Экологиялық тәрбие

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 09:31, контрольная работа

Краткое описание

1. Экология және экологиялық тәрбие жайлы ұғым.
2. Экологиялық тәрбиенің мақсаты, міндеттері.
3. Оқу-тәрбие процесіндегі экологиялық тәрбие.

Файлы: 1 файл

Экологиялық тәрбие.docx

— 36.59 Кб (Скачать)

Тәрбиенің нәтижелілігі оқушының өзіне, өзінің сеніміне көз жеткізуінде. Оқушының әсемдікке деген сүйіспеншілігінің  қалыптасуы нәтижесінде халық, Отан алдындағы жауапкершілігі артады. Әлемде түрлі мемлекеттерде көгалдандыру мәдениеті ұлттық мәдениеттің көрінісі болып табылады. Мәселен, жапон халқы баланы бірінші сыныптан гүл егу, икебано жасау мәдениетіне үйретеді. Біздің мектептерде де көгалдандыру бағытында түрлі жұмыстар жүргізілу қажет. Жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен жүргізілетін жұмыстар экологиялық білім жүйесінің негізін қалап, болашақта икемдігіне, қабілетіне қарай мамандық таңдауына, өмірден өз орнын табуына ықпал ететіндей нәтижелі болуы тиіс.

«Атадан мал қалғанша, тал  қалсын» дегендей, жалпы өміріміздің өсімдіктер әлемімен тікелей байланысты екенін естен шығармауымыз керек. Егер өсімдіктің маңыздылығын ұл-қыздарымызға қазірден бастап насихаттайтын болсақ, олардың бойларын табиғат әлеміне деген сүйіспеншілікке, мейірім-

ге үйретеріміз даусыз. Осыған орай, «Гүлстан» журналының қолдауымен өскелең ұрпақты гүл  мәдениетіне үйрету, қоршаған ортаны қорғауға баулу, көгалдандырудың қажеттігін түсіндіру, оқушылармен экологиялық  бағытта жұмыс жүргізу үшін «Гүлстан»  гүл үйірмесі қаламыздағы Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 мектеп лицейі мен Мағжан Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимазиясында жұмыс жасауда. Бұл гүл үйірмесінің мақсаты – жас жеткіншектерге гүл мәдениетін, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін насихаттау, экологиялық тәрбие беру, мектеп ауласын гүлдендіру және отаншылдыққа, патриотизмге тәрбиелеу болып табылады. Үйірмеде жеткіншектер гүл әлемімен танысып, оларды күтіп баптау әдістерін үйренеді. Туған табиғатымыздағы кейбір гүлдердің жойылып кетпеуі үшін гүл егу мәдениетін үйреніп, көгалдандыру жұмыстарын меңгеру қажеттігін де терең түсінеді. Сонымен қатар, үйірмедегі оқушылар «Гүлстан» журналы мен «Гүлзар» қоғамдық бірлестігінің «Гүлстан» гүл алқабында Республика көлемінде өткізілетін «Қызғалдақ мерекесі» және «Туған табиғатты аялайық!» байқауларына қатысады.

Жалпы журнал туралы айтар  болсақ, Республикалық ғылыми-танымдық «Гүлстан» журналы Қазақстандыға көгалдандыру, экологиялық тәрбие беретін жалғыз басылым. Журнал өз жұмысын 2005 жылдан бері Республика көлемінде жүргізіп келеді. Негізінен Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, еліміздегі мектептермен тығыз байланыс орнатуда.

Мектепте өсімдік мәселесін  мұғалімдерге жүктеп қойғандықтан, оқушылар тыс қалып жатады. Ал, негізінен гүл күтуді, оны суғаруды оқушыларға үйретуіміз керек. Маман болмағандықтан, мектептерде гүлге қарайтын жеке жұмысшылар жоқ. Бұл мәселенің шешімі көгалдандырушы, гүлпаз деген мамандықтарды даярлайтын университеттерде факультеттердің ашылыумен орнына келетін сияқты. Бізде, әрине, орман шаруашылығы, биология, экология факультеттері бар. Алайда, оны оқитын, сұраныс ететін жас-

тар аз. Қазір балалар юрист, экономист, банк қызметкерлері мамандықтарын көп таңдайды. Себебі, экология саласына барайын десе, оларды «жұмыс орны табыла ма, жалақысы қандай?» деген сұрақтар мазалайтыны анық. Бұл, негізінен, біздің елімізде гүл, көгалдандыру мәдениетінің бәсеңдеп дамып жатқанының салдарынан болып отыр. Сол үшін баланың бойына табиғатқа деген махаббатын сөндіріп алмай, күннен-күнге оқушылардың қызығушылықтарын оятып, экологияға байланысты жұмысымызды одан ары күшейтуіміз керек.

XXI ғасырда өмір сүріп отырған, білімнен кенде емес азаматтардың қолындағы қажетсіз заттарын көшенің кез-келген жеріне тастай салуы - табиғатты аямаудағы, ата-баба салтын дұрыс сақтай білмеуінің айғағы.

Мектеп оқушыларының экологиялық  білімі мен тәрбиесін қалыптастыруда:

- экологиялық сауаттылық;

- экологиялық мәдениетті  оқушылардың жас ерекшеліктеріне  сәйкес бойына сіңіре білу  кезек күттірмейтін мәселенің бірі.

Оқушыларды ауладағы ағаштар  мен гүлдерді, бөлме гүлдерін суғаруға баптап күтуге үйрету арқылы өсімдіктер әлемінің қыр-сырын ұғындыра түсумен  қатар, еңбекке баулуға да мол мүмкіндік табар еді. Көптеген дамыған елдерге көз салар болсақ, Венгрияда арнайы гүл маманы тіптен жоқ екен. Себебі ол елдің заңына сәйкес әрбір азамат гүл өсіріп, көгалдандыруды өзінің міндеті деп есептейді. Ал, жапонияда бірінші сыныптан бастап гүл өсіру мен көгалдандыру пәндік сабақ ретінде өткізіледі. Филиппинде әр азамат жылына аз дегенде алты ағаш егіп, көгалдандыруға ат салыспаса, азаматтығынан айырылады. Міне, осындай мысалдардан-ақ біз көгалдандырудың әлемдік деңгейде қандай орны бар екенін көре аламыз. Көгалдандыру ісін мектептен бастауымыздың себебі де осы еліміздегі кенжелеп тұрған саланы болашақ ұрпаққа үйретіп, әдемілікке бой құмар, жаны сұлу, елінің ертеңгі көгалдандыруына өз үлесін қосатын патриот ұрпақты қалыптастыру. Мектептегі көгалдандыру ісі тек мектептегі биология пәнінің мұғалімдеріне қатысты емес, әрбір мектеп басшылары мен мұғалімдер, ата-аналар да бұл мәселеге өз үлесін қосуы керек. 

Экологиялық тәрбие

Мазмұны

Кіріспе 3

1 Бастауыш сыныпта экологиялық  тәрбие беру негізінде оқушылардың  дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық  негіздері 8

1.1 Бастауыш сыныптарда  экологиялық білім мен тәрбие беру тарихына шолу және экологиялық тәрбиеге байланысты еңбектерге сипаттама

1.2 Бастауыш сыныптарда  экологиялық білім беруге даярлау жүйесінің ерекшелігі, оқушыларға экологиялық тәлім-тәрбие берудің қазіргі мәселелері 28

2 Бастауыш сыныптарда  экологиялық тәрбие берудің негізінде  оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың  әдістемесі 36

2.1 Бастауыш сыныптарда  экологиялық тәрбие берудің негізінде  оқушыларға экологиялық тәрбие берудің жолдары 39

2.2 Дүниетану пәні арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдері 42

2.3 Бастауыш сыныптардағы  экологиялық білім беру негіздері, эксперимент жұмысының нәтижелері 55

Қорытынды. 71

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 73

Қосымша материалдар 75

Сабақ және сабақтан тыс жұмыстар

Нақыл сөздер

Көрнекіліктер

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі: Қазіргі кезеңде қоғамның даму бағыты бүкіл оқу-тәрбие жұмысының алдына жас жеткіншектердің тілін, ақыл-ойын, жалпы білім деңгейін, дүниетанымын дамыту мәселесін қойып отыр.

Қазақ елінің тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, қазақ тілінің  мемлекеттік дәреже алуы, тұңғыш Конституция, Білім беру заңының қабылдануы ұрпақ  тәрбиесіне жаңаша қарауды, оны жақсарту жолдарын нақты айқындауды талап етеді.

Қазақстан Республикасы тұрақты  дамудың жаңа жолына түскен кезеңде  жас ұрпақты ізгілікке, эстетикаға, отансүйгіштікке баулитын экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы арта түсуде. Себебі, "табиғат - қоғам -адам" жүйесіндегі қарым-қатынастардың шиеленісуі жылдан-жылға күшейіп, экологиялық зардаптар тіршілікке қауіп төндіріп отыр. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрығымен "Білім туралы" Заңы (1999), "Айналадағы ортаны қорғау туралы" Заңы (1997), "Қазақстан Респуб-ликасы стратегиялық тұрақты даму жолына арналған 2030 бағдарламасы" (1996) , "Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы"

(1997), "Қазақстан Республикасы  экологиялық білім мен тәрбие  берудің ұлттық стратегиясы" (1998), "Экологиялық білім бағдарламасы" (1999), "Қазақстан Республикасы  орта білім берудің мемлекеттік  стандарттары" (1998), "Қазақстан  Республикасы 2004-2015 жылдарға арналған  экологиялық қауіпсіздікті сақтау  тұжырымдамасы" (2004) және т.б. құжаттар  қабылданды.

1972 жылы Стокгольмде «Қоршаған  ортаны қорғау» туралы білім  беру, 1977 жылы Тбилиси қаласында  өткен БҰҰ жанындағы ЮНЕСКО және ЮНЕП ұйымдары экологиялық білім беру туралы 40-тан астам шешімдер қабылдап, оның ғаламдық стратагиялық жоспарлары қабылданды.

Ел басы Н.Ә.Назарбаев  өзінің "Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде" - деп аталатын еңбегінде: "... елдің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуден, заңды, өкіметті құрметтеуге тәрбиелеуден бастау керек. Әрбір адам бала кезінен: Қазақстаным - менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын, деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн"- деп көрсетті. (1.2)

Осындай аса жауапты міндеттердің баянды болуы жас республиканың  ертеңгі қажетін өтерлік, елін, туған  жерінің табиғатын сүйетін, оны  қадірлеп, қорғайтын білімді, саналы азамат өсіру бала дүниеге келген шақтан, мектепке дейінгі кезеңнен басталады. Себебі, егеменді еліміздің ертеңі жас жеткіншектердің білім дәрежесінің тереңдігімен өлшенеді. Ал, бастауыш сынып кезеңіндегі білім қоршаған орта, табиғат жайында қарапайым ұғым беру арқылы баланың дүниетанымын қалыптастырудан басталады.

Мектеп жасындағы балаларға  қоршаған ортаның заттары мен  құбылыстарын таныстыру арқылы олардың  бір-бірімен байланысын ғылыми түрде түсіндіру барысында балаларда алғашқы табиғат туралы ұғым негіздері қаланады. Балалардың мұндай табиғат жайында алған қарапайым дүниетанымдық ұғымдары, олардың бастауыш сыныпта дүниетанымды оқыту барысында және жоғарғы сыныптарда биологиялық пәндер бойынша берілетін білім жүйесінің алғашқы баспалдағы болмақ. Сондай-ақ табиғат заңдылығын жеңіл түрде ұғындыра отырып, берілетін білімнің өзара байланысы мен сабақтастығын қамтамасыз етуде баланың дүниетанымы кеңейіп, тереңделіп, толықтырылады.

“Жаста білген, басқа  сіңген тәлімнің,

Өзің өлмей сүйегіңнен қала алмас”, – деп классик жазушы Илияс Жансүгіров айтқандай балалық  шақтан бойына орныққан, ана сүтімен  даритын, ұлттық сезім нышандары, сөз  өнері баланың болашақ шамшырағына  айналып, рухани байлығын кеңейтуге  жол ашады.

Баланы туған елге, жерге, халқына деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімге баулып, жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеп өсіру – бүгінгі таңдағы аса жауапты міндеттің бірі. “Жұмыла көтерген жүк жеңіл”, - демекші бала тәрбиелеудегі осындай міндеттерді іске асырушылар – мектепке дейінгі мекемелер мен отбасы. Осы екі арнада жүргізілетін тәлім-тәрбие сабақтаса, ұштаса өткізілгенде ғана көздеген мақсат нәтижелі болары сөзсіз.

Қоғамның дамуының қай  кезеңінде болмасын табиғат –  баланың дүниетанымын дамыту құралы ретінде орын алып, оған ерекше көңіл бөлінген

Оған дәлел адам, қоғам, табиғаттың арасындағы сабақтастықты  түсіндіруде пайда болған Әл-Фараби, Қашқари, Баласағұнидің философиялық ой-пікірлері. Шетел классик ағартушылары Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, И.Г.Пестолоццидің еңбектері мен Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтардың таным туралы ілімдері.

Табиғатты тәрбие құралы деп  қараған К.Д.Ушинский, Н.К.Крупская, Е.Н.Водовозова, Е.И.Тихеева, Л.К.Шлегердің  еңбектерінің орны ерекше. Балаларға өздерін қоршаған дүние туралы білім беру оқу үрдісінде қойылатын негізгі талаптардың бірі. Осы мәселе жайында құнды пікірлер білдірген, ой толғап, нақты ұсыныстар берген ағартушы демократ қаламгерлер С.Көбеев, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Н.Құлжанова, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, С.Торайғыровтардың еңбегі зор.

XXI ғасырда қоғамымыз нарықтық  кезеңнен тұрақты даму парадигмасына  ойысып барады. Осы жаңа бағыттағы  тенденциялар, жаңа концепциялардың  мәні де, мақсаты да адамның  экологиялық санасын, мінез-құлқын, табиғатпен қарым-қатынасын жақсарту, яғни жалпы адамзат ізгілігінің құндылығын биік деңгейге жеткізу. Ал, бұл болса тәлім-тәрбиенің ауқымды мақсаттарының бірі болып табылады. Соңғы жылдары көптеген зерттеушілер, Қазақстанның эколог-педагог ғалымдары экологиялық білім, экологиялық тәрбие мәселелерімен шұғылданып, бұл жалпы білім беретін мектептердің алдында тұрған күрделі міндеттерді шешуге атсалысуда.

Атап айтқанда: Н.С.Сарыбеков, Ә.С.Бейсенова, М.Н.Сарыбеков, Ж.Б.Шілдебаев т.б. өз еңбектерінде балалардың экологиялық білім - біліктері мен дағдыларын қалыптастыру жақтарына баса назар аударса, ал Ө.Т.Танабаев, С.Әбубәкіров, Қ.Нұрланова, З.Серікқалұлы, Д.Н.Сарыбеков, К.Ж.Бұзаубақова, Г.К.Құрманбаева, М.А.Лигай, А.Болтаев, Г.М.Сабденалиева, С.Тілеубергенов, Д.І.Жангельдина, В.П.Кәрібжанова, А.Қ.Егенисова, Н.Т.Есеналина, К.И.Исламова т.б. ғалымдардың зерттеу жұмыстары экологиялық білім мен тәлім-тәрбие берудің әдістемелік жолдары мен шарттарын қарастырады.

Психологтар Л.Выготский, С.Рубинштейн, И.Кон, Е.Кудрявцева, В.Ясвин, Л.Божович, М.Мұқанов, Т.Тәжібаев, т.б. өз еңбектерінде оқушылардың экологиялық ұғым-түсініктерін қалыптастыру қоршаған ортамен қарым-қатынаста психологиялық жас ерекшеліктерін ескергенде ғана нәтижелі болады деген пікірлер айтқан. С.Рубинштейн әрбір жеке адамның қоршаған ортамен байланысының басты бөліктерінің бірі – қарым-қатынас деп санайды. Ол табиғатқа адамгершілік қатынасы мен мінез-құлық нормаларын қалыптастыру екенін көрсете отырып “...басқа адамдармен жарамды қатынасқа ену, басқа адамдардың адамша тіршілік етуіне жағдай жасай білу тек толы бағалы адамның қолынан келуі мүмкін, ал ол дегеніміз – дүниеге, өмірге, табиғатқа шын дос қатынастағы адам” - дейді.

Аталған еңбектерде бала тәрбиесі мәселесі әр қырынан қарастырылғанымен оқушыларға экологиялық тәрбие беру үрдісінде зерттеу аясында ішінара зерттеледі. Сондықтан да бүгінгі күнге дейін бастауыш сыныптарда оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру жүйелі ұғым беру ісі жете зерттелмеген, тың мәселе.

Осы мәселеге байланысты төмендегідей бірнеше қарама-қайшылықтарды атап айтсақ:

- оқушылардың табиғатпен  дұрыс қарым-қатынаста болмауы;

- табиғат тазалығын сақтау  дағдылары қалыптаспағандығы;

- табиғатқа қамқорлық жасау, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың жеткіліксіздігі;

- табиғатты қорғау, дүниетанымдық  көзқарасты қалыптастыруға арналған әдістемелік құралдардың аздығы;

Осы қарама-қайшылықтарды ескере отырып, Қазақстанның жергілікті табиғатына сай, өлке тану принципіне негізделген, нақтылы қай көлемде, қандай мазмұнда табиғат жайында материалдарды енгізу керек? Оны оқытудың жолын талдайтын, балаға табиғат жайында жүйелі ұғым бере отырып, оның дүниетанымын қалыптастырудың жолдары мен әдістерін анықтап, саралайтын ғылыми зерттеу жұмыстарының теориялық-әдістемелік базасы жеткіліксіз даму деңгейде келе жатқаны нақтылы және тиімді зерттеулерді қажет етеді. Мұндай өзекті мәселенің зәрулігі дипломдық жұмыс тақырыбын "Бастауыш сыныпта экологиялық тәрбие беру негізінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру" - деп атауға негіз болды.

Информация о работе Экологиялық тәрбие