Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 19:07, курсовая работа
Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің қазіргі жағдайы мен дамуына талдау жүргізу барысында оны жетілдіру мәселелерін анықтау болып табылады.
КІРІСПЕ..............................................................................................................3
І.ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ НАРЫҒЫНДАҒЫ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Қазақстанның инвестициялық нарығындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің түсінігі оның функциялары..............................................................5
1.2 Қазақстанның инвестициялық нарығындағы зейнетақы қорларының құрылуы мен экономикада пайдаланылуы.......................................................8
1.3 Инвестиция нарығындағы зейнетақы қорын реформалаудың шетелдік тәжірибесі...........................................................................................................12
ІІ.ҚАЗАҚСТАН ЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ НАРЫҒЫНДАҒЫ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Қазақстан Репсубликасының зейнетақы жүйесінің инвестициялық іс-әрекеттеріне талдау жүргізу негіздері.............................................................17
2.2 Зейнетақы жүйесінің қаржы нарығындағы ролі мен олардың тиімділігін бағалау................................................................................................................19
2.3 Қазақстандағы зейнетақы жүйесі мен қорын реформалау негіздері..............................................................................................................21
ІІІ.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ НАРЫҒЫНДАҒЫ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ДАМУЫН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Зейнетақы жүйесін жаңғырту тетіктері мен басымдықтары...................24
3.2 Зейнетақы қорларының 2030 стратегиялық бағдарламадағы ерекшеліктері.....................................................................................................26
Қорытынды......................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................30
Қосымша
3.1 Зейнетақы қорын жаңғырту тетіктері мен басымдықтары
Зейнетақы активтердің ең жоғары өрлеу қарқыны дамушы Азия, Орталық және Шығыс Еуропа (ОШЕ) елдерінің нарықтарында болады деген болжам айтылуда Қаржы дағдарысының ауыр ықпалына қарамастан, АҚШ әлемдегі ірі зейнетақы нарықтарының бірі болып қалуда. Халықтың қартаюы жаһандық проблемасы жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамытуды бірінші орынға қойып отыр. Allianz Demographic Pulse зерттеулерінің қорытындысы бойынша, ағымдағы қаржы дағдарысына қарамастан, 2020 жылға қарай әлемдік зейнетақы нарығының көлемі 66%-ға өспек, соның ішінде әр жыл сайын 4,7%-ға өсіп отырады. Зейнетақы активтердің жалпы құны 22 триллион еуродан 36 триллион еуроға өседі. Allianz компаниясының зейнетақы мәселелері бойынша бас сарапшысы Рената Финкенің айтуынша: «Біздің пайымдауымызша зейнетақы жинақтарының көбеюі Еуропа, Азия-Тынық мұхит аймағы және АҚШ-тағы халықтың материалдық әл-ауқаты жақсаруының қозғаушы күші болмақ». Активтердің әркелкі бөлісі 2009 жылы әлемдік зейнетақы нарығының жалпы көлемі 22 триллион еуроны құраған болатын, сонымен қатар іс жүзінде, көлемнің жартысы осы саладағы көшбасшысы АҚШ-та болса, ал екінші үлесі Ұлыбританияда – 11,5%-ды құраған. Батыс Еуропа елдерінің зейнетақы активтер нарығындағы үлесі 20%-дан астам болса, Австралия мен Жапониядағы әлемдік зейнетақы нарығында әр қайсысының үлесі 3%-ды құрады. Азия елдері мен ОШЕ аймағының үлестері өзінің бастапқы кезеңінде тұр және олардағы меншікті жинақтаушы зейнетақы қорлары әлі де зор емес, тиісінше 1,8%-ды және 0,4%-ды құрап отыр. Дамушы елдер өсім траекториясына шығып отыр «Ең серпінді өрлеу Азияның дамушы нарықтарында байқалмақ, - деп атап өтті Рената Финке, - 2020 жылға қарай осы елдердің нарықтары жылына 16,8%-ға өсіп, жалпы көлемі 2,2 триллион еуроға жетпек, ал бұл болса Ұлыбританияның қазіргі зейнетақы нарығымен теңесуі мүмкін». Осыған ұқсас серпін ОШЕ елдерінде де күтілуде, солардың көбісі соңғы он жылдықтың ішінде міндетті жинақтаушы зейнетақы жүйелерін құрған. ОШЕ елдерінінің зейнетақы нарықтарының өрлеу қарқыны 2020 жылға қарай 15,5%-ға өседі деп күтілуде. Өзінің көлемі мен дамудың жоғары дейңгейінің болғандығынан зейнетақы қорлар осындай жоғары өрлеу қарқынына жете алмайды. Осы он жылдықтың соңына дейін АҚШ-тың жоғары өрлеу қарқыны басым болып қалады, алайда осы нарықтағы жылдық өсудің жиынтық қарқындары (CAGR) 3,6%-ды ғана құрамақ. Осындай шамалы өсу қарқынына қарамастан, осы кезеңде АҚШ-тың зейнетақы активтердің таза құнының өсуі континенттік Батыс Еуропаның жалпы зейнетақы активтердің ағымдағы жалпы құнына тең болады. Қаржы дағдарысына байланысты нарықтың айтарлықтай қысқаруы Қаржы-экономикалық дағдарыс әлемдік зейнетақы нарығына өзінің қатерлі әсерін тигізді. 2008 жылдың соңында нарықтың көлемі 20 триллион еуроны құраған, ал бұл дегеніңіз 2007 жылдың (23,2 триллион еуро) соңғы кезеңімен салыстыратын болсақ 15%-ға қысқару деген сөз. Өзінің ең қатты ықпалын дағдарыс АҚШ-тың зейнетақы қорына тигізіп, ондағы төмендеу 22%-ды құрады. Жалпы қарайтын болсақ, ағымдағы қаржы дағдарысының зейнетақы нарықтарына еткен ықпалы акцияларға жұмсалған зейнетақы активтерінің көлеміне пропорционалды болды. 2009 жылы акциялар нарығының қалпына келуі зейнетақы нарықтарының көтерілуіне себепші болды, сонымен қатар зейнетақы нарықтары 2007 жылдың дағдарысқа дейін болған деңгейіне әлі жеткен жоқ. Осының бәрін орнын толтыру үшін адамдар өзінің қартаюына көбірек қаражат қалдырудан басқа амал жоқ. Бұл тек дамыған жинақтаушы зейнетақы жүйесі бар АҚШ, Ұлыбритания, Нидерланд және Швейцария секілді елдерге ғана қатысты емес, сонымен қатар ағымдағы табыстан толтырылып отыратын зейнетақы жүйелері бар елдерге де қатысты болып отыр. Осы жүйені реформалау зейнетақы жүйесінің деңгейін төмендетіп, ал қартаю кезінде өмірдің тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін азаматтар өзінің жеке зейнетақы капиталдарынан толтыруға тура келеді. Бұл жаңа ғана әл-ауқаты өсіп келе жатқан Шығыс Еуропа және Азия елдеріне де дұрыс болады. Жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру зейнетақы жүйелерінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге қажет Көлемі жағынан және даму деңгейлерінің өзгешелігіне қарамастан, зейнетақы нарықтардың алдында бірдей міндеттер тұр – ол халықтың қартаюы мен мемлекеттік қарыздың өсуі жинақтаушы зейнетақы қамсыздандырудың рөлін күшейтуді көздейді. Уақыт келе мемлекеттердің көбісі зейнетақы қамсыздандырудың ең үздік тәжірибесі ретінде ол екі тұрақты жүйенің, яғни мемлекеттік және жеке жинақтаушы зейнетақы қамсыздандырудың болуы. Осындай екі құрамдас бөліктің болуы тәуекелдерді бөлуге мүмкіндік береді. Болашақта осы ұзақ мерзімді іргелі үрдістер зейнетақы табыстардың құрылымына ең қатты әсерін тигізуі тәрізді. Финкенің айтуынша: «Болашақ зейнеткерлер өздерінің зейнетақы табыстар көздерін әртараптандыруы қажет». Ең күрделі міндет ретінде азаматтар өздерінің әр түрлі көздерден түсіп отыратын зейнетақы табыстарының құрылымын құру мен жоспарлау болады. «Клиенттердің жаңа қажеттіліктеріне шұғыл іс-әрекет еткен және тек капиталды басқару ғана емес, сондай-ақ қорланымдарды басқару үшін біртұтас тәсілдемелерді әзірлеуге көмек бере алатын өздерін кеңесші ретінде ұсына алатын қаржы қызметтерінің жеткізушілері зейнетақы активтерінің болашақ өсімдерінің жемісін көреді».
3.2 Зейнетақы қорларының 2030 стратегиялық бағдарламадағы ерекшеліктері
Басқару органдары, кәсіпорындар мен ұйымдар мен мекемелер штат кестесін қалыптастырған кезде типтік құрылымдарды, сан нормативтерін, басқару аппараты қызметкерлерінің лауазымдық қызметақыларының және шығыстардың басқа түрлерінің нормаларын басшылыққа алады.
Жинақтаушы зейнетақы
жүйесiнің саласы 2030 стратегиялық бағдарламада
мыналарға қол жеткiзу қажет: халықтың
зейнетақы қызметтерiне қол жетiмдiлiгiн
және оның сапасын арттыру; зейнетақы
активтерiн инвестициялау үшiн қаржы құралдарының
спектрiн кеңейту; жинақтаушы зейнетақы
қорларының зейнетақы активтерiн басқарушылардың
қызметiн бағалаудың тиiмдiлiгiн арттыру;
салымшылар мен алушылардың құқықтарын
қорғау; міндеттi зейнетақы жарналарын
төлеу жүйесiнің жұмыс істеуiнiң тиімділігін
арттыру. Орта мерзiмдi перспективада алға
қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол
жеткiзу жөнiндегi негiзгi бағыттар жинақтаушы
зейнетақы жүйесiн одан әрi дамыту және
оның барынша ашықтығын, тұрақтылығын
қамтамасыз ету, реттеу мен қадағалаудың
тиiмдiлiгiн арттыру болады. Осы бағыттарды
iске асыруда: жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң
жұмыс iстеуi мәселелерiн реттейтiн заңнаманы
одан әрi жетiлдiру;жинақтаушы зейнетақы
қорлары мен компаниялардың зейнетақы
активтерiн басқару жөнiндегi кiрiстiлiгiн
айқындау әдiстемесiн жетiлдiру, шынайы
"эталондық портфельдi" ("бенчмарк"
сияқты) тұжырымдау; өздiгiмен жұмыс iстейтiн
халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесiне
тарту; жинақтаушы зейнетақы қорларына
төлемдер жүйесін оңтайландыру; салымшылардың
әртүрлі топтары үшін зейнетақы активтерінің
портфелінде қаржы құралдарының құрамымен,
инвестициялық тәуекелдің кірістілігімен
және деңгейімен бір-бірінен ерекшеленетін
зейнетақы жоспарларын енгізу; корпоративтік
басқару және тәуекелдерді басқару жүйесін
жетілдіру көзделіп отыр.
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік
реттеу және қадағалаудың отандық жүйесін
жетілдіру жөніндегі бағыттар мен шараларды
іске асыру: қаржы ұйымдарының мемлекеттің
инвестициялық саясатының басым бағыттарына
қатысуын кеңейтуге; қаржылық қызметтерімен
сауда-саттықты ырықтандыру жолымен отандық
қаржы нарығының ашықтық, тұрақтылық және
бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруға;
бағалы қағаздар нарығын жандандыруға
және ұсынылатын қаржылық қызметтерді
кеңейтуге, тәуекелдерді әртараптандыруға,
ішкі және сыртқы тұрақсыздандырғыш факторларға
қаржы нарығының тұрақтылық деңгейін
арттыруы тиіс қаржылық қадағалаудың
халықаралық стандарттары мен нормаларына
сәйкестігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ
қаржылық қызметтердің отандық нарығының
халықаралық экономикалық кеңістікке
толыққанды кіруіне; қаржылық қызметтерді
отандық жеткізушілер үшін келеңсіз салдарларды
азайта отырып, Қазақстанның Дүниежүзілік
Сауда Ұйымына кіруі үшін жағдайды қамтамасыз
етуге ықпал ететін болады. Қаржылық қызметтер
нарығындағы бәсекелестіктің және тиісінше
ұсынылатын қызметтердің сапасы деңгейінің
артуына және олардың құнының төмендеуіне
әкелетін Қазақстан Республикасы қаржы
ұйымдарының-резиденттерінің қатысуын
кеңейту жоспарланып отыр. Бұл ретте, халықтың,
инвесторлардың, рейтингілік агенттіктердің
отандық қаржы секторына сенім деңгейі
артады.
Қорытынды
Зейнетақы-бұл зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтар заңнамада көрсетілген тәртіппен Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан, Жинақтаушы зейнетақы қорларынан, ал әскери қызметшілер, ішкі істер органдарының қызметкрелері үшін тиісті қызметтерді ұстауға көзделген қаражат есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы.
Жинақтаушы зейнетақы қорларға төленетін міндетті зейнетақы жарналары жұмыскердің төлем көзінен ұсталынатын ай сайынғы табысының 10 пайыз мөлшерінде тағайындалған. Бұл міндетті зейнетақы жарнасын есептеу үшін пайдаланылатын ай сайынғы табыс көлемі республикалық бюджетте тиісті жылға тағайындалған минималды айлық еңбекақының 75 реттік көлемінен аспауға тиіс. Міндетті зейнетақы жарналар есебінің тәртібі мен мерзімі есептеуі мн есепшотқа аударылуы Республика Үкіметімен белгіленеді.
Зейнетақы жүйесін реформалау үшін Чилидің моделіне таңдау жасалғанда да, мақсат бюджетке салмақ түсірмеу болғанын қайталап айтамыз. Әдетте дырдай істерді, жаңа реформаны бастап, атымызды шығарған соң, екіпініміз басылып, біртіндеп оны өзіміздің ерекшеліктерімізге бейімдеген болып, одан басқадай мүдделерді көздей келе, соңын қылдай етіп жіберетін әдетіміз бар емес пе. Зейнетақы жүйесін реформалаудың жайы да сондай. Кезінде кейбір сарапшылар Қазақстан таңдау жасаған зейнетақы жүйесі әлемдегі үздіктердің бірі екенін атап көрсеткен-ді. Өйткені 1998 жылдың қаңтарынан бастап жұмыспен қамтылғандар өз табыстарының 10 пайызын міндетті түрде жинақтау зейнетақы қорындағы өз есепшотына аудара бастады. Дегенмен, біздің ел таңдау жасаған зейнетақы жүйесі чилиліктер жүйесінің толық көшірмесі болған жоқ. Қазақстандық модель басқа да елдердің тәжірибелерін өз ерекшеліктеріне қарай икемдеген болды.Жинақтаушы зейнетақы қорларға еріктік зейнетақы жарналарын өз табысы арқылы зейнеттік қамтамасыз ету жөніндегі келісімшарт негізінде салымшылар жеке тұлғаларға енгізеді. Салық салынғаннан кейін табыс арқылы алушының пайдасына енгізілген ерікті зейнетақы жарналар салымшысы ретінде жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкін. Мұндай жарналардың мөлшері, есептеуі, төлеу мерзімі мен тағы басқа шарттары келісілген келісшартта белгіленеді.
Жұмысымды қорытындылай келе Қазақстан Республикасындағы зейнетақы реформаларын қаржымен қамтамасыз ету жолдарына орай мынадай ұсыныстар айтқым келеді:
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша
Кесте 1
Жинақтаушы зейнетақы қорларының осы күнгі жағдай бойынша: 01.04.2012
1. |
«Қазақстан Халық Банкінің Жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ еншілес ұйымы |
2. |
"Индустриялық
Қазақстан" Жинақтаушы |
3. |
"НефтеГаз-Дем" Жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ |
4. |
"Aстана" жинақтаушы зейнетақы қоры" (бұрынғы атауы -«Еуразиялық жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ) |
5. |
"ГРАНТУМ Жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (“Казкоммерцбанк” АҚ еншілес ұйымы) |
6. |
«Отан» ашық жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ |
7. |
«Капитал» Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ - «Банк ЦентрКредит» АҚ еншілес ұйымы(бұрынғы атауы - «Капитал» Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (ашық)) |
8. |
«РЕСПУБЛИКА» Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ |
9. |
"Ұлар Үміт" Жинақтаушы зейнетақы қоры (ашық)" АҚ |
10. |
"Нұрбанк" АҚ еншілес ұйымы "Атамекен" жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ |
11. |
"ГНПФ" Жинақтаушы Зейнетақы Қоры" АҚ |