Кәсіпорынды стратегиялық басқаруды жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2012 в 10:29, курсовая работа

Краткое описание

Акционердің басты пайдасы бұл — алдағы уақытта әр түрлі қаржы көздеріне кең көлемде қол жеткізуді қамтамасыз ету. Ашық типтегі акционерлік қоғам облигацияларды эмиссиялаудан басқа да, яғни қосымша акцияларды шығару нәтижесінде біршама қаражаттарды алады, егер сол немесе басқа да компания акцияларды орналастыру нәтижесіне байланысты оның акцияларын көп инвесторлар иеленсе, онда бұл олардың қор нарығындағы нақты рейтинг материалдық жағынан куәландыруды білдіреді.

Оглавление

КІРІСПЕ....................................................................................................................
I бөлім Стратегиялық жоспарлаудың теоретикалық аспектілері

Стратегиялық жоспарлаудың мәні және құрылымы......................................
Стратегиялық болжамдадың және жоспарлаудың негізгі қезендері.........
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясының құрылымы

IІ бөлім ҚР-ғы кәсіпорындардың стратегиялық жоспарлаудың талдау және бағалау («Арман» БҚ -нің мысалында)
2.1. «Арман» БҚ -нің жалпы сиппатамасы
2.2 «Арман» БҚ стратегиялық жоспарлаудың бағалау
2.3 Компанияның стратегияның тиімділігін бағалау
IІІ бөлім Кәсіпорынды стратегиялық басқаруды жетілдіру жолдары
3.1 Кәсіпорынның функционалдық стратегиясын жүзеге асырудың негізгі бағыттары...................................................................................................................
3. 2 Шаруашылық механизмін жетілдіру стратегиясы ...................................
Қорытынды .............................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................................

Файлы: 1 файл

стратегиялық жоспарлау+ план.doc

— 662.50 Кб (Скачать)

 

      Жүргізілген бағалаудың нәтижесінде инвестициялық процестерге жағымсыз әсерін тигізетін факторлар анықталды, әсіресе, мемлекеттік аппараттың бюрократиялық дәрежесі, салықтық жүйе, парақорлық деңгейі.

      Соңғы факторға келетін болсақ, Transparency International халықаралық ұйымының деректері бойынша парақорлық деңгейі бойынша Қазақстан 88-ші орында тұр (салыстыру үшін, 2003 жылы 64-ші орынға көтерілген).

    Инвестициялық ахуал өте шекті ұғым. Ол өзіне  капитал салуда инвестициялар бағалауындағы  тиімді және тиімсіз шарттар мен мүмкіндіктерді қосады. Сонымен бірге бұл жерге саясатты, экономиканы және мәдениетті жатқызуға болады. Инвестициялық ахуалды экономикалық, саяси, табиғи ресурстарды, импорттауға тиімді капиталдың әлеуметтік мемлекеттік шарттардың жиынтығы да болып табылады. Бірақ бұл ұғым осымен шектелді деп те айтуға болмайды.

    Төменде көрсетілген талдаулардың көрсеткіштері  бойынша шетелдің Қазақстанға деген  іскер орта сенімділігінің жақсы  жаққа өзгеріп келе жатқанын көруге болады. Қазақстан Республикасы 148 орыннан  84 орынға ауысты.

    Көлік саласындағы жобаларды қаржыландыруға үлкен қызығушылықты шетелдік қаржылық институттар мен мемлекеттер  көрсетті: Жапония, Бүкіләлемдік даму банкі, Азиялық даму банкі. 2004 жылы мемлекеттік  бюджетте автожолдық сала мұқтаждығына 42 млрд. теңге жоспарланған болатын. Еуропалық одақтың Tasis бағдарламасы бойынша «Қазақстан Республикасында транзиттік корридор саясатын дамытуды қолдау» жобасы өткізілу стадиясында.

    2001 жылы Қазақстанда ТМД мемлекеттерінң  арасында долларлық эквивалентте  халық табыстарының деңгейі мен экономикалық өсудің ең жоғарғы қарқыны байқалды. Сол жылдары Еуропалық одақ Қазақстанды нарықтық экономикалы ел ретінде мойындады. 2003 жылдың бірінші жартысындағы деректер бойынша Қазақстан Республикасының экономикалық өсуі 9,2 пайызды құрады, ал аталған жылы ЖІӨ-ның нақты өсуі болжалынған деңгейінен 3,2 пайыздық пунктке жоғары құрылды.

    Эксперттердің көзқарасымен, инвесторлар үшін тартымды болып мынадай экономикалық көрсеткіштер табылады: жұмыс күшінің құны, төлемдік баланс жағдайы, ұзақмерзімді және қысқамерзімді несиелердің саны.

    15-ші  кестеде Қазақстанның инвестициялық  ахуалына позитивті әсер ететін  он негізгі факторлар берілген. Соңғы жылдары «ыстық нүкте»  саны мен терроризмнің өсуін  есепке ала отырып, рейтингке  елдің қорғану мүмкінділігі жағдайы сияқты факторды енгізуді қажет етті.

      Салмақты  позитивті факторларға қарамастан, Қазақстанның инвестициялық ахуалына жағымсыз әсерін тигізетін он факторды атап өткен жөн. Оларға бірінші кезекте, бырократизм және парақорлық, құқықтық және әлеуметтік инфрақұрылымдағы жетіспеушіліктер жатады. 

    Кесте 15. Қазақстанда инвестициялық ахуалға  позитивті әсер ететін факторлар  рейтингісі 

Факторлар «-1-ден 1-ге  дейінгі» белгісімен әсер  ету бағалары
1. Экономикалық өсу дережесі 1
2. Президенттік билік ету формасы 1
3. Келісімдерді іске асыру мүмкіндіктері 0,8
4. Төлемдік баланс жағдайы 0,8
5. Жұмыс күшінің құны 0,8
6. Ішкі саяси  тұрақтылық 0,64
7. Шетелдік инвестицияларды заңданамалық қамтамасыз ету 0,6
8. Ұзақмерзімді несиелердің саны 0,6
9. Қысқамерзімді несиелердің саны 0,6
10. Елдің қорғану мүмкіндігінің жағдайы 0,4

 

      Сонымен қатар, Қазақстанда дұрыс қызмет ететін бағалы қағаздар нарығының жоқ  екендігін атап көрсету керек, онда шетелдік қоржынды инвестицияны тарту  үшін нақты негіз қалыптасар еді. Әлемдік капитал нарығында (олардың бірінші шығуы 1996 жылы желтоқсанда Амстердам қаласында болды) қазақстандық еврооблигациялардың сәттілі дебютіне қарамастан, ішкі қор нарығы дамымаған. Республиканың бағалы қағаздар нарығының анықталмағандығы, айқынсыздығы, сонымен қатысты үлкен тәуекелдердің болуы кезінде шетел инвесторы Қазақстанның бағалы қағаздарына ақшаларын салуды бәсеңдетуде (кесте 16). 

Кесте 16. Қазақстанда инвестициялық ахуалға  жағымсыз әсер ететін факторлардың рейтингісі 

Факторлар «-1-ден 1-ге  дейінгі» белгісімен әсер  ету бағалары
1. Мемлекеттік аппараттың бюрократиялық дережесі -1
2. Парақорлық деңгейі -1
3. Заңдардың тұрақсыздығы -1
4. Экономикалық сфералардың монополиясы -1
5. Қылмыстылық деңгейі -1
6. Қоғамдық поляризация, әлеуметтік теңсіздік -1
7. Соттық жүйенің тиімділігі -0,83
8. Орталық пен аймақтар арасындағы қайшылықтар -0,82
9. Экологиялық ситуация -0,78
10. Сыртқы қарыз -0,6

    Бірақта, Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын  дамыту бойынша мемлекетпен шаралар қолдануда. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда егеменді еврооблигациялар төрт рет шығарылды, ол халықаралық капитал нарығынан елдің өз орнын алуға мүмкіндік берді.

      Жоғарыда  айтылғандардың барлығын талдай келе, республикада инвестициялық ахуал  перспективті деп шешім жасауға болады, ал пайда алудың потенциалды мүмкіндіктері өте жоғары. 2002 жылы Қазақстан негізгі капиталға салынған капиталдың жалпы көлемі бойынша ТМД елдерінің арасында 1-ші орынға шықты.

      Елдегі  экономикалық қайта құрудың онжылдық кезеңінде инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатымен елдің экономикасына шетел инвестициясын тартуды мемлекеттік қолдау бойынша шаралар жүргізілді. Экономиканың нақты секторына инвестиция салукезінде берілетін преференциялар үшін заңданамалық база құрылды, экономикалық және инвестициялық келіспеушіліктерді өркениетті шешуді қамтамасыз ету үшін соттық жүйені реформалау жалғастырылды, жаңа салықтық кодекс іске енгізілді, банктік және қаржылық қызметтер нарығын, іскерлік ақпараттар нарығын және басқа да шаралардың түрлерін дамыту бойынша жұмыстар жүргізілді.

      Қазақстан Республикасында тиімді  саяси - құқықты ахуал қалыптасқан.  Қосымша ахуалға республиканың  үлкен қажеттілігі, оның тек  тез өсуіне ғана емес, сонымен  бірге жоғары еркіндік жағдайына  өзгерістер алып келеді.

    Қазақстан Республикасының “Тікелей шетел  инвестициясын мемлекет тарапынан  қолдау”, “Бағалы қағаздар нарығы туралы”, “Инвестициялық қорлар туралы”, “Бағалы қағаздар келісім шартын тіркеу туралы” заңды Қазақстан  Республикасының ұлттық және халықаралық  деңгейде инвестициялық қатынастарды реттейтін құқықты нормативті актілерін толықтыру және шетел инвестициясын тартып, оны тиімді қолдану, максималды тиімді шарттарды құру үшін қажет. Қазақстан Республикасының “Тікелей шетел инвестициясын мемлекет тарапынан қолдау” заңы Қазақстан Республикасының кепілдік және ресми түрде техникалық көмек көрсетуінен басқа шетел инвестициясын мемлекет тарапынан қолдауда туындаған процестерді реттеуіне қатысады. Шетел инвестициясын мемлекет тарапынан қолдау заңында инвестициялық қызметті қамтамасыз ету және жеңілдік, преференция ұсыну, ұйымдық түрде олардың тиімді қолданылуына және аяқ астынан болған келіспеушілікті шешуге кепілдік береді.

    Инвестицияның Қазақстанда тиімді жұмыс атқаруы  үшін басқа да шаралармен бірге әрдайым  талдау жасау және келесі факторлар есебінен  инвестицияның үрдіс мониторингін жүргізу  қажет. ТШИ- нан экономикалық тиімділікті мақсатты түрде 2 категорияға бөлу: объект тиімділігі және субъект. Объект тиімділігі эффектісі – бұл Қазақстанның шынайы экономикалық секторы ТШИ-ның қызмет етуі арқылы алатын эффектер,  (тиімді) субъект эффектісі ТШИ – ры қазіргі нарығында өз капиталын орнату арқылы алатын эффект.

    Жоғары  көрсетілген ТШИ – ның эффектісін біз жағымды және жағымсыз деп  бөлеміз. Қазақстан экономикасында  және нақты экономикалық сектордың тікелей шетел инвесторларының арақатынасы 9-шы суретте көрсетіледі. 

      
 

        

       
 
 
 

    Жағымды           Жағымсыз           жағымды           Жағымсыз
1)Шетел  капита-лының құйылуы-на жағдай  жасайтын эффектілі қор;

2) әлемдік  эко-номикаға ауысуы мүмкіншілігі;

3) ТШИ  төлем балансының жетіспеушілігі  жаба алады;

4) салық  салым-дағы арқылы мемлекеттік  кіріс жоғарлауы;

5) басқаруды  жақсарту, жаңа технолгия қолдану;

6) ТШИ  саласының негізгі құрайды

      1) инвестиция-ның  кеңістіктің төмендеуінде ТШИ  нарықты тастап кетуге бейім;

2)ТШИ-ның  шикізатқа бағытталатын экономикалық  мәселелер туындайды;

3)ТШИ  инвесторларды көп жағдайларда  еңбек жағдайын-да және басқа  заттарға  ақшасын азайтады.

      1) дамушы нарықтарда, сонымен қатар Қазақстанда инвестор  дамыған нарықты елдердің салыстыруда жоғарғы пайда ала алады.

2)ТШИ-ді  ин-весторлардың активтер бөлудің  тиімді құралы ретінде қарауға  болады.

     
  1. Пайданың  жоғарғы деңгейі өз кезенінде  өз капиталын жоғал-тудың жоғарғы  деңгейінін сипаты
  2. Дамушы елдеріндегі экономикалық саяатының тұрақсызды-лығын

 

    Сурет 9. Тікелей шетел инвестицияларының  эффектісі 

    Бірақ қазіргі таңда валюталық және банктік реттеуде, несие құқығын  реттеу механизмінде, кепілдікті қамтамасыз етуде, шаруашылық келіспеушілікті  тиімді шешуде бірқатар проблемалар  бар. Қазіргі кезде меншіктік құқығын толық қорғауға кепілдіктің болмауы, басқару деңгейінде әлсіз институттар инвестициялық және кәсіпкерлік тәуекелділікті туындатады. Инвестициялық климат заңды мазмұндау қызметін атқарып ғана қоймай, сонымен бірге олардың басқару құрылымымен орындалуын қамтамысыз етеді.

    Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан тікелей шетел  инвестицияны (ТШИ) 22 млрд. долл. сомасын  көлемінде тартты. Республика ТМД  елдері арасында адам жанына шаққанда ТШИ бойынша ең жоғары деңгейді көрсетеді. Әлемдік банк, Қазақстанды инвестициясы тарту бойынша әлемнің алдыңғы қатарындағы 20 ел қатарына қосты. Осы сияқты ТШИ тартудың сандық және сапалық көрсеткіштері Қазақстанда оларды қолдануда, тиімділіктің кешенді анализін қажет етеді.

    ТШИ 2 негізгі өндірістік құқықтық формада құрылады:

  • фирмалармен  фирма құру;
  • аралас меншік шегінде кәсіпорын құру, яғни біріккен кәсіпорындар.

    ҚР  инвестициялық саясаты ұзақ мерзімге негізделген экономикалық қайта  құру құрылымын жалпы түрде анықталатын  дамудың ұлттық экономикалық құрылымынан шығады.

    ТШИ – рын аймақ бойынша және экономикалық салалары бойынша дұрыс бөлмеу және оның шикізаттарда бағытталуы Қазақстанда  дәйекті мәселенің бірі болып  отыр, бірақ біз жақсы бақылаулар жүргізудеміз  - ТШИ-сы тау-кен өнеркәсібінде  азаюы, оның орнына өндіру өнеркәсібі  және басқа да экономикалық салаларға ауысуы.

    Біз, 10-шы суреттен шетел инвесторы мен  Қазақстан экономикасы арасындағы қайтарымды байланысты көруге болады. Тікелей шетел инвесторлары экономиканың нақты секторлары арқылы Қазақстан  экономикасының дамуына әсер етеді.  Қазақстан экономика инвесторы көп қаржы салған сайын, дамыған жаңа көздерін алады. Өз кезенінде экономикалық өсу, елдегі жақсы макроэкономикалық жағдай. Сондай-ақ инвесторларының пайдасына да әсер етеді.  Осылайша, бір – бірінің өсуінің ұзақмерзімді қызығушылығының біртектілігі туындайды, субъекпен объективтің жағымсыз эффективтің әсері төмен болуы, керісінше екеуінің жағымды  эффективтік деңгейінің жоғарлауы тиіс. Нарық жағдайында жағымсыз эффективті көпке теңеу  мүмкін емес.

    Республикадағы шетел инвестицияның құрылымының талдауы олардың тар саланың бағыттарын көрсетеді.   Ауыл шаруашылықтарында негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы көлеміндегі үлес салмағы 2003 жылы 0,9%; мемлекеттік кәсіпорындар - 2,4 және басқа да ұтымды –құқықтық  формалар (АҚ, серіктестік,кооперативті ) - 4,2%.

    Болашақта, ауылшаруашылық өндірісі мемлекеттік  көмегінде болады, сондықтан мемлекеттік  бюджетінең 2010 жылы оған 63-70 млрд. тенге  бөлінеді.                                                                                                            

Информация о работе Кәсіпорынды стратегиялық басқаруды жетілдіру жолдары