Экологиялық тәрбие

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 09:31, контрольная работа

Краткое описание

1. Экология және экологиялық тәрбие жайлы ұғым.
2. Экологиялық тәрбиенің мақсаты, міндеттері.
3. Оқу-тәрбие процесіндегі экологиялық тәрбие.

Файлы: 1 файл

Экологиялық тәрбие.docx

— 36.59 Кб (Скачать)

Экологиялық тәрбие

 

 

 

 

Экологиялық тәрбие.

Жоспар:

1. Экология және экологиялық  тәрбие жайлы ұғым.

2. Экологиялық тәрбиенің  мақсаты, міндеттері.

3. Оқу-тәрбие процесіндегі экологиялық тәрбие.

1. Экология — 200 жылдық  тарихы бар жас ғылым. Экология  терминін неміс биологы Эрнест Геккель (1968ж.). "Естественная история происхождения" атты кітабында алғаш рет қолданған. Экология - "ойкос" деген грек сөзі, "үй, баспана" ұғымын білдіреді. Э.Геккельдің айтуы бойынша экология - зоологияның бір тармағы, жанды мақұлықтардың органикалық және анорганикалық ортамен өзара қатынасын зерттейді. Экология ғылымы жеке пән түрінде биология ішінде пайда болды. Экологияны ғылыми негіздеген эволюция туралы ілімнің негізін салушы ағылшын ғалымы Чарльз Дарвин, оның анықтауы бойынша экология тірі ағзалардың ортадағы тіршілік әрекетін және өзара қатынасын зерттейтін биологиялық ғылым. "Экология" ғылымы теориялық және тәжірибелік маңызы бар барлық ғылымның кешенді негізінде тез дами бастаған салаға айналды. Экология дегеніміз - табиғатты пайдаланудық ғылыми-теориялық негізі.

Экологиялық тәрбиенің көкейтестілігі Қазақстандағы экологиялық апат аймақтарының болуымен тығыз байланысты. Батыс Қазақстан жұртшылығын  әскери полигондар, экологиялық талаптарды өрескел бұзып отырған өндіріс орындары алаңдатып отыр.

Қарашығанақ кен орнын  игеруге 3000 га-ға жуық егіс, жайылым және орман жері пайдаланылады. Бұрғылайтын қондырғылар мен магистралды газ мұнай тасымалдайтын құбырлар кездейсоқ апатты жағдайға ұшыратуы мүмкін, осы кезде қоршаған ортаның әсіресе жер бетіндегі сулардың ластануы орын алады. Апаттық жағдайлардың тууының негізгі себебі - тасымалдау құбырларының коррозия процесіне ұшырап, жарылуы (90,5 %).

Еділ мен Жайық өзенінің аралығында орналасқан аумағы 40 мың км2 құмды өңір орта есеппен теңіз деңгейінен 0,21м төмен жатыр. Жер астының тұщы су қоры мол екені анықталды. Облыс тұрғындары Азғыр мен Капустин Ярдағы әскери ядролық сынақ полигонын жабуды, сынақ аймақтарын өз иелеріне байырғы тұрғындарға қайтаруды, т.б. талап етіп, осы мақсатта бұқаралық саяси күрес шараларын жүзеге асыратын қоғамдық қозғалыс құруды ұсынды. 1990 жылғы мамыр 1992 жылғы мамыр аралығында "Нарын" қозғалысының орталығы Орда ауданында болды.

Органикалық отынды жағу кезінде  атмосфераға күкірттің қос тотығынан басқа азоттың қос тотығы да шығарылады. Күкірт пен азоттың қос тотықтары "Қышқылдық жаңбыр" деп аталатын жауын түсуіне себепші болады, олар топыраққа араласа отырып, оның қышқылдылығының жоғарылауына әкеп соқтырады. Ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігіне әсерін тигізді. Қышқылдық жаңбырлар металды жабдықтар мен құбырлардың тоттануын туғызуы мүмкін.

Әскери полигон Батыс  Қазақстан облысы мен Астрахань  облыстың шекарасында орналасқан. Адамдар  мен тірі табиғатқа тигізген зияндары жөнінен "Азғыр", "Капустин Яр" белгілі Семей полигонынан асып түседі. Полигондар онкологиялық, жүрек тамыр және басқа ауруларды қоздырып, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне зиянын тигізді.

Озон қабатының жұқаруы, қышқылды жаңбыр, жер ғаламшарларындағы  климаттың жылына бастауы жер  биосферасындағы тіршілікке тікелей  қауіп төндіруде. Ойықтардың пайда болуына өнеркәсіптерден бөлінетін М, Си, Ғе, Мп, С1, Р оксидтері әсер етеді. Озон қабатының бұзылуы жер бетіндегі тіршілікке зиянды әсер етеді.

2. Экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты:

•  қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу;

•  жастардың бойында  экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру;

•  қоғамдық пайдалы еңбек  және еңбек тәрбиесі арқылы табиғатты  қорғау, күту және жақсарту;

•  экологиялық білімді насихаттау.

Экологиялық тәрбиенің негізгі  мақсаты - жастардың экологиялық  көзқарасын, санасын, табиғатқа үлкен  парасаттылық, жауапкершілік, қарым-қатынасын қалыптастыру. Осы тәрбие арқылы адамның мәдениеттілік сезімі, экологиялық санасы қалыптасады.

Экологиялық тәрбиенің басты  міндеттері:

•  өмірде және нақты іс-әрекетінде экологиялық білімді қолдана білу, іскерлікке төселу;

•  табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларды жаппай қоғамдық пайдалы еңбекке қосу;

•  мектепте экологиялық  білім және тәрбие қорамын ұйымдастыру;

Ең басты міндеттердің бірі - оқушыларды табиғатты қорғау мәселелері туралы ғылыми теориялық және тәжірибелік біліммен қаруландыру.

Экологиялық тәрбие еңбек  тәрбиесімен байланысты, өйткені  өндірістік іс-әрекеттің барысында адам жерді пайдалану негіздерін, топырақты эрозиядан қорғауды игеру, дақылдарды суару мөлшерін, минералдық тықайтқыштарды, улы химиялық заттарды беру мөлшерінің мерзімін технологиялық талаптарға спйкес есепке алып отырады.

Оқушылардың экологиялық  білімнің белгілі жүйесін игеруі, табиғатты қорғауы, жер байлығын тиімді пайдалануы экологиялық мәдениетті жетілдіріп, дүние тану көзқарасын қалыптастырады.

3. Оқу-тәрбие процесіндегі экологиялық тәрбие.

Оқыту процесіндегі экологиялық  тәрбие. Экологиялық білімнің  негізгі  көздері: химия, физика, биология, география, астроиомия пәндері, олардың бағдарламаларындағы оқу материалдарын дәрістерде терең түсіндіріп, сыныптан және мектептен тыс экологиялық жұмыстарда тиімді қолдана білуге оқушыларды үйрету және дағдыландыру - мұғалімнің міндеті.

Бастауыш сынып оқушылары  табиғат байлығын ауыл шаруашылығында пайдалану жайлы алғашқы ұғымды еңбек сабақтарында алады. Олар үй мүліктерін, киім-кешек, тағам, т.б. жаасайтын табиғат заттарын пайдалану жолдарымен танысады.

Бастауыш сыныптардың  оқу бағдарламасындағы оқушылардың  экологиялық іскерлік дағдысын қалыптастыруға бағытталған жұмыс түрлері: өсімдіктердің даму кезеңіне фенологиялық бақылау жүргізу, мектеп және қоғамдық мүлікті ұқыптылықпен күту, тұрмыста электроэнергияны, газды, суды үнемді пайдалану. Орта және жоғары сыныптар оқушыларын кең көлемде экологиялық біліммен қаруландыру қажет.

Қазіргі жағдайда өндіріс табиғатқа күшті әсер етуші фактор болып отыр. Осыған орай табиғатты ұтымды пайдаланудық ғылыми білімге негізделетінін оқушылардың түсінуі керек. Өндірістік іс-әрекеттің нәтижесінде ортада әр түрлі өзгерістер болып жатыр.

Экологиялық тәрбие жұмыстарының түрлері:

1. Ауыл мектептерінің  оқу-тәжірибе алақын бағалы ағаштар  тұқымының көшеттерін өсіріп, көгалдандыруға пайдалану.

2. Мектеп оқушылары мемлекеттік  орман шаруашылығына үнемі көмек  көрсетіп отырады. Олардың негізгі атқаратын жұмыстарының түрлері: көшет материалдарын өсіру, ағаштар отырғызу, оларды күту, өрттен, ұрылардан қорғау, орман-тоғай зиянды жәндіктермен күресу.

- дәрі өсімдіктерін дайындау, жидек, саңырау-құлақ, т.б. жемістерді жинау;

- пайдалы жануарларды  қорғау және есебін алып отыру; 

- фенологиялық бақылау  жүргізу.

3.  Оқушылар ауылшаруашылық  тәжірибе жұмысымен айналысады. Тәжірибе жұмысы биология, химия мұғалімдерінің, жергілікті ғалымдарының басшылығымен жүргізіледі.

4. Оқушылар табиғатқа зиян келтіретін адамдармен күреседі, қорықтағы ережені бұзушыларды анықтайды, химиялық улы заттарды, минералдық тықайтқыштарды сақтау және қолдану ережелерін бұзушыларды әшкерлейді.

5. Экологиялық тәрбиеге  айланысты мектепте жаппай шаралар  ұйымдастырылады. Олар: кештер, дәрістер, баяндамалар, т.б.

6. Жалпы білім беретін  мектептерде экологиялық білім  мен тәрбие әр түрлі сыныптардағы оқу пәндерінің мазмұны, қоғамға пайдалы жұмыс және өндірістік еңбек арқылы іске асырылады.

Экологиялық қоғамның мақсаты: қоғам мүшелерін өздері тұрған аймақтың табиғатын қорғауға, күтуге тәрбиелеу, зерттеу жұмысына тарту, зерттеуді жүргізудің әдістері мен тәсілдеріне үйрету, мектепті экологиялық жұмыстың орталығына айналдыру.

Қоғам мүшелері мектептегі жастар ұйымымен ынтымақтасып, тұрғылықты жерде экологиялық штабтар құрады, жорықтар, саяхаттар ұйымдастырады. Экологиялық деректерді, ғылыми мағлұматтарды білім және тәрбие процесінде пайдалану мұғалімнің білімділігіне, педагогикалық шеберлігіне, жоғары мәдениеттілігіне байланысты.

Экологиялық тәрбие оқушылардың - табиғатқа жаңаша көзқарасын қалыптастырып, әр түрлі нысандарда жүргізіліп, жеке тұлғаның эмоциялық сезімдік әлемін қалыптастыруға бағытталып, адамгершілік, жауапкершілік қасиеттерін жетілдіреді.

 

Әдебиеттер:

1. Окружающая среда и  мир на планете. -М.: Наука, 1986.

2. Дотта Л. Планета земля  в опасности. - М.: Мир, 1988.

3. Демешев М .Я. Пока не поздно. - М.: Молодая гвардия, 1991.

4. Яншин А.Л., Мелуа А.И.  Уроки экологических просчетов.  М.:Мысль, 1991.

5. Данило Ж. Социальная  экология. - Москва: Просвещение, 1991.

6. Проблемы окружающей  среды в деятельности ООН. - М., 1984.

7.  Экологическое образование  школьников во внеклассной работе. - М.: Просвещение, 1984.

8. Захлебный А.Н.. Экологическое  образование школьников. /Под ред.  И.Д. Зверева, И.П.Суравечиной. - М.: Педагогика, 1983.

9. Денисова Т.В.. Экологическое  воспитание в процессе трудовой  подготовки школьников. //Советская  педагогика, №41985.

10. О.Косанов. Экология  және адам экологиясы. "Қазақстан  мектебі", №31991.

11. К.Сарманова, Н.К. Перкас. Экологиялық білім беру бағ-дарламасы. //Қазақстан мектебі, №8 1993. 

Экологиялық тәрбие - болашақ  кепілі

 

28.01.2010 Просмотров: 2033 Комментариев: 0

 

Тәрбиенеің адам өмірінде алар орны ерекше. «Тәрбие басы – тал бесік» - дегендей, балаға кішкентай кезінде қандай тәрбие берілсе, оның болашағы да сондай болмақ. Әрине, ол үйдегі ата-ананың тәрбиесімен қатар балабақша, мектеп тәрбиесіне байланысты. Тәрбие негізі қаншалықты сапалы болса, келешек кепілі де сондай болмақ. Оның бір бағыты ретінде экологиялық білім саласын да назардан тыс қалдыруға болмайды. Себебі, экологиялық тәрбие – ол баланың қоршаған ортасы, айналасы, болашағы деген ұғымдармен тығыз байланыысты.

Жас ұрпақты тәрбиелеуде  олардың жеке тұлғасының қалыптасуында  өскен ортасы, табиғаттың әсемдігі, көгалдандырылуы – негізгі әлеуметтік факторлардың бірі. Ол жұмыс әрбір Қазақстан азаматының күнделікті дем алатын ауасы мен тамағы сияқты қажеттілікке айналуы керек. Дана халқымыз «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей күтілген әсем аулада өмір сүрген ұрпақ өскенде де, сондай ортада өмір сүруді мақсат етеді. Демек, әсемдікке бала жастайы-

нан үйренсе, оны ары қарай  іске асыру көп қиындық тудырмайды.

Дегенмен, жаңа технологияның  арқасында шөл даланы гүлдендіріп, адам таңқаларлық оазистер жасап жатқан мемлекеттерге қарағанда, елімізде көгалдандыру мәдениеті кенжелеп тұрғаны анық. Қоршаған ортаны көгалдандырудағы кенжелеуді жоюдың ұтымды жолының бірі – жас ұрпақты туған табиғатты аялап, күтіп баптауға, көбейтуге, қайтадан қалпына келтіруге үйрету. Ол жұмыс әрине алдымен балабақша мен мектептен, әр үйдің ауласын гүлдендіруден басталатынын жоғарыда айттық. Осы орайда, білім ордаларының ауласы, оның дәліздері мен сынып бөлмелері әсем де, сәнді мемлекеттік стандарт талабына сай ұлттық нақышта көгалдандырылуы керек. Ол оқушының денінің сау, көңіл-күйінің көтеріңкі, әрі өмірінің сәнді болуына жағдай жасайтын басты факторлардың бірі.

Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министрлігі  мен Қазақстан Республикасының  Қоршаған ортаны қорғау министрлігі 2002 жылы бірлесіп дайындаған Экологиялық білім беру тұжырымдамасында «Экологиялық ахуалдың жалпы нашарлауының негізгі себептерінің бірі – халықтың, соның ішінде басқару құрылымдары мамандарының табиғатты пайдалануға байланысты шаруашылықтың әр саласындағы қызметкерлердің экологиялық білімінің жеткіліксіз немесе тым төмен болуы» деп атап көрсеткен.

Білім беру мекемесінің ауласын  көгалдандыру жолға қою алдымен  сол мекемелердің басшыларына байланысты. Іскер басшы мектепте білім беру сапасының арттырудың жаңа технологиясын  енгізумен қатар, оқушының жеке басының  тұлғалық қалыптасып дамуына ықпал  ететін экологиялық, қоршаған ортаны қорғау, әсемдікке баулу жолдарын жетілдіруді  әркез назарынан тыс қалдырмайды.

Білім ордасының оқушылардың  дені сау болып сапалы білім алуында  мектеп ғимаратының, оның ауласы мен  ішкі дәліздерін және бөлмелерін талапқа  сай жасыл өсімдіктер өсіру арқылы әсемдеу қажет. Сонымен қатар күндерінің жартысын мектепте өткізіп, ой жұмысымен айналысатын желкілдеп өсіп келе жатқан жас ұрпақтың көңіл-күйінің көтеріңкі, денінің сау болуында мектеп ауласында және оның ішкі бөлмелеріндегі оттегінің жеткілікті болуы, ауаның тазалығы басты рөлде тұрғаны абзал.

Мектеп тек білім ордасы ғана емес, оқушылардың тәрбие-тәлім  алатын екінші үйі болғандықтан білім  ордаларының көркейіп, жасыл әлемге оранып тұрғаны кімге болмасын ұнайтыны анық. Мектеп ауласы мен дәліздің, сынып бөлмелерінің әсемдігі баланың эстетикалық сезімін оятып, әсемдік туралы талғамын шыңдап, әдемілікке үйрететін басты орта. Талғамы жоғары бала білім алуға талпынады. Сынып бөмесіндегі аса бір тал-

ғаммен отырғызылып, күтілген гүл түбектері, олардың сынып  бөлмесінде үйлесімді орналастырылуы баланы өсімдікті күте білуге дағдысын, жауапкершілігін қалыптастырады. Жастайыннан әсемдікті сүюге үйренген бала өсімдіктерді бүлдірмейді, керісінше, оны аялап молайтады. «Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында» деп Елбасымыз айтқандай оқушыларды тәрбиелеп отырған ұстаздар оқушылырдың эстетикалық тәрбиесіне де баса көңіл бөлуде. Осы орайда, төменгі сынып мұғалімдері ата-анамен бірігіп жасыл әлем дүниесіне сүйіспеншілігін оята алса, одан ары қарай ол жас жеткіншектің негізгі дағдысына айналып, жеке тұлғасының қалыптасуына оң әсер ететін болады.

Мектепте жүйелі жүргізілген  табиғатты қорғау, көгалдандыру жұмыстарының нәтижесінде бастауыш сыныптарында негізі қалан-

ған әсемдікті сезіну, оны  өз қолымен жасау, талғамын жетілдіру  жұмысы жалпы орта білім алу, яғни, базалық білім алу барысында одан ары жалғасын таппақ. Бұл кезде оқушы өзін қоршаған ортадағы өсімдіктердің қыр-сырын терең білуге талпынады. Сөйтіп, оқушы өсімдіктерді аулада, бөлмеде өсіру, оларды күтіп баптау әдіс-тәсілдерін іздеп, жараты-лыстану бағытындағы пәндерге қызығушылық таныта бастайды. Оқушының мұндай қызығушылығы көгалдандырыу саласына деген мотивін тудырады. Мотив оқушының өсімдіктер әлемі туралы білуге талпынуына түрткі болады. Білуге, ұғып, өз қолымен істеу-ге үйренген оқушының бос уақыты болмайды. Бос уақыты болмаған оқушы әлеуметтік өмірдегі жағымсыз мінез-құлықтан (девианттық) аулақ болып өсетініне күмән жоқ. Сонымен қатар, бос жүруге дағдыланбаған жеткін- шек үнемі еңбек етуге талпынып, уақытын тиімді, пайдалы нәрселерді үйренуге жұмсайды.

Информация о работе Экологиялық тәрбие