Тұтынушылар нарығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2011 в 16:57, реферат

Краткое описание

Біз күнделікті нан, сүт, картоп сатып аламыз, шаштаразға барамыз, ұялы байланысты қолданамыз, басқаша айтқанда – тауарлар мен қызметтерді пайдаланамыз. Бұл үшін ақы төлейміз, сондықтан оның орнына бізді қанағаттандыратын сапалы өнім алуға құқылымыз. Дамыған елдерде тұты-нушының құқығы сенімді түрде заңнамамен бекітілгенжәне атқарушылық деңгейде қорғалған.

Оглавление

1.Нарықтағы тұтынушылардың қаржы қызметтерінің қалауын зерттеу

2.Қаржы қызметтерін тұтынушыларды қорғаудың маңыздылығы

3.Тұтынушылардың қалауы бойынша сүт және сүт өнімдеріне зерттеу жүргізу

Файлы: 1 файл

ТҰТЫНУШЫЛАР НАРЫҒЫ.docx

— 37.02 Кб (Скачать)
 

   Сонымен, 1- кестеден Қазақстанда жалпы сүт  өнімдері көлеміндегі  сүтті тұтыну  нормасының үлесі – 63,5% (тұтыну нормасы  260 кг болса нақты тұтұну 164,92), Белорусияда – 39,5%, Қырғызыстанда– 25,6%, қаймақты пайдалану Қырғызыстанда – 23%. Осы кестеде Ресейде, Беларусияда және Украинада сүт өнімдерін тұтыну нормасы бір деңгейде екені көрсетілген, бұл осы елдердің географиялық орналасуына байланысты.. Сүт өнімдерін бір жылда тұтынудың ең төменгі нормасы  Қырғызыстанда – барлығы 184,8 кг, себебі сүт және сүт өнімдерін тұтыну ең алдымен тұтынушының төлем қабілеттілігіне тәуелді. Қазақстан осы көрсеткіш бойынша Ресей мен Белоруссиядан арта қалып отыр 

   Сүт және сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға байланысты жүргізілген  ғылыми зерттеулер негізінде келесідей  тұжырымдар мен ұсыныстарды жасауға  болады:

   1. Сүт және сүт өнімдерінің бәсекеге  қабілеттілігі – бәсеке жағдайында  тағамдық құндылығы, табиғилығы, дәмі, майлылығы, бағасы, сақталу  мерзімі, санитарлық-гигиеналық  жайы, сыртқы орамасының тартымдылығымен тұтынушылардың қажеттілігі мен талғамын және өткізу жағдайымен қанағаттандыратын экономикалық түсінік.

   Шикізатты тиімді пайдалануға сүт және сүт  өнімдері қайта өңдеу  де әсер  етеді. Қажетті құралмен толық жабдықталмау сүт  өнімдері барлық компонентін  қолдануға және кейбір түрлерін шығаруға кедергі келтіреді.

   2. Қазақстанның сүт өндірісі Кеңес  Одағының ыдырауы салдарынан  болған көптеген ірі сүт фермаларының  жабылуы кезіндегі қысылтаяң  заманда өте нашар күйге түскендігін  айтып өтуге тура келеді. Нәтижесіне  еліміздегі сүт өнімдерін беретін  мал негізінен жеке тұлғалар  қолында қалды. Мұндай жағдай  сүт өндірісінің дамуына теріс  әсерін тигізеді. Жеке шаруашылықтар  сүт өндіруші кәсіпорындарға  жеткізілетін өнімнің қажетті  сапасымен қамтамасыз ете алмайды.  Атап айтқанда отандық сүт  өндірушілерінің сүт құрамында  бактерияның ену деңгейінің жоғары  болуы байқалады. Бұл жағдай  сүт өнімдерінің төмен сапасына, жоғары қосымша өндірістік шығындарға  және комбинаттардың сүт өнімдерін  өндіру ассортименттерінің төмендеуіне  әкеліп соғады.

   Оған  қоса, ірі сүт фермаларының жеткіліксіз  болуы Қазақстандағы сүт өндіру деңгейінің айтарлықтай төмендеуіне  және сүт өндірісіндегі сүт өнімдерінің  26% құрағандығына себеп болды.Қазақстандағы сүт рыногы соңғы кездері әр түрлі жағдайда, таза өнім тұрақтылығын анықтау  көрсеткіші   төмен,  өнімнің  рентабелділігі бір қалыпты емес.

   Нәтиже  көрсеткіштері отандық сүт өнімінің бәсекеге қабілеттілігі өзіндік  құны төмен екендігін көрсетеді, негізгі қорды, технологияны жаңарту, сапалы тұқым мен  тыңайтқыштарды ауыстыруға шығын жұмсамайды. Материалдық  – техникалық базаны осындай жағдайда болуы отандық сүт өнімінің  бәсекеге  қабілеттілігін  арттырмайды

   3. Шығыс Қазақстан облысындағы мал шаруашылығының даму барысы жыл сайын өсіп отыр. Жалпы Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы мен айналысуға өте қолайлы территорияда орналасқанын жоғарыдағы жұмыстың нәтижесінен көруге болады..

   4. Соңғы жылдары мал шаруашылығы  өнімдерінің және асыл тұқымды  мал басының саны тұрақты өсіп  келе жатқаны талдауларға сүйеніп  анықтауға болады. Сүт өнімдерінң  бәсекеге қабілетті болуының  бірден бір себебі сапасында.  Сапаны жоғарарлату үшін ең  бірінші саралы шикізат көзін  қолдау;

   5. Нарықтық қатынастардың дамуына қарай сүт және сүт өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың арасында бәсекелестік күшейе түседі. Нарық қатысушыларының саны неғұрлым өскен сайын, бәсекелестік те соғұрлым күшті болады, басқа сөзбен айтқанда, ол өзінің толыққанды формасына жақындаған сайын, бәсекелестіктің дамуы алға басады. Бәсекелестіктің алдын алу үшін жаңа формалар мен кәсіпкерлерді өздерінің нарық позицияларын күшейтуі қажет. Бұл өз кезегінде бәсекелестік құбылысын зерттеуді, оның болмысын, бағалау көрсеткіштерін түсінуді және т.б. талап етеді.

   6. Мемлекеттік қолдаудың экономикалық  механизмдері тұрақты емес, сонымен  қоса, материалдық құндылықтар, ауылшаруашылық  техникасы лизингісі, ауыл шаруашылық  өндірісін несиелеу  және  сақтандыру, сүт сапасының стандарты әлемдік  талаптарға сәйкес келмеуі, менеджмент  деңгейі  төмендігі, маркетингтік  ақпараттың жетіспеушілігі, озық  аграрлық техникамен жабдықтаудың  сервистік қызметі дұрыс жолға  қойылмауы, өндірісті ұйымдастырудың  жаңа тәсілдерін қабылдамауы  т.б 

   7. Тауарды тарататын каналдардың дұрыс болмауы, тауарды сату, таратудың бірыңғай саясатының жоқтығын білдіреді. Бұл өз кезегінде делдалдар рыногында пайда мол пайда табуға  ықпал етеді. Олардың ауыл шаруашылығы өнімдерінен тапқан табысы, агро өндірістің өркендеуіне емес сауда капиталы саласына өтеді. Сатылым бағасы  өндіріс шығынынан аз болуы мүмкін.

   Осы мақсатта  сүт өнімдерін  өндіруді дамыту  бойынша ғылыми негізделген, инновациялық   технологиялық  жаңалықтар енгізетін, салықтық,  кедендік  жеңілдіктер, сондай –ақ  сапа  менеджментін (ИСО, ХАСПП),  тауар экспорты  субсидиясы,  несиелеу, техника  мен жабдықтар  лизинг қолдану  жеңілдігінің   экономикалық  механизмдері  қарастырылған  шаралар  кешенін  жасау  қажет.

Информация о работе Тұтынушылар нарығы