Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2013 в 06:55, реферат
Өнім– 1) белгілі бір уақыт аралығында дүние жүзінде, елде, кәсіпорында, т.б. өндірілген өнімдердің бүкіл көлемі; ғылыми-техникалық талдамаларды, өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді, халық тұтынатын тауарларды, құрылыс нысандарын, жұмыстарды, қызметтерді қоса қоғамдық және жеке бастың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған еңбек қызметінің нәтижесі; кәсіпорында дайындалған өнім. Еңбек нәтижелері заттандырылған (шикізат, материалдар, тамақ, химия өнімдері, техикалық қондырғылар мен олардың бөлшектері) және заттандырылмаған (энергия, ақпарат, көрсетілетін қызметтің кейбір түрлері) болуы мүмкін.
Өнім– 1) белгілі бір уақыт аралығында дүние жүзінде, елде, кәсіпорында, т.б. өндірілген өнімдердің бүкіл көлемі; ғылыми-техникалық талдамаларды, өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді, халық тұтынатын тауарларды, құрылыс нысандарын, жұмыстарды, қызметтерді қоса қоғамдық және жеке бастың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған еңбек қызметінің нәтижесі; кәсіпорында дайындалған өнім. Еңбек нәтижелері заттандырылған (шикізат, материалдар, тамақ, химия өнімдері, техикалық қондырғылар мен олардың бөлшектері) және заттандырылмаған (энергия, ақпарат, көрсетілетін қызметтің кейбір түрлері) болуы мүмкін. Өнім даралай, салмақ, ұзындық, бет, көлем өлшемдері және бұйымдардың немесе материалдың, металл балқымасының топтамасы, сұйық немесе сусымалы заттың белгілі бір сыйымдылығы (контейнер, цистерна, бөшке, қап) есебімен есептеледі. Өнім тұтыну құнымен – белгілі бір тиімділікті қанағаттандыра алуымен және құнмен – оны дайындауға жұмсалған қоғамдық еңбекпен сипатталады. Осыған байланысты оны есепке алу мен жоспарлау заттай тұлғада ғана емес, ақшалай тұлғада да жүргізіледі. Өнімге заттай (машина, жабдық, аяқ киім, т.б.) және өнеркәсіптік сипаттағы жұмыстарға (жөндеу жұмыстары, сақтау, буып-түю, тасымалдау, т.б.), негізгі және жанама өнім түрлеріне бөлінеді. Аяқталған жұмыстар кешені, құрылыс нысаны да Өнім деп ұғынылады. Негізгі түріне өндірістің жалпы көлеміндегі үлес салмағы көп және кәсіпорын дайындауға бағдарланған Өнім жатады. Жанама түріне негізгі Өніммен қатар бірыңғай технол. үдеріс барысында жасалатын Өнім(мысалы, мақта тазарту, май шайқау зауыттарындағы қалдықтар, астық өндірісіндегі сабан, т.б.) жатады. Ө. шаруашылық салаларына қарай: өнеркәсіп, құрылыс, көлік, байланыс, сауда, қоғамдық тамақтандыру, мал ш., өсімдік ш. Ө-деріне ажыратылады. 2) Адам еңбегінің заттанған немесе бейматериалдық нәтижесі (зат, ғылыми ашылым, идея), яғни адам еңбегінің, шаруашылық қызметтің заттай нысанда немесе нәтижесі материалдық-заттай нысанда (материалдық өнім), рухани нысанда не бейматериалдық-зияткерлік, рухани, ақпараттық нысанда (зияткерлік өнім, ғылыми ашылым, идея) не орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер түрінде бейнеленген нәтижесі.
Қызмет - қойылған міндеттерді орындауға қажетті құқықтар беріп, міндеттемелер жүктейтін, қандай да бір мекемеде тағайындау не сайлаумен бекітілетін лауазым; белгілі бір іс-шараны үздіксіз атқарумен шұғылданатын, сол үшін де арнайы мамандармен және арнаулы құрал-сайманмен, техникамен жабдықталған ұйым.
Ресурстар (французша ressourse — құрал-жабдық, мүмкіндік), босалқы қорлар — табыс, ақшалай және басқа қаражат, құндылықтар мен олардың көздері.
Негізгі түрлері:
*ақпараттық ресурстар — әлеуметтік мәні бар және қоғамдық іс-тәжірибеде пайдаланылатын ақпараттық материалдардың (ақпараттық құжаттардың, ақпараттың), сондай-ақ ғылыми-техникалық ақпараттың жиынтығы;
*банк ресурстары — банктердің меншікті және сырттан тартылған қаражатының жиынтығы, оны *банктер несиелендіру және актив операцияларын жүргізу үшін пайдаланады;
*бюджет ресурстары —барлық деңгейдегі бюджеттерге кіріс ретінде түсетін ақшалай қаражат;
*еңбек ресурстары — халықтың еңбекке жарамды бөлігі;
*қаржы ресурстары — мемлекеттің, кәсіпорынның, ұйымның қарамағындағы ақшалай қаражат қорларының жиынтығы;
*материалдық ресурстар — еңбек заттары мен құралдары: машиналар мен жабдық, шикізат, негізгі және қосалқы материалдар, жартылай фабрикаттар, отын, аяқталмаған өндіріс және өндіріс қалдықтары, машиналар мен жабдықтарды жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер, ыдыс;
*табиғат ресурстары — жер, су, әуе байлықтары, пайдалы қазбалар, орман, өсімдіктер мен жануарлар *дүниесі түріндегі табиғи, экономикалық, өндірістік ресурстар;
*экономикалық ресурстар — фирманың, кәсіпорынның меншігіндегі және пайда алу үшін пайдаланылатын негізгі құрал-жабдықтың, бейматериалдық активтердің, басқа да құндылықтардың, ақшалай қаражаттың жиынтығы, өндірісті қамтамасыз ету көздері деген мағынаны білдіретін іргелі экономикалық теория ұғымы;
*экспорттық ресурстар — сыртқы рыноктарда өткізуге арналған өнім, көрсетілетін қызметтер, жекелеген жұмыс түрлері, қаржы-қаражат;
*энергетикалық ресурстар — отынның барлық түрлерінің қорлары.
Кооперация (лат. cooperatіo – ынтымақтастық) – 1) жеке тұлғалардың ұжымдық кәсіпкерлік үшін ерікті мүшелік негізінде құрылған бірлестігі; 2) бір не бірнеше елдегі шетелдік серіктестері қатысуымен бірлескен немесе өзара келісілген өндірісті ұйымдастырудың әмбебап нысаны. Ол өнім өндіруді бөлісуге, тәуекелдіктердің өзара кепілдігіне, инвестициялар мен өнеркәсіптік секторды ортақтасып қорғауға негізделген. 3)бір немесе бірнеше әлеуметтік топтардың өкілдері бір мақсатқа жету жолында бірігіп, ұйымдасқан түрде әрекет ету процесі.
Мамандану - шаруашылықтың негізгі саласы. Аудан көлеміндегі басқа салалар негізгі маманданған саланың дамуына қосымша әсер етеді. Мысалы, Солтүстік Қазақстанда маманданған салалардың біріне егіншілік жатады. Бұл саланы интенсивті дамыту үшін техника шығаратын өндіріс саласымен байланыс орнату тиімді, яғни шаруашылыққа Павлодар Трактор зауыты шығаратын трактор қажет.Қосымша салаларға химия өнеркәсібі салаларын жатқызуға болады. Бұл әр түрлі өнеркәсіп салаларының қалдықтарын пайдалана отырып, жаңа өнім түрлерін шығарады немесе электр қуатын береді.Аудан экономикасының дамуына еңбек ресурстарының бөлінуі де әсер етеді. Мысалы, ауыр өнеркәсіпте көбінесе ер адамдар жұмыс істесе,әйел адамдарды жұмыспен камтамасыз ету үшін жеңіл және тамақ өнеркәсібін, яғни қызмет көрсету салаларын дамыту кажет.Бұл салалар аудан халқын тамақ өнімдерімен, мәдени-тұрмыстық қажеттіліктермен қамтамасыз етеді. Бұларды қызмет көрсету саласы дейміз.Кез келген экономикалық аудан маманданған, қосымша және қызмет көрсету салаларын қамтиды. Бұл салалар аудан аумағындағы ресурстарды (жер, еңбек, энергетикалық, су, шикізат, көлік түрлері) біріктіре отырып пайдаланады.Соның нәтижесінде аудан көлемінде ерекше дамыған кешенді шаруашылық пайда болады. Аумақтың халық шаруашылығын тиімді пайдалану формасының ұйымдастырылған түріне өнеркәсіп тораптары және аумактық өнеркәсіп кешендері жатады (АӨК). АӨК аймақтық өнеркәсіптің өзегі болып есептелінеді. АӨК белгілі бір өнім түрлерін шығару үшін ірі өндіріс орындарына жақын орналасқан кәсіпорындармен өндірістік бағытта байланысады.АӨК - мемлекетіміздің халық шаруашылығында материалдық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіншілік береді.
Еңбек бөлінісі – еңбек қызметі түрлерінің ара жігін ажырату. Еңбек бөлінісі еңбекті ұйымдастыру жүйесінде қалыптасады. Өндірістің тиімділігін арттырудың тұрақты қолданыстағы факторы болып табылады. Негізгі 3 түрге бөлінеді:
*жалпы қоғамдық өндіріс ауқымында қалыптасатын жалпы еңбек бөлінісі;
*түрлі салалар мен өндірістер арасында орын алатын жеке еңбек бөлінісі;
*жекелеген кәсіпорындар
мен бірлестіктер, қызметкерлер
арасында орын алатын жеке-
Сонымен қатар аумақтық, халықаралық еңбек бөлінісі де болады. Кәсіпорындарда:
қызметкерлердің өндірістік-шаруашылық қызметтерге қатысуына, орындалатын міндеттердің сипатына, өндірістік үдеріске қатысуына қарай атқарымдық еңбек бөлінісі;
еңбек үдерісінің технологиялық жағынан бір текті жұмыс түрлері бойынша саралануына негізделген технологиялық еңбек бөлінісі;
қызметкерлерді кәсібі (мамандығы)
және біліктілік деңгейі (разрядтар, санаттар)
бойынша бөлетін кәсіптік-
Өндіріс факторлары -өндіру (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) барысында дайдаланылатын негізгі компоненттер: еңбек, жер, табиғат ресурстары, капитал. Қазіргі заманғы экономикалық теория игіліктерді (тауарларды) өндіру (қызметтерді көрсету) үшін қажетті есурстарды топтарға - өндіріс факторларына бөледі. Олардың алғашқысы - еңбек факторы. Жер факторының (табиғи ресурстар) мағынасы кең (адамдардың келген жері ретінде кәсіпорындар алып отырған аумақ ретінде, пайдалы қазындылардын, су ресурстары мен басқа да ресурстардың көзі ретінде ұғынылады). Капитал факторы дегеніміз заттық (нақты) капитал — ұзақ уақыт және сан қайтара пайдаланылатын өндіріс құрал-жабдығы (шикізат, машиналар, жабдық, өндірістік ғимарат, т. б.). Осы классикалық өндіріс факторларынан басқа қазіргі заманғы экономикалык теорияда кәсіпкерлік қабілет, ғылыми-техникалық прогресс және ақпарат та жиі бөліп көрсетіледі.
Еңбек — адамга өзінің түтынушылығын қамтамасыз етуге қажетті бүкіл затгар жиынтыгын жасайтын адам орекетінің негізгі формасы. Еңбек адамның өзінің қалыптасуында, оньщ сана, сөйлеу тәрізді қатынасқа қабілетті ететін қасиеттерін қалыптастыратын шешуші күш. Адам еңбек арқылы табиғатқа әсер етеді. Еңбектің техникалық жарақтану дорежесі, оның дагдысын, әдетін, еңбек сүйгіштікті қалыптастыру жеке тұлғаның дамуында ерекше маңызды. Еңбектің олеуметтік сипаты, оның тарихи даму сатылары еңбек процесінде адамдар арасында орнығатын және еңбек өнімдері мен түрлерін таратуға әсер ете отырып, қоғамдағы олеуметтік қатынастар жүйесінің негізі болып табылатын өндірістік қатынастар ерекшелігіне байланысты. Адам экологиясы үшін еңбек әрекетіне талдау жасау және орқилы табигат және әлеуметтік-экономикалық жағдайлардағы оның әр түрлерінің ерекшеліктерін білудің тұрғындардың өмір сүру жағдайын бағалауда маңызы зор, өйткені еңбек демалыс және түрмыспен катар адамның өмір сүруіндегі негізгі элемент болып есептеледі.
Капитал(немісше kapіtal, ағылшынша capіtal, латынша capіtalіs – басты нәрсе‚ басты мүлік, негізгі қаржы) – кең мағынада – табыс әкеле алатын нәрселердің бәрі немесе адам өзінің тіршілік әрекеті барысында тауарлар‚ өнімдер‚ т.б. өндіру‚ қызметтер көрсету үшін жасаған ресурстар, яки қосымша құн әкелетін құн; тар мағынада – табыстың жұмыс істеп тұрған қайнар көзі‚ іске қосылған өндіріс құрал-жабдығы‚ ақшалай қаражат‚ зияткерлік меншік.
Еңбек өнімділігі - алынған өнім көлемінің оны дайындауға жұмсалған еңбекке қатынасы (еңбектің өндіріс үдерісіндегі тиімділігі). Уақыт өлшемінде өндірілген өнімнің мөлшерімен (өндіріммен) немесе өнім өлшеміне жұмсалған уақыт шығынымен (еңбек сыйымдылығымен) тұлғаланады. Жеке және қоғамдық еңбек өнімділігі түрлеріне бөлінеді. Біріншісі нақты еңбек шығынын, екіншісі нақты және өткендегі (затандырылған) еңбек шығынын көрсетеді.
Өнімді өндіруге жұмсалған шығындар жанды еңбек шығындары мен өндіріс құрал-жабдықтарының шығындарынан тұрады. Ал соңғыларда, өз уақытында, соларды жасауға жұмсалған еңбек шығындары болып табылған. Сондықтан экономикалық теорияда өнімнің қандайына болмасын жанды (нақты) және зат түріндегі еңбек жұмсалады деп тұжырымдалады. Өткен (зат түріндегі) еңбек білім, информация т.с.с. түрде жинақталады.
Еңбек қарқындылығы (Интенсивность труда) — белгілі бір уақыт өлшемі ішінде жұмсалған еңбектің мөлшерімен анықталатын еңбек қарқындылығы.
Өндірістік функция. Өндіріс факторларының қандай болмасын жиынтығымен, осы жиынтық арқылы өндірілетін өнімнің барынша көп көлемінің арасындағы өзара қатынас өндірістік фунцияны сипаттайды. Өндірістік функция ресурстардың шығындары мен шығарылған өнімнің арасындағы технологиялық төуелділікті керсетеді.Осыны изокванта сипаттайды — өндіріс факторларының бір көлемді өнім шығару үшін бір бірімен ұштасуының бірнеше түрі болу мүмкіндігін сипаттайды. Тапсырылған өнім көлемін өндірудің көп варианты болатынын өндірістік функция көрсетеді. Өндірістік функция, қашан болмасын, тек белгілі технологиялық құрылым үшін жасалады. Факторлардың қандайы болса комбинациясында шығарылатын өнімнің қол жететін көлемін одан әрі өте жоғары кетере алатындай дәрежеде технологияның жақсартылуы, қашан болсын жаңа өндірістік функцияда орын алады. Өндірістік функцияны, тауарлардың көрсетілген көлемінің қайсысы болмасын соны өндіруге қажет шығындар санының төменін анықтап білу үшін қолдануға болады. Егер өңдіріс факторларының, немесе, ресурстардың барша жиынтығын енбектің, жердің және капиталдың шығыны деп санасақ, онда өндірістік функцияны былайша жазып көрсетуге болады:
Q = F(L, К, N),
бұнда Q — берілген технологияда және еңбектің L, капиталдың К, жердің N берілген сәйкестігінде өндірілетін өнімнің барынша көп көлемі. Әр түрлі өндіріс түрлерінің өндірістік функциясы өзгеше болса да, олардың барлығының ортақ қасиеттері бар. Бірініші. Басқа жағдайлар бірдей болғанда, бір ресурстың шығынын көбейтіп. өндірістің көлемін өсірудің шегі болады. Айталық, фирмада станоктар мен өндірістік ғимараттардың саны берілген болса, онда жұмыскерлердің санын қосымша көбейту арқылы өндірістің шамасын өсірудің шегі болады. Жұмысшылардың саны өскендіктен болған арту бірте-бірте нольге жақындай бастайды.
Өндіріс нәтижелері - өндірістің нақты процесін жүзеге асыру үшін табиғи, технологиялық, ақпараттық және өзге де шарттар қажет. Осы шарттардың ішінен құқықтық алғышарттар ерекше орын алады. Ең алдымен иемденудің нақты процесіне кірісер алдында оған қатысушылардың қажетті өкілеттіктер мөлшері болуы тиіс. Институционалдық емес теорияда осыған назар аударылады. Алайда осы өкілеттіктердің маңыздылығы бойынша құрылымы да, сонымен бірге ұдайы өндіріс процесі де, яғни құқықтық алғышарттардың құрылымы мен динамикасы қарастырылмайды. Біріншіден, біржолғы ұдайы өндірілмейтін құқықтық (экономикалық емес) талаптарды жеке атап өткен орынды. Аталмыш талаптар ерекше тарихи кезеңдерде пайда болады және меншік құқығының экономикалық билік үшін қажетті мөлшерін сатып алумен немесе оны қайта бөлумен байланысты болады. Мұндай алғышарттар бір рет туындайды және қайталанбайды. Алайда осы алғышарттарсыз өндірістің қоғаммен байланысты нысаны мен иемденудің нақты процесі қалыптаспайды. Географиялық жаңалық ашу, басым алу, ұлттандыру, жекешелендіру кезеңдері біржолғы ұдайы емес өндірістің мысалы болып табылады. Алғышарттың екінші түрі де құқықтық (экономикалықтан тыс) сипатта, алайда біріншіге қарағанда ол ұдайы өндірілетін болып табылады. Бұл жерде экономикалық процесті иемденетін және осы процестің нәтижесін басқаратын адамда шоғырланған меншік құқығының жүйесі («шоғырлануы») жөнінде айтылады. Мысал ретінде жалға алу құқығын ресімдеуді, жасалатын табысты бөлу тәртібін келтіруге болады. Осы алғышарттар өзгеруі мүмкін, алайда экономикалық билікті сақтауға қажет мөлшерде үнемі болуы міндетті.
Екіншіден, экономикалық жасалатын
жағдайлар жөнінде жеке айтуға болады.
Осы орайда меншікті иемденудің нақты
процесіне қатысушылардың арасындағы
өзара құқықтар мен міндеттер
айтылған шарттар нысанындағы
Осы процестің бір шетінде
экономикалық билігі бар агенттер,
ал екінші шетінде - экономикалық тәуелді
адамдар тұрады. Шарттардың мазмұны
осылардың әлеуметтік-
Өндірістің тиімділігі – қажетті түпкілікті нәтижеге қол жеткізу жолында адамның өндірістік‚ шаруашылық қызметінің жұмсалған ресурстарға (еңбекке‚ материалдарға‚ қаржыға) қатынасы, яғни өндіріс нәтижесінің пайдаланылған ресурстарға қатынасынан көрініс табатын нәтижелілік. Нәтиже экономикалық (өнімнің‚ пайданың өсуі‚ т.б.) және әлеуметтік (еңбек жағдайының жақсаруы‚ қоршаған орта мен адам денсаулығының сақталуы‚ т.б.) сипатта болатындықтан‚ Өндірістің тиімділігі экономикалық тиімділік және әлеуметтік тиімділік түрлеріне бөлінеді. Шаруашылықты жүргізудің қазіргі жағдайында өндірістің түпкілікті нәтижелерінің әлеуметтік тиімділігі еңбек жағдайларының нашарлауы‚ қоршаған ортаға зиян келтірілуі‚ адамның тіршілік әрекетінің басқа да көрсеткіштерінің төмендеуі есебінен өнім өндіру көлемін ұлғайтуға немесе пайда алуға жол беруге болмайды деген мағынаны білдіреді. Өндірістің экономикалық тиімділігінің нәтижелілік көрсеткіштері: шығарылған өнімнің көлемі немесе пайда, немесе пайда, ресурстар тиімділігінің нәтижелілігі – еңбек пен өндіріс құрал-жабдығының (өндірістік қорлардың) жиынтық шығыны. Экономикалық тиімділік көрсеткіштері алуан түрлі. Мысалы‚ ұлттық табыс‚ өнім шығару немесе пайда көлемі өсуінің осы өсуді туғызған күрделі жұмсалымға қатынасы экономикалық тиімділік көрсеткіштері болуы мүмкін. Еңбек өнімділігі‚ өнім сапасы‚ оның материал сыйымдылығы‚ қор сыйымдылығы Өндірістің тиімділігінің қосынды көрсеткіштері болып табылады. Экономикалық тиімділіктің артуы жоғары әлеуметтік нәтижелерге қол жеткізу үшін негіз болып табылады‚ ал олар өз кезегінде экономикалық нәтижеге барған сайын күшті ықпал етеді. Сондықтан Өндірістің тиімділігінде экономикалық және әлеуметтік көзқарастың бірлігі мен өзара байланысы – шаруашылықты жүргізудің аса маңызды қағидатының бірі болып табылады.