Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 09:31, реферат
Жеке адам болу үшін психикалық дамудық белгілі бір дәрежесіне өтіп, басқа адамдарға қарағанда ерекшелігі бар екенін білетіндей біртұтас тұлға болуы тиіс.
Өмір бойы даму мен тәрбиенің нәтижесінде жеке адамның орнығып, жетілуін қалыптасу деп атайды.
Жеке адамның қалыптасуы - күрделі, ағзаның өсуі мен жетілуін, стихиялы әсерлерді, мақсатты, ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-қайшылықты процесс.
1. Негізгі ұғымдар.
2. Бала дамуына әсер ететін әлеуметтік, биологиялық, психологиялық факторлар.
3. Жас ерекшеліктері туралы ұғым. Белгілі кезеңдерге бөлінуі.
Жеке
тұлғаның тәрбиесі,
қалыптасуы
Жоспар:
1. Негізгі ұғымдар.
2. Бала дамуына әсер
ететін әлеуметтік,
биологиялық, психологиялық
факторлар.
3. Жас ерекшеліктері
туралы ұғым. Белгілі
кезеңдерге бөлінуі.
1. Жеке адамның бір-бірінен
ажырағысыз және оған
пәрменді түрде ықпал
ететін биологиялық
белгілері мен ерекшеліктері
бір-бірімен байланысты.
Анықтауыш қасиеттер -
жеке адамның әлеуметтік
сипаттамасы, оның себептері,
мүдделері, мақсаттары.
Жеке адам болу үшін
психикалық дамудық
белгілі бір дәрежесіне
өтіп, басқа адамдарға
қарағанда ерекшелігі
бар екенін білетіндей
біртұтас тұлға болуы
тиіс.
Өмір бойы даму мен
тәрбиенің нәтижесінде
жеке адамның орнығып,
жетілуін қалыптасу
деп атайды.
Жеке адамның қалыптасуы -
күрделі, ағзаның өсуі
мен жетілуін, стихиялы
әсерлерді, мақсатты,
ұйымдасқан тәрбиені
қамтитын қарама-қайшылықты
процесс.
Жеке адамның қалыптасуы
өмірге келген сәтінен
басталады, жеткіншек
және жасөспірім шақта
жедел жүреді, ересек
шақта өзінің біршама
аяқталу кезеңіне жетеді.
Сондай-ақ жеке адамның
дамуы деген ұғымды
анықталық.
Даму ұғымына ағзаның
өсуі мен пісіп жетілу
процесін жатқызады.
Бұл процестер психикалық
дамумен өзара тығыз
байланыста өтеді, оған
ықпал жасайды, бірақ
адамның жеке адам ретінде
қалыптасуын белгілеп
бере алмайды. Жеке адамның
дамуы - бұл оның рухани
өсуінің, жетілуінің
процесі жеке адам үшін
елеулі болып табылатын
барлық сфераларды іс-әрекетте,
өзін қоршаған құбылыстарға,
адамдарға деген қарым-қатынасқа,
танымдық процестерінде
болатын сапалық өзгерістер
процесі.
Жеке адамның әсіресе
балалың және жасөспірім
шақтарында дамып, жетілуі
ең алдымен тәрбиенің
ықпалы арқылы жүріп
отырады. Бірақ тәрбие
әсерінің дәрежесі мен
сипаты көп жағдайда
тәрбиенің даму заңдылықтарын
қаншалықты ескергеніне
байланысты болады.
Сөйтіп, тәрбие мен дамудық
арасында екі жақты
байланысы болады. Сондықтан
жеке адамның даму заңдылықтарын
тереңірек қарастырған
жөн.
Жеке тұлға мен қоғамдық
ортаның қарым-қатынасы
философия, психология,
педагогика, т.б. қоғамдық
ғылымдардық көптен
айналысып жүрген көкейкесті
мәселелері. Бұл жөнінде
кейінгі жылдары жарық
көрген философиялық,
педагогикалық, психологиялық,
этикалық, ұлтаралық
қарым-қатынастарға
арналған еңбектерден
басқа П.И.Подласыйдық,
М.Ф.Хар-ламовтың "Педагогика" (М.1996-1997),
Б.С.Гершунскийдің "XXI
ғасырда білім берудің
философиясы" (1993),
Г.К.Нұрғалиеваның "Тұлғаның
құндылық бағытын қалыптастырудық
методологиясы, практикасы" (АД995)
секілді ондаған монографиялық
еңбектері жарық көрді.
Адам баласы материалдық
және рухани өмірдің
ортасында тіршілік
етеді де, өзі өмір сүріп
отырған қоғамның, ұжымның,
ұлттың, рудық мүшесі
ретінде өзіндік ақыл-парасатымен,
жеке бастың өзіне тән
ақыл-ой, ерік-жігер,
мінез-құлық ерекшелігімен
көрінуге тырысады.
Қоғам мүшелерінің бәріне
ортақ біркелкі мінез-құлықтың,
қасиеттің болуы мүмкін
емес. Әр адам өзінше
жеке тұлға.
Жеке тұлғаның ерекшелігі
дегеніміз — оның өзіне
тән мінез-құлғындағы,
іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы
ерекшелігімен даралануы.
Қоғамдық тұлғаларға
ортақ этикалың бірыңғай
талаптардың болуына
қарамастан, қоршаған
орта жөнінде әр адамның
қалыптасқан өзіндік
ой-пікірінің, көзқарасының
болуы, олардың өзі өсіріп-білген
құбылысқа деген көзқарасын,
ой-пікірін білдіруі
заңды құбылыс. Мәселен,
біреулер - айналасындағы
құбылысқа таңдана,
тамашалай қараса, енді
біреулер - сын көзімен
қарап, ой-қорытуы, сын
пікірлер айтуы мүмкін.
Адамдардық қоршаған
ортадағы құбылыстарды
түсініп қабылдауы да
әр түрлі. Ол әр адамның
жеке басына тән физиологиялық,
психологиялық, биологиялың
ерекшеліктеріне байланысты.
Жеке тұлғаның ой-санасының,
білім көлемінің толысуына
байланысты оның өмірге
көзқарасы, белгілі
құбылыстарға баға беруінде
де өзгерістердің болуы,
толысып жаңарып отыруы
заңды құбылыс.
Өмірде бір анадан
туған егіз балалардың
түр жағынан бір-біріне
ұқсас болғанымен, мінез-құлқы,
іс-әрекеті, өмірге деген
икемділігі, қабілеті
бірдей болмайды. Сондықтан
әр адамды өзінше даралаған
жеке тұлға деп қараймыз.
Адамның саналық, мінездемелік
қасиеттерін анықтайтын
оның санасы болып табылады.
Сана ақыл-ойдан туындайды.
Адамның ақыл-ойы біркелкі
дамымайды. Адамдар
бір-бірін бағалауда
қателіктер жіберуі
де мүмкін. Кейбір адамдар
өзінің жеке басын басқалардан
артық бағалауға тырысады.
Жеке тұлғаға тән
қасиеті - ақыл, ес, яғни,
өмірді өзінің сана-сезім
өлшемімен қарап бағалауға
бейім тұруы. Сондықтан
өмірді танып білу -
миллиондаған жеке тұлғалардың
сезім, түсінігінен
тұрады.
Жеке тұлғаның еске
сақтауы өзге адамдардық
тәжірибесін жинақтауға
да негізделеді. Әрбір
тұлға оларды оқып, көріп,
оңығанын, естігенін,
көргенін өз ойына тоңып,
содан сабақ алу арқылы
да өзінің іс-әрекетін,
мінез-құлқын, сана-сезімін
байытады.
Адам өмірде өзі жіберген
қателіктерден де, басқалардың
қателіктерінен де сабақ
алады. Оны қайталамауға
тырысады. Мұны педагогикада
адамның өзін-өзі тәрбиелеуі
деп атайды. Басқалардың
өнегелі іс-әрекетінен
үйрену, оны өзінің жақсы
қасиетіне айналдыру
өмір заңы.
Тұлға — жеке адамның
мақсатының орындалуы,
ерік-жігерінің іске
асуы, өзі жөніндегі
ойын, еркін іске асыруға
дайындығы және оны
іске асыруының нәтижесі.
Ерік-жігер механизмі
дегеніміз - адамның
өзіне тән қасиеттерін
іске асыруы. Адам ойына
келген іс-әрекетті
іске асыруда ерікке
жол береді. Бірақ адам
бір нерсені істерде
алдымен еркін ақыл-парасат
таразысына салып, оны
іске асыру жөн бе, басқалар
оған қалай қарар екен? -деген
ойға қалады. Ерік-жігердің
іске асырылуы ақыл
мен санаға бағынышты.
Өмірде кейбір адамдар
бір іс-әрекетті іске
асырарда өте байыппен
қарап, осының нәтижесі
қалай болар екен деп "мың
ойланып, жүз толғанып"
іске кіріседі, ал кейбіреулер
бірден ойына алғанын
апыр-топыр іске асырып,
кейін опық жеп жатады.
Осының бәрі адамның
ерік-жігер күшінің
түріне байланысты.
Тұлға дегеніміз - сезімнің,
әсердің, ішкі күйініш-сүйініштің
бойға жинақталған көрінісі.
Алайда, әр тұлғаның
эмоциялық сезім дүниесі
әр басқа. Біреу жауыздықты
көргенде айғайлап,
бақырып, ішкі сезімінің
сыртқа шығуына еркіндік
берсе, екінші біреу
іштей булығып, көгеріп-сазарып,
тас-түйін болып қатып
қалады. Бұл әр тұлғаның
эмоциялық сезімі өзін-өзі
ұстай алу еркіне байланысты
құбылыс.
Адамның даму және
қалыптасуы жайында
осы уақытқа дейін әр
түрлі пікірлер мен
теориялар орын алып
келеді. Атақты грек
философтары Платон
және Аристотель адамның
дамуын, алдын-ала тағдыр
белгілеген тұқым қуалаушылық
табиғатынан деп дәлелдеді.
Аристотель құл болушылық
немесе бағынушылықты
табиғаттың заңы дейді.
Тұқым қуалаушылық
теориясын қолданушы
және уағыздаушылардың
бірі - преформистер.
Преформизм - XVIII ғасырда
биология саласында
үстемдік еткен, адамның
дамуы жайлы диалектикаға
қарсы философиялық
ағым. Преформистер
ересек адамдардық барлық
қасиеттері мен белгілері
ана құрсағындағы сәбидің
ағзасында болады, сондықтан
жеке адамның дамуын
алғашқы рет ұрықта
пайда болған қасиеттердің
өрістеп күшеюі мен
сан жағынан артуы деп
қарастырады.
Баланың дамуына
әсер ететін факторлар
және оның мәні.
Даму - жеке адамды
жетілдірудің өте күрделі
және диалектикалық
процесі. Балада анадан
туа біткен белгілі
идеялар мен түсініктер
және өжет, жұмсақ немесе
байсалды мінез болмайды.
Плланың адамгершілік,
әуестік, белсенділік
және батылдық сияқты
қасиеттері даму процесінде
қалыптасады. Өйткені,
оның өсіп жетілуіне
белгілі әлеуметтік
тәрбие мен орта әсер
етеді. Адаманың дамуы
және оның дүниені тануы
түрлі әлеуметтік жағдайларға
байланысты. Сондықтан
оның мінезінде әр түрлі
ерекшеліктер мен процестер
пайда болады. Баланың
дамуына ықпал ететін
факторларға тұқым қуалаушылың,
әлеуметтік орта, тәрбие,
т.б. жатады.
Тұқым қуалаушылық -
ұрпақтың ата-ананың
биологиялық ұқсастығын
елестетуі. Кейбіреулері
баланың сыртқы пішініне
қарап, бірден қалай
әкесіне не шешесіне
ұқсап қалған деп таңданады.
Әрине бұл кездейсоқ
нерсе емес. Өйткені,
баланың шашы мен көзінің
бояуы, терісінің пигменті,
бет келбеті мен басының
формасы, жүрісі мен
өзін ұстау қалпы тұқым
қуалаушылық арқылы
берілетін биологиялық
ұңсастықты еске түсіреді.
Бала қозғалыс мүшелерін,
нерв жүйесінің функциялық
қасиеттерін, ал кейде
дауыс тембрі, музыкаға,
биге, математикаға
қабілеттілігі сияқты
өте нәзік ерекшеліктерді
тұқым қуалау арқылы
алады. Бірақ, өте нәзік
ерекшеліктердің тұқым
қуалау жолымен берілуі
өте сирек кездесетін
жағдай. Мысалы: әйгілі
ұлы компо-зитор Иоганн
Себастьян Бахтың ұрпақтарында 300
жыл ішінде тек қана 20
адамдай музыканттар
болған. Мұны бір жағынан
отбасы мүшелерінің
табиғи мүмкіншіліктердің
(нышанның) болуына,
екінші жағынан отбасындағы
музыкалық дәстүрге,
музыкалық тәрбиеге
байланысты деп қарастырған
жөн.
Орта - адам дамуына
табиғи және әлеуметтік
орта ықпал жасайды.
Табиғи орта - бұл
түрлі табиғат жағдайының
адам тұрмысына қызметіне
ықпал жасауы. Жылы және
суық климат жағдайы
халықтардың тұрмысына
әрекетіне елеулі ықпал
етеді. Климаты ыстық
жерлерде егін шаруашылығымен
шұғылданады. Ал солтүстіктегі
жерде балық, бұғы шаруашылығымен
айналысады. Табиғат
жағдайына байланысты
олардың мінез-құлықтары
да ерекшеліктер байқалады.
Әлеуметтік орта -
жеке адамның мінез-құлқының
дамуына ықпал жасайтын
әлеуметтік қатынас,
олардың көп қырлы іс-әрекеттері.
Әлеуметтік ортаға мектептің
ықпал жасауы нәтижесінде
баланың дүниеге көзқарасы,
құлықтық, эстетикалық
және осы сияқты болымды
қасиеттері дамып қалыптасады.
Егер адамдардық қалыптасуына
ортаның қатысы шамалы
болса, онда орта адамдардық
талабын қанағаттандырмайды.
Сондықтан адам өзінің
дамуы үшін қажетті
материалдарды осы әлеуметтік
ортадан жинайды. Егер
бала әлеуметтік ортадан
тыс қалса, онда оның
даму дәрежесі жануарлардан
жоғары болмайды.
Африкада, Үндістанда,
Инденезия елдерінің
ормандарында Түрлі
себептерімен аңдардық
үңгірлерінде әлеуметтік
ортадан тыс өмір сүретін
жас баланың санасын
ояту, қабілетін дамытудық
мүмкін емес екендігіне
ғылыми мәліметтер дәлел
бола алады. 1920 жылы
Үндістанның Гадамури
деревнясында тұрғындардық
хабарлауымен аңшылар
қасқырдық інінен бет
әлпеті адамға ұқсайтын,
бірақ төрт аяқтап жүретін
екі қыз баланы табады.
Оларға Камала және
Амала дейтін ат қояды.
Камала 7-8 жаста, ал Амала 2
жаста. Амала көп кешікпей
өледі, ал Камала күн
сәулесінен және оттан
қатты қорқып, тек шикі
ет жеп қана күн көріп,
төрт аяқтап жүріп, көбінесе
күндіз ұйықтап түнде
бөлме ішін кезіп жүрген,
өзінің кешкі сағат
ондарда, түнгі сағат
бірлерде, таңға жақын,
үш мезгіл ұлыитын уақыты
болған. Камаланы адамға
айналдыру өте қиын
болған.
Адам арасында жүрген 2
жылдан кейін Камала
түрегеліп тұруды және
екі аяғымен жүріп, бірте-бірте
түнде ұйықтап, тамақты
қолымен жеуді үйренеді.
Адам тілін үйрету бұдан
да қиын болған. Жеті
жыл ішінде Камала 45
сөз ғана түсіне білді. 15-ке
келгенде оның есі екі
жасар баладай, ал 17-ге
келгенде ой-өрісінің
дамуы 4 жастағы баланың
деңгейіне әрең жетті.
Камала 17 жасқа дейін
өмір сүрген.
Адам жеке тұлға болып
қалыпты өсуі және дамуы
үшін тек қана адамдар
арасында өмір сүруі
қажет. Соңғы кезде орталық
Австралияда және Филиппиннің
Менданао аралы ормандарынан
табылған жабайы адамдардық
сана-сезімінің өте
төменгі сатыда екендігі
байқалады. Олардың
тіршілік әрекетінің
де алғашқы қауымдағы
жабайы адамдардық өмір
сүріп, күнін көру әрекетінің
ұқсастығы анықталады.
Педагогика адам
дамуындағы әлеуметтік
ортаның ықпалын мойындайды,
оған зор мән береді.
Бірақ ортаны шешуші
және мидын ала анықтаушы
фактор деп қарастырмайды.
2. Тәрбиенің бала
дамуындағы рөлі. Жеке
адамды дамытудағы басты
факторлардың бірі -
тәрбие. Тәрбие балалардың
жеке және дербес ерекшеліктеріне,
дайындығы мен дәрежесіне
лайық іске асырылып,
тәрбие адамдардық іс-әрекеттерін
ұйымдастырады. Ол үшін
тәрбиеші алдын ала
жасалған арнаулы жоспар
бойынша тәрбие жұмысын
мақсатқа бағыттап ұйымдастырып,
тәрбиенің құралдары
мен әдістерін және
формаларын іздестіреді,
оларды тиімді етіп
пайдаланады.
Тәрбиенің рөлін
педагогика тарихында,
аса артық бағалаушылар
да болды.
Д.Локк (1632-1704) "тәрбие
адамның көзқарастары
мен адамгершілік қасиеттерін
жасайтын негізгі құрал,
адам тәрбие арқылы
жақсы болады" - деп
сыңаржақ пікір айтты.
Бала өмірге келгенде,
оның жаны сүттей ақ,
судан таза, соңдықтан
тәрбиеші өзіне керек
адамды жасап алады
деп, тәрбиенің рөлін
аса дәріптеп, тұқым
қуалау мен әлеуметтік
ортаның баланың қалыптасуындағы
рөлін онша бағаламады.
Революционер-демократ
В. Г. Белинский (1811-1848)
баланың жаны таза тақтай
емес, тақта да сапалы,
жазу да әдемі болу керек
деді. Белинский тәрбиенің
рөлін жоғары бағалап,
адам дамуындағы тұқым
қуалаушылық пен ортаның
әсерін де ескерген
жөн деді.
Д.Локк, т.б. көзқарастар
бойынша тәрбие арқылы
адамды түрлі дәрменсіздіктен,
кемістіктен құтқаруға
болады. Демек, олар
тәрбие арқылы адам
баласының тұрмысын
жақсартуға және санасын
өзгертуге болады деген
жорамал ойға келді.
Тәрбие арқылы халықтың
тұрмысын жақсарту үшін
материалистік педагогика
таптық қоғамды жойып,
демократиялық қоғам
құруды ұсынды.
Тәрбиеші тәрбие
арқылы баланың түрлі
іс-әрекеттерін тиімді
етіп, оның жақсы дамуына
қажетті материалдарды
іріктеп алады, айналадағы
табиғи және әлеуметтік
ортаға көзқарасын дамытады.
Тәрбие жұмыстарының
сара жолдарын табу
нәтижесінде баланың
ой-өрісі кеңейеді, эстетикалық
сезімі мен талғамы
артып, адамгершілік
сапасы қалыптасады.
Мектеп мемлекет
қолындағы ақпарат құралдардық (баспа-сөз,
радио, теледидар) көмегімен
оқушыларға тәрбие береді,
сондай-ақ, мемлекеттің
саясатын жүргізеді.
Баланың жеке басының
дамуы мен қалыптасуына
ықпал ететін үш фактордық
ішінен тәрбие адамның
дамуына орасан күшті
ықпал етіп, тұқым қуалаушылық
пен ортаның ықпалына
белсенді әсер етіп,
баланың дамуын қоғам
талаптарына сәйкес
бағыттап, белгілі бағытта
баланың өмірі мен іс-әрекеттерін
ұйымдастырады, ортадағы
жағдайлардан тұлға
дамуына қажетті материалдарды
іріктейді, жеке бастың
дамуына теріс, зиянды
әсер қалдыратын жағымсыз
ықпалдардан аластайды.
Осы тұрғыдан келгенде
тәрбие аға ұрпақтың
жаңа ұрпаққа қоғамдық
тарихи тәжірибені беру
процесі, жаңа ұрпақты
өмірге, еңбекке дайындау
арқылы қоғамның алға
қарай дамуын қамтамасыз
ететін процесс.
Сонымен, тәрбие бала
дамуын бағыттайды,
басқарады, сондықтан
да ол — баланы қалыптастырудағы
негізгі күш. Тәрбие
негізгі күш болғандықтан,
оның жетімсіздігі,
әлсіздігі баланың қалыптасуына
кері әсер етеді.
3. Акселерация оның
әлеуметтік және педагогикалық
мәні. Адамның өсіп жетілуінде
белгілі заңдылық болады.
Ал, бұл заңдылық әр
балада әр қалай болады.
Баланы дұрыс тәрбиелеу
үшін олардың жас және
дара ерекшеліктерін
білу қажет.
Мектептегі кезеңнің
өзі бастауыш (6-10 жасқа
дейін), тоғыз жылдық (10-15-ке
дейін), орта мектеп
оқушылары (15-18-ге дейін)
болып үшке бөлінеді.
Баланың дене дамуындағы
ең маңыздысы - орталық
жүйке жүйесі, өйткені
адамның психикалық
әрекеттері осы орталық
жүйке жүйесіне байланысты
болады. Балалардың
дене және психикалық
дамуында соңғы жылдары
айқындалған күрделі
өзгерістердің бірі -
ағзаның жедел дамуы.
Бұл құбылыстарды акселерация (латынша
"дәлелдеу") деп
аталады. Акселерацияға
тән ерекшелік: балалардың
бойының, салмағының
бұлшық еттерінің жедел
түрде өсіп жетілуі.
Акселерация құбылысы
түрғысынан қарағанда
қазіргі жеткіншек балалардың
бойы биік, иықтары қысыңқы,
кеудесі қысқа, аяқтары
ұзын келеді. Күні бұрын
тез жетілген ағза ауруға,
суыққа және дене салмағына
төзімсіз келуі анықталуда.
Ересек жастағы балалар
жыныс мүшесі жетілу
кезінде тез шаршайды.
Осындай тез өсетін
ағзада жүрек тамыр
жүйесінің дамуы бірнеше
есе қалыс қалады да,
өз міндеттерін атқара
алмайды. Ал баланың
психикалық жетілу денгейі
артта қалады. (соңдықтан
ер немесе қыз бала қоғам,
отбасы алдындағы өзінің
борышын ар-намысын,
міндеттерін, жауапкершілігін
түсіне көрмейді. Осы
мәселені ата-аналар,
мұғалімдер ескеріп
отыруы қажет.
Акселерация - биологиялық
фактор, әлеуметтік
жағдайлардың жақсаруы
сонымен бірге радио
толқындардық және географиялық-климаттық
жағдайлардың өзгеруі
аталған құбылыстың
пайда болуына әсер
етті. Әрине акселерация
құбылысы жайлы түпкілікті
қорытынды шығару ертерек.
Өйткені бұл әлі де зерттеуді
қажет етеді, дегенмен
акселерацияға байланысты
мектеп жиһаздарына,
сырт және аяқ киімдерінің
үлгілеріне, дене шынықтыру
және жаттықтыру кешендеріне
қайта қарауға тура
келіп отыр. Акселерацияның
ақыл-ой дамуына ықпал
жасайтындығы байқалуда.
Сонымен адамның дамуы
өзара байланысты бірнеше
факторлардың ыңпалымен
жүретін күрделі педагогикалық,
психологиялық процесс
болып табылады.
4. Белсенділік, оның
түрлері және тұлға
дамуындағы рөлі. Адам
белсенділігінің табиғатын
тани білу, еңбек және
моральдық белсенділік
дәрежесі бойынша адамның
қоғам мен ұжым үшін
жарамдылығын жете анықтау
мұғалімнің басты міндеті.
Белсенділік - адамның
іс-әрекеті үстіндегі
жағдайын айтады. Тіршілік
және іс-әрекеттері
барысында адамның қарым-қатынас
жасау, таным және өзін-өзі
тәрбиелеу белсенділігі
дамиды.
Бала белсенділігінің
ең алғашқы формасының
бірі - қарым-қатынас
жасау белсенділігі.
Бұл адамның бүкіл өмірінде
дамитын белсенділік.
Балалардың жас ерекшеліктеріне
сәйкес басқа адамдар
мен қарым-қатынас жасау
белсенділігінің мазмұны
өзгеріп отырады. Мектеп
жасына дейінгі балалар
ересек адамдардық әрекеттеріне
үңіле қарап, үйренеді,
оларға еліктейді. Балалардың
саналы түрдегі мұндай
әрекеттерін ырықтм
немесс ерікті белсенділік
дейді. Бұл жастағы балалардың
үлкендердің әрекеттеріне
және олармен өзара
қарым-қатынас жасауға
еліктеуі рөлге құрылған
ойындарды атқару барысында
байқалады. Ойын барысында
балалардың құрдастарымен
өзара қатынасы өзгереді.
Бала еліктеу, қабылдау
арқылы түрлі рөлді
ойындарды атқара отырып,
әлеумет өмірінің, өндіріс
қатынастарының мазмұнын
түсінеді.
Әр түрлі ойын баланың
дүниетінымын кеңейтіп,
қарым-қатынас жасау
белсенділігін дамытады.
Қарым-қатынас жасау
белсенділігі жеке адам
қасиеттерінің (қайырымдылық,
қамқорлық, т.б.) қалыптасуына
мүмкіндік туғызады.
Баланың даму барысында
таным белсенділігі
артады.
Оқушылардың өзін-өзі
тәрбиелеу ісін жетілдіру
үшін олардың жас және
дербес ерекшеліктерін
еске алып, оқу-тәрбие
жұмысының барысында
сана-сезімін ояту, өз
бетінше жұмыс істей
білуге үйрету - мұғалімнің
басты міндеті. Мұғалім
оқушының білімге, өнерге
қызығушылық ынтасын,
спорт ойындарына құштарлығын
анықтайды, өзін-өзі
тәрбиелеуге жүргізілетін
жұмыстардың тақырыптарын
ақыл-ой, құлық, еңбек,
эстетикалық тәрбиесімен
ұштастырып алады. Баланың
өзін-өзі тәрбиелеу
белсенділігін қоғамдық
жұмыстарға байланысты
тапсырмалар беріп,
орындау арқылы дамытуға
болады. Мысалы: сынып
старостасы, тазалық
комиссиясының төрағасы
болу, т.б. Осындай тапсырмаларды
сапалы дер кезінде
орындап отыруға балаларды
үнемі жаттықтыру мен
дағдыландыру мұғалімнің
және тәрбиешінің төл
ісі. Оқушылардың жас
ерекшеліктері мен жеке
қабілеттерін ескере
отырып, барлығын тапсырмалармен,
яғни, түрлі қоғамдық
іс-әрекеттермен қамтамасыз
ету керек. Егер тапсырма
балаға бұйрық есебінде
немесе көтеріңкі дауыспен
берілсе, онда ол іштей
наразылық білдіріп,
тапсырманы орындамай
аяқсыз қалдыруы мүмкін.
Сондықтан мұғалім әр
уақытта өзінің ілтипатты
және ұстамды болуын
естен шығармай, тапсырманы
тыңғылықты орындау
үшін балаға рухани
күш беріп, сенім білдіреді.
Кейбір баланың еріктік
қасиеттері тұрақсыз
болады. Ол бірінші қиыншылықты
сезісімен-ак; қоғамдық
тапсырманы орындаудан
бас тартады. Мұндай
сангвиник балаға көмек
бере отырып, оның намысына
тимей, тапсырманы орындауын
табандылықпен талап
ете білу керек. Сонда
ғана ба-ланың ісінде
жаңа қарқын туып, ол
алдына қойған мақсатын
орындаудық қажет екенін
сезінеді.
Адамның еңбекте
және адамдармен қарым-қатынаста
көрсетсен белсенділігіне
қарап оның қоғам және
ұжымға жарамдылығын
жете анықтау мұғалімнің
басты міндеті.
5. Бала туралы синтездік,
комплекстік ғылым болып
табылатын педогогия
ғылымының басты "айыбы"-
балалар мәселелері
мен әр типті мектептердегі
шәкірттердің жан жүйесін
өрттеуде сауалнама
мен тест әдістерін
шамадан тыс пайдалануы,
сондай-ақ осы ғылымның "Бала
ой-өрісінің дамуы түрліше
болып, әлеуметтік ортасына
қарай олардың ойы, зердесінің
деңгейі біреуде жоғары,
біреуде төмен болады," -
деген тұжы-рымдарды
жалған деп есептелуі.
Педогогия бала туралы
ғылымдарды: психология,
педагогиясы, физология,
психотехника, т.б. комплексті
түрде біріктіретін,
баланың жан-жүйесі
жайлы жан-жақты мағлұмат
беретін синтездік ғылым
болып табылады. Х.Досмүхамедұлының
педогогия саласында
жүргізген іс-әрекетіне
де ғылыми әділеттілік
тұрғысынан қарасаң,
оның пікірінше, қазақ
баласының шыр етіп
жерге түскеннен бастап
кәмелетке толғанға
дейінгі тыныс-тіршілігі
ән-жырдық құшағында
өтеді, әдетте оның бірінші
еститін үні - анасы
айтқан бесік жырының
әуені. Қазақ баласын
тәрбиелеуде дыбыстың
ырғақтардың басты орынға
шығуына қазақтардың
өмірін кез келген жағдайында
өлең шығарып, ән ай-туы
себеп болған.
Сондай қысылтаяқ
кезеңде қазақ педогогиясының
бірнеше жыл басы-қасында
жүрген Х.Досмүхамедұлы
осы саладағы еңбектерін
қорытындылап үлгермеді.
Ғұлама ғалым өз еңбектерінде
бала психологиясының
қалыптасу жолдарын,
қазақ халқының үлттық
ерекшеліктерін негіздей
отырып түсіндіреді.
Сол кездегі көрнекті
кеңес психологтары
П.П.Блонский мен Е.С.Выготскийлер
де өз зерттеулерінде
педогогиялық тұжырымдарға
жүгініп отырған.
6. Жас ерекшеліктері
туралы ұғым. Белгілі
кезеңдерге бөлінуі.
Белгілі бір шақтық
кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық
және психологиялық
ерекшеліктерді әдетте
жас ерекшеліктері деп
атайды. Сондықтан педагогика
және психология балалардың
жас ерекшеліктеріндегі
шираңтықты, өзгерімпаздықты
айқындайды, тәрбиеленушінің
және қоршаған ортамен
жасайтын қарым-қатынастар
жүйесіне тәуелді болатынын
атап көрсетеді. Балалардың
өсіп-жетілуінің бір
сатысынан екіншісіне
көшуі кездейсоқ емес.
Әр жастағы кезеңге
тән психологиялық ерекшеліктердің
үштасуын жиі байқауға
болады.
Сана-сезімнің, дене
күш-қуаттарының дамуы
адамдардық жас ерекшеліктеріне
байланысты. Баланың
жасы өскен сайын бойлары
өсіп, денелері тұлғаланып,
ақыл-саналары дамып,
білімдері тереңдей
бастайды. Балалардың
жас ерекшелігін есепке
алу, Оқыту мен тәрбие
жүйесіндегі негізгі
принциптердің бірі.
Қоғамда атқаратын рөлі,
белгілі құқығы бар
адамды жеке адам деп
түсінеміз. Ал, қалыптасу
дегеніміз - адамның
жеке басының дамуы
мен тәрбиесінің нәтижесінде
жетілуі, саналы өмір
сүруге дайын болуы.
Жас ұрпақты қоғамдық
өмірге және еңбекке
араласуға дайындау
міндетін іске асыруда,
баланың жеке басын
қалыптастыруға әсер
ететін тәрбие, қоғамдық,
әлеуметтік орта және
тұқым қуалаушылық.
перзент сүю - ата-ананың
бақыты, олардың қоғам
алдындағы табиғи борышы.
Ұрпақ жалғастыру - бүкіл
тіршілік дүниесінің
эволюциялық жемісі.
Адам табиғат-тан тыс
өмір сүрмейді, олай
болса, оның табиғи зақына
орай дүниеге ұрпақ
әкеледі. Адам өзінің
баға жетпес ұрпағы
үшін бар жағдайды жасайды.
Тәрбие ісінде балалардың
жас ерекшеліктерін
ескеріп отыру қажеттігін
педагогика ғылымы ерте
кезде-ақ көрсеткен
еді. Ал белгілі педагогтер
Я.Коменский, Ж.Руссо
тәрбие беру кезінде
бала табиғатын, оның
қабылдау, ойлау ерекшеліктерін
еске алып отыруға үндеген
болатын.
Қазіргі педагогика
және психология ғылымдары
балалар мен жеткіншектердің
дамуындағы биологиялың
фактордық рөлін айрықша
көрсетеді. Педагогика
ғылымы жас ерекшеліктерін
анықтауға баланың дамуын
үнемі қозғалыс үрдісі
ретінде қарастыра отырып,
бұл қозғалыстан сан
жағынан жинақталу,
сапа жағынан елеулі
өзгерістер болатынын
алға тартады. Мәселеге
бұлайша қарау балалардың
дене және психикалық
дамуының бірқатар кезеңдерін
белгілеуге мүмкіндік
береді. Осының негізінде
мектеп жасындағы балалар
мен жасөспірімдердің
өсіп-жетілуін мынадай
кезеңдерге бөлу қабылданды:
1) төменгі сынып шағындағы
кезең (7 жастан 11 жасқа
дейін);
2) негізгі мектеп
шағындағы жеткіншектік
кезең (12 жастан 15 жасқа
дейін);
3) орта мектеп шағындағы
жасөспірімдік кезең (15
жастан 18 жасқа дейін).
Соңғы жылдары симпозиумда
қабылданған жас кезеңдерінің
сызбасына жаңа туған
баладан бастап жасөспірімдік
шаққа дейінгі өзгерістер
кіреді. Олардың сатылары:
1. Жаңа туған бала (туған
сәттен бір-екі айға
дейін)
2. Нерестелік шақ
(бір-екі айдан бір жылға
дейін);
3. Ерте сәбилік шақ
(бір жастан үш жасқа
дейін);
4. Мектепке дейінгі
балалық шақ (төрт жастан 7
жасқа дейін);
5. Бастауыш мектеп
жасы (7 жастан 11,12 жасқа
дейін);
6. Жеткіншек шақ (11, 12
жастан, 14, 15 жасқа дейін);
7. Жасөспірім шақ (14,5
жарым жастан, 17 жасқа
дейін).
Тәрбие мен оқыту
осы жас сатыларына
сәйкес жүргізілуі керек.
Өйткені, адам жасының
табиғи негізі - жас
сатылары немесе биологиялық
жетілу сатылары.
Әрбір жас шағы психикалық
дамудық ерекше сапалы
кезеңі болып табылады
және бала дамуының
осы кезеңдегі жеке
басының өзіндік құрылымының
жиынтығын құрастыратын
көптеген өзгерістермен
сипатталады. Осыған
байланысты әрбір педагог-маман
орта мектеп оқушыларының
жас кезеңдеріндегі
ерекшеліктерге сергек
те сезімтал көзқараспен
қарап, олардың жан дүниесін
түсіне білуі шарт.
Мектепке дейінгі
балалық шақта, жас баланың 4
пен 7 жасының аралығындағы
өзіне тән ерекшеліктері,
оның айналасындағы
болып жатқан құбылыстарды
жіті аңғарып, көргені
мен сезінгендерін зердесіне
хаттай жазып ала қоятын
зеректігін ала бөтен
ескерген жөн. Әрдайым
қозғалыс үстінде жетіле
дамыған балалардың
денесі мен салмағы
да бір қалыпты мөлшерді
сақтап өсіп отырады.
4-5 жасар балалардың
салыстырмалы ойлай
алатын қабілеттері
ерекшелене түседі.
Санамақтарды әжептәуір
игеріп, аз және көп
сандарды, айдық, күн,
жыл мезгілдерін айыра
алатын халге жетеді.
Бұл жастағылардың ойыны,
әрбір әрекеттері мазмұнға
айналып, белгілі бір
мақсаттарды орындауға
ұмтылыс жасайды. Бұл
жастағы балалар топ-топ
болып, өзара бірігіп
ойнағанды жақсы көреді.
Балабақшаларының өмірге
қанат қақтырар жеткіншектері
— 6 жастан өтіп 7-ге
толған балалар екені
әркімге де аян. Баланың
мектепке 7 жасында баруы -
негізінен биологиялық
және физиологиялық
заңдылықтарды басшылыққа
алудан деп түсінген
жөн. Дендері сау боп
дүниеге келген балалар,
қашан да алғыр да зерек
үғымталдығышпен ерекшеленеді.
Олар айналасындағы
құбылыстарды тез байқап
қабылдауға да бейімді.
Жете түсінген құбылыстарын
өмір бойы ұмытпайтындықтары
да белгілі.
Төменгі сынып оқушысын
дамыту және тәрбиелеудің
ерекшелігі
Бастауыш мектеп
жасындағы баланың психологиялық
ерекшіліктері баланың
бұрынғы дамуында жинақталып,
оны өз кезегімен дамудық
келесі сатысына көшуге
дайындап отырады. Бастауыш
мектеп мұғалімі сынып
оқушыларының ерекшеліктерін
зерттей отырып, сол
ерекшеліктерді мектепке
дейінгі шағында қалыптасқан
ерекшеліктерден бөлек
алып қарай алмайды.
Мектептегі оқыту
оның бүкіл өміріне
түбегейлі, сапалы өзгерістер
енгізеді. Алаңсыз балалық
шақ аяқталып, баланың
өмірінің іс-әрекеттің
жаңа түрі - оқу енеді.
Оқу міндетті іс болып
табылғандықтан, ол
баладан белгілі бір
жауапкершілікпен еңбек
етуді талап етеді. Мектепке
бару баланың қоғамдағы
және отбасындағы жағдайын
өзгертіп, оған бірқатар
жаңа міндеттер жүктейді.
Осының бәрі баланың
қоғамдағы жағдайын
өзгертіп, бұл өзгерісті
ол біртіндеп сезінеді.
Төменгі сынып оқушылары
біртіндеп оқу ісіне,
мектептің сан-салалы
өміріне бауыр басып,
өздерінің түсініктерін
кеңейтіп, сөздік қорын
молайып, оқуға, жазуға ,
санауға үйренеді. Оқытудық
алғашқы сатысында олардың
өмірлік тәжірибелері
молая түседі. Бірлесіп
оқу, жалпы оқу тапсырмаларын
шешу, мінез-құлықтың
жаңа ережелері мен
нормаларын игеру балалар
арасында қарым-қатынастардың
қалыптасуына жағдай
туғызады. Төменгі сынып
оқушыларының ойлауын
дамытуда екі негізгі
саты байқалады. Бірінші
сатыда ойлау әрекеті
мектеп жасына дейінгі
баланың ойлауын еске
түсіреді. Екінші сатыда
оқушылар заттар мен
жағдайларды сыртқы
белгісі бойынша бағалайды.
Есейе келе ойлау сипаттары
өзгереді. Оқушылар
білуге әуесқой болғандықтан,
олардың табиғат құбылыстары,
адамдардық өмірі туралы
сұрақтары көбейеді.
Шығармашылық ойындар
баланың ақыл-ойын дамытады.
Сезімдік көңіл-күйінің
көтеріңкілігі - олардың
маңызды бір ерекшелігі.
Оқушылар ересек адамдармен,
өзінің құрдастарымен
қарым-қатынаста болғанды
жақсы көреді.
Бұл жастағы балалардың
негізгі іс-әрекеті -
оқу. Бастауыш сынып
оқушылары ұзақ уақыт
бір қалыпты отыра алмайтындықтан,
сабақта жазу мен оқуды
алмастырып, сергіту
сәттерін өткізіп, сыныптың
ауасын тазартып, үзіліс
кезінде мектеп ауласында
ойындар ұйымдастыру
керек.
Мұғалім оқыту процесін
жеке бөліктерге бөліп,
оқушыларға жеңіл тапсырмалар
беріп, оларды бірте-бірте
күрделендіріп отырады.
Оқыту процесі зейін
мәдениетін тәрбиелеуге
бағытталуы керек. Оқуға
және қоғамдық жұмыстарға
байланысты талаптарды
жүйелі қойып, оның орындалуын
бақылау, өздік жұмыстарды
орындату, іс-әрекетті
түрлендіру, ойындарды
қолдану, балалардың
еңбегін жеңілдетіп,
балаға тапсырма орындаудық
қажет екендігін түсіндіру
арқылы, мұғалім оқушының
оқуға деген жауапкершілігін
тәрбиелейді.
Бала форма, бояу,
дыбыс арқылы ойлайды,
сондықтан көрнекілік
әдістері мен ойындарды
жиі қолдану пайдалы.
Мектептегі, үйдегі
еңбек, дене жаттығулары,
ойындар баланың есте
сақтау қабілетін дамытады.
Бастауыш мектеп
оқушыларының оқу мүмкіндіктерін
зерттеп, оларды күрделі
бағдарлама, оқулықтармен
оқыту өте маңызды іскерлік,
атап айтсақ, өз ойын
ауызша, жазбаша түрде
беруге үйретеді.
Бұл жастағы балалармен
тәрбие жұмысын дұрыс
ұйымдастыру үшін мына
ерекшелікті ескеру
керек: сөз бен істің
сәйкесті болуын талап
ету, жөнсіз кінәлаудан
жеркену сезімінің болуы,
үлкен адамдардың жіберген
қателігін тез байқау,
арманшыл-қиялшыл, ұйымшыл,
сенімді серік іздеу,
өз мүмкіндіктерін асыра
бағалау, түрлі спорт
ойындарына ықыласты
болу. Осы ерекшеліктерді
оқу тәрбие жұмысында
сынып жетекшілері,
мұғалімдер, ата-аналар
ескеруі қажет.
Адамгершілік тәрбиесінде
баланың көнгіштігін,
сенгіштігін, еліктеуге
бейімділігін пайдаланып,
қателігін мойындауға
үйретуге болады. Мұғалімнің
оқушымен қарым-қатынасы,
жайдары ізгі қатынасқа
көшуі, баланың өзін
тануына көмектесуі
адамгершілік сезімін
тәрбиелейді. Ерекше
көңіл аударатын мәселе -
баланың мінез-құлқының
көпшіл де кең пейілді
болуы.
Бұл жастағы балалар
үшін еңбектің тәрбиелік
мәні зор. Балаларды
бірте-бірте еңбекке
баулу отбасында, ұжымда
жүргізіледі. Ұзақ уақыттың
дене еңбегіне, күш түсетін
жұмыстарға әлі қабілетсіз
болатындығын ескеру
керек. Еңбек іс-әрекетімен
жүйелі айналысу, оны
бірте-бірте күрделендіру,
өндіріс орындарына
экскурсияға апару,
мамандықтармен таныстыру
тұлғаның әлеуметтік
құнды сапаларын қалыптастыруға
көмектеседі. Төменгі
сыныпта өзіне-өзі қызмет
етудің әдеттері мен
дағдылары қалыптасады.
Үлкендердің еңбегін
құрметтейді, адам өміріндегі
еңбектің рөлін түсініп,
дене еңбегіне даяр
болады, дүние туралы
ұғымдар қоры, қажетті
іс-әрекет икемділігі
дамиды.
Мектептің ең негізгі
міндеті - балаға білім
атаулының әліппесін
үйретумен қосаілім
атаулрдегі өз орынын
табуына көмектесу.
Жеке тұлғаны қалыптастыруда
ең бастысы - ақыл-ой,
адамгершілік, еңбек,
эстетикалық, дене тәрбиесін
өзара байланыста кешенді
жүргізу.
Жеткіншек балаларды
дамыту және тәрбиелеу
ерекшелігі.
Жыныстық толысу
тез жүреді:
- қыздарда - 11-13 жас;
- ер балаларда - 13-15
жас.
Қанқа сүйегі мен
бұлшық етінің жедел
жетілуіне байланысты
моторлық аппараттың
қайта құрылуы мінез-құлқының
өзгеруіне әкеліп соғады,
сондыктан дене тәрбиесін
дұрыс ұйымдастыру керек.
Жеткіншек шақ. Жеткіншектік
кезеңнің шектері шамамен
орта мектептің V-VIII
сыныбына сәйкес келеді
де, 11-12 жастан 14-15 жасқа
дейінгі аралықты қамтиды.
Жеткіншектік кезеңнің
баланың дамуындағы
ерекше орны оның "өтпелі", "бетбұрыс",
"қиын", "сыналатын"
кезең деген атауларында
бейнеленген. Бұл - ең
тынымсыз, ең қиын, ең
қызба жас. Жеткіншектің
жеке басы дамуының
аса маңызды факторы
-оның өзінің ауқымды
әлеуметтік белсенділігі,
ол белгілі бір үлгілер
мен игіліктерді игеруге,
үлкендермен, жолдастарымен
қарым-қатынас орнатуға
бағытталады. Жеткіншектік
кезеңнің маңыздылығы
адамның жеке басының
моральдық, әлеуметтік
негіздерін қолданып,
қалыптасуының жалпы
бағытының белгіленуі.
Бұл кезеңдегі дамудағы
биологиялық және әлеуметтік
жағдайлардың рөлі туралы
теориялық талас жарты
ғасырдан астам уақыттан
бері болып келеді.
Жеткіншектер дамуындағы
ерекшеліктер әр түрлі
теорияларға негіз болды.
Жеткіншектік шақтың
басында балалардың
сырт пішіні, мінез-құлқы
ересектерге ұқсамайды.
Олар көп ойнап, көп
жүгіреді, алысып-жұлысып
тентектіктер жасайды,
әлі де бала бола жүріп,
елеусіз есейеді. Жеткіншектің
жеке басындағы басты
жаңа құрылым өзі туралы "енді
бала емеспін, ересекпін
" - деген түсініктің
пайда болып, өзіне жұрттың
осы-лай деп қарауын
тілейді.
Мектеп пен оқу жеткіншектердің
өмірінде үлкен орын
алады. Оқу қызметіндегі
ол қылықтардың сырттай
көріну дәрежесі әр
түрлі болуы мүмкін.
Жеткіншектер білімді,
әділ, мейірімді, сабақтағы
жұмысты ұйымдастыра
білетін мұғалімдерді
бағалайды. Мұғалім
міндеті - оқу материалдарын
қайталау арқылы мағынаны
есте сақтауға үйрету
болып табылады.
Жеткіншектік шақ -
болашақ туралы балалық
армандардық орнына
өзінің мүмкіндіктері
мен өмір жағдайларын
ескере отырып, ол туралы
ойлану басталатын,
өз ниеті, іс-әрекетін
жүзеге асыруға ұмтылатын
кезең екендігін үнемі
қаперде ұстауымыз қажет.
Сананың дамуы баланың
өз бетімен тәуелсіз
талаптануын тудырады.
Олар үйелменде, мектепте
еңбек процесіне араласады,
күнделікті өмірді бақылайды,
ой-өрісі кеңиді. Бұл
жастағы бала намысқор
келеді, үлкендер бақылауын
әкімшілік шараларды
ұнатпайды. Үлкендерді
озбырлық жасайды деп
ойлайды. Кейде түсініспеушілік
осындайдан да туады.
Үлкендерге байланып
олардың мінезінен шындықты
байқауға тырысуы үлкендер
мен балалар арасында
түсініспеушілік туғызады.
Үлкендердің ойланбай
асығыс шешім қабылдауы
балаға зиян келтіруі
мүмкін. Бұл жастағы
балалар өнегелі адамдардық
істерімен масаттанады.
Осы тұрғыдан баланың
мінезін тәрбиелеу,
ықыласы мен қабілетін
дамыту, мұқтаждары
мен тілектерін қамтамасызыз
ету дұрыс педагогикалық
ойларға негізделуі
керек. Осы ерекшеліктерді
есепке ала отырып, тәрбие
жұмысын тиімді етіп
ұйымдастыру керек.
Жеткіншіктер қоғамға
пайдалы істерге ыңыласты,
ұжымшыл, жолдастық,
достық сезімге бай,
кітап оқуға, кинофильмдерге
көруге ынталы, спортты
ұнатады.
Әдебиет жеткіншекке
азаматтардың қарым-қатынасының
мәнін, сезімдерін ашып,
өз сенімдерінің дұрыстығына
жауап іздеуге үйретеді.
Саз әуені - адам сезімінің
әміршісі, толқу үстіндегі
адамға түсінікті, сондықтан
сазға баса көңіл бөлу
жеткіншектің тәрбиесіне
көмектеседі. Жеткіншектермен
жұмыстағы негізгі педагогикалық
идеал - баланың іс-әрекетте
жетістікке жетуіне
жағдай жасау. Баламен
жеке жұмыс жүргізу,
әдептілік сақтап, педагогикалық
шыдамдылық, ұстамдылық
көрсету жеткіншектің
қалыптасуынаа түсінікті,
сондықта
Дене тәрбиесі. Дұрыс
тамақтанып, таза ауада
жиі болу, көп қозғалу
(ойын, дене жаттығулары,
спортпен айналысу)
дене тәрбиесіне көмектеседі.
Дене тәрбиесі мұғалімі
және жаттықтырушы баланың
бет әлпетінің, қолының,
ернінің түсін үнемі
қадағалау керек. Бұл
жұмыс сабақтың басындағы
және соқындағы қан
тамырының соғысын тексерумен
толықтырылады, жеткіншектер
жиі тыныс алатындықтан,
тыныс алуын басқаруын
үйрету керек. Жеке гигиена,
ұйқы, тамақ, демалыс,
белсенді еңбек іс-әрекетіне
жағдай жасайды. Шамадан
тыс жұмыс жалпы дамуын
тежейді. Дене тәрбиесі
арқылы жүрек қан жүйесін
жаттықтыру, дене жаттығулары,
спорт, дене еңбегі үшін
дәрігерлік және педагогикалық
бақылау өте пайдалы.
Маскүнемдікке жол берілмеу
керек. Дене тәрбиесі
және спортпен айналысу
зейіннің дамуына әсер
етіп, оның көлемін көбейтеді,
зейіннің бір нерседен
екіншіге бөлінуіне
әсер етеді.
Тәрбиешінің міндеті -
еңбек, спорт іс-әрекетін,
жеткіншекті и, ерік-жігер,
сапаларын қалыптастыру.
Мұғалімдер, тәрбиешілер,
ата-аналар мақсатқа
жетудегі сенімділігін
тәрбиелеп, жтістігін
атап көрсетіп, қауіп-қатерден
сақтандырып, дер кезінде
көмекке келіп, жеткіншекті
өз кемшіліктерінің
себептерін түсіндіруге
үйретеді.
Жеткіншектердің
қалыптасуында жолдастарының
қоғамдық пікірі үлкен
рөл атқарады. Мораль
мәселелерін талдау
және адамгершілік тақырытындағы
пікір сайыстардың әсерінен
өмірдің мәні, өз болашағы,
мамандығы туралы, өз
беделі туралы ойланатындықтан,
мұғалім бұл мәселелерді
шешуге пәрменді түрде
көмектесіп, күнделікті
іс-қылықтардың адамгершілік
мәнін ашуға көмектеседі.
Ересек адамдар бала
тәрбиесіне ерекше көңіл
бөліп, әр баламен ойланып
жұмыс істеу керек. Сәнге
сәйкес киінгені, музыка
тыңдағаны үшін баланы
сөгу дұрыс емес. Жеткін-шектермен
өзара әрекеттің негізгі
тәсілдері: онымен бірге
іс-қылықтарды, оқиғаларды
талдау, баға бергізу,
өзін-өзі талдауға, өз
мінез-құлқын басқаруға
үйрету.
Осы жаста адамның
мінез-құлқы және басқа
да жеке басының негіздері
қалыптасады. Міне, осы
кезеңде жеткіншектермен
жасалатын тәрбие жұмысында
кемшіліктер айқын көріне
бастайды. Соңғы кездері
жеткіншектер тәртібінің
төмендегенін байқауға
болады: а) ата-анамен
келіспеушілік жағдайда
болу; ә) мектептегі
қиындық пен сәтсіздік;
б) тәртібі қиын құрбы-достарымен
байланыс орнату.
Отбасы жағдайы, ата-ананың
кәсібі, материалдық
жағдайы, білім деңгейі
жеткіншектің өмірдегі
жолын айқындайды. Ата-ананың
саналы, мақсатты Тәрбиесі
бала өмірінде үлкен
рөл атқарады. Отбасындағы
жақсы қарым-қатынасты
жоғалту, мектептегі
сәтсіздік, келеңсіз
топтағы құрбыларымен
жақындық әр түрлі жолдарға
итермелейді. Отбасы,
мектеп, құрбы-құрдастар
тобы - барлық жеткіншектердің
нағыз табиғи ортасы,
ең маңызды қоғамдық
факторы. Демек, баланың
мінез-құлқының қалыптасуына
отбасы ерекше әсер
ететіндіктен оның көп
қырлы, жан-жақты болуы
отбасына байланысты.
Педагогикалық, әлеуметтік
жағынан жіберілетін
әлсіздік, оқу жүйесіндегі
сәтсіздік - ауытқымалы
мінез-құлықтың қайнар
көзі. Жеткіншектің
мінез-құлығындағыйнар
көзі. Жеткіншектің
мінез-з-құлығындағы
ауытқулар көбіне туа
пайда болмайды, олар
отбасындағы және мектептегі
дұрыс тәрбие бермеуден
пайда болады. Оз-құлық
деп аталады.
Девиантты мінез-құлықтың
бір түріне қылмыстың
әрекетке апаратын агрессивті
мінез-құлық (төбелес,
тіл тигізу) жатады.
Жеткіншектің мінез-құлығындағы
агрессивттілік адамдарды
аяу сезімінің жоқтығынан
садистік бағытқа бейімделу
нәтижесінде өзін қоршаған
ортаға зиянын тигізеді.
Бұл жағдай тұлға аралық,
топ аралық кикілжіңге
өршігіп кетуі мүмкін.
Жеткіншектің мінез-құлығындағы
агрессивтілік ішімдікпен,
нашақорлықпен тікелей
байланысты. Кейде жеткіншектер
ішімдік ішкен кезде
өзінің еңбегін (бұзақылық,
төбелес, сәтті аяқталған
оқиғаларын) атап өтеді.
Жеткіншектің тәртібі
агрессивті күйде болса,
олар "қиын" балалар
қатарына жатады. Кейбір
мектеп мұғалімдерінің
қиын балалармен жұмысы
сынып алдында жүйке
жұқартатын әңгіме,
жазалау, т.б. түрінде
жүзеге асады. Әдетте,
бұл әрекеттің барлығы
оң нәтиже бермей-ді,
керісінше қиын жеткіншектердің
мұғалімге, мектепке
кектенуі күшейіп, қарсы
келуіне әкеледі. Мұғалімдер
қиын жеткіншектерге
өзінің кері көзқарасын
жасырмағанда, олармен
кикілжіңге келеді.
Девиантты мінез-құлықты
жеткіншекке қолданылатын
тәрбиелік профилакти-калық
іс-шаралар – тұүлғаға
әсер ету, әлеуметтік
педагогикалық түзету
іс-шаралары, кері әсерлі
ортаны сауықтыру.
Жасөспірім шақ (15-17
жас)
Жасөспірімдік кезеңнің
көптеген теориялары
бар. Жасөспірімдік
шақ бала мен ересектік
шақтың аралығы, баланың
ересектерге тәуелділігімен
сипатталады, ересектер
баланың өмірлік іс-әрекетін
мазмұны мен бағытын
белгілейді.
Жасөспірімдік шақтың
аса маңызды міндеттері -
мамандық таңдау, еңбек
пен қоғамдық-саяси
қызметке даярлану,
некелесуге, өз отбасын
құруға әзірлену. Өзара
байланысты бұл міндеттердің
жүзеге асырылуы белгілі
бір уақытты талап етеді.
Адамның жалпы ақыл-ой
қабілеті 15-16 жасқа қарай
қалыптасып болады.
Сондықтан оның бала
кездегідей шапшаң өсуі
байқалмайды, алайда
ол одан әрі жетіле береді.
Жасөспірімдік шақ -
жеке адамның толысуы
мен қалыптасуының аяқталатын
кезеңі. Жыныстық толысуға
байланысты өз ағзасы
мен сырт келбетіндегі
үлкен өзгерістер, өмірлік
іс-әрекеттің күрделенуі
байқалады. Сондықтан
жасөспірімдік шақ ымырасыз
келеді. Жасөспірімге
өзін көрсетуге ұмтылу,
өзін жан-жақты ашуға
құштарлық тән.
Олар өз мамандығын
таңдап алуға тырысады.
Мамандыққа ықыласының
бірте-бірте қалыптасуы
түрлі іс-әрекеттеріне
жауапкершілігін арттырады.
Оларға іс-әрекетті
өз бетінше орындауға
мүмкіндік беріп, дұрыс
бақылау мен педагогикалық
басшылық жасау керек.
Бұл кезеңде сезім,
достың қарым-қатынастар
дамиды. Мысалы: ғашықтың,
өзара сенім, қайырымдылық,
бірін-бірі сыйлау, көмек
көрсету, іс-әрекеттерін
бірігіп орындау, жолдасының
кемшілігін айтып, жоюға
көмектесу.
Бұл күндегі жастардың
мінезінде түрлі өзгерістер
пайда болды. Мысалы,
қыздар өздерінің сыртқы
киіміне, дене қимылына
көңіл бөледі. Ер балалар
әдемі киініп жүруді
ұнатады. Әр түрлі іс-әрекеттерінің
барысында осы ерекшеліктер
еске алынады. Сонымен
мектепке дейінгі балалық
шақтан жасөспірімдік
шаққа дейін балалардың
бейімділігін және қабілетін,
мінез-құлқы мен темпераментін
мұғалім-тәрбиеші, ата-ана
үнемі еске алып, олардың
дұрыс дамуына, қалыптасуына
жүйелі түрде ықпал
етуі қажет.
7. Тәрбие және балалардың
дербес ерекшеліктері.
Баланың дербес ерекшелігі
тәрбие процесінде,
даму кезеңінде байқалады.
Дербес ерекшеліктерге
түйсік, қабылдау, ойлау
өзгешеліктері, жеке
адам бойындағы мінез-құлық,
темперамент, қабілет
жатады. Жүйке жүйесінің
типтік қасиеттері -
адамның мінез-құлығының,
темпераментінің, қабілетінің
табиғи негізі.
Мұғалім балалардың
жеке ерекшеліктерін
жете білуі қажет. Нерв
жүйесіне байланысты
темперамент типтерін
басшылыққа алмай, тәрбие
процесін психологиялық
негізде ұйымдастырып,
іс жүзіне асыру мүмкін
емес. Жеке адамның дүниені
сезгіштігі және қабылдағыштығы
темпераментке тәуелді.
Дербес қабілеттерінің
дамуы жеке адамның
табиғи мүмкіншіліктеріне
байла-нысты. Әрбір адамның
қасиеттерін калыптастыру
мен дербес ерек-шеліктерін
дамытуды жан-жақты
және үйлесімді тәрбиелеу
дейді. Жүйке жүйесіне
байланысты темперамент
типтерін басшылыққа
алып отыру керек.
Темперамент деп
жеке адамның қылығы
мен түрлі іс-әрекеттерінен
көрінетін дара өзгешелігін
айтады. Психология
ғылымында темперамент
4 типке бөлінеді: холерик,
сангвиник, меланхолик,
флегматик. Оларды тәрбиелеу -
баланың дамуына ықпал
жасап, даму дәрежесіне
сүйену.
Мұғалім сабақ үстінде,
тәрбие барысында (ойын,
еңбек, қоғамдық жұмыстары,
т.б.) балалардың мінез-құлықтарын
ескеріп, темпераментін
тәрбиелейді. Сангвиник
баланың іс-әрекетін
бақылап, берген тапсырманың
орындалуын қадағалап
отыру керек. Меланхоликті
белсенділікке, ынтымақтастыққа,
ұжымшылдыққа тәрбиелеген
жөн. Тәрбиеші мына жағдайларды
ескеруі қажет:
- баланың өз мүддесін
ғана ойлауын болдырмау;
- өз мүддесін ұжым
мүддесімен ұштастыруа
білуге үйрету;
- баланың әр түрлі
жағдайда болатын өзгерістерді
басынан өткізе білуге
баулу;
- баланы өмірді даму
күйінде көре білуге
үйрету.
Әдебиеттер:
1. А.С.Макаренко. Тәрбие
туралы лекциялары. -
Алматы, 1968.
2. В.А. Сухомлинский.
Балаға жүрек жылуы. -
Алматы, 1976.
3. Караковский В.А.
О подростках. - М.: Педагогика, 1970.
4. Божович Е.И. Личность
и ее формирование в
детском воз-расте.-М.,1968.
5. А.Г.Хрипкова, Д.В.Колесов. "Жаманнан
жирен", "Зиянды
әдебиеттер және одан
алдын ала сақтандыру
туралы". - Алматы:
Мектеп, 1988.
6. Ильин Е.Н. Пугь
к ученику. - Москва:
Просвещение, 1988.
7. Дубровский А.А.
Открытое письмо врача
учителю. - М.: Просвещение, 1988.
8. Фридман Е.М. Изучение
личности учащегося
и учени-ческих коллективов.
-М.: Просвещение, 1985.
9. Т.Сабыров. Балаларға
ақыл-ой тәрбиесін берудің
кейбір мәселелері. -
Алматы, 1977.
10. Ө.А.Уманов, В.А.Парфенов.
Бала бақыты. - Алматы, 1979.
11. Никитин Б.А., Никитина
А.П.. Мы и наши дети. -
М.: Московский рабочий, 1988.
12. А.Г. Хрипкова. Үл
есейсе, қыз өссе. - Алматы, 1988.
13. Хрипкова А.Г. Биологическое
и социальное в развитии,
формировании и воспитании
человека. Библиотека "Актуальные
проблемы педагогики
и психологии". - М.:
Знание, 1970. Вып.2.
14. ХарламовИ.П. Педагогика. -
М.,1990.
15. Р. Қоянбаев. Тәрбиетеориясы. -
Алматы, 1991.
16. Ж. Қоянбаев, Р.
Қоянбаев. Педагогика. -
Астана, 1998.
17. Е. Сағындықұлы.
Педагогика. - А, 1999.
Заңды білу заман талабы туралы ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Заңды
білу заман талабы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды құқықтық
саналылыққа тәрбиелеу, құқықты, заңды
білуге, сыйлауға,құрметтеуге, орындауға
дағдыландыру.
Сабақтың әдісі: Талдау, пікірсайыс, сұрақ
– жауап.
Сабақтың көрнекілігі: ҚР Конституциясы.
Сабақтың түрі: топпен жұмыс.
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.
II. Сайыстың барысы.
І-бөлім. «Бәйге»
Шарты: Әр топқа 5 сұрақтан қойылады.
ІІ-бөлім. «Тапқырлық»
Шарты: Топпен жұмыс істеу, сұраққа жауап
беру
ІІІ-бөлім. «Көкпар»
Шарты:Термин сөздердің анықтамасын айту.
ІV-бөлім.«Жорға»
Шарты:Оқушыларға жағдаяттық сұрақтар
қою.
І-бөлім. «Бәйге»
І-топтың сұрақтары.
1.ҚР Конституциясына анықтама бер?
2.Заң дегеніміз не?
3.Қазақстан тарихы нешеге бөлінеді?
4.Жеке адамның құқықтық мәртебесі деген
не?
5.Үкімет қандай билікті жүзеге асырады?
ІІ-топтың сұрақтары:
1.Референдум деген не?
2.Азаматтар сайлауға қандай мақсатпен
қатысады?
3.Қазақстанда туылған шетел азаматтарының
балаларына азаматтық беріле ме?
4.Конституциялық кеңесте қандай мәселелер
қаралады?
5.Сайлау еркіндігі ұғымын қалай түсінесіңдер?
ІІІ-топтың сұрақтары:
1.ҚР Президентінің биылғы жолдауы қалай
аталады?
2.Азаматық құқық қандай қатнастарды реттейді?
3.Заңды тұлға деген кім?
4.Азаматтық құқық қабілеттігі қай кезде
пайда болады?
5.Шарт дегеніміз не?
ІІ-бөлім. «Тапқырлық»
І-топ
Қанша жастан бастап азамат азаматтық
құқықтарды иеленіп, міндеттер атқара
алады?
ІІ-топ
Зейнетақы реформасы, әлеуметтік жәрдемақылар
туралы әңгімелеңдер.
ІІІ-топ
«Екі жақты да тыңдамай, үкім шығарма»
дегенді қалай түсінесіңдер?
ІІІ-бөлім. «Көкпар»
І-топ Референдум, кодекс,конфессия
ІІ-топ Индивит,федерация,оппазиция
ІІІ-топ Демократия, диктатура,вето
ІV-бөлім. «Жорға» әр топтың оқушыларына
жағдаяттық сұрақтар беріледі (кеспе қағаздары
арқылы).
3-топқа ортақ сұрақтар қойылады.
1.Заңдарды шығарғандағы мақсат не?
2. «Қасым ханның қасқа жолы» неше бөлімнен
тұрады?
3.Ата заңымыз не үшін қызмет етеді?
Сайыскерлер дайындалғанша сөз жұмбақ
ойыны жүргізіледі.
Сөзжұмбақты дұрыс шешкенде, қалың сызықтың
ішінде отбасы құқығына қатысты ұғым шығады.
1.ҚР-ның елордасы. 2.Азаматтық шарттардың
бір түрі.3.Мемлекеттің аумақтық құрылымы.4.Адам
үшін ең басты құндылық.5,Қазақстан аумағында
қолданылатын ақша бірлігі.6.Жауапкершіліктің
негізі.7.Ең ауыр жаза.
Сабақ эпиграфын талдау.Оқушылардың сабақ
туралы пікірлері.
Үйірме сабағы
Сыныбы 9а,ә
«Жас құқықтанушылар» сайысы.
Пән мұғалімі: Р.Қуаңбаева.
«Жас құқықтанушылар» сайысына 9а,ә сынып
оқушылары қатысады.
Олар екі топқа бөлінеді. Сайыс бес кезеңнен
тұрады.
1.Топпен таныстыру
2. Білім сайысы
3. Жылдар сөйлейді
4. Викторина сұрақтары
5. Терминмен жұмыс
6. Қорытынды
1.Топпен таныстыру. Оқушылар сайысты өздерін
таныстырудан бастайды. Бұл кезеңде оқушылар
топтың аты мен топ мүшелерімен таныстырады.
2. Білім сайысы. «Әділет »тобына қойылатын
сұрақтар.
1.Философия нені зерттейтін ғылым?
2.Мемлекет деп нені айтамыз?
3.Қоғамдық өмір аяларын атаңдар.
4.Азаматтық құқық қандай қатынастарды
реттейді?
5.Меншіктің қандай түрлері бар?
6.Сенат төрағасын кім тағайындайды?
7.Судья сот төрелігін іске асыру кезінде
кімге бағынады?
8. «Жеті жарғы» заңдарын айтып беріңдер.
9.Азаматтық құқық дегеніміз не?
10.Қылмыс деген не?
«Ақиқат » тобына қойылатын сұрақтар
1.Қоғам дегеніміз не?
2.Автохтонды ұлт дегенді қалай түсінесің?
3.Отбасының атқаратын функциясы қандай?
4.Саясат дегеніміз не?
5. «Қасым ханның қасқа жолы» неше бөлімнен
тұрады?
6.Саяси партиялардың атқаратын міндеті
қандай?
7.Құқықтық мемлекет дегеніміз не?
8.Құқық дегеніміз не?
9.Заңды тұлға деген кім?
10.Шетелдік азаматтар жеке тұлға бола
ала ма?
ІІ. «Жылдар сөйлейді» Бұл бөлімде топ
басшыларына сұрақ қойылады.
«Әділет» тобының топ басшысына қойылатын
сұрақтар.
1.ҚР Республикасының Конституциясы қашан
қабылданды?
2.ҚР Азаматтық кодексі қашан қабылданды?
3.Бала құқықтары туралы заң қашан қабылданды?
4.ҚР Туы мен Елтаңбасы қашан қабылданды?
5.Білім туралы заң қашан қабылданды?
«Ақиқат» тобының топ басшысына қойылатын
сұрақтар.
1.Неке және Отбасы туралы заң қашан қабылданды?
2.ҚР Қылмыстық кодексі қашан қабылданды?
3.Бала құқықтарының Конвенциясы қашан
қабылданды?
4.Қазақстан үкіметі қай жылы ақша реформасын
іске асырды?
5.Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы
қашан қабылданды?
ІІІ.Викторина сұрақтарына жауап беру.
«Әділет» тобының сұрақтары
1. «Жеті жарғыны» жазған жеті бидің құрамында
кімдер болған?
2.Азаматтық құқықтар жинағын жасаған
кім?
3.Аристотельдің ұстазы кім?
4.Қазақ тілінде алғашқы құқықтық құжат
жобасын жасап, халық арасына таратқан
к»м?
«Ақиқат» тобының сұрақтары
1.Құқық тақырыбына бағалы еңбектер жазған
Семейде,Омбыда заң қызметкері, «Алаш»
партиясының мүшесі болған кім?
2.Ежелгі Римнің саяси қайраткері, атақты
сот шешені кім?
3.Y ғасырда өмір сүрген Афинаның саяси
қайраткері кім?
4.1905 жылы жер туралы заңның жобасын жасаған.белгілі
заңгер кім?
ІY.Терминдермен жұмыс. (ауызша жауап беру)
«Әділет» тобының сұрақтары
1.Демократия
2.Ратификация
3.Конвенция
4.Фракция
5.Экология
«Ақиқат» тобының сұрақтары
1.Конфессия
2 Кодекс
3.Реформа
4.Диктатура
5.Референдум
Ү.Қорытынды. Қазылар алқасы сайыскерлер
жинаған ұпай сандары бойынша жеңімпаз
топты анықтайды.Жеңімпаз топқа сыйлықтар
беріледі.
Сабақтың тақырыбы: Қылмыстық құқық
Сыныбы: 9
Пән мұғалімі: Рысгул Қуаңбаева.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қылмыстық
құқық, оның құрылымы,ұстанымдары,
Сабақтың әдісі: баяндау,түсіндіру
Сабақтың түрі: лекция
Сабақтың көрнекілігі: ҚР Қылмыстық кодексі
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу,сабаққа
дайындығын тексеру.
ІІ.Үй жұмысын сұрау,бекіту
Үй жұмысына байланысты қойылатын сұрақтар
1.Еңбек құқығы дегенді қалай түсінесің?
2.Жұмысшының міндеттері қандай?
3.16 жастағы бала түнгі жұмысқа қабылдана
ала ма?
4.Еңбек кодексі қашан қабылданды?
5.Әкімшілік құқық бұзушылық дегеніміз
не?
ІІІ. Жаңа сабақ
Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексі 1997 жылы 16 шілдеде қабылданып,
1998 жылы 1қаңтарында күшіне енді. Қылмыстық
кодекс Жалпы және Ерекше бөлімнен тұрады.Жалпы
бөлімінде қылмыс пен жаза туралы ұғым,жазаның
түсінігі,жазадан босату жағдайлары қарастырылады.Ерекше
бөлімінде нақты қылмысы үшін жәнесол
үшін белгіленетін жаза түрлері көрсетіледі.Қылмыс
дегеніміз қоғамға қауіпті әрекет немесе
әрекетсіздік. Әрекет деп қылмыскердің
адамға жасаған зиянды әрекеті.Әрекетсіздік
деп белгілі бір тұлғаның қылмысқа дайындалып
жатқанын біле тұра әрекет жасамауы.Ал
қылмыстық құқық дегеніміз адамның құқықтары
мен бостандықтарын,қоғамды және мемлекетті
қылмыстық қолсұғушылықтан қорғауға бағытталған
қоғамдық қатынастарды реттейді.Қылмыстық
құқық құқық жүйесінің негізгі саласы.Себебі:қылмыстық
жауапкершіліктен және жазадан босатуды
белгілейтін нормалардың жиынтығы.Қылмыстық
құқықтың негізгі заңдылық базасы- ҚР
Конституциясы.
Қылмыс көбінесе жеке адамға жасалады.Қоғамның
өзі жеке адамдардан құралғандықтан, нақты
бір адамға жасалған қылмыс, қоғамға да
қарсы жасалған қылмыс деп саналады.Егер
14- 16 жасқа толған азаматтар қылмыс жасаған
жағдайда. қылмыстық жауапкершілікке
тартылады.
Қылмыс әдейі, қасақана, байқаусызда жасалуы
мүмкін. Мысалы: қылмыскер адамды атарда,оның
өмірі мен қиылатынын біле тұрып, оны өлтіру
үшін атады.Бұл тікелей жасалған қылмыс.Ал
жанама түрде жасалған қылмыс, егер қылмыскер
өзінің әрекетінің қоғамға қауіпті екенін
сезе тұрып, оның артындағы зардабын біле
тұрып, бұлай жасағысы келмей тұрсада
қасақана қылмысқа барады.Мысалы:Болат
ішіп алған жағдайында өзен жағасында
демалып жатқандарға тиіседі де, бұзақылық
жасап, Саматты суға итеріп жібереді. Бұл
адам малту білмегендіктен, суға кетіп
өледі.Бұл жерде қасақана өлтіру ниеті
болмасада, адамды өлтіріп алады.
Қылмыстық құқықтың: қорғаушылық, сақтандырушылық,
тәрбиелік функциялары болады.Қылмыстық
құқықтың негізгі функцияларына: қоғамдық
тәртіпті қорғау, қоршаған ортаны бүлінуінен
сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қорғау
жатады.
ІY. Сабақты бекіту сұрақтары
1.Қылмыс дегеніміз не?
2.Қылмыстың жасалу себебі неде?
3.Қылмыстық құқықтың функцияларын атаңдар
4.Құқық жүйесіне қандай салалар жатады?
5.ҚР Қылмыстық кодексі қашан қабылданды?
Y. Оқушыларды бағалау
YІ.Үйге тапсырма:Қылмыстық құқық, қылмыс
қайдан шығады тақырыбында реферат жазып
келу.
Жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі туралы қазақша ашық сабақ
Барысы:
Топ жетекшісінің кіріспе сөзі
1. Бірінші бөлім:
а/ «Адам құқығы» дегеніміз не?;
б/ «Сенің құқығың» - баптарды еске түсіру.
2. Екінші бөлім:
а/ «Жастар арасындағы қылмыстар»;
б/Ситуациялық жағдайларды шешу.
3. Үшінші бөлім:
а/«Заңды консультация» - сұрақ – жауаптар;
б/ Кәмелетке толмағандарға қолданылатын
жаза
түрлері.
4.Қорытынды.
Тақырыбы: Жасөспірімдердің қылмыстық
жауапкершілігі.
Мақсаты: студенттердің құқықтық білімдерін
тексере отырып заң алдындағы жауапкершілікті
арттыру, жасөспірімдердің қылмыстылығының
қылмыстық сипаттамасын беру, қылмыстық
жауапкершіліктің түрлерімен таныстыру.
Конституцияны т. б. құқықтық нормативтік
актілерді орындап, құрметтей білуге үйрету,
адамгершілікке, ұлтжандылыққа, құқықтық
сауаттылыққа тәрбиелеу; ойлау, тыңдау,
сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін
шыңдау.
1. Топ жетекшісінің кіріспе сөзі.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Мемлекетіміздің
ата Заңының 1 – бабында Қазақстан Республикасы
өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік
мемлекет ретінде орнықтырылды. «Оның
басты қазынасы – адам және адамның өмірі,
құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі
сөзді кіргізген. Бүгінгі құқықтық мемлекет
құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын
жете біліп, жалпы заң білімі саласынан
мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай,
тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен
азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан
заңды білу – заман талабы.
Бүгін бізде қонақта қалалық кәмелетке
толмаған жасөспірімдер инспекторы Тойғанбаев
Нұрхат Нұрахметоллаұлы, колледж директорының
орынбасары Бозщина Құндыз Жұмабекқызы,
колледждің «Фемида» клубының жетекшісі
Исакова Гулнар Тәңірқұлқызы, ата – аналар.
Бүгінгі іс-шарамызда біз жасы кәмелетке
толмаған жасөспірімдердің арасында жиі
кездесетін қылмыс түрлері мен жазалар
туралы сөз қозғаймыз.
I. Сабағымыздың бірінші бөлімінде құқық
туралы жалпы түсінік беріледі.
1.1. Елдар
Қоғамда өмір сүретін адамдардың өздерін
ұстау ережелерінің жиынтығын әлеуметтік
нормалар дейміз. Әлеуметтік норма құқық
пен мораль деген ұғымдар кіреді.
Әлеуметтік нормалардың мемлекеттің пәрменімен
заңдастырылған бөлігі құқықты, ал мемлекеттің
пәрменімен заңдастырылмаған бөлігі моральды
құрайды.
Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан
заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға
бірдей міндетті нормалар жүйесі.
Құқықтың ерекшелігі – оның нормалары
бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа
тартылатындығын да. Моральдық тәртіпті
бұзғаны үшін адам заңды жауапкершілікке
тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына
ілігеді, айналасына жағымсыз пікір туғызады.
Құқықтық нормалар тек қана заңдардан
тұрмайды, басқа да нормативтік құқықтық
актілерде де көрсетілген. Президент -
нормативтік жарлықтар, Үкімет – нормативтік
қаулылар, министрліктер – нормативтік
бұйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар
- нормативтік шешімдер қабылдайды.
1948 жылы 10 желтоқсанда Біріккен Ұлттар
Ұйымының Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының
жалпыға ортақ декларациясын қабылдады.
Ол бойынша адам құқығы 3 топқа бөлінеді:
табиғи құқық, азаматтық құқық, экономикалық-әлеуметтік,
мәдени құқық.
Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз
– Қазақстан Республикасының Конституциясында
көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады.
Оның екінші бөлімінің 30 бабы құқыққа
арналған.
1.2. «Сенің құқығың!»
Сағат: 14-бап
1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және
мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне,
ұлтына, тiлiне, дінге көзқарасына, нанымына,
тұрғылықты жеріне байланысты немесе
кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi
ешқандай кемсітуге болмайды.
Батырлан: 15-бап
1. Әркiмнiң өмір сүруге құқығы бар.
2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға
хақысы жоқ. Өлім жазасы адамдардың қаза
болуымен байланысты террористік қылмыстар
жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында
ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең
ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді,
ондай жазаға кесілген адамның кешірім
жасау туралы өтініш ету хақы бар.
Еламан: 16-бап
1. Әркім өзiнiң жеке басының бостандығына
құқығы бар.
2. Заңда көзделген реттерде ғана және
тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға
және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған
адамға шағымдану құқығы берiледi. Соттың
санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан
аспайтын мерзімге ұстауға болады.
3. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады
деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған,
тұтқындалған немесе айып тағылған кезден
бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін
пайдалануға құқылы.
Ерлан: 17-бап
1. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.
2. Ешкiмдi азаптауға, оған зорлық-зомбылық
жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық
қадiр-қасиетiн қорлайтындай жәбір көрсетуге
не жазалауға болмайды.
Аңсар: 19-бап
1. Әркім өзiнiң қай ұлтқа, қай партияға
және қай дінге жататынын өзі анықтауға
және оны көрсету - көрсетпеуге хақылы.
2. Әркiмнiң ана тiлi мен төл мәдениетін пайдалануға,
қарым - қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық
тiлiн еркін таңдап алуға құқығы бар.
Олжас: 22-бап
1. Әркiмнiң ар - ождан бостандығына құқығы
бар.
2. Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге
асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар
мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты
болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс.
Ердос: 25-бап
1. Тұрғын үйге қол сұғылмайды. Соттың шешiмiнсiз
тұрғын үйден айыруға жол берiлмейдi. Тұрғын
үйге басып кіруге, оны тексеруге және
тінтуге заңмен белгіленген реттер мен
тәртіп бойынша ғана жол берiледi.
2. Қазақстан Республикасында азаматтарды
тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар
жасалады. Заңда көрсетілген санаттағы
мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгiленген
нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын
үй қорларынан олардың шама-шарқы көтеретін
ақыға берiледi.
1.3. Данияр
Жастар арасындағы қылмыстың алдын алу
мемлекеттің басты міндеттерінің бірі
болып табылады. Жасөспірімдердің және
жастардың қылмысы туралы мәселе құқық
қорғау жүйесінің ғана емес, сонымен қатар
басқа да мемлекеттік ұйымдардың және
азаматтық қоғам институттарының үнемі
қадағалауын талап ететін басты мәселенің
бірі.
Жасөспірімдер арасындағы қылмыс қашанда
ұлттық тұтастығымызға, ел болашағына
қауіп төндірері сөзсіз. Жаңадан өркендеп
келе жатқан ұрпақтың қылмыстың бұралаң
жолдарын таңдауы - дәуір қасіреті. Сотталған
жас өспірімдердің көбеюі – қоғам өмірінің
келеңсіз жақтарын, халықтың әлеуметтік
ахуалының төмен екенін байқатады. Қоғамда
не құрылым дені сау, еңбекке жарамды азаматтар
көбейген сайын, мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық
жағдайы да жедел дами бастайды. Бүгінде
түрмеде отырған азаматтардың 70 пайызы
жас адамдар.
Сабақтың екінші бөлімінде жасөспірімдерге
қолданылатын қылмыстық жауапкершіліктер
туралы анықтама беріледі.
2.1.Нұрболат
Сотталушылар қатарында кәмелеттік жасқа
толмағандардың көбеюі біздің қоғамды
алаңдатпауы мүмкін емес. Қылмыстық жауапкершілікке
қылмысты жасау кезінде жасы 16-ға толған
азаматтар тартылатындығы белгілі.
Алайда, адам өлтіргені, қасақана денсаулыққа
ауыр зиян келтіру, ауырлататын мән-жайларда
денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта
зиян келтіру, зорлау, жыныстық сипаттағы
зорлық әрекеттері, адамды ұрлау, ұрлық,
тонау, қарақшылық, қорқытып алу, ауырлататын
мән-жайларда көлікті айдап кету, терроризм,
адамды кепілге алу, қаруды ұрлау немесе
қорқытып алу, оқ-дәрі, жарылғыш заттар
мен басқа да құрылғылар, ауырлатылған
мән-жайларда бұзақылық, тағылық, есірткі
заттары мен психотроптық заттарды ұрлау
немесе қорқытып алу, ауырлатылған мән-жайларда
мәйітті немесе олардың көмілген жерлерін
қорлау, көлік құралын немесе теміржолдарын
қасақана жарамсыздық жағдайға келтіргені
үшін тұлғалар 14 жастан бастап қылмыстық
жауапкершілікке тартылады.
Сот тәжірибесі көрсеткендей, кәмелетке
толмағандар көбінесе ұрлық, тонау секілді
қылмыстар жасайды. Соңғы кезде аталған
қылмыстар ішінде ұялы телефондарды ұрлау
жиі орын алуда. Мұндай қылмыстық істер
бойынша жәбірленушілер құқық бұзушылардан
жасы кіші, әлсіздеу, кәмелеттік жасқа
толмағандар болып табылады.
Нұрқанат
Мысалы, кәмелетке толмаған Омар теміржол
көпірінің астындағы жаяу жолаушылар
жолымен келе жатып, 11-ші мөлтек ауданындағы
үйіне бара жатқан Расулды жолықтырып,
оны тоқтатқан. Омар Расулдың қалтасындағы
ұялы телефонын көріп, одан телефон шалу
үшін сұрады. Расул бұған көңіл бөлмей,
әрі қарай жүре берді. Омар артынан ілесіп,
жанар-жағармай станциясының жанында
күш қолдану арқылы Расулдан ұялы телефонды
тартып алған. Осы ұрлықты жасағаны үшін
кінәлі деп танылған Омар шартты түрде
2 жылға бас бостандығынан айырылды.
2010 жылы 17 қаңтарда 14 жастағы Виталий мен
Станислав Ақтөбе қаласындағы Марат Оспанов
көшесінде орналасқан № 58 үйдің ауласында
кәмелетке толмаған Мирасты көрді, оның
өмірі мен денсаулығына қауіп төнбейтіндей
зорлық көрсету қаупімен ұялы телефонын
талап етті. Мирас өзіне қолданылмақ болған
зорлық қаупінен қорқып өзінің ұялы телефонын
оларға беруге мәжбүр болды. Аталмыш қылмыс
үшін Виталий мен Станислав қылмыстық
жауапкершілікке тартылып, шартты түрде
бас бостандығынан айырылды. Өкінішке
орай мұндай мысалдарды одан әрі ұзақ
жалғастыруға болады.
Нұржан
Кәмелетке толмағандардың басқа бір қылмысының
түрі ол – ұрлық жасау. Кәмелетке толмаған
Валера мас күйінде, топтағы басқа да адамдармен
Ақтөбе қаласындағы Трудовая көшесінде
орналасқан азық-түлік дүкеніне келіп,
күртешесін қолына орап аталмыш дүкеннің
терезесін сындырып, ішіне кірген. Ол жерден
қылмысты топ құны 36 925 теңге құрайтын
азық-түлік пен спирттік ішімдіктерді
қолды қылған. Осы қылмыстары үшін ол жауапкершілікке
тартылып, сотталды.
Сот тәжірибесі көрсеткендей, жасөспірімдер
өз әрекеттерімен қауіп төндіретіндерін
түсінеді. Жасалатын іс-әрекеттің қауіптілігі
жасөспірімге «өзгенің өмірі мен мүлкіне
тиіспе», - деп бала кезінен ата-анасы немесе
тәрбиелеушілерінің үйретуіне байланысты.
Кішкентай кезден бастап пайдалы ақыл-кеңес,
дұрыс бағыт беру нәтижесінде қылмыстық
әрекеттердің қауіптілігін сездіруге
болады. Өсе келе жасөспірім жасалатын
әрекеттерді өзі бағалап, таңдау жасай
алады.
Кәмелеттік жасқа толмағандардың істерін
қарау барысында, олардың жеке басы, тәрбиелену
мен өмір сүру жағдайлары, қылмысты жасау
себептері, қылмысты жасауға себеп болған
жағдайлары, оған деген ересектердің әсері
- мұның бәрі тәрбиелеу бағытындағы шара
қолдану мен жаза тағайындауда ескеріледі.
Көп жағдайда ата - аналардың жасөспірімге
дұрыс тәрбие бермеуі мен қылмыстық әрекеттерге
бармауы туралы ескертуінің кемшілігі
– құқық бұзушылық себебі болады.
2.2. Ситуациялық жағдайларды шешу.
Көшедегі көрініс
Асқар: Шыңғыс бүгін Камалдың баласының
тойы ғой, білесің бе?
Шыңғыс: Ия, ия, айтпақшы Дамирлер бүгін
жиналайық, той қызықтаймыз деген. Саған
хабарласқан жоқ па?
Асқар: Жүр, ендеше солай қарай барайық,
бар қызықтан құр қалармыз.
Шыңғыс: Кеттік, жолшыбай Ердосқа соға
кетейік, ол да барар мүмкін.
Асқар: Ердос, біз той болып жатқан жерге
бара жатырмыз. Балалар да сол жақта жүр,
бізбен бірге жүрсеңші.
Ердос: Жоқ, мен әуелі ата – анама ескертуім
керек, әйтпесе алаңдайтын шығар.
Асқар: Ту, ата – анаңа ескертіп не істейсің,
біз секілді айтпай кетіп қалмайсың ба,
сұрансаң, жібермей қалады.
Ердос: Жоқ, балалар, мені жібермейді, бара
алмаймын. Ол жақтан ішімдік ішкен адамдар
кездесіп, бір нәрсеге душар болармыз.
Асқар: Онда өзің біл, ертең «көп қызықтан
қалдым» - деп өкініп жүр ме!
Шыңғыс: Осы кезден бастап көшеге үйрене
бермейсің бе?
Топ жетекшісі:
Құрметті ата-аналар, осы жағдайға байланысты
сіздердің пікірлеріңізді білсек.
1. Ата – ана қай жерден қате жіберіп отыр?
2. Учаскелік полиция инспекторына: - Осы
жағдайда оқушылар және ата-аналар қандай
жауапкершілікке тартылады?
Сағат:
«Көршінің «көмегі»»
Азаматша Бейсенкүл өзінің терезесінен
бірнеше күн бойына екі жасөспірімді қадағалады.
Екі жасөспірім көрші қабаттағы үйде тұрады.
Қанат пен Жомарт бірнеше күн қатарынан
азамат Есеновтың машинасын түртіп айналып
қарап жүрді. Бір күні таңертең Есенов
есігінің алдына шықса машинасының екі
доңғалағы жоқ екен . Бұны естіген Бейсенкүл
есіктің алдына шығып: «Сенің машинаңның
доңғалағын ұрлаған Қанат пен Жомарт.
Өйткені олар сенің машинаңды бірнеше
күн бойы айналшақтап жүрген», - деді.
Студенттерге сұрақтар қойылады:
1. Азаматша Бейсенкүл дұрыс жасады ма?
2. Мұндай жағдайда Бейсенкүл не істеуі
керек еді
3. Бейсенкүл біреуге жала жапқан сөзі
үшін жауап бере ме? – сұрақ инспекторға
қойылады.
Еламан:
Марат пен Салтанат қала сыртына демалуға
шықты. Демалыс жақсы өтіп жатқан еді,
оларға қолтықтарында арақтары бар арақ
ішкен үш жігіт жас отбасына тиісе бастады.
Әр түрлі балағат сөздер, артық әзілдер
айтты. Дайындап қойған түскі астарын
жеп қойды. Жолдасы үндемей тұрды. Өйткені,
бұл жігіттер ешкімнің алдында тоқтамайтындығын
ол жақсы түсінді. Арақ ішіп алғандар Маратқа
бізді үйімізге апарып таста деп бұйрық
берді. Осы кезде Марат алыстан бір машинаны
көрді. Жақындағанда «Көмектесіңдер»
деп айқайлады. Шофер естіген жоқ. Жігіттер
Маратты ұруға келе жатады. Сонда Марат
багажниктен балтаны алып, келе жатқан
бірінші жігітті басынан ұрып құлатады.
Сұрақ:
• Марат құқықтық жауапкершілікке тартыла
ма?
Сабақтың үшінші бөлімінде «Заңды консультация»
өткізіледі.
а/ студенттер инспектор мен «Фемида»
тобының жетекшісіне сұрақтар қояды.
1. Балқаш қаласы бойынша жасөспірімдердің
арасында қандай құқық бұзушылықтың түрлері
көп таралған?
2. Сонымен қылмыс жасағаны үшін жасөспірімдерге
қандай жазалар қолданылады?
3. Қазіргі уақытта жас балалардың түнде
көшеге шығуы кездеседі. Осыған қандай
шаралар қолданасыздар?
4. Бір немесе екіден көп кәмелетке толмаған
жасөспірімдер төбелескен кезде біреуі
абайсызда суық қару қолданады. Бұл жағдайда
қандай
«Фемида» клубының жетекшісіне қойылатын
сұрақтар:
1. Профилактикалық кеңес отырысы шешімінің
заңдылық күші бар ма?
б/ «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық
жауаптылығы»
Сағат: Қылмыстық Кодексінің 39 бабында
қарастырылған он екі жазаның ішінде кәмелетке
толмағандарға мына жеті жаза түрлері
ғана тағайындалады:
Айыппұл 79-шы баптың 2-ші тарауына сәйкес
кәмелетке толмай сотталған адамның дербес
табысы немесе өндіріп алуға жарайтын
мүлкі болған жағдайда 10-нан 500 айлық есеп
көрсеткіші мөлшерінде тағайындалады.
Батырлан: белгілі бір қызметпен айналысу
құқығынан айыру жазасы бір жылдан екі
жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.
Еламан: қоғамдық жұмыстарға тарту кәмелетке
толмаған адамға қырық сағаттан жүз алпыс
сағатқа дейінгі мерзімге тағайындалады.
Ерлан: түзеу жұмыстары кәмелетке толмай
сотталған жасөспірімдерге бір жылға
дейінгі мерзімге тағайындалады.
Аңсар: бас бостандығын шектеу жазасы
кәмелетке толмағандарға бір жылдан екі
жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.
Бұл жаза мамандандырылған органның қадағалауымен
сотталғанның тұрғылықты жері бойынша
өтеледі.
Олжас: қамау бір айдан төрт айға дейінгі
мерзімге тағайындалады.Сотталған жасөспірімді
жазаның бүкіл мерзімінде қоғамнан қатаң
оқшаулау жағдайында ұстайды.
Ердос: бас бостандығынан айыру он жылдан
он екі жылдан аспайтын мерзімге тағайындалады.
Қорытынды. Сонымен, құрметті студенттер,
ұзын сөздің қысқасы, бүгінгі сабақтың
негізгі ойын мына мақал – мәтелдермен
аяқтайық.
1. Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)
2. Өш алғаннан гөрі ... (кешірген жөн)
3. Ұрлық түбі ... (қорлық)
4. Жазасын тартпайтын ... (жамандық жоқ)
5. Тәрбие ... (отбасынан басталады)
6. Әділ істің...(арты игі)
7. Біреуге ор қазба ... (өзің түсесің)
8. Қолыңмен істегенді ... (мойныңмен көтер)
9. Заңды сыйлаған ... (еркін жүреді).
Топ жетекшісі: Осымен біздің сынып сағатымыз
өз мәресіне жетті. Бүгінгі сабақтан алған
мәліметтер студенттерге өте керекті
деп ойлаймын. Келген қонақтарымызға рахмет
айтамыз.
Өмірің болсын десең сенің сәнді
Ойланып, айналаңа қара мәнді.
Адам бол! Білімі тасқан, өнері асқан
Өзіңе сүйсіндірер басқа жанды.
Салауатты мақсатың - өмір сүру,
Өмірдің мағынасын керек білу.
Ішімдік, нашақорлық сенің жауың
Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру.
Нияз
Мен жігіт 15-30 арасында,
Бұл шақта көп бересі, аларымда.
Жан жағым толған мақсат, толған таңдау,
Алайын анасын ба, мынасын ба,
Топ жетекшісі:
- деп арқалы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров
жырлағандай болашақта шалыс қадам баспай,
өз өмірлеріне жауап беретін ата-анасының
емес бүкіл алаштың азаматтары болады
деген сеніммен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
Заң және заман" (қазақша тәрбие сағаты)
"Заң және заман"
(тәрбие сағаты)
Заң және заман
Қылмыс жасағаны үшін жазаға тартқаннан
гөрі оның алдын алған әлдеқайда жақсы.
Алдын алу жұмысының нәтижелі болуы алғаш
жасалған теріс қадамның дер кезінде анықталуынан
ғана емес, сонымен бірге кәмелетке толмағандардың
жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеруге
де байланысты.
Мектеп жасындағы балалардың құқықтық
санасының төмендігі олардың қылмысты
көп жасауына, заң талаптарына өз талаптарын
қарсы қоюына әкеліп соғады. Сондықтан
оқушвлар қылмысының алдын алып, құқықтық
тәрбие беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Құқықтық тәрбие – кәмелетке толмағандар
арасында заң ұғымдарын насихаттай отырып,жасөспітімдерді
қажетті заңдылық біліммен қамтамасыз
етуді мақсат етеді. Жастарды заңның негізгі
прициптерін біліп қана қоймай оны меңгере
білуге де үйрету қажет. Осы мақсатта ата-
анамен мен оқушылар арасында өтілген
«Заң және мен» дөңгелек үстел.
Дөңгелек үстелге заң қызметкерлері шақырылады.Қанатты
сөздер қолданылады.
«Құқығыңды сақтап үйрен,бірақ басқалардың
құқығы бар екенін ұмытпа», «Досы көпті
жау алмайды,ақылы көпті дау алмайды»,
Заң біткен жерде зұлымдық басталады».
Дөңгелек үстел 5 бөлімнен тұрады:
1. Күнделікті көрініс.
2. Мен заңды қаншалықты білемін?
3. Ешқандай заңы жоқ арал.
4. «Қызыл, сары, көк ауыл».
5. Қылмыскер бала қайдан шығады?
Мұғалім: Халқымызда «Досы көпті жау алмайды,
ақылы көпті дау алмайды» деген тамаша
мақал бар. Ақылды болу айналаңдағы адамдарды
сыйлай, қадірлей білу деген сөз.Құқықтық
тілмен айытқанда бұл- заңды білу, яғни
заңды білген адам өзгелерге құрметпен
қарайды. Заңды білмегендіктен заңсыз
істер істеп, зардап шегіп, өзін қорғай
алмай жүргендерді көптеп кездестіреміз.
1. Күнделікті көрініс: Ауыл іші, түн, топ
бала өлең айтып, шулап отыр. Жандарынан
өтіп бара жатқан балаға отырғандардың
біреуі атып тұрып:-«Әй, бері кел» деп айқай
салды. Қайырылмаған оған пышақ көрсетті.
Көріністен кейін қойылған сұрақтар: -Қалай
ойлайсыңдар, демалып отырған жастар заңды
бұзды ма?
--Кім қалай бұзды? ( Кім қалай бұзды).
--Ата- ана, сіздің тарапыңыздан қандай
жауапсыздық кетті? (Ата-ана жауабы тыңдалады.)
Бұлардан соң заң қызметкеркерлерінің
пікірі тыңдалады. Ол демалып отырған
жастардың заңның қандай бабымен танысуына
тура келгендігін айтуы керек.
Мұғалім: 2-бөлім. «Мен заңды қаншалықты
жақсы білемін»? деп аталады. Қазір мен
бірнеше жағдайларды оқимын. Бұның ішінен
оқылған жағдайды қылмыс деп тапсаңыздар
оң қолды көтересіздерде, себебін алдарыңыздағы
параққа жазасыңыздар, егер қлмыс емес
десеңіздер сол қолдарыңызды көтересіздер,
себебін тағы параққа жазасыздар. Әр жағдайға
жеке тоқталып, түсініктеме бересіздер.
1. Дүкенде спиртік ішімдікпен бірге есірткі
де сатылады.
2. Түнгі көшеде жастар айқайлап өлең айтып
келе жатыр.
3. Сатушы сатып алушыға байқамай артық
ақша беріп жіберді, ал сатып алушы өзіне
тиесілі ақшадан артық екенін біле тұра
қайтіп бермеді.
4. Бір оқушы сыныптасына: « ертең 20 теңге
әкеліп бересің, әкелмесең басқаша сөйлесеміз»
деп күш көрсетті.
5. Химиялық завод өзінің зиянды өнімін
өзенге тастады, сол өңірдің ауасы бұзылды.
6. Мектеп оқушылары жүзім ұрлады.
7. Сыныптағы бір бала екінші баланың сумкасын
сызып тастады. (Оқушылар түсініктеме
берген соң заң қызметкері заңға сүйене
отырып, өз ойын айтады.)
Мұғалім: Ендігі бөлім «Заңсыз арал» деп
аталады.
Біз ешқандай заңы жоқ аралда өмір сүрсек,не
болар еді? ( Оқушылар пікірі тыңдалады.)
Оқушылар пікірі тыңдалады.
Осы бөлімді қорытындылау. Заңсыз елде
әркім өз білгенін істейді, тәртіп сақталмайды.
Сондықтан адамдар қалыпты жағдайда өмір
сүре алмайды, ал тіртіп пен заң біздің
қалыпты тіршілігіміз үшін қажет.»Тәртіпсіз
ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды»
деген Б. Момышұлының сөзін естен шығармайық.
Мұғалім: «Қызыл, сары, көк ауыл» деп аталатын
4-бөлімді айтып, әр топтың ортасына әр
түрлі лента қояды.
Мұғалім:Жер енді ғана жаратылғанда адамдар
бір-бірімен дос, бауыр болыпты, бір- бірінен
ешнәрсе аямапты. Бір күні аспаннан әр
түрлі ленталар түсіпті де адамдар үлгергенінше
бірі көгін, бірі қызылын, бірі сарысын
алыпты.
Күндердің күнінде қатты жел тұрыпты да
қызыл лента алғандар қызыл, көк лента
алғандар көк болып бөлініпті. Әр ауыл
бөлек-бөлек қорған тұрғызыпты (Осы кезде
мұғалім: ленталарыңызбен өздеріңізді
қоршап алыңыздар дейді.) Біраз уақыттан
соң адамдар достықты ұмытады. Көк ауылда
су бар азық жоқ, қызыл ауылда азық бар
су жоқ, сары ауылда азық та, су да бар,
от жоқ. Енді қалай өмір сүруге болады,
не істейсіздер? ( Оқушылар жауабы тыңдалады.)
Әр түрлі ой айытқан олар қорғанның келегі
жоқ, біз дос болуымыз керек деген ойға
тоқталады. Бұл әңгіменің астарында бір
жұмбақ жатыр, сол жұмбақты кім шешеді
деген сұрақ тасталады.
Жауап: Адамдардың ауыл- ауыл көше- көше
болып бөлінетіндігін, сол бөліну кезінде
құқықтары бұзылатындары айтылады.
Мұғалім: 5-бөлім.
(Қылмыскер бала қайдан шығады»?
Бүгінгі күні қоғамды алаңдатып отырған
жағдайлардың бірі ол-мектеп жасындағы
балалардың қылмыс жасауы.. Келесі бөлім
балалардың жасаған қылмысы туралы болмақ.
-Құқық бұзушылықтың себебі неде деп ойлайсыздар?
( Ата - ана мен оқушылардың жауаптары
тыңдалады. )
Құқық бұзушылық істейтін жұмыстың жоқтығынан
, Абай атамызша айытқанда «көйлегі көктік,
тамағы тоқтық , аздырар адам баласын».
Ата- аналарға екі сурет көрсетіледі: Біріншісі
тіп- тік әдемі салынған үйдің суреті.
Екіншісі- фундаментінен бастап кірпіші
дұрыс қаланбаған, төбесі жарылып кеткен
үйдің суреті.
Мұғалім: Бұл тек үйдің суреті ғана емес,
көріп отырып бала тәрбиесі туралы не
айтуға болады?
( Сурет жайлы ата-ана ойы тыңдалады.) Бұдан
соң бірінші сурет тәрбиесі дұрыс бала
екендігін, екінші сурет тәрбиесі дұрыс
болмаған бала жайында екендігі айтылады.
Бала тәрбиесі үйдің фундаменті сияқты
жас күнінен басталатынына ата-ананың
назарын аудару керек.
«Отбасы – барлығының басы, жан-жақты
негізі болатын тәрбие институты. Ата-
анамен баланың қарым- қатынасы нәтижесінде
адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің
алғашқы үлгісі қалыптасады. Ал әке мен
шеше, ата мен әже, апа мен ағалар баланың
алғашқы тәрбиешілері»- деп В.А. Сухомолинский
айытқандай , алғашқы тәрбиешілердің алғашқы
тәрбиесі ерте бастан яғни бесіктен басталуы
тиіс. Яғни, екінші сурет бала тәрбиесінің
о бастан дұрыс басталмағанын көрсеіп
тұр.
Тақтаға тау бейнесі жәнетаудың ортасынан
жарып шығып келе жатқан жанартау бейнеленген
сурет ілінеді. Жанартаудың төбесіне «Қылмыскер
бала» деп жазылып, беті қағазбен жасырылып
қойылады. Жүргізуші мына суреттегі тау
ортасынан көтерілгелі тұрған жанартауға
қараңыз, тау сіздең балаңыз болса, ал
тауды жарып шыққалы тұрған жанартау балаңыздың
қылмыскер болуы деп жасырулы тұрған сөзді
ашады.
Мұғалім: Бала бір күнде қылмыскер болмайды.
Жанартаудың атқылауына дейін қаншама
процестер жүретіні сияқты бала қылмыскер
болуы үшін де бірнеше жағдайлар әсер
етеді. Оған ата- ананың баланы бақылауысыз
жіберуі, баланың топқа кіруі, жақсы жолдастарының
болмауы, 1- кестеде көрсетілген шарттар
бірден-бір себеп. ( Осы шарттардың әрқайсысына
түсініктеме берілу керек.) Мұның барлығын
дер кезінде байқап, балаға көмекке ұмтылсақ,
оны сақтап қалуға болады. ( Бұл бөлімде
ата-анаға көп сөз берілу керек, сөйлету
керек.)
Бұдан соң заң қызметкерлері сөйлейді.
Мұғалім: Ж. Аймауытов: «Тәрбиеге әсер
ететін нәрсе өскен орта, ата-ананың тәрбиесі.
Соңғысы күшті болмаса, бара-бара адамды
замандас, жолдастың азғырып, адам неше
түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі»,-
деген. Сол сияқты балаңыздың қылмыс жолына
түспеуіне бірден- бір жауапты ата-ана
, өздеріңізсіздер.
Дөңгелек үстел бала тәрбиесінде басты
ролді ата-ана атқаратындығын, сондықтан
олар әр уақытта мектеппен, ұстаздармен
байланыс жасауы және достарының кім екенін
біліп отыру керектігі айтылып, қорытындылынады
Бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі туралы қазақша тәрбие сағаты
Бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі туралы қазақша тәрбие сағаты
Қызылорда
облысы,
Қазалы ауданы,
Қазалы ауылы,
№100 орта мектебінің
I cанатты бастауыш
сынып мұғалімі
Саулебаева Ләззат
Шәкиқызы
Тақырыбы:Бала тәрбиесіндегі
ата-ананың жауапкершілігі
Мақсаты:
1. Ата-ананың өмірге
деген көзқарасын өзгерту.
2. Ата-аналарды балаларға
жауапкершілікпен қарауға
шақыру.
3. Баланың бүгінгі
істеген қадамы ертеңгі
тұлға ретінде қалыптасуына
үлкен әсер ететінін
атап өту.
Міндеті:
1. Балаларды адамгершілікке
тәрбиелеудегі ата-ананың
жауапкершілігі.
2. Мектепте ата-ананың
оқу-тәрбие саласындағы
рөлі.
3. Алдағы уақытта
оқушыларды тәрбиелеуде
мұғалім мен ата-ананың
бірігіп жұмыс жасауы.
Керекті құралдар:
Үлестірмелі қима қағаз,
плакат, маркер, интерактивті
тақта.
Әдіс-тәсілдер: Пікірлесу,
сұрақ-жауап, көрініс,
«Қол көмек», «Сиқырлы
таяқша» ойын (интер.тақта)
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Қатысушы ата-аналарды 2
топқа бөліп отырғызу.
Әділ-қазылар алқасын
сайлап алу.
2. Кіріспе:
1. Сабақтың мақсатын
айту
2. Тренинг ережесімен
таныстыру
3. Кіріспе сөз. Мұғалім:
Ұлағатты ұстаздар,
ардақты ата-аналар!
Жел бесіктен, жер бесікке
дейінгі адам өміріндегі
тәрбиенің ұйытқысы
ата-ана мен мектеп.
Болашақ десек те, келешек
десе де бала-ұрпақ деген
мағынаны білдіреді.
Адамның өзге тіршілік
иесінен айырмашылығы
– дүниеге перзент әкелген
соң, оның болашағын
ойлау, адам етіп тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі –
бір отбасының ғана
емес, бүкіл қоғамның
мемлекеттік абыройлы
міндеті. Кезінде Әл
Фараби бабамыз «Ғылым
емес, ең алдымен тәрбиеге
көңіл бөлу керек, тәрбиесіз
адамға ғылым баянды
болмайды» - демеп пе
еді. Осыған орай бүкіл
ата-ана тәрбиеге бет
бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне
мүдделі екендігін ата-аналар
іс-жүзінде дәлелдеп
отырулары тиіс. Міне
осындай ынтымақ бірлігінде
ғана ойдағыдай нәтиже
берері ақиқат.
3. Қызығушылығын
ояту.
Оқушылар ата-аналарына
ыстық лебізін білдіреді.
І – бөлім
«Стол резюмесі»
2 топқа плакат таратылады.
1. Топтың образы
2. Топтың аты, ұраны
3. Топтың жасы
4. Топтың білімі
5. Топтың балалары
6. Топтың түсі
7. Топтың хоббиі
Топ мүшелерін өз
топтарын таныстыру
ІІ – бөлім
«Өнеге отбасынан»
Сұрақ-жауап.
І-топ
1. Балаңызға сөзіңізді
толық тыңдату үшін
не істер едіңіз?
2. Өз балаңызға оқуға
қолайлы жағдай жасадыңыз
ба?
3. Балаңызды сіз жазалайтындай
жағдай болды ма?
4. Кейбір ата-аналар
жағдайы бола тұра неліктен
бала тәрбиесіне көп
көңіл бөлмейді?
ІІ – топ
1. Бала бойында қандай
қасиетті көргіңіз келеді?
2. Балаңыздың жағымсыз
мінезін байқаған кезде
өзіңізді қалай сезінесіз?
3. Өз балаңызбен қандай
қарым-қатынаста болдыңыз?
4. Сіз балаңызға қанша
уақыт бөлесіз?
Балалардан естілік
І. Мені көп еркелеттіңіз (айтқанымды
көбіне орындауға тырыстыңыз).
Бірақ оның барлығының
бірдей болуы, орындалуы
мүмкін емес екенін
жақсы білемін. Сондықтан
менің еркелігімді кешіріп,
парықсыз болуға итермеледіңіз.
ІІ. Өзімнің қолымнан
келетін нәрселерді
сіз мен үшін атқармаңыз,
әйтпесе сізді мен күтушім
ретінде пайдалана беретін
болмын.
Әр топ мүшелері тапсырманы
өз топтарында талдап,
балалардың жүрегінен
шыққан ой-пікірге көз
қарастарын, ойларын
ортаға салады.
Мағынаны тану
ІV – бөлім
Баланы жастан
Б. Соқпақбаевтың
«Менің атым Қожа» фильмін
еске түсіруге арқылы
ата-аналарға топтық
тапсырма Қадіров Қожаның
сотқарлығы. Майқанова
апайының сумкасына
бақа салу, біреудің
қозысын ұрлап союы,
темекі шегу тағы басқа
бұзақылығын естіп шешесін
шақыртып педсоветте
қарайды. Ол ашуланып
Қожаны жазалайды.
І. Жазалау әдісінің
бізге тигізер пайдасы
ІІ. Жазалау әдісінің
кері әсері туралы ой-пікіріңіз!
V – бөлім
«Көрініс»
Ата-ана жиналысқа
шақырылды. Бала анасына
барды.
-Мама, сізді жиналысқа
шақырды.
-Балам, менің қолым
тимейді. Әкеңе бар.
-Папа, сізді мұғалім
жиналысқа шақырған
болтын.
-Мен жұмыстамын бара
алмаймын.
Осы көрініс бойынша
ата-аналар өз ойларын
айтады.
VI – бөлім
«Қол көмек» ойыны
Әр ата-анаға бір
парақтан таратылады.
«Балаңызға қандай
көмек бере аласыз?»
(Мұндағы мақсат ата-ананың
өз жауапкершілігін
сезіну, бала ұстаз алдындағы
міндетін аңғарту)
5. Ой толғаныс «Сиқырлы
таяқша» арқылы ата-аналар
бір-бір тілек айтып
шығады.
Барлық өнеге жанұядан
тарайды. Халық жанұядағы
тәрбиеге ерекше көңіл
бөлген. Оны «Таяқтау
оңай, тәрбиелеу қиын»,
«Балақан өсіру- балапан
ұшыру емес» деген мақал-
мәтелдерден көруіңізге
болады.
Егер балаңызды жақсы
көргіңіз келсе...
1- кеңес. Баланы ерекше
әлпештеп жібермеңіз.
Мейлі үйде, мейлі түзде
болсын, бала елден ерек
екенмін деген сезімде
болмауы, басқыларды
құрметтеуді ұғынуы
жөн. Тіпті әлпештеуге
тура келген жағдайда
да оны баланың өзіне
сезділһруге болмайды.
Баланы орынсыз мадақтай
бермеңіз. Бала бір үйлі
жан өзімнің соңымнан
шырық үйірледі дейтін
сезімде болмауы керек.
Көзінше дәріптеп, мадақтауға
болмайды.
2-кеңес. Баланың ырқына
жүгіре бермеңіз. Бала
не талап қойсада елпілдеп,
айтқанын да, айтпағанын
да алып беруге болмайды.
Өте керекті зат, ақша
секілді нәрселерге
келгенде қайсысыеһының
қажет, қайсысының қажет
емес екенін айтып, түсіндіріп
қоюы қажет. Өйтпеген
жағдайда бала ысырапшылық
әдетке дағдыланып қалады
да, басқалардың еңбегін
қадірлеуді білмейтін
болады.
3- кеңес. Баланың
дербестігін тартып
алмаңыз. Оның ана ісіне
де, мына ісіне де алаңдап
қолынан келетін істеуге
болатын істерінің бәріне
араласа беруге болмайды.
Ондай бала өмір бойы
бір істі өздігінен
істей алмайтын жалтақ
болып қалады.
6.Қорытынды бөлім:
Құрметті ұстаздар,
ата-аналар ұлтымыздың
қанындағы ізеттілік
– дөрекілікке, қайырымдылық-
қатыгездікке, жомарттық-тоғышарлыққа,
адалдық-арамдыққа,
парасаттылық-парықсызжыққа
ауыспасын деген үлкен
үміт тұр.
Өмірдің өтпелі қиын
кезеңінде ұл-қыздарымыздың
саналы тәрбие мен нақты
білім алуларына күш
салайық. Балаға жауапкершілікпен
қарап, оқыту мен адамгершілікке
тәрбиелеуде отбасының
басым рөлін мойындап ,бірлесе,
ынтымақтаса әрекет
етуіміз қажет деп бүгінгі
тринингімізді аяқтағалы
отырмыз.
Келесі кездескеншеі
сау болыңыздар!