Бала тәрбиесі және ата-анамен жұмыс істеу қабілеті

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 16:45, доклад

Краткое описание

Қазіргі мектепте жағдай көптеп өзгеруде: оқу және тәрбие процесінің құрылымы мен мазмұны, соған сай мұғалімдер мен оқушылардың көзқарасатары олардың өзара қарым–қатынасы сабақтың ұйымдастыру формаларымен өткізу технологиясы көптеген оқу пәндерін оқытудағы жаңа көзқарас сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысын мектепті басқару ісі біртіндеп демократиялық бағытты ұстануда яғни, педагогикалық әрекеттегі үшбұрыш – мұғалім - оқушы – ата – анаға қатысты жағдайда жаңа демократиялық қарым – қатынасқа ие болды. Олай болса осы қарым – қатынасты реттеп отыратын әкімшілік басқару жүйеде ендігі жерде келмеске кетті.

Оглавление

1. Ата-анамен жұмыс істеу туралы түсінік
2. Бүгінгі бала тәрбиесі
3. Ата-анамен жұмыс істеудегі ұстаздың міндеттері
4. Қорытынды

Файлы: 1 файл

РАБИЯ ПЕДАГОГИКА.docx

— 22.77 Кб (Скачать)

Жоспар:

1. Ата-анамен жұмыс істеу туралы түсінік

2. Бүгінгі бала тәрбиесі

3. Ата-анамен жұмыс істеудегі ұстаздың міндеттері

4. Қорытынды

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   В.А.Сухомлинский оқушылардың ата – аналарымен жұмыс істеудің мазмұнына ерекше назар аударып: «Тек ата – аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», - дейді. Олай болса, отбасы мектеп пен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтанда педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің кеңдігіне қарамастан ата – аналармен жұмыстың маңызы ерекше.

Қазіргі мектепте жағдай көптеп өзгеруде: оқу  және тәрбие процесінің құрылымы мен  мазмұны, соған сай мұғалімдер мен  оқушылардың көзқарасатары олардың  өзара қарым–қатынасы сабақтың ұйымдастыру  формаларымен өткізу технологиясы көптеген оқу пәндерін оқытудағы жаңа көзқарас сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысын мектепті басқару ісі  біртіндеп демократиялық бағытты  ұстануда яғни, педагогикалық әрекеттегі үшбұрыш – мұғалім - оқушы –  ата – анаға қатысты жағдайда жаңа демократиялық қарым – қатынасқа  ие болды. Олай болса осы қарым  – қатынасты реттеп отыратын әкімшілік  басқару жүйеде ендігі жерде келмеске кетті.

Бүгінде мектептің ата – аналармен  жұмысының кейбір дәстүрлі түрлері  өзінің маңызын жоюда: ата – аналар жиналысы, ата – аналар лекториясы мен университеттері, ата – аналардың  ашық күні, ата – аналардың жұмыс  орындарымен байланыс, баланың отбасына бару т.с.с.

Түйіні  шешілмеген мәселелерді шешуде мұғалімдер мен оқушылар ата – аналармен  оқушылар өзара байланыссыз жалқы  қалып отыр. Әсіресе, мұндай жағдай мұғалімдердің ата–аналармен ынтымақтастық  қарым – қатынасына кері әсерін тигізуде.

Бүгінде бала тәрбиесінде олардың бір  – біріне айтар ақыл кеңесі ауадай қажет болып отыр.

Сондықтан да ата – аналар балаларды тәрбиелеу  ісінде мектеп пен қарым – қатынас, тікелей байланыс жасауды басты  міндетіміз деп есептеуі тиіс, өйткені, олардың өз балаларын тәрбиелеудегі  жетістіктері сынып, мектеп ұжымдарының  оқу – тәрбие жұмысының нәтижесіне байланысты. Бұл жағдай оқу –  тәрбие процесінің мазмұнын, сапасын  және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектептің ынтымақтасып жұмыс істеулерін қажет етеді.

Мектептің ата – аналармен жүргізетін жұмысының  ерекшелігі осы екі жақтың байланысымен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты ең алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз етеді. Ол мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыруда жетекші қызмет атқарады. Мектептің баланы тәрбиелеуге қатысты саясатын отбасының түсінуі, соның жұмысына байланысты. Мұндай жағдайда отбасының негізгі тапсырыс беруші және баланы тәрбиелеуде мектеп пен одақтас ретінде қарастырған жөн. Сондықтан да сынып жетекшісінің осы бағыттағы жұмысын негізінен мектеп пен ата – аналар және балалардың өзара қарым қатынасымен әрекетінде бірлікке, ынтымақтастыққа қол жеткізу, ол үшін баланың дамуына жағымды көңіл күй мен жағдай жасау. Оны нәтижелі шешу мүмкіндігі, егерде тәрбие жұмысының негізінде сол ынтымақтастық әрекет орын алған жағдайда ғана болады. Ол үшін өзара сенім мен құрмет, өзара көмек пен қолдау, бір – біріне шыдамдылық көрсету ынтымақтастықтың негізіне айналуы тиіс.

Дегенмен, мектеп оқушыларымен жұмыс істеу  көп ізденуді, еңбек етуді қажет етеді. Әсіресе, сынып жетекшісіне жүктелер жауапкершілік мол. Оны оқушылардың ата – аналарымен тығыз байланыста болған жағдайда ғана талапқа сай жұмыстар жүргізуге болады. Сол үшін де ата – аналармен қоян – қолтық жұмыс істеуі мақсатты түрде өте ұзақ мерзімді қажет ететін процесс. Ол үшін, жанұяны және оның отбасы тәрбиесіндегі ерекшеліктері мен жағдайын жан – жақты әрі жүйелі зерттеуді қажет етеді.

Олай  болса сынып жетекшісінің ата–аналармен  жұмыс істеу қажеттіліг неде:

- баланың өмірін ұйымдастыруда, оның тәрбиесіне қатысты мәселелелерді шешуде ортақ көзқарастың болуында баланың отбасы мен мектеп жағдайындағы дамуын және әлеументтенуін тиімді ұйымдастыру мақсатында тәрбиенің бірыңғай ұстанымдарын қоюда;

- баланың әлеуметтік-педагогикалық  және психологиялық даму жағдайын  ескере отыра, тәрбиенің мақсаты  және міндеттері дұрыс анықтау, оларды жүзеге асырудың болуында;

- баланың жан – жақты үйлесімді дамуы үшін тәрбиелік ықпалды тиімді және нәтижелі ұйымдастыруда;

- балаға мектеп пен мектептен  тыс тәрбие мекемелерінің, ата – аналармен жұртшылықтың педагогикалық қолдануын ұйымдастыруда;

- баланы әртүрлі ортада, әртүрлі  жағдайда жан – жақты жақсы танып білуі үшін;

- балаға ықпал етудің жалпы  тәсілімен техникасын ойластыруда,  әртүрлі өмір жағдайында оның тұлғасына әсер етуде күш жігерді біріктіру үшін;

- сынып жетекшісі, оқушылар және  ата – аналардың жағымды көңіл  күйін өзара жағымды түсіністік пен ынтымақтастық қарым – қатынасын орнықтыруда.

Осыдан  барып мектеп пен отбасы тәрбиесінің  жағымды факторларға негізделген өзара қызметінің маңыздылығы түсінікті.

Ата–аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері:

1. Ата–аналармен тұрақты байланыс  орнату. Ондағы мақсат: отбасының,  оның мүшелерінің өзара қарым–қатынасы мәдениет деңгейі, отбасының жеке басқа ықпалы ата–ананың педагогика білім дәрежесінің жай – күйін анықтап, кеңес беріп, оларды бала тәрбиесіне ортақтастыруды көздейді.

2. Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету. Ондағы мақсат өмір сүріп отырған қоғамға сай белгілі бір мінез құлық нормалары балаға үйрету, жаттықтырудың жүйелілігін, тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сол сыныптағы дәріс беретін мұғалімдерді ата – аналармен ортақ іске ұйымдастыру.

3. Ата–аналар ұжымын құру. Бұл күрделі  әрі жауапкершілігі мол маңызды міндет. Бұл бағытта ата–аналар комитетін құру, оның жұмыс жоспарын жасау, оларды мектептегі қоғамдық жұмыстарға қатыстыру, атқарылатын істерге талдау жасап отыру т.б. жұмыстарды міндеттейді.

4. Ата–аналардың педагогикалық білім  дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру. Ол үшін ата–аналардың жаппай педагогикалық білім алуларын ұйымдастыру. Бұл бағытта баспасөз беттерінде, радио, көгілдір экран арқылы, пеадагогикалық білімдер жетілдіру универсистеттерінде лекторияларды, семинарларға, ғылыми практикалық конференцияларда, ата–аналар жиналыстарында педагогикалық білімдерін насихаттау.

Ата–аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі

Сынып жетекшісі жоғарыда аталған міндетіне  сай 5 қызметті атқаруы тиіс.

1. Ата–аналарды сыныптағы оқу тәрбие процесінің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру. Сынып жетекшісі ата – аналар жиналысының бірінші отырысында осы мәселеге қатысты өзінің ұстанымы мен педагогикалық қөзқарасын баяндайды. Оның мақсаты және міндеттерімен, соған сай әрекет ету бағдарламасы және тәсілімен тәрбие жоспарымен таныстырады. Ата–аналармен бірлесіп оны жүзеге асыру жолдары қарастырады. Осындай отырысқа сол сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерін және мектеп әкімшілігінде шақыру мүмкіншілігі қарастырылады. Мұғалімдер өздері жүргізетін пәндердің ерекшеліктері, мазмұнымен әдістемесі және оқушылардың үй тапсырмасын орындау жұмыстарынан қатысты мәселелерімен ата–аналарды таныстырады.

2. Ата–аналармен педагогикалық және  психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру. Сынып жетекшісі бұл бағытты ата–аналардың педагогикалық және психологиялық білімдер жүйесін меңгеруіне, балалар әлеументтік ортадағы мінез – құлқын жақсы білуіне сай, оларға ағартушылық қызмет жүктейді. Қазіргі мектеп жағдайында ата – аналардың жалпы білім деңгейі сөзсіз артуда бұл олардың педагогикалық көзқарастарында қателіктің болмауынан сенімін орнықтырады. Дегенменде педагогикалық және психологиялық зерттеу нәтижесі ата – аналардың психологиялық педагогикалық мәдени деңгейлерінің төмендігіне үнемі назар аударады. Сол үшін, бүгінгі таңда қоғамның және ата-аналардың оған деген сұранысы күннен-күнге артуда.

Осы орайда, әрбір сынып жетекшісінің алдында тұрған міндет ата-аналар және мектеп жағдайына тура келетін жұмыс істеу формаларын таңдау. Сондықтан, мұнда мектеп тәжірибесінде ата-аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарына қатысты өзін-өзі ақтаған кейбір дәстүрлі формаларды атаймыз.

3. Ата-аналарды балалармен бірге  әрекетке қатыстыру.

Мұнда тәрбиелеу ортасын кеңейту, оқушы  тұлғасының дамуына ықпал ету  өрісін арттыру, сабақтан тыс тәрбие әрекетін ұйымдастыру, осы әрекеттер барысында мұғалімдер, ата-аналар мен балалардың өзара қарым-қатынасын жақсарутды көздейді.

Мектеп  тәжірибесінде ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстырудың әр түрлі формаларын қолданады:

- сабақтан тыс әр түрлі тәрбиелік шараларға қатыстыру (мәдени жорық, саяхат, кеш, спорттық жарыстар, т.с.с.;

- жалпы мектеп көлемінде өткізілетін  дәстүрлі шараларға қатыстыру (мектеп бітірушілермен кездесу, соңғы қоңырау, жаңа жыл шыршасы, халықаралық әйелдер мейрамы, наурыз, оқушылардың жазғы демалысы өткізу т.б.);

- балалардың сабақтарына, олимпиада,  кештерге, апталықтарға, ата-аналардың  ашық есік күніне т.б.;

- мектептің кәсіптік бағдар жұмыстарына қатысу (еңбек адамдарымен кездесу, өндіріске саяхат, кәсіби бағдар бөлмесін жабдықтау жұмыстары);

- өздерінің мамандықтарына сай  факультативтік және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру;

- балалардың аула клубтарын құруға;

- мектептің немесе сыныптың жөндеу  жұмыстарына, ауланы көгалдандыру  қатысу, кітапхана қорын молайтуға,  көрмелер ұйымдастыруға;

- мектептің немесе сыныптың әртүрлі  шараларын ұйымдастыру және оларды  өткізуге өндіріс және фирмалар арқылы материалдық көмек сұрау т.б.

4. Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналарға  педагогикалық-психологиялық кеңес беру. Бұл бағытта кейбір отбасында бала тәрбиесіне қатысты туындап отырған мәселеге байланысты көмек көрсету, ақыл-кеңес беру.

5. Ата-аналар белсенділерімен жұмыс  және ата-аналардың әртүрлі қоғамдық  ұйымдарымен, жұртшылықпен өзара  әрекеттесуі. Сынып жетекшісінің  бұл бағыттағы жұмыстары ата-аналардың  комитетін құрып, оның мүшелеріне  белгілі бір бағытта тапсырмалар беру, олардың жұмыстарын ұйымдастыруға кеңес беру, қолқабыс көрсетуден басталады.

Сонымен бірге сынып жетекшісі бұл бағытта ата-аналардың жалпы мектеп көлеміндегі және аумағындағы қоғамдық ұйымдарымен де мектепке қатысты жалпы мәселелерді ортақтаса шешуде бірлесе жұмыс жүргізеді (ата-аналар комитеті, кеңесі, құқық қорғау мекемелері т.б.).

Сынып жетекшісінің ата-аналармен  жүргізетін жұмысының формалары  мен әдістері

Ата-аналардың  өз балаларының жан дүниесін жақсы  түсінуі, оларға отбасында дұрыс  та тиімді тәрбиелік орта тудыру үшін, бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттілігін өздері түсінуі тиіс. Сол үшін де мектептің, сынып жетекшісі ата – аналар педагогикалық жұмыс жүргізуі, оның бағытын дұрыс ұйымдастырып отыруы міндеттеледі.

Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде «Ата-аналарды тәрбиелеу» деген ұғым пайда болды. Ондағы көзделген мақсат ата–аналарға бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық кеңес, оқуды ұйымдастыру, соған сәйкес олардың педагогикалық білімдерін жетілдіры отыруды көздейді. Ғалымдардың айтуынша, әр елде сонымен қатар отандық педагогикада жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде сай ата – аналар балаларын тәрбиелеу барысында айтулы қиыншылықтарға кездеседі. Сондықтанда олар мұғалімдердің ақыл – кеңестерін, практикалық көмектерін аса қажет етеді. Олардың ұйымдастыруындағы ақыл – кеңес тек отбасы жағдайы сәтсіз ата–аналарға ғана қажет емес. Сонымен бірге отбасы тәрбиелі ата–аналарға да керек. Себебі: қоғамның қарқынды дамуы осы бағытта жаңа талаптар қоюда. Сондықтан, ата–аналарға бала тәрбиесінде, біріншіден, педагогикалық білімдерді жинақтауға, екіншіден, олардың өздерінің тәрбиелі және дамуын міндеттейді. Егерде мектеп пен ата–аналардың тәрбиешілік өзара әрекетін бірлікте ұйымдастырса, бұл шешімін табатын міндеттер. Ол мектеп тәжірибесінде мұғалімдердің ата–аналармен кездесуін, ата–аналар жиналысын ұйымдастыру, ата–аналар комитетін құру, ата–аналар белсенділерімен жұмыс істеу, ата–аналар үшін әңгімелер мен дәрістер ұйымдастыру, конференция өткізу секілді жұмыстар барысында атқарылады.

 

 

Ата – аналар жиналысы

Ата – аналар жиналысы мектеп бойынша  жылына екі рет, сыныптар бойынша  төрт рет өткізіледі. Жиналысты дұрыс  ұйымдастырып өткізуге ата – аналар комитеті мен ата – аналар белсенділері және мектеп басшылары сынып жетекшілерімен бірдей жауап береді. Ата – аналар жиналыстарында оқу – тәрбие жұмысы қаралады, оның сапасын жақсартудың негізі жолдары белгіленеді. Кейбір ата – аналар отбасылық тәрбие жайлы есеп береді. Жиналыстарда сынып жетекшілері ата – аналарды сынып ұжымының оқу – тәрбие жоспарымен, ал мектеп басшылары оқушылар және ата – аналар комитетінің іс – жоспарларымен таныстырады.

Мектеп  өмірінде тақырыптық ата – аналар жиналыстарын өткізіп отырудың зор тәрбиелік мәні бар. Мұндай жиналыстардың мақсаты – ата – аналарды психологиялық – педагогикалық білім мен тәжірибе жаңалықтарымен таныстыру, ой қорыту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды:

   Кейбір ата-ана өз балаларының сыныпта атқарып жүрген қоғамдық жұмыстарына барынша қолдау көрсетеді. Мысалы,баласы спорттық шараға, мәдени жорыққа жауапкер болса, оның ата-анасы да өз мүмкіндігінше баласына қолдау көрсетіп, оған қажетті материалдарды табуға көмектесіп отырады. Мұндай ата-аналарды сынып өміріне араластырып отыру да сынып жетекшісінің осы бағыттағы жұмысына жатады.

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Әбенбаев С.Ш Тәрбие теориясы  мен әдістемесі. – Алматы, 1987.

2. Болдырев Н.И. Сынып жетекшісі.  – Алама-Ата, 1980.

3. Жұмабаев Ә. Ата – аналар жауапкершіліг. – Алма-Ата, 1977.

4. Капралова Р. Сынып жетекшіснің  ата – аналармен жүргізетін  жұмысы. – Алма-Ата, 1973.

5. Керимов Л. Қиын бала және  оны қайта тәрбиелеу. – Алма-Ата, 1990.

6. Макаренко А.С. Ата – аналар  кітабы. – Алма-Ата, 1985.

7. Оқушыларды тәрбиелеудің үлгі  мазмұны – Алма-Ата, 1978.

8. Арнаутова Е.П., Иванова В.М. Общение  с родителями: зачем? – М., 1993


Информация о работе Бала тәрбиесі және ата-анамен жұмыс істеу қабілеті