Дін және оның жастарға ықпалы

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 19:53, реферат

Краткое описание

Абайдың айтқаны бар: «Шөлдеген жан су көрсе, бас қоймай ма қайнарға» деп. Дана хакім айтқандай, жылдар бойы рухани сусаған халық бірден дінге бас қойды. Алайда, дінсіздік деңдеген елдің ересегінің де, әсіресе жастарының діни санасы тым төмен еді. Мұны орта ғасырлардағы папалар дәуірінен бері діни экспансияны шебер меңгерген Батыс әлемі оңтайлы пайдаланды. Қомақты қаржыны да, басқасын да аямастан өзінің тәжірибелі де, таңдаулы эмиссияларын жіберіп, аз уақыттың ішінде мыңдағын қандастарымызды қатарына тартып үлгерді.

Файлы: 1 файл

7.doc

— 36.00 Кб (Скачать)

                                                         Алия Жиханшақызы Назарова

                                                                                     Сырым ауданы,  «Сырым елі» газетінің тілшісі

                

«Дін және оның жастарға ықпалы»  

      Бүгінде қандастарымыздың көбінің топ-тобымен  жат діннің жетегінде жүргені  жасырын емес. Бұған көп нәрсе  себеп. Соның бірі кешегі кер замандағы  үстемдік еткен жетпіс жылдық діни нигилизмнің салқыны деуге болады. Бұл кезде атеистік танымда тәрбиеленген аға ұрпақ қабір тастан қойма салып, бабалар қорымын темір тажалмен тілгілеп, аңызға айналдырды. Белді-белді жоғарғы мектептер жанында атеистік университеттер ашылды. Халықты хаққа қарсы қойған Құдайсыз қоғам орнады. Артынша азаттықтың самалы есті. Көп болып аңсаған күн де туды. Бірақ, тәуелсіздіктің елең-алаңында ес жиып, еңсе тіктеу оңайға соқпады. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жаңаша шешімдер қабылдау қажеттілік етті. Егемендікті еселеу жолында батыл қадамдар жасалып жатты. Соған қарамастан кейбір қателіктер болмай қалған жоқ. Сондай олқылық «Діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер туралы» заңда орын алды. Мұның соңы елімізде түрлі мысық пейілді өзге жерлік діни ағымдардың ағынына әкелді.

      Абайдың айтқаны бар: «Шөлдеген жан су көрсе, бас қоймай ма қайнарға» деп. Дана хакім айтқандай, жылдар бойы рухани сусаған халық бірден дінге бас қойды. Алайда, дінсіздік деңдеген елдің ересегінің де, әсіресе жастарының діни санасы тым төмен еді. Мұны орта ғасырлардағы папалар дәуірінен бері діни экспансияны шебер меңгерген Батыс әлемі оңтайлы пайдаланды. Қомақты қаржыны да, басқасын да аямастан өзінің тәжірибелі де, таңдаулы эмиссияларын жіберіп, аз уақыттың ішінде мыңдағын қандастарымызды қатарына  тартып үлгерді.  

      Жалпы, жұртшылықтың дінге бет бұруының қоғам үшін пайдасы зор деп айтуға болады. Өйткені, иман ұялаған жерге ырыс, береке даритыны шындық. Мәселен, өзге діндермен салыстырғанда әлемдегі ең соңғы дін өзіміздің Исламның нұр-шуағы шашылғалы жер жүзіндегі зұлымдық атаулы саябырсыды. Ислам дініндегі бес парыздың бірі бес уақыт намаз оқу арқылы адам баласы тазалыққа тәрбиеленсе, екінші парыз Рамазан айында ораза ұстау арқылы шыдамдылыққа шынығады. Ал, үшінші парыз зекет беру арқылы жұмыр бас пенде жомарттыққа үйренеді және жер бетінде сәл уақытқа болса да бай мен кедей атаулысы теңеледі.

      Исламның  басқа да көптеген кереметтерінің бірі сабырлыққа шақыру, үлкенді сыйлау, ата-ананың ақысын өтеуге асығу мен  тағы сол сияқтылары жетіп артылады.

      Құран түскелі бері он төрт ғасырдың ішінде ғылым – Құранның ақиқатын дәлелдеп келеді. Кейінгі ғасырлардың зор жетістіктері нәтижесінде ашылған галактика ғажайыптары мен табиғат құпиялары, терең мұхит тылсымдары мен тіршілік сырлары Құран аяттарында сипатталған болатын. Ал, Құранның ақиқаты бізге өлім мен өмірдің  аяқталмайтындығын, әрбір адамның сенімі мен әрекет-амалына байланысты сұралып, не жәннат есігін ашып, не тозақ азабына қалатындағын түсіндіреді. Бұл өмірге адамның бостан-бос келмегендігі ескертіледі.

      Раббымыз  адам баласын жаратқан соң, оларды өз беттерінше тастап  қойған жоқ, керісінше, дұрыс пен бұрысты ажырататын сана беріп жетістікке жетіп өсудің де, азапқа ұшырап құлдыраудың да себептерін айқын түсіндіріп, жол көрсетті. Құран адамзатқа биік моральдық құндылықтарды ұсынып, жан-дүние мен болмысты рухани байытып, нұрландыра түседі. Бақытсыздыққа апаратын надандық, қорқыныш пен үрей, шарасыздық пен уайымнан тазартып үлкен үміт пен сенім сыйлайды. Қиыншылыққа кездесіп жасыған жүректі қайраттандырып, күш-қуат, тыныштық беріп орнықтырады.

      Қазіргі кезде дін үйренудегі бір қиыншылық  - діннің бұрмаланып жеткізілуінде. Ғылымда  дәлелсіз ешбір қағида қабылданбайтынын ғалымдар жақсы білгенімен, бұл принципті  дін саласында ұстана алмай келеді. Ал, шындығында діннің ең күрделі, көлемді, қажетті де ілім екені даусыз. Ислам дінінің негізгі іргетасы, дәлелі Құран мен Құран қағидаларынан келіп шығатын пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) сүннет амалдары. Осы негізден алынбаған, не оған қарсы келетін кез-келген ой, сөз, тұжырым Исламнан тыс, сыры қаншалықты қисынды көрініп, сөзі сұлу болғанмен шариғат бойынша, ол дінге қарсы бұзушылық мәнге ие деп бағаланады. Сондықтан, Құран мен сүннетке негізделіп және содан нақты дәлелденіп алынбаған кез-келген түрлі діни құбылыстарды өзінше түсіндіруге тыйым салынған. Себебі, пәтуа айтудың артында үлкен жауапкершілік жатыр.

      Ғұлама  Абай осыдан екі ғасыр бұрын алдын-ала  ескерткендей: «Тек аят және хадис  қана талассыз қабылданып, қалғанын имани  ақылмен ұғынып, ақиқатын алуымыз  қажет» - деген болатын.

      Жалпы, дін дегеніміз – тұңғиық теңіз. Оның тереңінде еркін сүңгіп жүру үшін көп оқып, ілім-білім жинауымыз қажет. Сондай әлемдегі көп діннің ішіндегі асыл дініміз пайдасын санамалап айтып бітіру тіптен мүмкін емес. Ислам дінінің ішінде әсіресе, Орта Азия халықтары ұстанатын төрт мәзһәб өкілдерінің бастарын иіп тұрып мойындайтын Мәзһәб болып табылады.

      Бір қуантарлығы, тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы жастардың исламға  бет бұруы қуантарлық жайт. Әсіресе, еліміздің Оңтүстік өңірлеріндегі  жастардың исламға жаппай бет  бұруын көзім шалған болатын. Мысалы, Алматы қаласындағы орталық мешітте намаз уақыты келгенде азан шақырыла бастаған тұста жастардың мешітке ағылуы, даңғарадай мешіттің ішіне сыймай, ауласында жамағатпен намаз оқуы көңіліңді бір серпілтіп тастары сөзсіз.

      Ал біздің Қазақстанымыздың Батыс өңірінде, мүмкін Еуропамен шекаралас жатқандықтан шығар, дінге деген көзқарас өзгерек, үлкендер жағы кеңес үкіметінің атеистік саясатының құрсауынан шыға алмай, жастардың дінге бет бұруына шоши қарайтындары да бар. Шоши қарауының да бір себебі, олардың қазіргі таңдағы еліміздің түрлі кертартпа діндерге бой алдыруында, сол себептен олар жастардың қай бағытты ұстанғанын білмей әлек болады. Қазіргі уақытта осындай асыл дінімзді бұрмалап, өздерінше ұйым жасап, бизнес көріп, табыс көздеріне айналдырып отырғандар да жоқ емес. Осындай себептердің салдарынан қылшылдаған жастардың кейбірі қайсысы дұрыс бағыт, қайсысы бұрыс бағыт екендігін айыра алмай бастары шыр айналушылар да ұшырасады.

      Бұндай  оқиғаларды көзімізбен көрмесек те, құлағымыз шалып қалған кездерде ішіміз удай ашып, осындай кертартпа ұйымдардың негізін салушыларға ашу-ызамыз қара қазандай екендігі сөзсіз.

      Жалпы, ислам дінінің дұрыс бағытын  берік ұстанған адамның баратын  жері жәннат болатыны сөзсіз. Қазіргі  жастарымызға ислам дінінің әсері егер дұрыс бағытын ұстанған болса, әрине жақсы жағынан, ал егер кертартпа бағытын ұстанған болса, ол әрине кері әсерін тигізері анық. Екеуі де мінез-құлықтың сәл болса да өзгеруіне әсер етеді, ал мінез артынан іс-әрекеті кететіні тағы бар.

      Сол себептен замандастарым, дінге бет  бұрмас бұрын немесе бір нәрсеге  күмәнмен қараған жағдайда, кез-келген адамнан емес, мешіт имамдарымен  ақылдасқан жөн болар.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Дін және оның жастарға ықпалы