Аяқ киім түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2012 в 15:43, реферат

Краткое описание

Жасыратыны жоқ, экономикалық дағдарыстар орын алған өтпелі кезеңде еліміздің жеңіл өнеркәсібі үлкен проблемаларға тап болды. Жеңіл өнеркәсіп көшбасшылары атанған біраз кәсіпорындардың жұмысы тоқтады немесе мүлде жабылып тынды. Оған Алматыдағы “Жетісу”, Семейдегі “Большевичка”, Астанадағы М.Мәметова атындағы тігін фабрикаларының дағдарысты тағдырын мысал ретінде айтуға болады.

Оглавление

Кіріспе
1. Аяқ киім түрлері
2. Аяқ киім құрылысы
3. Жону
4. Тегістеу
5. Тікірейту
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Срс ..docx

— 721.86 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

            3.  Жону

Ұлтандарды жинағымен  немесе бір –бірлеп және өкшелерді  жону оларға тиісті пішін және тегістеу  үшін орындалады. Операция фрезермен  арнайы машиналарда орындалады. Ұлтандарды  бір өлшем , сұлба , түсі бойынша бір  жинаққа жинайды. Ұлтанның орталандырылған  жинағын ФКП-О қырларды жонуға  арналған машинаға орналастырады. Жинақтағы  ұлтанның саны фрезаның биіктігіне , ұлтанның қалыңдығына байланысты. оның құрамы 18 жұп болуы мүмкін.  Ұлтанның қырын жонғанда , ұлтанның қимасын  айналып тұрған фрезаға қарай  жылжыта отырып жониды. Қырлары тік  болып келетін ұлтандарды осылайша жонады. Қырлары жарты шеңбер , фигуралы болып келетін ұлтандарды , өкшесінің  биіктігі 30-ге  дейінгі ұлтандарды жұбымен , ал өкшесі 30 мм-ден асатын ұлтандарды бір бірден жонады.


 

 

 

 

 

3.19 сурет. Аяқ киім  астының бөлшектерінің қырын  өңдеуге арналған фрезаның жалпы  түрі (а)  және жону кезіндегі  материалдарға әсері (б).

Әдетте фрезаның бір тұтас  цилиндр құрайтын бірнеше пышақтары  болады, цилиндрдің ортасынада машинаның  білігіне кигізетін  тесігі бар 3.19 а- сурет.

Операцияның мағынасы мынада: үлкен жылдамдықпен айналатын сына тәрізді өткір пышағы бар фрезалар өңделетін бөлшектің қырларының жұқа жоңқаларын  киіп отырады. Алғашында  фрезаның үстіңгі беті керіледі, ал біршама терең орналасқан беті қысылады. Фрезаның одан әрі жылжуы жоғарғы  беті бұзып, материалды кеседі. Материалдың  серпімділің модулі неғұрлым кем  болса және фрезаның тістері неғұрлым өтпес болса, соғұрлым кесу алдында  фреза материалға бата түседі.

Егер материал жұмсақ болса, онда тістің материалға батқан кездегі  тереңдігі толық сақталадыү  Ал егер материал серпімді болса, онда сығылу мен созылудан болған деформация толық жойылады. Материал қалып орнына тез келеді, сондықтан жону кезінде, серпімді  материал мен  тістің артқы  беті арасында  үйкеліс туады.

Серпімді тұтқыр денелер  үлкен жылдамдықпен түскен салмақ кезінде , серпімді тәрізді  болатыны белгілі. Жоңқалардың әр қайсысы тіспен 0,0003-0,0005 сек, ішінде кесілетінін ескерсек, онда былғары  мен резеңке бірқатар дәрежеде серпімді  дене тәрізді  екенін аңғарамыз.

Кесу кезінде күштің  бір бөлігі  материалды бұзуға, ал басқа бөлігі  алынатын жоңқалардың  иілуі мен сығылуына кетеді. Кесу үшін құраушылардың әрқайсысының үлесін дәл анықтау қиын.

Топтастыру бойынша  барлық аяқ киімдік фрезалардың реттік нөмірі болады. Фрезалардың кесу жиегінің пішініне қарай оларды 14 топқ бөледі.

Фрезаларды 10,15 және 20 маркалы  болатын 0.3 -. 0.5 мм тереңдікке дейін  цеметтеу немесе 0.2 – 0.25 мм тереңдікке дейін циандау және одан ары қарай  шынықтыру арқылы даярлайды.

Фрезаның отраша төзімділігі  оның екі жүзінің арасында өңделетін  аяқ киім жұптарының санымен анықталады. Ол былғарыны жонғанда  5-20 жұп , резеңкені  жонғанда 10-15 жұпқа тең. Фрезаның орташа төзімділігі қалыңдығы 20-25 мм болатын  қосымша хромдалған бетті қосқанда артады. Бұл кезде өңделетін  аяқкиім  жұптарының саны былғарыны жонғанда 120 жұпқа , ал резеңкені жонғанда 90-420 жұпқа артады.

Аяқ киім фрезаларын кесу ұштары төзімді болуы үшін , оларды қатты  қорытпаларын  жасайды. Металл  қатты  қорытпалы  ұнтақтардан престеу  және біріктіру арқылы екі конструкциялы  қалыпталған фрезалар  алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                          4   Тегістеу

Аяқ киім өнеркәсібінде тегістеудің  бірнеше  түрлері қолданылады: алмаз  құралының шетімен немесе тегістеу терісімен тегістеу (ұлтандарды жүрмейтін  жағын, ұлтарақтарды, ұлтандардың қырларын және өкшелерін тегістеу);  алмаз  құралының бүйірімен тегістеу немесе аяқкиім асты бөлшектерін  құрал  өсіне  перпендикуляр  жазықтыққа  жіберіп, тегістеу терісмен тегістеу (ұлтарақтарды, қалыптанған  ұлтандарды периметрі  бойынша тегістеу); алмаз  құралының  бүйірімен немесе құралдың осінің бойымен  бағытталған  тұрақты күш кезінде  тегістеу терісімен тегістеу ( ұлтанның өкше бөлігін  және реквизиттардың  орындарын тегістеу).

Бөлшектерді түрпілі өңдеудің кең қолданылуында аяқ киім астын  желім әдісімен бекітуді  енгізу ықпал етті.

 Аяқ киім материалдары  мен асты бөлшектерін тегістеу  конструкциялары әр түрлі машиналарда  орындалады. Ұлтан мен ұлтарақтардың  жүрмейтін жағын бекіту  алдында  тегістеу үшін , ШН – 1-0, 04127/Р10, 04163/Р3 , /ЧСФР/ 343Т және 347 машиналарды  қолданылады. 

Ұлтанның қырларын және өкшелерін  бүйір бетін тегістеу  үшін СКП, МШК -1-0 және 04105/Р6 ,  04311/Р3  /ЧСФР/  машиналары қолданылады.

  Жайпақ ұлтандардың өкше бөлігін  тегістеуде  ШН-1-0 /ТМД/ 04127-Р10 (ЧСФР)

 «Бомбелли»  (Италия) фирмасының  СТ 6 және ИСМА (Италия) фирмасының 1842 машиналрады орындайды. Тегістеу  құралының қозғалысы кезінде  , өткір  түйіршіктер  материал  бетін  тырнап , із қалдырады.  Түйіршіктрдің арасы кішкентай  болғандықтан  тырналған іздер  бір біріне  жақын өтеді де, материалдың  кесілген жұқа  беттері бөлініп түседі.  Түйіршіктер   шетінің өтпестенуіне қарай, кесу  кедергісі артады; ол түйіршіктерді  ұстап тұратын күштерден  үлкен  болған  кезде , түйіршік  баудан  бөлініп , өткір қыры бар түйіршік  бетін ашады. Сондықтан , тегістеу  құралдары өзін өзі  өткірлегіш  болып табылады.

Тегістеу құралдарын дайындайтын  түрпілі заттар табиғи жәнен жасанды  болып екіге бөлінеді.

Табиғи материалдарға  минералдар жатады, атап айтқанда , табиғи алмаз, корунд, шақпақ тас, зімпара; жасанды  материалдарға электрокорунд, бордың кремнийдің карбиді, синтетикалық алмаз, бордың куб натриті және олрадың  әр түрлі  композициялары жатады.

Жасанды тегістеу  материалдың  ішіндегі ең қаттысы синттетикалық  алмаз.  Табиғи алмазға қарағанда , синтетикалық алмаздың бетінің кедір  бұдырлығы жоғары, кесу жиелігі мен  төбесінің үшкір бұрыштары  кіші болып келеді, сондықтан олра тегістеу құралы ретінде пайдаланылады.

Терілер үшін түйіршіктері мынадай болатын түрпілі материалдар  қолданылады: 125,100,80,63,50,40,32,25,20,16,12,10,8,6,5  қаттылығының шкаласы бойынша анықтайды: ол 9- ға  жақын / осы шкала бойынша  алмаздың қаттылығы 10-ға тең.

Аяқ киім және былғары галантерея өнеркәсібінде пайдаланылатын тегістегіш  терілер матаға желімдеп жапсырылған  түйрегіші бар түрпілі материалдар . Тегістегіш  бұйымдары жазық  және руланды етіп шығарады. Тегістегіш терілердің негізі ретінде түрлі  саржалар пайдаланылады. Жеңіл мата орташа , ауыр арнайы. 

 

 


 

 

 

3.23. сур. Тегістеуге арналған  машинаның жұмыстық аспаптарының  конструкциялары. 

 

Тегістеу терісінің сапасы матаның беріктілігі , түрпілі түйіршіктер  мен желімінің сапасына байланысты. Мата неғұрлым берік болса , соғұрлым терінің пайдалану мерзімі ұзақ болады. Түйірлеу үгіттелгендіктен  және олардың майлануын тегістеу терісі тез істен шығады. Сондықтан матаны түрпілі түйіршіктерін көп мөлшерде  жоғалтқанда тозатындай етіп таңдайды.

Желім бетінің мағызы зор. Түрпілі  бет матамен шел сүйеген  желіммен берік желімдену керек. Желімнің матаға және түйіршіктелу адгезиясы  жоғары болса, терінің сапасы да жақсы  болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                   5  Тікірейту 

 

Тікірейту тек қана таразтып қана қоймай , сонымен қатар желімнің желімденетін  бетпен түйісуін арттырады. Егер аяқ киім үсті синтетикалық  және жасанды былғарындан  жасалса  онда операция орындалмайды. Тікірейту  орындалғанан кейін өңделген  беттің материалмен тығыз байланысқан  талшықтары болуы қажет. Үстіңгі  бетті тікірейту үшін  металл ысқыштар, шаршоқалар, инелі таспалар, тегістеу терілері мен доғалақтары  қолданылады.

Тағайындалуына қарай, металл щеткаларды ұлтан материалдарына және аяқ киім үстіне деп түрлендіреді. Металл щеткалардың бірнеше түрлері  бар. Ең кең тарған түрі болат тығырықтың арасына қысылған  болат сымның шоғыры /3,26/ сур. Сонымен қатар резеңкеге  вулкандатылған және төлкеге бекітілген сымның шоғыры жақсы жұмыс істейді. /3,26 б-сур./

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.26.сур. Металл щетка  (а)  және резеңкеег вулкандалған  щетканы (б) схемалары

 

Былғары аяқ киім үстін  қысқыштың 8-10 м/с, ал ұлтан  материалын 15-16 м/с айналма жылдамдықпен өңдейді.  Резеңке және былғары ұлтандарды тереңірек тікірейту үшін, сонғы  кезде тісі бар тығырық тәріздес арнайы шарошкаларды жиі қолданылуда. Осындай тығырықтардың 10-15 данасын  вертикаль жазықтықта бос қозғалтқандай  етіп оське отырғызады.  Одан басқа шарошкаға көлденең жазықтықта ықтиярсыз істелетін қозғалыс беріледі. Тісі бар тығырығқтардың күрделі қозғалысының нәтижесінде , бөлшек беті тікірейтіледі. Осындай нәтижеге де материалдарды тің жазықтықта бос қозғалатын , ал көлденең жазықтықта ықтиярысыз қозғалатын цилиндр шарошкалармен өңдеу арқылы жетуге болады.

 

 

Қорытынды

Дайындау әдістерінің  әр қайсысының өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар . Әр әдісті талдау кезінде аяқ киім өңі бөлшектерін  жалғастырғанда белгілі бір әдістің  артықшылығына шешім шығаруға болмайды. Мәселен жіпті әдіс герметикалық емес , сондықтан сулы ауа райына қолайлы емес. Өндірістік қателерден материалдың беті инемен бұзылу мүмкін, сондай ақ көрсетілген әдісті таңдағанда  аяқ киім өңі бөлшектерін дайындау тәсілін қарастырған жөн.  Тағы да бір жіпті әдістің кемшілігі  ол күрделісиымдылық. Аяқ киім дайындаудағы желімді әдісі 5 тен 15 адамды қуаттылығы 1000 пар да босата алады.  Аяқ киім өндірісі жұмыс өнімділігін бүрмелеу операцияларында 30-40% арттырып, аяқ  киімнің сапасын арттырады және дефектісі жіпті құрастыру әдісіне  қарағанда аз кезедеседі. Бірақ көрсетілген  әдістің де өзіндік кемшіліктері бар, оларға құраушы желімнің химиялық реякциясының нәтижесінде түсінің  өзгеруі, желімнің сапасына қойылатын  жоғары талаптар және желімдейтін бетті  дайындауы, аздаған ауықту нәтижесінде  бұйымның ақауларын және басқа да кемшіліктерге алып кеп соғады.

Аяқкиімге қойылатын қорғаныш талаптары жарақаттан сақтаму, күйіп  қалу, үсі басқа да қиын жағдайларға  алып келеді. Мысалы : аяқкиімнің адамды ылғалдан жеткілікті  түрде қорғай алмауы, табанның қажалуын, ал салқын кезде  адамға суық тиюге, ревматизмдік ауруларға  ұшырауына , ыстық кезде дерматиттің  пайда болуына әкелуі мүмкін.Жасанды және синтетикалық материалдан жасалған аяқ киім жеткілікті үйлеспегенде аяқты қажап, ал ұзақ мерзім кигенде табанның қан айналысын нашарлатады. Мұндай аяқкиімнің үстіңгі бөлігі көп жағдайда бір сызық бойымен майысады да , соның нәтижесінде үлкен  бір қатпар түзіліп табанның қажалуына алып келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

Былғары және үлбір бұйымдарының технологиясы С.Е.Мунасипов Тараз 2006


Информация о работе Аяқ киім түрлері