Экологиялық тәрбие

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 09:31, контрольная работа

Краткое описание

1. Экология және экологиялық тәрбие жайлы ұғым.
2. Экологиялық тәрбиенің мақсаты, міндеттері.
3. Оқу-тәрбие процесіндегі экологиялық тәрбие.

Файлы: 1 файл

Экологиялық тәрбие.docx

— 36.59 Кб (Скачать)

Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныптағы балаларға экологиялық тәрбие беру жүйесі.

Зерттеу пәні: Балаларға экологиялық тәрбие беру арқылы дүниетанымын қалыптастыру үдерісі (процесі).

Зерттеудің мақсаты: Экологиялық  тәрбие беру арқылы бастауыш сыныптағы  балалардың дүниетанымын қалыптастыруды теориялық және әдістемелік жағынан  негіздеу.

Зерттеу болжамы: Егер, бастауыш сыныптағы балаларға берілетін экология жайындағы ұғым олардың жас ерекшелігіне сәйкес келсе, табиғат туралы ұғымдарын қабылдай білу мүмкіндіктері ескерілсе, табиғаттың адам мен қоғамға, адамның табиғат пен қоғамға тигізетін әсерін мазмұндап сипаттайтын болса, табиғатты өзгертуде адамның ақыл-ой, білімінің қажеттілігін сана-сезіміне жеткізе түсіндіретін, табиғатқа аялы көзқарасты қалыптастыратын оқу-тәрбие жүйесі жасалса, түрлі оқу формалары мен оқыту әдістері қолданылса онда экологиялық тәрбие беру арқылы балалардың дүниетанымын қалыптастыру нәтижелі болады.

Зерттеу міндеттері:

• экологиялық тәрбие беру арқылы балалардың дүниетанымын қалыптастыру жолдары мен мүмкіндіктерін ғылыми - әдістемелік тұрғыдан негіздеу;

• Экологиялық сана экологиялық  сауаттылық, экологиялық мәдениет ұғымдарының  мәнін нақтылап, табиғат арқылы оқушылардың  дүниетанымын қалыптастырудың орнын  анықтау;

• экологиялық тәрбие беру арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың  тиімді жолдары, формалары мен әдістерін  іріктеу.

Зерттеу әдістері: Психологиялық, педагогикалық ғылыми - әлістемелік әдебиеттерге теориялық талдау, экологиялық тәрбие туралы заң, қаулы қаралып өткен жылдардағы табиғаттану материалдары орын алған «Дүниетану» оқулықтары мен оқу - әдістемелік құралдарында табиғат жайында берілген білім мазмұны мен көлеміне талдау жасау, бастауыш сынып мұғалімдерімен семинар-кеңестер, әдістемелік сұхбат, сауалнама жүргізу, балалардың дүниетанымын қалыптастырудың кіші жастағы сынып оқушыларымен педагогикалық эксперимент жүргізу және оның нәтижелері.

Зерттеу жаңалығы:

• Экологиялық тәрбие беру арқылы балалардың дүниетанымын қалыптастыру жолдары, мүмкіндіктері ғылыми - әдістемелік  тұрғыдан негізделді.

• Экологиялық сана, экологиялық  сауаттылық, экологиялық мәдениет ұғымының мәні нақтыланып, оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың мазмұны мен  көлемі талданып, меңгеру жолдарына сипаттама берілді.

• Бастауыш сынып балаларының  дүниетанымын қалыптастырудың формалары  жүйеленіп, тиімді әдістері іріктелді.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

• Экологиялық сана, табиғат - оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың  негізі ретінде таным теориясына талдау, оларға ғылыми әдістемелік  педагогикалық тұрғыдағы сипаттамасы.

• Экологиялық тәрбие беру арқылы балалардың дүниетанымын қалыптастырудың  тиімді жолдары, формалары мен әдістері.

• Оқушылардың дүниетанымдық  көзқарасын қалыптастыруда мұғалімдер мен ата-аналарға арналған ұсыныстар.

Зерттеудің тірек орындары: Астана қаласы, №37 қазақ орта мектебі. 4 «Б» - 4 «Е» сыныптар, 30,30. Салыстырмалы бықылауға 4«Б», 4«Е» сыныптары, 30, 30 оқушыдан қатысты.

Зерттеу жұмысының құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, төрт тармақшадан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымша материалдардан тұрады.

Кiрiспе бөлiмiнде зерттеудiң  өзектiлiгi негізделіп, зерттеудің мақсаты, мiндеттерi, объектiсi, пәнi анықталды, зерттеу әдiстерi, зерттеудiң ғылыми болжамы ұсынылады, зерттеу кезеңдері, әдiснамалық негiзi, ғылыми жаңалығы сипатталады.

Бастауыш сыныпта экологиялық  тәрбие беру негізінде оқушылардың  дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық  негіздері. атты бiрiншi бөлiмiнде проблеманың  философия, психология, педагогика, экология саласында зерттеу деңгейi салыстырылып, бастауыш сыныптарда экологиялық тербие берудiң педагогикальқ шарттары, мазмұны баяндалып оқушыларға экологиялық, бiлiм мен тәрбие беру бағытында  сұрыпталып, проблеманың бүгiнгi таңдағы жағдайы сипатталады.

Бастауыш сыныпта экологиялық  тәрбие беру негізінде оқушылардың  дүниетанымын қалыптастыруда мектептегі адамгершілік тәрбиесінің мән-мазмұны  туралы қазіргі кезде қалыптасқан  көзқарастар талданады; оқушыға экологиялық тәрбие беру негізінде олардың дүниетанымын қалыптастыруда Экологиялық сана ұғымының мазмұны, құрылымы және адамгершілік тәрбиесінде алар орны ашып көрсетіледі; оқушылардың адамгершілігін қалыптастыру мәселесі талданып, соның негізінде экологиялық іс-әрекет процесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу теориясына сипаттама беріледі.

Бастауыш сыныптарда экологиялық  тәрбие берудің негізінде оқушылардың  дүниетанымын қалыптастырудың әдістемесі атты екiншi бөлiмiнде бастауыш 4-шi сыныптарда оқушыларға дүниетану пәнi мазмұндарына туған өлке және қазақ этнопедагогика материалдарын енгiзуде экологиялық бiлiм мен тәрбие берудiң формалары мен әдiс-тәсiлдерi айқындалып, оларды iс жүзiне асыруда тежiрибелiк-эксперименттiк жұмыстың нәтижелерi шығарылып, ғылыми-әдiстемелiк ұсыныстар берiледi.

Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің бастапқы күйі анықталып, мүмкіндіктері ашып көрсетіледі; экологиялық  іс-әрекет процесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу бойынша жүргізілген тәжірибелік-педагогикалық жұмыстардың мазмұны мен нәтижелері баяндалады.

Қорытындыда бастауыш сынып  оқушыларына экологиялық тәрбие берудiң теориялық және тәжiрибелiк-эксперименттiк  жұмыстардың нәтижелерiне негiзделген  тұжырымдар мен ғылыми-әдiстемелiк ұсыныстар берiледi, зерттеу жұмыстары бойынша алынған тұжырымдар жасалады, осы салада әрі қарай зерттеулер жүргізудің мүмкін болатын бағыттары көрсетіледі.


Информация о работе Экологиялық тәрбие