Эстетикалық тәрбие

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 11:03, курсовая работа

Краткое описание


Қазақстан Республикасының 2015 жылга дейінгі білім беруді дамыту түжырымдамасында "Жоғары білім берудің мақсаты - жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру әрбір адамға оқытудың мазмұнын, таңдауға кеңінен мүмкіндік беру" делінген. Осыған орай болашақ маманға кәсіби білім беру арқылы рухани-эстетикалық дамуындағы рөлін терең зерттеуді қажет етеді. Сондай қажеттіліктердің бірі - қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдары негізінде эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктерін болашақ маманның игеруі.
Ұрпақтан-ұрпаққа дәстүрлі жалғасын тапқан бабалар мұрасы тек шеберлік пен іскерлікті игеру гана емес, адамзаттың әлемді рухани-эстетикалық тануының "заттанган" көрінісі. Халықтың рухани бәйтерегі - қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт үғымдарында эстетикалық тәлім-тәрбие жатқанына көз жеткіземіз.

Оглавление


Кіріспе ---------------------------------------------------------------------------------- 4-8
І.Тарау. Эстетикалық тәрбие теорияның негіздері
1.1. Эстетикалық тәрбиенің мәні, міндеттері ----------------------------- 9-16
1.2. Мектептегі эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттары және
олардың ұлттық ерекшеліктері --------------------------------------- 17 - 22
ІІ Тарау. Күнделікті еңбек пен өнер тәрбиесі
2.1 Ұстаз өнегесі, ақыл-ой тәрбиесі ------------------------------------------23- 28
2.2 Күнделікті өмір, жеке адам эстетикасы ------------------------------ 29-31
2.3 Отбасы тәрбиесіндегі эстетикалық тәрбие ------------------------ 32-33
2.4 Тән мен тазалық тәрбиесі, еңбек пен өнер тәрбиесі --------------- 34-42
IIІ . Тәжірибелік бөлім ----------------------------------------------------------- 43-44
Қортынды ---------------------------------------------------------------------- 45-46
Қолданылған әдебиеттер: ----------------------------------------------------- 47-48

Файлы: 1 файл

Курсовой.docx

— 80.61 Кб (Скачать)

    Ананың  әлдиінде үлкен сыр жатыр. Ана  жас сәбиін бесік жырын айта отырып тербетіп, оның келешекте ел қорғайтын батыр, еңбек сүйетін азамат болуын армандаған. Жас сәбидің құлағына жарық дүниеге келген күннен бастап анасының сіңіретін тілек, арманы «Бесік жырының»:

    Құрығыңды майырып, Түнде жылқы қайырып, Жаудан жылқы айырып, Айыр қалпақ киісіп, Ақырып жауға тиісіп. Батыр болар ма екенсің? Бармақтарың майысып, Түрлі ою ойысып, Ұста   болар   ма   екенсің?—

деген өлең жолдары арқылы жетіп жатқан. Ана: «мал бақ, адал кәсіп ет, ел-жұртыңды жаудан қорға, он саусағың өнерлі болсын» деген ойын қысқа күнде қырық қайталап, сәбиінің санасына құюды өзінің, аналық парызым деп ұққан. Халық шығарған бесік жырларында балаға «жорық жасап ел тона, барымтаға аттан» деген пікір айтылмайды. Өйткені мұндай нәрсе халық ұғымына қайшы, керісінше ел шетіне жау келсе, халық намысын қорға деген пікір уағыздалады. Бөбек пен сәбиге арналған ананың бесік жырлары мен «өс-өс», «тәй-тәй»тақпақтарында, «тұсау кесу» жырлары мен санамақ ойын өлеңдерінде айтылар өсиет баланың ой-санасын өсіруге арналған.    
 
 
 

     
 

    2.4. Тән мен тазалық тәрбиесі, еңбек пен өнер тәрбиесі

    Адамның жеке басының қалыптасып, саналы еңбек ететін азамат болып өсуі үшін жан тәрбиесі мен тән тәрбиесі қатар қажет. Жан тәрбиесінің өзі тән тәрбиесінен туындайтын процесс. Осыны екі ауыз сөзбен топшылаған ата-бабамыз «тәні саудың — жаны сау» деп коғамдағы рухани байлықты игеру үшін тән тәрбиесінің дұрыс болуын калаған. Баланың жастайынан дені сау азамат болуын аңсаған. Жаңа туған нәрестені қалай күту жөнінде енелерінің келіндеріне ақыл-кеңес беруі, үлкендердің сәбиді тұзды сумен шомылдырып, денесін маймен сылауы, қол-аяғын созып, «өс-өс» деп буындарын бекітуі, шала туған баланы түлкі тымаққа салып асырауы, оған бие сүтін беруі, қойдың құйрығын сорғызуы — сол қамқорлықтың айғағы.Дене сұлулығына, әсіресе кыз баланың көрікті болуы-на ерекше көңіл бөлген. Аналар «Аттың керкі — жал, кыздың, көркі — шаш» деп үққан. Қыз баланың шашын жақсы өсіру үшін айранмен, ірімшіктің сары суымен не-месе қынамен жудырған. Шаштарын қос бұрым немесе бестемше етіп өру бойжеткен кыздардың көркі болған. Қыз бен жігіт айтысындағы: «Атымды әкем сүйіп Несіп койған, шашымды бестемшелеп есіп қойған» деген сөз тіркестері осы пікірді дәлелдейді.

    Халық жырларында аруларды «Шашының ұзындыгы ізін басты» немесе «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», «Қыпша бел, киылған кас, қолаң шашты» деп сипаттаған. Халық даналығы арулардың киімкиісіне де ерекше мән берген. «Адам көркі — шүберек, ағаш көр-кі — жапырақ», «Қыз өссе — елдің, көркі» деп кыз балаға қынама камзол, дүрия бешпент, кәмшәт бөрік, қос етек көйлек, биік өкше етік тіктіріп кигізген. Сырға, білезік, шолпы, шашбау, жүзік сияқты әшекей заттарды тақтырған. «Қыздың көзі кызылда» деген макал да қыз баланың әшекей заттарға үйірлігін білдіреді. Ұзатылған қыздың ауылында айтылатын «Жар-жар», «Жұбату», «Сыңсу» өлеңдерінде, келін түсіру тойларында орындалатын «Беташарда» кыздың, жас келіннің, басты-басты киімдері, сән-салтанаты, сұлулық бейнесі мақтала жырланған.

    Батырлар  жыры мен лиро-эпос жырларында арулардың  сырт пішіні, киген киімі, жүріс-тұрысы суреттелген. Мысалы, «Қыз Жібек» жырында Жібектің киген киімінің бәрі асыл бұйымдар екенін айта келе, оның киімінен жақсы жарасым тапқан сұлу мүсінін:

    Қыз Жібектің ақтығы Наурыздың  ақшақарындай. Ақ бетінің қызылы Ак тауықтың қанындай. Екі беттің ажары Жазғы түскен сағымдай. Білегінің шырайы Айбалтаның сабындай...—деп сипаттай келе, бүкіл әлемдегі алуан түрлі әсем көріністі сұлулықтың рәмізі ретінде алады да, Жібектің бойына бәрін үйіп-төгеді. Халық жырларындағы арулардың сұлу мүсінін осылайша шебер суреттеудегі максат -жастарды әсемдік сезімге бөлеу, сұлулықты терең сезініп, оған еліктесе екен деген ой-пікірден туған.

    Дене  тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, материалдық  игіліктерді өндіруде оның маңызын  ерекше түсінген қазақ халқы «Денсаулык — зор байлық» деп, бұған батырлық дастандарда, ертегілерде, аңызда, мақал-мәтелдерде төрінен орын берген. Өлім-жітіммен, ауру-сырқаумен халықтық емдом арқылы күрескен. Халықтық медицина тәжірибесіне сүйенген ата-ана баланың тамағы ауырса, жалбызбен шайғызып, тісі ауырса, меңдуана басып, баланың іші кепсе, «өлтірілген» сынап ішкізіп, іш ауырғанда, қойдың құйрық, майымен сылап, аяқ-қолы қақсаса, ерменнің бұлауына салып, баланың басына қотыр түссе, сакармен (алабота күлінен жасалған кара сабын) жуып кетіру сияқты халықтық емдерді қолданған. Мұның бәрі түрлі шөптерден жасалатын болған. Халықтық медицинаны ғалым бүгін де жоққа шығармайды. Бойларына ана сүтімен біткен емшілік кабілеттері бар сы-нықшы-тамыршы, оташыларды ат шаптырып алдырып, қошемет көрсеткен.

    Алайда  «Аңқау елге — арамза молда» дегендей, қа-раңғы халықты бақсы-балгерлер  де өзінше «емдеп», «ауру-сырқаудың  иесі бар, оларды әкелетін жын-шайтан»  деп түсіндірген. Олар сол аурудың  иелеріне өздерінің жындарын шакырып, зікір салып, қарсы қою аркылы сырқатты жеңемін деп, халыққа теріс түсінік берген.

    Еңбек — өмірдің тұтқасы, тіршіліктің  көзі. Еңбексіз өмір жоқ. Қорамдағы байлықтың бәрі адам еңбегімен жасалады.Осыны терең түйіп, ой топшылаған халық: «Еңбек — адамның екінші анасы», «Еңбек түбі — бере-ке», «Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады», «Еңбексіз өмір — сөнген көмір», «Еңбегі қаттының еңбегі тәтті» деген мақал-мәтелдер арқылы жастарды еңбек сүй-гіштікке тәрбиелеудің мәнісін, сондай-ақ еріншектік, жалқаулық — кісінің соры, жаман әдет, жат мінез екендігін жас буынға тәптіштеп түсіндірген.

    Еңбекті дәріптеу, жастарға еңбек адамын үлгі-өнеге етіп  ұсыну «Аяз би» ертегісіндегі Аяз бидің, «Керқұла атты Кендебай» ертегісіндегі Кендебайдың, «Күн астындағы Күнекей қыз» ертегісіндегі  қарапайым қойшы  баланың бейнелері арқылы берілген. Мал баққан, еңбек сүйген, қару-жарақ асынып, ел-жүртын мергендікпен асырап-сақтаған қарапайым шаруа адамдарының адал еңбегі арқасында қиындық біткенді жеңіп шығып, мұратына жетуін баяндау арқылы халык «еңбекпен ер көгереді», мұратына жетеді» деп, жастарға үлгі-өнеге етіп ұсынады.

    Қазақ халқы жастарды еңбекке баулығанда күнделікті кәсібіне, тұрмыс-тіршілігіне байланысты төрт түлік малды бағып-қағуды, аң аулап кәсіп етуді ойластырған.

    Отанын, елін сүйе білушілікке баулуды көздеген. Өнерлі, айлалы аңшыларды «Құралайды көзге атқан мерген», «Шын аңшының алдына аңның өзі келеді» деп мақтаумен қатар, халық аң аулау әдісін білмей, үйренбей, әлін білмей, әлекке түсушілерді «Жаман мерген бір теке атқан жеріне үш барады», «Балық аулай алмаған суды лайлайды», «Аң таппаған атынан көрер, ата алмаған мылтығынан көрер» деп мысқылдайды. Жастарды ерлікке тәрбиелеуді көздеген халык: «Аюдан қорыққан тоғай-ға бармас», «Шегірткеден қорыкқан егін екпес» деп, ұрпақтарына «қорқақ болма, батыл, жүректі бол» деп ескерту жасап отырған.

    Қазақ халқы «Ақтылы қой, алалы жылқы» өсіруді мақсат еткен. Қойдың еті мен сүті — ас, жүні мен терісі — киім, әрі баспана. Қазак, «Бірінші байлық — денсаулык, екінші байлық — ақ жаулық, үшінші байлық -он саулық» деп қойды төрт түліктің алды санаған. Өйткені «Семіздікті қой көтереді», «Тоғыз кабат торқадан тоқтышақтың терісі артық», «Қой алты күн аштыққа шыдайды». Бұл мақал-мәтелдер койдың күнкөрісте қандай мәні барлығын көрсетсе керек. Қой малы — орман-тоғайы, өзен-көлі аз, қысы қатал, жазы ыстық қазақ даласында өсіруге ыңғайлы, ыстык-суықка төзімді, қысы-жазы өз аяғымен жайылып күн көретін, көп күй таңдамайтын, өсімтал мал. Осыны жақсы білген халық: «Малды бақсаң, қойды бақ, май кетпейді шарадан», «Мал өсірсең — қой өсір, өнімі оның көл-көсір», «Қойын, болмаса, байлықта ойың болмасын», «Қойдың сүті — қорғасын» деп қой өсіруді ерекше дәріптеген.

    Қазақ халқы тарихында әрдайым Жоңғар, Хиуа, Бұқар хандарының шапқыншылығына ұшырап отырған. Осы жаугершілік заманда елді қорғайтын батырларға серік боларлық сенімді көлік жылқы еді. Батырдың тұлпарын жарына таңдату, баптап күткізу, қашқан жауға тұлпармен қуып жету, қысылтаяң жағдайда   жаудан құтылу арғымақтың батырдың жауынгер жолдасы, жәрдемшісі болғанын дәлелдейді. «Жылқы — малдың патшасы», «Ер қанаты — ат» деп сәйгүлік тұлпарды дәріптеу ауыз әдебиетінің батырлар жырынан ерекше орын алады. Қазақтың батырлар жырында жақсы аттар (Байшүбар, Тайбурыл, Тарлан, Қаракасқа) бейнесІ батырлардан, арулардан кем сипатталмаған.

    Қазақтың  баласын жақсы көргенде «ботам», «кұлыным», «қозым» деуі, ал, сұлу кызды «ботагез» деуі, көңіл- күйдің жайын білдіргенде «ботадай боздады», «қойдай шулады» деуі немесе адам түлғасын сипаттағанда «жігіттің нары екен» деуі, бойжеткен сұлу қыздар жайын сөз еткенде «жез бұйдалы нар тайлақтай» деген сөз тіркестерін сүйіспеншілік сезіммен әдейі қолданған. Мұның бәрі ауыз әдебиетінде жасалған әсем бейнелі теңеулердің тұлғасы.

    Қазақтың Түйебай, Жылқыбай, Қойшыбай т. б. кісі аттарының өзі тегін қойылмаған. Бұлда тіршілік тыны-сы малмен тығыз байланыста болғандыктан, малды жақсы көргендіктен, малы көп болса екен деген тілектен туған.

    Халкымыз  өзінің аңшылық, мергендік, малшаруашылығына байланысты шығарған әңгіме, аңыз-ертегі, мақал-мәтел, өлең-жырларында жастарды малды дұрыс бағып-кағуға баулуды, аңшылык, пен малшылықты өнер деп қарауды, сөйтіп оларды еңбек сүйгіш, мал тапқыш, өнерлі азамат етуді көздейді.

    Қазақтың  аңшылық пен мал бағудан кейінгі  баянды  кәсібінің бірі — егіншілік. Бірақ, егіншілік қосалкы, көмекші шаруашылық ретінде саналғандықтан, ауыз әдебиетінде бұған байланысты мақал-мәтел, ертек-әңгіме, өлең-жырлар төрт түлік мал шаруашылығына қарағанда азырақ. Дегенмен жер байлығын тіршіліктің тұтқасы, тоқшылыктың кепілі деп түсінген халық: «Жері байдың — елі бай», «Жердің сәні — егін, ердің сәні — білім», «Ексең егін — ішерсің тегін», «Сулы жер — нулы жер», «Бүлакты жер — тұракты жер», «Жер — ырыстың қазығы» деп жер байлығын игеруді, диқан болуды уағыздайды, жастарды адал кәсіпке, ерен еңбекке шақырады.

    Халқымыз  енбек пен өнерді егіз деп қараған. Қолөнер шеберлігін мал бағып, егін салып, аң аулау кәсібінен артық санамаса, кем санамаған. Қазақ шаруасының қолөнері өзінің күнделікті өмір тіршілігімен, тұтыну қа-жетімен тығыз ұштасып жатады. Оның ішер асы да, киер киімі де, баспанасы да малдың өнімімен байланысты болғандықтан, колөнері де сол мал өнімін өңдеуге, ұқсатуға арналған. Жүн иіріп, өрмек току, киіз басып, үй жабу, ою ойып, сырмақ, түс киіз өрнектеу, тері илеп, бас киім мен сырт киім тігу қыздар, әйелдер үшін ерекше өнер болып саналған.

    Ал  тері, ағаш, көмірмен   байланысты кәсіптерді еркектер атқарған. Тері өңдеп, былғарыдан алуан түрлі аяқ киім, (етік, мәсі, кебіс, шоқай, шәрке) тігетін етікшілік, қайыстан жүген, тартпа, құйысқан, қамшы, шідер секілді әбзел істейтін үлкен өнер болып есептелген. Сол сиякты ағаштан ашамай, арба, шана жасайтын балташыларды, темірден кұрал-сайман, еңбек кұралдар, немесе әшекейлі зергерлік бұйымдарды жасаушы ұсталарды халық жогары бағалап, ерекше қастерлеген. «Ұсталы ел озар», «Шебердің колы ортак», «Өнер — таусылмас азық, жұтамас байлык», «Іскердің байлығы — қолында, кемеңгердің байлығы — жолында», «Ел өнерге бой ұрады», «Өнерлінің қолы — алтын» деген мақал-мәтелдер сол пікірді дәлелдейді. Мысалы, Сарытасқа таяу жердегі жартасты кеулеп салынған Шакпақ ата зиратының қабырғаларындағы хайуанаттардың, салт атты садақшылардың әшекей ою-өрнекті суреттері неме-се Ақсу-Жабағалы корығындағы жакпар тастың бетіндегі аңшы-саяткерлер өмірін бейнелейтін суреттер біздің ежелгі ата-бабамыз — ғұндардың (IV—VII ғ.) мәдениетінен хабар береді. Есік каласынан табылған «алтын адам» қалдығы, Қарағанды облысындағы отыз жеті жауынгер обасы мен Павлодар облысындағы Тасмола обаларының сәулеткерлік құрылысы, одан табылған қару-жарақтар мен киім-кешектерге, ат әбзелдері мен киіз, үй жиһаздарына алтыннан, күмістен, қоладан әшекейлеп салынған үй хайуанаттары мен жабайы аңдардың (қошқардың, таутекенің, аттың, түйенің, арыстанның т. б.) сыртқы тұлғаларын бейнелейтін суреттер — (б. з. д. VII ғ.) сақтар заманының мәдени мұралары.

    Қазақ даласында білезік, сақина, жүзік, алқа, шашбау, шолпы, сырға секілді әшекей бұйымдарды жасайтын немесе ертұрман, айыл-тартпа, жүген-құйыскан, үзеңгі-өмілдірік, белдік-кісе сияқты бұйымдарды «алтынмен аптап, күміспен күптейтін» зергерлер көп болған. «Алтынды еріте білмеген ірітер, теріні илей білмеген шірітер», «Алтынды айыра білмеген бөле білмейді», дейтін мақалдар қазақ, жерінде қандай металдардың болғанын, оны халықтың ертеден керегіне жаратқанын білдіреді.

    Өнерді  үйрену, халық кажетіне жұмсау, өнерімен мұратына жету, байлыктың көзін ашу ежелгі ел қиялы болған. Өнерпаздарға арнап халық бірнеше ертегілер де шығарған. Мысалы, «Жеті өнерпаз», «Үш өнерпаз», «Ағаш ат», «Ер Төстік» ертегілерінде тақияға мініп  алып, дүние кезуші, дүниенің асты-үстіндегі жаңалықты естуші, көлде  балықтай жүзуші, көлдің суын ұрттап тауысушы, тау-тасты қопарып, оның орнына алтын сарай салушы, құлазыған қу даланы қалың орман, гүлбақшаға айналдырушы, күн жайлатып, қыс пен жазды қолдан жасаушы таусоғар батыр, желаяқ жүйрік, көреген, мерген, ұшқыш немесе ағаш атқа жан бітіруші кереметтей өнер иелерін ойлап табу арқылы ақыл-ой кемелдігін аң-сады. Жастардың сол табиғаттың тылсым күшін меңгеретін өнер иесі болуын уағыздады. Сол сияқты аңыз әңгімелер мен ертегілерде, эпостық жырларда басты қаһармандардың дүниеге келуімен немесе үйленіп отбасын құруымен байланысты ойын-тойларын суреттей отырып, теңге алу, жамбы ату, қыз қуу, балуан күресі, аударыспақ, ат жарыс, жорға жарыс т. б. үлттық ойын-Сауықтарды, көшіп-қонумен байланысты сән-салтанатты баяндайды. Бүл жерде, біріншіден, халықтың әдет-ғұрпынан, сән-салтанатынан білім, хабар беру көзделсе, екіншіден, ұлт ойындары арқылы енерді дәріптеп, жас-тарды мергендікке, ептілікке, төзімділікке, ат сайысы өнеріне үйрету көзделген. Өнерде оза шауып, бәйге алған жастарды халық ерекше қадірлеп, бәйгеден келген атқа, күресте жеңген палуанға арнап акындар небір керемет өлеңдер шығарған. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                     II Тәжірибелік бөлім

1. _”Өзіңізді бақылай аласыз ба?”тесті.

  Егер  тұжырыммен келіссеңіз иә-деп,келіспесеңіз жоқ-деп сызыңыз.

1.Меніңше  басқа адамдарға елендеу қыйын.

Иә,жоқ.

   2.Мен реті келіп тұрса,басқаларды  өзіме қарату үшін немесе оларды  күлдіру үшін ақмақтануға барамын.

Информация о работе Эстетикалық тәрбие