Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 20:00, реферат
Қылмыстық құқық қылмыстық заңнаманың міндеттері мен қағидаттарын, қылмыс ұғымын, қылмыстық жауапкершіліктің негізін, қылмыстың түрлері мсн белгілерін, жазаны, қылмыстык жауапкершілік пен жазадан бостудың негіздерін анықтайтын заңды нормалардың жиынтығы.
Мемлекеттің жеке және занды тұлғалардың мүдделерін қылмыстық кол сұғудан қорғау барысында туатын қоғамдык катынастар қылмыстық құкықтың пәні болып табылады.
Қазақстан Республикасының, Қылмыстық кодексінде қылмыстық жауаптылық пен қоса қылмыстық жазадан босату жағдайлары да карастырылған. Кылмыстық кодексте жазадан босатудың мынандай 8 негіздері көрсетілген:
1) жазаны өтеуден мерзімінен бұрын - шартты түрде босату (70-бап);
2) жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру (71-бап);
3) жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің жазаны өтеуін кейінге қалдыру (72-бап);
4)ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату (73-бап);
5) төтенше мән-жайлардың сал-дарынан жазадан босату мен жазаны өтеуді кейінге қалдыру (74-бап);
6) айыптау
үкімінің ескіру мерзімі
7) рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату (76-бап);
8) соттылық.
Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босату (70-бап). Егер сот түзеу жүмыстарын, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу, тәртіптік әскери бөлімде үстау немесе бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адам езінің түзелуі үшін сот тағайындаған жазаны толық өтеуді кажет етпейді деп таныса, ол мерзімінен бұрын-шартты түрде босаты-луы мүмкін. Бүл орайда адам косымша жаза түрін өтеуден толық немесе ішінара босатылуы мүмкін.Сот мерзімінен бұрын — шартты түрде босатуды қолдана отырып, сотталған адамға: мамандандырылған органға хабарламай тұрақты тұратын, жұмыс істейтін және оқитын жерін өзгертпеу, мамандандырылған органның рұқсатынсыз белгілі бір жерлерге бармау, оқудан және жұмыстан бос уакытта тұрғылықты жерінен кетпеу, басқа да жерлерге бармау міндетгерін орындауды жүктейді. Сот, бас бостандығын шектеуге сотталған адамға оның түзелуіне ықпал ететін басқа да міндеттерді орындауды: алкогольге салынудан, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, жыныс жолдары арқылы жұғатын аурулардан емделу курсынан өтуді, отбасын материалдық қолдауды жүзеге асыру сияқты міндеттерді жүктей алады.
Жазадан шартты түрде — мерзімінен бұрын босату сотталған адам: 1) кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмысы үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен бірін; 2) ауыр қылмысы үшін тағайындалған жаза мерзімінін кемінде жартысын; 3) аса ауыр қылмысы үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде төрттен үшін, сондай-ақ бұрын жазадан мерзімінен бұрын — шартты түрде босатылған адамға, егер мерзімінен бұрын — шартты түрде босату осы баптың жетінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша жойылған болса, тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен екісін нақты өтегеннен кейін колданылуы мүмкін. Бас бостандығынан айыруға сотталушының нақты өтеу мерзімі алты айдан кем болмауы керек.
Сот тағайындаған өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адам, егер сот ол бұл жазаны одан әрі өтеуді қажет етпейді деп таныса және кемінде жиырма бес жыл бас бостандығынан айыруды іс жүзінде өтесе, мерзімінен бұрын — шартты түрде босатылуы мүмкін.
Мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылған адамның мінез-құлқына бақылау жасауды оған босатылған адамның тұрғылықты жері бойынша — мамандандырылған уәкілетті мемлекетгік орган, ал әскери қызметшілер жөнінде—әскери бөлімдер мен мекемелердің командованиесі жүзеге асырады.
Мерзімінен бұрын — шартты түрде босату қолданылған адам, егер жазаның калған өтелмеген бөлігі ішінде: 1) өзіне әкімшілік жазасы салынған қоғамдық тәртіпті бұзса немесе оған мерзімінен бұрын — шартты түрде босатуды қолдану кезінде сот жүктеген міндеттерді орындаудан әдейі жалтарса, сот осы баптың алтыншы бөлігінде аталған органдардың ұсынуы бойынша мерзіміне н бұрын — шартты түрде босатудың күшін жою және жазаның өтелмей қалған бөлігін орындау туралы қаулы ете алады; 2) қылмыс абайсызда жасалса, жаңа қылмысқа жаза тағайындау кезінде мерзімінен бұрын — шартты түрде босатудың күшін жою немесе оны сақтау туралы мәселені сот шешеді; 3) қылмыс қасақана жасалса, сот оған Қылмыстық кодекстің 60-бабында көзделген ережелер бойынша, яғни үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындайды. Егер сот мерзімінен бұрын - шартты түрде босатудың күшін жойса, абайсызда қылмыс жасаған жағдайда да жаза осы ережелер бойынша тағайындалады.
Өлім жазасы түріндегі жаза кешірім жасау тәртібі бойынша бас бостандығынан айырумен ауыстырылған адамға мерзімінен бұрын — шартты түрде босату қолданылмайды.
Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру (71-бап). Кішігірім, орташа ауыр және ауыр қылмыс үшін бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адамға сот оның жазасын өтеу кезіндегі мінез-құлқын ескере отырып, жазаның өтелмей қалған бөлігін оның жеңіл түрімен ауыстыра алады. Бұл орайда адам жазаның қосымша түрін өтеуден толық немесе ішінара босатылуы мүмкін.
Жазаның өтелмеген бөлігі, сотталған адам ауыр емес және орташа ауыр қылмыс жасағаны үшін жаза мерзімінін кем дегенде үштен бір бөлігін, ауыр қылмысы үшін немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен ерте босатылған және жазаның өтелмей калған бөлігі кезеңінде жаңа қылмыс жасаған адам жаза мерзімінің жартысын нақты өтегеннен кейін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырылуы мүмкін.
Жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің жазаны өтеуін кейінге қалдыру (72-бап). Жеке адамға қарсы ауыр және аса ауыр қылмысы үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостадығынан айыруға сотталған әйелдерді қоспағанда, сотталған жүкті әйелдерді және он төрт жасқа толмаған баласы бар әйелдерді сот тиісінше бір жылға дейінгі немесе бала сегіз жасқа толғанға дейінгі мерзімге жазасын өтеуден босатуы мүмкін. Егер сотталған әйел баладан бас тартса немесе баланы тәрбиелеуден жалтаруды жалғастырса немесе сотталып, жазасын өтеу кейінге қалдырылған әйелді бақылауды жүзеге асыратын орган екі рет жазбаша түрде ескерту жасағаннан кейін коғамдық тәртіпті бұзса, сот сол органның ұсынысы бойынша жазаны өтеу мерзімін кейінгіге қалдыруды тоқтатып, сотталушы әйелді сот үкіміне сәйкес тағайындалған жерге жазасын өтеуге жібере алады.
Бала он төрт жасқа толғаннан кейін немесе ол шетінеген жағдайда не жүктілігі үзілген жағдайда сот сотталған әйелдің мінез-кұлқына карай оны жазаны өтеуден босатуы немесе оны неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыруы немесе сотталған әйелді жазаны өтеу үшін тиісті мекемеге жіберу туралы шешім кабылдауы мүмкін.
Егер сотгалған әйел жазаны өтеуден босату кезеңінде жаңа қылмыс жасаса, сот оған Қылмыстық кодекстің 60-бабында көзделген ережелер бойынша, яғни үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындайды.
Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату (73-бап). Қылмыс жасағаннан кейін оның өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін үғыну не оған ие болу мүмкіндігінен айыратын психикасы бұзылу пайда болған адамды сот жазадан босатады, ал жазасын өтеп жүрген адамды сот оны одан әрі өтеуден босатады. Мұндай адамдарға Қылмыстық кодексте көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындауы мүмкін.
Жазаны өтеуге кедергі жасайтын өзге де ауыр науқастан зардап шегуші адамды сот жазаны өтеуден босатуы мүмкін немесе бұл жаза неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстырылуы мүмкін. Бұл орайда жасалған қылмыстың ауырлығы, сотталған адамның жеке басы, науқасының сипаты және басқа мән-жайлар ескеріледі.
Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде аталған адамдар, егер Қылмыстық кодекстің 69 және 75-баптарында көзделген ескіру мерзімі өтпеген болса, олар сауыққан жағдайда қылмыстық жауапқа тартылып жазалануы мүмкін.
Камауға не тәртіптік әскери бөлімде ұстауға сотталған әскери кызметшілер өздерін әскери кызметке жарамсыз ететін науқастануы жағдайында жазадан немесе жазасын одан әрі өтеуден босатылады. Оларға жазаның өтелмеген бөлігі де неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстырылуы мүмкін.
Төтеише мән-жайлардың салдарынан жазадан босату мен жазаны өтеуді кейінге қалдыру (74-бап). Кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмысы үшін сотталған адамды, егер жазаны өтеу өрт немесе кездейсоқ апат, отбасының еңбекке жарамды жалғыз мүшесінің ауыр науқастануы немесе қайтыс болуы немесе басқа да төтенше мән-жайлардың салдарынан сотталған адам немесе оның отбасы үшін жазасын өтеуі аса ауыр зардапқа әкеліп соқтыруы мүмкін болса, сот жазадан босатуы мүмкін.
Ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамның жазасын өтеуін сот осы баптың бірінші бөлігінде аталған негіздер болған жағдайда үш айға дейін мерзімге кейінге қалдыра алады.
Айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату (75-бап). Қылмысы үшін сотталған адам, егер айыптау үкімі оның заңды күшіне енген күнінен бастап есептегенде, мынадай мерзімдерде орындалмаған болса, жазаны өтеуден босатылады:
а) кішігірім ауырлықтағы кылмысы үшін сотталғанда — үш жыл;
б)
орташа ауырлықтағы қылмысы
в) ауыр қылмысы үшін сотталғанда — он жыл;
г)
аса ауыр қылмысы үшін
Егер сотталған адам жазаны өтеуден жалтарса, ескіру мерзімінің етуі тоқтатыла тұрады. Бұл жағдайда ескіру мерзімінің өтуі адам ұсталған немесе айыбын мойындап келген кезден басталады. Сотталған адамның жазаны өтеуден жалтаруы кезіне қарай өткен ескіру мерзімі есептелуге тиіс. Бұл орайда айыптау үкімі егер, оның шығарылған уақытынан бастап жиырма бес жыл өтсе және ескіру мерзімі жаңа қылмыс жасау арқылы үзілмеген болса, орындалмауы керек.
Егер адам осы баптың бірінші бөлігінде аталған мерзім өткенге дейін жаңадан қасақана қылмыс жасаса, ескіру мерзімі үзіледі. Мұндай жағдайда ескіру мерзімінің өтуі жаңадан қылмыс жасаған күннен бастап қайта есептеледі.
Өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталған адамға ескіру мерзімін қолдану туралы мәселені сот шешеді. Егер сот ескіру мерзімін қолдану мүмкін деп таппаса, өлім жазасы өмір бойы бас бостандығынан айыруға ауысты-рылады, ал өмір бойы бас бостандығынан айыру жиырма бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылады. Бейбітшілік пен адамзаттың кауіпсіздігіне қарсы қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға ескіру мерзімі колданылмайды.
Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату (76-бап). Рақымшылык жасау туралы актіні адамдардың жеке айкындалмаған тобы жөнінде Қазақстан Республикасының Парламенті шығарады. Қылмыс жасаған адамдар рақымшылық жасау туралы актінің негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдар жазадан босатылуы мүмкін не оларға тағайындалған жаза қысқартылуы немесе жа-заның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырылуы мүмкін не мұндай адамдар жазаның қосымша түрінен босатылуы мүмкін. Жазасын өтеген немесе оны одан әрі өтеуден босатылған адамдардаң рақымшылық жасау туралы актімен соттылығы алынып тасталуы мүмкін. Мысалы 2006 жылы 9 каңтарда Қазақстан Республикасының Парламенті Президенттің қолы қойылған «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы» № 113-Ш Заң қабылдады. Осы заңның 1-бабына сәйкес ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар үшін сотталғандар: 1) кәмелетке толмағандар; 2) кәмелетке толмаған балалары немесе асырауында I және II топтардағы мүгедек балалары бар әйелдер, сондай-ақ жүкті әйелдер; 3) I және II топтағы мүгедектер; 4) зейнет жасына жеткен әйелдер мен ер адамдар жазадан босатылды. Ал бұл санатқа жатпайтын, ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар үшін сотталған басқа адамдар, егер олар тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен бірін өтеген болса, бас бостандығынан айыру түріндегі жазадан боса-тылды. Ауыр қылмыстар үшін сотталған адамдар, егер олар тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен бірін өтеген болса, бас бостандығынан айыру түріндегі жазадан босатылды. Ауыр қылмыстар үшін бірінші рет бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар, егер олар тағайындалған жаза мерзімінің кемінде жартысын өтеген болса, жазадан босатылды. 19-бапта көрсетілгендей заңның орындалуын қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар Заңның орындалуын ол қолданысқа енгізілген күннен (10.01.06 ж.) бастап 6 ай ішінде қамтамасыз етуге тиіс.
Белгілі бір жеке адамға ол жөнінде айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда кешірім жасау туралы актіні Қазақстан Республикасының Президенті шығарады.
Қылмыс жасағаны үшін сотгалған адам кешірім жасау кезінде жазаны одан әрі өтеуден босатылуы мүмкін не оған тағайындалған жаза қысқартылуы немесе жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырылуы мүмкін. Жазасын өтеген адамнан кешірім жасау актісімен соттылығы алынып тасталуы мүмкін.
Соттылық (77-бап). Қылмыс жасағаны үшін сотталған адам соттың айыптау үкімі занды күшіне енген күннен бастап соттылықты жою немесе алып тастау кезіне дейін сотты болған деп есептеледі. Қылмыстық кодекске сәйкес соттылық қылмыстың әлденеше рет қайталануы, қылмысты қайталау кезінде және жаза тағайындау кезінде ескеріледі. Жазадан босатылған адам соттылығы жоқ деп танылады. Соттылық:
1) шартты түрде сотталған адамдар жөнінде — сынақ мерзімі өтуі бойынша;
2) тәртіптік әскери бөлімде ұсталу, әскери кызмет бойынша шектеу немесе қамау түрінде жазасын өтеген әскери қызметшілер жөнінде — іс жүзінде жазаны өтеу бойынша;
3) бас
бостандығынан айырумен
4) кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жөнінде—жазаны өтегеннен кейін үш жыл өтуі бойынша;
5) ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жөнінде — жазаны өтегеннен кейін алты жыл өтуі бойынша;
6) аса ауыр қылмысы үшін сотталған адамдар жөнінде- жазаны өтегеннен кейін сегіз жыл өтуі бойынша жойылады.
Егер сотталған адам заңда белгіленген тәртіппен жазасын өтеуден мерзімінен бұрын босатылса немесе жазаның өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңіл жазамен ауыстырылса, онда соттылықты жою мерзімі жазаның нақты өтелген мерзімін негізге ала отырып, негізгі және қосымша жаза түрлерін өтеуден босатылған кезден бастап есептеледі.
Егер сотгалған адам жазаны өтегеннен кейін өзін мінсіз ұстаса, сот оның өтініші бойынша соттылықты жою мерзімі өткенге дейін одан соттылықты алып тастай алады.
Егер сотталған адам соттылықты жою мерзімі өткенге дейін тағы да кылмыс жасаса, соттылықты жою мерзімі тоқтатылады. Бірінші қылмыс бойынша соттылықты жою мерзімі соңғы қылмысы үшін негізгі және қосымша жазаны іс жүзінде өтегеннен кейін қайта есептеледі. Бұл жағдайда адам екі қылмыстың ең ауыры үшін соттылық мерзімі өткенге дейін олар үшін сотталған деп есептеледі. Соттылықты жою немесе алу соттылыкқа байланысты барлық құқықтық зардаптардың күшін жояды.