Зейнетақы қоры

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 19:07, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің қазіргі жағдайы мен дамуына талдау жүргізу барысында оны жетілдіру мәселелерін анықтау болып табылады.

Оглавление

КІРІСПЕ..............................................................................................................3

І.ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ НАРЫҒЫНДАҒЫ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Қазақстанның инвестициялық нарығындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің түсінігі оның функциялары..............................................................5

1.2 Қазақстанның инвестициялық нарығындағы зейнетақы қорларының құрылуы мен экономикада пайдаланылуы.......................................................8

1.3 Инвестиция нарығындағы зейнетақы қорын реформалаудың шетелдік тәжірибесі...........................................................................................................12

ІІ.ҚАЗАҚСТАН ЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ НАРЫҒЫНДАҒЫ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

2.1 Қазақстан Репсубликасының зейнетақы жүйесінің инвестициялық іс-әрекеттеріне талдау жүргізу негіздері.............................................................17

2.2 Зейнетақы жүйесінің қаржы нарығындағы ролі мен олардың тиімділігін бағалау................................................................................................................19

2.3 Қазақстандағы зейнетақы жүйесі мен қорын реформалау негіздері..............................................................................................................21

ІІІ.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ НАРЫҒЫНДАҒЫ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ДАМУЫН ЖЕТІЛДІРУ

3.1 Зейнетақы жүйесін жаңғырту тетіктері мен басымдықтары...................24

3.2 Зейнетақы қорларының 2030 стратегиялық бағдарламадағы ерекшеліктері.....................................................................................................26

Қорытынды......................................................................................................28

Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................30

Қосымша

Файлы: 1 файл

GULNAZ ЗЕЙНЕТАКЫ коры.doc

— 189.00 Кб (Скачать)

Чили заңдарына сәйкес зейнетақылық қорларының Ұйымдастырушылары (ары қарай - ЗҚҰ) атауына ие болған ұйымдар құрылды. Олар салымшылармен  жасалатын зейнетақы келісім-шартының негізінде зейнетақылық шоттарын басқарумен және зейнетақы активтерін инвестициялық басқарумен айналысты. Осылайша, әу бастан активтерді басқарумен де, жарналарды жинаумен де ЗҚҰ айналысты. Реформа басталған кезде олардың саны 11 еді, кейінірек олардың саны 23-ке дейін өсті. Қазіргі уақытта мұндай компаниялардың алтауы қалды, және олар барынша ірі қаржы мекемелері болып табылады. Соңғы ЗҚҰ 2010 жылы құрылған болатын, бұл зейнетақы жүйесіндегі бәсекелестіктің қызуын арттырады.

Зейнетақылық қорларының басқарушылары салымшылар жарналармен қосып төлейтін және олардың еңбекақыларының орта есеппен 2,4%-ын құрайтын комиссиялық сыйақыларды алады. Осыған байланысты қорларға аударылатын аударымдардың жалпы сомасы еңбекақыдан орта есеппен 13%-ын құрайтын Әуел бастан ЗҚҰ қызметінің зейнетақы активтерін инвестициялауға қатысты толықтай ашықтығы және олардың қызметіне қатаң мемлекеттік бақылау қамтамасыз етілген. Зейнетақы активтерін ЗҚҰ тек заң жүзінде рұқсат етілген құралдарға ғана: мемлекеттік құнды қағаздарға, шұғыл салымдар, вексельдер, жекеменшік корпорациялардың облигацияалары мен акциялары сияқты қаржылық мекемелердің құралдарына, шетелдік құнды қағаздарға салуы мүмкін. Инвестициялаумен байланысты қауіптерді диверсификациялау, осымен аяқталмайды: ЗҚҰ бір компаниядағы акцияларға салынатын қаражаттардың 7%-ынан астамын және бір банктің акцияларына салынатын қаражаттардың 5%-ынан астамын салуға рұқсат етпейді, мемлекеттік облигацияларға активтердің жалпы сомасынан 50%-ынан астамын салуға рұқсат етпейді, шетелдік құнды қағаздарға зейнетақы жинақтары қаражаттарының 30%-ға дейінгісін салуға рұқсат етілген, реформа басталған кезде бұл үлес 5%-ға тең болған. Чилилік зейнетақылық қорларының барлық салымшыларына нарықтағы орташа деңгейден аздап қана ерекшеленетін кірістілік кепілденеді. Егер кірістілік орташанарықтық деңгейден төмен болса, аталған айырмашылық ЗҚҰ-ның өз қаражаттарынан алынып жабылады, ал қор банкротқа ұшыраған жағдайда – мемлекет жабады. Жоғарғы кірістілікке қол жеткізілген жағдайда – артығы арнайы резервтік қорға депозитке салынады. Чилиде зейнетке шығу жасы заң жүзінде анықталған: ерлер үшін 65 жас және әйелдер үшін 60 жас. Алайда егер зейнетақы шотында зейнетке мерзімнен бұрын шығуға жеткілікті сомасы жиналған болса, зейнетке ерте шығуға болады. Зейнетақылық шотындағы зейнетақылық жинақтары қаражаттарының сомасы жеткіліктілігін екі нұсқаумен анықтауға болады, оларға сәйкес зейнетақы жинақтары қаражаттарының сомасы өмірлік аннуитетті қамтамасыз етуі тиіс, ол мынадан кем болмауға тиісті:

  1. салымшының еңбек жолының соңғы он жылындағы орташа еңбекақысының 50%-ынан;
  2. мемлекетпен кепілденген ең төменгі зейнетақының 110%-ынан.

Чилидің зейнетақы жүйесінің  айырықша ерекшелігі – зейнетақы төлеу жолдарының сан алуан түрлерінің болуы. Салымшының қалауына қарай зейнетақы төлеудің үш нұсқасы ұсынылады. Біріншісі – бұл жағдайда салымшы жекеменшік сақтандыру компаниясында қалауына қарай өзінің жеке зейнетақы шотында жиналған қаражаттарына өмірлік аннуитет алады. Төлемнің аталған нұсқасын заң бойынша мемлекет кепілдендіретін ең төменгі зейнетақының 110%-ынан төмен болмайтын көлемдегі төлемді қамтамасыз ететін аннуитет алуға мүмкіндік беретін соманы жинаған салымшылар ғана пайдалана алады. Екіншісі – ЗҚҰ -ындағы зейнетақы жинақтарын бағдарламалы түрде қайтару. Бұл жағдайда зейнетақы жинақтарының қаражаттары зейнеткерге оның қалған өмірінің есептелінген мерзіміне сүйене отырып төленеді. Төленетін сома жеке зейнетақы шотындағы жинақтардың құбылмалы нарықтық құнын ескере отырып жыл сайын тексеріліп отырады. Үшіншісі – алғашқы екі тәсілдердің қосындысы болып табылатын кейінге қалдырылған аннуитет (оны 10%-дан төмен етіп таңдайды). Салымшы кейінге қалдырылған аннуитет туралы сақтандыру компаниясымен келісім-шартқа отырады. Салымшы бір мезетте қор басқармасына белгілі бір соманы қалдырады. Қор сақтандыру компаниясы аннуитетті төлеуін бастаған сәтке дейін салымшыға зейнетақы төлейді. Қордың төлемдері зейнетақылық жинақтарын бағдарламалы түрде қайтару тәртібінде жүзеге асырылады. Чилидің жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 30 жыл бойғы қызметінде оны реформалау әлдеқашан жүзеге асырылған, бірақ өз негізінде ештеңе де өзгере қоймаған. Кез-келген елдегі зейнетақы жүйесін реформалау бағдарламасының тиімділігі ұзақмерзімді сипатқа ие болғандықтан, енгізілетін түзетулер де әбден негізделген болып табылады. Зейнетақымен қамтамасыз етудің қосымша деңгейлерінің қажеттілігі мойындау әсіресе маңызды болып табылады, сондай-ақ 2002 жылы мультипортфельдер жүйесінің енгізілуі барынша тиімді қадам болып табылады, дағдарыс жағдайындағы ЗҚҰ қызметінің нәтижелері соның дәлелі болып табылған еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Қазақстан Республикасының  инвестициялық нарығындағы  жинақтаушы  зейнетақы қорының қазіргі жағдайы

2.1 Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің инвестициялық іс-әрекеттеріне талдау жүргізу негіздері

Бүгінгі таңда Қазақстан - серпінді дамушы мемлекет. Әлемдегі алпауыттардың бірі - Кеңес Одағының ыдырауына байланысты екі он жылдық қана бұрын біздің үлесімізге үлкен сынақ түскенін көз алдымызға елестету, тіпті қиын. Сол мезетте, елдігімізді сақтап, құлдыраған экономиканы көтеріп және осының негізінде халықты лайықты өмір сүру деңгейімен қамту басты мақсат болды. Нарықтық реформалар жүргізілмесе Тәуелсіз Қазақстанның жаңа іргетасын қалыптастыруы мүмкін болмас еді. Аса қажетті түбегейлі экономикалық өзгерістерді жүзеге асырудағы тарихи жауапкершілікті мемлекеттің Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алды. Әлемдік стандартқа сай нарықтық заңдар қабылданып, осы алғышарттар экономиканы мүлдем басқа арнаға бұрды. Жаңа бюджеттік және салықтық жүйе құрылып, баға еркін жіберілді. 1993 жылы төл теңгеміз енгізілді, ұлттық валютамыз жеке макроэкономикалық саясатты жүргізуге мүмкіндік берді. Үкімет қалыптасқан ауыр экономикалық жағдайға қарамастан, 1992 жылдан бастап халықтың теңдей өмір сүру деңгейін қолдауға бағытталған жүйелік шараларды қабылдады. 1995 жылға дейінгі кезеңде еңбекақы төлемі деңгейінің ауысып отыруы есебінен зейнетақыны жыл сайын қайта есептеу жүзеге асырылып отырды. 1995 жылдан бастап индекстеу, кезең-кезеңмен ең төмен зейнетақы мөлшерін елеулі түрде арттыру негізінде зейнетақы мөлшерін көтеру жүргізілді. Дегенмен Қазақстанның сол кезеңде ұрпақтар ынтымақтастығына негізделген зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің толық мүмкіндіктері сарқылған болатын. 1998 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша елдегі зейнетақы төлемі бойынша қарыз 36 млрд теңгені құрады. Осыған орай, зейнетақымен қамсыздандырудың озық халықаралық тәжірибесін талдау негізінде жүйені реформалау мәселесі өмірлік қажеттілік болып туындады. Нәтижесінде, 1997 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін реформалау Тұжырымдамасын қабылдады. Осы кезеңде көптеген мемлекеттер өздерінің міндеттерін орындай алмай, өтеу мәселесін шегеріп жатқан болатын. Ал Қазақ елі зейнеткерлік реформаны бұрынғы Кеңес Одағының құрамында болған мемлекеттер арасынан алғашқы болып бастады. Өткізілген реформа нәтижесінде Қазақстанда мемлекет, жұмыс беруші және қызметкерлер арасында зейнетақымен қамсыздандыруға жауапкершілікті тиімді бөлуге негізделген көп деңгейлі зейнетақы жүйесін жасақтау үшін іргелі жүйе құрылды. Бүгінгі таңда Қазақстанда үш деңгейлі зейнетақы жүйесі жұмыс істейді. Бірінші деңгей: еңбек үлесіне және бұрын алған табысына қарамастан барлық азаматтарға бірдей деңгейде мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі тағайындалады. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына 2005 жылдың 18 ақпандағы «Қазақстан экономикалық әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауына сәйкес 2005 жылы мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі енгізілді және егде жастағы азаматтардың табысын арттырудың аса маңызды шарасы болды. 2005 жылы базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 3 000 теңгені құрады, ал 2011 жылы ең төмен күнкөріс деңгейінен (ЕТКД) 50 % артып, қазір ол 8 000 теңгені құрайды (¬2,7 есеге өсті). 2020 жылға дейінгі Қазақстанды дамыту стратегиясын іске асыру шеңберінде базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 2015 жылы ЕТКД мөлшерінен 60 % жетеді. Екінші деңгей: мемлекеттік бюджеттен ынтымақтастық зейнетақы, жинақтаушы зейнетақы қорынан (ЖЗҚ) төленетін зейнетақы төлемі, яғни еңбек өтілі мен салық пен міндетті төлемдер төленетін азаматтың нақты жалақысына байланысты.  Ынтымақтастық зейнетақы алушылар 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде алты ай еңбек стажы бар адамдар болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекет саясатының басты мақсаты» Жолдауы шеңберінде барлық зейнеткерлерге соның ішінде, әскери қызметшілер санынан еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алатын зейнеткерлерге ынтымақтастық зейнетақының орташа мөлшері 2009 жылы - 25%-ға, 2010 жылы - 25%-ға, 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 30%-ға арттырылды. Алғаш рет зейнеткерлікке шығып отырған тұлғаларды әлеуметтік жағынан қорғау мақсатында 2008 жылдан бастап жыл сайын зейнетақы төлемдерін есептеу үшін ескерілетін табыс шектелуінің мөлшері артып отыр (2008 жылы 25 АЕК шегінде, 2009 жылы - 28 АЕК, 2010 жылы - 32 АЕК, 2011 жылы - 39 АЕК).Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде ТМД мемлекеттерінің арасында елімізде зейнетақымен қамсыздандыру деңгейі аса жоғары. Мәселен, зейнетақының орташа мөлшері 2007 жылмен салыстырғанда 2,6 есеге өсті. Соңғы 11 жыл ішінде (2000-2011 жылдары) ең төмен зейнетақы мөлшері - 7 есеге өсті (3 500 теңгеден 24 047 теңгеге дейін), зейнетақының орташа мөлшері - 8 есеге өсті (4 462 теңгеден 36 205 теңгеге дейін), зейнетақының жоғары мөлшері - 6,4 есеге өсті (8 156 теңгеден 52 226 теңгеге дейін). 2011 жылдың 1 тамызындағы мәлімет бойынша зейнетақы төлемінің табысын алмастыру коэффиценті өткен жылдың орташа еңбекақы төлемі деңгейіне 48,8 % құрады. 2011 жылғы 1 тамызға зейнетақы жинақтарының жалпы көлемі 2501,9 млрд құрап, 2009 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 21,8 % немесе 121,8 млрд теңгеге артқан.  
2011 жылғы 1 тамызға комиссиялық сыйақының көлемі зейнетақы активтерінен 42,7 млрд теңге, инвестициялық табыстан - 102,2 млрд теңгені, жалпы алғанда 144,9 млрд теңгені құрады.

 

2.2 Зейнетақы қорының  қаржы нарығындағы ролі мен олардың тиімділігін бағалау

 

Бәрімізге белгілі, мемлекет қабылдаған міндеттемелерінің шеңберінде жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы  жарналарын алушылардың зейнетақы  төлемдерінің іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуына кепілдік береді.  
2008 жылы бүкіл әлемде орын алған қаржы-экономикалық дағдарысының арқасында жүйенің берік екендігі дәлелденді. Дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар қабылданып, республикалық бюджет есебінен 2009 жылы 51 мың алушыға 1432,4 млн теңге мөлшерінде, 2010 жылы - 22,4 мың алушыға 770,3 млн теңге мөлшерінде мемлекеттік кепілдік айырмасы төленді.  
2011 жылы бұл мақсатқа 1,8 млрд теңге көзделген. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тұрақты екендігін өмірдің өзі айғақтап отыр. Бұған қоса, зейнеталды жастағы тұлғаларды әлеуметтік қорғау мақсатында 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнеталды (зейнеткерліке 7 жыл қалған) және зейнет жасындағы адамдардың зейнетақы жинақтарын инвестициялық қатерлерге барынша аз шалдығатын қаржылық құралдарға инвестициялауды көздейтін консервативтік портфель енгізу көзделініп отыр. Келешекте салымшылар тек қана құқықтарға ғана емес, өз зейнетақы активтерін басқарғаны үшін жауапкершілікке де ие болады.  
Осылайша, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеген 13 жыл ішінде елімізде жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тұжырымды және нормативті құқықтық базасы қалыптастырылды, инфрақұрылым құрылып және дамытылуда, зейнетақы жүйесін басқарудың белгілі бір тәжірибесі жинақталды, бұл өз кезегінде қолданыстағы жүйеге қажетті талдау жүргізіп, тиісті түзетулер енгізуге мүмкіндік береді. Үшінші деңгей (ерікті): ерікті немесе ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен ЖЗҚ төлем. Қазақстан Республикасының қолданыстағы зейнетақы заңнамасына сәйкес болашақ зейнеткерлерге ерікті зейнетақы жарналары есебінен өздерінің қорларын арттыруға қосымша мүмкіндік берілген, ол болашақта зейнеткерлер табысының қосымша көзі болады. Бүгінгі таңда, 38,4 мың адам ерікті зейнетақы жарналарының салымшылары, 4,1 мың адам - ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары болып табылады.  
Ерікті зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдері бұрын жалпы бекітілген зейнеткерлік жасы 50 жастан бастап жүзеге асырылады. Оларды зейнетақы аннуитеті шарттасқан шарттың негізінде сақтандыру ұйымынан немесе кесте бойынша кезеңдік төлем түрінде алуға болады.  Бүгінде Қазақстанда Тәуелсіздіктің 20 жылында халықаралық стандартқа сәйкес халықты зейнетақымен қамтамасыздандыру жүйесі құрылған деп ауыз толтырып айтуға болады.  Қазір еліміздегі зейнетақы жүйесінің қалыптасу кезеңі өтті. Енді әрі қарай даму шағы басталды.  2020 жылға дейін Қазақстан Республикасын дамыту стратегиялық жоспарына сәйкес зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі алдағы онжылдықта елімізді дамыту басымдықтары санатында қалады.  Халықтың игілігі үшін жасалып отырған және жоспардағы осы іс-шаралардың барлығы азаттығымызды айқындайтын, егемендігімізді танытатын, мемлекеттігімізді көрсететін қастерлі құжат - Ата Заң аясында іске асады. Конституциямыздың 28-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшерінде әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі. Сондықтан Ата Заң аясында әрбір азаматымыз мемлекет назарынан тыс қалмайды. Бұған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың түрлі салада мемлекеттің өсіп-өркендеуі үшін жылдар бойы терін төккен зейнеткерлердің әлеуметтік жағдайын үнемі назарынан жібермей, оларды қамқорлығына алу саясаты ықпал етері анық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Қазақстандағы зейнетақы жүйесі мен қорын реформалау негіздері

 

Жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандырудың ақпараттық жүйесін  жасау нәтижесінде аталған проблемаларды  жоюмен қатар, жарналардың есебін және оларды ЖЗҚ-ға мақсатты түрде есепке қосуды мемлекеттік бақылау, ЖЗҚ-мен, Республикамыздың банктік және салық жүйелерімен қаржылық-ақпараттық өзара әрекеттестік жүйесін қамтамасыз ету секілді негізгі міндеттерді шешу қажет болды. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің процестерін ақпараттандыру міндетті зейнетақы жарналарын есепке алудың және олардың түсімін, сондай-ақ жұмыс берушіден жинақтаушы зейнетақы қорларына қаржыны мақсатты есепке қосуды бақылаудың мемлекеттік дербестендірілген жүйесін жасауға мүмкіндік берді. Жарналарды аудару күнбе-күн жүргізіледі, қорытындысы әр күннің аяғында шығарылады.

Республикамыздың барлық азаматтарының міндетті зейнетақы  жарналары туралы ақпараттың сақталуы қамтамасыз етілген. Зейнетақы қорларының тартылуы, қосылуы, банкроттығы жағдайында салымшылардың нақты жүргізілген аударымдары туралы мәлімет сақталатын болады, бұл келеңсіз әлеуметтік зардаптың пайда болу мүмкіндігін жоюға жағдай тудырады.

ЖЗҚ, жұмыс берушілерге  және жеке тұлғаларға кез келген белгіленген  кезеңдегі жарналардың қозғалысы туралы ақпарат беру бөлігінде қызмет көрсетіледі, жастық-жыныстық құрылымы және басқа да деректері тұрғысында зейнетақы жарналарын аударатын жұмыс істейтін адамдардың саны, төлемдердің түсімдері бойынша көптеген статистикалық және аналитикалық мәліметтер қалыптастыру мүмкіндігі пайда болды.

Жинақтаушы зейнетақы  жүйесінің жұмыс істеу механизмін едәуір оңтайландыру 2006 жылы ЗТМО базасында  Бірыңғай есеп орталығы (БЕО) құру нәтижесінде, жинақтаушы зейнетақы қорларының барлық ақпараттық және ақша ағындары бір орталық – БЕО жинақталған кезде ғана жүзеге асырылды. Мұның нәтижесінде, жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтылған салымшылар санының объективті көрінісін алуға, қосарланған және бірнеше зейнетақы шоты проблемасын анықтауға, заңда белгіленген «бір салымшы – бір қор» принципін сақтауға жағдай жасауға қол жеткізілді.

Енгізілген өзгерістер зейнетақы жарналарын аудару рәсімін  жеңілдетуге және оңтайландыруға, салымшылардың  қолданыстағы зейнетақы шарттарына сәйкес төлемдердің қозғалысын қадағалауға, жұмыс берушілердің жұмыскерлерінің жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті түрде таңдауына әкімшілік ықпалы мүмкіндігін азайтуға жол берді.

Зейнетақы жарналарын аудару рәсімін оңтайландырумен қатар  жұмыс уақытын, бюджеттің және жұмыс  берушілердің қаржысын едәуір үнемдеу  қамтамасыз етілді.

Еліміздің жинақтаушы зейнетақы  жүйесін оңтайландыру жұмысы төмендегі  проблемалардың шешілуін қамтамасыз етті:

    • ЖЗҚ қате шоттарды жапты, бұл олардың дерекқорын тазартты және болашақ зейнеткерлерге зейнетақыларды төлеу процесін жеңілдетті. Бұдан басқа, шоттарға әкімшілік жүргізуге және салымшыларға хабарлауға бағытталған қаржыны үнемдеу қамтамасыз етілді.
    • Қолданыстағы заңның салымшының бір қордан екіншісіне жылына 2 реттен артық ауысуына бақылау жасау жөніндегі нормаларын орындау қамтамасыз етіледі.
    • Жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық сенімділігі мен қызметінің ашықтығы артты, соның салдарынан, зейнетақы жүйесін реттеуге мемлекеттің қатысу мүмкіндігі ұлғайды.
    • Мемлекетпен көзделген зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі кепілдіктерді іске асыру мүмкіндігі пайда болды. Республикалық бюджетке қажетті шығындарды қосу үшін мониторингті, болжамды қамтамасыз ететін механизм, сондай-ақ негіздеме болған жағдайда бұл кепілдікті іске асыру тәртібі іске асырылады.  
    • Зейнетақы жарналарын аудару бойынша жұмыс берушінің жұмыс уақыты мен қаржысын үнемдейді.
    • «Бір салымшы – бір қор» принципі іске асырылады. Сонымен бірге салымшының белгілі бір қорға тиістілігі туралы салымшының өзінен басқа ЖЗҚ мен БЕО ғана біледі, ал жұмыс беруші бір төлем тапсырмасын қалыптастыра отырып, қаржыны үнемдейді.
    • Салымшы қорды ауыстырған кезде жұмыс берушінің жарналарды төлеу рәсімі өзгермейді, яғни бухгалтерлік бағдарламаны өзгерту, төлем құжаттарын қалыптастыру жөнінде шығындар болмайды.
    • Міндетті зейнетақы жарналарының уақытында түсуі және оларды аудару бойынша берешектің азаюы қамтамасыз етіледі.

Мұның бәрі қорлардың  қаржылық сенімділігі мен қызметінің ашықтығы арттыруға, жинақтаушы зейнетақы  жүйесі субъектілерін қадағалай және реттеу тиімділігін күшейтуге, халықты қамтуды кеңейтуге, міндетті зейнетақы жарналарын төлеу тиімділігінің өсуіне жол берді.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Қазақстан Республикасының  инвестициялық нарығындағы жинақтаушы  зейнетақы қорының дамуын жетілдіру

Информация о работе Зейнетақы қоры