерінің ең көп көлемі өз капиталы мен сақтық резервтері сомасының 10 пайызынан аспауы керек. Сақтандырудың және қайта сақтандырудың қолданылып жүрген шарттары бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін сақтық ұйымының актуарий есептеген көлемде қалыптасқан сақтық резервтерінің болуы міндетті.Сақтық резервтерінің қаражаты тек қана сақтық ұйымының қолданылып жүрген сақтандыру шарттары бойынша өз міндеттемелерін орындауға байланысты сақтық төлемдерін жүзеге асыруға арналған. Сақтық ұйымына санкцияларды уәкілетті орган не сот қолданады: уәкілетті орган санкциялар ретінде мынадай шаралар қолдануға: айыппұл салуға, лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға, лицензияны кері қайтарып алуға, сақтық ұйымдарының басшы қызметкерлерін қызметтік міндеттіліктерін атқарудан шеттетуге құқылы. Сақтық ұйымы өз қызметінің жыл сайынғы міндетті аудитін жүргізіп отырады. Жыл қорытындысы бойынша жасалған аудиторлық қорытынды сақтық ұйымының жылдық қаржы есептемесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Негізгі сақтық қызметінен алатын сақтандырушының табысы сақтық төлемдерімен және өзге сақтық қызметінен алынған табыстармен шығыстардың айырмасы ретінде анықталады. Кәсіпкерлік қызметтен алынатын табыс қызметтің осы түріне белгіленген ережелерге сәйкес салық салынатын табыс резервтік қорларға аударылған аударымдардың сомасына азайтылатынын ескере отырып есептеп шығарылады. Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасындағы сақтық қызметінің монополиясы өзгерді, сақтандыру кеңістігі едәуір кеңейді, сақтық қызметтердің кең спектрін ұсынатын мемлекеттік емес акционерлік сақтық компаниялары пайда болды.
Елімізде сақтандыруды дамытудың негізгі мақсаты – мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілерінің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толыққанды, орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтық нарығын қалыптастыру. Қазіргі заманғы ұлттық сақтық жүйесін құру сақтық қызметі нарығын сапалы, жаңа деңгейге көтеру жөнінде шаралар әзірлеуді және кезең-кезеңімен іске асыруды талап етеді. Бұл қағида Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жүргізіледі. Онда мынадай міндеттерді шешу көзделінген:
-әлеуметтік сақтандыру түрі ретіндегі сақтық қорғауды ұстанудың қағидаттарын нақтылау;
-сақтандыруды қолдану аясын кеңейту және міндетті сақтандыру түрлерін нақтылау;
-сақтық нарығының қазіргі заманғы инфрақұрылымын қалыптастыру және оның қатысушыларының – сақтық ұйымы, сақтық брокері, сақтық агенті, сақтанушы, сақтандырушы, пайда алушы, актуарий және т.б. өзге де заңды және жеке тұлғалардың қызметін ұйымдастыру үшін жағдай жасау;
-халықаралық стандарттарды ескере отырып, сақтық қадағалауының жүйесін ұйымдастыру;
-сақтық және қайта сақтындыру ұйымдарының қаржылық орнықтылығы мен төлем қабілеттігі бойынша талаптарды күшейту;
-осы заманғы сақтандыру технологиясын енгізуге жәрдемдесу;
-сақтандыру саласында кадрлар даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыру. Осы тұрғыдан алғанда, ұлттық сақтық жүйені дұрыс ұйымдастыруда және сақтандырудың әлеуметтік маңызды түрлерін жедел дамытуда мол резерв жасалған.
Қазіргі заманғы сақтандыру индустриясын құру мемлекетке:
-мемлекеттік бюджеттің табиғи-техногендік сипаттағы көлденең шығыстарды өтеу бөлігіндегі салмақты азайтуға;
-нарықтық экономика қағидаттарында сақтандыру арқылы әлеуметтік қамсыздандырудың жекелеген проблемаларын шешуге;
-халықтың, және ұйымдардың жинақ ақшасын ұзақ мерзімді негізде ұлттық экономикаға тартуға мүмкіндік береді.
Азаматтардың ақшасымен операцияларды жүзеге асыратын банктермен жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметі сияқты сақтық ұйымдарының қызметі де белгілі бір мөлшерде халықтың сақтандыру институтына деген өнімнің деңгейіне байланысты. Сақтандыруды дамыту, өз кезегінде, заңнамалық базаны, мемлекеттік салық-бюджет және ақша, кредит саясатын жетілдіруге, сақтық қызметін қадағалау сапасы мен сақтық ұйымдары жұмысының сенімділігіне байланысты болады. Қазіргі заманғы сақтық нарығының толыққанды жұмыс істеуі сонымен қатар актуарий институтын еңгізуді, уәкілетті аудиторлар мен басқа да мамандарға қойылатын тиісті талаптарды қажет етеді. Қазақстанның сақтық нарығы қалыптасу стратегиясында тұр: экономикалық және құқықтық негіздемелері бойынша ол дүниежүзілік деңгейден айтарлықтай артта қалып келеді. Дамыған нарықтық қатынастары бар елдерде сақтық қызметтер көрсетудің ассортименті 500 түрге жетіп отыр, ал Қазақстанда ол небары 40 түрін қамтиды. Жеке басты сақтандыру және азаматтардың мүлкін сақтандырудың көптеген түрлері нашар дамыған, бұл халықтың табысының төмен болып отырған деңгейіне байланысты. Дүниежүзілік тәжірибе сақтық ісі бизнесі кең таралған және пайдалы сфера екендігін дәлелдеп отыр, ал қуатты сақтық компаниялары өзінің қызметін шектес салаларына әртараптандыра отырып, негізгі және қаржылық орнықты нарықтық құрылым бола отырып, нарықтық экономикада тұрақты жайғасымдарды алып отыр. Ерекеше сақтық қатынастар, сақтық қызметінің нарығын дамыту, азаматтар мен заңды тұлғаларды сақтандыру тұрғысындағы қорғау сақтық қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңымен, сақтандыру мәселелері жөніндегі Үкімет қаулыларымен және Ұлттық банктің сақтық қадағалау департаментінің нормативтік актілерімен реттеліп отырады. Қазіргі кезде Қазақстанның сақтық нарығы қатысушыларының ассоцияциясы құрылған. Ассоцияцияның негізгі міндеттері – Қазақстан Республикасының сақтық нарығын дамытудың қолайлы жағдайларын жасау және халықтың сақтық мәдениетінің деңгейін арттыру болып табылады.
Соңғы жылдары сақтандырудың орталық нарығында оң тенденциялар байқалуда. 2003 жылы сақтық сыйақыларының көлемі 27,1%-ға көбейіп , 28,9 миллиард теңгені құрады. Міндетті сақтандыру бойынша сақтық сыйақыларының көлемі 136,4%-ға, яғни 2,8 миллиард теңгеге өсті. Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша ол 18,6%-ға, яғни 23,3 миллиард теңгеге дейін, соның ішінде міндетті сақтандыру бойынша 73,5%-ға , яғни 1,3 миллиард теңгеге дейін өсті. Ал, сақтық ұйымдарының жиынтық есептік меншікті капиталы 47,3%-ға, яғни 9 миллиард теңгеге дейін көбейді, сақтық резервтері 66,7%-ға, яғни 4,5 миллиард теңгеге дейін өсті. Барлық сақтық ұйымдарының жиынтық активтері 2003 жылы Қазақстанда 65,6%-ға көбейіп, яғни 0,7 миллиард теңгені құрады,ал 2005 жылы70%-ға жетті.
Қазіргі кезде Қазақстанда 36 сақтық ұйымдарының сақтық қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиялары бар, соның ішінде 6 шетелдіктердің қатысуымен және екеуінің өмірді сақтандыру бойынша, 27-сінің көлік құралдары иелерінің АҚЖ-ні міндетті сақтандыру бойынша лицензиялары бар, 6 сақтық брокерлерінің, 30 актуаршілердің, 34 аудиторлық ұйымдарының және 67 аудиторлық сақтық қызметінің аудитін жүзеге асыруға лицензиялары бар. Сақтандыру нарығы масштабына қарай 3-ке бөлінеді:
1.аймақтық;
2.ұлтық;
3.халықаралық.
Аймақтық сақтандыру нарығы – сақтандыру ұйымдарын ұлттық сақтандыру нарығының басқа аймақтары мен өзара интеграциялық тығыз қатынаспен байланыстырады.
Ұлттық сақтандыру нарығы – белгілі бір мемлекеттегі сақтандыру ұйымдарының қызмет сферасы. Ең ірі ұлттық сақтандыру нарығы – АҚШ-та, Ұлыбританияда, Германияда қалыптасқан.
Халықаралық сақтандыру нарығы – бұл ұлттық және аймақтық сақтандыру нарығының бірлігі.
Сақтандыру нарығынсыз бәсекелестік болуы ақылға қонымсыз, сондықтан да ол шаруашылық өмірінің динамикасы мен сипатына, сақтандыру қызметін жаңартып әрі кеңейтуге, сақтандыру процесіне соңғы жетістіктер мен жаңартуды енгізуге игі әсер етуге тиіс. Мұндай бәсекелестік жаңа клиенттермен белсенді әрі белгілі мақсаттағы жарналар арқылы жаңа клиентураларды тарту жолымен жүргізілетін жұмыстарды қарастырады. Өзара бәсеке сақтандыру ұйымдарын түгел алғанда, олардың бәрінің нақты қаржылық мүмкіншілігін жабу мақсатына осындай жолмен қол жетеді. Қазақстан аумағында сақтандыру нарығын жүргізуде ешқандай қарапайым шешім жоқ, түбегейлі мақсатқа жету үшін, қажыр-қайратты барынша жұмсау талап етіледі. Бұл жерде соңғы уақыттар ішінде Үкіметпен, Президент тарапынан халық шаруашылығындағы мемлекет меншігінен алу мен жекешелендіру, қаржылық-несиелік қатынас саласындағы, яғни экономикалық реформаны заң шығару мен ұйымдық жағынан қамтамасыз ету жөнінде қабылданған шаралар комплексінің барлығы іске жұмылдыруда.
ІІ тарау. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру
2.1. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру компаниялары
Қазақстан Республикасында 41 сақтандыру компаниясы бар:
«Алматы Халықаралық Сақтандыру Тобы» сақтандыру компаниясы» Kaspi Bank" Акционерлік қоғамынның Еншілес компаниясы" АҚ "Amanat Insurance" СК" АҚ "Атланта Полис" СК" АҚ «Allianz S.E.» Еуропалық Акционерлік Қоғамының Еншілес компаниясы «Allianz Kazakhstan» (Альянз Қазақстан) Сақтандыру Компаниясы» АҚ –("АТФ ПОЛИС" СК" АҚ) «Альянс Полис» СК” АҚ «АСКО» СК» АҚ «Алатау» СК АҚ «БТА Страхование» БТА Банкінің еншілес компаниясы” АҚ (алғашқы «БТА Страхование» Тұран Әлем Банкінің еншілес сақтандыру компаниясы” АҚ) “БТА Забота” БТА Банкінің еншілес сақтандыру компаниясы” АҚ (алғашқы “БТА Забота” Тұран Әлем Банкінің еншілес сақтандыру компаниясы” АҚ) “БТА Өмір”БТА Банкінің еншілес сақтандыру компаниясы” АҚ "Виктория" СК» АҚ Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" АҚ «Евразия» сақтандыру компаниясы» АҚ "Астық сақтандыру компаниясы" АҚ | "ДСжМСҚК "Интертич" АҚ «Халық - Казахинстрах» Қазақстан Халык Банкі Еншілес сақтандыру компаниясы» АҚ «Мемлекеттік аннуитеттік компания” Өмірді сақтандыру компаниясы” АҚ "Қазақмыс" СК” АҚ «Казкоммерц-Полис» сақтандыру компаниясы» "Коммеск-Өмiр" СК" АҚ АҚ «Лондон-Алматы» СК «Нұрполис» сақтандыру компаниясы» АҚ "Мұнай сақтандыру компаниясы" АҚ “НОМАД Иншуранс”СК” АҚ "Пана Иншуранс" СК" АҚ "САЯ" СК” АҚ "СЕНТРАС ИНШУРАНС" СК АҚ "ТрансОйл" СК» АҚ "Темiр Ат" СК” АҚ "ЦАСО" СК" АҚ "ЭкоПолис"СК” АҚ «ЭйАйДжи Қазақстан» Сақтандыру компаниясы» АҚ «Халық-Life» АҚ АҚ«Казкоммерц-Life» ӨСК » («Казкоммерцбанк» АҚ-ның еңшілес ұымы) «GENERALI LIFE» "Alliance -Өмірді Сақтандыру Сақтандыру компаниясы» АҚ «Астана-финанс» Сақтандыру компаниясы” АҚ «Астана-финанс» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ “Архимедес - Қазақстан” медициналық сақтандыру компаниясы” «Цесна Гарант» Сактандыру компаниясы» АҚ "Trust Insurance" сактандыру компаниясы АҚ
|
Акционерлері: 100% қазақстандық капитал
Ұраны: Біз- клиенттің бақытымыз.
Жетістіктері :
Компания сақтандыру нарығында 12 жыл жақсы жұмыс істеп келе жатыр.
ҚР-ң қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау агенттігі 2008 жылдың нәтижесі бойынша “AMANAT INSURANCE” Қазақстандағы ірі сақтандыру компаниялары арасында 6 орынды иеленіп отыр.
«AMANAT INSURANCE» сақтандыру компакниясы Қазақстанның 15 ірі қаласында ашылған.
Шетелдік қайта сақтандыру компанияларымен ұзақ жылдар бойы тиімді қызмет етіп келеді.
AMANAT INSURANCEтың қайта сақтандыру бойынша батыстық серіктестері:
Корпорация Lloyd`s (Ұлыбритания)
Hannover Re (Германия)
SCOR (Франция)
Korean Re (Корея)
General Insurance Corporation (Үндістан)
Malaysian Re (Малайзия)
2.2. Allianz Кazakhstan сақтандыру комапаниясы
«АТФ Полис» Сақтандыру компаниясы» Акционерлік қоғамы 1999 жылдың 22 желтоқсанында құрылды, 2004 жылы ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес ЖАҚ-нан АҚ болып қайта тіркелді. Қазақстандағы екінші деңгейдегі ірі банктердің бірі – «АТФ Банк» АҚ компанияның Құрылтайшысы болды.
2003 жылғы 1 сәуірден бастап Сақтандыру Компаниясы «Қазақстан қаржыгерлері Ассоциациясының» заңды тұлғалар Бірлестігінің толық құқықты мүшесі болып табылады. 2003 жылдың қараша айынан бастап Компания «Сақтандыру төлемдерін кепілдендіру Қорының» қызметтес қатысушысына айналды.
2007 жылдың қыркүйек айында компанияның 100% акция пакетін Allianz Group халықаралық сақтандырушы топ сатып алды, компания 2008 жылдың сәуір айында «Allianz S.E.» еуропалық акционерлік қоғамының еншілес компаниясы «Allianz Kazakhstan» акционерлік қоғамы ретінде бақылау органдарынан тіркеуден өтті.
Жан-жаққа тараған филиалдар желісі Қазақстанның барлық аймақтарында және Алматы, Астана қалаларында қызмет көрсетеді.
Allianz Kazakhstan әмбебап компания болып есептеледі, өйткені ол сақтандырудың барлық түрлерін жүзеге асыруға қатысты.
2009 жылдың қорытындылары бойынша Allianz Қазақстан сақтандырушылардың үздік бестігіне кіреді.
Allianz Kazakhstan тобының қызметін халықаралық және отандық ірі компаниялар қолданып жүр, олардың арасында атап айтсақ, Agip North Caspian Operating Company N.V., «Maersk Oil Kazakhstan GMBH» компаниясының филиалы, «КАЗЦИНК» АҚ, Enka Insaat ve Sanayi A.S., ҚР Президентінің істері жөніндегі Басқарманың «Беркут» мемлекеттік авиакомпаниясы РГП, «Каспий құбыр-өткізгіш консорциумы – К», «Делойт и Туш» ЖШҚ, «Алтиес Петролеум Интернэшнл Б.В.» филиалы, «Кар-Тел» ЖШҚ, «ТД Heaven house» ЖШҚ, «Тенгизстройсервис» ЖШҚ, «Michael Wilson and Partners», «Procter & Gamble Kazakhstan» ЖШҚ, TH KazmunaigazAG, «Нефтестройсервис Лтд» ЖШҚ, «31 арна ТРК», «Тенгизнефтестрой» АҚ.
Сенім, клиентке бейімделушілік және жаңашылдық Қазақстандағы Allianz қызметінің негізгі принциптері болып саналады. Allianz қазіргі сақтандыру технологияларын дамыту, қызмет көрсету саласында жаңашыл компания екендігімен, сондай-ақ клиентке компания өнімінің сақтанушылардың қажеттіліктеріне аса толық деңгейде сәйкесуіне мүмкіндік беретін жекеше қадам жасауымен, қызмет көрсету сапасының халықаралық қалыпқа бейім болуымен ерекшеленеді.
2.3 . Allianz Кazakhstan компаниясының қаржы жағдайы
Allianz S.E әлемнің ірі корпорациялары тізімінде top 25-ке кіреді. Allianz бренді 24 млрд. евродан артық тұрады.
Allianz Қазақстан – халықаралық стандарттар бойынша есеп жүргізетін, бәсекеге бейімді сақтандыру өнімдерін ұсынатын және қызмет көрсетудің жоғары деңгейімен ерекшеленетін ашық та адал компания. Allianz Қазақстанның тармақталған филиалдар желісі еліміздің барлық облыс орталықтарына және Алматы, Астана қалаларына таралған.
Міндетті сақтандыру бойынша (серия ОС № 2.1.24 29 cәуір 2009 жылғы): 1. көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру; 2. тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру; 3. жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру; 4. қызметтері үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына қауіп төндірумен байланысты қауіпті нысан иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру; 5. жұмысшының еңбек (қызметтік) міндеттемелерін орындау кезінде оның өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлігіне келтірілген залалды өндіру бойынша жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру; 6. экологиялық сақтандыру.
| Ерікті жалпы сақтандыру бойынша (29 cәуір 2009 жылғы ЕЖС сериялы № 2.1.24): 1. жазатайым жағдайлардан сақтандыру; 2. ауырған жағдайдан сақтандыру; 3. автокөлікті сақтандыру; 4. әуе құралын сақтандыру; 5. жүкті сақтандыру; 6. мүлікті залалдан сақтандыру; 7. басқа да қаржы шығындарынан сақтандыру; 8. автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру; 9. әуе көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру; 10. Cу көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру; 11. 8-10 тармақтарда көрсетілген топтарды қоспағанда, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру. 12.қарызды сақтандыру.
|
III тарау. Қазақстандағы сақтандыру нарығы
3.1. Қазақстанда сақтандыру нарығының даму перспективалары мен міндеттері
Мемлекет Ұлттық сақтандыру индустриясын дамыту және мемлекеттің, тұрғындар мен шаруашылық субъектілер мүдделерін қаржылық, әлеуметтік және өзге тәуекелдер мен ұзақ мерзімді инвестициялардың тиімді механизмі ретінде сақтандыру рөлін тұрақтандыруға бағытталған реформалау мақсатында экономикалық сақтандыру секторын дамытудың белгілі бір деңгейіне жетуге және бұл салада болашаққа тұрақтануға мүмкіндік беретін шаралар жүргізілді.
Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңінде сақтандыру заңнамасының негізі бар, ол толығымен реттеу мен қадағалаудың халықаралық стандарттарын ескеріп құрылған, міндетті сақтандыру түрлерін оңтайландыру бойынша шаралар қолданылды, сақтандыру ұйымдарының қызметіне талаптардың жаңа сапалық деңгейі көтерілген, оның ішінде олардың тұрақтылығы мен айқындылығына талаптар, сақтандыру қызметін пайдаланушылардың заңды мүдделерін қорғау жүйесін құру жөнінде, сақтандыру нарығының инфрақұрылымын орнату мен дамытуда алғашқы шаралар жүргізілді. Сонымен қатар, Ұлттық сақтандыру индустриясы алдында мемлекет ішінде де, әлемдік деңгейде де экономиканы дамыту тенденцияларына негізделген жаңа мақсаттар мен міндеттер пайда болуда. Сондықтан республиканың сақтандыру нарығының дамуының тиімді бағыттарын және оларды жүзеге асыру жолдарын бегілеу маңызды.
2004 жылы 1 шілдеде Қазақстан Республикасының Үкіметімен 2004-2006 жылдарға Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығын дамыту бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламада 2003 жылдың 28 шілдесінен № 753 [3] Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамыту Концепциясымен анықталған отандық сақтандыру нарығын дамыту бойынша негізгі шараларды жүзеге асыру қарастырылған.
Қазақстанның сақтандыру нарығы қазіргі кезде көптеген мәселелерді бастан кешуде, оларды келесілерді қатыстыруға болады, өмірді сақтандыру мен жеке сақтандырудың өзге түрлері нарығын дамытудың кемшіліктері, сақтандыру ұйымдарында корпоративтік басқару жүйесін енгізу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметі туралы статистикалық база мен өзге де мәліметтердің жариялылығын құру және қамтамасыз ету, сақтандыру компанияарының қызметін автоматизациялау. Сақтандыру секторының мәселелерінде тағы атап өтуге болатындары, ерікті сақтандыру бойынша ұсынылатын қызметтердің шектеулілігі, оған қоса ұзақ мерзімді және жинақтаушы өмірді сақтандыруда сақтандыру өнімдерінің қымбаттылығы (міндетті сақтандыру түрлерін қоспағанда, онда құн шарттары заңмен бекітілген) мен сұраныстың жоқтығы, нарықта жеке сақтандыру ұйымдарының пассивтілігі мен сақтандыруға, потенциалды сақтанушылардың қызығушылығының төменділігі, негізінен өмірді сақтандыру, сақтандыру ұйымдары өздерінің тәуекелін басқару сапасының төмендігі, жинақтаушы өмірді сақтандыру ұйымдары сақтанушыларға займдарды ұсыну жүйесінің дамымағандығы, халықтың сақтандыру нарығына сенімінің жетіспеуі, сақтандыру компанияларында қызмет көрсету сапасының төмендігі, сақтандыру бизнесі саласындағы алаяқтық.
Алдыңғы бөлімдерде атап өткендей, жеке сақтандыру жеткілікті түрде дамымаған, оның ішінде оның ұзақ мерзімді түрлері. 36 сақтандыру ұйымдары ішінде екеуінің ғана «өмірді сақтандыру» сыныбы бойынша лицензиясы бар. Ал Ресейде өмірді сақтандырумен бүгінгі күні 1408-дің 200 компания айналысады. Дамыған елдерде ұзақ мерзімді өмірді сақтандыру жинақтаудың басты инструменттерінің бірі болып табылады. Орташа есеппен дамыған елдерде өмірді сақтандыру сыйақысының ЖІӨ-ге қатынасы 5,9%. Ал, Қазақстанда бұл көрсеткіш 0,003%.
Жеке сақтандыруды дамытудың тиімділігі, ол ұзақ мерзімді инвестициялық ресурстар көзі болып табылатын қосымша ресурстарды тартуға мүмкіндік береді, ал ол өз кезегінде мемлекеттік мәселелерді шешуге қаражат табу мәселесін шеше алады. Дамыған жеке сақтандыру нарығының болуы бюджеттің шығыс бөлігіне жүктемені азайтып, мемлекеттің азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыруға шығындарды азайтады. Сонымен, мемлекет халықтың аз қамтамасыз етілген бөлігіне көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жеке сақтандыруды дамыту сақтандырудың еңбек пен білімді көп қажет ететін саланың бірі, бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға әкеледі.
Қазіргі кезде әлеуметтік салада және сақтандыру саласында жүргізіліп жатқан реформалар, және де ел экономикасындағы тиімді өзгерістер жеке сақтандыру институттарының дамуына негіз болады. Жеке сақтандыру, сонымен қатар аннуитеттерді дамыту саласында мәселелерді шешу мақсатында 2004-2006 жылдарға сақтандыру нарығын дамыту Бағдарламасымен келесі бағыттар қарастырылады:
1. Аннуитеттерді ұсыну, өмірді сақтандыру мен еңбек қабілеті облысындағы, оның ішінде жаңа сақтандыру өнімдерінің пайда болуын қамтамасыз ететін, сонымен қатар сақтандыру сыныптары мен салаларының сыныпталуын нақтылау мүмкіндігін қарастыруда сақтандыру заңнамасын реформалау.
2. Өмірді сақтандыруды жүзеге асыратын ұйымдарда жинақтардың сақталуын қамтамасыз ету.
3. Ұзақ мерзімді (жинақтаушы) сақтадыруды дамыту мақсатында салық салу режимін жетілдіру.
4. Өмірді сақтандыруды жүзеге асыратын ұйымдардың институционалды құрылуына жағдай жасау.
5. Өмірді сақтандыруды жүзеге асыратын ұйымдардың ұзақ мерзімді инвестицияларына мүмкіндіктерді шешу.
2004 жылдың 24 желтоқсанынан №1377 [5] Қазақсьтан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Мемлекеттік аннуитеттік компания ұзақ мерзімді жеке сақтандыруды дамытуда қосымша импульс болуы қажет.
Қазақстан Республикасында бірін-бірі сақтандыру мүлдем дамымаған. Ал әлемдік тәжірибеде бірін-бірі сақтандыру қазіргі сақтандыру нарығын басты элементтерінің бірі болып табылады. Бірін-бірі сақтандыруда бірін-бірі сақтандыру ұйымдарынқұру арқылы мүліктік және заңды және жеке тұлғалардың өзге мүліктік мүдделерін сақтандыру жүргізіледі. Әдетте, мұндай ұйымдарды біртекті тәуекелмен байланысты қызметпен айналысатын тұлғалар құрады. Бұл сақтандыру түрінің қажеттілігі тәуекел санының көптігімен сипатталады, коммерциялық сақтанушылар әр түрлі себептерге байланысты сақтандыруды қабылдағысы келмейді, олар: шығындардың жиілілігі; сақтандыру сомасының жоғарғы мағынасы.
Халықаралық тәжірибе бойынша бірін-бірі сақтандыру ұйымдарының көптігін көрсетеді: АҚШ-та 2 мың шамасында, Нидерландия мен Швецияда 500-ден жоғары, Германияда 300-дей, Ұлыбритания, Франция мен Данияда 100-ден жоғары. Ұлыбританияның, Германияның, Францияның, АҚШ пен Жапонияның – бес ірі ұлттық сақтандыру нарығында бірін-бірі сақтандыру операциялары бойынша сыйақы мөлшері барлық сақтандыру сыйақыларының 40%-ын құрайды. [Каримуллин с.18].
Қазақстанда бірін-бірі сақтандыру институтының дамымағандығы бірін-бірі сақтандыру ұйымдарының құқықтық мүддесі мен олардың қызметінің шарттарын анықтайтын заңнамалық актінің жоқтығымен сипатталады. Мұндай заңнамалық актінің жасалуы 2005 жылдың аяғына жоспарланып отыр.
Мемлекеттегі сақтандыру мен сақтандыру қызметіндамытудың басты міндеті халықтың сақтандыру мәдениетін құру мен көтеру болып табылады. Қазіргі кезде сақтандыру нарығы дамуының деңгейінің төмендігі халықтың сақтандыру мәдеиетінің жоқтығымен айқындалады.
Мұның себептерінің біріне халықтың сақтандыруға теріс қатынасы, мемлекет тарапынан әлеуметтік және өзге көмекке халықтың тарихи тұрақталған қатынасы, сақтандыру өнімдері туралы ақпараттың шектеулілігі, сақтандыру ұйымдарының қызметі, оның ішінде жарнаманың аздығы, сақтандыру қызметі мағынасының анықсыздығы, БАҚ-да сақтандыру ұйымдарының қызметі туралы жөнді материалдардың жоқтығы, сақтандырудың жоғары тарифтері, олар халықтың табысына сай келмеді, сақтандырудың тиімсіз шарттары.
Халықтың сақтандыру мәдениетінің құрылуында БАҚ-мен қатынасты жиілендіру, білім беру ұйымдары бұқара халыққа арналған бағдарламаларға үйрететін, маркетингтік зерттеулер жүргізетін, сақтандыру қыфзметіне халықтың сұранысын зерттейтін, және қажет болған жағдайда жаңа өнімдерді жасауда сақтандыру ұйымдары мен олардың бөлімшелерінің рөлі маңызды.
Отандық сақтандыру ұйымдарында сақтандыру қызметтерінің түрлері шектеулі: 40-50 түрден аз, ал АҚШ-та 3000-нан аса, Еуропада 400-500 сақтандыру түрері бар.
Халықтың сақтандыру мәдениетін көтеру саласында мәселелерді шешу үшін келесі шараларды жүргізу қажет:
• Сақтандыру қызметі мен сақтандыру өнімдерінің нарығы туралы, оған қоса қаржылық қызметті тұтынушылардың мүдделерін қорғау сұрақтары бойынша толық және оңтайлы ақпарат ұсынуға бағытталған ағартушылық және түсіндірме жұмыстарын халық арасында сақтандыру нарығының іскер қатысушылары мен бөлімшелерімен жиі жүргізу;
• Сақтандыру нарығының қатысушылары іскерлігін көтеруге бағытталған семинарлар, тақырыптық конференцияларды жиі жүргізу;
• Сақтандыру нарығында, оның ішінде – сақтандыру агенттері мен сақтандыру ұйымдарының өзге делдалдары Қазақстан Республикасының территориясында Қазақстан Республикасының резидент еместерінің заң бұзушылықтар мен заңға сәйкессіздіктер туралы ақпаратты халыққа жариялау;
• Сақтандыру қызметінде қолданылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) келісім шарттарын және басқа құжаттарды толтыруда терминдерді бірыңғайландыру.
Сақтандыру дамуының қажетті факторы жинақтаушы түрлері мен аннуитеттерді ұсыну жүйесі статистикалық және басқа мәліметтер базасының болуы болып табылады. Көптеген себептерге байланысты мемлееттік статистика сақтандыруда қолданыла алмайды.
Сақтандыру резервтері мен сақтандыру тарифтерін есептеу сапасын жоғарлату бойынша шараларды тиімді жүзеге асыру, оның ішінде оларды есептеу бойынша бағдарламалық өнімдерді қолданысқа енгізу мен өңдеу сақтандыру статистикасының мәліметтер базасысыз мүмкін емес. Мәліметтер базасы халықтың жалпы өнім деңгейі, халықтың жеке категорияларының өлім деңгейі (мысалы, жинақтаушы зейнетақы жүйесінде қатысатын және зейнетақы жарналарын тұрақты төлейтін), мүгедектер өлім деңгейі, мүгедектіктен қалпына келу көрсеткіші, травматизм және т.б. мәліметтерді құрау керек.
Халықаралық тәжірибе сақтандыру статистикасының мәліметтерінің ақпараттық базасының болуы. Көптеген сұрақтар мен мәселелерді, яғни мемлекеттік органдарда, сақтандыру ұйымдары мен сақтандырушылардың әртүрлі сақтандыру түрлерін жүргізу процесінде пайда болған мәселелерді шешуге болады, оның ішінде:
• Көлеңкелі айналыстағы сақтандыру сыйақыларын заңдастыру;
• Алаяқтықты болдырмау немесе алдын алу, оның ішінде бір сақтандыру оқиғасы бойынша екі немесе одан да көп компанияларда сақтандыру төлемдерін сақтандырушылармен алуы; қосарлы сақтандыруда нақты шығындардың көлемінен жоғары болатын сақтандыру төлемдерін алу; сақтандыру жағдайларының жауапкершілігінбұрмалау, сақтандыру оқиғасынан кейін сақтандыру полисін құру; сақтандыру ұйымдарының қызметінің лицензияланбауы, сонымен қатар жарамсыз сақтандыру полистерін беру;
• Міндетті сақтандыру келісімшартына отыру бойынша көлік құралдары иелерінің міндеттерін орындауды мемлекеттік органдарымен бақылауды жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз ету, сонымен қатар, уәкілетті органдардың бақылау қызметін орындау;
• Сақтандыру тарифтерін есептеуде нақты мәліметтерді қолдану мүмкіндігі [каримуллин, с.19]
Қазіргі кезде автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруда, ақпараттық ағымдарға сәйкес әкімгершілік және сақтандыру ұйымдарында сақтандыру оқиғалары мен сақтандыру тәуекелдері бойынша оның ресурстарын құру және басқару мәліметтерінің ақпараттық статистикалық базасын құру мүмкіндігі қаралуда.
Соңғы жылдары табиғи, техногенді, қаржылық, экономикалық және басқа тәуекелдерден мемлекет, заң қорғау бойынша міндеттерді шешуге міндетті сақтандыруды қолданудысаласы кеңейді.
Қазіргі кезде міндетті сақтандыру жүйесі сақтандырудың 7 түрін кіріктіреді. Оан қоса, міндетті сақтандырудың отандық жүйесінде бұл салада бірыңғай мемлекеттік саясаттың жоқтығымен байланысты мәселер бар. Жеке айтқанда, әр түрлі мемлекеттік органдар міндетті сақтандырудың қандай да бір түрін енгізу мәселесін шешуде потенциалды сақтанушылардың қаржылық мүмкіндіктері мен ұлттық сақтандыру нарығының нақты жағдайын, мемлекеттің әлеуметтік экономикалық даму артықшылықтарын ескермей тығыз ведомстволық мүдделерді қолданады. Осы және басқа мәселелерді шешу мақсатында артықшылықты есептеулер міндетті сақтандыру саласында мемлекеттік саясатты құру, міндетті сақтандыру заңнаманы оңтайландыру, міндетті сақтандыру саласында халықаралық келісімге отыру мен халықаралық сақтандыру жүйесіне Қазақстан Республикасының кіру перспективалары мен шарттарын анықтау болып табылады.
Көлік құралдары иелерінің азаматтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруда мемлекеттердің Қазақстанмен шекарала территорияларда негізгеннен кейін пайда болған мемлекетаралық автокөлік хабарландыру мәселесін жақын арада шешу қажет. Бұл ретте көлік құралдары иелерінің жауапкершілігінің халықаралық жүйесінің ЕврАзЭо немесе ТМД шегінде құрылумен байланысты сұрақтарды қарастыру қажет. Сонымен қатар, «Жасыл карта» автосақтандырудың халықаралық жүйесін базалық модель ретінде мақсатты қолдану болашақта бұл жүйеге қосылуды мүмкіндік береді.
Сақтандыру нарығының инфрақұрылымының дамуы туралы айта келе сақтандыруды ұйымдастыруда басты элементі негізінен ірі мтәуекелдерді сақтандыруда сақтандыру нарығының қатысушылары болып актуарии, сақтандыру делдалдары (сақтандырц брокері мен агенті), сюрвейерлер, авария комиссарлары, аджастерлер мен басқалар табылады. Бұл негізінен, сақтандыру оқиғасы болған жағдайда пайда болған зиян көлемі мен сақтандырылған тәуекелдерді (қаржылық, техникалық) нақты бағалау қажеттілігімен түсіндіріледі. Сонымен қатар, аталған қатысушылар сақтандыру қызметі сапасының жоғарлауы мен оның тұтынушыларға қозғалысында басты рөл атқарды.
Және де, қазіргі күні Қазақстанның сақтандыру нарығында бұл тізімнен ресми түрде тек сақтандыру делдалдары мен актуарийлкр ұсынылған. Оған қоса, сақтандыру делдалдары мәселелер бойынша қолданыстағы заңнама оңтайландыруды қажет етеді, оның ішінде сақтандыру брокері мен сақтандыру агенті қызметінің шарттарын нақты анықтау қажет. Сақтандыру нарығының аталған қатысушыларының функционалдық арналымы ірі тәуекелдерді сақтандырумен байланысты түрлеріндегі міндетті сақтандыру сызбасын тарту қажеттілігімен түсініріледі. Осыған байланысты сақтандыру нарығының әр қатысушыларының өкілеті мен қызметін заңға сәйкес анықтау қажет және оның құрылуы мен дамуына өзге алғышарттар құру.
2003 жылы құрылған инвестициялар мен экспорттық несиелерді сақтандыру бойынша мемлекеттік сақтандыру корпорациясының дамуы бойынша шараларды қолданысқа енгізуді жалғастыру қажет, және оның басты міндеті саяси және коммерциялық тәуекелдерден инвесторлар мен отандық экспорттаушыларға сақтандыру қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар, 2003 жылы құрылған ипотекалық несиелерді кепілдендірудің Қазақстандық қоры қызметінің сұрақтарын қарастыру қажет, оның мақсаты ипотекалық несиелеу мен оның құралу сапасын көтеру жүйесіне халықтың қол жеткізуін кеңейту жолымен халықы үймен қамтамасыз етумен көтеру (оның ішінде бастапқы жарна мөлшері мен пайыздық мөлшерлемені төмендету, несиелеу мөлшерін ұлғайту, несиелеу мерзімін ұзарту арқылы).
Оның ішінде, сақтандыру ұйымдарында аталған қорларда реорганизациялау ұсынылады, ол қолданыстағы сақтандыру заңнамасына өзгерістерді енгізуді қажет етеді. Алдымен, мүндай жағдай халықаралық тәжірибеге сәйкес. Оның ішінде, ЕвроОдақ директивалары несиелерді сақтандыруды ұсынады және сақтандыру ұйымдарымен ипотекалық несиелерді сақтандыру.
Ипотекалық сақтандыру қарыз алушының төлем қабілетсіздігіне мүмкін болатын несиелік тәуекелді төмендетудің инструменті болып табылады, және де несиені шығынға алып келетін мүліктік негізін нақтылауда жылжымайтын мүлік нарығында баға тербелісінің әсері және халықаралық тәжірибеде оны жүргізудің негізгі қағидатының бірі қарыз алушымен басиапқы жарнаны сақатандыру болып табылады.
Ипотекалық сақтандырудың кредиторлардың қаржылық тұрақтылығына тікелей әсер ететін және тығыз байланыстылығын ескере отырып, ипотекалық сақтандыруды жүргізу қағидаттарын заң деңгейінде анықтау сұрақтарын қарастыруды қажет етеді, сонымен қатар ипотекалық сақтандыруды жеке сыныбы ретінде бөлу. Сонымен қатар, ипотекалық несиелерді берумен байланысты тәуекелдерді сақтандыру мүліктік сақтандырудың өзге түрлері бойынша жүргізілуі қажет.
Ипотекалық несиелеуді жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының қызметіне арнайы талаптарды қажет етеді (капитализация деңгейі, сақтандыру резервтерін құру тәртібі). Алдымен, берілген сақтандыру ұйымдарының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеті деңгейін көтеруге мүмкіндік береді, бұл ипотекалық сақтандыру нарығына тартымды және сапалы тұрақтануына әсерін тигізеді.
Сонымен қатар, сақтандыру нарығының әртүрлі іскер қатысушыларын біріктіретін сақтандыру нарығына өзін-өзі реттейтін ұйымдарды дамыиуға ерекше көңіл бөлу керек (сақтандыру агенттері, актуариилер, авария комиссарлары мен т.б.). бұл мәселе сақтандыру нарығының жеке іскер қатысушыларын нарыққа жіберу мен лицензиялау ескере отырып маңызды болады, және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру жоспарланады.
Болашақта автоматизацияланған ақпараттық жүйелерді енгізілуде, бұл сақтандыру нарығының іскер қатысушылары жүргізетін операциялардың айқындылығы мен тұрақтылығын көтеруге мүмкіндік береді, қызмеркерлердің күнделікті еңбегін оңайлатып, есеп берудің құралу процесін тездетеді, ақпаратты өңдеу мен талдауды тездетеді.
Қазақстанда сақтандыру қызметінде реттеу мен бақылауды мүлтіксіздендіру шегінде мемлекет келесі мәселелерді шешуі керек:
• Сақтандыру қызметін бақылаудың ұлттық режимін халықаралық қағидаттар мен республиканың әлемдік сауда ұйымына интеграция қажеттілігі стандарттарына жақын келуін қамтамасыз ету, оның ішінде шетелдік қатысудың шектеуін төмендетуді кезеңдік жолмен;
• Сақтандыру брокерлері мен сақтандыру ұйымдарының қайтасақтандыру қызметіне бақылауды күшейту, сонымен қатар сақтандыру брокерлерінде Қазақстан Республикасының резидент еместерінің несиелік рейтингілерінің болуының міндетті талаптарын белгілеу жолымен;
• Сақтандыру нарығының қатысушылары қызметінің заңдық негізін нақтылау (авария комиссарлары, аджастерлер, андеррайтерлер, сюрвейерлер, диспашерлер мен т.б.), сақтандыру агенттері мен сақтандыру брокерлері қызметтерін нақтылау және шектеу;
• Сақатндыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының төлем қабілеті мен қаржылық тұрақтылығына талаптарды дамыту;
• Сыртқы және ішкі аудиторлар, актуарийлер қызметін қолдану бойынша нұсқамаларды жасау, сонымен қатар сақтандыру агенттері мен делдалдарымен олардың қарым-қатынасын регламенттейтін сақтандыру ұйымдарының ішкі ережелеріне талаптарды өңдеу;
• Жүргізетін операцияларды нақты регламентациялардың бар болуына тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару жүйесіне талаптарды өңдеу;
• Сақтандыру операциялары мен қаржылық есеп беру айқындылығын көтерудің бухгалтерлік есеп жүйесін оңтайландыру;
• Сақатндыру тарифтерін есептеу тәртібіне талаптарды тұрақтандыру;
• Басқа қаржылық ұйымдарына ұсынылатын талаптармен сақтандырунарығының іскер қатысушыларының келісуімен лицензиялауда, құруда анықталатын унифиация мен стандартизация талаптары;
• Тәуекелдерді бағалау жүйесіне негізделген тәуекелдерді алдын ала табуға болатын тетстілеу жүргізу;
• Мәліметтерді өңдеу мен жинау жүйесін автоматизациялау.
Қазақстанда қайта сақтандыру нарығының дамымау мәселесі бар, себебі қайта сақтандыруды жүргізетін қызметтің бір түрі ретінде ұйымның бірде біреуі жоқ. Мұның нәтижесінде қазақстандық сақтандырушылардың тәуекелінің үлкен бөлігі шетелдік қайта сақатндыру нарығында орналасады. 2004 жылы сақтандыру сыйақыларының 42,8% резидент еместермен қайта сақатндыруға берілген.
Қазақстанда ортақ сақтандыру механизмі әлі өзінің тәжірибелік қолданыла алған жоқ.
Қайта сақатандыру мен ортақ сақтандыру механизмін дамытуды ынталандыру бойынша бірқатар шараларды мемлекет қолдану қажет, және бірінші кезекте олардың құқықтың негізін жүргізу. Қазіргі кезде қайта сақатндыру мен қайта сақтандыру қызметінің келісімдерінің барлық негіздерін ескерілмейтін қолданыстағы сақтандыру заңнамасын оңтайландыру қажет. Оның ішінде, қайта сақтандыру келісім шарттарының стандартты нұсқауларын анықтап, қазақстандық қайта сақтандыру нарығының іскерлік айналымының әдептерін құру қажет.
Заңсыз капитал аудару мен ақшаны аударуға қайта сақтандырудың трансшектік операцияларды қолануды шектеу және алдын алу мақсатында қайта сақтандыру қызметіне бақылауды қамтамасыз етудің сұрақтарын қарастыру керек.
Олардың қаржылық жағдаын тұрақтандыру мен сақатндыру ұцымдарының капитализациялану деңгейінің ұлғаю тенденцияларының соңғы жылдарын қарастыру есебімен Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамасына сақтандырушыны меншікті ұстау лимитінің мөлшерін мақсатты ұлғайтуды қарастыру қажет. Берілген шара қайта сақтандырудың трансшектік каналдары бойынша шетелге валюталық қаражаттардың ағымын қысқарту және ұлттық сақтандыру нарығының сыйымдылығын ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Сақтандыру пұлында сақтандыру ұйымдарының міндетті қатысуына талаптарды өте ірі тәуекелдерді сақтандыруға қабылдауға ұсынатын міндетті сақтандырудың жеке түрлерін жүргізуге сақтандыру ұйымдарын кіргізудің қосымша шарттары негізінде қолдануға болады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) пұлдарымен ортақ сақтандыруды жүргізу шарттарын регламенттейтін нормативтік құқықтық базаны тез арада құру қажеттілігі бар, оның ішінде сақтандыру келісімшартына оытыру тәртібі, сақтандыру тәуекелінің мөлшерін анықтау, жауапкершілікті бөлу, бірін-бірі есептеуді ұйымдастыру.
Қазақстанның әлемдік сауда ұйымына кіру алдында туған өзекті мәселе ұлттық сақтандыру секторына шетел сақтандыру компанияларының ашық қолдарының жету деңгейі болып табылады. Шетел операторларының шектен тыс қол жетуінің ашықтығы халықаралық қаржы нарығына аккумумяцияланған ресурстардың ағымына, ұлттық операторлардың жұтылуы, бәсекелестіктің төмендеуі мен басқа да теріс нәтижелерге алып келуі мүмкін.
Экономикалық қауіпсіздікті қамтамаыз ету мен экономикалық даму мүддесі глобальді қаржылық жүйеде қажетті интеграцияға жетуде сақтандыру саласында ұлттық тәуелсіздікті сақтауды қажет етеді. ӘСҰ-на кіруде Қазақстан өз мойнына алатын сақтандыру қызметінде міндеттерді орта және ұзақ мерзімді перспективада қазақстандық сақтандыру саласында құрылымын анықтайды. Бұл қазақстанның стратегиялық экономикалық мүдделері нақты міндеттер нәтижесін талдаумен салыстыру, саланың сәйкес тиімді салуын шығаруды қажет етеді.
Бұл жағдайда Қазақстанға отандық сақтандыру нарығына шетелдік компаниялардың қол жетуінің болашақ саясатын анықтау қажет. Тәжірибеде мемлекеттер ӘСҰ-на кірерде (Орталық Африка елдері, Латын Америкасы, Қырғызстан, Грузия) сақтандыру секторында ұлттық тиімді қорғау жағдайынанбас тартуы кездеседі. Бұл ұлттық сақтандыру нарығының жоқтығымен байланысты.
ӘСҰ-на кіргенде көптеген елдер ұлттық сақтандыру саласында тәуелсіздікті сақтау курсынан шығады. Бұл сақсатта, шектен тыс тікелей шетел бәсекелестерінен қорғау мен шетелге сақтандыру саласында ресурстар ағымын шектеу бойынша шаралар қарастырылады (қайта сақтандыру және инвестициялау каналдары бойынша). Осылай Индия, Бразилия, Чили, Индонезия және бірқатар елдер - ӘСҰ-ның мүшелері сақтандыру нарығына кіру бойынша кез-келген шектеулер енгізудің өз еркін сақтаған және сақтандыру қызметінде міндеттерді қабылдаған жоқ.
Көптеген елдер қол жетудің тосқауылсыз режимінде құқықтық актілер деңгейінде тосқауыл енгізуді тәжірибелеу, бұл олардың сақтандыру нарығына шетел операторларының енуіне мүмкін болмайтын жағдай жасайды.
Сонымен қатар, Қазақстан халықаралық тәжірибені ескеру керек, ол жеке сақтандыру нарығында ірі халықаралық сақтандыру ұйымдарының болуы жаңа сақтандыру технологиясын тартуға, сақтандыру қызметтерінің тізімі мен сапасын көтеруге мүмкіндік береді. бұл бәсекелестіктің деңгейін көтереді.
Бұл бөлімді қорытындылай келе, сақтандыру нарығының мәселелерін шешу оның потенциалды дамуы болып табылады. Ұлттық сақтандыру индустриясының перспективалары көп және оларды жүзеге асырудың келесі негізгі міндеттері бар: ұзақ мерзімді және жинақтаушы жеке сақтандыру түрлерін дамытуды ынталандыру жолымен азаматтарды әлеуметтік қорғау деңгейін көтеру; бірін-бірі сақтандыру жүйесін дамыту; алаяқтық бойынша жұмысты күшейту және сақтандыру мақсатын, сақтандыру саласындағы реформалар мен сақтандыру заңнамасын түсіндіру, халықтың сақтандыру мәдениетінің деңгейін көтеру және сақтандыру қызметінің тұтынушыларының құқын қорғауға бағытталған шараларды күшейту; сақтандыру ісін автоматизациялау және информатизациялау саласында жаңа технологияны енгізуге ат салысу; міндетті сақтандыру саласындағы мемлекеттік саясатты құру және міндетті сақтандыру саласындағы тиімділікті арттыру, сақтандыру нарығының толық инфрақұрылымын құру, қатысушыларды және олардың қызметін анықтау; сақтандыру саласында мамандандыру біліктілігін арттыру; қаржы нарығының бірыңғай бақылауға өтуді ескере отырып, сақтандыру қызметін бақылау мен реттеужүйесін оңтайландыру; қайта сақтандыру және ортақ сақтандыру нарығының дамуына үлес қосу.
“Сақтандыру” деген сөздің өзі “қорқыныш” деген сөздің мағынасынан шыққан, бірақ мұны дұрыс түсіну қажет, яғни бұл жерде “қорқыныш” деген сөз, адамның белгілі бір затты жоғалтамын немесе бүлдіремін деген сезім туғандықтан пайда болады. Бірақ бұл көбінесе “тәуекел” деген сөзге сәйкес келеді. Cонымен, қорыта келгенде сақтандырудың адам өмірінде маңызы өте зор. Ол арқылы әрбір адам өзінің материалдық құндылықтарын жоғалтпауына сенімді болуына болады.Болашақта не боларын ешкім білмейді. Сондықтан да кез-келген тәуекелді сақтандыру дұрыс болады деп ойлаймын. Сақтандыру қазіргі кезде Қазақстан Республикасында қарқынды дамуда. Және болашақта Қазақстанда сақтандыру саласы шетел мемлекеттеріндегі сияқты деңгейге жетеді деген үміт бар.
Сақтандыру саласының дамуы Қазақстан Республикасының экономикасының дамуына өз үлесін қосады. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы, экономиканы нарық қатынасына қайта бейімдеу, шетел капиталын тарту, ішкі тауар өндірушілер мен жұртшылықтың, сондай-ақ шетелдіктердің экономикалық мүдделерін сақтандыру жағынан қорғайды, барынша кеңінен талап етеді. Бұл ақыры шетел компанияларымен бірлескен сақтандыру ұйымдары, жетекші шетелдік сақтандыру және брокер фирмаларының өкілдіктерінің аккредитациясын құру қажеттігіне әкеп соғады.
Сонымен қатар, сақтандыру брокерлері туралы болашақта Қазақстанда да шетел фирмаларының үлгісінде брокерлік бөлімше-сақтандыру ұйымы мен сақтанушы арасындағы делдалдық құрылуы ықтимал. Мәселен, агент бір ғана сақтандыру ұйымының мүддесі үшін жұмыс істесе, брокер сақтанушының өкілі ретінде бірнеше сенімді деген сақтандыру ұйымдарына өз қызметін ұсына алады. Бұл бағыттағы алға қадам бізде жасалды: сақтандыру агенттері, сақтандыру брокерлері аталып, олардың еңбегіне ақы төлеу жағдайы жетілдіріліп, қазір брокерлердің табысы олар жасаған келісімдердің санына байланысты. Еңбек тиімділігі артып: шындығында сақтандыру төлемі 3,5 есе өсті. Осының бәрі республикадағы сақтандыру ісінің одан әрі дамуы үшін жағдай жасайды.
Сонымен, болашақта сақтандырудың маңызы өте зор. Оның адам өмірінде атқаратын қызметі өте жоғары. Сақтанушылар көлемі жылдан-жылға өсуде.
Сақтандыру құқықтың жаңа саласы болып табылатындығына, осы жұмысты жазу барысында өмірде кездесетін факторларға байланысты болғандықтан, көзім жетті.
Өркениетті елдерде сақтандыру тек экономиканың басты бөлігі ретінде ғана болмайды, сонымен қатар әлеуметтік деңгейдің дамуын да көрсетеді.
Қазақстанның сақтандыру нарығы қазіргі кезде көптеген мәселелерді бастан кешуде, оларды келесілерді қатыстыруға болады, өмірді сақтандыру мен жеке сақтандырудың өзге түрлері нарығын дамытудың кемшіліктері, сақтандыру ұйымдарында корпоративтік басқару жүйесін енгізу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметі туралы статистикалық база мен өзге де мәліметтердің жариялылығын құру және қамтамасыз ету, сақтандыру компанияарының қызметін автоматизациялау. Сақтандыру секторының мәселелерінде тағы атап өтуге болатындары, ерікті сақтандыру бойынша ұсынылатын қызметтердің шектеулілігі, оған қоса ұзақ мерзімді және жинақтаушы өмірді сақтандыруда сақтандыру өнімдерінің қымбаттылығы (міндетті сақтандыру түрлерін қоспағанда, онда құн шарттары заңмен бекітілген) мен сұраныстың жоқтығы, нарықта жеке сақтандыру ұйымдарының пассивтілігі мен сақтандыруға, потенциалды сақтанушылардың қызығушылығының төменділігі, негізінен өмірді сақтандыру, сақтандыру ұйымдары өздерінің тәуекелін басқару сапасының төмендігі, жинақтаушы өмірді сақтандыру ұйымдары сақтанушыларға займдарды ұсыну жүйесінің дамымағандығы, халықтың сақтандыру нарығына сенімінің жетіспеуі, сақтандыру компанияларында қызмет көрсету сапасының төмендігі, сақтандыру бизнесі саласындағы алаяқтық.
Қазіргі кезде міндетті сақтандыру жүйесі сақтандырудың 7 түрін кіріктіреді. Оан қоса, міндетті сақтандырудың отандық жүйесінде бұл салада бірыңғай мемлекеттік саясаттың жоқтығымен байланысты мәселер бар. Жеке айтқанда, әр түрлі мемлекеттік органдар міндетті сақтандырудың қандай да бір түрін енгізу мәселесін шешуде потенциалды сақтанушылардың қаржылық мүмкіндіктері мен ұлттық сақтандыру нарығының нақты жағдайын, мемлекеттің әлеуметтік экономикалық даму артықшылықтарын ескермей тығыз ведомстволық мүдделерді қолданады. Осы және басқа мәселелерді шешу мақсатында артықшылықты есептеулер міндетті сақтандыру саласында мемлекеттік саясатты құру, міндетті сақтандыру заңнаманы оңтайландыру, міндетті сақтандыру саласында халықаралық келісімге отыру мен халықаралық сақтандыру жүйесіне Қазақстан Республикасының кіру перспективалары мен шарттарын анықтау болып табылады.
Пайдаланылған әдебиетер тізімі:
І. Нормативтік заңдылықтар және актілер:
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
2. Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы
3. Қазақстан Республикасының Конститутциясы
ІІ.Оқулықтар:
1. Гостенко Л.Н “Страхование”
2. Жүйріков К.Қ “Нарыққа өту жағдайындағы сақтандыру”
3. Жүйріков К, Назарчук И, Жүйріков Р “Страхование: теория, практика,
зарубежный опыт”
4. Жүйріков К.Қ “Қайта сақтандыру және нарық”
5. Ілиясов Қ, Құлпыбаев С “Қаржы”
ІІІ. Мерзімдік басылымдар:
1. “Қаржы-қаражат” 6/2004ж 69-74бет
2. “Труд в Казахстане” 2/2005ж 4-7бет
3. Труд в Казахстане” 9/2005ж 4-7бет
3