Эстетикалық тәрбие
Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 11:03, курсовая работа
Краткое описание
Қазақстан Республикасының 2015 жылга дейінгі білім беруді дамыту түжырымдамасында "Жоғары білім берудің мақсаты - жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру әрбір адамға оқытудың мазмұнын, таңдауға кеңінен мүмкіндік беру" делінген. Осыған орай болашақ маманға кәсіби білім беру арқылы рухани-эстетикалық дамуындағы рөлін терең зерттеуді қажет етеді. Сондай қажеттіліктердің бірі - қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдары негізінде эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктерін болашақ маманның игеруі.
Ұрпақтан-ұрпаққа дәстүрлі жалғасын тапқан бабалар мұрасы тек шеберлік пен іскерлікті игеру гана емес, адамзаттың әлемді рухани-эстетикалық тануының "заттанган" көрінісі. Халықтың рухани бәйтерегі - қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт үғымдарында эстетикалық тәлім-тәрбие жатқанына көз жеткіземіз.
Оглавление
Кіріспе ---------------------------------------------------------------------------------- 4-8
І.Тарау. Эстетикалық тәрбие теорияның негіздері
1.1. Эстетикалық тәрбиенің мәні, міндеттері ----------------------------- 9-16
1.2. Мектептегі эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттары және
олардың ұлттық ерекшеліктері --------------------------------------- 17 - 22
ІІ Тарау. Күнделікті еңбек пен өнер тәрбиесі
2.1 Ұстаз өнегесі, ақыл-ой тәрбиесі ------------------------------------------23- 28
2.2 Күнделікті өмір, жеке адам эстетикасы ------------------------------ 29-31
2.3 Отбасы тәрбиесіндегі эстетикалық тәрбие ------------------------ 32-33
2.4 Тән мен тазалық тәрбиесі, еңбек пен өнер тәрбиесі --------------- 34-42
IIІ . Тәжірибелік бөлім ----------------------------------------------------------- 43-44
Қортынды ---------------------------------------------------------------------- 45-46
Қолданылған әдебиеттер: ----------------------------------------------------- 47-48
Файлы: 1 файл
Курсовой.docx
— 80.61 Кб (Скачать)Қазіргі кездегі эстетикалық тәрбиенің міндеттерін шешу үшін халықтың осы уақытқа дейінгі тәжірибесін меңгеру қажет.
Мәдени құндылықтарды жасауда әр халықтың өзіндік ерекшелігі бар. Мысалы, қазақ халқына көшпенділік өмір жағдайында табиғи өзгерістерге байланысты өте нәзік байқағыштық тән. Кең дала қозғалыс бағытын дұрыс табу, жайылымдардың күйін анықтау, ауа райының өзгерісін алдын-ала болжау, өсімдіктердің атын өте дәл тауып қою, т.с.с.
Халық әрдайым әсемдікті іздеді, қолдан жасады және оны өмірде, тұрмыста, еңбекте бекітуге тырысады. Оны халқымыз үй жиһаздарын жасауынан және оны әсемдікті сезінудегі тәрбие құралы ретінде пайдалануынан көруге болады.
Халықтық эстетикалық тәрбие жүйесінде лирикалық, тұрмыстық, әдет-ғұрыптық, еңбектік және т.б. әндер мен өлеңдер ерекше орын алады. Бұларда эстетикалық тәрбиенің құралдары ретінде қызмет етті. Халқымыздың әндері жанры және тақырыбы жағынан өте бай. Көптеген әндер би қимылдарымен байытады.
Қазақ халқының музыкалық аспаптарының түрлілігі таң қаларлықтай (домбыра, шертер, асатаяк, шаңқобыз, ұран, мүйіз сырнай, жетіген, үскірік, қамыс сырнай, дабыл т.б.). Олар бос уақытта пайдаланылып жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру ісіне қызмет етті.
Халқымыздың тұрмысына енген қолданбалы қолөнер бұйымдары, олардың әшекейленіп жасалуы эстетикалық тәрбиеде өз алдына бір сала. Ағаш, тері, металл өңдеудегі өнері әлемге әйгілі.
Эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің маңызы өте зор болды. Оның мазмұны халқымыздың бүкіл өмір тәжірибесін қамти отырып, жас ұрпақ санасын, әсемдік сезімін, талғамын, қажеттігін билейді.
Эстетикалық
тәрбиенің күрделі мәселелерін айқындауда
біз халықтың жинақтаған педагогикалық
білімі мен тәрбие тәжірибесіне сүйенуіміз
қажет.
ІІ Тарау. Күнделікті еңбек пен өнер тәрбиесі
2.1 Ұстаз өнегесі, ақыл-ой тәрбиесі
Адамның бойына жақсы адамгершілік касиеттердің сіңісуі, өнер-білімді игеруі тәрбиеге, өскен ортаға, үлгі-өнеге берер ұстазға байланысты. Осыны жақсы түсінген халқымыз «Ұстазы жақсының — ұстамы жақсы», «Тәрбиесін тапса адам болар, оқуын тапса білім қонар» деп ұлағатты ұстаздың еңбегінің текке кетпейтінін өсиет еткен. Өнер иесі күйшілер мен әшекей заттарды жасауды оқушылардың бәрі ұстазына еліктеп, өнер жолын қуған жандардан шыққан. Өз ұрпағының өнегелі, абзал азамат болып өсуін армандаған ата-аналар балалары мен немерелерін қолынан жетектеп ағаш-темір шеберлерінің, тігінші, ою-өрнекші, әнші, күйші адамдардың, жанына апарып, солардың өнерін үйретуге зер салған. Ұстаздарының ақысына түйе, құлынды бие беріп қошеметтеген. Арқадағы атақты Сандыбай үйшінің, Семей облысының Шыңғыс болысында өмір сүрген Балтеке, Үйсімбай, Ерденбай сияқты зергер-ұсталардың, Семей облысының Керей, Шұбартау болысындағы Шоқбатар, Жаңа-Семей қаласындағы Қадірсіз сияқты атақты сынықшылардың, Бұғылы-Шаған болысындағы Ысми тәрізді оташы емшілердің ата жолын қуып, өнерді кәсіп еткен жандар екенін ел аңыз етеді. Ауылдас, ағайындас өнерпаздарға еліктеп, әнші, күйші, композитор болған дарын иелері де баршылық. Айталык, Ықыластың ауылында айлап жатып, күйшілік өнерін үйреніп, біздің дәуірімізге жеткізген Дәулет Мықтыбаев, Жаппас Қаламбаев сиякты күйші саңлақтардың шыруы, Құрымбай нағашысының қуышкештігін өнеге тұтқан Қалибектің атақты актер болуы, әке жолын қуып Бабақтың он төрт бала-сының түгелдей әнші-күйші болуы, ағасы Жакыпбектің жанында жүріп, әншілік өнерін үйренген Жүсіпбектің, оған шәкірт болған Жәнібектің жезтаңдай әнші болуы, ауылдасы Күсембайдын әні мен күйін үйреніп өскен Манарбектің асқан әнші-күйші, композитор болуы — ұстаз-дардың ұлағатты тәрбиесінің жемісі. Тәрбиенің түп қазығы үлгі берер ұстазда, «Ұстазға қарап шәкірт есер» деп халқымыз ұстазға үлкен жүк артқан. Ұстаз үшін өз еңбегінің жемісін көруден артық бақыт жоқ. Ұстазының өзіне ұқсаған талантты шәкірті болса, ұстазға ол үлкен абырой, зор мақтаныш. Халық педагогикасында жастарға арнайы: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла, ол саған бойындағы бар асылын берді, өнер үйретті, әкең жасамаған жақсылықты жасады, шын шәкірт болсаң ұстазыңның үмітін ақта, жолын қу, өнерін жалғастыр» деген акыл-кеңестер айтылған.
Мұның бәрі сергек, сезімтал, акыл-ой парасаты мол, жан-жақты білімді, өнегелі, өнерлі азамат болуын көксеуден туған.
Адамның қабілетін жан-жақты жетілдіре тәрбиелеу үшін дене еңбегімен қатар, ақыл-ой тәрбиесін өрістету аса қажет. Өйткені қоғамның дамуы еңбек пен ғылымның, ұштаса өрістеуімен тығыз байланысты. Қорамдағы барлык байлык, — ой еңбегі мен дене еңбегінің, ғылым мен техника жетістіктерінің ортақ жемісі.
Ақыл-ой тәрбиесі, көріп-білу, жүрекпен терең сезіну — біртіндеп толыға, молыға қалыптасатын тәжірибеден туатын үздіксіз жаттығудың жемісі. Көрген-білгенді ой елегінен өткізіп, оны түйіндеп миға тоқу, үнемі сарапқа салу ынта-жігерді, күшті қажыр-кайрат пен талапты керек етеді. «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез»— деп тектен-текке айтпаған, шешендік өнерді құрметтеп оған жастарды ерте жаттықтыруға ерекше мән беріп, өнерлі азаматтарға жиын-тойларда орын беріп, ерекше қошемет көрсеткен. Сөз бастаған шешенді қол бастаған батырмен пара-пар қойған, шешендікті тапқыр ойдың тұтқасы деп санаған.Орыс ғалымы И. П. Павлов: «Фактілер — ғылымның ауасы» десе, ғұлама ғалымдардың осынау ой-пікірлеріндей тұжырымдарды өз өмір-тәжірибесіне сүйеніп, ой топ-шылаған ата-бабаларымыз: «Тәрбие негізі — ғылым, даналық негізі — білім» деп қорытынды жасаған. Ал сол ғылымды меңгеру, даналық ойға ие болу оқумен, оқығанды көңілге терең тоқумен байланысты деп дұрыс түсінген қазақ халқы.
Фольклорлық шығармалар өмір тәжірибесін халық қажеті үшін жұмсаған акылды, парасатты адамдарды үлгі-өнеге етіп ұсынып отырған. Бұл орайда «Аяз би» ертегісіндегі өмірде көрген-білгеннен терең топшылау жасай білген ақыл-парасаты мол Аяз биді, «Ер Төстік» ертегісіндегі өзінің ақылды,- білгірлік істерімен жарына айнымас дос, ақылшы бола білген Кенжекейді немесе аңыз әңгімелердегі ханның залымдығын даналығымен әшкерелеп, жеңіп отырған Жиренше шешенді, оның ақылды жары Қарашашты мысал етуге болады. Халық өз ертегілері мен аңыздарында жастарды солардай ақылды, парасатты, ойлы болуға баулиды. Халыкқа қыз-мет етуді, әділдік жолында жауыздықпен, зұлымдықпен күресіп, жеңе білуді уағыздаған. Ал өнер-білімнен кенже калған қазақ халқының өмірге терең ой жүгіртіп, үңіле қарап, келешек қоғамның дамуы біліммен, акыл-ой тәр-биесімен байланысты екенін көрегендікпен айта білуінің кезінде үлкен мәні болды.
Жастарға ақыл-ой тәрбиесін беруде, ой-санасын өрістетуде ауыз әдебиетінің айтыс жанры, оның ішінде әсіресе жұмбақ айтысы ерекше рөл атқарған. Қазақ халкының әдет-ғұрпынан, салт-санасынан туған ойын-сауық кештерінде өлең-жырмен айтысу, өнер сайысына түсу, сөйтіп, жиналған жұртты күлдіру, жастарды тапқырлыққа тәрбиелеу дәстүрі ертеден орын алған. Жастар ән шырқап, күй шертісіп, жаңылтпаш, жұмбақ айтысып, өнер сайысына түскен. Бұрын қазақта күйеу таңдаған дана қыз жігітке жұмбақ арқылы талап қойып, оны шешіп, сертке жеткен, ақылды, тапқыр жігітке тұрмыска шығатын болған. Бертін келе жұмбақ ақындар айтысынан ерекше орын алған. Мәселен, Әсет пен Рысжанның, Отарқұл мен Тәрбияның айтыстары жұмбақтасу түрінде жырланған. Сондай-ак. ойын-тойда қыздар мен жігіттер жұмбақ айтысып, жеңілгендерін жазаларын алған. Жұмбақ айтысу жастардың логикалық ой-өрісінің дамуына әсер еткен, оларды тапқырлыққа тәрбиелеген. Академик-жазушы М. Әуезов: «Жұмбақ — халық шығармаларының ішіндегі ең ескі түрінің бірі. Жұмбақ — өткір, ұшқыр ой түйінін топшылаған, поэтикалық қасиеті күшті, тәрбиенін тамаша кұралы. Ол бүгінгі біздің, дәуірімізде де өзінің керектілік қасиетін жойған жок» деген болатын. Жұмбақ адам баласы санасыньщ даму сатысында әр алуан өмір құбылыстарын түсініп-білу үшін ойды жетектеу, талпындыру, әсіресе жастардың ой-өрісін, қиялын кеңейту мақсатынан туған.
XIX ғасыр аяғында Сыр бойы мен Орталық Қазақстанда кең тарап; дәстүрге айналған ақындар айтысы-ның бір түрі — сұрақ-жауап айтысы. Онда бір ақын өмір, өнер-ғылым, тіршілік, еңбек, кәсіп туралы сұрақ беріп, оған бір немесе бір топ ақын қатысып, өз көзқарастарын өлеңмен білдірген. Мысалы, «Алты ақынның өмір туралы айтысы», тоғыз ақын қатысқан «Қаңлы Жүсіп пен Жүсіптің айтысы», он ақын қатысқан «Шәкей сал айтысы», «Ырысты мен он алты ақынның айтысы» т. б.
Жастардың тілін ұстартудағы тәрбиенің, бір түрі — жаңылтпаш айтқызу. Жаңылтпаш айтуда көзделетін мақсат, біріншіден, жиналғандарды күлдіріп, кеңіл көтеру болса, екіншіден әр сөзді тез, шебер, дәл айтуға, тіл ұстартуға үйрету көзделеді. Қазақтың салты бойынша, ойын-сауыққа келген жастардың бәрі ән салып, күй шертіп, өлең айтуға тиіс. Ал өнерден құралақан жастарға берілетін жаза ретінде ойынды басқарушы адам жа-ңылтпаш айтқызған. Мәселен:
Қара бүркіт томағасын түсірді,
Оны мен томағаламай, кім томағалайды,
Оны мен томағаламай, кім томағалайды....
Ар жақтағы Құдияр құдам еді, Ол мені қудаламады, қудаламадым,
—деген сияқты жанылтпаштардың соңғы екі жолын шатаспай жылдам-жылдам айтып шығу оңай емес. Егер ол адам жаңылтпаштың сөзін орамына келтіре алмай, бұзып айтса, жұрт оған күлген. Жаза ретінде өлең айтқызған, жазаланушы әрбір жас ән-күй орындап беруге міндетті болған. Мұның өзі — өнерді халықтың қадірлегенін, оны жастардың бойына дарытуға ерекше көңіл бөлгенін аңғартса керек. Жастарды ойланғыш-тықка, тапқырлыкка тәрбиелеуде дидактикалық ұлт ойындарының да өзіндік орны бар. Мысалы, бас бармақтан бастап шынашаққа дейін сау-сақтардың аттарын жаңылмай жылдам ататтыру секілді санамақ ойыны немесе ортаға шыққан адамның жаңыл- май, шапшаң он ақынның, он
өзеннің,
он қыздың атын атауы сияқты күлдіргі
ойындар да жасөспірімнің ақыл-ойын кеңейтуде
тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері ретінде
қолданылған.
2.2. Күнделікті өмірдегі адамның жеке басының эстетикасы
Жеке адамның жалпы мәдениеті ұжымда, жұртшылық арасында байқалады. Сондықтан күнделікті өмірдегі оқушының жеке басының эстетикасына ерекше көңіл аудару мұғалімдер мен ата-аналар алдындағы кезек күттірмейтін басты мәселелердің бірі болып саналады.
Оқушылардың жалпы мәдениеті, яғни эстетикалық тәрбиенің маңызды жақтары ізеттілік, ұқыптылық, жылы шырайлылық, қайырымдылық, тазалықты сақтау т.б. Жалпы эстетикалық мәдениет — бұл қатынас эстетикасы, киім-кешек эстетикасы, үй-жағдай эстетикасы, манера (өзін ұстай білу үлгісі), дене қимылы т.б. А.С.Макаренко еңбектерінде бұл проблемаға зор мән берілген.
Қатынас эстетикасы. Ата-аналармен, мектепте оқушылар және мүғалімдермен, басқа адамдармен қатынас жасау эстетикалық тәрбиенің іргетасы. Мұндай қатынас балалардың күнделікті өмірінде, іс-әрекетінде қалыптасады, эстетикалық сезіміне үнемі әсер етеді. А.С.Макаренконың айтуы бойынша адамдармен жылы шырайлы қарым-қатынас, көршілерге қайырымды, сенімді дос және өнегелі болу — осының бәрі моральдық эстетиканың басты салалары.
Үй-жағдай эстетикасы. Әрбір адам өз үйіне жайлы жағдай жасауға тырысады. Әр түрлі үй дүние-мүліктерінің өз орнында әдемі, ыңғайлы тұруын ойластырады. Жұмыс істейтін және демалатын бөлмелерді өте қолайлы етіп жабдықтайды. Балаларды үй ішінде өзінің жеке заттарын, нәрселерін ретке келтіріп ұстауға, күтуге, үйді жинауға, тазалықты сақтауға үйретеді. Осындай жұмыстардың барлық түрлеріне балаларды қатыстыру — әке мен шешенің, ересек үйелмен мүшелерінің басты міндеттері.
Оқушылардың үй-жағдайын өзгертуге байланысты жұмыстарға қатыстырып отыруы керек. Мысалы, бөлме қабырғаларына жапсырылатын түсқағаздарын, терезе перделерін қалай таңдап алу керек, бөлмелерде мебельді қалай әдемі етіп орналастыруға болады, бөлме өсімдіктерін өсіру, оларды күту, яғни осы сияқты жұмыстарды өз бетімен орындауға үйрету, дағдыландыру балалардың эстетикалық сезімін, танымын тәрбиелейді және эстетикалық ұғымын қалыптастырады.
Киім-кешек эстетикасы. Адамның сыртқы көрінісі, киімі, жүріс-тұрысы, оның эстетикалық мәдениетіне байланысты. Киім эстетикасы сән (мода) қазіргі өмір талабына сәйкес болуды қажет етеді. Ескірген сән бойынша киіну адамды сұрықсыз етеді, оның сүйкімділігін жояды. Сәнді дұрыс пайдалану - бұл әдемілікті сезу, өмірге, адамның бейнесіне сергітуші жаңалықтар енгізу.
Артық сәндену, түрлі формаларға, түстерге еліктеу адамға жақсылық әкелмейді. Сырт киімді, аяқ киімді, шашты баптауды өскелең өмір талабына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдап алу керек. Басқаша айтқанда, қымбат мүліктердің көрмесіне айналдыруға болмайды. Киім-кешек эстетикасында сұлулық-тың өлшемін есепке алу керек.
Манера, жест (дене қимылы) - бұл әрбір адамның өзін ұстай білу үлгісі және дене қимылы жөніндегі ұғымды білдіреді.
А.С.Макаренко М.Горький атындағы колонияда және Ф.Дзержинский атындағы коммунада тәрбиеленушілердің сыртқы көрінісіне, сымбатына, жүріс-тұрысына көп көңіл бөлетін. Ұқыпсыз киім, қалай болса солай жүру икемсіздікті, әдепсіздікті, сұмпайылықты көрсетеді. Сондықтан дене қимылында, өзін ұстай білуде қарапайымдылықты, сезім өлшемін сақтау керек.
Атақты француз жазушысы, ағартушы — философ және педагог Жан-Жак Руссо (1712-1778) дене қимылын бір қалыптылықта ұстауға, мейірімді дауыспен сөйлеуге, өзіңді ұстай білуге, жеңіл жүруге жету— деді.
Жеке адамның сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы эстетикалық сұлулықтың белгісі. А.П.Чеховтың сөзімен айтқанда адамда: бет, киім, жан, ой — бәрі сұлу болу керек.
Сонымен
оқушы жастардың эстетикалық танымын,
сезімін, мәдениетін, білімін көтеруде
ең басты сүйеніш мұғалімдер мен ата-аналар.
Олар өздері үлгі болып эстетикалық тәрбие
жұмысының мазмұнын, формаларын және әдістерін
жетілдірудің жолдарын іздестіріп іске
асырады.
2.3. Отбасы тәрбиесіндегі эстетикалық тәрбие
Салт-дәстүр
дегеніміз — халықтардың
«Отан от басынан басталады» дегендей, балаға имандылық, инабаттылық, ар-ождан уағызы, қоршаған орта, табиғат сырына жастайынан тәнті ету тәрбиеден туатын үрдісі. «Ананың сөзі — акылдың көзі» деп қарау, атаның өнегелі ісін мұра тұту», оның жолын қуу, ән мен күйді, жыр мен термені рухани азық ету, зергерлік, іскерлік, шеберлік, ұсталық өнерді үйрену, ананың әлдиі, әженің бесік жыры — бәрі тәрбиенің тағылымдары.