Эстетикалық тәрбие
Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 11:03, курсовая работа
Краткое описание
Қазақстан Республикасының 2015 жылга дейінгі білім беруді дамыту түжырымдамасында "Жоғары білім берудің мақсаты - жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру әрбір адамға оқытудың мазмұнын, таңдауға кеңінен мүмкіндік беру" делінген. Осыған орай болашақ маманға кәсіби білім беру арқылы рухани-эстетикалық дамуындағы рөлін терең зерттеуді қажет етеді. Сондай қажеттіліктердің бірі - қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдары негізінде эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктерін болашақ маманның игеруі.
Ұрпақтан-ұрпаққа дәстүрлі жалғасын тапқан бабалар мұрасы тек шеберлік пен іскерлікті игеру гана емес, адамзаттың әлемді рухани-эстетикалық тануының "заттанган" көрінісі. Халықтың рухани бәйтерегі - қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт үғымдарында эстетикалық тәлім-тәрбие жатқанына көз жеткіземіз.
Оглавление
Кіріспе ---------------------------------------------------------------------------------- 4-8
І.Тарау. Эстетикалық тәрбие теорияның негіздері
1.1. Эстетикалық тәрбиенің мәні, міндеттері ----------------------------- 9-16
1.2. Мектептегі эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттары және
олардың ұлттық ерекшеліктері --------------------------------------- 17 - 22
ІІ Тарау. Күнделікті еңбек пен өнер тәрбиесі
2.1 Ұстаз өнегесі, ақыл-ой тәрбиесі ------------------------------------------23- 28
2.2 Күнделікті өмір, жеке адам эстетикасы ------------------------------ 29-31
2.3 Отбасы тәрбиесіндегі эстетикалық тәрбие ------------------------ 32-33
2.4 Тән мен тазалық тәрбиесі, еңбек пен өнер тәрбиесі --------------- 34-42
IIІ . Тәжірибелік бөлім ----------------------------------------------------------- 43-44
Қортынды ---------------------------------------------------------------------- 45-46
Қолданылған әдебиеттер: ----------------------------------------------------- 47-48
Файлы: 1 файл
Курсовой.docx
— 80.61 Кб (Скачать)
Мазмұны
Кіріспе ------------------------------
І.Тарау. Эстетикалық тәрбие теорияның негіздері
1.1. Эстетикалық тәрбиенің мәні, міндеттері ----------------------------- 9-16
1.2. Мектептегі эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттары және
олардың ұлттық
ерекшеліктері ------------------------------
ІІ Тарау. Күнделікті еңбек пен өнер тәрбиесі
2.1
Ұстаз өнегесі, ақыл-ой
тәрбиесі ------------------------------
2.2 Күнделікті өмір, жеке адам эстетикасы ------------------------------ 29-31
2.3 Отбасы тәрбиесіндегі эстетикалық тәрбие ------------------------ 32-33
2.4 Тән мен тазалық тәрбиесі, еңбек пен өнер тәрбиесі --------------- 34-42
IIІ
. Тәжірибелік бөлім
------------------------------
Қортынды ---------------------
Қолданылған
әдебиеттер: ------------------------------
Кіріспе
Қазақстан Республикасының 2015 жылга дейінгі білім беруді дамыту түжырымдамасында "Жоғары білім берудің мақсаты - жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру әрбір адамға оқытудың мазмұнын, таңдауға кеңінен мүмкіндік беру" делінген. Осыған орай болашақ маманға кәсіби білім беру арқылы рухани-эстетикалық дамуындағы рөлін терең зерттеуді қажет етеді. Сондай қажеттіліктердің бірі - қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдары негізінде эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктерін болашақ маманның игеруі.
Ұрпақтан-ұрпаққа дәстүрлі жалғасын тапқан бабалар мұрасы тек шеберлік пен іскерлікті игеру гана емес, адамзаттың әлемді рухани-эстетикалық тануының "заттанган" көрінісі. Халықтың рухани бәйтерегі - қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт үғымдарында эстетикалық тәлім-тәрбие жатқанына көз жеткіземіз.
Біріншіден, қазақ қолданбалы өнерінің ішкі тылсым сыры ұгылады (қабылданады).
Екіншіден уақыт арқылы өткенді зерделеп, бүгінгіні анықтап, болашақты бағдарлайды.
Үшішіден, кеңістік көріністері бүгінгі ұрпаққа "Ата жұрт", "Атамекен", "Елім-жерім", "Туған өлке" ырымдарын қалыптастырады. Сондай-ақ жеке тұлғаның дүние, өмір, қоғам, тіл мәдениеті жөніндегі түсініктері ұлғаяды, ақыл-ойы, танымдық қабілеті, эстетикалық сана-сезімі, түйсіктері, адамгершілік қасиеттері, туған еліне, жеріне, табиғатқа, халық өнеріне аялы көзқарастары қалыптасады.
Халқымыздың кемеңгер ойшылдары (Қорқыт ата, Әл-Фараби, Ахмет Иассауи, Ж.Баласағұни, т.б.), қазақ ағартушылары, қоғам қайраткерлері (М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, т.б.), шетел психолог-педагогтері (Н.Крупская, А.Луначарский, П.Блонский, Д.Лихачев, С.Шацкий, Л.Выготский, С.Рубинштейн, А.Бакушинский, т.б.) еңбектерінде табиғат, қоршаған орта, өмірдегі және өнердегі сұлулықты түсініп, қабылдау болашақ ұрпақтың жан-жақты дамуының басты құралы екендігі қарастырылған.
Бүгінгі
таңда педагог ғалымдардың
Б.Әлмұхамбетов,Ж.Балкенов,Е.
Ү.Ибрагимов, З.Ахметова, Қ.Болатбаев, С.Ұзақбаева еңбектерінде арнайы зерттелген.
Ғалымдар еңбектерінің негізгі идеяларына сүйене отырып, қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдарының эстетикалық тәрбиедегі көрінісіне, соның негізінде эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктеріне мазмұнды сипаттама беруге болады. Эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктері адамның эстетикалық көзқарас, сезім, таным, қабылдау, баға беру, белсенділік қасиеттерінің жиынтығын құрайды.
Алдымен қазақ қолданбалы өнері эстетикалық көзқарасты тәрбиелейді. Адамның өмірге эстетикалық көзқарасы оның өмірі мен қызметінің барлық саласынан (әсіресе өнерге деген көзқарасынан) көрінеді.
Эстетикалық талғамы биік, сезімтал адам еңбектегі әдемілікті, табиғаттағы сұлулықты, өнердегі әсемдікті танып, оны сүйе, қастерлей білетін болады. Ол туралы В.Белинский былай деп жазған: "Әсемдікті сезіну - адамгершілік қасиеттің шарты. Тек осы сезім төңірегінде сана ақыл-парасат болуы мүмкін тек осы сезіммен ғана азамат өзінің жеке басының мүдделерін де, өзінің жеке көзқарасын да Отан үшін құрбан ете алады, тек осы сезіммен ғана адам өмірде ерлік істей алады, ...эстетикалық сезім -жақсылықтың негізі, адамгершіліктің негізі". Яғни, эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу, ұлттық өнерге мұқият зейін салуды талап етумен қатар балалардың ақыл-ойын, дүниетанымын дамытады.
Эстетикалық сезім - адамның еңбек үстінде тарихи қалыптасып дамыған рухани қасиеттерінің бірі. Ұлы ақын М.Жұмабаев «Жаратылыстың Һәм искусствоның сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін оятады». Үлбіреген гүл, сұлу ай, жұлдызды таң, міне осылар сықылды жаратылыстың сұлу заттары, көріністері адам жанына бір ләззат, бір сұлулық толқынын оятып туғызбай қоймайды.
Сұлулық сезімдері адамның дұрыс,
сау ләззат ізденуіне, сұлу нәрсені сүюіне,
көріксіз нәрседен жиренуіне, жақсылыққа
ұмтылып, жамандықтан тиылуына көп көмек
көрсетеді. Сондықтан баланың сұлулық
сезімдері жақсы тәрбие алуына тиісті..."
деп, адамдардың өмірдегі, өнердегі сұлулық
пен ұсқынсыздықты дұрыс қабылдауы, түсінуі
мен сезінуі эстетикалық тәрбиенің басты
міндеті екендігін ескертеді. Демек, қазақ
қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт
ұғымдары негізінде эстетикалық тәрбие
беру табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі
ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу,
дүниедегі әдемілік атаулыны бағалауға
және өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге
баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа
жағымсыз көзқарасты қалыптастырады.
Зерттеу мақсаты: Жас ұрпаққа кәсіби маман беру арқылы рухани – эстетикалық дамудағы ролін терең зерттеу.
- эстетикалық тәрбиенің мәні мен міндеттерін ашу;
- мектептегі эстетикалық тәрбиенің бағыттары және ұлттық ерекшеліктерін негіздеу.
- Күнделікті өмір мен тазалық тәрбиесін зерттеу
Зерттеу әдісі: әдебиеттер мен жұмыс, бақылау жүргізу,тест,анкета,
талдау.
Зеттеу обьектісі: оқушы,мұғалім,ата-ана іс – әрекеті.
Зерттеу
пәні: музыка,технология,педагогика,
Зерттеу базасы: Мұхамед – Рахим Қыдырбайұлының І – ХІ сыныптарға
Жұмыстың құрылымы: Менің курстық жұмысының тақырыбы:
Бірінші тарау «Эстетикалық тәрбие теорияның негіздері»
Екінші тарау «Күнделікті еңбек пен өнер тәрбиесі»
Үшінші тарау «Тәжірибелік бөлім»
Қолданылған
әдебиеттер саны:
I. Тарау. Эстетикалық тәрбие теорияның негіздері
1. Эстетикалық тәрбиенің мәні, міндеттері
Адамдардың эстетикалык сезімдері олардың өмірінде зор роль атқарады. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызықты етеді, оған ең жоғары рухани ләзаттануға мүмкіндік береді. Біз әр адамның адамгершілігінің тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдігі, әсем нәрсені сүйетіндей етіп дамытуымыз керек. Адамның әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік және ождансыздықты, қуаныш пен қайғыны т.б. түсінуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемділікке шынайы көзқарасы мен мұраттары болуы керек екендігі шығады.
Қазіргі
кезде эстетикалық
Еңбек әсемдігін қабылдауды үйретіп, қоғамдық іс-әрекет әсемділігіне сезімталдығын тәрбиелеп, мұғалім балалардың еңбек белсенділігін кеңейтуге дем береді. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің экономикалық мәселелерге әрі тікелей, әрі жанама қатынасы бар. Бұл біздің қоғамдағы қоғамдық өндіріс адамдардың өскелең рухани және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталғандығынан туындайды.
Өнерде шоғырланған адамдардың шындыққа эстетикалық қарым-қатынасы қоғамдық идеяларды алға алып баруымыздың құралы, сол арқылы санаға өте күшті әсер ету жүзеге асады.
Сонымен,
оқушылардың эстетикалық
әрекеттің барлық түрлеріндегі әсемдік нышанын анықтап, оны оқушының әсемдікке көзқарасының дамуы, білім алуы, қалыптасуы құралына айналдырады.
Кең
ой-өрістілік сөйлеу іс-әрекетінің
мазмұнынан сөз өнерін, ақыл-ой еңбегін,
шындықтың объективтік
Оқушы өнегелілігінің әсемдігі, оның жан дүниесінің байлығы, шешендігі оны басқа адамдарға тартымды етеді. Оқушылар алдыңда ашық көрініс берген еңбек әсемдігі, еңбек іс-әрекетінің процесін жеңілдетеді. Ерлік пен шын азаматтық әсемдігі адамдарды қоғамдық тәртіп және құқықтық әрекеттерді орындауға жетелейді.
Баланың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу әсемдіктің қасиеттері бар әртүрлі өмір мен қатынастар және әсерлер ықпалымен жүзеге асырылады. Кіші мектеп жасындағы балалардың эстетикалық көзқарасы үздіксіз дамиды. Оған себеп болатын нәрсе-оқу, қоғамдық және тұрмыстық еңбектің жаңа жүйеге түсуі.
Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы - өнер. Ол шындықты көркем сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып және осылар арқылы адам сезімі мен санасына әсер етіп, оның көзқарасын қалыптастыруға жәрдем етеді. Педагогикада эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысы қаралады. Балалардың ақыл-ой тәрбиесін, зерттелген құбылыстар әсемдігін ашпай жүзеге асыру мүмкін емес.
Мектеп оқушыны әсемдікті