Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2013 в 21:14, реферат
Экологиялық тәрбие - бұл адамдардың сезіміне, санасына, көзқарастарына әсер ету әдістері. Ол азаматтардың саналық деңгейінің артуына, табиғатқа қарым-қатынасының өзгеруіне, табиғат ресурстарына ұқыптылықпен, үнемшілікпен қарауға, оның жай-күйіне жаны ашып қарауға, табиғи ортада өзін өнегелі ұстауға әсер етеді.Экологиялық тәрбие қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтып бірнеше деңгейлерде жүргізілуі керек. Жеке тұлғаның түзілуі негізінен отбасында жүреді. Сондықтан ата-ана баланың қоғамдағы негізгі мінез-құлық нормаларымен қатар, экологиялық мәдениеттің де негіздерін үйрете бастауы керек
фЭкологиялық тәрбие - бұл адамдардың сезіміне, санасына, көзқарастарына әсер ету әдістері. Ол азаматтардың саналық деңгейінің артуына, табиғатқа қарым-қатынасының өзгеруіне, табиғат ресурстарына ұқыптылықпен, үнемшілікпен қарауға, оның жай-күйіне жаны ашып қарауға, табиғи ортада өзін өнегелі ұстауға әсер етеді.Экологиялық тәрбие қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтып бірнеше деңгейлерде жүргізілуі керек. Жеке тұлғаның түзілуі негізінен отбасында жүреді. Сондықтан ата-ана баланың қоғамдағы негізгі мінез-құлық нормаларымен қатар, экологиялық мәдениеттің де негіздерін үйрете бастауы керек. Қазіргі кездегі ситуациялардан кейбір парадокстарды байқауға болады. Көбіне, балалардың экологиялық білімділігі ата-аналарының деңгейінен әлдеқайда жоғары. Ата-аналары мен балалары өздерінің зерттеулерінің нәтижелері бойынша, қоршаған ортаға ешқандай жамандық жасамай-ақ тіршілік ортасына белгілі бір дәрежеде зиян тигізіп жатқанымызды байқауға болады: қайта қалпына келмейтін табиғи ресурстарды оңды-солды шашудамыз, суды, ауаны ластаудамыз, көптеген тұрмыстық қоқыстарды шығарып жатырмыз. Табиғатты қорғауды өз үйіңнен бастауға болады - бұл суды үнемдеп жұмсау, оның ластануын төмендету, озон бұзатын заттары жоқ аэрозольдарды қолдану және т.б. Сөйтіп экологиялық мәдениеттің басы отбасында түзіле бастайды.Одан кейінгі экологиялық тәрбиенің қалыптасуы қоғамның қатысуымен болуы керек. Бұл көбіне елдің басшыларына, олардың экологиялық мәдениетінің деңгейіне, қоршаған табиғи ортаны қорғау мақсаттарына қаншалықты көңіл бөлініп жатқанына байланысты.Экологиялық тәрбие беруді әртүрлі жолдармен жүргізуге болады. Бұл жерде баспасөз ақпарат құралдарының (БАҚ) және Қоғамдық экологиялық ұйымдардың ролі зор. БАҚ бірінші болып экологиялық қолайсыз жағдайлар туралы дабыл қағып халықты құлағдар етіп отыруы керек. Осының арқасында халықтың экологиялық сана-сезімі өсіп, көтеріледі.Экологиялық тәрбие экологиялық білім берумен толықтырылады.Экологиялық білім беру - балабақша, орта мектеп, лицей, гимназия, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін жетілдіру мен ұйымдастырудың мемлекеттік жүйесі.Экологиялық білім беру - бұл табиғатты пайдаланудың дайындау, іргелі негіздері ретінде жалпы экологияның теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі. Ол табиғатты қорғаудың теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі - табиғатты қорғау білімімен тығыз байланысты.Экологиялық білім - қоршаған ортаны қорғау үшін қажетті білімді, әдетті, ептілікті, икемдікті қамтиды. Ол кәсіби мамандарды дайындауға ықпал етіп, кадрларға білім беру, оларды дайындау жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Заңдар бойынша экологиялық тәрбие мен білім берудің бәріне ортақ, кешендік және үздіксіз болуы қарастырылған.Бәріне ортақ принципі бойынша экологиялық тәрбие мен білім беру қоғамның барлық мүшесін қамтуы керек. Экологиялық пәндерді оқыту жоғары оқу орындарының барлығында жүргізілуі керек. Алайда, жоғарыда айтылғандай, экологиялық ағарту жұмысы тек оқытумен ғана шектелмеу керек, бұл жерде баспасөз ақпарат құралдарының, қоғамдық экологиялық ұйымдардың да ролі зор.Экологиялық тәрбие мен білім берудің кешендік принципі бойынша, әртүрлі екі процестің ғылыми негізделген әдістемелік талаптарды ескере отырып адамдардың санасына бірлесіп кешенді әсер етуі.Үздіксіз принципі, азаматтардың, мамандардың, басшылардың кәсіби жұмысы барысында қоршаған ортаға, адамдар денсаулығына жағымсыз әсер етуіне байланысты экологиялық тәрбие және білім беру жүйесі бойынша өздерінің біліктілігін көтерудің құқығы мен міндеттерін білдіреді.Сонымен, экологиялық тәрбие мен білім берудің негізгі мақсаты - қоғамдық сананы экологизациялау болып табылады. Экология міндеті - адамның тіршілік барысында қалыптасатын рухани ортасын сақтау. Ол өз кезегінде өмірдегі қоғамдық мәселелермен қатар, өзі тіршілік ететін ортаны басқаруды да белсенді, көрегендікпен шеше алатын жеке тұлғаның дамуына ықпал ету.Экологиялық ақпараттар алуға және қоршаған ортаны қорғау саласында шешімдер қабылдауға қоғамның қатысуы бойынша Қазақстан қол қойған Орхус Конвенциясы халықтың экологиялық саясатқа қатысуына үлкен жол ашады.Қазіргі таңда экологиялық дайындықтан өткен тәрбиешілердің жеткіліксіз болуына және оқу құралдары мен бағдарламалардың болмауына байланысты 323 000 бала экологиялық тәрбие беру жүйесінен шет қалып отыр. 3 млн-нан аса оқушылар оқитын республика мекетептерінде экология сабақтары жүйелі түрде өткізілмейді. Оқу процесінде пайдаланатын экология пәні бойынша оқулықтар мен оқу құралдары ескірген, қазіргі таңдағы Қазақстандағы экологиялық проблемалардың ерекшеліктерін көрсете алмайды. Осы күнге дейін елімізде экологиялық білім берудің біртұтас бағдарламасы және экологиялық арнайы мектептер, гимназиялар, лицейлер жоқ деп айтуга болады.Жоғары оқу орындарында экологиялық білім беру біршама кәсіби деңгейде жүргізіледі. Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген жоғары оқу орындарында экологиялық пәндері бар факультеттер бар. Айта кетерлігі, халықаралық талаптар бойынша эколог-мамандарды даярлауда тек жетекші университеттер ғана есепке алынадыЭкологиялық мәдениет (орыс. Экологическая культура) — жалпы дүние-жүзілік мәдениеттің дамуының бір кезеңі және құрамдас бөлімі; адамзатгың өмірі мен болашақтағы дамуында экологиялық проблемалардың өзекті маңыздылығын баршаның тереңінен кәміл ұғынушылығымен сипатталады. Қоршаған ортаға немқұрайдылықпен қараудың күйінішті тәжірибесі, химиялық ластанудан, шудан, дірілдерден, электрмагниттік соулеленуден, радиациядан және т.б. болған ауруларды зерделеу экологиялық мәдениет және санитариялық мәдениет ұғымдарын біріктіре ұғыну қажет екенін түсінуге себеп болды. Жалпы мәдениеттің бұл маңызды құрамдас бөлімдері өзара тығыз байланысты, сондықтан адамның атмосфера ауасына, табиғи суларға, жердің топырақ жамылғысына, өсімдіктер мен жануарларға қатысты шаруашылық және тұрмыстық қарекетінің санитариялық- экологиялық тұрғыдан мақсатқа сай болуын талап етед
Экологиялық мәдениет ресурстағы бар табиғат мүмкүншілігі
талаптарын өлшеу мүмкүншілігімен қалыптастырады,
қоршаған орта мүмкүншілігі, яғни жеке
тұтұнушылық жүйелі экологиялық негіздеуді
қажет етеді. Жеке мәдениеттің ең бір маңызды
белгісі болып ғылыми және этикалық негіздеу
нормативі болып табылады, және, керісінше,
тіртіпсіздік мәдениетсіздіктің белгісі
болып табылады. “Фетишизм дүние – мүлкі
– қазіргі заман қоғамындағы тұтынушылар
беталысы (тенденциясын) өтте алаңдатады
деп көрсеткен Н.Н.Моисеев. Және жыйнақтауға
онша ынта жоқ, үнемдеуге ие болу ынтасы
көп”.
Қазіргі заманда жеке экология мәдениетін
түсіну, бөлек адамның құндылығын мойындайтын,
оның білімге құқығы, бақытқа және адамның
бастапқы құқығы – таза табиғат ортасында
мәнсіз (мағынасыз) өмірсүру мүмкүндігін
көрсету. Адам – табиғаттың бір бөлігі,
барлық табиғатқа қарсы істелген істер
адам табиғатына әсер етуіде мүмкүн және
оның психикасына, ойлау қабілетіне, әлеуметтік
белсенділігіне ықпал етуі мүмкүн. Э.В.Гирусова
және Е.Д.Никитина былай деген “экологиялық
мәдениет – бұл біздің ішіміздегі ноосфераның
пайда болуы”.экологиялық мәдениетті
ұйымдастыру барлық адам өміріндегі ғылыми
білімге ықпалы, тәрбиесі, өмірлік тәжірбиесі,
өнер, ұзақ мерзімде процесс ретінде қаралады.
Осыған байланысты білім стратегиясын
өзгерту қажет, бағалы және орнату қызметі;
мазмұнына байланысты: жаңа педагогикалық
технология құндылығын пайдалану және
құру. Біз былай деп есептейміз, ғылым
жүйесі және этикалы императорында негізделген,
талапта, ойла, концепциялар, парадигмалар,
ұйымдастырады, бағдарлайды және биосферада,
социосферада, адамдар Космосы қызметінде
табиғаттықорғау және табиғаттыжыйнақтауда
жеке ойлау және қоғамдық массаны мобилизациялау.
Осының барлығы эклогиялық мәдениеттің
дамуын анықтайды, жалпы білім жүйесіндегі
жаңа бағдар, негізінен жалпыбілім беру
жүйесі тұлғаның дамуы, белгілі ішкі бостандыққа
ие,істеріне, сөзіне, ойларына байланысты
болып келмейді; тұлға, өзінің қарым –
қатынасын экологиялық мәдениеттен шығып,табиғатпен
және қоршаған ортамен құрастырады.
Экологиялық заңдарды бұзудың салдарынан
табиғатқа, табиғи ресурстарға, табиғи
ресурстың меншік иесіне, табиғат пайдаланушыға,
адамдардың мүлкіне, денсаулығына, өміріне
зиян келуі мүмкін. Оның қатарында алынбаған
табыс пен моральдық зиян да бар. Осы зиянды
құқықтық жағынан жүйелеп қарағанда, заңмен
қорғалатын құқық субъектілері мен объектілерінің
мынадай түрлеріне:
1) табиғатқа;
2) табиғи ресурстардың меншік иесіне;
3) табиғатты және табиғи ресурсты пайдаланушыға;
4) меншік иелерінің мүлкіне;
5) адамдардың денсаулығына;
6) субъектілердің алынбаған мүліктік
табысына;
7) адамның моральдық құқығына;
8) ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы
өндірісіне зиян келеді.
Заңдарда зиянды «шығын», «залал» деп
те атайды. Мысалы, Қазақстан Республикасының
экологиялық, жер, су, орман кодекстерінде
қоршаған ортаға, азаматтардың денсаулығына,
ұйымдардың, азаматтармен мемлекеттің
мүлкіне келтірілген зиянның орнын толтыру,
азаматтардың денсаулығын қалпына келтіру
және басқа шығындарды өтеу қарастырылған.
Жер кодексінде меншік иелеріне немесе
жер пайдаланушыларға келтірілген залалды
өтеу көзделген. Залалдың өтемін өндіріп
алудың нысанын сома деп белгілеген. Сома
зиянның, залалдың мөлшерін анықтау үшін
қолданылатын ақшаның түрі, яғни зиянның
(залалдың) ақшалай өлшемі. Ақша (валюта)
ҚР Азаматтық кодексінің 127-бабына сәйкес
өлшем бірлігіне жатады. Оның құны Қазақстан
Республикасында теңгемен есептеледі.
Азаматтық Кодексінің 115-бабына сәйкес
ақша мүліктік игілік және құқық объектісіне
жатады. Сондықтан, экологиялық заңдарды
бұзғаны үшін жауапкершіліктің мүліктік
нысаны материалдық жауапкершілік болып
аталуы тиіс.
ҚР Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 23
ақпандағы №136 қаулысында орман заңдарын
бұзғаны және Қазақ ҚССР-інің Қызыл Кітабына
енгізілген өсімдіктерді заңсыз жинағанына
немесе зақымданғаны үшін жауапкершілік
- материалдық жауапкершілік деп аталған.
ҚР Жоғарғы Соты пленумының «Соттардың
қоршаған ортаны қорғау туралы» қаулысында
«Жалпы ереже бойынша кінә қоршаған ортаға
келтірілген зиян үшін мүліктік жауапкершілікке
тартуға қажетті негіз болып табылады»-деген
қорытындыға келуі заң талаптарынан туындайды.
Мұндай пікірді экология саласындағы
ғылыми еңбектерде кездестіруге болады.
Мысалы, Б.Әбдірайымов: «Экологиялық зиян
деп қоршаған ортаның жай-күйінің нашарлауын
немесе қолайсыз экологиялық салдарға
әкеп соқтыра алатын оның санының азаюын,
сондай-ақ, осымен байланысты заңмен қорғалатын
материалдық емес игіліктердің, оның ішінде
адамның өмірі мен денсаулығының төмендігін
ұғынған жөн» дейді. Бұл жерде біз материалдық
жауапкершілік жөніндегі анықтаманың
дұрыстығына тоқталып отырмыз. Ал экологиялық
заңдарды бұзудың салдарынан пайда болатын
зиянның (залалдың) анықтамасының дұрыс
немесе дұрыс еместігіне тоқталатын болсақ,
онда экологиялық залал жөнінде ғалымдар
арасында әртүрлі пікірлер бар екенін
айтуымыз керек. Біздің ойымызша, экологиялық
зиянның заңдық анықтамасын беру үшін
зиянның қандай қорғалатын игіліктердің
және құқықтардың объектілеріне келетінін
біліп алу керек. Соған қарай экологиялық
залалдың анықтамасын беруге болады. Біз
жоғарыда экологиялық зиян (залал) келетін
сегіз түрлі субъектілерді, объектілерді
атап өттік. Соған орай экологиялық заңдарды
бұзудың салдарынан келген зиян дегеніміз-ол
тұлғалардың заңмен қорғалатын экологиялық
құқықтарын бұзудың материалдық мөлшерін
анықтайтын заңның талабы. Осы талап арқылы
материалдық және басқа да заңдық жауапкершілік
анықталады (тәртіптік, азаматтық, әкімшілік,
қылмыстық, моральдық және басқалары-арнаулы
экологиялық). Аталған материалдық жауапкершілік
субъектілердің тәртіптік, әкімшілік,
қылмыстық, моральдық және арнаулы экологиялық
жауапкершілікке тартылуына немесе тартылмауына
байланыссыз, заң жүзінде жүзеге асырылуы
тиіс.
ҚР Экологиялық кодексінің 321-бабына сәйкес:
1.Экологиялық құқық бұзушылық жасаған
тұлғалар өздері келтірген залалды осы
кодекске және Қазақстан Республикасының
өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес
өтеуге міндетті.
2. Мыналардың:
1) табиғи ресурстарды жою мен бүлдірудің;
2) табиғи ресурстарды өз бетімен және
ұтымсыз пайдаланудың;
3) қоршаған ортаны өз бетімен ластаудың,
оның ішінде апатты, келісілмеген жаппай
шығарындылар мен төгінділерді, өндірістік
және тұтыну қалдықтарын орналастырудың;
4) қоршаған ортаны нормативтен тыс ластаудың
салдарынан қоршаған ортаға, азаматтардың
денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың,
мемлекеттің мүлкіне келтірген залалы
өтелуге тиіс.
3. Экологиялық құқық бұзушылық жасаған
тұлғалардың жеке тұлғалардың денсаулығына
келген зиянды, жеке және заңды тұлғалардың,
мемлекеттің мүлкіне келген залалды өтеуі
ерікті түрде немесе Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес соттың шешімі бойынша
жүргізіледі. Зиян жәбірленушінің еңбекке
қабілеттілігінен айрылу дәрежесі, оның
емделуіне және денсаулығын қалпына келтіруге
жұмсалған шығындар, аурудың күтіміне
байланысты шығындар, өзге де шығыстар
мен жоғалту ескеріле отырып, толық көлемде
өтелуге тиіс.
4. Қазақстан Республикасының экологиялық
заңнамасын бұзудың салдарынан қоршаған
ортаға келген залалды өтеу ерікті түрде
немесе жүргізу тәртібі осы кодекске сәйкес
айқындалатын залалды экономикалық бағалау
негізінде соттың шешімі бойынша жүргізіледі.
5. Қызметті қоршаған ортаға жоғары қауіпті
болуымен байланысты жеке және заңды тұлғалар,
егер зиянның еңсерілмейтін күш немесе
жәбірленушінің теріс пиғылы салдарынан
туындағанын дәлелдей алмаса, жоғары қауіп
көзі келтірген зиянды өтеуге міндетті.
6. Қазақстан Республикасының экологоиялық
заңнамасын бұзудың нәтижесінде келтірілген
моральдық зиян Қазақстан Республикасының
азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен
өтелуге тиіс.
Ол Қазақстан Республикасының Экологиялық
кодексінің 322-бабына сәйкес былай жүргізіледі:
1. Қоршаған ортаға зиян келтірген тұлға
келтірген залалды ерікті түрде жобаға
не өзгеше тәсілмен оның орнын толтыруға
құқылы. Тұлғаның залалды жою не оның орнын
толтыру туралы міндеттемесі кепілхатта
жазылуға тиіс.
2. Зиянды өтеу қоршаған ортаға зиян келтірген
тұлғаның өз қаражаты немесе сақтандыру
төлемдері есебінен құндық нысанда жүзеге
асырылуы мүмкін.
3. Зиянды өтеудің құндық нысандарына қоршаған
ортаның зиян келтірілгенге дейінгі жай-күйін
қалпына келтіруге, табиғи ресурстарды
молайту жөніндегі іс-шараларды орындауға,
талапкерге, алынбай қалған пайданы қоса
алғанда, өзге шығындарын өтеуге арналған
ақшалай қаражат жатады.
4. Тараптардың келісімімен сот шешімі
бойынша зиян жауапкерге қоршаған ортаны
қалпына келтіру жөніндегі міндеттерді
жүктеу жолымен заттай нысанда өтелуі
мүмкін.
5. Зиянды өтеудің заттай нысандарына қоршаған
ортаның зиян келтіргенге дейінгі жай-күйін
қалпына келтіру, жойылған не бүлінген
табиғи ресурстың орнына оған құны тең
ресурс беру жөніндегі шаралар жатады.
Зиянды заттай нысанда өтеу келтірілген
зиянды өтеудің тәртібін, талаптарын,
мерзімдері мен көлемін регламенттейтін
шарт және келісім жасасу жолымен жүргізіледі.
6. Зиянды өтеу аясында өндіріп алынатын
сома мемлекеттік бюджетке, ал Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген
жағдайларда жәбірленуші тұлғаға аударылады.
7. Зиянның өтелуі қоршаған ортаға зиян
келтірген тұлғаны әкімшілік және қылмыстық
жауапкершіліктен босатпайды.
Экологиялық заңның талаптарын бұзудың
салдарынан адамның денсаулығына келетін
зиян өзінің құқықтық реттелуімен ерекшеленеді.
ҚР Конституциясының негізінде "Қазақстан
Республикасында азаматтардың денсаулығын
сақтау туралы" ҚР кодексінде азаматтардың
экологиялық, санитарлық қауіпсіздік
жөніндегі құқығы белгіленеді. Сонымен
бірге азаматтардың өздерінің денсаулығына
келген зиянның орнын толтыру құқығы да
айқындалады.
Семей ядролық полигонында 40 жыл бойы
жүргізілген ядролық сынақ адамдардың
денсаулығына және қоршаған ортаға орны
толмас зиян келтірді, халықтың жалпы
аурулары мен өлімін көбейтті. Бүкіл Семей
облысының аумағы мен Павлодар, Шығыс
Қазақстан және Қарағанды облыстарының
полигонға жақын аудандары экологиялық
апат аймағы деп жарияланды. 1992 жылғы 9
желтоқсанда Семей ядролық сынақ полигонындағы
ядролық сынақтың салдарынан зардап шеккен
азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы
Қазақстан Республикасының заңы қабылданды.
Ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен
азаматтар қатарына мыналар жатады:
Әуеде немесе жер үстінде ядролық жарылыстар
жасаған кезде (1949-1965ж.ж.) радиоактивті
заттармен ластануға ұшыраған аумақтарда
тұрған, жұмыс істеген немесе әскери қызмет
(соның ішінде мерзімді қызмет) атқарған
азаматтар;
1966 жылдан 1990 жылғы қаңтарға дейінгі аралықта
жерасты ядролық жарылыстарын жасау кезінде
осы аумақтарда тұрған, жұмыс істеген
немесе әскери қызмет атқарған азаматтар;
1949 жылдан 1990 жылға дейінгі аралықта жеңілдікті
әлеуметтік-экономикалық мәртебесі бар
аумақта тұрған, жұмыс істеген немесе
әскери қызмет атқарған азаматтар және
мүгедек деп танылған, ауруы бар адамдардың
балалары (олардың денсаулық жағдайы мен
заңда аталған аймақтарда ата-аналарының
бірінің болу факторы арасындағы себепті
байланыстар анықталған ретте).
Ядролық сынақ салдарынан зиян шеккен
азаматтардың жеңілдіктері мен өтемдерінің
мөлшері белгіленеді. Халықты әлеуметтік
жағынан қолдау, әйелдерге, балаларға,
жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына
берілетін қосымша жеңілдіктер, аумақты
экологиялық жағынан сауықтыру және халыққа
медициналық жәрдем көрсетудің құқықтық
тәртібі белгіленеді.
Арал өңірі 1992 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан
Республикасының заңымен экологиялық
апат аймағы деп жарияланды.
Қалыптасқан экологиялық қолайсыз жағдайдың
ауыртпалық дәрежесін, қоршаған ортаның
шөл далаға айналуы мен ластануының адам
денсаулығына әсерін ескере отырып, Арал
қасірет аумағы үш аймаққа бөлінді:
1. Экологиялық апат (катастрофа)аймағы;
2. Экологиялық дағдарыс (кризис) аймағы;
3. Экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған
аймақтар.
1. Экологиялық апаттың салдарынан зардап
шеккен азаматтарға:
1) белгіленген тәртіппен экологиялық
апат аймағы мәртебесін алған аумақта
1970 жылдан бастап осы кезге дейін кемінде
10 жыл тұрып жатқан немесе тұрған азаматтар
(он жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда);
2) экологиялық қасіретпен себепті байланысы
бар аурудан денсаулығынан айрылған, осы
аумақта кемінде 3 жыл тұрған немесе тұрып
жатқан азаматтар жатады.
2. Экологиялық дағдарыс салдарынан зардап
шеккен азаматтардың мәртебесіне:
1) экологиялық дағдарыс аймағында 1975 жылдан
бастап осы кезге дейін кемінде 15 жыл тұрып
жатқан немесе тұрған азаматтар (15 жасқа
дейінгі балаларды қоса алғанда);
2) экологиялық қасіретпен себепті байланысы
бар аурудан денсаулығынан айрылған, осы
аймақта кемінде 5 жыл тұрып жатқан немесе
тұрған азаматтар ие болады.
3. Экологиялық дағдарыс жағдайына жақындау
ықпалының салдарынан зардап шеккен азаматтарға:
1)белгіленген тәртіппен экологиялық дағдарыс
жағдайына жақындаған аймақ мәртебесін
алған аумақта 1975 жылдан осы кезге дейін
кемінде 20 жыл тұрып жатқан немесе тұрған
азаматтар (балалар мен 18 жасқа дейінгі
жасөспірімдерді қоса алғанда);
2) экологиялық қасіретпен себепті байланысы
бар аурудан денсаулығынан айрылған, осы
аумақта кемінде 7 жыл тұрған немес тұрып
жатқан азаматтар жатады.
Аталған экологиялық қасіретке ұшыраған
азаматтарға әлеуметтік қолдау, тиісті
материалдық көмек көрсету, сауықтыруға
арналған жәрдемақы төлеу, аналар мен
балаларға арналған жәрдемақы, төлемақы,
қосымша жеңілдіктер беру белгіленген.
Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды
бұзудың салдарынан азаматтардың денсаулығы
мен мүлкіне келтірілген зиянның, зардап
шегушінің еңбек қабілетінен айрылу дәрежесін,
оны емдеуге және денсаулығын қалпына
келтіруге жұмсалған шығындарды, науқасты
күту жөніндегі шығындарды, өзге де шығындар
мен залалдарды ескере отырып, толық көлемінде
өтелуге тиістігі Қоршаған ортаны қорғау
туралы заңның негізгі ережесі болып табылады.
Азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне
келтірілген зиянның шамасын анықтау
қолданыстағы заңдарға сәйкес, ол заңды
өтеу сот шешімі негізінде жүргізіледі.
ҚР Жоғарғы Соты Пленумның 1999 жылғы 9 шілдедегі
№9 «Соттардың денсаулыққа келтірілген
зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануының
кейбір мәселелері туралы» қаулысына
сәйкес денсаулығына келтірілген зиянды
өтеу құқығына, кәсібі еңбек қабілеттілігін,
ал ондай болмаған жағдайда жалпы еңбекке
қабілеттілігін толық не ішінара жоғалтқан
зардап шегушілердің ие болатыны соттарға
түсіндірілген. 14 жасқа толмаған және
еңбекақысы жоқ адамның денсаулығына
зақым келсе немесе денсаулығы өзгеше
бұзылса, онда шығын өтелуге тиіс. Жәбірленуші
(асыраушы) қайтыс болған жағдайда, қайтыс
болған адамның асырауындағы еңбекке
қабілетсіз адамдар немесе ол қайтыс болған
кезде оның асырауында болу құқығына ие
адамдар, сондай-ақ ол қайтыс болғаннан
кейін туған оның баласы зиянды өтеуге
құқылы.
Экологиялық сақтандыруға ҚР Азаматтық
кодексіндегі сақтандыру туралы жалпы
ережелер де қолданылуы мүмкін. ҚР АК 805-бабында
жеке және мүліктік сақтандыру бар:
Б.Әбдірайымовтың пайымдауынша, мүліктік
экологиялық сақтандырудың мынадай түрлері
бар:
1. Кәсіпорынның апаты (оқыс және әдейі
жасалмаған) ластауының нәтижесінде үшінші
тараптың өміріне, денсаулығы мен мүлкіне
және қоршаған ортаға келтірген зияны
жоғары қауіп көздерінің азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін сақтандыру (ҚР АК 811-бабы);
2.Табиғи объектілерді олардың меншік
иелерінің немесе өзге де титулды иелердің
сақтандыруы (ҚР АК 809-бабы).
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
Пленумының «Соттардың қоршаған ортаны
қорғау туралы заңдарын қолдану тәжірибесі
туралы» №16 қаулысында сот кейбір жағдайларда
зиян келтірушінің кінәсінің бар-жоқтығына
қарамастан, қоршаған ортаға келтірілген
зиян үшін жауапкершілік жүктеуге жол
берілетінін ескеруге тиіс, АК 931 бабына,
ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес қызметті
қоршаған ортаға көтеріңкі қауіппен байланысты
болатын заңды және жеке тұлғалар өздері
келтірген зиянды кінәсінің бар-жоқтығына
қарамастан өтейді, деп көрсетілген.
Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы
алқаптарының көлемі мен олардың сапасын
қалпына келтіру арқылы аталған шаруашылықтар
деңгейін сақтау мақсатында ауыл шаруашылығын
және орман шараушылығын жүргізуге байланысты
емес мақсаттарға пайдалану үшін ауыл
шаруашылығы және орман шаруашылығы алқаптарын
алып қоюдан туындайтын ондағы өндірістің
орнын толтыру немесе қалпына келтіру
шығындарын өтеу шаралары жүргізіледі.
ҚР Жер кодексінде бұның арнайы тәртібі
бар. Бұл тәртіпте орман қоры және ауыл
шаруашылығы мақсатындағы жерлерден жер
учаскелерін басқа мақсаттарға алып қоюға
байланысты шығындар бірдей аталған. Олардың
арасында бір ғана айырмашылық бар. Ол
айырмашылық мынада: орман шаруашылығы
өндірісінің шығынының орнын толтыру-орман
алқаптарын алып қоюдан басқа, заңды тұлғалардың
қызметі салдарынан жердің сапасының
нашарлауынан туындаған орман өндірісі
ысырабының орнын толтыру. Мұндай жағдайда
орман қорына келген ысырап экологиялық
заңды бұзудың салдарынан келген болып
саналады
Адамгершілік тәрбиесіндегі
Адамгершілік тәрбиесі – тәрбие бағыттарының
ішіндегі ең күрделісінің бірі. Адамгершілік
тәрбиесінде дінге сүйенбеу мүмкін емес.
Адамгершілік заңы Аллаһтың адам баласына
түсірген кітаптарының негізінде жатыр.
Адам баласының жалған дүниеде және ахіреттегі
бақытқа қауымдастыратын керекті өнегелердің
нелерден тұратындығын білдіріп, құлшылық
міндеттерін түсіндіреді (1). Адамгершілік
- әдептілік ілім негізінде тұлға бойындағы
рухани – адамгершілік қалыптастырудың
дұрыс жүрмеуінен және өзінің өзегінен
жасанды коммунистік идеялармен айырылып
қалған адамгершілік мәселесі жағымсыз,
нашар адамгершілік келбеттің пайда болуына
душар етті. Жақсылық пен жамандық ой мен
іс-әрекеттер оның парқын жіті түсінбеуден
болады. Басты мұрат – метериалдық құндылық
деп бой алдырушылықтан – қанағатсыздық,
ысырапшылдық, атаққұмарлық, парақорлық,
сыбайлас жемқорлық және т.б қасиеттерді
көреміз. Құмар ойнау, шарап ішу, анаша,
шылым шегу, жезөкшелік сияқты жаман қасиеттерде
тән мен жан құмарлығын тежей алмау амалдарының
әлсіздігі мен дұрыс қалыптаспауынан
және адамгершіліктік сананың жетілмеуіне
тән құбылыс.
Адамгершілік тәрбиесі қоғамның моральдық
талабына сай тәрбиелеушінің сезімі, мінез-құлқы,
санасына мақсатты және жүйелі ықпал ете
отырып, олардың бойында адамгершілік
сапаларды қалыптастыру делінеді. Сол
адамгершілік тәрбиесінің қазіргі кездегі
методологиялық, теориялық, әдістемелік
ахуалына тоқталатын болсақ: оның кеңес
дәуірінің бағыт-бағдарына лайықталған
ғылыми - әдістемеліктерінен және бірең
сараң адамгершілік мәселесін көтерген
мәселелерден ары аса алмай отырмыз.
Педагогикалық әдебиеттерде, діни насихаттауда
тәрбие (адамгершілік тәрбиесінде) проваславие
діни руханилықтың негіз етіп көрсету
кең тараған. Мұсылман дінінде шариғат
мәселесін түсіндірудің өзі самырқау
жүріп жатқаны белгілі. Сондықтан, дін
арқылы адамгершілік-этикалық ілімді
түсіндіріп алуға болады деп ағаттық болар
еді. Дінге мойын бұрудың өзі адамның тән
және жан қажеттілігіне байланыс әр адамда
әр кезеңде туындайды. Егер, осыны ескеретін
болсақ және білім беру жүйелеріндегі
адамгершілік тәрбиесінің бүгінгі ахуалы
мен қоғамда қалыптасып отырған адамгершілік
көріністер мемлекет тарапынан саясат
пен идеологияның кешенді іс-әрекетін
қажет етеді.
Филология ғылымының докторы, профессор
А.Сейдімбек: «Ұлттық идея» атты мақаласында:
«Қазақстанда саяси-әлеуметтік өмірдегі
көптеген жетістіктеріне қарамастан,
қоғам үшін ұзақ мерзімді идея болатындай
идеология қалыптаспай отыр. Қазақстан
халқы әзірше ситуациялық іскерлік пен
ситуациялық сәттілікті көбірек қолданып
отырған жайы бар. Ал, ұлт тағдыры, мемлекет
тағдыры объективті ақиқаттың бетіне
тура қарап, стратегиялық тегеурінді идеалды
нысан етуді қажет етеді... Ол идея – қазақ
идеясы... Бұл тұрғыда, қазақ идеясын қазақстандық
идея немесе ұлттық идея деп те атауға
болады», - деп көрсетеді.
Саяси ғылымдарының докторы, профессор
С.Борбасов: «Идеология - әлемдік жалпы
құбылыс. Жер шарында 200-дей тәуелсіз мемлекеттер
болса, олардың әрқайсысының мемлекеттік
идеологиясы бар. Мемлекеттік саясат бар
жерде идеологияның болмай қоймайтындығы
- әлемдік саяси өмірдің заңдылығы. Саясат
сияқты идеологияда да жалпылық сипат
бар. Саясат - билік пен басқарудың жолдары
болса, идеология – саясаттың мән-мағынасын
халыққа жеткізуші құрал ретінде қызмет
атқарады. Идеология саясат пен идеологияны
еш уақытта бір текті категориялар ретінде
қарастыруға болмайды. Саясат – қоғамдық
өмір мен қатынастарды ұйымдастыру сферасы
болса, идеология – осылар туралы танымдық
жүйе», - деп көрсетеді.
Осы орайды көршілес Ресей елінің қоғамдық
өмірі мен қатынастарды ұйымдастыру саясатына
үңіліп көрейік. Ресей Федерациясы «2001-2005
жылдардағы азаматтардың патриоттық тәрбиесі»
деп аталатын мемлекеттік бағдарламасын
РФ Үкіметінің №122 16 ақапан 2001 жылы қаулысы
шықса, ал 2003 жылы мамыр айында «Ресей
Федерациясы азаматтарының патриоттық
тәрбие тұжырымдамасы» қабылданды. Рессейлік
ғалым В.В. Макаров: «Патриотизм кез-келген
саяси, әлеуметтік, этникалық топтық ғасырлар
бойыға тұтастығын қамтитын құбылыс»,
- деп көрсеткен болатын. Патриотизм –
(гректің patre – Отан) қоғамдық және адамгершілік
принципі. Патриотизм жөнінде Қазақстан
ғалымдары «Қазақстандық патриотизм»,
«Ұлттық патриотизм» турасында дембіл-дембіл
аз ой-пікірлерн білдіруде.
Дегенмен, адамгершілік ілімдерін шығыс
ақындары, ғұлама ғалымдары мұраларының
өзегі болды. Фирдоси, Саади, Омар Хаям,
Низами, Новои, Руми, Яссауи, Баласағұн,
Абай, Шәкәрім және т.б. Қазақ халқының
ауыз әдебиеті тұнып тұрған адамгершілік
мәселесі. ХІХ ғасырыдың соңында ХХ ғасыр
басында өмір сүрген қазақ зиялылары А.Байтұрсынов,
М.Жұмабаев, М.Дулатов және т.б. мұралары
мен іс-әрекеттері адамгершілік үлгісі
бола алады. «Малым – жанымның, жаным –
арымның садақасы» деп қалыптасқан халқымыз
үшін Ар (адамгершілік) ілімі бәрінен де
биік еді. Адамгершілік тәрбиесінің аясында
патриоттық тәрбие де қаралып, қанат жаяды.
Қазақстан Республикасның 2030 жылға дейінгі
даму стратегиясы, «Қазақ өз дамуындағы
жаңа серпіліс жасау қарсаңында» деген
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарбаевтың Қазақстан Халқының 2006
жылғы жолдауы Қазақстанның әлемдегі
бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына
кіру стратегиясын жүзеге асыруда қазақстандықтардың
адамгершіліктік келбетін биіктету мәселесі
өзекті мәселенің бірі болуы керек. Осы
орайда мемлекет тарапынан кешенді іс-әрекеттің
болуы уақыт талабынан туған қажеттілігі.
Түрлі сала ғалымдары-дінтану, саяси, философия,
педагогика, психология және т.б. ғылымдар
пәндік зерттеулері арқылы қазақстан
азаматтарының адамгершілік мәселесі
жан-жақты қарастырады деп ойлаймын.
Адамгершілік борыштар: отбасы алдындағы,
Отан мен Мемлекет алдындағы, бүкіл адамзат
алдындағы, Аллаһ Тағала мен Пайғамбарларымыз
алдындағы; ата-бабалар рухы мен ұрпақ
алдындағы парыздары: «Жер, Ел, Тіл» үш
байлық, үш бірлігін сақтау, дамыту, кемелдендіру
және аманаттау; адамгершілік сапалары:
адалдық, әділеттілік, қайырымдылық, тазалық,
шыншылдық және т.б. үлгі-өнгее ету; ар-намыс,
ұждан, ұят-тарихы категорияларын тек
мемлекеттік қызметкерлерден талап етіп
қоймай, барша халықтан талап етіп, оны
жаңа сипат, мазмұнға лайықтау қажет. Ар-намыс,
ұят, ұждан әрбір адамзатқа тиесілі. Олар
іштен туа пайда болмайтындығын ескерсек
және қоғамдық қатынастарда, адамдардың
түрлі қарым-қатынас, қызмет әсерінен
қалыптасатынын ескеріп, адамгершілік
тәрбиенің мақсаты, міндеті, мазмұны және
оны жүзеге асыру жолдары жан-жақты қарастырылуы
тиіс. Сондықтан, адамгершілік тәрбиесінің
методологиялық, теориялық ғылыми негіздері
мемлекеттік бағдарлылықпен, әдістемелері
кешенді қарастыруы қажет ойлаймын. Тек,
осындай ұйымдасқан іс-әрекеттерде ғана
адамгершілік мәселесінің жемісті көріністерін
көрге болады.
Нөсер алдында найзағай ойнайды.
Күн күркіресе, көп дүркірер.
Күркіреген бұлттың жаңбыры аз.
Боранда күні ит пен бала құтырады.
Алпыс күнде тасыған су,
Алты күнде қайтар
Жауынмен жер көгереді,
Батамен ел көгереді.
Қыстың көзі қырау.
Сәуір болса күн күркірер.
Сәуір болмай, тәуір болмас.
Жаңа айдан жақсылық.
Жел дауылды шақырады,
Бұлт жауынды шақырады.
Қыстағы қар - жерге ырыс,
Жердегі ылғал – елге ырыс.
Таумен тасты су бұзар,
Ел арасын қу бұзар.
Ағаш тамырымен мықты,
Адам дос-жарымен мықты.
Су жетпейін демейді, жар жеткізбейді,
Ер жетпейін демейді, мал жеткізбейді.
Жазғытұрым жел
жардай атанды жығар.
Қаз келсе, жаз келер,
Қарға келсе қатқақ келер.