Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2011 в 07:45, дипломная работа
Менің «Абайдың тәлім- тәрбие идеялары» тақырыбына жазған ғылыми жобам кіріспе, екі бөлімнен, қорытындыдан және де әдебиеттер тізімінен тұрады. Мен Абайдың шығармашылығын зерттедім. Абайдың өлеңдері мен қара сөздеріне тоқталдым, және де Абайдың өлеңдері мен қара сөздері келешек жастарға яғни бізге тәрбиелік мәні зор екенін білдім.
Аннотация
Кіріспе
1. Абай Құнанбаевтың өмірбаяны, ақындық жолы
1.1 Абай- қазақтың көрнекті ақыны, ағартушысы
1.2 Абайдың шығармаларындағы табиғат лирикасы
2. А. Құнанбаевтың шығармаларындағы тәлім-тәрбие мәселелері
2.1 Абай- ғылым, білім насихаттаушысы
2.2 Абайдың қара сөздерінің философиялық астары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
2 А. Құнанбаевтың шығармаларындағы тәлім тәрбие мәселелері
2.1. Абай- ғылым, білім насихаттаушысы
Қазақстандағы педагогикалық ойлардың даму тарихы қазақтың жазу мәдениеті негіздерімен байланысты.
Ежелдегі дәстүрдегі қазақтың ағартушылық негіздерін сөз еткенде 6-9 ғасырдағы көне түркі ескерткіштерін – Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк жазбалары, «Оғызнаме»дастаны, «Қорқыт ата» кітабы,Әбу Насыр Әл Фарабидің педагогикалық еңбектерін атап,ол негіздердің мәнін ашап көрсетті.
Қазақ жерінде Х-ХІІ ғасыр арасында өркениеттік серпіліс болып,ірі қалалардың саны көбейіп,сол қалалардағы ағартушылық іс-әрекеттер мен ой-мақсаттардың алтын қазынасы ретінде Жүсіп Баласағұнидің «Құдатғу білігі», Қожа Ахмет Иассауидің «Диуани Хикмет», Ахмет Иүгінекидің «Хибатул-халайық» және бүкіл түркі халықтарының тілін зерттеп, сөздігін жасаған Махмұт Қашғаридің «Диуани Лұғат ат-түрік» сияқты ұстаздық еңбектердің жарық көргенін айтуға болады.
ХІІІ-ХІV ғасырда – «Кодекс Куманикус» (Қыпшақ тілінің сөздігі) және Мұхамед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди»,Қыдырғали Жалайырдың «Жамиғат – тауарих»,Захириддин Бабардың «Бабырнаме» шығармалары мен жыраулардың және жыраулар поэзиясының тарихтану және ағартушылық мәні зор болды.
Бертін келе ХІХ-ХХғ.ғ. ағартушы-демократ ақындарымыз, ғалымдарымыз өздерінің педагогикалық көзқарастарын өз шығармалары, еңбектері арқылы білдіріп отырды.
Ыбырай Алтынсарин ең алғаш мектеп ашып, қазақ балаларына арнап оқулық жазса, Абай Құнанбайұлы да қазақ халқына деген ыстық ықыласын,қоғамға жанашырлығын, педагогикалық көзқарастарын өлеңдері арқылы да, қара сөздері арқылы да беріп отырған.
Абайдың
ақындық жолға бет бұрғандығы
алғашқы сөзі мәдениет пен білімнің
маңызын насихаттауға арналды.1885 жылы
жазған «Жасымда ғылым бар деп
ескермедім» өлеңі осы
Мұнда ұлы ақын «Қызмет қылсын, шен алсын» деген халық мүддесіне жат тәрбиені мінеп, сынайды.
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын,шен алсын деп бермедім
Н/е Адамның бір қызығы бала деген,
Баламды оқытуды жек көрмедім.
Ақынның мұндағы идеясы баланы оқытудан ешқашан қашпау керек және оны атақ үшін емес көзі ашық көкірегі ояу білімді азамат болып өсу үшін оқыту керек.
Сонымен қатар, бұл - өткенге құр өкіну емес, келешекте жастардың, өзі тәрізді опық жеп, бармағын тістеп қалмай, білім мен өнер қуатын шағын бос өткізбей еңбек етуіне жөн сілтейді, жол көрсетеді. Шығарма «Абай» ақындығының халықтық ,ағартушылық мақсатқа қарай бет алғандығының белгісі тәрізді.Кейінгі туындыларында ақын бұл идеяны тереңдете түседі.
1886
жылы Абай «Ғылым таппай
Ғылым таппай мақтанба!
Орын таппай баптанба!
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге, -дей отырып, болашақ ұрпаққа, жастарға ғылымға берілудің, ғалым болудың жолдарын әңгімелейді.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз.
Болмасаңда ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
«Ондай
Айтпа,ғылым
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз,
Тілеуің,өмірің алдында,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек,өтірік,мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпанның білсеңіз.
Талап, еңбек,терең ой,
Қанағат,рақым ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеңіз – дейді.
Ғылым
бағу,бала бағу сияқты ұғымдар ұлы
ойшылдың поэзиясында жиі кездеседі.
Түбінде баянды еңбек – егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған,- деп қорытындылайды.
Олай болса, Абай туындыларының басты орында еңбек туындылары тұрады.Ол еңбекпен келген табыстың барлығы адал да дұрыс жолға бастайтынына кәміл сенеді. Адам еңбекпен,саналы оймен,ақылмен істелінетін істің ғана нәтижесі болады деп санайды. Оны:
Өзіңе сен,өзіңді алып шығар
Еңбегің мен ақылың екі жақтап,- деп жырлайды.
Адамның бойындағы жағымсыз қасиеттердің тууына қарсы тұру үшін ұстаз оның ғылым мен білімге деген құмарлығын арттырып,дамыта түсуді өсиет етеді. Осыған орай ақыл мен еңбектің мәніне ерекше тоқталып,оларды адамның жеке басының басты құдіреті деп түсіндіреді. Сондықтан:
Бақпен асқан патшадан
Мимен асқан қара артық,
Сақалын сатқан кәріден
Еңбегін сатқан бала артық,- деп түйіндейді.
Ақынның көптеген шығармаларының жастарға арналуы – заңды. Елді түзеу, бесікті түзеуден басталады. «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат» деген өлеңінде қырықтан асқан Абай тағдырынан тағылым етіп, айтар ойларының біразын қосқан. Жаманнан жиренсе, жақсыдан үйренсе деген ниетпен жастарға ұсынатын тәрбиелерінің сан алуан түрлерін сараптасақ, ақын айтатын жігітке тән мақтаулы қасиеттер: тұрақтылық, шынайылық, табандылық, адалдық, талаптылық, татулық, сыйластық болып шығады. Осының бәрі жиылып, бірлік деген кең мағыналы ұғымға айналады. Ол жастарға, достарға, ағайындарға тән татулықтан басталып, бүкіл ел, халық өміріндегі ынтымақтастыққа, түсіністікке, тыныштыққа әкеледі. Жаны да жақсы адам ғана жаман мінездерден, бақталастық пен қызғаншақтықтан бойын аулық салып, олардан жоғары тұрады.
Ұлы ұстаз шәкірттің бүкіл ақыл ойын, ынта-жігерін оқуға бағыштаса ғана естігендерін түсініп, ұмытпайтындай болады деп сенеді. «Өзгеге көңілім тоярсың» атты өлеңінде «ғылым да жоқ, еш ди жоқ» адамды даладағы аңға теңей келе, ондайларға «жүрегіңмен тыңдамай құлағыңмен қармарсың» деп ренжиді.
Немесе: Өзің үшін үйренсең,
Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма – жыл.
Біреу үшін үйренсең –
Біреу білмес сен білсең
Білгеніңнің бәрі тұл», -дейді. Мұнда да кәдімгі біздің бүгінгі шәкірттеріміздің, ұстаздарымыздың жағдайын көріп, біліп отырғандай тұжырымдайды. Әке-шешесі үшін оқып жүргендей болады. Біреудің жазғандарын, білгенін көшіріп алып, дайын дүниеге ие болуға дайындалған оқушылардың тиянақты білімі болмайтындығына бәріміз куә болып жүрміз ғой.
Қазіргі
жалпы білім беретін
Абайдың ұстаздық ойларының ішінде білімді өмір бойы игеру, оны кітаптан іздеу, өз бетінше оқу, естіген білгенді есте сақтау проблемалары айқын көрінеді. Өз басындағы тәжірибесі болар, Абай әр шәкірттің өзін-өзі ғылым мен білімге жетелейтін жолдарын көбірек сөз етеді. Білім берудің негізгі үш сатысын - кез келген жаңалықты білудің естуден басталатынын, оны түсіну үшін әр шәкірт оқып, не көру екендігін, ал одан соң барып қажетті жерде қолдануды үйрететінін айқындап беріп тұр. Әрі бұл оқудың сапасын анықтайтын білім, біліктілік, бағдымен де сәйкес келеді.
Ағартушы
ретінде білім алу жолын
Кейбіреу тыңдар үйден шыққанша,
Кейбіреу қояр көңіл ұққанынша,
Сөз мәнісін білерлік кейбіреу бар
Абайлар әрбір сөзін өз халынша,-
деген жыр жолдары тыңдаушының өзін үшке бөліп тұр емес пе? Ұлы ақын білімнің «нұрлы сырын» көру үшін ынталы, «сөзі балу тыңдамайтын» шәкіртті іздейді. Ол бұрыннан да іздегіш, сөзді тез ұғатын болса тіпті ғанибет. Адамның білімге құштарлығы оны тәрбиелі етеді, өйткені, Абайдың айтуынша, «Жақсыға айтсаң жаны еріп, ұғар көңіл шын беріп».
Абай данышпандығының басты көрінісі – қазақ халқының жолын байыптап, болашағын анықтап беруінде. Оның көрегендігінің өзі де заманындағы қалыптасқан саяси-экономикалық, әлеуметтік жағдайды жете түсініп, оның елге тигізетін зиянды себептерін айқындап біліп, тығырықтан шығудың жолдарын көрсетуінде.
Абай қоғамының тәрбиесін жеке адамнан басталатынын көрсетеді, өйткені «адам түзелмей заман түзелмейді» деп анық айтады, тобырдың ішінде тұлға жүрмесе мәнінен айырылатынын мегзеп, «не болады өңкей нал» деп налиды.
Абай тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөледі. «Әне оны берем, міне мұны берем деп, балаңды алдағаныңа мәз боласың, соңынан балаң алдамшы болса кімнен көресің? «Боқта» деп біреуде боқтатып, кәпір қияңқы,осыған тимеңдерші!-деп, оны массаттандырып тентікке үйретіп қойып, «қу, сұм бол» деп «пәленшенің баласы сенің сыртыңнан сатып кетеді деп, тірі жанға сендірмей жат-мінез қыласың» -деп, теріс тәрбие беретін ата-аналарды қатты сынға алады. «Ақыл ардың сақтаушысы» деп қарап, адамгершілік мәселелерін жоғары бағалап, ар тазалығы үшін күресуді дәріптеген ұлы ағартушы.
Абай
қазақ жастарының ғылым-білімге ден қоюуын
әрқашан құттап отырған. Оның көптеген
өлеңдері осыған дәлел бола алады:
Өзің үшін үйренсең,
Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма-жыл.
Біреу ұшін үйренсең,
Біреу білмес, сен білсең,
Білгеніңнің бәрі тұл.
Мына
шумақ жолдары түсіндіріп жатудың
өзі артық болатын тәрізді.