Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 13:20, научная работа
Абай өмірі
Абай/ИбраҺим/Құнанбайұлы 129,7 /10,8/ . 1845, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ жайлауы, бейіті Жидебайда.- ұлы ақын, философ, ағартушы, композитор.
Ақынның арғы атасы – Олжай батыр, Олжай батырдан, Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Айдостың әйелі Айпарадан Ырғызбай, Көтібақ, Топай, Торғай туады. Бұлардың әкесі момын, шаруа адамы, ал шешесі өткір тілді , өр мінезді әйел болған.
Абай/ИбраҺим/Құнанбайұлы 129,7 /10,8/ . 1845, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ жайлауы, бейіті Жидебайда.- ұлы ақын, философ, ағартушы, композитор.
Ақынның арғы атасы – Олжай батыр, Олжай батырдан, Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Айдостың әйелі Айпарадан Ырғызбай, Көтібақ, Топай, Торғай туады. Бұлардың әкесі момын, шаруа адамы, ал шешесі өткір тілді , өр мінезді әйел болған. Сол Айпара ана балаларына:
«Шынжыр балақ, шұбар төс Ырғызбайым,
Тоқпақ жалды торайғыр
Әрі де кетпес, бері де кетрес Топайым,
Сірә де оңбас Топайым...», деп сипаттама берген.
Анасы айтқандай, Ырғызбай ортасынан оза шыққан, ел басқарған. Ырғызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбайдың әйелілен Зереден Құнанбай туады. Құнанбай 4 әйел алған. Абай бала кезінен ынталығымен ерекшелінеді. Шортанбай , Дулат, Бұқар жырау, Мартабай, Шежелерді тыңдап өскен. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін ортада өскен кісі. Оның ағасы Тонтайдың өлерінің алдында қожа – молдаға қарап:
«Жазыла – жазыла қожа – молдадан ұят болды, енді өлмеске болмас» - деп айтқаны халық аузында мәтел боп кеткен. Құнанбай қажыныңда кеңінен толғап, өз туыстарын ғана емес, шетелдік саяхатшылардың да назарына іліккен. Құнанбай қажы – «Есіктам» деген қоныстан медресе салдырып, өзінің жане туыстарының балаларын оқытқан. Абай сегіз жасынан әуелі сол «Есіктам» медресесінде оқып, ауыл молдасы Ғабитханда оқыған.
Әкесі оның зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресісіне береді. Онда 3 жыл оқиды. Медресенің 3 жылында ол осы қаладағы «Приходская школа» да қосымша түсіп, онда 3 ай орысша оқиды. Бұл тұста М. О. Әуезовтің «Өзі тұстас үлен – кіші балалардың барлығынан сонағұрлым зейіңді, ұғымтал жане ерекше ықыласты болған. Дәрісте арабша кітапты молдасының бір оқып, бір – ақ рет түрікшеге аударып берген сөздерін кітапқа қарамай жатқа айтып бере алатындай зерек болды. Сондықтан дәріс оқыған сабақтарды оқып, ұғып білу Абайға өзге балалардан анағұрлым оңай тиетін.Көп уақытын алмаған. Сондықтан барлық артылған уақытын Абай өз бетімен өзі сүйген кітаптарын оқуға жұмсап, көп ізденетін.
...Оқуға кірген соң – ақ тез есейіп, ілім құған кісінің қалрына оңай түсіп кеткен.
Құнанбайұлы Абайдың өзге балалардан ерекше зеректігін ерте сезіп, оны әрі қарай оқытпай, қайтарып алып, ел ісіне араласуға баулиды. Абай болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады. 1875 – 78 жылы Қоңыркөкше еліне болыс болады.
... Сол бала күнінде жаттаған
кейбір өлеңдері ұлғайып,
Абай 1880 жылы И. Долгополов, А. А. Леоньевпен танысып, олармен тығыз қарым – қатынаста болған. Абай ел ісіне араласқан жылдарында әділеттілігімен, білімділігімен көрініп, халық арасында беделі өседі.
«1885 жылы мамыр айында Шар өзенінің бойындағы Қарамола деген жерде Семей ген. Губ. Цекменскийдің 100 ден астам би – болыстары бас қосқан төтенше съезді өткізілді. Осы съезді төбе биі, сайланған Абай бастаған комиссия барлығы 93 баптан тұратын ережені 3 күн, 3 түнде әзір етті. Бұл қазақ қауымындағы әдет заңдарына да, зорлық – зомбылыққа негізделген заңына да ұқсамайтында өзгеше құжат еді. Оның, әсіресе, әйел мәселелеріне арналған баптары ерекше құнды».
Абайдың беделін өсірген Қарамола съезінен кейін оның қарсылықтары көбейңіп кетті.
Ел басқару қызиһметінде барынша
әділ болып, халық қамын ойлаған,
«тура биде турған Мағауия, Райхан,екінші
әйелі Әйгерімнен – Тұрағұл.
Абайдың 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары «қара сөздер» деп аталады. Ол сыншылдық, ойшылдық және көбінесе адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді.
Бұл шығармаларда Абай өзінің оқушыларымен әңгімелесіп, жүзбе – жүз кездесудегі мәслихат,кеңес құрып отырған ойшыл ұстаз т»різденеді. Абай қара сөздерінде көбінесе барлық жайлардан өзі сөз бастап, өзі әңгіме – дүкен құрып отырған болады.
Абай он сегізінші сөзінде:
Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп,һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимек – дұрыс іс. Ләкин өз дәулетінен артық киінбек, не киімі артық болмаса да көніліне қуат тұтып, тым айналдырмақ – кербездің ісі.
Кербездің екі түрлі қылығы болады: бірі – бет – пішінін, сақал – мұртын, мүшесін, жүріс – тұрысын , қас – қабағын қолдан түзеп,шынтағын көтеріп, қолын тарақтап әуре болмақ. Біреуі – атын,киімін «айран ішіерім» деп, солардың арқасында сыпайы жұғымды жігіт атанбаққа, өзінен кейінгіге «әттең дүние – ай,осылардың атындай ат мініп, киіміндей киім кигенің не арманы бар екен?!»дейтұғын болмаққа ойланбақ.
Мұның бәрі – масқаралық, ақмақтық.
Мұны адам бір ойламасын, егер де бір ойласа,қайта адам болмағы қиын іс.
Кербез дегенді осындай кер, кердең немеден безіңдер деген сөзге ұқсатамын. Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл,ар, мінез деген нәрселермен озбақ.
Онан басқа нәрселерімен оздым ғой демектің бәрі де – ақымықтық.
«Ғылым» - Қазақстан Республикасы ҰҒА – ның баспасы. 1946 жылы қазан айында Алматыда құрылды. Полиграф базасы, өз баспаханасы бар. Ол Қазақстан ғылымы, мәдениеті,техниканың барлық салалары бойынша ғыл.- зерт. Еңбектерін газет – журналдар, жинақтар шығарумен, тарату ісімен айналысады. Баспа алғашқы жылдардан бастап абайтану тақырыбына арналған ғылыми еңбектер мен Абай шығармаларының басылымдарын шығыруға үлес қосып келеді. Баспадан жеке басылымдар мен ғылыми журналдар,мақалдар жарық көрді. Абайтанушы М. Мырзахметовтың 1988 жылы жарияланған «Абайтану» атты библиограф көрсеткіш алғаш рет ақынның 100 жылдық мерейтойына байланысты «Абай» деген атпен шыққан. Еңбектің авторы – Н. Сабитов. Ол 1965 жылы: Абайдың 120 жылдық мерейтойына орай «Абай Құнанбаев Библиогрофиялық көрсеткіш» деген атпен қайта басылды. Мұнда абайтанудың 1889 – 1965 жылдар аралығында баспа жүзін көрген 3,5 мыңнан астам дерек қамтылған. «Ғылым» баспасынан Абай шығармаларының академ. Толық жинағы Ы. Дуйсенбаевтің жалпы редакциясымен 1977 жылы жарық көрді. 1 – томдға ақынның өлендері мен поэмалары, 2 – томдық өарасөздері мен аудармалар енгізді. Кітаптың соңына Абай шығармаларана қатысты баспадан әр жылдарда З. Ахметовтың «Лермонтов және Абай», К. Бейсенбаев «Абайдың дүниетанымының қалыптасуы» М.С.Сельчековтың «Абайдың шығармашылық өмірбаяны» атты ғыл.зерттеулері басылып шықты. Абайтанудың өмірбаяны мен шығармашылығында қатысты баспадан әр жылдарда шығып отырған. Абайтану негізін салушы акдемик М.О.Әуезов Абай мұрасын зерттеуге байланысты әр жылдарда жазылып жарияланған еңбектері жөнінде Мырзахметов құрастыруымен баспадан 1982 жылы жарық көрген «Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары» атты кітабында жан – жақты әңгімелейді. Осы бағытта Л.М.Әуезова мен Мырзахметовтың құрастыруымен 1988 жылы шыққан Әуезовтың «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» деген көлемді еңбегінің құндылығы айрықша.
Ғылым мен еңбекке көзқарасы
Абай – халықты білімге,
«Ақыл, қайрат,жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек.
Жеке – жеке біреуі жарытпайды,
Жолда жоқ жаріместі «жақсы» демек...
Біреудің күні жоқ біреуінсіз,
Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек», - деп ақылды тереңдетіп,шалқыта түсетін,адамның жігерін, қайратын өсіріп,жөніне жұмсауға жол көрсетіп,оны тасыта түсететін,жүректі де ізгілікке, адалдыққа,адамдыққа баулитын,адам бойындағы осы үш қасиеттің басын қосып,оны үлкен әлеум.ізгі күшке айналдыратын осы ғылым деген қорытындыға келеді. Абай ғылымының әлеуметтік ролін терең талдап, қайрат,ақыл және жүрек үшеуін айтыстырса келкді де ғылымға жүгінеді. Ғылым жүректің әділеттілік, ұят, рақымшылық,мейірбандық қасиеттерінің артықшылығын қолдайды.
Абай. Ақын бірқатаршығармаларында еңбекке немқұрайлы қараушылықтың, жалқаулықтың,еріншектіктің қоғамында жұтатып,тоқыраушылыққа ұшыратып отырңғанын, сонын нәтижесінде әлеуметтік жүректіліктің орын алып отырғанын сынайды,еңбек етуге шақырады. «Еңбек жоқ, қаракет жоқ, қазақ кедей, тамақ аңдып қайтеді теңтіремей...» деп еңбексіздік қаракетсіздікті ашына менейді. Өз тұсында құлықпен,сұмдықпен ,ұрлықпен мал тапсам деген әлеум.топтың қалыптасқанын сипаттай келе,ақын:
«Құлық,сұмдық,ұрлықпен мал жинамас,
Сұм нәпсің үйір болса сыйламайтын тұра ал.ел.
Қаруының басында қайрат қылмай,
Қаңғып өткен өмірдің бәрі де – жел...»,- дейді ақын.
Рухани білім былғанған
Адамның бір қызығын – бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет етсін, шен алсын деп бермедім
Ойшыл бұл жерде білім алудың бағытын көрсетеді. Білім алудың мақсаты – қызмет қылып, шен алу емес, одан әлде қайда жоғары болу керек.
Білім алу – Абай көрсеткен төменгі саты «жарым адамнан» көтеріліп,келесі «адам» сатысына көтерілу үшін керек бірінші қадам болмаса екінші қадамның болмайтыны тәрізді, білім болмаса жетілу де жоқ. Ендеше бұл маңызды мәселеге – білімнің не екенін, оның түрлеріне,қабылдау деңгейлеріне және алу жолдарына қысқаша тоқтайық.
Білімнің екі түрі болады: біріншісі – материалдық; екіншісі – рухани. Материалдық білім табиғатты оның жаратушысынан бөліп қарастырады. Бұған табиғаттағы зерттейтін барлық ғылымдар,оның ілімінде қоғамдық қатынастар жөніндегі көпшілік білімдер жатады. Ал рухани білім жаратушының байланыстырып қарастырсақ – ол рухани болады, ол бөліп қарастырсақ – ол материалдық болады.
Білімді қабылдау дәрежесі үш деңгейден тұрады. Біріншісі, ақпарат – хабарды қабылдау. Бұл деңгейдегі білім сыртқы сезімдерден әрі қабылдамайды. Сондықтан тез ұмытылатын, адамның болмысын өзгертуге шамасы келмей,пайдасы мардымсыз болады. Білімді осы ақын деңгейге ғана қабылдайтын адамдар туралы «көзінен басқа ойы жоқ,адамның надан әуресі» дейді ақын. Бұлар төменгі деңгейдегі «жарым адам» сатысындағылар, содан олар рухани білімді қабылдай алмайтын болғандықтан, тек қана материалдық білімге ұмтылады. Бұлар білімді таяз қабылдаумен қатар алған азғантай білімін өмірде қолдану жолында білінбейді. Мұндай адамдар туралы Абай «Интернатта оқып жүр», «Ғылым таппай мақтанба», «Сабырсыз,арсыз,еріншек» тәрізді білімді көптеген өлеңдерінде жазған. Екіншісі, алған білімді сана-сезіммен түсініп-сезініп, көңілге қондыру. Бұлар – «адам» сатысындағылар. Бұл дәрежедегілер білімді көңілдерімен қабылдап, өздерінің өзіндік қасиет, табиғи нұсқаларына айналдырғандар,сондықтан алған білімдері ұмытылмай ұзақ сақталады. Бірақ алған білімдерін өмңрде толық қолдана алмайды. Үшіншісі, алған білімді өзіндік табиғатымен айландырып қана қоймай, сонымен бірге олар сол білім аясында өмір сүреді. Олар алған білімін өздерінің өмір көрінісіне айналдырып,оны толық пайдаланады. Бұлар «толық адам» сатысындағы рухани адамдар. Рухани адамдардың алған білімдері мен іс – әрекеттері толық сәйкес келгендіктен, білімдері мәңгілік болады. Абай туралы бұлар отыз сегізінші сөзінде түсінік береді. Сонымен, Абай ойы бойынша,білім деген нірсе тек қана ақпарат – хабар адамды білімдегілер қатарына жатқызамыз. Бұл – жаңсақ пікір. Егер ол білгенін түйсініп,бойына сіңіріп,өмірде пайдалана білмесе,ондай білгенінің пайдасы шамалы. Көп жағдайда ондай көп біілгендік адамды белгілі бір арнадан шығармай,ырқын алып,қиялын шектеп,керісінше,адамның өміріне тек қана кесірін тигізеді. Білімді жаққа бекітудің жолы:төртеу. Абай алған білімді ұмытпай жадқа бекіту жолы туралы отыз бірінші қара сөзінде былай дейді:
«Естіген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар: әуелі – көкірегі байлаулы,берік болмақ керек: екінші – сол нәрсені естігенде я көргенде ғибраттану керек,көңілденіп, ынтамен ұғу керек: үшінші – сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтара ойланып,көңілге бекіту керек: төртіншісі – ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Ой екселдері: уайымсыз, салғырттықсыз,ойыншы – күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе – күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрелер» бұл сөздерден ұғатынымыз, егер білімді бойға сіңіріп,ұмытылмайтындай жасағымыз келсе,онда төмендегідей төрт шартты орындау керек. Біріншіден,осы білімді аламын деп берік шешім қабылдау керек; екіншіден, барлық ынта – жігерді салу керек;
Абай философиялық ойлары.
Ұлы Абайды өмір, қоршаған
дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың
заңдылықтары көп ойландырған,
ол дүние сырына бойлап, өзін
мазалаған сауалдарға жауап
Кемелдену, жетілу – адам өмірінің мақсаты екенін айтады Абай. Жетілу дегеніміз не? Түрлі жетілулер бар. Мысалы, спортпен шұғылданып өзіміздің денемізді, күш-қуатымызды жетілдірсек, ал ғылым-білім, өнерге үйрену арқылы ой-өрісімізді жетілдіреміз. Абай осыларды айта отырып, бұлардан гөрі маңыздырақ жетілу барын, ол – рухани жетілу, яғни жанды жетілдіру деп көрсетеді.
Абайдың айтуы бойынша жан
жүректе орын тепкен. Жан адамның
тыныс-тіршілігін, іс-әрекетін жүрек
арқылы басқарады. Егер жан
жетілмеген болса, онда
Абай өз шығармаларында
жетілу жолдарын, олардың түрлі
белестерін көрсетеді. Әрбір