Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 09:19, доклад
Білім жолы – қиын да қастерлі жол. Бұл жолда тынымсыз еңбектеніп, шығармашылық ізденуден, үйренуден жалықпайтын жандар ғана нәтижелі табысқа жете алады. Сондықтан өз басым сабақтың сапасын, мазмұнын, әдістерін қазіргі заман талабының деңгейіне көтеруге тырысамын.
Рухани бай жеке тұлға қалыптастыру
Білім жолы – қиын да қастерлі жол. Бұл жолда тынымсыз еңбектеніп, шығармашылық ізденуден, үйренуден жалықпайтын жандар ғана нәтижелі табысқа жете алады. Сондықтан өз басым сабақтың сапасын, мазмұнын, әдістерін қазіргі заман талабының деңгейіне көтеруге тырысамын.
Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы, оқушылардың алатын білім сапасы оқыту дәрежесіне тәуелді. Білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үрдісі. Қазіргі кезде білім берудегі басты мақсат – жан – жақты білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой – толғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Ұстаз еңбегі – жан – жақты ізденумен, еңбектенумен нәтижелі. Әр сабақта оқушының шығармашылығын қалыптастырып, оның пәнге деген қызығушылығын арттырсақ, мұғалім еңбегінің де жемісті болары анық. Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, интеллектуалды деңгейі биік азамат етіп тәрбиелеу ұстаздар міндеті. Көрнекті педагог Ж.Аймауытов: «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» - деген. Оқушыға жаңа білім беруде түрлі білім технологияларын пайдалану арқылы білім сапасын арттыру – бүгінгі күннің басты талабы. Қай пән мұғалімі болмасын өз пәні бойынша білім беруде көптеген проблемаларға кезігіп отырады. Осы кезіккен проблеманы жою бағытында күнделікті сабағын жүйелі түрде құрған жөн деп есептеймін. Осы бағытта «Қазақ тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының элементтерін пайдаланып, жұмыстар жүргізу» тақырыбы аясында «Оқушылардың шығармашылық деңгейін қалыптастыру» бөлігі бойынша жұмыстанып келемін. Қазіргі білім берудің басты мақсаты шығармашыл тұлға қалыптастыру. Шығармашылық дегеніміз – оқушының белсенділігі мен дербес іс әрекетінің ең жоғарғы түрі. Оқушының шығармашылық қабілетін шыңдау бағытында түрлі тапсырмалар беру, көркем шығармаларға талдау, ұнамды, ұнамсыз кейіпкерлерге талдату, шығарма мазмұнына сай қанатты сөздерді ойлап жазу,өз ойынан ертегі, әңгіме, өлең құрастырту. Оқушы қиялға ерік беріп, оқиғаны дамыта отырып, шығармашылықпен жұмыс істейді. Өз бетінше іздену – шығармашылық қабілеттің көзін ашу. Бұл бағытта түрлі ребустар құрғызып, оны құрбыларына шешкізу, жұмбақ, мақал – мәтел, қанатты сөздер жинату, берілген мәтін бойынша шешендік сөздер құрастырту. Осы бағытта оқушыларым мектепішілік, аудандық, облыстық түрлі шығармашылық сайыстарға қатысып, түрлі дипломдармен марапатталды. Осының өзі аз да болса еңбегімнің жемісі деп білемін.
Козинова Шаттыгүл Қазбекқызы қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Бірік орта жалпы білім беретін мектебі
Казталов ауданы БҚО