Тәрбие саласы

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2012 в 08:31, реферат

Краткое описание

Тәрбие саласы мемлекеттік саясаттың білім беру саласындағы басым бағыттарының бірі болып табылады. Жоғары оқу орнында жастардың тұлға ретінде қалыптасу мәселелері студенттік топтардағы тәрбие жұмысының тиімді жүйесінсіз жүзеге асуы мүмкін емес.

Файлы: 1 файл

ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕГІ.docx

— 174.51 Кб (Скачать)

 

2-қосымша

Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХҚТУ

ҮЗДІК СТУДЕНТТІК ТОП БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

Үздік студенттік топ байқауы Қ.А.Ясауи  атындағы ХҚТУ-нің студенттерін әлеуметтік белсенді тұлға ретінде тәрбиелеу, студенттердің белсенді азаматтық  ұстанымын қалыптастыру, үздік студенттер тобын шығару және ынталандыру мақсатында жүргізіледі.

Байқау міндеттері:

  • студенттік өзін-өзі басқару органдары жұмысының деңгейін көтеру;
  • студенттік топтардың үлгерімі және тәртібі бойынша үздік көрсеткіштерді бекітуге және қол жеткізуге, ғылыми жұмыстарға, студенттік өмірдің қоғамдық және шығармашылық белсенділігіне басқа да тұрғыдан қатысуға талпынуды қалыптастыру;
  • университет өмірінде студенттік өзін-өзі басқару беделінің рөлін көтеру;
  • студенттің жеке және шығармашылық жұмысына талпынуға дарыту;
  • оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда студенттік топтың жұмысын көтеру;
  • студенттердің ұжымдық жауапкершілік сезімін бекіту және қалыптастыру;
  • ХҚТУ-нің үздік дәстүрлерін сақтау және жаңғырту.

Байқаудың негізгі ұстанымдары: бұқарашылдық, әділдік,

ашықтық, қорытындыларды салыстыру, алдыңғы  тәжірибені үйрену және жалпылау.

2. Байқауды ұйымдастыру

2.1 Студенттік топ байқауы жыл  барысында өткізіледі және оның құрамына төмендегілер кіреді:

- «Студенттік топ - факультет көшбасшысы» атағына факультеттің студенттік топтарының байқауы;

 

- факультет көшбасшыларының - топтар  байқауы, жалпыуниверситеттік кезеңге  шығарылған.

  1. Байқауда құқық бұзушылық жасаған студенттер байқалған студенттік топ қатыса алмайды.
  2. Байқаудың қорытындысын шығару үшін әр факультетте комиссия құрылады, олардың құрамына деканат қызметкерлері және факультеттің студенттік өзін-өзі басқару, сонымен қатар университеттің студенттік өзін-өзі басқару және ректорат өкілдерінің қатысуымен орталық университеттік комиссия кіреді.

3. Жүлдегерлерді анықтау тәртібі

    1. Студенттік топтарды бағалаудың негізгі бағыттары бойынша оның қызметін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі бар (оқыту, ғылыми-зерттеу, қоғамдық және спорттық-көпшілік).
    2. Байқаудан  өту үшін студенттік топтар көрсеткіш кестесін толтыруы керек:

Негізгі көрсеткіштер:

Оқу жұмысы

Ұпай саны

1.

Топтың үлгерімі

Соңғы сессия қорытындысы бойынша топтың орташа балы

2.

Академиялық үлгермеушілігі үшін оқудан шығарылған студенттер саны

Қарызы немесе тәртіп жазасы бар әр студентке бір балл азаяды

3.

Қарыздары бар студенттер саны

4.

Оқу жылына тәртіп жазасы бар студенттер саны

Ғылыми-зерттеу  жұмысы

1.

Факультет, университет аясында ғылыми-зерттеу қызметімен айналысатын студенттер саны

әр студентке 5 балл қосылады

 

Оқу жылындағы студенттік ғылыми жарияланымдарының  саны

әр жарияланымға - 5 балл

2.

Пәндік олимпиадаларға, байқауларға, конференцияларға қатысқан студенттер саны

универ., республ., халықар. конференциялар - 5,10,15 балдарына сәйкес бағаланады

3.

Авторлық куәлігі, патенттер, ойлап  шығарылғаны туралы оң шешімдері, авторлық жарияланымдары бар студенттер саны

20 балдан

Қоғамдық қызмет

1.

ЖОО-ның түрлі деңгейінде студенттік өзін-өзі басқару органдары қызметіне  белсенді қатысатын студенттер саны

әр студентке 5 балл

2.

Қалалық және республикалық БАҚ-тағы PR-мақалаларының саны

әр жарияланымға 8 балл

3.

Университеттің көркемөнерпаздар үйірмелеріне, қызығушылықтары бойынша  үйірмелер мен клубтарға қатысатын  студенттер саны

әр студентке 5 балл

4.

Студенттер ұйымдастырған (театрға, кинотеатрға ұжыммен бару, ұжыммен  тауға шығу, тақырыптық кештер, демалыстар және т.б. ұйымдастыру) іс-шараларының саны

әр іс-шараға 10 балл

5.

Байқау, университеттік, қалалық, республикалық  және халықаралық деңгейдегі байқаулар  жүлдегерлерінің саны

10, 15, 20 балл

Спорттық-көпшілік жұмыс

1.

Спортклуб қызметіне қатысатын, университеттің спорт секцияларында шұғылданатын студенттер саны

әр студентке 5 бал

2.

Университеттік, қалалық, республикалық, халықаралық жарыстарға қатысатын  студенттер саны

жүлдегерлері

 

 

әр студентке 5 балл

әр студентке 10, 15, 20 балл

 

Қорытынды:

Балдардың жалпы соммасы  топтағы студенттер санына бөлінеді


 

3.3. Жетістіктерді бағалау  стандартты түрде көрсеткіштерде  көрсетілмеген, топқа қосымша  балдарды енгізу жолымен жүргізіледі,  олардың саны орталық байқау  комиссиясы шешімімен анықталады.

3.4. Шыққан көрсеткіштерді  салыстыру негізінде жүлдегер-топ  барлық көрсеткіштер бойынша  көп сомалық ұпай жинап анықталады.

3.5. Материалдарды дайындау  үшін факультеттердің байқауды  ұйымдастырушы комитеті үшін  топ старосталары және факультеттердің  студенттік деканаты жауапты,  университеттің ұйымдастыру комитеті  үшін – факультет декандары.

3.6. Байқауда 1-ші, 2-ші, 3-ші  орынды алған студенттік топтар  бағалы сыйлықтар (сыйақы) және  арнайы дипломдармен марапатталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ .....................................................................................................................4

 

І. КУРАТОР-ЭДВАЙЗЕРДІҢ  ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ............................................................................................................5

1.1. Куратор-эдвайзерге қойылатын  талаптар .........................................................5

1.2. Куратор-эдвайзердің жұмыс  тәртібі ..................................................................6

1.3. Куратор-эдвайзердің жұмыс  жоспары ..............................................................9

1.4. Куратор-эдвайзер журналы  ..............................................................................10

1.5. Куратор-эдвайзердің есебі  ................................................................................12

 

ІІ. СТУДЕНТТІК ТОПТАРДАҒЫ ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ СОЦИОМЕТРИКАЛЫҚ ӘДІСІ ..........14

ІІІ. ҚОСЫМШАЛАР:

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ куратор-эдвайзері  туралы ереже .............................18

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ үздік  студентік топ байқауының ережесі ...............24

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Тәрбие саласы