Абайдың тәлім-тәрбие идеялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2011 в 07:45, дипломная работа

Краткое описание

Менің «Абайдың тәлім- тәрбие идеялары» тақырыбына жазған ғылыми жобам кіріспе, екі бөлімнен, қорытындыдан және де әдебиеттер тізімінен тұрады. Мен Абайдың шығармашылығын зерттедім. Абайдың өлеңдері мен қара сөздеріне тоқталдым, және де Абайдың өлеңдері мен қара сөздері келешек жастарға яғни бізге тәрбиелік мәні зор екенін білдім.

Оглавление

Аннотация

Кіріспе

1. Абай Құнанбаевтың өмірбаяны, ақындық жолы

1.1 Абай- қазақтың көрнекті ақыны, ағартушысы

1.2 Абайдың шығармаларындағы табиғат лирикасы

2. А. Құнанбаевтың шығармаларындағы тәлім-тәрбие мәселелері

2.1 Абай- ғылым, білім насихаттаушысы

2.2 Абайдың қара сөздерінің философиялық астары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

гылыми жумыс Абай.doc

— 428.50 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ 

                Төле би атындағы  № 8 гимназия 
 

                    

АБАЙДЫҢ ТӘЛІМ- ТӘРБИЕ ИДЕЯЛАРЫ 
 
 

                                                          Әбдібай Аружан

                                                             6 «Г» сынып 
 
 
 

                              Тараз 2011ж                                         

                                 Мазмұны

    Аннотация

    Кіріспе

    1. Абай  Құнанбаевтың өмірбаяны, ақындық  жолы

    1.1 Абай- қазақтың көрнекті ақыны, ағартушысы

    1.2 Абайдың  шығармаларындағы табиғат лирикасы 

     2. А. Құнанбаевтың шығармаларындағы тәлім-тәрбие мәселелері

     2.1 Абай- ғылым, білім насихаттаушысы 

     2.2 Абайдың қара сөздерінің философиялық астары

      Қорытынды

     Пайдаланылған  әдебиеттер тізімі 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

                                 

                                Аннотация

         Менің «Абайдың тәлім- тәрбие  идеялары» тақырыбына  жазған  ғылыми жобам кіріспе, екі бөлімнен, қорытындыдан және де әдебиеттер тізімінен тұрады. Мен Абайдың шығармашылығын зерттедім.  Абайдың өлеңдері мен қара сөздеріне тоқталдым, және де  Абайдың өлеңдері мен қара сөздері келешек жастарға яғни бізге тәрбиелік мәні зор екенін білдім.

    Талапқа сай жазылған, безендірілген. Баяндау тілі анық.

                            
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  
 

К І Р І С П Е.

Тақырыптың  өзектілігі:

      Қазақстан Республикасы Президентінің халқымызға арналған Жолдауында басшылықпен бүкіл  қауымның алдына қойған өрелі талаптары да осы жөнінде:»Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің бабаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ата-бабасынан алған мұрасын игеріп,өз ұрпағының жауапты да, жігерлі  білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады.Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады»,-делінген.

      Бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне қатысты ең күрделі  мәселе ұлттық және жалпы адамзаттың мәдени мұраларды жас өспірімнің бойына ізгі қасиеттерді сіңіріп,ұлттық сана сезімін қалыптастыру, рухани байлығын өсіру болып отыр.Сондықтан,бүгінгі таңда жас ұрпақты халықтың тәрбие негізінде тәрбиелеу үшін ұлы ақын-ағартушы Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары мен идеяларының тәрбиелік мүмкіндіктерін зерттеу өзекті мәселенің бірі болып табылады.

      Осыған  орай, Қазақстан Тарихындағы көрнекті қазақтың ұлы ақыны, композитор, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы,оның алғашқы классигі Абай Құнанбаевтың педагогикалық идеялары мен тәлім-тәрбиелік мұраларын жаңаша зерттеудің қажеттігі туындады. Біздің мақсатымыз ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі педагогикалық идеяларға бүгінгі күн тұрғысынан ғылыми-теориялық сипаттама беру, олардың өзара үндестігін айқындау болып отыр.

        «Әкенің ұлы болмай, халықтың ұлы боламын» деген тартысында, «Әкесінің баласы – адамның дұшпаны, адам баласы – бауырың» деген ой Абайдың сөзі ғана емес, адамгершілік, гуманистік жолы да болатын. Абай өзі үшін, елі үшін ізденді, ізденді де тапты және бар тапқаны мен тудырғанын ұстаздыққа салды. Абай үмітін болашаққа жүктеп: «Арттағыға сөз қалсын, мендей ғарып  кез болса, мойын салсын,ойлансын, қабыл көрсе сөзімді, кім таныса сол алсын» дейді. 

ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҚСАТЫ.

Абай  шығармаларындағы тәрбие идеяларының мәнін ашып тәрбиелік жағына ерекше көңіл бөлу.

ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ МІНДЕТІ.

1.  А.Құнанбаевтың  өмірі мен шығармашылығына ғылыми  талдау жасау. 

2.  А.Құнанбаевтың  педагогикалық және ағартушылық идеяларын бүгінгі қоғамдық-әлеуметтік талаптарына байланысты ғылыми тұрғыдан зерттеу . 

ЗЕРТТЕУ БОЛЖАМЫ.

Егер, А.Құнанбаевтың тәлім-тәрбие мұралары қазіргі заман талабына сай жан-жақты зерттеліп, соның негізінде тәрбие бағдарламалары жасалып, оқу-тәрбие үрдісіне қолданылса, мектеп оқушыларының ұлттық педагогика тарихына деген қызығушылықтарын арттырып, дүниетанымдары кеңейе түсер еді. 

      ЗЕРТТЕУ КЕЗЕҢДЕРІ.

      Бірінші кезеңде – зерттеу мәселесі анықталды,тақырыбы аталады, зерттеудің нысанасы, пәні анықталды, оның мақсаты, міндеттері, болжамы және әдісі анықталды. Бұл кезеңде таңдалған тақырып бойынша арнайы әдебиет оқылды, зерттеу  жасалды, материал жинақталып, керекті құжаттар дайындалды.

      Екінші  кезеңде – жоспар құрылып, жинақталған материал жүйеленді.  Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1.Абайдың  өмірбаяны, ақындық  жолы 

1.1 Абай- қазақтың көрнекті ақыны, ағартушысы 

      Қазақ халқының ұлы ақыны Абай (Ибраһим), 1845 жылы осы күнгі Семей облысындағы Шыңғыс тауын жайлаған Тобықты ішінде туады.

      Ақынның әкесі Құнанбай – ол күнгі сахараның  жуан әкімінің бірі.Түгел тобықтының ұлығы болған.

      Абайдың ең алғашқы балалық шағы «күндестің күлі күндес» дейтұғын көп шешенің  арасында өтеді.Бірақ өзін тапқан шешесі Ұлжан мен үлкен шешесі Зере жаратылыстан мінезді,әділ,мейірбан адмдар болып,жас Абайды бауырмал,адамгершілік жолымен тәрбиелеуге тырысады.Әкесі қойған Ибраһим деген атты да сол аналар еркелетіп өзгертіп:»ойлы бол,абайлағыш,аңдағыш бол» деп «Абай» қойған.

      Бала  Абай сабақты әуелі үй молдасынан оқиды. Кейін Қүнанбай сегіз жасар баласын Семейге апарып,Ахмет Риза деген имамның тәрбиесіне береді.Сол шаһарда,сол медреседе бес жыл тұрып,он үш жасына шейін оқуды үзбей оқығанда зейінді шәкірт Абай көп сауат алады.Ақындықтың ерте білінген қозғауы да осы кезде басталады. Кітаптан оқыған келісті жырды,жыршыны сүйе бастайды.Бұдан бұрын кәрі құлақты әже тәрбиесін алып жүргенде туған сахарасының аңыз дастанын,аңыз әңгімесін,көркем қазынасын көп тыңдап,көп ұғып,құмартып өскен жас енді араб,иран,шағатай,түркі ақындарын іздерлеп оқып,жадына алады. Тағатшыл имам, намазқой халфе, дүмше молдалар арасындағы қуыс кеуде, құрғақ сопылыққа салынбай ынталы зерек шәкірт шығыстың ақындық бұлағына, классик тұнық поэзиясына ден қояды.

      Абай - ұстаз, сыншыл ақын, күй шығарғыш өнерпаз. Бар қазақтың өнерлі қауымы – мұның досы. Айналасына талантты жас үйіріледі.Үгітіне, өлеңіне халқы ынталай құмартады. Сонымен барған сайын Абайдың абырой-атағы артады. Өлең үлгісі болса ол да қазақтың барлық жас ұрпағына жайыла тарап,өнер серік айт пен тойда талап пен ойда өмір серік боп,тәрбие тәлімін үнемі беріп,ұдай түсті.

      Абай  тірлігінің мағына-мәнісінің өзін бұрынғы  қазақ ақындарынан мүлде басқа, жаңаша бағалап ұғындырады. Осы жолда өнерлі елдің бәрінен оқы, үйрен, үлгі ал. Адам  баласының бәрінің тарихындағы жақсылығынан,өнерінен үйрен. Бұл жолда дін дін де, ата салт та, ескі құрылыс қалып та кедергі, бөгет болмасын. Болар болса аттап өт, елең қылма. Кім білім беріп,елдігіңді жаңа белге шығарар  болса сол досың,сол жақының деп, халық, қауымға бет сілтейді. Осы жолда ел тарихының кесірі болатын:

      Сабырсыз, арсыз, еріншек,

      Көрсе қызар жалмауыз.

      Сорлы қазақ сол үшін,

      Алты  бақан алты ауыз.

Болып жүрген пәлешіл, ескішіл, керенау, надан  ру басыларды еңбек елінің, ел тарихының  барып тұрған залалды арам тамақ паразиті деп жариялайды.

      Қылып жүрген өнері –

      Харкеті әрекет.

      Өзі оңбаған антұрған,

      Кімге ойлайды берекет,-

деп таңбалайды.

Осындай жұрт әлеумет тірлігіне арнап  айтқан ұлы ақынның үлкен үн, қатты сынын үнемі көреміз. Сондай ұстаздық сөзінде жаманшылықтың пішін-кескінін аса жиіркенішті етіп, жалтармастан басқа сабап, жарып айтқан ақын қазақ әдебиетінде Абайдан бұрын, дәл бұндай толық боп шыққан емес.

      Абайдың айнымай, қажымай ұстап қалған бір  құралы, бір досы бар еді.Ол – сол ақындық еді…Өзгесінің бәрінен ажыраса да жалпы айрылмас сол серігі арқылы келер ұрпақ туар тарих жарқын күйімен тіл қатысқандай болатын.Сондықтан да өзінің жан сырын айтып, келешекке жолдаған жырында өз ақындығы туралы:

      Көк қанат бейіс құсындай         

      Қу  ағашқа қонақтай.

      Ол  бұтақтан қозғалмас,

      Өкіріп  дауыл,соқса жел.

      Өзгеге  бола жырламас,

      Ыстық күнді жоқтар ол.

      Жанымның  жарық жұлдызы

      Жамандық  күнде жарымсың,

      Сөз болсын ескі әр сөзі

      Кейінгіге қалынсын,- деген.

Бұл анық келешектің ыстық, мейірлі күнін жоқтаған, кейінгіге сырын ашқан ұлы ақынның арыздасу сөзі, соңғы өсиеті еді.

     Абай  тікелей мұғалімдікпен айналысып, сабақ беріп, арнайы түрде педагогика ғылымдарына бағыштап еңбек жазбағанымен, оның шығармаларының өне бойы адам жанының небір түкпірлеріне үңілетін адам тәрбиесіне қатысты тұнып тұрған озық идеяларға толы. Соның бастысы – дара тұлғаның өзін-өзі қалыптастыруына апаратын жолды дәл тауып, «жан құмары»- «білмекке құмарлық» деп жұмбақтың шешуіне айналдырғаны.

      Қорыта  келгенде айтарым, Абай – қазақ халқының тарихи көшін ілгері бастауда, ой-пікірлерінің шеңберін кеңейтуде, ұлттық мәдениетін көтеруде ерен еңбек сіңірген ұлттық болмысымызға  дара біткен  жарық жұлдыз. Абай тағылымы оның даралығында, Абай даналығы оның данышпандық ойлары мен парасатты сөздерінде. Абай парасаттылығы оның ағартушылық ой-түйіндерінде, сол ұстаздық ойларының асқар белесі ел тәрбиесінде деп білемін.  
 
 
 

1.2 Абайдың шығармаларындағы табиғат лирикасы 

     Табиғат - адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Табиғатты дүниежүзінің классик ақындарының бәрі жырлаған. Дәуірі мен ортасына, өзінің және басының көңіл күйіне байланысты әр ақын өзінше жырлайды. Біреулер таза пейзаждық суреттер жасаса, екінші біреулер табиғат арқылы қоғамдық өмірді, тартысты суреттейді. 
         Абай да табиғатты өзінше жырлаған. Абайдың көп тақырыптарының бірі – адам мен табиғат бірлігі. Қазақ әдебиетінің ұлы классигі Абай Құнанбаев халқымыздың салт-дәстүрі мен тұрмысын, төрт түлікті шаруашылығын, саятшылық, аңшылық өмірін табиғат лирикасымен ұштастыра жырлаған. 
          Ақынның табиғат лирикасы түр жағынан да, мазмұн жағынанда өзгеше.Өлеңдерінде ақын еліне, жеріне шексіз сүйсіне отырып, өмір шындығын кеңінен қамтып көрсетеді. Табиғаттағы тіршіліктің бір күйден екінші күйге ауысатынын жердегі органикалық заттардың мәңгілік еместігін, олардың өзгеріп отыратынын өлеңдерінде айтқан. Жаратылыстың бар дүниесі бір түрден екінші түрге ауысып, өзгеріп отыратындығын, дамудың табиғи заңдылық екенін ерте таныған. табиғат – күллі тіршілік атаулының қуатты қоныс мекені, алтын ұя, тал бесігі. Ақын өзін қоршаған табиғаттың осы бір күйін, жанды бояуын, іңкәр сәтін кінәрәтсіз құрметпен, ақындық шеберлікпен тереңнен қорғап түрлі-түрлі көрінісін көз алдына әкеледі. 
          Ақын жырларын оқыған сәтте-ақ көкірегінің көріктеніп, бойыңа ыстық нәр құйылып, жаның жайлы бір ләззатқа бөлінесің. Ақын поэзиясына алғаш баға беріп, оның сырын терең ұғып сипатын таныған Ахмет Байтұрсынов: «Не нәрсе жазса да, Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазады», - деп айтқан. 
          Абайдың табиғат тақырыбында жазған тұңғыш өлеңі – «Жаз». Мұнда жазғы табиғаттың көркем көрінісі мен неше алуан қызықты құбылыс асқан шеберлікпен суреттеледі. Шілде айындағы толысқан табиғат, жайлауға жаңа келіп қонып жатқан көшпелі қазақтың қарбалас тіршілігі өлеңде бар болмысымен шынайы суреттеледі. Табиғат бояуы сақталынған сурет көрсетіледі. 
Жаздыгүн шілде болғанда, 
Көкорай шалғын, бәйшешек. 
Ұзарып, өсіп толғанда, 
Күркіреп жатқан өзенге. 
Көшіп ауыл қонғанда...- 
деп суреттейді де табиғаттың ауыл өміріне жерін әдемі өлеңмен жеткізеді.                         Жазда жан-жануар масайрап, шаруаның малы көбейіп, береке, молшылық, ырыс, қуаныш әкеледі. Ақын осы құбылысты даналықпен, сезімталдықпен, шынайы суреткерлікпен жеткізеді. 
         «Қыс», «Күз», «Жазғытұры», «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай» өлеңдерінде: 
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы, 
Масатыдай құлпырар жердің жүзі. 
Жан-жауанр, адамзат анталаса, 
Ата-анадай елжірер күннің көзі... 
деген өлең жолдары бар. Бұл лирикасында жердегі тіршілік жерінен күн энергиясының тіршілікке айналатындығын білдіреді. 
«Қан сонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінде: 
Қан сонарда бүркітші шығады аңға, 
Тастан түлкі табылар аңдығанға. 
Жақсы атпен тату жолдас бір ғанибет. 
Ыңғайлы, ықшам киім аңшы адамға... 
Табиғат құбылысымен саятшыны, тас пен түлкі байланысып, адам мен адам қатынасып, киім мен аңшы адам жарасымдылығы екенін суреттеген. Ақынның табиғатқа адамның өмірін, көңіл-күйін шебер байланыстырғаны, аңшылық өмірдің қызықтығын жан бітіре бейнелі түрде суреттегенін көреміз. 
«Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай» өлеңінде ақын сұрықсыз күздің суық бейнесін, аш-жалаңаш бүрсең қаққан кедей балаларының аянышты халін, үйі жылы, қарны тоқ, киімі бүтін байлардың тұрмысымен суреттеп, қарама-қйшы екі дүниенің тарихи шындығын көзімізге елестетеді. 
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай, 
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай. 
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп, 
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай, 
деп жас бала, кемпір-шалға дейін атап, күнкөрісі шындығын ашады. 
Абайдың табиғат лирикасының ішіндегі ең таңдаулыларының бірі «Желсіз түнде жарық ай», «Көлеңке басын ұзартып» өлеңдері. 
Желсіз түнде жарық ай, 
Сәулесі суда дірілдеп. 
Ауылдың маңы терең сай, 
Тасыған өзен гүрілдеп, - деп басталатын өлеңі табиғаттың түнгі сұлу көрінісін махаббаты жарасқан екі жастың жүрек дүрсілімен ұштастыра бейнелейді. 
«Қыс» өлеңі нағыз орыс поэзиясының классикалық үлгісінен туған өлең. Абай қысты жанды адам шал бейнесінде суреттеген. 
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, 
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. 
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, 
Басқан жері сықырлап келіп қалды. 
Табиғат қысын асыл оймен астастырып бейжай, енжар жатқан қазақ даласына қорқыныш әкелген қатал бейнеде көрсетеді. 
Табиғаттағы құбылыстарды қимылға келтіріп, жанды бейнеге, яғни кейіптеуді қолданады. 
Сыртқы ортаның тіршілікке әсерін Абай шығармаларындағы табиғат лирикаларынан жылдың төрт маусымындағы тіршілік сипаттауын байқаймыз. Абай – оқығаны, білгені мол, білімі терең, дана ақын болумен қоса табиғаттың құбылысын ерте түсінген табиғатшы ғалым.

Информация о работе Абайдың тәлім-тәрбие идеялары