Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2011 в 19:51, реферат
Нарықтық экономика жағдайында тәуекел – бұл кәсіпкерліктің маңызды элементі. Тәуекел адамдардың кабылдайтын шешімдерінің дұрыс нәтижелілігіне әсер ететін көптеген шарттар және факторлармен байланысты қызметтердің кез келген түрлеріне тән. Тарихи тәжірибе көзделген нәтижелерге жетпеу тәуекелі тауарлы-ақшалай қатынастар және шаруашылық айналым қатысушыларының бәсекелестігі жалпылылығында көрінетіндігін көрсетеді. Сондықтан капиталдық қатынастардың пайда болуы және дамуымен байланысты тәуекелдің түрлі теориялары пайда болады, ал экономикалық теорияның классиктері шаруашылық қызметтегі тәуекел мәселелерін зерттеуге көп көңіл бөледі.
Кіріспе............................................................................................................3
1) Термин туралы жалпы түсінік...........................................................4
2) Тәуекелді басқарудағы қолданылатын терминдердің жіктелуі.....7
Қорытынды ..................................................................................................11
Қолданылған әдебиеттер
Қаржылық тәуекел - қаржылық іспен айналысқанда немесе қаржылық мәміле жасағанда пайда болуы мүмкін тәуекел. Бұл тәуекелдің пайда болуының басты себебі әріптестердің төлем қабілетінің нашар болуы. Қаржылық тәуекел өз алдына мынадай екі үлкен топқа бөлінеді:
1)ақшаның
сатып алу қабілеттілігіне байланысты
тәуекелдер;
2)капитал салымдарына байланысты тәуекелдер
(инвестициялық тәуекелдер).
Ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдерге тәуекелдердің келесі түрлері жатады:
Инфляция - ақшаның құнсыздануы болып табылады, бағалар өседі.
Дефляция – инфляцияға кері процесс, ол
бағалардың төмендеуінен және соған сәйкес
ақшаның сатып алу қабілетінің жоғарылауынан
көрінеді.
Инфляциялық
тәуекел – инфляция өсімі кезінде нақты
сатып алу қабілеттілігі көзқарасынан
өсуден көрі алынатын ақшалай табыстар
тез құнсыздануындағы тәуекел. Мұндай
жағдайда кәсіпкер нақты шығыстарға тап
болады.
Дефляциялық тәуекел – дефляция өсімі
кезінде бағалар деңгейі төмендейді, кәсіпкерліктің
экономикалық жағдайы нашарлайды табыс
төмендейді.
Валюталық
тәуекелдер - сыртқы экономикалық, несиелік
және басқа да валюталық операцияларды
жүргізу кезінде бір шетелдік валюта бағамының
басқа валюта бағамына қатынасының өзгеруімен
байланысты валюталық жоғалту қаупімен
түсіндіріледі.
Өтімділік тәуекелі – тұтынушылық құнының және сапалық бағаның өзгерісі себебінен бағалы қағаздар немесе басқа да тауарларды өткізу кезіндегі мүмкін болатын жоғалтулармен байланысты тәуекелдер.
Инвестициялық тәуекелдер келесі
ішкі жүйелік тәуекелдерді қамтиды:
1) жіберіліп қойған пайда тәуекелі;
2) табыстылықтың төмендеу тәуекелі;
3) тікелей қаржылық жоғалтулар тәуекелі.
Жіберіліп қойған пайда
тәуекелі – белгілі бір шараларды (мысалы,
сақтандыру, хеджирлеу, инвестициялау
т.с.с.) іске асырмау нәтижесінде жанама
(қосымша) қаржылық зиянның (алынбаған
табыс) туындау тәуекелі.
Табыстылықтың
төмендеу тәуекелі портфельдік инвестициялар,
салымдар және несиелер бойынша дивидендтер
және пайыздар мөлшерінің төмендеу нәтижесінде
туындауы мүмкін.
Табыстылықтың төмендеу тәуекелі келесідей тәуекел түрлерінен тұрады:
Пайыздық тәуекелдерге тартылған қаражаттар бойынша төленетін пайыздық мөлшерлемелер ұсынылған несиелер бойынша мөлшерлемелерден жоғары болып кетуі нәтижесіндегі коммерциялық банктердің, несиелік мекемелердің, инвестициялық институтардың жоғалту қауіптері жатады. Пайыздық тәуекелдерге сонымен қатар акциялар бойынша дивидендтердің, облигациялар, сертификаттар және басқа бағалы қағаздар нарығындағы пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісімен байланысты инвесторлар жоғалтулар тәуекелі жатады.
Несиелік тәуекел – қарыз алушының банктен алған несиегі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.
Тікелей қаржылық жоғалтулар тәуекелі мынадай түрлерге бөлінеді:
Биржалық тәуекел – белгілі бір биржалық операциялар бойынша шығындану тәуекелі.
Селективті тәуекел – капиталды дұрыс орналастырмау нәтижесінде шығындану тәуекелі.
Банкрот болу тәуекелі – белгілі бір капитал салымдарының нәтижесінде кәсіпкердің алынған міндеттемелерін орындай алмай қалу тәуекелі.
Жіктеудің тағы бір түрі бойынша тәуекелдерді былай бөледі:
Қорытындылай келсем жалпы нарықтық экономикаға қөшкен жағдайда дербес әрекет етуге балама шешім варианттарын ойластыруға тура келеді. Сонымен қоса мұндай жағдайда сыртқы ортадан қауіп қатер де күшейе түсуі мүмкін. Сондықтан да тәуекел ету экономикалық өмірдің ажыратылмайтын бөлігі болып саналады. Сонымен тәуекел бұл: мүмкін болатын қауіп; қолайлы нәтиже болар деген үмітпен шешім қабылдау; нәтижесі анықталмаған жағдайда шешім қабылдау; адамдардың қызметінің кез келген саласындағы шығындардың ықтималдылығы.
Нарықтық экономика жағдайында өндірушілер, сатушылар және сатып алушылар бәсекелестік жағдайында өздері, яғни өз үрей және тәуекел жағдайында қызмет етеді. Сондықтан олардың қаржылық болашағы көбінесе аз болжанады. Тәуекел-менеджменті тәуекелді бағалау, бизнесте пайда болатын қаржылық қатынастар және тәуекелді басқару жүйесі болып табылады.
Тәуекел етудің өзіндік сипаты
– нәтиженің тым көп немесе
мүлде шамалы болатындығының
белгісіздігі. Тәуекел еткенде шешуші
міндеттің қалай
Жоғары нәтижеге жетуді
Қолданылған әдебиеттер: