Абайдың тәлім-тәрбие идеялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2011 в 07:45, дипломная работа

Краткое описание

Менің «Абайдың тәлім- тәрбие идеялары» тақырыбына жазған ғылыми жобам кіріспе, екі бөлімнен, қорытындыдан және де әдебиеттер тізімінен тұрады. Мен Абайдың шығармашылығын зерттедім. Абайдың өлеңдері мен қара сөздеріне тоқталдым, және де Абайдың өлеңдері мен қара сөздері келешек жастарға яғни бізге тәрбиелік мәні зор екенін білдім.

Оглавление

Аннотация

Кіріспе

1. Абай Құнанбаевтың өмірбаяны, ақындық жолы

1.1 Абай- қазақтың көрнекті ақыны, ағартушысы

1.2 Абайдың шығармаларындағы табиғат лирикасы

2. А. Құнанбаевтың шығармаларындағы тәлім-тәрбие мәселелері

2.1 Абай- ғылым, білім насихаттаушысы

2.2 Абайдың қара сөздерінің философиялық астары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

гылыми жумыс Абай.doc

— 428.50 Кб (Скачать)

      Абай  ел қыдырып ас ішіп, өлең босатып ішер, жалқау жастарды мінеп-сынап келе:

      Жалға жүр, жат елге кет, мал тауып кел,

      Малың болса сыйламай тұра алмас ел…

Талаптан, талпын, адал еңбек ет.  «Есек артын жусаң да» адал  еңбекпен мал табудың арлығы жоқ, егіннің ебін, сауданың тегін үйрен дегенді насихаттайды. Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал таппақ болатын жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүріп күн көрішілердің арам пиғылын әшкерелеп, «ұрлық түбі қорлық», -адалдан тапқан мал мұратқа жеткізеді, «еңбек түбі – зейнет» дегенді өнеге тұт дейді.

      Жастардың белгілі бір өнеге, өнер үйреніп, пайдалы іспен шұғылдануын, адал еңбекпен мал табуын уағыздаған ұлы ақын оларға:              

                Әсемпаз болма әрнеге

            Өнерпаз болсаң, әрқашан

            Сен де бір кірпіш дүниеге

            Кетігін тап та , бар қалан,

өмірден өз орныңды таба біл деп өсиет  айтады.

      Абай  үлгі етіп ұсынған адал еңбек, ар-ождан  мәселелері қай қоғамда болмасын аса қажет, адамды қиыншылық атаулыдан аман алып шығатын тіршіліктің тұтқасы, өмірдің өзгермес заңы, жастардың алға жетелер жарық жұлдызы нысанасы екені даусыз.Ұлы ақын Абайдың педагогикалық көзқарасындағы  бастынысана «Атаның баласы болма, адамның баласы бол…жақсы көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін», деген гуманистік ой пікірді қуаттау болады. Абай ұрығын сепкен оқу, өнер-білім, адамгершілік әдеп, мораль мәселелері қазақ халқының рухани азығына айналып отыр.

2.2 Абайдың қара сөздерінің философиялық астары

     Халқымыздың ұлы перзенті Абай Құнанбаев қазақ  жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ғұлама ойшыл, ағартушы, қалың қазақ  қауымына, ауыр ойды арқалап ауырған жанның «Жүрек сырын, тылсым сезім, терең ойын» жеткізуге тырысты. Олар өздеріне рухани көсем, білікті ұстаз тұтты.

     Қазір Абай мұрасын талдап, зерттеуге арналған еңбектер саны мың жарымнан асады. Абай мұрасын шынайы танып білудің ең басты жолы, халқымыздың тарихи жадын қайта жаңғырту, қайта талдау. Оның ішінде ең қажеті Абай ғұмыр кешкен дәуірдің мәдени, тәлім-тәрбиелік, саяси, әлеуметтік болмысы, елдің отарлану тарихи, халықтың рухани қазынасы, дәстүрлі мәдениеттің өзіндік сабақтастық жолдары. Осы процестерді жалпы азаматтық көзқарас принциптері негізінде талдай алсақ, Абайдың педагогикалық көзқарасындағы іздерін аша алсақ, Абайтану бағытында көптеген белгісіз, жаңаша ойлар туар еді.

     Абай  шығармашылығында алты мыңнан аса сөз  қоры бар екен, әсіресе онша көп зерттелмеген  «Қара сөздерін» бүкіл қазақ қауымына, әлем жұртшылығына түсінікті ету, даналығының тылсым сырларын ашып, сайын далада ғасырлар бойы өсіп-өніп келе жатқан көшпенділер рухани мәдениетінің төлтумасын жалпы адамзат мәдениетінің ешуақытта маңызын жоғалтпайтын асыл мұрасы, рухани жәдігері етіп көрсету дәрежесіне жету. Бұл Абай алдындағы үлкен парыз.

     «Қара сөздер» тек қана Абайға тән философиялық үрдіс. Абайға дейін де, кейін де бұл сарында арнайы еңбек жазған кісі жоқ. Абай өзін ғана емес өзгені де зерттеуге тырысады, адам, адамгершілік қасиеттерін сарапқа салып «Адам деген даңқым бар», «Адам бол», «Адам баласына адам баласының бәрі – дос» деген өшпес, өлмес қағидаларды дүниеге келтіреді. Осындай жалпы азаматтық принциптерді қамтыған қырық бес сөз қазақтың тәлім-тәрбие аясында қалыптасқан.

     Президент Назарбаев Н.Ә. «Абай туралы сөз» атты көлемді баяндамасында хакім  ерекшелігін былай деп суреттейді: «Абайдың адам көрмеген жанқиярлығы  мен ерен құбылыс саналардай ерекшелігі – отаршыл кемсітушілік бар жерде болмай қоймайтын тайсалудың орнына тайталасты, жиренудің орнына үйренуді, жарамсақтықтың орнына жарастықты, мансап қуған баққұмарлықтың орнына білім қуған бәсекені сіңістіріп, ұлтымыздың рухани қайсарлығын атымен, жаңа қасиеттерімен байытқандығы»

     Абайдың ұстаздық идеяларының ең мол жері – оның әйгілі қарасөздері. Ақынның педагогтік идеялары қарасөздерінің өне бойын алып жатыр. Олардың жазылу мақсаты да айқын. Бірінші сөзінде айтқандай, есейген кезде түйгендерін, өткен өмірмен байланыстыра, ақын 5 түрлі жол таңдайды – ел бағу, мал бағу, ғылым және бала бағу. Дана Абай поэзиясы қуатымен қатар «ақ қағазбен сияны ермек қып», қараңғы халық санасын оятып, көкірегіне дарытатындай ағартушылық идеяларын қарасөзбен тізіп берген.

     Адам  дамуы екі қажеттіліктің: «тән құмары мен жан құмарының» қалай іске асатынына тікелей тәуелді. Жан құмарын қанағаттандыру дегеніміз – білімге сусындау болса, оның өзі шәкірттің жас шамасына қарай өзгеретінін ақын 7-ші сөзінде тап басып айтады: бала кездегі «ол немене, бұл немене» деп, бір нәрсені сұрап білсем екен дегенде ұйқы, тамақ та есімізден шығып кететін құмарымызды, ер жеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмайды екенбіз? Бұл сұрақ – бүгінгі педагогикадағы көкейкесті проблема. Осыдан-ақ қазіргі балабақша мен бастауыш мектептің шәкірттерінің сұрампаздығының азаюынан басталады. Жоғары сыныптардағы білімді түсіну төмендеп, даму тежеліп қалды, міне осыдан олардың әрі қарай ғылым таңдай алмайтыны көрініп тұр емес пе?

     Абай 7-ші қарасөзінде «жан- құмарлығын» бала кезде күшті болатынын,  ал адам есейе келе, сол қасиеттен азайып, тіпті ада болатынына қынжылады. Туа бітетін адамға тән ерекше дүние тануға деген ынтазарлықтың болатынын Абай: «Қайта бала күнінде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген адамның баласы екенбіз» ,- деп сипаттайды.Осы ойлардың бүгінгі ұстаздарға қажеттілігі: шәкірттердің бойында болатын білімге деген «жан құмарлығын» өмір бойы жоғалпай,жанған шырақтай мазданып ұстап тұрудың басты мақсат етудің тиімділігін көрсетуінде.Әр сабақ шәкірттердің көзін ашып, ойын ортаға салып  бөлісетіндей, пікір айтып таластыратындай деңгейде өтуі тиіс. Сонда ғана білім адам бойына дұрыс дамиды дейді ұлы Абай.

     «Жан қуаты деген қуат – бек көп нәрсе» дей келе ұлы ұстаз оның ішінен ерекше екі түріне тоқталады. «Біреуі … не көрдің, есіттің, әрнешік білдің, соны тездікпен ұғып, ұққандықпен түрмай арты қайдан шығады, алды қайда барады, сол екі жағына да ақылды жіберіп қармаққа тез қозғап жібереді. Егер бұл болмаса, көп білуге уақ оңды пайда да бермейді». Педагогикалық тұрғыдан алғанда, оқу үрдісінде керекті білімді бақылап, қабылдап, ұғып қана қоймай, оның алды-артын бірге ойластырып, жүйелі түрде түсініп отырса ғана білім тиянақты, тиімді болатынын дәл нұсқап тұр.

«Жан  қуатының» екінші түрі жаңалықты  қабылдау барысында ұқсағандарды тексеріп отыру қажеттілігімен байланыстыра қойылады. Бұл педагогикадағы таным үрдістеріндегі басты заңдылықтармен үндес келеді.

     Ақынның 32-ші сөзі, түгелімен білім- ғылым үйренбекке талап қылушыларға арналып,оның 6 шарты тайға таңба басқандай етіп берілген: «әуелі білім-ғылым табылса,ондай мұндай іске жаратар едім деп… іздемекке керек»-бұл оқытудың басты мақсатының қазіргі күнгі қағидасымен сайма-сай келсе, әрі қарай айтылатын»… Білім-ғылымның өзіне тән құмар,ынтық болып бір ғана мектептің өзін дәулет білсең көңілде бір рахат пайда болады… білмегенді тағы да сондай білсем деген құмарлық пайда болады». Осы ойлардың өзінен-ақ қазіргі ғылыми педагогикадағы оқытудың дидактикалық заңдылықтары мен ұстанымдардың біразы айқын көрінеді. Оқушының белсенді таным-қызметінің қалыптасуы үшін онда саналы ынта болуы, оның қызығуға тәуелділігі, игерген білім шәкіртті қуанышқа бөлейтіндігі, оның өзі тағы да жаңа білімге жетелейтіні,қызыға,құмарта оқыған оқу – адам жадында ұзақ қалатыны ап-айқын айтылып тұр.

     31-ші  сөзінде келтірілген естіген  нәрсені ұмытпастықтың 4 түрлі  себебіне зер салсақ, оқытудың қазіргі дидактикалық заңдылықтары мен ұстанымдарымен тікелей байланысын байқаймыз. Шәкірттің сабақ кезеңіндегі білімділігі мен саналылығы алдымен оның «көкірегінде оянатынын», ал оқығанды жүйеге келтіріп есте сақтау үшін «ынтамен ұғу керек» екендігін, «көңілге бекіту» үшін естігенді бірнеше «қайтара ойланып» оқу қажеттігіне ерекше тоқталады.Білімді игерудің бұл сатылары іске асуы үшін адам ойын «кеселді нәрселер» бөлмеуі шарт. Ұстаз шәкірттің бүкіл ақыл-ойын, ынтасын оқуға тартады.

     19-шы  сөзінде: «Адам ата-анадан есті  болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды – дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескере, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді естігенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып естісе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұщынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек?  Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады»- деген. Қ.Өмірәлиев М.Әуезовтің Абай өлеңдерінде айтылатын ойларының бірталайын жаңа сөзбен таратады, себебі өлең сөздер көбіне-көп оқушы мен тыңдаушыға үнемі түсінікті бола алмайды дегенін мысал ете отырып, осы жайды ескеріп Абай дидактикалық поэзия туыс нақыл сөз үлгісіндегі қара сөзге көшеді деп айтады. Яғни ақынның қара сөздері өз дәуіріндегі оқушы мен тыңдаушының ой-өрісін ескере отырып, дәуірдің жағдайларына байланысты дидактикалық-философиялық шығармалар, мораль философиясы еді деп пікір білдіреді.

     Абай  ұлылығын, сырын шынайы түсінудің  әдістемелік кілтін қазақстан халық  жазушысы Әбіш Кекілбаевтың мақаласынан  табамыз. «Абай – пайғамбардай пір тұтарлық ақыл-ой алыбы. Ондай құбылыстың құпиясына күллі болмыстың қыр-сырына түгел үңіліп барып түсінуге болады». Халқымыздың рухани болмысын, мәдениетін жаңаша ой елегінен өткізіп, бұрын мән бермеген бояулары мен қыртыстарын ашуға тырысудың өзінде теориялық мән бар. Ол білімімізді, танымымызды толықтырады, ғылым тұңғиығына тереңдетеді. Абай «Қара сөздерін», бүгінгі заманға сай түсініп, хакімнің арманын халқымызды жаңа менталитетке, жоғары адами мақсат-мұратқа тәрбиелеуге қолдана алсақ, бүкіл қауым болып шеше алмай жатқан мәселеге – ұлттық идеяға бір табан жақындай түсер едік. Зерттеу барысында жасауға тырысқан тұжырымдар адам және қоғам, адам және дін, мәдениет, өркениет, әлеуметтік таным, тарихи сана, этнотәрбие, ұлттық идентификация, ұлттық намыс түсініктерін анықтауға себін тигізіп, мәдениеттану, философия, тарих, педагогика пәндерін оқытуда пайдаланылуы мүмкін.

     Жалпы тәлім-тәрбие, мәдениеттілік, адамшылдық деген түсініктер адамзат тарихымен  бірге жасап келе жатқан және де дәстүрге айналып кеткен нәрселер. Әсіресе тәрбие жолында жаңалықтар  көп бола бермейді. Бүкіл адамзатқа ортақ тәрбие талабы – жастарды адам болуға баулу, адамшылықтың негізгі принциптеріне үйрету. Ал адам болудың жолдары әр халықтың, ұлттың дәстүріне, салтына, тарихына, дініне, рухани болмысына байланысты. Қазақтың өмір салтында адам болу жолдары үлкенді сыйлаумен, ата жолын, ана жолын қуумен ар-намысты, ұятты бетке ұстаумен, өнер-білімге, еңбекке ұмтылумен анықталады. Абайдың өз басында осы қасиеттердің бәрі де болды. Сондықтан да ұлт ұстазы болуға неден қашық болып, неге асық болып, немен дос болуға шақырып жөн сілтеуге моральдық құқығы болды.

     Абай  өз парызын түсініп  саналы түрде жаңа ізденістер мен ерекше әрекеттер жасап адамтану, адам болу ілімінде көп жаңалықтар ашты. Абай тәрбие теориясының басты мақсаты адамдыбарынша кемелділікке жеткізу, ол кемелділікті адамға лайықты түрде көрсету, пайдалану, бүкіл өміріне азық ету басқаға да шарапатын тигізу. Оқушы мен көпшілік тыңдаушыларының өзтұсындағы сенім нанымдарын еске алғандықтан ақын дін тақырыбын көбірек сөз қылады. Әрине, оның өз нанымы өзгермейді. Сондықтан өлеңіндегі сияқты дінді адамгершілік моральдің тәрбиенің қараңғылыққа қарсы,шартты түрдегі өткелі есебінде бағалайды. Мұхтар Әуезовтің Абайдың «күшті азаматтық сындарын қара сөздерінде оңайлатып, азайтып, қысқартып айтатыны» деген сөзді М.Әуезовтың өзіне де қатысты деп алсақ әрі ол Абай қарасөздері жөніндегі пікірін әдейі «оңайлатып, азайтып, қысқартып» айтқан десек шындықтан тым алшақ кете қоймаспыз. М.Әуезов Абай өлеңдерінен қарасөздері «төмендеу еді» деген ой ұшқынын да байқатады, мұнысы Абай – байшыл, Абай діншіл деген кезіндегі улы жыландай зәрін төккен «төпелеген сыннан» өзі-мұсылман, Исламды терең меңгерген данышпан Абайды әл-әзірге өлеңдерімен ақын Абай деп ғана зерттеуді жалғастыра берудің мүддесінен, ақылдың «айласынан» сөз қолданыс деп ұқтық. Осындай негізгі түсінік»  Абайдың қара сөзінде де көрінеді. Бірақ осымен қатар дініне иланған тыңдаушыларына құдайдың, пайғамбардың, иман, парыздың жайларын көбірек айтады. Оқушылармен әңгімелескенде өз ойына соларды көбірек серік етеді. Және өлеңнен қарасөздері төменірек түсіретін тағы бір өзгешелік бар. Онысы: дін тұтынушылар мен би-болыс, атқа мінерлер жөніндегі аса аяусыз сыншы, жазушы болған қалпын Абай қара сөздерде біраз жеңілдетті, ашуын азайтыңқырап алады»дейді М.Әуезов. Өлеңдегі жұмбақ адам – қарасөзде сұмдық салмақты. Асыл ойдың, шымырлаған қиялдың жиынтығы. Бұл тұста Абайдың ішінде екі пенде жасырынып жатқандай әсер етеді. Бірінші пенде «Шапқан атқа жеткізбес бөкен желіс, ыза қылдың қолыма бір тигізбей» деп өкіне желіксе, екінші пенде өзінің жиырма алтыншы «сөзінде»бәйгеге ат қосқан қазақтарды аяусыз шенейді «Несіне күмпілдейсіз, сорлы-ау!» деген тұжырымға келеді. Әсершіл ақын мен қамқор қайраткердің бір адамның ішкі әлемінен тоғысуы осындайлық қайшылық тудырады»- дейді.

     Абайдың қай сөзін алсаңызда ақынның  өз тұсындағы емес бүгінгі күннің шындығына дәл келеді, айтқандары қазіргі күннің өзін көріп тұрғандай өсиет сөз ретінде өріле түседі. Кешегі кеңес Одақтың құрсауынан босанып шыға келген, бүгінгі тәуелсіз ел құшағына орана қалған қалық қазақ санасы дағдарысқа тап болды. Отаршылдықтың сан қилы саясаты, сан қырлы «жымысқы»әрекеті, сан салалы айла-тәсілдермен бүркемеленген «кіші»ұлтты жоюға жоспарланған көп жылдық бағдарламасының нәтижесі алдымыздан атойлап шыға келді. Абай айтқан «қазақтың бірінің біріне қаскүнем болмағы, бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғыны, рас сөзі аз болатұғыны, қызметке толасқыш болатұғыны, өздерінің жалқау болатұғыны» қазақ ұлтының туа бітті қасиетті емес, қалай жабыстырылғанын байқамай жүре келе тапқан қасиетті емес, қалай жабыстырылған «байқамай жүре келе тапқан «қасірет-қасиеті». Осындай зұлымдық іске өршелене ұмтылған отаршыл  орыс империясының бұл әрекетінің түбі қазаққа қайырлы болмайтынын данышпан жүрегі сезе білді, қатты сезіктенді. Абайдың сезіктенуі дәл келіп, бұл күнде жүре келе тапқан «қасірет-қасиеті» қазақ ұлтының шаңырағын шайқалтуда. Олар – «өзі тойымсыз,  өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар». Абай айтады «Мұның бәрі төрт аяқты малды көбейтеміннен басқа ойының жоқтығынан, өзге егін, сауда, өнер ғылым – солар секілді нәрселерге салынса, бұлай болмас еді. Әрбір мал іздеген малым көп болса, өзімдікі де, балаларымда малды болса екен дейді. Ол мал көбейсе, малшыларға бақтырмақ, өздері етке,қымызға тойып, сұлуды жайлап, жүйрікті байлап отырмақ. Қыста тарлық қылса, арызы жеткендік сыйы өткендік байлық қызметінен біреудің қыстауын сатып алмақ, ептеп алмақ, тартып алмақ. Ол қыстауынан айырылған және біреуге тиіспек, я болмаса орынсыздығынан елден кетпек - әр қазақтың ойы осы».

Информация о работе Абайдың тәлім-тәрбие идеялары