Оқыту әдістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2012 в 23:59, реферат

Краткое описание

Л.Н.Толстой "Мұғалім баланы үнемі бақылап, ол туралы көзқарасын өзгерту үшін қайта бақылау керек", - деген.Педагогикалық бақылау әдісі- педагогикалық зерттеудің қай-қайсысында да қолданыс табады. Себебі педагогикалық құбылыспен танысу зерттеушіге педагогикалық жұмысқа қатысы бар деректерді үйреніп, жинақтап, белгілеп алуды қажет етеді

Оглавление

I.Кіріспе.
II.Негізгі бөлім:
1.Педагогикалық бақылау әдісі.
2.Әңгімелесу әдісі.
3.Мектептік құжаттар мен оқушылардың шығармашылық өнімдерін зерттеу әдісі.
4.Педагогикалық эксперимент.
5.Озат педагогикалық тәжірибені үйрену және жинақтау.
6.Педагогикадағы әлеуметтік зерттеу әдістері.
7.Теориялық талдау.
III.Қорытынды.
IV.Пайдаланған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

мамандыкка кириспе срсп 2.docx

— 27.80 Кб (Скачать)

 

Жоспар:

 

I.Кіріспе.

II.Негізгі бөлім:

1.Педагогикалық бақылау әдісі.

2.Әңгімелесу әдісі.

3.Мектептік құжаттар мен оқушылардың шығармашылық өнімдерін зерттеу әдісі.

4.Педагогикалық эксперимент.

5.Озат педагогикалық тәжірибені үйрену және жинақтау.

6.Педагогикадағы әлеуметтік зерттеу әдістері.

7.Теориялық талдау.

III.Қорытынды.

IV.Пайдаланған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Педагогика ғылымы дамуының маңызды факторы, оның зерттеу әдістерінің көбеюі мен ұдайы жетіліп отыруы. Айта кетерліктей, бұл бағытта педагогика үлкен прогреске ие.Бір кезеңдерде педагогика үстірт философиялық-әлеуметтік бақылау, пайымдаулар бойынша ғана зерттеліп, ал педагогикалық идеялар ұлы ойшылдардың тек шығармашылық қызметінің нәтижесінде ғана туындап келді.Ал XIII ғ. бастап педагогиканың толық қанды ғылымға айналуына теориялық ізденулерді практикалық тәрбие істерімен байланыста жүргізген ғалымдардың белсенді үлесі болды.Бұл тәрбиелік ой мен істі біріктіріп, ғылыми тұжырымдар жасағандардың ішінде бүгінге дейін танымал Я. А. Коменский, Г. Песталоцци, А. Дистерберг, К. Д. Ушинский, Л. Толстой, П. П. Блонский, А. С. Макаренко, С. Т. Шацкий сынды педагог-ғалымдар болды.                                                                                                           

   XIX ғ. оқыту және тәрбие теориясының бұдан былай тереңдеуіне ықпал жасаған эксперименталдық зерттеулер еді.

   Қазіргі кезеңде педагогикалық зерттеулер әртүрлі әдістердің бүтін бір жүйесі жәрдемімен алға басуда. Бұларға: педагогикалық бақылау, әңгімелесу, мектеп құжаттарын зерттеу, оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен танысу, озат педгогикалық тәжірибені үйрену және қортындылау, әлеуметтік талдау (сұрақ,анкета жүргізу,тестен өткізу,рейтингтік сараптау), математикалық статистиканы талдау, педагогикалық идеяларды теориялық талдаудан өткізу және т.б. әдістер.

   Л.Н.Толстой "Мұғалім баланы үнемі бақылап, ол туралы көзқарасын өзгерту үшін қайта бақылау керек", - деген. Педагогикалық бақылау әдісі- педагогикалық зерттеудің қай-қайсысында да қолданыс табады. Себебі педагогикалық құбылыспен танысу зерттеушіге педагогикалық жұмысқа қатысы бар деректерді үйреніп, жинақтап, белгілеп алуды қажет етеді. Мысалға,ғалым сабаққа қатыса отырып, оқушылардың, егер мұғалім сабақ материалын қызықты түрде баяндаса, жым-жырт отырып, зейінді тыңдайтынын аңғарады.Одан әрі зерттеушіге аян болатыны: бір оқушылар өзін сабақта белсенділікпен көрсетіп, мұғалімнің сұрақтарына ықласпен жауап беруге тырысады; жолдастарының жауаптарына толықтырулар енгізеді, өздері сұрақ қоя отырып, сабақ мазмұнын тереңдете ұққысы келеді және т.б. Ал кейбіреулер сабаққа деген енжарлығы мен зейінсіздігін байқатады. Осы құбылыстарды бақылау зерттеушіге алғашқы болжамдарын қортындылауға мүмкіндік береді. Оның мән-мағынасы келесідей болуы ықтимал: 1) оқушылардың зейінділігі сабақтың мазмұндығына байланысты, 2) сабақта зейінділік және белсенділік танытқан оқушылардың білімі біршама жоғары дәрежеде. Бақылау әдісі, осылайша, нақты теориялық ой-пікірлерге нәр беріп, кейін олар басқа да әдістердің көмегімен тереңдете зерттеліп, тексеріледі.

   Әңгімелесу әдісі. Бұл әдіс те ғалым-тәрбиеші мен тәрбиеленушінің екеуінің де бірдей педагогикалық дерекпен құбылысқа деген ойы мен қатынасын айқындауға жәрдемін тигізеді.Соның арқасында ол көрініс берген құбылыстардың мәні мен септері жөнінде тереңдеу пайымдалған ғылыми тоқтамға келуге тырысады. Егер, мысалға, жоғарыда келтірілген оқушылардың сабаққа деген әртүрлі мінез-құлықтық қатынасын алар болсақ, зерттеуші бұл құбылыстың себептері жөніндегі өзінің пікірін мұғалімнің ойымен салыстырғанды жөн табады. Бұл үшін ол мұғаліммен әңгімелесуді бірден-бір жол деп, сабаққа кезіккен құбылыстардың себебін түсіндіріп беруге мұғалімді ойыстырып, оның пікірін білуге ұмтылады. Белгіленген сұрақтар бойынша, мұғалім мен оқушы пікірлерінің өзара сай келуі немесе алшақтығы, өң берген педагогикалық жағдайдың түп төркінін айқындауға себін тигізері, әлбетте сөзсіз.                                                                                                                                                                                                                                                                                        Мектептік құжаттар мен оқушылардың шығармашылық өнімдерін зерттеу әдісі. Көптеген педагогикалық құбылыстарды зерттеу барысында мектеп құжаттары мен оқушылардың шығармашылық іс-құжаттарын көздеп отыру үлкен маңызға ие. Мысалы, оқушылардың күнделікті сабақ бағаларының олардың жалпы үлгеріміне ықпалын білу үшін мектеп журналымен, өткен жылдардағы табельдерімен танысып шығу орынды. Мектеп кітапханасындағы балалардың оқырман карточкесімен танысу олардың қызығу өрісінен хабар береді. Үй тапсырма дәптерлерін көре отырып, зерттеуші баланың үйге берілген жұмыстарды орындауға деген қатынасын байқайды. Белгілі бір тақырыпта еркін шығарма жаздырып немесе сурет салдырып, ғалым оқушының дүниеге, қоғамға көзқарасын болжауы мүмкін және т.б.

   Педагогикалық эксперимент. Бұл арнайы ұйымдастырылып, алдын-ала зерттеу мақсаты белгіленген мұғалім мен оқушылардың педагогикалық іс-әрекеті. Бұл сипаттағы эксперименттер әртүрлі: жетіскен білім деңгейін анықтау, дамытып қайта жасау, бақылау эксперименттері.

   Жетіскен білім деңгейін анықтау экспериментті зерттеу жұмыстарының бастапқы сатысы болып, зерттелінуі тиіс.Ол проблеманың жалпы жағдайымен танысуға негіз болады. Мысалға, егер оқу жұмысы барысындағы шәкірттердің өзін бақылауы зерттелінуі қажет болса, осы эксперимент арқылы және басқа әдістерді (әңгімелесу, анкета) қолдана отырып, ғалым-оқушылардың өзіндік бақылау әдістерін қаншалықты білетінін анықтайды. Нәтижеде оқушылардың өз оқу жұмысына өзіндік бақылауының мүмкіндіктері жөнінде қорытынды жасайды.

   Егер зерттеуші бұл проблеманың мектеп ісінде кері сипатқа ие болғанын анықтаса, ол зерттеуді одан әрі жалғастырып, дамыту,қайта жасау экспериментіне кіріседі, яғни алдын-ала түзілген жоспар бойынша оқушылардың білім игеру тәжірибесінде өзіндік бақылаудың тиімді тәсілдерін ендіреді. Егер нәтиже ұнамды болып шықса, алынған көрсеткіштер теориялық талдаудан өтіп, бұл әдістің мектеп жұмысында қолданылуы жөнінде қажетті қорытындылар жасалады.

   Бұл проблема жөнінде зерттеу барысының келесі кезеңі аталған эксперимент бойынша жетіскен көрсеткіштер мен қорытындыларды жалпы көпшілік мектеп тәжірибесінде тексеру. Бұл міндет бақылау экспериментінің жәрдемімен шешіледі. Бұл мектепте сыналған әдіс басқа мектептер мен мұғалімдердің тәжірибесінде пайдалануға ұсынылады. Егер ол да бұрынғы қорытындылардың дұрыстығын негіздесе, зерттеуші ең соңғы деректерді бір ғылыми тұжырымға жеткізіп, оларды педагогиканың теориялық және методикалық қорына өз жаңалығы етіп қосады.

   Озат педагогикалық тәжірибені үйрену және жинақтау. Бұл әдіс оқыту мен тәрбие жұмыстарын табысты өткізіп жатқан озат мектептер мен мұғалімдердің тәжірибесін үйрену және оны теориялық пайымдауға негізделген. Көп жағдайларда мұғалімдер күнделікті сабақ тәжірибесімен эмпирикалық түрде маңызды педагогикалық жаңалықтарға жетіп отырады, бірақ олардың бұл пайдалы істері педагогикада танылмай, тиісті зерттеуден тыс, жеке ынталы ұстаздың пайымы ғана болып, көпшілікке жетпей, қалып кете береді. Яғни, жеке мектеп тұрмысындағы педагогикалық практика теориялық ой-пікірі ме, әдістемелік қорытындысына жетпейді. Оқыту-тәрбиелеудің озат тәжірибесі теориялық пайымдау мен талдауға түссе ғана педагогикалық ғылым жүйесінде орнығуға мүмкіндік алады.

   Педагогикадағы әлеуметтік зерттеу әдістері. Жоғарыда қарастырылған әдістер біршама құндылығымен қатар жалғыз-ақ елеулі кемшілікке ие: ғалым ол әдістерді қолдана отырып, тар өрісті деректерді ғана дамытуы мүмкін, яғни зерттеу қорытындысы болмашы сандағы мектептер мен оқушыларға байланысты жасалынады. Ал көп жағдайларда кейбір мәселелердің шешімі ауқымды зерттеуді талап етеді. Бұл ретте педагогтар әлеуметтік зерттеу әдістерін (анкета жүргізу, рейтингтік бағалау) алға тартады. Мұнымен қойылған мәселені жылдам әрі көп сандағы оқушыларға сұрақ қойып анықтауға болады.

   Теориялық талдау-педагогикалық құбылыстың кей тараптарын, белгілерін,ерекшеліктері мен қасиеттерін біліп, қарастыру үшін қажет.Жеке деректерді талдаумен оларды жүйелі топтарға біріктіреміз, әрбіріндегі жалпылық пен даралықты ескере отырып, ортақ принциптер мен ұстамдарға келеміз.Талдауды біріктіру (синтез) процесімен қатар жүргізе отырып, зерттеудегі педагогикалық құбылыстың мән-жайына енеміз.

   Эндуктив және  дедуктив әдістер-эмпирикалық жолмен  алынған ақпаратты қорытындылаудың  логикалық әдістері.Индуктив әдіс-ойдың жеке пікірлерден жалпы ойға өтуін байқаса,дедуктив-жалпы пікірден жеке қорытынды жасауға қолданылады.

   Теориялық әдістің  қажеттігі проблема анықтауға,гипотеза  белгілеп,жинақталған деректердің  бағасын шығарудан туындайды.Теориялық  әдіс көптеген әдебиеттермен  таныс болуды талап етеді:

-жалпы адамтану,соның  ішінде педагогика классиктерінің  еңбектері;

-жалпы және арнайы  педагогикалық әдебиеттер;

-тарихи-педагогикалық ресми  деректер мен құжаттар;

-педагогикалық мерзімді  басылымдар;

-мектеп,тәрбие,мұғалім жөніндегі  көркем шығармалар;

-педагогикалық анықтама құралдары;

-педагогика және онымен  сыбайлас пәндер бойынша оқулықтар  мен әдістемелік қолданбалар.

   Әдебиеттермен танысудың  арқасында қай проблеманың қандай  тараптары жақсы зерттелгенін, қандай  проблемалардың дау-дамайлы және  қай мәселелердің әлі тың жатқанын  білуге болады.

   Әдебиеттермен жұмыс  істеу әдістерінің түрі сан-алуан.Олар  арасында көбірек қолданылатындары:кітапдерек (библиография) түзу-зерттелетін мәселеге  байланысты іріктеліп алынған  деректік әдебиеттер тізімі;реферат жазу-жалпы тақырып бойынша бір не бірнеше ғылыми еңбектің қысқартылып берілген мазмұны;конспектілеу-жұмыстың маңызды идеялары мен тұжырымдарына байланысты жан-жақты материалдарды мұқият қамтыған жазбалар;аннотациялау-кітап пен мақаланың жалпы мазмұнынан қысқаша ақпар жазу;сілтеме (цитата) беру-әдеби деректе келтірілген ой,пікір не санды өзгертпестен мәтінге ендіре жазу.

   Педагогикадағы математикалық  және статистикалық әдістер сауалнама,эксперимент  жолымен алынған деректемелерді  орындау үшін, сондай-ақ зеттеліп  жатқан құбылыстар арасындағы  сандық тәуелділіктерді анықтау мақсатында қолданылып,эксперимент нәтижесін бағалауға,қорытындылар сенімділігін арттыруға, теориялық тұжырымдарды негіздеуге жәрдемдеседі.Математикалық әдістер арасында педагогикада ең көп қолданымға келетіндері:тіркеу,ранжирование (тәртіпке келтіру), өлшемге түсіру (декодирование).Статистикалық әдіспен қолға түскен көрсеткіштердің орташа сандық шамасы айқындалады:орта арифметикалық (салыстырып бақылау және эксперименттік топтардың жазба жұмыстарында жіберілген қателердің орташа санын шығару үшін);медицина-тізімдердің орта тұсындағы көрсеткіш (топта он екі оқушы болса, бағаның өсу дәрежесімен өрнектелген тізімде алтыншысының бағасы-медицина);таралу дәрежесі-дисперсия немесе орташа квадраттың ауытқу,баламалар коэфиценті және т.б.

   Мұндай есептерді  жүргізу үшін белгілі формулалар, анықтама таблицалар қабылданған.Осы  әдістермен жинақталған көрсеткіштердің  сандық тәуелділіктері ұланғайыр,тың  халінде.Педагогиканың жемісті түсуінің  басты шарты-ғалымдар мен педагог-практиктердің бірлікті іс-әрекеті.Егер осы теориялық және тәжірибелік ізденістер аталған педагогикалық әдістер жүйесін жете білумен жүргізілетін болса ғана,педагогтың өз тәжірибесі де,басқалардың да педагогикалық ұсыныстары мақсатты бағытта зерттеліп,талданады,соның нәтижесінде оқу-тәрбие ұйымдастыру жолындағы табыстары мен жаңалықтары ғылыми тұғырға орнығуы сөзсіз.  

   Педагогикадағы әдістер тізбегі аталғандармен шектелмейді.Олардың түрі мен формасы педагогикалық теориямен айналысқан зерттеуші - ғалымдар мен озат мұғалімдердің ынта-ықылас ізденуіне байланысты, әдістердің жаман, жақсысы болмайды, олардың әрбірі өз орнында құнды.

   Өкінішке орай, сталиндік жеке басқа табыну мен брежневтік тоқырау жылдары педагогика ғылымының рөлі төмендеп, оның қызметі мектеп пен білім мәселелері бойынша жоғарыдан түскен «даналық» көрсетпелерге түсіндірме беріп, олардың «тек дұрыс» екенін негіздеумен болды. Бұл теориялық ой-пікірдің дамуына, үлкен кедергі болып, шығармашылық ой ұмтылысын тұсаулап тастады.

   Қазіргі кезеңде, егеменді ел-Қазақстан Республикасы аясында педагогика ғылымында догматизм мен жеке пікір үстемдігіне тойтарыс беріліп, шын мәніндегі жаңашыл педагогикалық зерттеулерге қажетті жағдайлар жасалып, халыққа білім беру саласының бүтіндей қайта түзілуіне, біздің қоғамымыздың демократиялануына, ғылыми техникалық даму талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілуіне тиімді жолдар ашылуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1.Әбиев Ж.Ә.,Бабаев С.Б.,Құдиярова  А.М.«Педагогика»Дарын-Алматы-2004

2.Айтмамбетова Б.«Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері» -Алматы-1991.

3.Айтмамбетова, Бейсенбаева.«Тәрбиенің жалпы әдістері.» -Алматы-1991.

4.Бабаев С.Б.,Оңалбек Ж.К.«Жалпы педагогика» Алматы-2008


Информация о работе Оқыту әдістері