Математика оқыту әдістемесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 13:38, курсовая работа

Краткое описание

Еліміздің егеменді ел болғалы бері келелі де ауқымды өзгерістер жүруде. Саяси, экономикалық, қаржылық т.б. салалардағы секілді білім беру саласы да мұндай өзгерістерден тыс қалған жоқ. Себебі мемлекетті нығайту, көркейту үшін өмірге жаңаша көзқарастағы, білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі туындады. Сондықтан қандай халықтың даму стратегиясын алып қараса, онда өскелең жас ұрпақты елін сүйетін отаншыл, саналы, тәрбиелі етіп шығару- оның басты бағдарларының бірі. Қазіргі жас- ертеңгі халық тағдырын шешетін азамат. Осыдан білім беру мекмелерінің алдынан күрделі міндет тұр. Ол- оқушыны саналы ойлайтын ертеңгі күні қоғамда өз орнын табатын жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару.

Оглавление

І. Кіріспе бөлім
Ойын туралы ұлы ойшылдардың пікірлері

ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Дидактикалық ойындар
2.2. Дидактикалық ойындардың қолдану мақсаттары
2.3. Дидактикалық ойындардың ерекшеліктері
2.4. Дидактикалық ойындар математика сабағында
2.5. Дидактикалық ойындардың түрлері
2.6. Санамақ
ІІІ. Қорытынды бөлім
3.1. Практикалық жұмыс
3.2. Зерттеу жұмысы
3.3. Әдістемелік нұсқау
3.4. Қолданылған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

математика курс.docx

— 61.19 Кб (Скачать)

   Ойынның  сюжеті, мазмұны- бұл оның жанды  тұлғасын құрайтын, ойын әрекеттерінің  дамуын, көп жақтылығын және өзара   байланысын  анықтайтын..  Ойынның  мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға деген ықылас пен ынтаны қоздырады..

      Ойынның құрылымдық ерекшелігі  мен түйіні- бала атқаратын рөл.  Ойын процесінде рөлге берілетін  маңызына қарай көптеген ойындар  рөлді немесе рөлді- сюжетті  ойындар деп аталады. Рөл әрқашан  адамға немесе жануарға, ол қиялындағы  қылықтарға  қатысты болады. Солардың  бейнесіне енген бала сол өзі  қалап алған нәрсеге айналады, яғни белгілі бір рөлді ойнайды.

   Ойын  процесінде балалардың өздері (ал  кейбір  ойындарда- ересектер)  ойнаушылардың мінез-құлқы мен  өзара қарым-қатынасын анықтайтын  және реттейтін ереже белгілейді. Ереже ойынға ұйымшылдық, тұрақтылық сипат береді, оның мазмұнын баянды етеді және қарым-қатынас пен өзара қарым-қатынастардың одан арғы дамуын, күрделене түсуін айқындайды. Сонымен бірге ойын ережесі жасқаншақ, ұялшақ балалардың ойынға белсендірек қатысуына көмектеседі.

     Ойынның  осы құрылымдық элементтерінің  бәрі типтік болып табылады, бірақ  олардың түрлі маңызы бар және  әртүрлі ойындарды түрліше ара  қатынаста болады. Әрине ойынның әр түріне сипаттама беруге болады, дегенмен ойынның ішінде дидактикалық ойындардың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мәні зор.

    Дидактикалық  ойындарды мұғалім сабақта   пайдаланып, оқыту мақсатын шешеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                         Дидактикалық ойындар математика сабағында  

     Оқушылардың  математикаға деген ынтасын арттырып, оны дамыту көптеген әдістемелік  жұмыстардың нәтижесінде ғана  іске асады. Соның ішінде сабақтың  қызықты өтуін қамтамасыз ететін  бір әдіс- дидактикалық ойындар.

    Дидактикалық ойындар – көп салалы, күрделі педагогикалық құбылыс. Оны - балаларды оқытудың бір әдісі, оларды жан-жақты тәрбиелейтін құралдардың бірі деп айтуға болады.

    Дидактикалық ойын оқу процесінде ойын әдісі ретінде екі түрлі мақсатта қолданылады: ойын түрінде және дидактикалық немесе автодинамикалық ойындар.

    Ойын  түрінде  мұғалім үйрететін  тақырыпқа оқушылардың қызығушылығын,  зейінін арттыру мақсатында әр  түрлі әдіс- тәсілдерді қолданады.  Атап айтқанда, мұғалім ойын ситуацияларын  туғыза отырып, әр түрлі заттарды  көрсету арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады.

  Дидактикалық  оын жалғыз математика сабақтарында  ғана  қолданылып қана қоймайды, ана тілі, табиғаттану, қоршаған  ортамен таныстыру мақсатында  да қолданылады.

   Дидактикалық  ойын оқыту процесінде мынадай  екі түрлі мақсатта қолданылады:  біріншісі- оқу (танымдық) мақсатта , екіншісі- ойын ойнау мақсатында.

    Мұғалім  өзі де  ойынға қатысады, баланы  үйретеді. Бала ойнай отырып, үйренеді.

    Бастауыш  сыныптардың математика сабақтарында  дидактикалық ойындарды жаңа  тақырыпты түсіндіру барысында,  қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында  да пайдалануға болады. Бастауыш  сынып оқушылардың әлі де ойын  баласы, сондықтан мұғалім оларды  жалықтырмай әр түрлі ойын  түрлерімен сабақты қызықты өткізуге  тырысуы қажет.

   Дидактикалық ойындар оқушылардың ой - өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймайды, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер берері сөзсіз.

    Тақырыпқа сай жүргізілген ойын түрлері, әсіресе тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушының ойлау белсенділігін арттырады. Сондықтан мұғалім әр сабақта дидактикалық ойын түрлерін орнымен қолданса, оқушының ынтасын арттыра оытырып, пәнге деген қызығушылығын, білімі мен ынтасын, сол пәнге деген  сүйіспешілігін арттырады.

    Мұғалім  өтетін тақырыпқа сай ойын  түрлерін дұрыс таңдап алуы  керек. Оқушы ойынның тәртібін  білуге тиіс. Бала ойынның тәртібін  дұрыс меңгерген болса, олар  ойынды бар ынтасымен ойнауға,  орындауға тырысады. Балаларға ең алдымен өздеріне таныс халық ойындарын ойнату пайдалы. Мысалы: «Бояулар», «Біз қайда болдық?», «Біздің істегенімізді көріңіз» сияқты ойындар балаларды еңбекке дағдыландырады. «Бояулар» ойынында  оқушы әр түрлі заттың түстерімен танысады, өздеріне ұнайтын жақсы көретін бояуды таңдап алады.

    Дидактикалық  ойын түрлері көп. Соның бірі- оқушының ақыл-ойын дамытатын  ойын түрлері. Мысалы, өзін қоршаған  қоғамдық орта, табиғат, Отаны  туралы, әр түрлі мамандықта жұмыс  істейтін адамдардың еңбектегі  істері- бәрі де оқушыны идеялық  бағытта тәрбиелеуге дағды береді.   «Бұл ғимаратты кімдер тұрғызған?»,  «Дәннен  нанға дейін», «Киімді кім тігеді?» деген ойын түрлері арқылы, құрылысшылардың, тігіншілердің, диқанның еңбектерін танып біледі.

    Оқушыны  дұрыс сөйлеп үйренуге бағыт  беретін ойынның түрі- сөздік  ойындары. Сөздік ойындары әр  сабақта жүйелі жүргізілуі тиіс. Сол арқылы балалар тапқырлыққа,  заттың атын, түрін, түсін, қасиетін, сапасын танып білуге дағдыланады.  Өтілетін тақырып бойынша әр  түрлі ойын түрлерін жүргізуден  басқа өлең, тақпақ, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар пайдалану оқушылардың  қызығушылығын арттырады.

     Басты  мәселе мұғалім сабақта ойын  эелементтерін жүргізбес бұрын,  оның міндеті мен мақсатын, жүргізу  тәртібін балаларға айтып, дайындауы  тиіс.        

      Қорыта айтқанда, бастауыш сыныптар  математика сабақтарында тіл  дамыту жұмыстарында дидактикалық ойындарды кең түрде қолдану оқушылардың ой –өрісін дамытып, ауызша сөйлеу қабілетін жетілдіруге, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   

    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                       1.   «Жоғарыда- төменде»

                         Кім биік? Кім аласа?  Жаттығуы 

  Керекті материалдар. Көгілдір аспан, жасыл алқап, өзен бейнеленген демокративтік таблица.

      Таблицаның  әр жеріне ілмек  тігіледі. Беті жабық қорапта  жұлдызшаның, ұшақтың, құстың, инеліктің,  балықтың, түрлі аңдардың кардоннан  немесе фанерадан ойылып фигуралары  қойылады.

                Жаттығудың  мазмұны: 

    Бала  қораптан қолын салып, фигураның  біреуін алады. Алған фигурасын  атайды да, оның орнынан анықтап  декоративті таблицаның жоғарғы  жағы- аспанға, ал балық төменде  судың ішіне іледі. Бұған қоса  ол : ұшақ жоғарыда аспанда ұшады,  балық төменде- суда жүзеді  дейді т.с.с

    Бұл  жаттығу «жоғарыда- төменде», «биік-аласа»  ұғымдарын пысықтауға жәрдемдеседі. Балалар нәрселерді олардың табиғи  жағдайымен салыстыра білуге  үйренеді. Сонымен қатар, жаттығу  байқағыштықты, зейінді, қиялды  дамытады. 
 

                                                    2.Дүкен 
 

     Ойыншық   таразысына дүкенші бала сатып  алушының сұраған нәрсесін өлшеп  беріп  тұрады. Керек заттар (таразы, қалақша, күріш, шырын т.б.), сатушы  баланың дүкеншілер киетін бас  киімі болуы керек. Ойынның  барысында сусымалы затпен сұйық заттың өлшеу айырмасына жаттығады, демек сұйық зат белгілі көлемді ыдыспен өлшенеді, сусымалы заттар таразыға салынып өлшенеді. Ойынның мақсаты сұйық зат пен сусымалы заттың қалай өлшенетінін балаларға үйретіп жаттықтыру. 

                                           3.»дабыл соғу»  жаттығуы 

       Керекті материалдар. Бірден төртке дейінгі нәрсенің суреті салынған  топтамалар (әр балаға бір топтамалар берілуі тиіс)

       Жаттығудың мазмұны. Мұғалім дабыл соғады немесе үстелді тақылдатады. Балалар неше соққы болғанын ішьерінен санап, топтамаларында осыншама нәрсенің суреті бар бала оны жоғары көтереді, балалардың бір тобы ауызша жауап беруі тиіс.

   Мысалы: «сіз үш рет соқтыңыз, ал менің топтамамда үш балапанның суреті бар» 

                                           4.«Кім алғыр?» 
     

  Қолданылатын көрнекіліктер:  (+ - =) таңбалы 10 көлеміндегі сандар.

   Ойынның барысы:

       Оқушының қолдарына сандармен таңбалар үлестіріп беріледі. Ойын мазмұнын түсіндіргендер кез келген түпкі нәтижемен таңбаны ескере отырып, өрнектерді құрастыру. Ойлаған өрнектерін тақтаға жазбаша орындауына болады.

    Ойын  барысында: таңбалар арасындағы  байланысты жете түсінуіне, сан  құрамын анықтай білуге, жазбаша  есептеуге дағдыландыру көзделеді. 
 

                          5.  «Сенде осынша көрсет» 
     

    Мақсаты: Балалардың  көрген нәрселерін немесе естіген дыбыстарын санап, есте сақтап, оған басқа нәрселерді сәйкестендіруге үйретеді.

    Керекті материалдар: Фигуралардың ою- таңбалардың суреті салынған топтамалар бала санайтын материалдар.

                 Ойынның мазмұны:

   І вариант. Мұғалім топтаманы көрсетеді де алып қояды. Алалар топтамада неше фигура, ою-таңба бар екенін айтып, сонша жалауша немесе басқа нәрсе көрсетуі тиіс. Тапсырманы дұрыс әрі тезірек орындаған қатар жеңімпаз атанады.

ІІ  вариант.  Мұғалім бірнеше рет алақанын (барабан, дабыл) жалауша көрсетіледі. 

                                   6.«Өз жұбыңды тап» ойыны 

         Мақсаты: Санды көру, есту және қимыл арқылы қабылдау қабілетін пысықтау.

         Керекті материалдар:  Балалар 10 адамнан командаларға бөлініп ойнайды. Ойынға қатысушылар қарама-қарсы қарап, сапқа тұрады. Бір қатардағы балалардың  омырауында суреттер салынған топтамалар. Бәрі неше соққы соғылғанын санайды. Омырауында осы соққы санына сай келетін топтамалары бар бала ойын бастаушының қасына жүгіріп келеді де екеуі бірге ойыннан шығады.

         Барлық балалар  өзіне жұп болғанда  ойын аяқталады. Ойынға қатысушылар жеңімпаз команданы айтады.

        Ескерту: ойын бастаушы алақанын қарсы команда балаларының топтамалардағы санға сай соғуы тиіс, өйтпейінше ол өзіне жұп таңдай алмайды. 

                                

                                 7. «Өз пәтеріңе жайғас» 

       Мақсаты: Іріктеп алынған заттарға ұқсас нәрселерді таба білу.\          

       Керекті материалдар: бетіне дөңгелектер сызылған (үлкен форматты) топтамалар.

       Ойынның мазмұны:  Мұғалім сыныптың бұрышына  топтамаларды іледі. Топтамалардағы дөңгелектердің саны әр пәтерде неше бала тұра алатынын білдіреді. Мұғалім балаларға былай дейді: «Әрбір топтамаға зер салып қараңдар да, бұл пәтерді неше бала тұратынын есте сақтаңдар». Әр пәтерде балалардың дұрыс орналасуын тексеруге жауапты төрт баланы тағайындаймын. Олар: қадыр, Мұрат, Әлина, Айгүл. Енді әрқайсысы өз пәтеріне жайғасып, онда өзінен басқа неше бала болуы керектігін ойланыңдар. Балалар өз «пәтеріне» барып, есептей бастайды мұғалім «тұрғындарды қабылдауға даярланыңдар». Алдыңғы екі үстел басында отырған балалар, өздеріне ұнаған пәтерлерге барыңдар. Балаларды жайғастыруды шамалы жүргізу керек, өйтпейінше топ ішінде абыр-сабыр болып, ойынның берекесі кетеді. Осыдан кейін мұғалім: «мен енді тексерйін, пәтеріңде артық балалар жоқ па екен?» -дейді. «Менің пәтерімде үш бала бар»,- деп жауап береді.

Информация о работе Математика оқыту әдістемесі