Абайдың тәлім-тәрбие идеялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2011 в 07:45, дипломная работа

Краткое описание

Менің «Абайдың тәлім- тәрбие идеялары» тақырыбына жазған ғылыми жобам кіріспе, екі бөлімнен, қорытындыдан және де әдебиеттер тізімінен тұрады. Мен Абайдың шығармашылығын зерттедім. Абайдың өлеңдері мен қара сөздеріне тоқталдым, және де Абайдың өлеңдері мен қара сөздері келешек жастарға яғни бізге тәрбиелік мәні зор екенін білдім.

Оглавление

Аннотация

Кіріспе

1. Абай Құнанбаевтың өмірбаяны, ақындық жолы

1.1 Абай- қазақтың көрнекті ақыны, ағартушысы

1.2 Абайдың шығармаларындағы табиғат лирикасы

2. А. Құнанбаевтың шығармаларындағы тәлім-тәрбие мәселелері

2.1 Абай- ғылым, білім насихаттаушысы

2.2 Абайдың қара сөздерінің философиялық астары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

гылыми жумыс Абай.doc

— 428.50 Кб (Скачать)

     Отаршылдық  ойранынан кейін Абай айтқан «ешкімге достығы жоқ жандардың шығуы» бүгінгі күні де ылаңын салуда. Яғни  «достығы жоқ жандар» дегеніміз – ең бірінші өзінің ұлтына достығы жоқ, тек өзге ұлттық ғана тілін, мәдениетін, дәстүрін мойындайды, отаршылардың уысына өсіп шыққан, тәрбиеленген «мәңгүрттер» мен «көзқамандар». Олар үшін өз Отаны, өз ұлты – тек материалдық байлықтың көзі ғана, соның  ордасы ғана, Абайша айтқанда «мұның бәрі төрт аяқты малы көбейтеміннен басқа ойының жоқтығынан.

     Мұхтар  Әуезов кезінде айтуға, терең талдауға тиым салынған Абайдың дін жөніндегі  қарасөздеріне ептеп қана сақтықпен  тоқталып өтеді, қарасөздердің ішінде тағы бір қайталай түсетін тақырып – дін мен мораль,тәрбие жайларын қозғайтындығын, оларға:он екінші, он үшінші, жиырма жетінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз сегізінші және қырық бесінші сөздердің жататындығын айтады.

     Әр  істі ойлап істе, кеңескен істе кемшілік аз болады. Ақылды, жанашыр достарыңмен кеңескейсің. Білгенің жөн,бір кісінің ой-пікірі, екі кісінің ой-пікіріндей болмайды, бір көз екі көзбен көргендей болмайды. Тәуіп өзін-өзі емдей алмайды»-дейді.

     93-94-95 жылдарғы Абай қарасөздерінің  алуаны қандай. Абайдың тыңдаушысымен,  оқушысымен бетпе-бет отырғанда айтатын пікірлер өлеңінен оқшау емес. Көңіл күй жағынан бірін-бірі толықтырып, нық сүйеп отырады.Өлеңде жанама айтқан пікірін қарасөзінде ұғымды етіп таратып отырады.

      Он  бесінші сөзі.Өзі қолданып жүрген тәжірибені ойналар, толғанар, сол арқылы тоқтамға келер дегенді айтады. Бұлары адамгершілік, мораль философиясына қарай тартады. Адам өздігімен адамгершілікке жету керек, өзіңді өзің аямай арыңның таразысына сал дегенді аңғартады.

      Он  жетінші сөзі. Адамның адамгершілігі  неден құрылады дегенде: қайрат, ақыл, жүрек, жұрт-үшеуін айтып, ғылымға жүгіністіреді. Абай жүрекке бірінші орын береді. Ол жүректің сезгіштігі. Мұның өзі көрегендік. Олай болса ақыл байқамағанды жүрек сезеді. Абай өлеңінде де, қарасөзінде де шабыттың адамы, сондықтан жүрек сезімі күшті болып отырады.

      Отыз  сегізінші сөзі. Әр алуан оқымысты философтардың сөздерін өзінше түйіп  айтады. Бұл сөзі жас буынға сырласу  ретінде айтылған сөзі ретінде болады. Тілеулестік, мейірмандық, достық жүрекпен емірене сөйлейді. Бұл өсиеттерін мұсылман ғұламасы болып отырып құдай, иман камили деген салаларға бөліп таратып отырады. Сондықтан оны ғылым жолымен қарағанда қате жерлері де бар. Мысалы өсімдік,жәндік – бәрі адам үшін. Адам – дүниенің патшасы деген пікірлер ескірген. Адамның адамшылығын көтеріп айтқанда надан молдалар жайында айтатын пікірлері өткір, актуалды. Абай адамның өз басын өзі қор ететін кемшілігін көрсетеді. Ол – надандық, еріншектік, зұлымдық дейді. Мұның бәрі – педагогикалық, адамгершілік пікірін тарата келіп, қорытқан жері осы десе болады. Абай тәрбиені екіге бөлді. Біріншісі, жеке адам тәрбиесі, екіншісі халық тәрбиесі. Халықтың қамын жеген адам бір жағынан хаким болмағы керек. Сондықтан халықты қуат иесі хаким адам тәрбиесіне алу керек. Ол үшін айрықша қазына, мүлік керек. Абай мемлекеттік тіршілікті айтады, елдің басын қосып басқаратын мемлекеттік күш болып, сол күш аталық қамқорлықты қолына алу керек деген ойды айтты.

      Қырық үшінші сөзінде адамда тән қуаты  мен жан қуаты бар деп пікір  толғауы арқылы Абай психология ғылымының кейбір жақтарын айтады. Педагогикалық көзқарасының  тағы бір жағы таратыла айтылады.

      Қырық төртінші сөзінде адамның әлеуметтік ортамен байланысы, белгілі бір  кәсіпке жұмылған қауымның біріне-бірін  жұмылып көмектесетін топтың  психологиясын  сөз етеді. Абайың бұл қарасөздері тәрбиеге, адамшылыққа үндеген ой-пікірін танытады. Ақындығын басқа арнаға (қарасөзге) салған программалық азаматтық ойларын өлеңдеріндегі пікірін қорыта отырып аяқтайды.   
 
 
 
 

                             ҚОРЫТЫНДЫ.

            Абай поэзиясының ең басты ерекшелігі тәрбиелік тағылымы мол асыл мұрасы ол өзі өмір сүрген тұтас бір тарихи дәуірді жан-жақты барынша толық бейнелеп берді. Ал қоғам өміріндегі көптеген адамгершілік,моральдық проблемалардың, мысалы, әділдік, бірлік, достық, білімділік, еңбек сүйгіштік, алаптылық, адалдық, солармен қатар озбырлыққа жауыздыққа, екіжүздікке төзбеушілік секілді сан түрлі мінез-құлық мәселелері қай заманда да мәні жоймайтындығын және қанша заман ауысып, уақыт, жағдай өзгерді дегенмен,халықтың ұлттық ерекшеліктері, адамгершілік қасиеттері жаңғырып, жаңаша сипат ала отырып, жалғастық тауып өрістеп,дами беретінін ескерсек, Абай поэзиясы кейінгі дәуірлердің,  соның ішінде бүгінгі замандағы өмір шындығын танып – білуге үлкен себін тигізе алатыны қақ. Олай болса, Абайдың педагогикалық идеясы өз дәуірінің шеңберінде ғана қалатын, осы мағынада біз үшін тек тарихи маңызы бар, өткінші құбылыс деп санауға болмайды, ол-заман ауысып,уақыт озған сайын қоғамдық ой-санаға ықпал-әсері арта түсіп, өркендеп, дамып отыратын асыл мұра. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. Алматы 1997ж.
  2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы /Егемен Ќазаќстан 1999 ж. 11 маусым.
  3. Назарбаев Н.Ә. Еліміздің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі. /Егемен Қазақстан. 1999 ж. 15 желтоќсан.
  4. Жарықбаев Қ, Қалиев С. Қзақ халқынын тәлім- тәрбие тарихынан. Алматы 1992. -196 б.
  5. Жарықбаев Қ. Қалиев С. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы 1 том. Алматы 1994; 317.
  6. С.Қалиев, Р.Ізғұттынова, Г,Жексембаева. Тәлім-тәрбие хрестоматиясы.    Алматы. 1996; 512.
  7. Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы. –Алматы,Қазақ университеті, 1989.
  8. Айтмамбетова Б., Бозжанова К.,т.б. Балаларды отбасында адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. –Алматы, 1985.
  9. Айғабылова Н.Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары.-А., Өнер. 1972.
  10. Әбенбаев С.Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі.-А., 1999.
  11. Әбдіразақов Е.Адамгершілік,имандылық тәрбиесі.-Шымкент 1994.
  12. Әбілова З.Этнопедагогика. –А.,1997.
  13. Бержанов Қ.Б.,Мусин С. Педагогика тарихы. А.,1971.
  14. Бержанов Қ.Тәрбие мен оқытудың бірлігі. –Алматы,1973.
  15. Безкаравайный С.,Жұмабаев А.Мектепте өткізілетін тарихи әдеби кештер. –А.,Мектеп,1968.
  16. Дүйсенбинова. Адамгершілік тәрбиесіне айқын бағыт. Қазақстан мектебі. 7-1991.
  17. Егембердиев Ж.Мектеп жұмысын жоспарлау. /Методикалық ұсыныстар/. –А., -Мектеп,1975.
  18. Жақыпов А.Өнеге өрісі –А.,Мектеп,1975.
  19. Ильина Т.Педагогика, -М.,1984.
  20. Қалиев С,Базилов Ж.Қазақ  халқының салт-дәстүрлері. –Алматы ,1993.
  21. Қазақ совет энциклопедиясы. Ғылым 1976-1980.
  22. Қалиев С.Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздерімен тарихы. А.,Рауан,1988.
  23. Қоянбаев Ж,Қоянбаев Р. Педагогика. – Астана,1998.
  24. Мурзалин С. Рухани байлық –А., /Қазақстан,1998.
  25. НұрлановаГ. Орта ғасыр ғұламаларының тәрбие тағылымдары.-Алматы, //Қазақстан мектебі,№7.2003.
  26. Нысанбаев Ә.,Әбжанов Т.Ой.Ақыл.Адамгершілік.-А.,Білім,1994.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

Информация о работе Абайдың тәлім-тәрбие идеялары