Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2011 в 19:51, реферат
Нарықтық экономика жағдайында тәуекел – бұл кәсіпкерліктің маңызды элементі. Тәуекел адамдардың кабылдайтын шешімдерінің дұрыс нәтижелілігіне әсер ететін көптеген шарттар және факторлармен байланысты қызметтердің кез келген түрлеріне тән. Тарихи тәжірибе көзделген нәтижелерге жетпеу тәуекелі тауарлы-ақшалай қатынастар және шаруашылық айналым қатысушыларының бәсекелестігі жалпылылығында көрінетіндігін көрсетеді. Сондықтан капиталдық қатынастардың пайда болуы және дамуымен байланысты тәуекелдің түрлі теориялары пайда болады, ал экономикалық теорияның классиктері шаруашылық қызметтегі тәуекел мәселелерін зерттеуге көп көңіл бөледі.
Кіріспе............................................................................................................3
1) Термин туралы жалпы түсінік...........................................................4
2) Тәуекелді басқарудағы қолданылатын терминдердің жіктелуі.....7
Қорытынды ..................................................................................................11
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе.......................
Қорытынды ..............................
Қолданылған әдебиеттер
Нарықтық экономика жағдайында
тәуекел – бұл кәсіпкерліктің маңызды
элементі. Тәуекел адамдардың кабылдайтын
шешімдерінің дұрыс нәтижелілігіне әсер
ететін көптеген шарттар және факторлармен
байланысты қызметтердің кез келген түрлеріне
тән. Тарихи тәжірибе көзделген нәтижелерге
жетпеу тәуекелі тауарлы-ақшалай қатынастар
және шаруашылық айналым қатысушыларының
бәсекелестігі жалпылылығында көрінетіндігін
көрсетеді. Сондықтан капиталдық қатынастардың
пайда болуы және дамуымен байланысты
тәуекелдің түрлі теориялары пайда болады,
ал экономикалық теорияның классиктері
шаруашылық қызметтегі
тәуекел мәселелерін зерттеуге көп көңіл
бөледі.
Тәуекелсіз кәсіпкерлік
болмайды. Ең көп табысты жоғары тәуекелді
нарықтық операциялар әкеледі. Алайда
барлық жерде шек керек. Тәуекел міндетті
түрде максималды жіберілетін шекке дейін
есептелуі тиіс.
Өз нарықтық қызметте қате жіберуден қорықпау
өте маңызды, өйткені олардан ешкім сақтандырылмаған,
ең маңыздысы - қателіктерді қайталамау.
Менеджер міндеті нарықта тік бұрылыстарды
жұмсарту үшін қосымша мүмкіндіктерді
алдын ала ескеруге бағытталады. Менеджменттің
басты мақсаты, әсіресе Қазақстанның бүгінгі
жағдайында, ең қиын жағдайларда табыстың
тек аз ғана төмендеуі болуы мүмкін, бірақ
банкрот туралы сөз болмауы тиіс. Сондықтан
әрқашан тәуекелді басқаруды әрқашан
жетілдіруге ерекше назар аударылады,
яғни тәуекел-менеджментін жетілдіру.
Нарықтық экономика жағдайында
өндірушілер, сатушылар және сатып алушылар
бәсекелестік жағдайында өздері, яғни
өз үрей және тәуекел жағдайында қызмет
етеді. Сондықтан олардың қаржылық болашағы
көбінесе аз болжанады. Тәуекел-менеджменті
тәуекелді бағалау, бизнесте пайда болатын
қаржылық қатынастар және тәуекелді басқару
жүйесі болып табылады.
Термин туралы жалпы түсінік
Тіл - қоғам өміріндегі құбылыстарға, өзгерістерге сай жаңару, жандану сияқты даму процесін бастан өткізетін тірі организм іспетті. Әсіресе, ғылыми техникалық прогрестің барынша қарқынды даму сатысына көшкен бүгінгі таңда тіліміздің терминологиялық жүйесінде күн сайын жаңа түсінік, ұғым арқалаған сөздер туындап отырады. Бұндай сөздер баспасөз, радио, теледидар тілінен, әр алуан ғылым салаларының сараланған терминологиялық жүйесінен байқалады. Яғни өмірдің өзіндегідей тілде де даму процесі үздіксіз жүріп жатады.
Жаңадан жасалған терминдер «тағдыры» не болмақ? Олар қолданысқа ене ме, жоқ әлде тасада қалып қоя ма? Тіліміздің терминологиялық лексика қабатының дамуына қосқан үлесі бар ма? Қоғамдағы терминдердің қызметі қандай? ыңғайдағы сұрақтар жаңадан көрініс тауып отырған термин төңірегінде үнемі туындап отырады.
Олардың
әрбірі қоғам тарапынан қолдауды, тілдік
тұрғыдан жүйелеуді қажет етеді. Сондықтан
да термин жасау, қалыптастыру, терминологияны
жүйелеу, реттеу жұмыстарын дұрыс жолға
қою, жалпы ғылыми-техникалық терминологияның
даму бағытын белгілеу – бүгінгі күннің
кезек күттірмейтін өзекті мәселелері
болып табылады. Ал термин жасау, жасалған
терминдерді қалыптастыру – үнемі қадағалап,
реттеп отыруды қажет ететін өте жауапты
жұмыс. Олай болмаған жағдайда терминологиядағы
жүйеліліктің, реттіліктің бұзылары сөзсіз,
терминологиямыздағы бірізділіктің сақталмай
әр автордың өзінше термин жасап, термин
қолдану жұмысының әлсіздігінен, өкілетті
орындардың өз қызметін тиісті деңгейде
атқара алмай отыруынан деп білген жөн.
1910 – 1930 жылдар аралығында үстемдік
етуші орыс тілінің мүддесі көзделіп,
термин жасау мен шет тілдер сөздерін
қабылдауда өзге ұлт тілдерінің ерекшелігі
ескерілмеді. Ұлт тілінде термин жасаудың
мүмкіндігі шектеліп келуінің салдарынан
тіліміз термин қабылдағыш тілге айнала
бастады.
1990 жылдардан бері қарай ұлттық ғылыми
терминологияны дамытудың жаңа принциптерін
жасау күн тәртібіне қойылды. Көптеген
жаңа терминдер жасалып қолданысқа ене
бастады. Жасалып жатқан терминдердің
бәрін бірдей мінсіз деп айта алмаймыз.
Олардың ішінде терминологиялық жүйе
мен терминдерге қойылатын талаптарға
жауап бере алмайтындары да бар.
Ондай сәтсіз жасалған терминдер қазақ
тілінің термин жасауға «икемсіздігін»,
ғылыми ұғымдарды дәл беруге мүмкіндігінің
жетпейтіндігін көрсетеді.
Қазіргі терминологиядағы
шешімін таппай жүрген мәселенің
бірі халықаралық деп аталатын терминдерді
ұлт тіліне аудару, жазу, қабылдау тәртібінің
белгіленбеуі. Сондай-ақ көптеген терминдердің
терминология комиссиясы бекіткен қазақша
баламалары бола тұра тұрақты қолданылмай
немесе бұрынғысынша шет тілдеріндегі
нұсқалары жарыса қолданылып жатады. Мысалы:
мәртебе (статус), сынып (класс), мәтін (текст),
әлеует (потенциал).
Сонымен қатар соңғы жылдары
бір ғана термин түрліше аударылып, әр
сөздікте, әр түрлі деңгейдегі оқулықтар
мен ғылыми еңбектерде түрліше қолданылып
жүр. Мәселен, төменде берілген терминдер
сондай бірізділіктің жоқтығын дәлелдейді:
спонсор – демеуші, мияткер, қолдаушы;
ткань – ұлпа, тін; клетка – жасуша, торша
т. б. Олардың ішінде терминкомның ресми
бекіткеніне қарамастан, бірізді қолданылмай
жүргендері де бар. Осы мәселелерді арнайы
зерттеп, тиісті қорытынды шығарудың терминология
үшін маңызы зор.
Терминтану ғылымы жақсы дамып, терминонологиялық
лексикасы дұрыс жүйеленген тілдерде
ғылым мен техниканың әрбір саласының
өзіне тән терминжасам үлгілері, сол саланың
ерекшелігін көрсететін элементтері қалыптасқан.
Біздің тілімізде де ондай қызметтерді
атқара алатын сөздер тобы мен қосымшалар
жетерлік.
Терминологиялық лексикада кездесетін
ондай олқылықтардың басты себептері:
термин жасаушының терминге қойылатын
талаптарды білмеуінен,
тілдің ішкі мүмкіншілігін дұрыс пайдалана
алмауынан, ұғымдар жүйесінің өзіндік
ерекшелігін ескермеуден, тәжірибесіздіктен,
яғни жауапкершілікті сезінбеуден.
Бұл рефератта “тәуекел” деген сөзге түсініктеме беруді жөн көрдім. Өйткені, жалпылама айта салған кезде, бірден түсіну өте қиын. Менің ойымша, қазақ “тәуекел” сөзімен өте жақсы таныс. Оның үстіне “Нар тәуекел” деген сөзді айтпаған қазақ жоқ шығар. Көбінесе ол сөзді біздер алдымызда келе жатқан бір оқиғаға немесе әрекетке қатысты “Көрейік әуселесін…”, “Басқа түссе баспақшыл”, “Түбі бір өлім ғой”, “Көз қорқақ, қол батыр” деп жатамыз. Осы күні зер салып қарасам, бұл сөздердің әрқайсысының өзі тәуекелді басқарудың түрлі жолдары екен. Ал енді “тәуекел сөзіне” Business Dictionary атты онлайн-сөздігінің анықтамасын келтірер болсам:
“Дер кезінде қолға алынған шаралар арқылы алдын алудың мүмкіндігі бар, ішкі және сыртқы осал тұстар арқылы келетін бұзылу, ақау, жарақат, қарыз, айырылып қалу, т.с.с. негативті оқиғалардың қаупі немесе болу ықтималдылығы”.
Оксфорд сөздігі бойынша тәуекелге «зиянға немесе шығынға ұшырау мүмкіндігі» деген анықтама береді.
А.М.Омаровтың анықтамасы
Бұл тәуекелдің жалпы түсініктемесі. Өйткені, әр саладағы адамдар “тәуекел” сөзін өз сфераларына қарай әр түрлі түсінеді. Қарапайым ғана күнделікті мысалға қазір болып жатқан Мысырдағы көтерілісті алайын. Дәл мен үшін, ол көтерілістен келіп-кетер ештеңесі жоқ. Бәлкім жанама ықпал болуы мүмкін. Бірақ оның болуы ықтималдылығы өте төмен. Алайда Қазақстанның Президенті Н.Назарбаев үшін тәуекел бар. Яғни біздің елде де дәл сондай көтерілістің болу ықтималдылығы жоқ емес. Ал ондай көтеріліс бола қалған жағдайда Президент тақтан таюы мүмкін. Бұл енді Елбасы үшін қауіп. Осы жерден тәуекелді басқарудың жолы һәм «Risk Management» келіп шығады.
Президент өзге елде болып жатқан оқиғаның біздің елде де орын алмауы үшін яғни сыртқы тәуекелдің өзіне қауіп төндірмеуі үшін алдын-алу шараларын жасайды. Елге Қазақстанның жағдайы күннен-күнге жақсарып келе жатқанын, жалпы ішкі өнімнің алдыңғы жылмен салыстырғанда еселеп артқанын, айлықтардың күннен-күнге өсіп жатқанын, еліміз бейбіт өмір сүруде екенін, ел аумағындағы барша халықтар бір-бірімен тату-тәтті өмір сүріп жатқанын, студенттер мен зейнеткерлерге жеңілдік жасалып, мұғалімдер мен дәрігерлерге құрмет көрсетілетінін т.с.с. жақсы көріністерді есімізге салып өтеді. Сөйтіп халықтың көңілін тоқ етіп, қауіптің бетін қайтаруға тырысса, екінші жағынан басқа елдерде көтеріліс болып, халық қанға боялып жатқанын, оның салдары өте қайғылы болатынын ескерте отырып, көпшілікті сескендіріп қояды.
Осы жерден Risk Management-тің тағы бір қызық тұсы көрінеді. Өйткені, Risk Management тек қауіптің болу ықтималдылығын ғана зерттемейді, ол сондай-ақ сыртқы-ішкі кей факторларды пайдаға асырып қалу жағын да іздестіреді. Оны «Opportunity» дейді. Себебі, қауіптен яғни тәуекелден қорғанудың бір түріне қолдануға ыңғайлы, аса пайдалы жағдайларды іске асырып кету жатады. Мысалы, валюта сатумен айналысатындар АҚШ доллары арзандаған кезде көптеп сатып алады да қайтадан қымбаттаған кезде оны сол үстеме бағасымен сатады.
Бірақ манағы айтып өткеніміздей, тәуекел
тек сыртқы болмайды, ол сондай-ақ ішкі
де болады. Ал біздің (нақтырақ айтқанда
Прездиент үшін) ішкі тәуекеліміз ол –
оппозиция. Оппозиция қарап жатпайды.
Хосни Мүбарак секілді Н.Назарбаевтың
да оған ұқсас осал тұстары бар. Олар соны
пайдаланады. Яғни бұл жерде де Мысырдағы
оқиғаны олар өздеріне Opportunity етіп алады.
Нақтырақ айтқанда “Біз де көшеге шығып,
Назарбаевтың биліктен кетуін талап етуіміз
керек. Өлгенге дейін отыруға бізден рұхсат
жоқ! Әне Мысырдағы жағдай бізде де қайталанбасын
десе тағынан тайсын!” деп ұрандайды.
Сөйтіп, итжығыс процесс жалғаса береді.
Мұны «On-going process» дейді. Түсінікті етсек:
“Risk Management-тің ақыры жоқ, бітпейді”.
Тәуекелді
басқарудағы қолданылатын
терминдердің жіктелуі
Тәуекел табиғаттың түрлі құбылыстары
және қоғамның қызмет түрлерінің ерекшелігінен
туындайтын мүмкін болатын жоғалтулар
қаупімен түсіндіріледі.
Экономикалық категория
ретінде тәуекел өзімен бірге болуы мүмкін
немесе болмауы да мүмкін жағдайларды
ұсынады. Мұндай жағдайдың туындауы салдарынан
келесідей үш экономикалық нәтиже болуы
мүмкін:
Тәуекелді басқаруға болады, яғни тәуекелдік
жағдай туындауын белгілі бір шекте болжамдау
және тәуекел дәрежесін төмендету үшін
шаралар қабылдауға мүмкіндік беретін
түрлі шаралар қолдануға болады.
Көбінесе тәуекелді басқаруды ұйымдастыру
тиімділігі тәуекелдің сыныптамасына
тәуелді.
Мүмкін болатын нәтижеге (тәуекелдік жағдайдың нәтижесіне) байланысты тәуекелдер екі үлкен топқа бөлуге болады:
Таза тәуекелдер жағымсыз немесе нольдік нәтиже алуға мүмкіндік береді. Бұл тәуекел түрлеріне келесілер жатады:
Спекулятивтік тәуекелдер жағымды да, жағымсыз да нәтиже алу мүмкіндігімен сипатталады. Бұл тәуекел түрлеріне коммерциялық тәуекелдер бөлімі болып табылатын қаржы тәуекелдері жатады.
Коммерциялық тәуекелдер құрылымдық белгi бойынша мүлiктiк, өндiрiстiк, саудалық және қаржылық болып жiктеледi.
Мүлiктiк тәуекелдер кәсіпкердің мүліктерінің жоғалу ықтималдығымен байланысты ұрлықтар, диверсия, немқұрайлық және басқа да себептермен байланысты тәуекел.
Өндірістік тәуекел - өнімді (қызметті) өндіру және өткізумен байланысты болады. Өндірістік тәуекел көзделген өнім өндіру көлемі, сату көлемі, жоспарланған еңбек және материал шығындары бағаларының өзгеруі, өнім дефектісі және стандартқа сай еместігі сияқты жағдайлармен байланысты пайда болады.
Саудалық тәуекелдерге сауда жүргізу барысында пайда болатын тәуекелдер жатады. Мысалы: төлем төлеуден бас тарту немесе кешіктіру.