Зейнетақы қоры

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 19:07, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің қазіргі жағдайы мен дамуына талдау жүргізу барысында оны жетілдіру мәселелерін анықтау болып табылады.

Оглавление

КІРІСПЕ..............................................................................................................3

І.ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ НАРЫҒЫНДАҒЫ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Қазақстанның инвестициялық нарығындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің түсінігі оның функциялары..............................................................5

1.2 Қазақстанның инвестициялық нарығындағы зейнетақы қорларының құрылуы мен экономикада пайдаланылуы.......................................................8

1.3 Инвестиция нарығындағы зейнетақы қорын реформалаудың шетелдік тәжірибесі...........................................................................................................12

ІІ.ҚАЗАҚСТАН ЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ НАРЫҒЫНДАҒЫ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

2.1 Қазақстан Репсубликасының зейнетақы жүйесінің инвестициялық іс-әрекеттеріне талдау жүргізу негіздері.............................................................17

2.2 Зейнетақы жүйесінің қаржы нарығындағы ролі мен олардың тиімділігін бағалау................................................................................................................19

2.3 Қазақстандағы зейнетақы жүйесі мен қорын реформалау негіздері..............................................................................................................21

ІІІ.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ НАРЫҒЫНДАҒЫ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ДАМУЫН ЖЕТІЛДІРУ

3.1 Зейнетақы жүйесін жаңғырту тетіктері мен басымдықтары...................24

3.2 Зейнетақы қорларының 2030 стратегиялық бағдарламадағы ерекшеліктері.....................................................................................................26

Қорытынды......................................................................................................28

Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................30

Қосымша

Файлы: 1 файл

GULNAZ ЗЕЙНЕТАКЫ коры.doc

— 189.00 Кб (Скачать)

Әрекет еткен ынтымақтастықты  зейнетақы жүйенің шарттарында  инфляцияның жоғарғы өсу қарқыны  және халық арасындағы жұмыссыздық, ЖІӨ (жалпы ішкі өнім) көлемінің төмендеуі, бюджеттік тапшылық зейнетақы төлемі жөніндегі қарыздардың пайда болуы мен ұлғаюына себеп болды және тіпті әлеуметтік кепілдіктің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету мүмкін болмады. Сайып келгенде, халықтың ынтымақтастығына негізделген зейнетақымен қамсыздандырудың таратушы жүйесінің айқын тұрақсыздығы қалыптасты. Қажетті зейнетақы шығыстарын жеткілікті қаржыландырылмауымен байланысты мәселелерге демографиялық мәселелер қабаттасты. Осылардың бірқатары қазақстандықтардың орта өмір сүру ұзақтығының ұлғаюы фонында халықтың жас құрылымы формасының өзгеруімен және туылудың қысқару нәтижесінде халықтың қартаю үрдісінің жеделдеуімен байланысты болды. Жұмыссыздар деңгейінің өсуі және бейресми және толық емес жұмыспен қамтылу еңбек нарығына келеңсіз ілгеру басушылыққа алып келді, осылардың салдарынан жарналары ынтымақтастықты зейнетақы жүйесінің қаржылық көзі болған халықтың бір бөлігі міндетті зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінен шығуына алып келді. Халықтың жұмыс істейтініне болжанған өсуді төмендету және зейнетақы жүктемесін шамадан тыс күшейту, жұмыскер және зейнеткер ретінде өмір сүру деңгейінің нашарлауын ескерту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің болашақта зейнетақы төлемдерін үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында, осы толғағы жеткен мәселелерді шешудің баламалы жолы ретінде зейнетақы жүйесін реформалау жүргізілді. Зейнетақы реформасының негізі етіп чилилік үлгі қабылданды. Чилидегі зейнетақы жүйесі таратып тұратын механизмді ұстамайды және қызметкердің жеке шотына қаражатты толықтай жинақтауға және жарналарды капиталдандырып отыруға негізделген. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне енуші әрбір адам дербес шот алып, онда оның зейнетақы жарналары аккумуляцияланып, оның мөлшері анықталып белгіленеді. Бұл қаражаттар жеке зейнетақы қорларында жиналып, салымшылар зейнетақы жасына жеткенше олар зейнет төлемдерінің көздеріне айналады. Чилилік жүйе негізінен басқа қазақстандық үлгі өзіндік ерекшелігін және басқа елдердің тәжірибесін бейімдеп қабылдады, сол себепті әлемдік тәжірибедегі ең табыстылардың бірі болып саналады.

Қазақстан дербес зейнетақы аударымдары негізінде зейнетақымен қамсыздандырудың жинақтаушы жүйесіне 1998 жылы жоспарлы түрде өткен ТМД территориясындағы бірінші ел. Зейнетақы реформасын жүргізудің негізгі мақсаты зейнетақы жарналарының дербестендірілген есебі арқылы экономикалық өсуді ескеріп, зейнетақымен еңбек салымын лайықтай отырып, қаржылық тұрақты және әділ жүйені оңынан тұрғызу.

Сонымен қатар, жинақташы  зейнетақы жүйесі бірқатар мәселелерді  шешуге арқау болды: әлеуметтік кернеулікті жеңілдету, зейнетақы төлеу ауыртпалығынан бюджетті ақырындап босату, азаматтарда көп және ашық табыс табу құштарлығының көрінуіне септігін тигізу. Зейнетақы реформасының нәтижесінде болшақ зейнетақылар сақталып арта түсетін болды, ал экономика тағы бір институционалдық инвестор – зейнетақы қорларын алмақ.

Жинақтаушы зейнетақы  жүйесінің негізгі даму белестері:

1997 жыл: Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы ұжырымдамасы әзірленіп бекітілді. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы күшіне енді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» қаулысы қабылданды. ГНПФ ерекше стратегиялық рөлін мыналарға арнады: ЖЗЖ дамуын ынталандыру, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне халықты барынша тартылуын қамтамасыз ету және жинақтаушы зейнетақы жүйесінің базасын қалыптастыру, халық тарапынан жаңа зейнетақы жүйесіне деген сенімді қалыптастыру, зейнетақы нарығының негізін және бәсекелес ортаны қалыптастыру. 1998 жыл: Жинақтаушы зейнетақы жүйесін бастау және зейнетақы нарығының инфрақұрылымын құру. 19 қаңтар Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі тарихына ГНПФ алғашқы зейнетақы жарнасы түсті.

1998-2002 жылдар: ГНПФ «Жанама қор» жүйесіндегі қызметтерді жүзеге асырды: егер қызметкер басқа зейнетақы қорын таңдамаса және онымен шарт жасамаса міндетті зейнетақы жарналары жұмыс берушімен ГНПФ аударылады.

1999 жыл:  ГНПФ жинақтаушы зейнетақы жүйесі тарихындағы зейнетақы қорлар арасында зейнетақы активтерін дербес басқаруға алғашқы болып лицензия алды.

2003-2004 жылдар: Зейнетақы төлемдеріне құқық алу сәтінде инфляция деңгейін есепке ала отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналар мөлшерінде салымшыларға мемлекеттік кепідік беру.Зейнетақы төлемдерінің кестесі анықталды және сақтандыру ұйымдары арқылы зейнетақы алу мүмкіндігі құрылды; Жинақтаушы зейнетақы қорларының сыйақы мөлшері және құрылымы өзгерді; Міндетті жинақтаушы жарналарының төлемдері жөніндегі агенттердің жауапкершіктері күшейтілді; Ерікті кәсіби зейнетақы жарналары енгізілді; Жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленіп қабылданды. 2006 жыл: «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» РМКК базасында жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі төлемдерді оңтайландыру мақсатында дара есеп орталығы құрылды. Зейнетақы қорлары мен зейнетақы активтерін инвестициялық басқаратын ұйымдардың, салымшылардың жинақ ақшаларының атаулы кірістілігін қорғау жөнінде соттан тыс жауапкершілік белгіленді. Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы арқылы салымшылар мен зейнетақы қорлары арасында зейнетақы жинақ ақшаларын аударуды жүзеге асыру. 2007 жыл: Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 10 жылдығына арналған «Қазақстанның зейнетақы нарығы – жүйелі реформаға 10 жыл» халықаралық конференциясы ГНПФ бастамасы бойынша ұйымдастырылып өткізілді.

Қазақстанда бұрын еңбек немесе әлеуметтік сыйақысын төлейтін тек  мемлекеттік зейнетақымен қамтамасыз ету орын алған болса, нарықтық қатынастарға көшуге байланысты жаңа жинақтаушы нысанды құру қажеттілігі туды. Оған жұмыс істеулерін жалғастырып жатқан қызметкерлердің аударымдарын, еңбегі сіңген демалыста жүрген адамдардың бұдан бұрынырақ еңбекпен тапқандарын, сондай-ақ  халықтың әртүрлі жастағы санаттарына әлеуметтік зейнетақы төлемдерін қоса  жазу өте маңызды болды. Мұндай нысандар институционалдық құрылымдар дамудың қаржылық және сервистік институттары болып саналады. Оларға Қазақстанның Даму банкі, Инвестициялық, Ұлттық жаңартпалы қорлар т.б. жатады. Алайда Қазақстанның қаржы өрістерінде зейнетақылық қорлар ерекше орын алады, олар шын мәнінде ең ірі ішкі инвесторлар.

    •  Зейнетақы қорларының ерекшеліктері сонда, олар зейнетақы активтерін шоғырландыра отырып, іс жүзінде республиканың бүкіл экономикасында белсенді халық болып табылатын өзінің салымшылары алдында белгілі бір көп жылдық міндеттемелерге бағдарланған.

Атап айтқанда сондықтан  зейнетақы саласы жай емес өрістерден қалыптасатын, нақты шарттарды анықтау  үшін шешімнің көптеген варианттарын және олардың ішінен ең жақсыларын таңдап алуды талап ететін күрделі бір қалыпсыз жүйемен ерекшеленеді. Осы себептен зейнетақы қызметтері нарығының қызмет ету және күрделі жүйелер ретінде берілетін объектілері теориялық зерттеулер қағидаларының жиынтығымен сипатталатын тек жүйелік көзқарас бола алады. Оның сөзсіз пайдасы олар өзара байланысқан элементтер түрінде берілетін жиынтық зейнетақы қарым-қатынастарының таным үдерістерін айтарлықтай ықшамдау.

Зейнетақы жүйесі белгілі  бір қасиеттері бар түп негіздері  реттелген құрамдас бөліктердің жиынтығы.

Лауазымдық екі саты зейнетақы жүйесінде көп деңгейлі қарым-қатынастармен өрнектеледі. Қосалқы  жүйенің әрбір элементі бүкіл  әлеуметтік-экономикалық үдерістердің дамуында белгілі бір орын алады  және соған сәйкес роль атқарады. Онда жетекші роль зейнетақы активтерінің негізін қалайтын үй шаруашылығына тиесілі, олардың есебінен зейнетақы қорлары зейнетақы қорланымдарын құрайды, яғни еңбек ресурстары қаржы қаражаттарының көзі. Бірінші деңгейі  басқару, реттеу, қадағалаудың уәкілетті мемлекеттік  органдармен берілген. Берілген жағдайда бұлар Реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі, Ұлттық банк т.б. деңгейлері өзара түрлі тетіктермен байланысқан. Лауазымдық сатының әрбір келесі деңгейлері басқару органдарының жүйені реттеуі мен бағыну байланыстары өсуінің уәкілеттілігінің кему қағидасы бойынша орналасуымен сипатталады.

Болашақ дербес бола тұра, ішкі қосалқы жүйенің әрқайсысы, сол кезде басқа да қосалқы  жүйелермен байланысты. Мұнда тиісінше бір қосалқы жүйенің шығыс  ақпараты басқасы үшін кіріс болып табылады. Зейнетақы жинақтаушы жүйесінде мұндай қосалқы жүйе зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, банкілер, Реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі т.б. болып есептеледі, олар да жүйенің өзі сияқты үйлесімсіз, күрделі және бір қалыпсыз болады.

 

 

 

1.3 Инвестиция нарығындағы зейнетақы қорын реформалаудың шетелдік тәжірибесі

 

Венгрия үкіметі өз азаматтарына шарт қойып отыр: зейнетақы активтерін жеке қорлардан мемлекеттік қорларға аударуды талап етеді және олай істемеген  жағдайда мемлекеттік зейнетақыдан айрылатындығын ескертеді. Бұл жайында Bloomberg ақпарат агенттігі хабарлайды. Мақсаты жекеменшік зейнетақы жинақтарының 3 триллион форинтке (14,6 миллиард долларға) жуығын бақылауға алу болып табылатын жаңа зейнетақы саясатын экономика министрі Дьери Матольчи ұсынып отыр.

Жекеменшік қорлардан  зейнетақылық қаражаттарын ала отырып, мемлекет сол арқылы бюджет тапшылығының орнын толтырғысы келеді. Қазір Венгрия  ЕО-қа кіретін Шығыс Европа елдері арасындағы ең ірі борышкер болып  табылады.

2010 жылдың 3 желтоқсанында, түнге қарай, Венгрия үкіметінің өкілі 1998 жылдан бері ел азаматтары жасаған міндетті зейнетақылық жинақтарының іс жүзінде ұлттандырылғандығы туралы хабарлады. Өздерінің зейнетақы активтерін жеке басқаруында қалдырғысы келген азаматтарға мұндай мүмкіндік бермеу үшін басқарушы компаниялар мен зейнетақы қорларына шектеулер енгізілген еді.

1993 жылдың өзінде-ақ  Венгрияда мемлекеттік емес зейнетақылық  қорлары туралы заң қабылданған  болатын. Жекеменшік зейнетақы қорларына түсетін салымдар салықтық жеңілдіктермен ынталандырылды және ауқатты азаматтар арасында айтарлықтай танымал бола бастады. Зейнетақы жүйесін реформалау туралы принципиалдық шешім 1995 жылы қабылданған болатын. Негізгі себеп демографиялық болжамдардың нашарлауы, зейнетақы алу жасын өсіру қажеттілігі, сондай-ақ жинақтардың нормасын өсіру болған еді. Жаңа жүйе, кәсіподақтар, қаржы министрлігі мен еңбек министрлігі арасындағы үш жылдық теке-тірестен кейін, 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Зейнетақы жүйесінің міндетті бөлігі клиенттердің қаражаттарын инвестициялайтын, сосын оларға зейнетақы төлейтін (яғни төлеуге тиісті) (2012 жылдан бастап) жекеменшік зейнетақы қорларына арқа сүйейтін жинақтаушы зейнетақылық қоры болып табылады. Қазақстанның зейнетақы жүйесіндегідей зейнетақылық жарналары жұмыскерлердің еңбекақыларынан алынып отырған, соңғы уақыттарда 7%-дық мөлшер бойынша (дәстүрлі бөліп таратушы зейнетақы жүйесіне қосымша 1,5% бөле отырып).

Ве́нгрия (венг. Magyarország —  «Мадьяр елі»; ресми түрде Венгрия  Респу́бликасы, венг. MagyarKöztársaság) — Австриямен, Словакиямен, Украинамен, Румыниямен, Сербиямен, Хорватиямен және Словениямен шекаралас жатқан Орталық Европадағы мемлекет. Мемлекет аты халқының этнонимі бойынша қойылған — венгрлер. Мемлекет 1955 жылдан бері БҰҰ мүшесі болып табылады, 1973 жылы ГАТТ-қа қосылған, 1982 жылы ХВҚ мен ҚҚДХБ-на енген, 1991 жылдан бері Европа Кеңесінің мүшесі. 1999 жылдан бастап НАТО мүшесі, 2004 жылдан бері — ЕО мүшесі.

Міндетті зейнетақы  жарналарын салуға және салымшылардың  шоттарындағы жинақтарының жеке-жеке есепке алынуына, сондай-ақ активтерді инвестициялық басқаруға негізделген Чилидегі жинақтаушы зейнетақылық қоры қолданысқа 1981 жылы енгізілген. Қазіргі уақытта осы елдің қандай да бір деңгейде жинаған тәжірибесін пайдаланып отырған 27 мемлекет өз зейнетақы жүйелерін реформалауда, олардың ішінде европалық және бұрынғы социалисттік елдер де бар.

Көптеген елдер тап болған зейнетақы  жүйесін реформалау қажеттілігіне  негізделген бірнеше қағидаларды  атап өтуге болады:

  • халықтың қарқынды түрде қартаюы (бала туу деңгейінің төмендеуі және халықтың өмір сүру ұзақтығының артуы);
  • халықтың жұмысқа араласу ауқымындағы, құрылымындағы және сипатындағы өзгерістер (жұмысқа толық емес және биресми түрде араласудың, үйде жұмыс істеудің және өз бетінше жұмыс басты болудың, сондай-ақ жұмыссыздықтың көптеп таралуы).

Аталған себептердің  әсерінен жұмыскерлердің саны және зейнетақы  алушы зейнеткерлерді толығымен  зейнетақылық төлемдерімен дер кезінде  қаржыландыруды қамтамасыз етуші зейнетақы  жүйесінің қаржылық негізі болып табылатын жарналар азаяды. Чилиде өзінің еңбек жолын 1983 жылдың 1 қаңтарынан кейін бастаған тұлғалардың барлығы міндетті түрде жинақтау жүйесіне көшкен. Еңбек жолын көрсетілген күнге дейін бастағандардың барлығы ескі – бөліп таратушы жүйенің де, сондай-ақ жаңа – жинақатушы жүйенің де пайдасына таңдау жасай алды. Реформаның бастапқы кезеңінде жаңа жүйеге көшуге шек қоятын жастық шектеулер қойылған болатын, алайда көп ұзамай жинақтаушы жүйеге көшкісі келетіндердің көбеюі себебінен олар алынып тасталды. Жарналардың төлеушілері жұмыс істеушілердің өздері – салымшылар болып табылады. Ынтымақтас жүйе бойынша өз жарналарын салып үлгерген Чили жұмыскерлеріне мемлекет есебінен ескі жүйе бойынша зейнетақы алу және жаңа жүйеге көшу құқығы ұсынылған. Онымен қоймай, жаңа жүйе көңілінен шықпайтын болса, ескі жүйеге көшу құқығы берілетін болған. Мемлекет жаңа жүйеге көшуге жағдай жасады. Ескі жүйе бойынша жарналарын аударған әрбір тұлғаның салымына, баға берілді. Бөліп таратушы жүйеден жинақтаушы жүйеге ауысқандар бұған дейін төленген жарналардың құнын өтейтін мемлекеттік облигацияларға ие болды. Облигациялар жыл сайын 4%-дық көлемде бекітілген кіріс алуға мүмкіндік береді және жұмыскер зейнетке шыққанда оларды мемлекет сатып алады. Осы кезде жинақтаушы зейнетақы жүйесінің салымшылары үшін зейнетақы жарналарының көлемі 19%-дан 10%-ға дейін азайтылған болатын. Мемлекеттік жағдай жасауы өткізіліп отыратын түсіндіру жұмыстарымен бірге үш жылдың ішінде халықтың 95%-ға жуығының жаңа зейнетақы жүйесінің қатысушыларына айналуына алып келді. Чили салымшыларының зейнетақылық жарналарын олардың жұмыс берушілері жинап отырады және оларды таңдалып алынған зейнетақылық қорларына аударады, ол жерлерде қаражаттар салымшының жеке зейнетақылық шотына аударылады. Зейнетақылық қорын таңдауды салымшының шығындарынсыз жылына екі рет іске асыруға болады, үшінші рет қордың аудару қызметі үшін ақы төлеуіне тура келеді. Міндетті жарналарды төлеумен қатар, әрбір салымшы ерікті тәртіпте қосымша өз еңбекақысының 10%-ын салу мүмкіндігіне ие. Міндетті түрде болса да, ерікті түрде болса да төленген жарналарға салық салынбайды.

Информация о работе Зейнетақы қоры