Салық түрлері
Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 14:53, реферат
Краткое описание
1. Жалпы мемлекеттік салықтар
• Корпоративті табыс салығы
• Жеке түлғалардың табыс салығы
• Қосымша құнаға салық
• Акциздік салықтар
• Әлеуметтік салық
• Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салығы
Файлы: 1 файл
салық.docx
— 30.15 Кб (Скачать)Салық түрлері
|
Акциздар |
Акциздарды төлеушілер болып акцизделетін тауарларды өндіретін немесе акцизделетін қызмет түрлерін жүзеге асыратын, акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының территориясына импорттайтын жеке және заңды тұлғалар табылады. | |
|
Жер салығы |
Төлеушілер – меншік құқында, тұрақты жер пайдаланушы құқында және алғашқы қайтарымсыз уақытша жер пайдалану құқында салық салу нысандары бар жеке және заңды тұлғалар. | |
|
Жеке табыс салығы |
Жеке табыс салығын төлейтіндер – салық салу нысандары бар резидент және резидент емес жеке тұлғалар. | |
|
Корпорациялық табыс салығы |
Корпоративті табыс салығын төлейтіндер – жалпыға ортақ тәртіпті қолданатын ҚР-ның резидент-заңды тұлғалары, ҚР-да тұрақты мекеме арқылы өз қызметтерін жүргізіп жатқан резидент емес заңды тұлғалар | |
|
қосымша құн салығы |
ҚҰС дегеніміз – тауар (жұмыс, қызмет) өндірісі және айналымы процесінде қосылып, сатылған кезде салық салынатын айналымның бір бөлігін бюджетке төлеу, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының территориясына тауарды импорттаған кезде төленетін төлем. | |
|
Көлік құралдарына салынатын салық |
Төлеушілер – меншік құқында салық салу нысандары бар жеке тұлғалар, меншік құқында салық салу нысандары бар заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелері. | |
|
Cалыктар |
Салық – мемлекет бекіткен, міндетті ақшалай немесе натурамен жасалатын төлем болып, белгілі бір мөлшерде, қайтарымсыз, эквивалентсіз және тұрақты түрде төленеді. | |
|
Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдері |
Жер қойнауын пайдалану амалдарын орындау бойынша салық салу іс-әрекеттері табыстан тыс пайдаға, арнайы төлемдерге, бонустарға, роялтиға және т.с.с. салық салу тәртібін орнатады. | |
|
Экспортталып жатқан мұнай, газды конденсат үшін ренталық салық |
Мұны төлеушілер болып мұнай шикізатын, газды конденсатты экспортқа шығаратын жеке және заңды тұлғалар табылады, алайда бұлардың ішіне өнімді бөлісу туралы контракт жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар кірмейді. | |
|
әлеуметтiк салық |
әлеуметтік салықты төлеушілер – заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар. | |
1. Жалпы
мемлекеттік салықтар
• Корпоративті табыс салығы
• Жеке түлғалардың табыс салығы
• Қосымша құнаға салық
• Акциздік салықтар
• Әлеуметтік салық
• Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы
салығы
2. Жергілікті
салықтар
v Жер салығы
v Заңды және жеке тұлғалардың мүлік салығы
v Көлік құралдарына салынатын салық
Салық қаражаттарын
бюджетке шоғырландыруға қатынасатын
арнайы органдарға келесілер жатады:
1. ҚР қаржы министрлігінің салық қызметі
2. ҚР қаржы министрлігінің салық қызметі
бойынша салық полициясы
3. ҚР қаржы министрлігінің валюто-қаржылық
бақылау Комитеті
4. Құқық қорғау органдары
5. ҚР кеден комитеті
6. ҚР Ұлттық банкі
7. Сот органдары
3. Салықтардың функциялары
Салық функциялары – бұл оардың әрекетке
келуі мен қасеттерінің жүзеге асырылу
ерекшеліктері.
Салық жүйесінің даму тарихында олар үш
негізгі функцияны атқарады – фискалдық,
реттеуші және қайта бөлу функциялары.
Салық жүйесінің белсенділігі оның екі
негізгі фискалық және реттеушілік қызметтерін
атқаруда айқын көрінеді. Фискалдық функция
мемлекеттердің шығындарын жабуға қажетті
қаражаттармен үшін барлық деңгейдегі
бюджеттерді қамтамасыз етеді. Салықтың
бұл қызметі салық төлеушілерді мемлекет
алдындағы міндеттейді.
Салықтардың реттеуші функциясы мемлекетте
экономиканы ынталандыруына пайдаланып,
ұлттық табысты қайта бөлу үшін пайдаланады.
Басқа сөзбен айтқанда реттеуші (ынталандырушы)
қызмет мемлекеттің ұлғаймалы өндіріс
үрдісіне директивті ықпал ету түрінде
емес, инвестиция ағынын экономиканың
басқа да, салаларында басқару сипатында
және халықтың төлем қабілетті сұранысын
арттыру мен кеміту барысында көрінеді.
Жоғарыда келтірілгендерді талдай келе,
салық жүйесі бұл, мемлекет пен шаруашылық
субъектлердің, азаматтардың арасындағы
салықтар, алымдар және салықтық сипаттағы
төлемдер; салық салу әдістері мен тәсілдері;
салық заңдылығы бойынша заң актлерін
жүргізу сонымен қатар салық қызметін
жүзеге асыру аясындағы барлық қаржылық
қатынастарының жиынтығы.
3. Қазақстан
Республикасының салық қызметі
Салық жүйесі бұл мемлекет пен шаруашылық
субъектлері және жеке тұлғалар арасындағы
қаржылық қатынастардың; салықтар, алымдар
және салықтық сипаттағы алымдар мен басқа
да төлемдердің; салық заңдылығының әдістері
мен нысандарының, сонымен қатар қаржылық
қатынастарды басқаруды жүзеге асыратын
салық қызметі мен басқару органдарының
жиынтығы.
Қазақстаннның салық жүйесі тәуелсіздік
алған уақыттан бері қалыптасып, әлі күнге
дейін толықтыру мен жетілдіруді қажет
етеді. Елімізде бұрын-соңды салықтық
қатынастардың дамымауы, еліміздегі салық
жүйесінің «нөлдік» кезеңнен қалыптасуына
себеп болды. Әлемдік тәжірибеде салық
салу аясында алдыңғы қатарлы салық жүйесін
қалыптастырудың алғышарты болатындай
белгілі бір қағидалардың қалыптасуы,
біздің ел үшін дұрыс салық жүйесі мен
салық механизмінің (тетіктерінің) дамуының
дұрыс бағыттарын қалыптастыру мен дамытуға
мүмкіндік береді.
1991 жылы 25 желтоқсанында Қазақстан Республикасының
салық жүйесінің құқықтық негізінің қалыптасуына
«Қазақстан республикасының салық жүйесі
туралы» заңының бекітілуі себеп болды.
Заңның қабылдануы салықтардың, алымдар
мен төлемдердің түрлері мен алыну ерекшеліктерін,
олардың бюджеттің әр түрлі деңгейіне
бекітілуін, сонымен қатар салық төлеушілердің
құқықтары мен міндеттерін анықтап берді.
Сол уақыттан бері мемлекет пен шаруашылық
субъектінің арақатынасын реттейтін басқада
заңдар қабылдана бастады.
Салықтар жүйесін бағалауды негізгі төрт:
қаржылық, эконгмикалық, әлеуметтік және
ұйымдастырушылық бағыттар негізінде
жүзеге асыруға болады.
Қаржылық немесе фискалық бағыт бюджеттің
ақшалай қаражаттарға деген қажеттілігін
қанағаттандыру тұрғысында сипаттайды.
Экономикалық бағыт салықтың кәсіпкерлік
бағытты ынталандыру мен өндірісті дамытуға
әсер ету сұрақтарына жауап беруі тиіс.
Әлеуметік бағыт салықтың әлеуметтік
топтар мен халықтың әр түрлі деңгейіне
сәйкес адалдық негізінде алынуын сипаттайды.
Ұйымдастырушылық бағыт салық салудың
механизмімен, оның ұйымдастырушылық-
техникалық нысандарымен, ббасқару жүйесімен
байланысты. Аталып өткен бағыттардан
басқа Қазақстанның салық жүйесін бағалау
үшін әлемдік тәжірибедегі тиімді салық
жүйесін қалыптастыруда қойылатын негізгі
талаптар жиі қолданады. Олардың негізгілеріне
келесілер жатады:
1. Салық жүйесінің айқындылығы және түсініктілігі
2. Салық ауырпалығының бөлістірілуі
3. Нейтралдық қағиданы сақтау яғни салық
төлеушілерге бірдей көзқарас
4. Салық салудың теңдік пен адалдылық
қағидасын сақтау
5. Салық саясатын экономикалық тұрақтылық
пен экономикалық өсу мақсатында пайдалану
6. Салық заңдылығының орындалуын сақтау
мен басқару шығындарын кеміту.
Салық салу теориясының негізін қалаушы
экономист А. Смит салық салу қағидасының
4 қағидасын ұсынады:
1. Әділділік – салық барлық азаматтардың
табысына сәйкес алынуы тиіс.
2. Анықтылық – салық мөлшері мен оны төлеу
мерзімі алдын –ала дәл анықталуы тиіс.
3. Ыңғайлылық қағидасы — салық салық төлеушіге
қолайлы уақытта алынуы тиіс
4. Үнемдеу – салық салу жүйесінде үнемдеушілік
негізгі мақсатқа айналуы тиіс.
Салықтардан басқа Қазақстан Республикасында Салықтық кодексте белгіленген және белгілі бір мөлшерде бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер (міндетті ақша аударымдары - алымдар, төлемақылар, төлемдер және т.б.) жұмыс істейді
Алымдар, баждар және төлемдер деп әдетте заңи және жеке тұлғалардың мемлекеттік органдардың оларға көрсететін қызметтері үшін төленетін біржолғы міндетті төлемдерді айтады. Бұл төлемдердің сомасы жергілікті бюджеттердің кірістеріне не белгіленген үлестерде бюджеттер мен тиісті ұйымдарға не арнаулы қызметтер көрсететін ұйымдардың, мекемелердің шығындарын ішінара немесе толық өтеу қызметін дамытып, жетілдіру үшін түгелдей олардың қарамағына түседі.
Тіркеу алымдары - уәкілетті мемлекеттік органдар салық заңнамасында белгіленген тіркеу іс-әрекеттерін жасаған кезде, сондай-ақ осындай тіркеу іс- әрекеттерінің жасалғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын берген кезде өздері алатын біржолғы міндетті төлемдері.
Төлем түрлері
1. Ұялы байланыс қызметі | |
2. Кабельді телевидения қызметі 3. Коммуналдық төлемдер 4. Коммуникациялар және Интернетке шығу мүмкіндігі 5. Басқа қызметтер | |
9. Білім беру қызметтері | |