Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2013 в 06:55, реферат
Өнім– 1) белгілі бір уақыт аралығында дүние жүзінде, елде, кәсіпорында, т.б. өндірілген өнімдердің бүкіл көлемі; ғылыми-техникалық талдамаларды, өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді, халық тұтынатын тауарларды, құрылыс нысандарын, жұмыстарды, қызметтерді қоса қоғамдық және жеке бастың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған еңбек қызметінің нәтижесі; кәсіпорында дайындалған өнім. Еңбек нәтижелері заттандырылған (шикізат, материалдар, тамақ, химия өнімдері, техикалық қондырғылар мен олардың бөлшектері) және заттандырылмаған (энергия, ақпарат, көрсетілетін қызметтің кейбір түрлері) болуы мүмкін.
Экономикалық заңдылықтар – бұл қоғамдағы көп кездесетін немесе қайталанып жататын тұрақты іс-әрекеттер және олардың арасындағы қатынастардың көрінісі. Экономикалық заңдарды төмендегідей заңдарға айырып қарауға болады:
Экономикалық теория бірнеше қызметтер атқарады:
Методологиялық қызметі – экономикалық теория барлық экономиканың ғылыми жүйесі үшін методологиялық негіз болып табылады
Өндіріс үзіліссіз, қайталанып отыруы қажет. Өндіріс процесінің тұрақты қайталануын, үзіліссіз жаңғыруын ұдайы өндіріс деп атайды.
Жай ұдайы өндірісте өндіріс процесінің көлемі мен ауқымы үзіліссіз өзгермеген күйде қалады. Өндіріс процесінің көлемі мен масштабының еселене үзіліссіз қайталануын және жаңғыруын ұлғаймалы ұдайы өндіріс дейміз.
Материалдық өндіріс |
Материалдық емес өндіріс |
Өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, материалдық-техникалық жабдықтау, сауда, қоғамдық тамақ саласы, құрылыс, су шаруашылығы және т.б. |
Денсаулық сақтау, білім беру, көлік, байланыс, мәдениет, несиелік мекемелер, қоғамдық мекемелер, басқару органдары. |
Экономикалық саясат – мемлекеттің экономикалық мәселелерді шешудегі және оның механизмдерін әрекетке келтірудегі қызметі. Экономикалық теорияның зерттелуі мен қорытындылары жүргізіліп жатқан экономикалық саясатты жүзеге асыру, стратегиялық экономикалық болжаулар жасауда түрлі бағдарлама құру үшін қажет. Экономикалық саясат міндеттерін жүзеге асыру өз кезегінде экономикалық жүйені өзгертіп жетілдіреді, ал бұл экономикалық теорияның дамуына жаңа ғылыми білімнің қалыптасуына әсер етеді.