Зейнетақы қоры

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 19:07, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің қазіргі жағдайы мен дамуына талдау жүргізу барысында оны жетілдіру мәселелерін анықтау болып табылады.

Оглавление

КІРІСПЕ..............................................................................................................3

І.ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ НАРЫҒЫНДАҒЫ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Қазақстанның инвестициялық нарығындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің түсінігі оның функциялары..............................................................5

1.2 Қазақстанның инвестициялық нарығындағы зейнетақы қорларының құрылуы мен экономикада пайдаланылуы.......................................................8

1.3 Инвестиция нарығындағы зейнетақы қорын реформалаудың шетелдік тәжірибесі...........................................................................................................12

ІІ.ҚАЗАҚСТАН ЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ НАРЫҒЫНДАҒЫ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

2.1 Қазақстан Репсубликасының зейнетақы жүйесінің инвестициялық іс-әрекеттеріне талдау жүргізу негіздері.............................................................17

2.2 Зейнетақы жүйесінің қаржы нарығындағы ролі мен олардың тиімділігін бағалау................................................................................................................19

2.3 Қазақстандағы зейнетақы жүйесі мен қорын реформалау негіздері..............................................................................................................21

ІІІ.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ НАРЫҒЫНДАҒЫ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ДАМУЫН ЖЕТІЛДІРУ

3.1 Зейнетақы жүйесін жаңғырту тетіктері мен басымдықтары...................24

3.2 Зейнетақы қорларының 2030 стратегиялық бағдарламадағы ерекшеліктері.....................................................................................................26

Қорытынды......................................................................................................28

Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................30

Қосымша

Файлы: 1 файл

GULNAZ ЗЕЙНЕТАКЫ коры.doc

— 189.00 Кб (Скачать)

Мазмұны

КІРІСПЕ..............................................................................................................3

І.ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ  НАРЫҒЫНДАҒЫ ЖИНАҚТАУШЫ   ЗЕЙНЕТАҚЫ  ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Қазақстанның инвестициялық нарығындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің түсінігі оның функциялары..............................................................5

1.2 Қазақстанның инвестициялық нарығындағы зейнетақы қорларының құрылуы мен экономикада пайдаланылуы.......................................................8

1.3 Инвестиция нарығындағы зейнетақы қорын реформалаудың шетелдік тәжірибесі...........................................................................................................12

ІІ.ҚАЗАҚСТАН  ЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ  НАРЫҒЫНДАҒЫ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

2.1 Қазақстан Репсубликасының зейнетақы  жүйесінің инвестициялық іс-әрекеттеріне  талдау жүргізу негіздері.............................................................17

2.2 Зейнетақы жүйесінің қаржы нарығындағы ролі мен олардың тиімділігін бағалау................................................................................................................19

2.3 Қазақстандағы зейнетақы жүйесі  мен қорын реформалау негіздері..............................................................................................................21

ІІІ.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ НАРЫҒЫНДАҒЫ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ДАМУЫН ЖЕТІЛДІРУ

3.1 Зейнетақы жүйесін жаңғырту  тетіктері мен басымдықтары...................24

3.2 Зейнетақы қорларының 2030 стратегиялық  бағдарламадағы ерекшеліктері.....................................................................................................26

Қорытынды......................................................................................................28

Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................30

Қосымша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуындағы маңызды  рөлді Қазақстанның зейнетақы қызмет көрсету нарығы алады. Бұл бүгінгі таңда тұрақты түрде дамып келе жатқан нарықтардың бірі. Зейнетақы реформасына еркіндік беріп, даңғыл жол ашқан (Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы 1997 жыл 20 маусым) Қазақстан Республикасының заңы болған. Осы негізде бүгінгі күні жаңа зейнетақы жүйесі аяғынан тік тұрды деп айтуға болады.  Халықты зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесі әр кезде әр елде өте маңызды болған. Бұл жүйенің дамуы елдің ерекшелігіне, әлеуметтік – экономикалық дамуына қарай қалыптасқан деуге болады. Соның ішінде Қазақстан Республикасында таңдалған зейнетақы мен қамтамасыз ету жүйесі өзінің ерекшелігіне ие. Бұл жүйенің ары қарай дамуы бүгінгі таңда актуалды мәселелерінің бірі. Ол көп аспектілі және де талдау, талғау, зертеуді қажет ететін жүйе деп санаймын. Ол неғұрлым түсінікті, жеткілікті, жан-жақты тармақталған жүйеге айналса соғұрлым оның дамуы, тұрақтылығы нығая түседі.

Тақырыптың  өзектілігі: Республикамыздың "Қазақстан- 2030" бағдарламасында барлық Қазақстандықтардың әл-ауқатын, қауiпсiздiгiн жақсарту, гүлдену, даму стратегиясында Президентiмiз Н.Назарбаев атап өткендей, елiмiздiң дамуының басым бағыттарының бiрi тұрғындардың материалдық және әлеуметтiк әл-ауқаты болып табылады. Тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудiң деңгейi мен сапасы-елiмiздiң азаматтарының әлеуметтiк және экономикалық жағдайының маңызды құрамдас бөлiгi. ЖЗЖ тұрақты түрде дамуы Қазақстан Республикасының экономикалық дамуын жылдамдатуға ықпал етедi. Республиканың әлеуметтiк-экономикалық жүйесiнде неғұрлым қарқынды дамушылардың бiрi зейнетақы жүйесi болып табылады. Сонымен қатар, әрекет етушi жинақтаушы зейнетақы жүйесiне зерттеулер жүргiзу, оның тереңдеуi, нарықтық экономикалық жағдайындағы Қазақстан экономикасына бейiмделуi және оның әрекет етуiнiң қысқа мерзiм iшiнде пайда болған пiкiрталастағы және шешiлмеген көптеген мәселелер мен сұрақтардың бар екендiгi жөнiнде белгiлi бiр тұжырымдар жасауға мүмкiндiк бередi.  
Атап айтатын болсақ, еңбек етiп болғаннан кейiнгi кезеңде қалыпты өмiр сүрудi қамтамасыз етуге зейнеткерлердiң жинақ қорларының саны емес сапасының жеткiлiксiздiгi, өмiр сүру ұзақтығының әр-түрлiлiгi, еңбек ақы теңсiздiгi нәтижесiнде әйелдер мен ерлер арасындағы зейнетақы мөлшерiндегi теңсiздiктiң болуы, өндiрiстiк мүгедектiк мәселелерi және т.б. Қазақстан экономикасының даму ерекшелiктерi зейнеткерлiкке шыққан мерзiм iшiнде тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту мен қолдау мақсатында тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiн дамытуға бағытталған кешендi шаралардың жүзеге асырылуын қолдайды. Қажетті нәтиже алу үшін,экономиканы жеделдету мақсатында инвестициялар жасау қажет.Ол үшін ішкі жинақ қорларды шоғырландыру-басты шарттардың бірі болып табылады. Экономикалық өсу және дамытудың құпиясы өте қарапайым: тек қана ұлттық қорларды және инвестицияларды көбейту қажет. ЖЗҚ әрекет етуі ұзақ мерзімді инвестициялық процесті білдіреді. Алайда, қорлар кәсіпорындардың бағалы қағаздарына инвестиция жасап экономиканы қаржыландыруды және қаржы құралдарын банк депозиттеріне орналастыру арқылы, коммерциялық банктердің ресурстық базасын толықтыруды әзірше қаржылар тиімді орналастырылды деп айтуға болмайды. Зейнетақы қорларының инвестициялық іс-әрекеттерінің нәтижесі, олардың әрекет етуінің бастапқы кезеңінде, инвестициялық мүмкіндіктерді жеткіліксіз пайдаланғанын көрсетеді.Біздің ойымызша, оның басты себептері: қаржы құралдарының қайтарылуына мемлекеттік кепілдіктердің болмауы, қаржы нарығындағы тұрақсыз жағдай. Сондықтан, зейнетақы активтерін экономиканың нақты секторындағы шаруашылық салаларын және зейнетақы саласын дамытудың басты бағыттарын қаржыландыру мақсатында пайдалану керек деп есептейміз.  Жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің қазіргі жағдайы мен дамуына талдау жүргізу барысында оны жетілдіру мәселелерін анықтау болып табылады.  Осы мақсатқа жетуде курстық жұмыстың алдында мынандай міндеттерді шешу керек:  1) ҚР ЖЗҚ жалпы сипатын суреттеу үшін оның бірінші – түсінігі мен функцияларын құрылуы мен экономикада пайдаланылуын айта кеткенім жөн деп есептеймін.  2) Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақтардың сақталуын қамтамасыз ету, халықтың сеніміне нарықтық ортада ие болу, оның қаражаттарын жинақтау бұл қорлар үшін басты мәселелердің бірі.  3) Еліміздің жинақтаушы зейнетақы қоры өз сипаты мен ерекшелігіне ие болса, шетел тәжірибесіндегі осы қорлар қандай сипатқа ие деген салыстырмалы көзқарас сияқты мәселелер сөз етіледі.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, 3 тараудан, қорытынды мен қолданылған  әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Қазақстанның инвестициялық нарығындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің теориялық негіздері

1.1 Қазақстанның инвестициялық  нарығындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің түсінігі оның функциялары

 

Зейнетақы– азаматтарға белгілі бір жасқа толғанда, мүгедектігіне байланысты, асыраушысынан айрылғанда, арнаулы қызмет атқарған жылдары үшін, заңнамада көзделген басқа да реттерде берілетін тұрақты ақшалай төлемақы. Зейнетақы жинақтаушы зейнетақы қорлары есебінен төленеді. Қазақстан Республикасында зейнетақы тағайындау және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде және Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы” заңымен, басқа да заң актілерімен айқындалады. Қазақстан 1998 жылы 1 қаңтардан бастап зейнетақымен қамсыздандырудың бұрынғы ынтымақтық жүйесінен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшті. Бұл орайда ынтымақтық жүйе де сақталды. Ынтымақтық жүйе бұрынғы зейнеткерлерді зейнетақымен қамсыздандырады және келешекте ынтымақтық жүйеде жұмыс стажын толық өткерген, бірақ жинақтаушы жүйеде зейнетақы алуға жеткілікті ақша жинауға мүмкіндігі болмаған адамдарды зейнетақымен қамсыздандырады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінде әрбір азамат өз табысынан зейнетақы жарнасын (еңбекақы түрінде төленуге тиіс табысының 10%-ын) аударып, өз зейнетақысын жеке өзі дербес жинайды. Сөйтіп, зейнетке шыққан кезде жинақталған ақша салымшыларға олардың жеке зейнетақы шоттарынан төленеді. Сонымен бірге аталған заңға сәйкес жұмыс істеушілер мен жұмыс берушілердің мемл. емес жинақтаушы зейнетақы қорларына аударатын ерікті жарналарынан құралатын қосымша зейнетақы төлеу тәжірибесі де қалыптаса бастады.

Жинақтаушы зейнетақы  жүйесі кезінде әркім өз табысынан  міндетті зейнетақы жарнасын аударды. Осы көздің есебінен жинақтаушы зейнетақы  қорлары салымшыларының зейнетақы  қорланымдары қалыптасады. Ұстау және жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу мына мөлшерлемелер бойынша жүзеге асырылады: жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын заңды тұлғалар, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер, адвокаттар мен жеке нотариустар ай сайынғы табыс ақша немесе натуралдық нысандағы табысынан он пайыз мөлшерінде жарна аударады. Міндетті зейнетақы жарналарын есептеуге алынатын ай сайынғы табыс ең  төменгі айлық жалақының жетпіс бес еселік мөлшерінен аспауы қажет. Жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылатын міндетті зейнетақы жарналары Салық Кодексінің 144 бабының тармақшаларында белгіленген төлемдерден ұсталынбайды. Кейін зейнетақы төлемдері мемлекеттік немесе  мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларындағы әркімнің жеке зейнетақы шотынан төленеді. Сондықтан зейнетақының мөлшеріне бюджеттің жай-күйі, қанша адамның жұмыспен қамтылып, ақшасы жұмыссыз жүргені әсер етпейді.

Салымшылар немесе жұмыс  берушілер міндетті зейнетақы жарналарына  қосымша ретінде ерікті зейнетақы  жарналарын төлей алады, олардың  мөлшері шектелмейді, жарналар бірақ рет немесе дүркін-дүркін ұдайы немесе тұрақсыз, қолма-қол ақшамен немесе аудару жолымен төленеді.

Зейнетақы төлемдері  салымшының таңдауы бойынша Мемлекеттік  жинақтаушы зейнетақы қорына немесе Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы  қорларына бағытталады, салымшыға зейнетақы келісім шартының негізінде жеке зейнетақы шоты және жекеше нөмір-әлеуметтік жеке код ашылады.

Ең төмен әлеуметтік төлемақылар мөлшерін есептеудің негізі орта есеппен және жан басына шаққандағы тұтыну бюджетінің мөлшері болып табылады. Бұл үшін негізгі тамақ өнімдері, киім-кешек, дәрі-дәрмек, отын бойынша отбасына қажет қызметтер жиынының ең төмен тұтыну қоржынының құны мен құрамы есептеп шығарылады. Ең төмен тұтыну бюджетінің мөлшері бағалар деңгейінің өзгерімен байланысты мезгіл-мезгіл қайта қаралып тұрады және уәкілетті орган қайта бекітеді.

Әлеуметтік шығыстар зейнетақы төлеудің Мемлекеттің  орталығы, қазіргі кезде мемлекеттік  бюджетке қамтылған Мемлекеттік  жинақтаушы зейнетақы қоры, әлеуметтік қорлар немесе шаруашылық субьектілерінің тұтыну қорлары арқылы жүзеге асады. Төлемақыларды халықты әлеуметтік қорғау органдары, шаруашылық субьектілері, өндірістік емес сфера ұйымдары жасап жүргізеді. Кәсіпорындар мен ұйымдарда әлеуметтік сақтандыруды кәсіподақ комитеттері қадағалап отырады.

Халықты әлеуметтік қорғауға жұмсалатын шығыстар қаржы құжаттарында, жоспарларда, болжамдарда, есептерде  әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмекке жұмсалатын шығыстар ретінде  қамтып көрсетіледі.

Халықты әлеуметтік қорғау санатына қосылатын ұғымдардың айырмашылықтары бар.

Әлеуметтік қамсыздандыру  қоғамның еңбекке жарамсыз және жұмыс  істемейтін мүшелерін материлдық қолдау жөніндегі қатынастардың кең  спектрін қамтиды. Әлеуметтік қамсыздандырудың нысаны ретінде әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік жәрдемақылар төлеу және халықтың тұрмысы төмен жіктеріне әлеуметтік көмек деп аталатындар бола алады.

Әлеуметтік сақтандыру өзінің экономикалық табиғаты жағынан  адамның еңбек қызметімен және бұл  қызметтің нәтижесінде байланысты болып келетін тиісті төлемақыларға арналған қорларды қалыптастырумен байланыстырылады. Яғни әлеуметтік сақтандыру жөніндегі қаражаттар айтарлықтай дәрежеде, өзін-өзі қаржыландыру қағидасы бойынша, пайдаланушының олардың алуына қарай көп немесе аз уақыт аралығымен жасалынады.

Тұрмысы төмендегілерге әлеуметтік көмек негізінен кедейлік шегінен арғы халықтың көптеген санаттарында таралады және мемлекет немесе қайырымдылық-қоғамдық мақсатты, жеке меншіктегі негізгі қорлардың есебінен болатын қайыр көрсету сипаты болады және мақсаты кедейлерге қамқор болу.

Сөйтіп, әлеуметтік мұқтаждықтарды қаржыландыруға арналған қаражаттарды қалыптасырудың үш әдісін бөліп көрсетуге  болады: сақтық, бюджеттік, қайырымдылық жарналары әдістері.

Сақтық әдіс әлеуметтік төлемақылардың түрлерін қаржыландыру үшін қайта бөлу арналары бойынша қызмет көлемінен белгілі бір мөлшерде аударылатын қаражаттарды талап етеді.

Бюджеттік әдіс кезінде  қаражаттар ақша ресурстарының жалпы  мемлекеттік қорынан мемлекеттің  мүмкіндігімен және әлеуметтік және бюджет саясатының мақсаттарымен анықталатын деңгейде бөлінеді.

Қайырымдылық жарналары  әдісі кезінде қаражаттардың  тіркелген мөлшерлері болмайды, және арналар бойынша олардың түсуіне  қарай қайырымдылық жарналарын іске асыратын ұйымдар анықтайтын мақсаттарға  жұмсалады.

Әлеуметтік сақтандыру-көбінесе зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі, еңбекке уақытша жарамсыздық жөнінде жәрдемақылар төлеу, жұмысынан айырылған кезде әлеуметтік қолдау арқылы іске асырылады.

Зейнетақы-бұл зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтар  заңнамада көрсетілген тәртіппен зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан, Жинақтаушы зейнетақы қорларынан, ал әскери қызметшілер, ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін тиісті қызметтерді ұстауға көзделген қаражат есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы.

Жұртқа мәлім 1998 жылға  дейін зейнетақы кәсіпорындардың  өз қызметкерлері үшін аударған жарнасы  есебінен төленіп келді. Бірақ жарнадан жиналатын қаражат күндердің  күнінде мемлекеттік зейнетақы  төлеу үшін қажет болатын қаражат  мөлшеріне жетпей қалуы мүмкін еді. Оның үстіне экономика дағдарысқа ұшырап, жұмыссыздық етек алған тұста бұл проблема өткір сипат ала түскен. Осы жайт жаңа зейнетақы жүйесін енгізуге итермелеген ең негізгі себептердің бірі болды. Ескі ынтымақтастық зейнетақы жүйесі мұндай жағдайда іркіліссіз төленуін қамтамасыз ете алмайтыны түсінікті.

 

 

 

1.2 Қазақстанның инвестициялық нарығындағы зейнетақы қорларының құрылуы мен экономикада пайдаланылуы

 

Қазақстанның заманауи зейнетақы  жүйесі Қазақстан Республикасының Үкіметі еліміздегі зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі тұжырымдамасын мақұлдап және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы қабылданған 1997 жылдан бастап өз жұмысын бастады. Жаңа ереже ынтымақтастықты жүйеден ақырындап бас тарта отырып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізін құруға жасалды. Өткен жүз жылдық соңында зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері ерекше шиеленіс жағдайларында болды. Оған себеп бір жағынан нарықтық экономика механизміне өту болса, екінші жағынан - өткен жүз жылдықтың 90 жылдарындағы Қазақстанға тән әлеуметтік-демографиялық фактор болды.

Информация о работе Зейнетақы қоры