Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 13:38, курсовая работа
Еліміздің егеменді ел болғалы бері келелі де ауқымды өзгерістер жүруде. Саяси, экономикалық, қаржылық т.б. салалардағы секілді білім беру саласы да мұндай өзгерістерден тыс қалған жоқ. Себебі мемлекетті нығайту, көркейту үшін өмірге жаңаша көзқарастағы, білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі туындады. Сондықтан қандай халықтың даму стратегиясын алып қараса, онда өскелең жас ұрпақты елін сүйетін отаншыл, саналы, тәрбиелі етіп шығару- оның басты бағдарларының бірі. Қазіргі жас- ертеңгі халық тағдырын шешетін азамат. Осыдан білім беру мекмелерінің алдынан күрделі міндет тұр. Ол- оқушыны саналы ойлайтын ертеңгі күні қоғамда өз орнын табатын жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару.
І. Кіріспе бөлім
Ойын туралы ұлы ойшылдардың пікірлері
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Дидактикалық ойындар
2.2. Дидактикалық ойындардың қолдану мақсаттары
2.3. Дидактикалық ойындардың ерекшеліктері
2.4. Дидактикалық ойындар математика сабағында
2.5. Дидактикалық ойындардың түрлері
2.6. Санамақ
ІІІ. Қорытынды бөлім
3.1. Практикалық жұмыс
3.2. Зерттеу жұмысы
3.3. Әдістемелік нұсқау
3.4. Қолданылған әдебиеттер.
Балалар жеңімпаз «пәтерді» анықтайды.
Балалардың
санына қарай «пәтердің» санын
лайықтап алуға болады.
8. «Ұқсасын тап»
Мұғалім
балаларға зат көрсетеді, балалар
алдарыңдағы геометриялық фигураларды
көрсетеді, мысалы, мұғалім балаларға
кітап көрсетеді. Балалар алдарындағы
геометриялық фигуралардың ішінен
тік төртбұрышты көрсетеді. Ойынның мақсаты
балалардың естерінде геометриялық фигураны
қалыптастыру.
Ойынға қажетті материалдар: Үлестірмелі заттар немесе суретті топтамалар (он-оннан).
Ойынның барысы: Әр оқушыда он-оннан топтамалар және түрлі заттардың көбін (8-10) «аз» десе азын (2-3 немесе3-4), ал «бір» десе тек қана бір затты көрсетулері керек.
Бұл ойында керісінше
«бір», «аз», «көп» деп айта отырып ойнатуға
болады.
10. «Қалт етпей қағып
ал, жауабын тауып ал»
ойыны
І вариант.
Балалар дөңгелене тұрады. Ортасында тұрған мұғалім мысалы: «қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал», «3 және 2» деп бір балаға допты лақтырды. Допты қағып алған бала 3 және 2 болады бес деп допты мұғалімге қайтарады.
ІІ вариант.
Балалар
екі командаға бөлініп 2 жаққа
тұрады да допты кезек-кезек
бір-біріне лақтырады.
Көрнекілік: Доп
Ойынның
барысы: Мұғалім допты лақтырып
немесе еденге ұрып балаларға санату,
сонша немесе біреу (екеу) артық (кем) ойын
барысында неше болса сонша, содан (артық),
«кем» деген мұғалім өзінің допты еденге
ұруымен балалар шапалағымен тақылдатуы
керек.
12. «Бірде бір»
ойыны
Тақта алдында 10 оқушы шығып қатар тұрады.
Ең бірінші тұрған бала бір деп, бір қадам
алға тұрады, бір қосу бір болады деп екінші
баланың алдына тұрады, екі қосу бір
болады 3 деп келесі бала қатарға қосылады,
қалған балалар да ойынды осылай жалғастырады.
Ойын барысында балалардың натурал сандар
қатарының қалай құралатыны туралы түсініктері
дами түседі.
13. «Поезд
құрастыр» ойыны
Қолданылатын көрнекіліктер: 1-ді қосу кесетіснде берілген топтамалар: 0+1,1+1, 2+1 т.с.с.
Ойынның барысы: Мұғалім топтамаларды оқушыларға таратып береді, оларды вагондар, ал бір оқушыны тепловоз деп тағайындайды. Оқушылар қолдарындағы топтамаларына қарай отырып, алдымен «тепловозға» ретімен тіркелуі тиіс.
Ойынның мақсаты:
1- қосу кестесін қайталату.
Бұл ойынды 10-ға дейінгі натурал сандар қатарын өтіп болғаннан кейін жүргізуге болады. Мұғалім 10 баланы тақтаға шығарып, омырауына кеспе цифрлар жапсырылған топтама тағады. Балалар ретсіз араласып тұрады, мұғалім балалардың ретімен қатарға тұруын талап етеді. Екі цифрын ұстаған бала «мен екімін» деп екі цифрын ұстап баланың жанына барып тұрады, қалған балалар да өз қолдарындағы цифрларының ретімен орындарына тұрады.
Ойынның мақсаты: алғашқы ондықтағы
сандар қатарын, оның атауын, белгісін,
орнын қайталатып есте сақтайды.
15. «Қапшықтан
неше ойыншық алдың?»
ойыны
Мақсаты: Балаларға заттың санын қолмен сипап білуді үйрету.
Керекті материалдар: Әрбір балаға ішіне шошқа жаңғақ, ұсақ тастар, түйме, т.с.с. саналатын заттар салынған қапшық берілуі тиіс.
Ойынның мазмұны: Мұғалім балаларға қолдың саусақтарымен сипап білу арқылы қапшықтан 4 шарик алуды тапсырады. Балалар тапсырманы орындау үшін қапшықтан шариктерді алып, үстел бетіне қояды және санайды. Осыдан кейін балалар тапсырманы орындауын өзара тексереді, қателік жөнінде мұғалімге айтады.
Тапсырма
бірнеше рет қайталанады.
Мақсаты: Балаларға заттарды үлкен –кішілігі бойынша салыстыруды, үлгіге қарап нәрсені таңдай білуге үйрету.
Керекті
материалдар: Әрбір бала үлкен-
Мұғалім
үйдің бөлшектерінен
Ойынның мазмұны: Мұғалім балаларға
ағаш ұстасының үлкен-кішілі төрт үй тұрғызғанын
айтып, оларды көрсетеді. Балалар үй бөлшектерінің
пішінін, үлкен-кішілігін атап, үймен оның
кеңістігі арасындағы ара қатынастарды
анықтайды. Балалар табылған бөліктерді
үлгіге қарап салыстырып көреді, оларды
тұрғызатын үйдің тиісті жерлеріне қояды.
Балалар тапсырманың орындалуын өздері
бағалайды, үздік «ағаш ұстасын» атайды.
17. «Сипаттамасы
бойынша тап» ойыны
Мақсаты: Ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа және т.с.с ұғымдарды қолдану.
Керекті материалдар: Сөреге аю, қоян, қасқыр, түлкі секңілді 5-6 ойыншық қойылғанын балалар көріп отырады. Олар мұғаліммен бірге әрбір ойыншықты анықтап қарайды, олардың атын қайталайды. Осыдан кейін ойнаушылардың біреуі бөлмеден сыртқа шығады да, басқалары ойыншық туралы жұмбақ құрастырады, мәселен мұғалім балаларға қоянды көрсете отырып, олармен бірге мынадай жұмбақ құрастырады: «Ұзын құлақ , қияқ көз, қысқа құйрық- бұл қай аң?» балалар жұмбақты құрастырып болған соң оны шешетін баланы шақырады. Егер ол жұмбақты дұрыс шеше алмаса қолына сол ойыншық беріліп жұмбақ қайта айтылады. Ол тағы қиналса балалар жәрдемдеседі. Ойынға келесі бала шығады. Ойын қайталанады. Балалар жеңімпазды анықтайды.
Ойынға
алуан түрлі ойыншықтарды, сондай-ақ
суреттерді пайдалануға болады.
Әдістемелік
нұсқау
Қорытынды:
Қорыта келгенде мұғалім әрдайым сабақтарында дидактикалық ойындарды пайдалану керек. Дидактикалық ойындарында балалар әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есіне сақтайды. Ойын үстінде ол алға қойылған мақсатты шұғыл және оңай жүзеге асырады. Дидактикалық ойындар сабақтың қызықты болып өтілуіне көмектеседі. Дидактикалық ойындарды математика сабағында пайдалану қиын тақырыптарды түсіндіруде ең пайдалы әдіс деп айтуымызға болады. Ойын бағдарламада анықталмаған математикалық білім, білік және дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Дидактикалық ойындар дарындылықты анықтайды, дамытуға көңіл бөледі, үздіксіз жұмыс жүргізеді. Дидактикалық ойындар мақсатын нақты қояды, қажетті материалдар, тиімді әдістерді таба біледі.
Ойындар педагогикалық
үрдісті диагностикалау
жұмысын жүргізе
алады, оларды
бір-бірімен байланыстырады.
Бір –дегенім бірлік,
Бірге ойнадық күлдік.
Бір үйдегі көп бала
Бір көлікке міндік.
Атамекен жерім
Ол-өзен, көл, кең дала
Екі- дегенім елім
Ол-
тауларым менің.
Төрт- атақты төрт түлік,
Төрт түлекте тоқшылық.
Жылқы, сиыр, қой, ешкі,
Өсір
бәрін көп қылып.
Алты- асау арғымақ,
Мінсең шабар арқырап.
Қиялдайды сондайды,
Бәйге
сүйгіш әркім-ақ.
Сегіз деген салтанат,
Ел жиналар анталап.
Тәуелсіздік тойы бар
Сайыс
құрар бар талант.
Зерттеу жұмысы
Тақырыбы: Математика сабағында дидактикалық ойындарды қолдану.
Мақсаты: