Аяқ киім түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2012 в 15:43, реферат

Краткое описание

Жасыратыны жоқ, экономикалық дағдарыстар орын алған өтпелі кезеңде еліміздің жеңіл өнеркәсібі үлкен проблемаларға тап болды. Жеңіл өнеркәсіп көшбасшылары атанған біраз кәсіпорындардың жұмысы тоқтады немесе мүлде жабылып тынды. Оған Алматыдағы “Жетісу”, Семейдегі “Большевичка”, Астанадағы М.Мәметова атындағы тігін фабрикаларының дағдарысты тағдырын мысал ретінде айтуға болады.

Оглавление

Кіріспе
1. Аяқ киім түрлері
2. Аяқ киім құрылысы
3. Жону
4. Тегістеу
5. Тікірейту
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Срс ..docx

— 721.86 Кб (Скачать)

                                 Мазмұны  

     Кіріспе

  1. Аяқ киім түрлері
  2. Аяқ киім құрылысы
  3. Жону
  4. Тегістеу
  5. Тікірейту

 

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                 Кіріспе

Жасыратыны  жоқ, экономикалық дағдарыстар орын алған өтпелі кезеңде еліміздің  жеңіл өнеркәсібі үлкен проблемаларға  тап болды. Жеңіл өнеркәсіп көшбасшылары атанған біраз кәсіпорындардың  жұмысы тоқтады немесе мүлде жабылып  тынды. Оған Алматыдағы “Жетісу”, Семейдегі  “Большевичка”, Астанадағы М.Мәметова атындағы тігін фабрикаларының дағдарысты тағдырын мысал ретінде айтуға болады. Сонау Одақ ыдыраған тоқсаныншы жылы осы Астана қаласындағы ірі тоқыма-жіп  фабрикасының директоры Иванов деген  өндірістің іске жарайтын жабдығын тиеп алып, Ресейге тайып бергенін де көзіміз көрген еді. Міне, осындай  келеңсіздіктер кесірінен кезінде  еліміздің ішкі жалпы өнімінің 15 пайызын құраған тігін және тоқыма саласы бүгінде 0,5 пайызға дейін  құлдырады. Қазір біз күнделікті қажет киім-кешек, аяқ киім және басқа жеңіл өнеркәсіп тауарларын шетелдерден тасымалдаймыз. Қара базарларда да, қаптаған сәнді сауда орталықтарында да шетелдік киім-кешектер дәуірлеп тұр. Тіпті “жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақша” қаптаған шетелдік тауар сатушылар сауда үйлерін “Италиян киімі”, “Француз үйі”, “Еуропалық киім-кешек” деген сияқты атаулармен жарнамалайтын болды.  
 Ал ақиқатын айтсақ, тоқыма және тігін сапасы сонау ежелгі дәуірлерде қазақ даласында бастау алып, ерекше дамыған. Мәселен, белгілі ғалым В.Юферев өзінің “Түркістанның мақта шаруашылығы” деген кітабында Тараз қаласының тұрғындары VІІ ғасырда мақтадан тоқылған киім өндірісін дамытып, шет жерлерге саудалағанын жазса, академик В.Бартольд Х ғасырда қазіргі Шымкент қаласынан сыртқы сауда үшін мақта шығарылғанын баяндайды.  
 Алдағы уақытта бұл салаға көптеп инвестиция тарту мәселесі күн тәртібінде тұр. Сөз реті келгенде айта кетейік, Өзбекстанда жеңіл өнеркәсіпке тартылған инвестиция көлемі 800 миллион долларға жеткен.  
Қазақстан Республикасы Жеңіл өнеркәсібі кәсіпкерлерінің ассоциациясы мен Индустрия және сауда министрлігінің бастамасымен Алматыда өткізілген V орталықазиялық жеңіл өнеркәсіп көрмесінде бұл саланың көкжиегін көріктендіретін бірқатар игі шараларға қол жеткізілді. Бұл шараларға еліміздің және шетелдердің 2,5 мыңнан астам мамандары қатысып, тәжірибе алмасты. 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Аяқ киім түрлері 

 

Аяқ киім - адам баласы аяқ киімді өте ертеден-ақ пайдаланған. Оның пайда болуы алғашқы адамдардың еңбек қызметімен, олардың қоршаған ортаға бейімделуімен, өз денесін жарақаттанудан жөне қоршаған ортаның қолайсыз әсерінен қорғануымен етене тығыз байланысты. Алғашқыда аң терісін өңдеместен аяқтарын орайтын болған, келе -келе белгілі бір пішінге келтіріп, яғни оларды екі, үш, тіпті одан да көп бөліктерге бөліп, өсімдіктердің тамырларымен және теріден тілініп алынған таспамен біріктіріп, икемді етіп киген. Таулы Алтайда қазба жұмыстары жүргізілген кезде, б.э.д. 5 ғ-да өмір сүрген адамдардың былғарыдан, жүннен тігілген а.к-дері табылған. Әйелдер а.к-інің қонышы иірілген жіппен өрнектеліп, жұқа жез я алтынмен қапталған. Бертін келе аяқ киімнің тез тозатын жері табаны болғандықтан, а.к. астыңғы бөлігіне теріні қабаттап тігетін болған, сөйтіп а.к. табаны жөне өкшесі пайда болды. 1844 жылы тігін машинасының шығуына байланысты а.к. өндірісін механикаландырудың басқы қадамы жасалды. 1870 - 75 жылы аяқ киімнің жұлығын, ұлтаның тігетін машина ойлап шығарылады. 1909 жылынан бастап, аяқ киімдерде пайдаланылатын жіп, шегемен қатар нитроцеллюлоза желімі қолданыла бастады. Аяқкиім ыңғайлы, берік, сәнді өрі гигиена талаптарына және киілу шарттарына сай келіп, басқа киімдермен үндесіп тұруы қажет. Аяқ киім бұл талаптарға сай келуі үшін оның ішкі өлшемі мен пішіні табаннын мөлшері мен пішініне сәйкес болуы тиіс. Бұлай болмаған күнде аяқ киім сыртқы түрін тез жоғалтып, мерзімінен бұрын тозады, табаннын, пішінін өзгертіп аяқты қажайды, мүйізгектің пайда болуына жол береді. Күш түскен кезде (тұрғанда, жүргенде) табанның размерлері өзгереді, сондықтан аяқ киімнің ішкі размерлері табанның калыпты размерлерінен бір шама артық болуы шарт.

А.к-ді киген кезде башпайлар еркін  кдмылдайтындай болғаны жөн. Сонымен бірге, тым кең аяқ киімнің де теріге тигізер зияны бар екенін ескеру керек. Тар, тұркы қыска аяқкиім кию табанның қан айналуының бұзылуына, табан пішінінің өзгеруіне -табан аяктықка, мүйізгек шығуына, тырнақтың теріге батып өсуіне әкеп соғады Беті ашық "қайықша" туфлилер типті а.к. ныгыз жымдасып, өкше жакьш мықтап ұстап түруы керек, бауы бар аяқ киімнің ішкі размерлері ашық туфлиге қарағанда үлкенірек болады. Тым биік өкшелі а.к. кию балтыр бұлшық еттерінің жиырылыгі, жіліишік сіңірлері мен бұлшық еттерінің әлсіреуіне, табан сіңірлерінің созыльш, табан аяқтықтың дамуына әкеп соғуы мүмкін. А.к-дер, пайдаланатын материалдарына байланысты: былғары, токьша, жасанды материалдардан жасалған, жүннен басылған жөне резеңке больш бөлінеді. А.к. паидалану жағдайына қарай тұрмыстық: күнделікті, үйлік модельді және арнайы өндірістік, спорттық және мединициналық болып бөлінеді. А.к-нің мынадай негізгі бес түрі бар: 1. етік - қоныш биік және бүтін, табанды, балтырды немесе оның жартысын, ал кейбір кездерде санды жауып тұрады; 2. бәтеңке -табан мен сирактың тобықтан жоғары бөлігін жауып тұрады; 3. қысқа қонышты бәтеңкелер - қонышы тобықтан аспайды, табанды толық, жауып тұрады; 4. туфли - жоғары бөлігі табанды  толықжауып тұрмайды, қонышы тобықтан төмен орналасады; 5. белдікті сандал - жоғары бөлігінің бөлшектері әр түрлі мөлшерлі және формалы белдіктерден тұрады: Табанның ішкі мөлшерлері мен пішінінің негізгі сииаттамасы оның нөмірі мен толықтығы болып табылады.

 

    1. Аяқ киім құрылысы

 

Жаңа аяқ киімдер көп  бөлшектерден тұрад, бірі бірмен әр түрлі  тәсілдермен бекітілген. Бөлшектердің саны және түрлері,олардың конфигурациялары, өлшемдері, өзара орналасуы мен  бекітілуі ,әр түрлі аяқ киімнің  конструкциясының алуантүрлілігін  анықтайды.

Барлық бөлшектер аяқ  киімде орналасуына байланысты жоғарғы  және астыңғы болып бөлінеді. Аяқ  киімінң жоғарғы бөлшектеріне , табанның планетралы бөлігінде орналасқан. Аяқ  киімнің жоғарғы жағын дайындау  деп аяқ киімінің үстіңгі бөлігінің  бірі-бірімен бекітілген, табанды  түгел немесе жартылай жабады.

Ұлтарақ - аяқ киімнің табан терісімен тығыз байланыста болатын және аяқ киім ішіндегі температуралық-ылғалдық комфорттың сақталуына жағдай жасайтын ішкі бөлігі болып табылады. Ол жұмсақтау иілгіш, жылу, және ылғалдан қорғау, гигироскопиялығы және желдету қасиеті сақталатындықтан тек табиғи теріден жасалуы керек.

Табан - аяқ киімнің төменгі бөлігінің негізгі элементі болып табылады және оның иілгіштігі, қалыңдығы, массасы және жылу сақтау қасиеттері өте жақсы болуы қажет. Аяқ киімнің иілгіштігі регламенттеледі және сәбилерге арналған аяқ киімдерге - 7H/см, мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған аяқ киімдерге - 10H/см, ұл балаларға арналған мектептік аяқ киімдерге - 9-13H/см, қыз балалардың мектептік аяқ киіміне 8-10H/см есебінен алынады. Табанның қалыңдығы пайдаланылған материалдар мен аяқ киім түріне байланысты алынады. (25 кесте).

Балалар аяқ киімдерін  бекіту үшін, бас жағының улкен  иілгіштігін, жеңілдігін, аяқ киімнің  ішкі аралығының ауа өткізгіштігі мен  желдетілуін қамтамасыз ету үшін арнаулы жіптерді және аралас тәсілдерді қолдануға болады.

Кеуекті резеңке, полиуретан және басқа материалдарды қолданған  кезде бекітудің желімдеу және біртұтас құю тәсілдерін қолдануға болады.

Табан материалдарының жылу сақтағыш қасиеті олардың жылу өткізгіштігіне байланысты болады. Материалдардың жылу өткізгіштігі төмен болған сайын, олардың  жылу сақтағыштық қасиеті жоғары болады. Қазіргі кездерде қолданылып жүрген материалдардың ішінде кеуекті  резеңке жылусақтағыштық қасиеті  бойынша табиғи тері мен кеуексіз құйма резеңкеден жоғары. Мұнда қоршаған ортаның ылғалдылығы жоғарылаған  сайын табиғи тері мен жүннің (пималар) жылу жоғалту қасиеті жоғарылайды, ал кеуекті резеңкенің жылусақтағыштық  қасиеті өзгермейді. Бұл жағдай тек  жылусақтағыштық қасиеті үшін ғана емес, сонымен қатар қажетті қалыңдықты, иілгіштікті және аяқ киімнің  тайғанақтауына қарсы қасиеті болғандықтан да, балалар аяқ киімінің табанын  кеуекті резеңкеден жасауы дұрыс.

Өкше - табанның артқы жағын жасанды түрде көтереді, оның рессорлығын жоғарылата отырып, өкшенің жерге соғылып ауыруынан сақтайды және аяқ киімнің жылдам тозбауына жағдай жасайды. Тек ерте жастағы сәбилердің аяқ киімнің өкшесі(пинеткалар) болмайды.

Өкшенің биіктігі: мектепке дейінгі жастардағы балалар үшін - 5-10мм, 8-10 жастағыларға - 20мм жоғары емес, 13-17 жастардағы ұл балалар үшін - 30мм, 13-17 жастардағы қыз балалар үшін - 40мм дейін жасалуы керек. Бой  жеткен қыз балаларға күнделікті биік өкшелі (4см-ден жоғары) аяқ киім киіп жүру, ауырлық орталығын алдыға қарай ауыстырып, жүруді қиындататындықтан, зиянды болып табылады. Өйткені, мұндай жағдайда бел омыртқасының иіні ұлғайып, жамбас аймағының орналасуы өзгеріске  ұшырауы мүмкін. Биік өкшемен жүргенде тұрақтылық орнықты болмай, өкше алдыға қарай жылжиды, аяқ басындағы бақайларға жүктеме түсетіндіктен жұмылып, табан жалпақтынып, бақайлар деформацияланады.

Аяқ киім табанды қысып, қан  және лимфоайналуын бұзып, аяқтың табиғи дамуына кедергі келтірмеуі керек. Аяқ киімнің биіктігі оның түріне байланысты нормаланады.

Қоныш - аяқ киімнің формасын сақтау үшін өкше жағына орналасқан, аяқ киімнің үстіңгі жағының негізгі деталі. Аяқ киім қонышы өкшенің деформациясының алдын алып, табанның алға қарай жылжуын болдырмауы үшін қажет. Қонышты даярлау үшін қалыңырақ табиғи теріден жасайды.

Аяқ киімнің бас  жағы- бақайлар мен бақайларға дейінгі буындардың үстін жауып тұратын үстіңгі бөлігі. Аяқ киімнің бас жағында оның формасын сақтау үшін астары мен сыртқы қабатының аралығына арнаулы қаттылау келген деталь салынады және ол бақайларды жарақаттанудан сақтайды.

Балалар аяқ киімін қозғалуға  кедергі келтірмейтіндей етіп, аяқтарына  мықтап бекітуге арналған бекітпелері  болуы керек. Ол үшін әр түрлі бекіткіштер: аяқ киімнің бауы, жылжымалы “молния”, арнаулы жабысқыштар т.б. қолданылады. Мектепке дейінгі жастағы балаларға  бекітпесі жоқ, жылдам шешіліп қалатын  үсті ашық аяқ киімдер жасауға  болмайды.

Аяқ киімнің массасы бекітпелерінің түріне, конструкциясына және пайдаланылған  материалдарына байланысты болады. Бәтеңкелердің  массасының нормасы шолақ бәтеңкеге  қарағанда - 10гр., сәбилер аяқ киімдеріне қарағанада - 15гр., естиярларға - 20гр., балалар  аяқ киімінен - 15гр., мектептік - 25гр., ұл балаларға - 30гр. ұлғаяды.

Жылдың барлық мезгілінде киілетін балалар аяқ киімі табиғи теріден жасалғаны дұрыс. Жаздық аяқ киімге теріден басқа, әртүрлі  тоқыма материалдардың өзі немесе олардың  терімен араласқан қоспалары  пайдаланылады. Жылыландырылған аяқ  киімдердің үстіңгі жағы мауыты, шұғадан, драп, жартылай жүн, жүн материалдардан, киізден т.б. жасалады. Астарлыққа табиғи тері және мақта маталар пайдаланылады.


 

 

 

 

 

 

Сурет. 1. Аяқ киім үстінің  жоғарғы бөлшектері

а – бәтеңке; б – туфель; в – етік

Аяқ киімнің жоғарғы  бөлшектері. Аяқ киімнің жоғарғы бөлшектеріне  тұмсық бөлігі 1 (1 сурет) , жұлық 2,  берец 3, тілше 4, сіресі – 5, артқы жағындағы белбеуше 6, өкше қаптамасы 7, қоныш 8, алдынғы жағы 9 және т.б. Моданың келуіменен және басқа факторлардың себебінен аяқ киім бөлшектері формалары мен өлшемдері өзгеріп отырады, және жаңа  негізгі бөлшектер пайда болады.

және жаңа  негізгі бөлшектер  пайда болады.

 

 


 

 

 

 

 Сурет 3. Аяқ киім  бөлшектерінің ішкі

 бөлшектері                                        Сурет 3. Жоғарғы жақтың аралық

 бөлшектері                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 Сурет 4. Аяқ киім асты бөлшекері

Аяқ киім үстінің аралық бөлшектеріне астараралық 1 – 3 (сурет 2) тұмсық бөлігіне, жұлыққа және берцке, сіресі бөлшегінің астар аралығы 5, бүйірше 6 және т.б.

Аяқ киім астынғы  бөлшектері. Аяқ киім астынғы бөлшектеріне ұлтан 1 (сурет 4), шолақ ұлтан 2, нәл (набойка) 3,  ұлтанға жиек 4, рант 5 және т.б.

Аяқ киім астынғы бөлігінің  бөлшектеріне – ұлтанның формасы  сияқты ұлтарақ 1, шолақ ұлтан формасына  ұқсас платформа 2, ұлтарақ 6, геленок 7, қысқа ұлтарақ 9, өкшелік 10, сірі 11, тұмсықша 12 және т.б.

Ұлтарақ - аяқ киімнің табан терісімен тығыз байланыста болатын және аяқ киім ішіндегі температуралық-ылғалдық комфорттың сақталуына жағдай жасайтын ішкі бөлігі болып табылады. Ол жұмсақтау иілгіш, жылу, және ылғалдан қорғау, гигироскопиялығы және желдету қасиеті сақталатындықтан тек табиғи теріден жасалуы керек.

Fяқ киімдерді бекіту  үшін, бас жағының улкен иілгіштігін,  жеңілдігін, аяқ киімнің ішкі  аралығының ауа өткізгіштігі  мен желдетілуін қамтамасыз ету  үшін арнаулы жіптерді және  аралас тәсілдерді қолдануға  болады.

Кеуекті резеңке, полиуретан және басқа материалдарды қолданған  кезде бекітудің желімдеу және біртұтас құю тәсілдерін қолдануға болады.

Табан материалдарының жылу сақтағыш қасиеті олардың жылу өткізгіштігіне байланысты болады. Материалдардың жылу өткізгіштігі төмен болған сайын, олардың  жылу сақтағыштық қасиеті жоғары болады. Қазіргі кездерде қолданылып жүрген материалдардың ішінде кеуекті  резеңке жылусақтағыштық қасиеті  бойынша табиғи тері мен кеуексіз құйма резеңкеден жоғары. Мұнда қоршаған ортаның ылғалдылығы жоғарылаған  сайын табиғи тері мен жүннің (пималар) жылу жоғалту қасиеті жоғарылайды, ал кеуекті резеңкенің жылусақтағыштық  қасиеті өзгермейді. Бұл жағдай тек  жылусақтағыштық қасиеті үшін ғана емес, сонымен қатар қажетті қалыңдықты, иілгіштікті және аяқ киімнің  тайғанақтауына қарсы қасиеті болғандықтан да, балалар аяқ киімінің табанын  кеуекті резеңкеден жасауы дұрыс.

Информация о работе Аяқ киім түрлері