Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 20:00, реферат
Қылмыстық құқық қылмыстық заңнаманың міндеттері мен қағидаттарын, қылмыс ұғымын, қылмыстық жауапкершіліктің негізін, қылмыстың түрлері мсн белгілерін, жазаны, қылмыстык жауапкершілік пен жазадан бостудың негіздерін анықтайтын заңды нормалардың жиынтығы.
Мемлекеттің жеке және занды тұлғалардың мүдделерін қылмыстық кол сұғудан қорғау барысында туатын қоғамдык катынастар қылмыстық құкықтың пәні болып табылады.
Қазтұтынуодағы
Қарағанды экономикалық университеті
Тақырыбы:"Қылмыс түсінігі,белгілері және түрлері"
Орындаған: Э-11 тобының студенті Смаилова А.Е
Қарағанды 2009
1. Құқықтық қылмыстың негізгі ұгымдары
Қылмыстық құқық қылмыстық заңнаманың міндеттері мен қағидаттарын, қылмыс ұғымын, қылмыстық жауапкершіліктің негізін, қылмыстың түрлері мсн белгілерін, жазаны, қылмыстык жауапкершілік пен жазадан бостудың негіздерін анықтайтын заңды нормалардың жиынтығы.
Мемлекеттің жеке және занды тұлғалардың мүдделерін қылмыстық кол сұғудан қорғау барысында туатын қоғамдык катынастар қылмыстық құкықтың пәні болып табылады.
Қылмыстық құқықтың субъектісіне қылмыс жасаған жеке тұлғалар мен мемлекеттің кұзыретті органдары (тергеу, прокуратура, сот т.б.) жатады. Аталған субъектілердің өзара кұкықтары мен міндеттері осы қатынастың мазмұнын кұрайды. Мемлекеттің құзыретті, кұқык қорғау органдары қылмыс жасаушы-ларды жауапқа тартуға құқығы бар әрі міндетті. Сол сияқты қылмыс жасаған субъектіде заң алдында жауап беруге міндетті. Сонымен бірге жауапқа тартылған қылмыс жасаушының құқықтары бұзылмай, заң бойынша сақталуы кажет.
Қылмыстық құқыктың жүйесі жалпы және ерекше сияқты екі бөлімнен тұрады. Жалпы бөлімде ерекше бөлімнің баптарын дұрыс түсініп, қолданудың жалпы ережелері мен институттары, тұлғаның кылмыстық жауапкершілігі туралы мәселелер, қылмыстық заңнаманың міндеті, қылмыстық жауапкершіліктің негіздері, қылмыстық заңның әрекеттік шегі, қылмыстың, жазаның жалпы ұғымы, жаза тағайындау, жаза мен қылмыстық жауапкершіліктен босату тәртібі жайындағы мәселелер көрсетіледі. Ерекше бөлімде қылмыс және оның белгілері деп саналатын әрекеттерді көрсететін нормалардың жиынтығы шоғырланған.
Қылмыстық
құқықтың міндеттері: адам мен азаматтың
құкықтарын, бостандыктары мен заңды мүдделерін,
меншікті, ұйымдардын құқықтары мен заңды
мүдделерін, қоғамдык тәртіп пен қауіпсіздікті,
қоршаған ортаны, Казақстан Республикасының
конституциялык құрылысы мен аумактық
тұтастығын, коғам мен мемлекеттің, заңмен
қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол
сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен
адамзаттың кауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ
қылмыстардың алдын алу болып табылады.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық
жауаптылык негіздері белгіленеді, жеке
адам, коғам немесе мемлекет үшін қауіпті
кандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны
айкындалады, оларлы жасағаны үшін жазалар
мен өзге де қыл-мыстық-кұқыктық ықпал
ету шаралары белгіленеді.
Қорғау — қылмыстық-кұкықтық шараларды колдана отырып қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау міндеті. Ол үшін қылмыстық заң кылмыстық әрекеттердің шеңберін, түрін және оған қолданылатын жазанын мөлшерін анықтайды.
Алдын-алу (профилактика) міндеті кылмыстың алдын алу, оны болдырмаудың жолдарын карастыру немесе қылмыс жасаған тұлғаның кайта қылмыс жасамауынын алдын алу. Бұл мақсаттар әр түрлі қылмыстық-құқықтық шаралар қолдану арқылы іске асырылады.
Тәрбиелік міндетті қылмыстық құқықтың барлық институттары мсн нормалары атқарады (жаза, кажетгі қорғаныс, мәжбүрлі қажеттілік т.б.)
Қылмыстық құқықтың қағидаттары деп мемлекеттің қылмыстық құкық саласындағы саясатының, қылмыспен күресудің іс жүзіндегі құралдарынын мазмұнының негізіне койылған тіректі мұраттар мен бастамаларды айтамыз.Сондай қағидаттардың бірі заңдылық қағидаты. Оның мәні қылмыстық әрекет пен жаза тек қана қылмыстық заңмен анықталуы керек. Әрекет не әрекетсіздік коғамға қаншама кауіпті болса да, егер оларда қылмыстың кұрамы болмаса тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке жасанды түрде тартуға болмайды. Азаматтардың заң және сот алдында теңдігі қағидаты, Қазакстан Республикасы Қылмыстық, кодексінің 14-бабында көрсе-тілгендей, қылмыс жасаған адамдар шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына, тұрғылықты жеріне немесе өзге де кез келген мән-жайларға қарамастан заң алдында бірдей. Тек қылмыстық әрекеті не әрекетсіздігі үшін кінәлі болған тұлғаны ғана қылмыстық жауапка тарту қағидаты. Адам соларға қатысты өз кінәсі анықталған коғамдық кауіпті әрекеті (іс-әрекет немесе әрекетсіздігі) және пайда болған қоғамдык кауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс. Объективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді. Қасақана немесе абай-сызда әрекет жасаған адам ғана кылмысқа кінәлі деп танылады. Абайсызда жасалған әрекет қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінін тиісті бабында арнайы көзделген жағдайда ғана қылмыс деп танылады.
Келесі қағидат есі дұрыс, Қылмыстық кодексте көрсетілген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс. Есі дұрыс емес, жасы Қылмыстық кодексте белгіленген жасқа толмаған адам қылмыстық жауапқа тартылмайды.
Негізгі қағидаттардың бірі әділеттілік қағидаты.Оның мәні соттар жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілігін, сотталушының жеке басының, оның қылмыс жасағанға дейінгі және қылмыс жасағаннан кейінгі мінез-құлығы ерекшеліктерін, қылмысты ауырлататын және жеңілдететін жағдайларды, отбасы жағдайларын ескере отырып жаза тағайындаулары кажет.
Қылмыстық
құқықтың тағы бір қағидаты ол ізгіліктік
қағидат. Ізгілік адамды адам, кісі, тұлға
ретінде тану, оның ар-ожданын, намысын,
қадір-касиетін, бақытқа, жақсылыққа, өркениетке
ұмтылуын сыйлау, мойындау. Сондықтан,
жаза тағайындау барысында ізгілік кағидатына
сүйене отырып жасалған қылмысқа тиісті
жазадан жұмсақтау жаза тағайындау.
2. Қылмыстық-құқықтық қатынастар
Қылмыстық іс-кимылдардың, қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату, дәрігерлік сипаттағы мәжбүрлеу шараларын колдану барысында қалыптасады. Қылмыстык кодекстің 9-бабында көрсетілгендей,Қылмыстық кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады.Қылмыстың төмендегідей 4 белгісі бар:қоғамдық қауіптілігі, кұкыққа карама-қайшылығы, кінәлілігі, қылмыстық жауаптылығы)
Кінә. Адам соларға қатысты өз кінәсі анықталган қоғамдык кауіпті әрекеті (іс-әрекет немесе әрекетсіздігі) және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс. Объективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыкқа жол берілмейді. Қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана кылмысқа кінәлі деп танылады. Абайсызда жасалған әрекет Қылмыстык кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында арнайы көзделген жағдайда ғана қылмыс деп танылады.
Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыс деп танылады. Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін үғынып, онын қоғамдық кауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе, қылмыс тікелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) коғамға қауіпті екенін үғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін алдын ала білсе, осы зардаптардың болуын тілемесе де, бүған саналы түрде жол берсе не бұған немқұрайды караса, кыл-мыс жанама ниетпеи жасалған деп танылады.
Менмендікпен немесе немқұрайдылықпен жасалған әрекет абайсызда жасалган қылмыс деп танылады. Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) коғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс менмендікпен жасалған қылмыс деп танылады.
Егер адам қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекстінің (әрекетсіздігінің) қоғамдык қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, қылмыс немқұрайлықпен жасалған қылмыс деп танылады.
Қылмыс секілді қоғамдык қауіпті әрекеттің объективті және субъективті белгілерінің қылмыстық заңмен бекітілген жиынтығын қылмыстық кұқыкта қылмыстың құрамы дейді. Кылмыстың кұрамы — белгілі бір қылмыстык іс-қимылдың тек типтік белгілерін бекітетін нормативті санат. Егер қылмыс жасау, қылмыстық жауаптылыктың нақты негізі болса, қылмыс құрамы оның заңдық негізі болады. Сондыктан бұл екі жағдайлар өзара тығыз байланыста, бір тұтастықты құрайды. Заң ғылымдары қылмыс құрамының міндетті 4 бөлшегін көрсетеді: қылмыстың объектісі, қылмыстың объективті жағы, қылмыстың субъектісі, қылмыстың субъективті жағы. Бұлар өзара байланысты. Егер жасалған қылмыста қылмыс құрамының аталған бөлшектерінің біреуі болмаса, онда қылмыс кұрамы болмайды және қылмыс жасаған тұлғаны қылмыстық жауаптылыкқа тартуға болмайды.
Қылмыстық кодексте көзделген әрекеттер сипатына және қоғамдық қауіптілік дәрежесіне қарай қылмыс онша ауыр емес қылмыстарға, ауырлығы орташа қылмыстарға, ауыр қылмыстарға және ерекше ауыр қылмыстарға бөлінеді.
Жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза екі жылға бас бостандығынан айырудаң аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін Қылмыстық кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған әрекет онша ауыр емес қылмысдеп танылады.
Жасалғаны үшін Қылмыстық кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген абайсызда жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс деп танылады.
Жасалғаны үшін Қылмыстық кодексте көзделген ең ауыр жаза он екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет ауыр қылмыс деп танылады.
Жасалғаны үшін Қылмыстық кодексте он екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы көзделген касақана жасалған әрекет аса ауыр қылмыс деп танылады.
Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің белгілі бір бабында немесе бабының бөлігінде көзделген екі немесе одан да көп әрекетті жасау — қылмыстардың бірнеше рет жасалуы деп танылады.
Осы Кодекстің түрлі баптарында немесе баптарының бөліктерінде көзделген, адам солардың бірде-біреуі үшін сотталмаған немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған екі немесе одан да көп әрекеттерді жасау қылмыстардың жиынтығы деп танылады.
Бұрын қасақана жасаған кылмысы үшін соттылығы бар адамның қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады.
Қылмыс бір ғана адам емес бірнеше тұлғалардың ұйымдасуымен де жасалуы мүмкін. Екі немесе одан да көп адамның қасақана кылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады. Ұйымдастырушы, айдап салушы немесс көмектесуші орындаушымен бірге қылмысқа қатысушылар деп танылады.
Қылмысты тікелей жасаған немесе оны жасауға басқа адамдармен (қоса орындаушылармен) бірге тікелей қатысқан адам, сондай-ақ жасына, есінің дұрыс еместігіне немесе осы Кодексте көздслген басқа да мән-жайларға байланысты қылмыстық жауапқа тартуға болмайтын басқа адамдарды пайдалану арқылы, сол сияқты әрекетті абайсызда жасаған адамдарды пайдала-ну жолымен қылмыс жасаған адам орындаушы деп танылады.
Кылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылык, еткен адам, сол сияқты ұйымдасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық қауымдастық (қылмыстық ұйым) құрған не оларға басшылық еткен адам ұйымдастырушы деп танылады.
Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндірген адам айдап салушы деп танылады.
Кеңестерімсң, нұсқауларымен, ақпарат, қылмысты жасайтын қару немесе құралдар берумен не қылмысты жасауға кедергілерді жоюымен қылмыстың жасалуына жәрдемдескен адам, сондай-ақ қылмыскерді, қаруды немесе кылмыс жасаудың өзге құралдарын, қылмыстың ізін не қылмыстық жолмен табылған заттар-ды жасыруға күні бұрын уәде берген адам, сол сияқты осындай заттарды сатып алуға немесе өткізуге күні бұрын уәде берген адам көмектесуші деп танылады.
2.1. Қылмысты болдырмайтын мән-